Мұсылман құқығының пәні
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Ахметов Ғ. Б., Текжанов М-Х. А.,
Ахмадиева А.Т., Иманқұлов Р.Қ.
МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫғы
Юриспруденция мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы
Павлодар
Кереку
2009
УДК 348.97(075.8)
ББК 67я73
М86
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің
Ғылыми кеңесімен басуға ұсынылды
Пікірсарапшылар:
Ағыбаев А.Н. – заң ғылымдарының докторы, Әл – Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университетінің профессоры;
Исаев А.А. - заң ғылымдарының докторы, Әл – Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университетінің профессоры;
Олжабаев Б.Х. – заң ғылымдарының кандидаты, С. Торайғыров атындағы
Павлодар мемлекеттік университетінің доценті.
Құрастырушылар: Ахметов Ғ.Б., Текжанов М-Х.А.,
Ахмадиева А.Т., Иманқұлов Р.Қ.
М86 Мұсылман құқығы : юриспруденция мамандықтарының
студенттеріне арналған оқу құралы құраст. : Ғ.Б. Ахметов,
М-Х.А. Текжанов, А.Т. Ахмадиева, Р.Қ. Иманқұлов. –
Павлодар : Кереку, 2009. – 70 б.
ISBN 9965-573-27-1
Оқу құралында мұсылман құқығының пәні, жүйесі, қайнар көздері,
мұсылмандық мектептердің құқығы мен отбасының құқығы және қылмыстық құқық,
жалпы ислам құқығының басқа салаларына тигізетін әсері қарастырылған.
Студенттерге (бакалаврларға), магистранттарға, оқытушыларға және
мұсылман құқығының мәселелерін зерттейтін барлық адамдарға арналған.
УДК348.97(075.8)
ISBN 9965-573-27-1
ББК67.я73
© Ахметов Ғ.Б. және т.б., 2009
© С. Торайғыров атындағы
ПМУ., 2009
Материалдардың дурыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге
авторлар мен құрастырушылар жауап береді
Кіріспе
Кеңестер Одағы кезінде мұсылман құқығы пән ретінде еліміздің жоғарғы
оқу орындарында оқытылмады. Сол кездегі идеологияны уағыздаушылар: Ислам
діні халықты аяусыз езіп қанауға бағытталған, олай болса, құдайға сену
керектігін және Аллаһ тағаланы мойындау- әдепсіздік деп көрсетуге тырысқан.
Осының салдарынан біздер мұсылман діні мен мұсылман құқығы ұғымын түсіне
білмедік. Жалпы, мұсылман құқығы – бұл жекеленген құқықтық жүйе, оны
көптеген ғасырлар бойы әлемге кеңінен тарап өмір сүріп келе жатқан басты
діндердің бірі екендігін қазіргі дәуірдің өзі дәлелдеп отыр. Аллаһ тағала
кезең – кезеңдерде өзі жаратқан тіршілік иелеріне қалайша, қайткенде
бақытты өмірге жетуге болатындығын көрсететін түрлі мекендер мен уақыттарда
сан алуан қауымдарға әділдікті орнататын парақтар мен кітаптар жіберіп
отырған. Құран Кәрімде көрсетілген осындай діни кітаптың жалпы саны төртеу:
Тәурат, Інжіл, Зәбур, Құран. Мұсаға – Тәурат, Ғайсаға – Інжіл, Дәуітке –
Зәбүр, Мұхаммедке – Құран түсірілген.
Қазақстан Республикасы егемендік алуына байланысты жоғарғы оқу
орындарында мұсылман құқығы пәні оқытыла бастады (1суретті қараңыз).
1сурет - С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Ислам - мұсылмандық дін, Мұхаммед (салла–л–лаһу ғалейһи уа салам –
аллахтың оған салауаты болсын) пайғамбар дінге жол салушы. Басты пікірі –
бір Құдайға бас ию, Ахирет күнінің келетініне сендіріп, бес парызды өтеу:
- дін оқуының негізгі постулаттарын мойындау;
- күніне бес уақыт намаз оқу;
- игілікке жұмсауға қаржы ( зекет) беру;
- рамазан айында ораза ұстау;
- Меккеге қажылыққа бару.
Қазіргі кезде Ислам діні дүние жүзіндегі 67 мемлекетте таралған.
Қазақстан Республикасы 1991 жылдың желтоқсанынан ТМД (тәуелсіз мемлекеттер
достығы) елдерінің қатарына қосылды. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы елінде
130 ұлттың өкілі тұрады [1]. Осы ұлттардың әрқайсысының қайталанбайтын
материалдық және діни мәдениеттері, тарихы, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері,
бар.
Келтірілген ұлттардың ішінен 46 ұлт пен ұлыс өкілдері ислам дінін
уағыздашылар. Мұсылмандар ішінде - сүнниттер тобына 37-сі кіретін болса, ал
қалған 9 тобы – шииттер қатарына жатады.
Павлодар қаласында ұлт өкілдерінің достық үйі (Здание дома дружбы)
жұмыс істейді (2 суретті қараңыз) [2].
2 сурет - Достық үйі
1 тақырып. Мұсылман құқығының пәні
Мұсылман құқығы Кеңес Одағы кезеңінде жоғарғы оқу орындарында
оқытылған жоқ. Мұсылман құқығы әлемдік мәдениет құқығының бір бөлігі,
көптеген ғасырларды басынан өткізген тарихы бар және қазіргі уақытта өзіне
тән ерекшелігімен әлемдік құқық жүйесінде белсенді түрде тіршілік етуде
[3]. Ислам діні жетінші ғасырда Аравияда өмірге келді. Ислам дінінің
негізін жарыққа шығарушы – Мұхаммед (салла–л–лаһу ғалейһи уа салам). Ислам
дінінің басты қағидалары Құранда жазылған. Негізгі қағида – Аллаһтың жалғыз
екенін мойындау және Аллаһтың өкілі - Мұхаммед (салла–л–лаһу ғалейһи уа
салам) екенін тану [3, б.4].
2 тақырып. Мұхаммед пайғамбар және Мұхаммед - мемлекет
қайраткері
Мұхаммед (570 - 630) – біздің ғасырда өмір сүрді. 12 жасынан бастап
өзінің әке жағынан нағашысы Абу Талибке еріп, Сирия және Сауд Аравия
елдеріне сауда сапарымен барып жүрді. Жасы қырыққа келгенде дін туралы
іздене бастады. Мекке маңайындағы Хира үңгірінде періштені көрді және
періште оған Аллаһ атынан халыққа үгіт айтуды ұсынды. Әуелінде Мұхаммедтің
пайғамбар екені және оның Аллаһтың өкілі екенін оның тек жақын туыстары мен
меккенің саудагері Абу Бакр, ал кейін Осман және Тальха, барлығы 50 – дей
ғана кісі мойындады. Ал 610 және 620 жылдары арасында Меккенің пұтқа
табынушыларымен жаңа дінді – ислам дінін қабылдағандар арасында күрес
басталды. Мұхаммед пен оны жақтаушыларды жазалау немесе өлтіру шараларын
курейшиттер бастаған кезде, сол адамдардан құтылу үшін жасырын түрде Ясриб
қаласына көшу басталды, кейін ол қала Мәдине қаласы (немесе Пайғамбар
қаласы) деп аталынды. Сонымен, 53 жастағы Мұхаммед – Аллаһтың пайғамбары
аталды, ол халықтарға құдайдың барлығын түсіндірді және оның заңдарын өмір
сүруде қолданулары керек екенін уағыздады.
Мұхаммед пайғамбарды жақтаушылар умма қоғамын құрды. Мәдиненің араб
тіліндегі халықтары мұсылмандық сенімді қолдады. Мұхаммед хиджраның екінші
жылдығында мұсылмандар Иерусалим жағына емес, енді Мекке жағына және
меккенің Кааба ордасына қарап намаз оқуларына болатынын бекітті [3, б.7].
Мұхаммед 630-шы жылы Мекке қаласын жаңа Ислам дінінің орталығы деп
мәлімдеді. Хиджраның 10-шы жылында Мұхаммед өзінің жанұясымен Мекке
қаласына маңызды қажылық жасады, осы қажылық тарихқа аль-ж-хадж аль –
акбар деген атпен енді. Мекке қаласы мұсылмандардың қасиетті қаласы, ал
мұсылман емес адамдарға орын жоқ. Мұхаммед пайғамбар қажылық жасағаннан
кейін 3 ай өткен соң қайтыс болды. Оның орнына өзінің жақын із басушысы Абу
Бакр халиф болып сайланды – ол Мұхаммедтің сенімді серігі болған. Осы XXI
ғасырда Меккеге барушы мұсылмандар Мұхаммед пайғамбардың айтқан үлгісі
бойынша қажылыққа барады.
Қазақстан Республикасы азаматтарының қажылық жасау сапарына Сауд
Аравиясының Джидда мен Мәдина қалаларына тек ұшақпен баруларына рұқсат
етілген.
Қажылықтан жиырма күн бұрын қажылық уақыты тәртібін немесе ережелерін
ұстанулары қажет.
Қазақстан мұсылмандары қажылыққа бару сапарының құрамында дінді
басқарудың бір өкілі, бес дәрігер мен төрт бұқаралық ақпарат құралдарының
өкілдері қатысады.
3 тақырып. Мұсылман құқығының негізгі теориялары
Мұсылман құқығы көптеген жағдайда шариат деп аталады. Шариат
мұсылмандық құқықтың және діннің нормативті ережесі.
Мұсылман құқығы – исламның әлеуметтік-дін дүниесін тануы –Аравия
елінде VI –VII ғасырда пайда болды. Мұхамед Пайғамбардың төңірегіне: Аббас,
Хамза, Абу Бакр, Омар, Осман, Әли - барлығы қырық шақты адам топтасады.
Құранның ажырамас бөлігі Хадис бар. Ол Мұхамед Пайғамбардың айтқан сөзі
және оның істеген істері туралы хабар береді. Хадистердің жиынтығы құраннан
кейінгі қайнар көз болып табылатын сүнналарды құрайды. XI – XII ғасырдың
жартысынан бастап мұсылмандарда сүнниттер және шииттер деген екі бағыт
пайда болды [3, б. 13].
4 тақырып. Мұсылман құқығының тарихы
Араб елінде VII ғасырда өмірге келген әлемге әйгілі діндердің бірі –
Ислам діні. Оның негізін салушы Алла тағала, ал оны уағыздаушы,
насихаттаушы Мұхаммед Пайғамбар. Ең бірінші пайғамбарлар қатары: Адам,
Нұқ, Ибраһим, Мұса, Иса,..., ал 25-ші пайғамбарымыз – Мұхаммед [3, б.25].
Ислам араб сөзі, қазақшаға аударғанда көнгіштік, өзін құдайға
тарту дегенді білдіреді. Ислам дінінің ерекшелігі - тек жалғыз Құдайға
сену, Аллаһ Тағалаға және оның қайратына сену. Осылай деп қасиетті кітап
құранда жазылған. Құран – мұсылмандардың басты кітабы (жалғыз кітап).
Мұхаммед пайғамбардан кейінгі Халифтар саны төртеу: Абу Бакр, Омар, Осман,
Әли. Мұхаммед пайғамбар қайтыс болғаннан кейін Омар Ибн Әл Хатап ( б.ғ.634
- жылы) Халиф Абу Бакрден құранды жеке кітап түрінде шығаруға кеңес береді.
Халифтың ресми идеологиясы Ислам – араб мемлекеттерінің барлық құқығына
жауапты болды. Сол себепті құранның алғаш жазылған редакциясы Зейді Осман
түп нұсқасы төрт кітап қолжазбасы Халифаттың басты орталық қалалары Мекке,
Дамаск, Куфа мен Басыраға жіберілді. Құранда 144 сүре мен дәлірек айтсақ
6226 аяттан тұрады, орыс тіліне аударылған құранда 6346 аят бар.
1991 жылы Ратбек қажы мен Халиф Алтай Құранды қазақшаға аударған [4,
б.5]. Дербісәлі Әбсаттар қажы Қасиетті Құран туралы кітабын шығарды [6].
Дүние жүзіндегі басқа діндердің әр қайсысының өз діни кітаптары бар,
олардың қайсысы болсын, құрметті діндарлар үшін қасиетті кітаптар болып
саналады. Сондай қасиетті кітап мұсылмандар үшін - Құран кітабы. Бұл
кітаптың басқа діни кітаптардан ерекшелігі, оның мәңгілік кітап
екендігінде. Оны ғасырлар бойы дәлелдеп келе жатыр, кімде – кім қай сұраққа
жауап іздесе: өмір мен өлім, жақсылық пен жамандық, махаббат пен
қызғаншақтыққа ма?.. Осы кітапта жауабы берілген.
Ислам дінін ақиқат, шын мәнінде зерттеймін деген ғалымдарға негіз
болатын бірден-бір еңбектерді атайтын болсақ, олардың қатарына Құран
Кәрімнің өзін және VIII ғасырдың екінші жартысында жазылған мәдинәлік ибн
Сқақтың, Сират расул Аллах (Житие посланника Аллаха) деген кітаптарды
жатқызуға болады.
Бүкіл мұсылман ғалымдарының осы мәселеге байланысты еңбектері – осы
аты аталған еңбектерге негізделген.
Құран ең бірінші XII ғасырда латын тіліне аударылған. Оның тәржімешісі
монах Роберт Кетененизис. XII ғасырдың орта кезінде Батыс Еуропада Ислам
дініне арналған еңбектер жарық көре бастайды. Солардың ішінен ғылыми
тұрғыдан құнды еңбек болып саналатын белгілі еуропаның шығыстанушысы Алоис
Шпрингердің Мұхаммедтің өмірі және оның уағызы (учение) деген 3 томдық
еңбегін айтуға болады (Жизнь и учение Мухаммеда 1861 – 69 гг), бірақ бұл
еңбек еуропалық зерттеушілердің көңілін селт ете қоймады. Өйткені, ол
шындыққа жүгініп: Ислам күннің толық сәулесінде өмірге келген бірден бір
әлемдік дін деген тұжырым жасайды (Ислам как религия возникла при полном
дневном свете). А. Шпрингерден кейін де ислам тарихына арналған бірнеше
сәтті еңбектер шығады. Кейбір аздаған кемшіліктері болғанымен жалпы дұрыс
көзқараспен жазылған шығармалар қатарына Оксфордта (1956–61 жж.) шыққан
Уильям Монтгомери Уоттың Мұхаммед Меккеде (Магомед в Мекке) және
Мұхаммед Мәдинеде (Мухаммед в Медине) деген екі кітабын жатқызуға
болады.
Бүгінде батыс – шығыс ғалымдарының көбі құранды құдайдың кітабы екенін
мойындап, таң қалуда.
М.Р. Родвел: Құранды оқыған сайын таңғалам десе, С. Харт Құран
Кәрімнің Алла тарапынан пайғамбарымызға періштелер арқылы жіберілгені
ахихат, - дейді. Ал Виктор Имбердес болса, ол: Құран бүтін заң
негіздерінің қайнар көзі болатыны ахихат. Доктор Бухайле: Құранның
көптеген ғылыми жетістіктерінің негізін қамтығандарын толық зерттеп және
одан басқа да ахихаттарға тәнті болып, мұсылман болғандығын айтады.
Ресей империясы Құранды ең алғаш славян (белорусс) тіліне аударады,
алайда (Құран араб әрпімен жазылған), татарлар Литва елінде орныққан және
өздерінің ана тілін ұмытқан, олар XV – XVII ғасырларда аударған болатын.
Құранның толық түрде аударылуы Петр I – нің бұйрығымен П. Постников француз
тілінде Андре дю Рие жазған Құранды орысшаға Петербургте 1716 жылы аударды
және басып шығарды.
Ерекше көп дау мен қарсылық тудырған (Казань, 1878 жылы) бірінші
орысшаға түп нұсқасы арабшадан аударылған және осы күнге дейінгі толық
аударылым жалғыз екені белгілі. Оны аударған белгілі шығыс танушы Г.С.
Саблуков (1804–1880), ол Саратов қаласында сабақ беруші, ал кейін Қазанның
Дін академиясының профессоры және барлық өмірін Құранды аударуға арнады. Ол
өз кезінде аударылған Құранның мінсіз емес екеніне сенді. Саблуков өлгеннен
кейін аударылған Құран 1894 және 1907 жылдары қайта баспада басып шығарылды
[7].
Осы ерекше Құранды Қостанай мемлекеттік өртке қарсы қызмет
басқармасының бастығы, ішкі қызмет полковнигі Әміржан Алпыс ұлының жеке
меншіктегі кітапханасынан жұбайы Роза Хамит қызы Ғалым Бейсенұлына
ескерткіш ретінде сыйлады.
Бұдан басқада аудармалардың бар екені белгілі. Араб тіліндегі құранды
Режи Блашер (1900–1973) француз тіліне аударды. Арабтанушы Ресейлік А.П
Шубининнің (1867–1937) Куфический Куран еңбегі Санк - Петербургта 1892
жылы орыс тілінде жария етілді. Советтік арабтанушы К.С. Кашкелева құранның
терминологиялық еңбегін жариялады. Арабтанушы Н. Давид құранды ағылшын
тіліне аударғанда сүрелер мен аяттарға бөлген.
Құран тарихы
Құран деген сөздің шығу тарихы жөнінде әзірше ғалымдардың арасында
қалыптасқан бірауыздылық көзқарас жоқ.
Кейбір зерттеушілердің (Әбул – Хасан әл - Әшқари) тұжырымында Құран
сөзі бір нәрсені бір нәрсеге жақындату, жалғау мағынасындағы (қарана)
етістігінен туындаған делінген. Өйткені құрандағы сурелер мен аяттар бір –
бірімен жалғасып келеді. Осыған сәйкес оны Құран деп атаған дейді. Ал
қажылық пен Умраны жалғағандықтан Қиран делінген (Зәркәши, Бурһан, 1 том,
б.277).
Ал Әбу Зәкәрия Яхия ибн зияд әл - фәррә құран сөзі Қарина сөзінің
көпше түрі Қараин сөзінен шықты деп дәлелдейді. Құран аяттары мазмұн,
ұйқас, ырғақтық жағынан бір-біріне ұқсас, бірін-бірі дәлелдеп тұрады (
Суюти, Итқан, 1 том, б.68).
Келесі бір көзқараста Құран деген сөз еш түбір сөзден шықпаған
(Имам Мұхаммед ибн Идрис әш –Шафағи ) делінеді. Мысалы, Алла тағала Мұсаға
түсірген кітабын Тәурат, ал Дәуітке түсірген кітабын Зәбур деп атап
түсірсе, сол сияқты Алланың Мұхаммед пайғамбарға түсірген кітабын Құран
деп атаған. Бұл Алла сөзі Әбу Убәйд - әл - Қасым ибн сәлләм, Әбу Исқақ
Әззәжаждар ойынша, Құран сөзі Қар сөзімен байланыстырады. Өйткені,
құрандағы әңгімелер жарлық – бұйрықтар, сүре мен аяттар бұрын – ерте жарық
көрген кітаптардың уақиғаларын жинақтағандықтан осы ат берілген деп
қортындылайды. Енді біреулердің пікірінше Құран сөзі Сыртқа шығару -
Қараә етістігінен шығарады. Өйткені, құран оқыған адам сөз бен әріптерді
оқып, аузынан сыртқа шығарады дейді. Құранның Қиямет суресінде (17 -18
аят) Расында, оны жинау, оқу бізге міндет. Ал оны біз оқығанда, оның
оқылуына ілес делінген. Бұл аятта құран сөзі Оқу мағынасында
қолданылған. Осы соңғы тұжырым Ислам ғұламалары арасында көбірек қолдау
тауып отыр. Шын мәнінде қай тұжырымның нақты дұрыстығын Алланың өзі ғана
біледі. Олай болса, Алла тағаланың Құран Кәрімде келтірілген сөздеріне
құлақ түрейік. Тәкбір сүресінің 19-шы аятында: Құран – құдай сөзі. Қарғыс
атқан шайтан сөзі емес, - делінсе, Хаққа сүресінің 40-52-ші аяттарында да
осы пікірі өз жалғасын тапқан: Күдіксіз, бұл құран - .. бір ақынның сөзі
емес, сондай-ақ ол бақсының да сөзі емес. Ол әлемдердің раббысынан
түсірілген, - делінген. Алланың сөзіне сенбеске болмайды. Ол тек шындықты
айтады. Сенбеген адамды қарғыс атсын (Ғаббас сүресі, 17), - деп шындыққа
шақырады.
Инновациялық Еуразия университетінің профессоры және акбар ҚАЖЫ
Мұхаммед-Хафиз Ахметұлы Текжанов (3суретті қараңыз) тасбих туралы пікірін
ұсынамыз. Адамның көзі жұмылғаннан кейін о дүниеге тасбих тартып, Ләйләһи
иллалаһ деп Алланың атын 99 рет атап аттандырады. Ал тасбихта Алланың 99
аты түгел бар. Жай уақытта тасбих тартқанда Сұбыхан Алла,
Әлхәмділиләһи, Аллаһу акбар деген сөздердің әрқайсысын 33 рет қайталап
айтады. Бұл Аллаға айтылған мадақ. Міне, осындай асыл сөздерді арқалаған
тасбихты дін жолында жүрген, жүрегіне имандылық ұялаған, Аллаға шын
берілген адамдар ғана ұстауы керек, - дейді.
Құран жайында біраз мәлімет
Алла хадисінің бірінде былай дейді: Мен құпия қазына едім. Мені танып
білу үшін әлемді жараттым десе , келесі бір хадисінде:
Иә, Мұхаммед (с.ғ.с), Сіз болмасаңыз мен 18.000 ғаламды жоқтан бар
қылып жаратпаған болар едім. Сіз болмасаңыз, мен өзімнің рахметімді,өзімнің
берекемді, барлық қазынамды әлемге танытпаған болар едім. Сіздің
себебіңізден әлемге рахметімді бердім, - деген екен.
Бұл ахиқатты қорытындыласақ, Алланың Мұхаммед (с.ғ.с) – ның құрметі
үшін жоқтан барғып жаратылған жер шарының бір кездерде жоқ болғаны ғой.
Йә, осылай болғаны да ахиқат.
Осы ойды Атақты имам Ғаззали Ануар ул - ғашиқин және Тарихат ул -
Мухаммадия дейтін еңбектерінде қуаттап: Дүние Нұрмұхаммедтен,
пайғамбардың нұрынан тұрады, - дейді. Сонда ұлы жаратушының осы 18.000
ғалам Мұхаммедке деген сыйы неден тұрады деген сұраққа? Илаһи (діни)
ілімінде: 6000-ы жанды мақұлықтар болса, 6000-ы жер бетіндегі түрлі
өсімдіктер, ал қалған 6000-ы тау – тастар т.т. көрінеді. Олай болса,
бүгінгі адамзаттың тіршілік мекені Мұхаммед с.ғ.с. құрметіне және оның
нұрынан жаратылған екен.
3 сурет – Инновациялық Еуразия Университеті
Олай болса, бүгінгі адамзаттың тіршілік мекені Мұхаммед с.ғ.с.
құрметіне және оның нұрынан жаратылған екен. Сондықтан да біз, пенделер,
пайғамбарымызға шексіз алғысымызды айтуымыз керек. Бұл пікірдің растығына
көз жеткізу үшін Адам Ата мен Алла тағаланың арасында болған жәйтті
келтірейік. Ібілістің азғыруының салдарынан Адам Ата жәннәттен шығарылып,
жерге түсірілгеннен кейін, бірде жаратушыдан: Уа, Раббым! Әрдайым сенің
есіміңнің қасында: Мұхаммед – Алланың елшісі, - деген сөзді оқимын.
Мұхаммед кім? – деп сұрағанда Алла тағала: Менің атымның қасында есімі
жазылған тұлғаны мен нұрымнан ең алғаш жаратқан едім. Оны соңғы пайғамбар
ретінде жер бетіне жіберемін. Ол - Мұхаммед, - деп жауап береді. Алланың
келесі бір аятында: Сүйікті Ахмет (Мұхаммед)! Біз сені тек қана әлемдерге
рахмет ретінде жібердік, - дейді. Сүйікті елшісіне ғашия суресінің 23
-24 аяттарында: Мұхаммед! Оларға уағыз айт, кеңес бер. Бірақ кімде – кім
насихатқа құлақ аспаса, жаратқанды жалған көрсе, тәңір оның сазайын
тарттырады,- делінген. Осы келтірілген үзінділерден әлемдер патшасы Алла
тағаланың сүйікті досы Мұхаммед (с.ғ.с) деген ыстық ілтипатын сезуге болады
емес пе?
Адамзат баласының асыл тұлғасы болып жаратылған Мұхаммед
пайғамбарымыздың өмірге келуінің кездейсоқ еместігін көрсететін
тағы бір дерекке жүгінсек, ол бүкіл адам баласының бабасы Адам Атаны
жаратар алдында Алла тағаланың періштелермен әңгімелескен сөзінен де айқын
көрінеді: Мен жер бетіндегі бір халіфемді (өкілімді) белгілеймін, ал
сендер Адамға тағзым (сәжде) етіңдер, - деуінен. Сөйтіп періштелердің
келісімін алып, күш – құдірет иесі жаратушы Алла әлемді жоқтан бар етіп
жасауға кіріседі. Бұл жерде тек қана Ібіліс менмендікке салынып, өзінің
таза оттан жаратылып, топырақтан, балшықтан жаратылатын пендеге бағынуын
қорлық көріп, күпірлік жасап, Аллаға қарсы шығады, сөйтіп жаратушының
қарғысына ұшырап, мәңгілік азғындық жолында қалады. Хаж сүресінің 22-ші
аятында: Аллаға қалай шүбә келтіресіңдер? Әу баста жансыз едіңдер.
Сендерге жан бітірді. (Адам Атаны топырақтан, ал оның нәсілін рухтан –
жыныстық талкиндан, кесек еттен құрап жаратты). Енді тағыда өлтіріп, кейін
қайта тірілтеді. Сонан соң (қияметте) оның алдынан шығасыңдар, – делінген.
Осы бір ретте мынандай сұрақтың туындауы мүмкін: Алла адамды не үшін
жаратты? -деген. Әрине, бұл дұрыс сұрақ. Бұған әртүрлі жауап беруге
болады. Бірақ бұл сауалға Алла тағаланың өзі жауап беріп тұрған сияқты:
Мен жындар мен адам баласын тек қана (мені танып, маған ғибадат етсін
деп жараттым ), - дейді. Әрі қысқа, әрі нақты нағыз дұрыс жауап осы. Осы
пікірдің жалғасы іспетті ойды мына Таха сүресінің 14 – ші аятында
қайталайды: Еш күмәнсіз, мен шынайы Аллаһпын. Менен басқа тәңір жоқ.
Сондықтан маған ғибадат ет, мені еске алу үшін намаз оқы, - дейді. Дәл осы
ой Ғалақ сүресінің 19 –шы аятында да келтірілген.
Аяттарда келтірілген тұжырымдарға байланысты Ғибадат деген не, оны
қалай түсінуге болады? – деген келесі сұрақ тілге оралады. Бұл сауалдың
жауабын қысқаша және нақты берер болсақ, бұл – Ұлы жаратушының жоқтан бар
етіп дүниеге келтірген ақыл иесі пендесіне жүктелген міндеттері, парызы.
Пенделері үшін таңғажайып кереметке толы 18.000 ғаламды жаратушының
ұлылығын, асқан құдіреттілігін, шеберлігін танып – біліп, бас ию,
ризашылығын білдіріп, құлшылық ету, мадақтау. Әрине, ғибадаттың түрлері
көп, бірақ солардың ішінен Алланы сөз жүзінде ғана емес, шынайы іс жүзінде
мойындаудың көрінісі, мұсылмандықтың белгісі ретінде Ислам дінінде
ғибадаттың мынандай бес түрін міндет – парыз еткен. Өйткені, Ислам дінінің
өзі осы бес парыздан құралған. Соның ең алғашқысы – бұл Алланың
жалғыздығына иланып, иман келтіру – сену. Аллаһтан басқа ешбір Құдай жоқ
және Мұхаммед Аллаһтың елшісі, -деу.
Ислам дінін мойындаған шын мұсылман адам үшін жоқтан бар етіп, өзіне
ең көркем бейне беріп, өмір сыйлаған тәңіріне ризалығын білдіріп, ұлылығын
дәріптеп: Аллаһу акбар, - деудің еш артықтылығы жоқ, өте қисынды. Фатиха
сүресінің бір аятында: Бүкіл мадақ та, мақтау да тек қана әлемнің раббысы
– Аллаһқа тән , - делінуі осының дәлелі.
Келесі мұсылмандықтың басты белгісінің бірі – жүректің нұры, Ислам
дінінің тірегі болып саналатын – НАМАЗ. Бүл Алла тағаламен пенденің
арасындағы байланыстылық негізі. Құран Кәрімде Алла тағала: Ей, Мұхаммед!
Саған уақи етілген кітапты оқып, намазды толық орында. Расында, намаз
арсыздық пен жамандықтан тияды. Аллаһты еске алу, әлбетте, ең үлкен
құлшылық. Аллаһ не істегендеріңді өте жақсы біледі, - дейді (әл –Анкәбут,
45 аят). Шынайы ықылас – ниетпен оқылған намаз пендені Аллаға жақындатады.
Бақара сүресінің 238 аятында: Шын көңілмен бас иіп, Аллаһ үшін намазға
тұр, - дейді. Қиямет күні пенденің амалдарынан ең алдымен есепке
тартылатыны - оның намазы. Бұл намаздың мұсылмандар үшін өте маңызды екенін
көрсетеді. Алла тағала намазды пенделерінің күнәсінен құтылуы үшін
шығарған. Намаз - бес уақыт және ол күнәларды жоюшы, - деп Хұд сүресінің
114 аятында анық көрсеткен! Намаздың қасиетінің күштілігі соншалықты:
пендесінің ахирет пен дүние тіршілігіне қатысты сұраған мұхтаждарының бәрін
қабыл алып, риза етеді. Аллаһтан жәрдем тілеңдер, күдіксіз, Аллаһ сабыр
етушілермен бірге, - делінген.
Пенделердің күнәларынан тазаруы үшін Алла тағала намазды өзге
құлшылықтардың бәрінен артық қылып жаратқан. Мұхаммед пайғамбарымыздың
айтуынша: Аллаһ тозақ отына түскен адам баласының сәжде орнын жеуге рұхсат
берген жоқ, - дейді. Ал Мүслимнен жеткен бір риуаятта: Жүздерінен басқа
жерлерінің барлығы өртеніп жатқан қауымдар болады, - делінген. Құранда :
Аллаһқа сәжде қыл, жақында, (Ғалақ сүресі 19 аят) - деп пендесінің есіне
салады. Мойын ұсынып, намаз оқитын пенделерін Алла тағала өз қамқорына
алып, олардың түзелуі мен шынайы бақытына жетуіне өз рахметімен көмек
көрсетуіне дайын екендігін білдіреді. Өмірін реттеп, күнә батпағынан
тазарып, адамгершіліктің рухани биігіне көтерілуіне ықпал жасайтынын
сездіреді.
Ал, керісінше, жандары жай таппай, тек қана тіршілігінің қамын ойлап,
мал – мүлік, байлық жиюдың әлегіне түсіп, жаратушысын есіне алмай, күн
кешетін пенделерімен Алла тағала ашуланған күйде жолығысады, - деген
хадисін естен шығармаған жөн. Сөзсіз, ондай адамдардың қасіретке ұшырап,
қайғыға душар болуы әбден мүмкін. Ертеде бір ғұлама адам көрегендік
танытып: Кім амалдарының сауабын білмесе, барлық жағдайларда бақытсыздыққа
ұшырайды, - деген екен. Бүгінде кейбір адамдардың көп жағдайда сәтсіздікке
ұшырап жүргендері сол білместіктің салдары болар. Рағид сүресінде:
Біліп қойыңдар! Жүректер тек қана Аллаһты еске алу арқылы жай табады, -
делінген. Сондықтан, тәубеге келіп, мұсылман адамға парыз етілген бес уақыт
намазды уақытылы орындап, ізгі амалдар жасап, Аллаһқа деген мақтау – мадақ
айтып, ризашылығымызды білдіріп, Аллаһқа жақындай, әрі салихалы ғұмыр
кешіп, О дүние де шынайы бақытқа қол жеткізгендер қатарында болуға
тырысқанымыз абзал. Осы келтіріліп жатқан ой –пікірлердің жалғасы және
дәлелі секілді тағы бір дәйек сөзде: Алланы таныған, шын ниетімен бой
ұсынған адам зынданда жатса да, бақытты, ал Алланы ұмытқан – хан сарайында
тұрса да, зынданда жатқандай болып саналады. Ендеше, ол да бақытсыз, -
делінген. Адам баласына тіршілік беріп, үнемі жан –жақты көмек көрсетіп,
назарынан еш уақыт тыс қалдырмай, нығмет үстіне нығмет сыйлап келе жатқан
Аллаһқа таза ниет, шын ықылас білдіру – имандылықтың көрінісі, ізгіліктің
белгісі. Аллаға алғыс айтсаң, нығметіңді арттырады, ал үнемдесең, берген
нығметін – жақсылығын жоққа шығарғаның, бұл жағдайда Ахиретте жауапқа
тартылып, тиісті жазаңды аласың.
Алла тағаланың пенделеріне парыз еткен ғибадатының екінші түрі –
Ораза ұстау. Бірде Алланың сүйікті құлы, әрі елшісі Мұса пайғамбар Алламен
тілдесу кезінде былай деген екен: Я, Алла, маған берген бағыңды әлі
ешкімге берген жоқсың. Мен ризамын, - дегенде, Алла тағала былай деп жауап
береді: Ей, пайғамбар! Ақыр заманда жер бетіне Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмметі
келеді. Оларға Рамазан айын бағыштаймын. Рамазан айы келгенде, олар Алла
ризасы үшін еріндері кеуіп, ораза ұстайды. Ауыз ашар уақыты келгенде,
екеуіміз тілдескен уақытта арамызда болған 70000 пердені қалдырып, жүзбе -
жүз кездесемін. Сол кезде олар не тілесе, тілектерін қабыл қыламын, -
деген екен. Екінші бір хадисте осы айтылған ойын өрбітіп, тереңдете түседі
: Ораза мен үшін және оның сауабын тікелей мен беремін. Аузы берік адам
ішіп – жеуін мен үшін доғарады. Ораза – мені мен құлымның арасындағы
ғибадат. Оған берілетін сыйды Мен ғана өлшеп, Мен ғана беремін. Аузы берік
құлымның аштық пен сусындауынан шыққан ауыз исі Мен үшін Миск әтірінен де
тамаша,- дейді. Алланың осы келтірген сөздерінен Ораза ғибадатының
мұсылмандар үшін ахиреттік өмірінде қаншалықты маңызы бар екенін көреміз.
Алла тарапынан мұсылман қауымына сыйлаған сыйлығы деуге де болады. Ал осы
Ораза ғибадаты туралы сүйікті пайғамбарымыздың пікірі қандай екен, соған
біраз құлақ түрейік: Оразаның сауабы Жер мен Көкке сыймайды,- десе,
екінші бір жерде: Бір құл Алланың жолында Ораза тұтса, Алла тағала сол
күнгі Оразасы себебінен, оның бетін тозақтан Жетпіс жыл қашықтықта
болғандай алыстатады, - дейді. Алланың жақсылығынан ахиреттік өмірінде
үміт күткен адамға бұдан артық қандай сый –құрмет керек? Осы айлардың
солтаны – Ораза айында Ораза ұстайтын адамдардың мекені етіп, сегіз
жәннәттің бірі – райян осы Ораза ұстаған адамдардың ғана мәңгілік мекені
болмақ. Ораза дененің садақасы, күнәләрдің өлшемі деп тегін айтылмаған.
Ораза айының аса қасиеттілігін мына бір мысалдан да байқауға болады.
Алладан кейінгі абзал нәрсе не десек, әрине, Құран дейміз. Осы қасиетті
Құран Кәрімнің рамазан айының 24 – інде аян етілуі де осыған дәлел. Сөз
жалғасы ретінде қасиетті Мәшһүр – Жүсіптің мына бір сөзін келтіруге болатын
сияқты: Ораза ұстағандар қияметтің қиындығынан жақсы өтеді, - деген.
Әмин! Періштелердің құлағына шалынсын демекпіз. Қасиетті Рамазан айының
Алланың пенделеріне берер жақсылығы, көрсетер көмегі айта берсең өте көп,
ұшан –теңіз. Соның бірі ретінде мына бір жайтты байқап көрейік: Қиямет күні
Рамазан айы Аллаһтың алдында басын сәждеге қойып, көтермей жатып алады
екен. Бұны көріп, Әлем иесі: Бұл неге басын көтермей жатыр?, - дейтін
көрінеді. Сонда бір дауыс: Мұхаммедтің үмметтері лыпасыз, жалаңаш, -
дейді екен. Сонда тәңір иесі періштелеріне: Жәннаттан барып киім
әкелдіріп, киіндіреді. Бірақ тілегі орындалса да, басын көтере қоймайды.
Аллаһ: Енді неге тұрмайды? – деп сұраса: Олар аш, ештеңе ауыздарына
салатындары жоқ, – дейді. Ендеше Жұмақтан алуан түрлі пейіш тамақтарын
әкеліңдер, - деп әмір беріп, ауқаттандырады. Бұл ретте де басын көтермей,
бұрынғы қалпында жата береді. Енді не керек? - десе, Жұмаққа кіргізіп,
орналастыра гөр, -деп жалбарынады. Міне Рамазан айының қандай кереметтігі.
Аллаһ бұл өтінішін де қабыл алып, 70000 періштесін алдырып, қолпаштап
жаннатқа апарып орналастырады. Алла тағаланың пейілінің кеңдігі соншалықты,
сүйген құлдарына көрсететін игіліктерінің шегі жоқ, тек соған лайықты
болуға, берекетті өмір сүруге тырысқан жөн. Сондай игіліктерінің бірі –
Ораза айының Қадір кеші. Бұл кештің қасиеттілігі соншалықты – 300.000
күнәкәрдің күнәләрі бірден кешіріледі екен. Өз дәрежесінде құрметпен
өткерілген осы бір түннің сауабы, жай күндері атқарылған мың айлық, немесе
83 жыл бойы істеген құлшылықтан артық екен. Осы қадір түні (Ораза айының 27-
сі) Алла тағала әлемдегі бүкіл періштелерді шақырып алып: Мұхаммед үмметі
менен не тілек тілейді екен, соны біліп келіңдер, - деп Жер бетіне
түсіреді. Олар әр адамның үйіне кіріп, не істеп жатқанын, не тілек
тілейтінін өзгеріссіз жазып алып, Аллаға жеткізеді екен.
Павлодар қаласындағы Жеті ағайындар әкесі атындағы Ғазиз мешіті
(4суретті қараңыз).
4 сурет – Ғазиз мешіті
Ислам діні бойынша Алланың пенделеріне парыз еткен басты ғибадаттың
бірі – Зекет беру. Бұл сөздің шариғи мағынасы тазалау, көбейту, өсіру, -
дегенді білдіреді. Құранда Бақара сүресінің 34 және 83 аяттарында Намазды
өтеңдер және Зекет беріңдер, -делінген. Бұл ғибадаттың әлеуметтік маңызы
зор. Екінші сөзбен айтсақ, бұл Алла тағаланың, әсіресе, ауқатты, бай
адамдарға жүктеген, тұрмысы төмен, кедей – жітіктерге, жетім – жесірлерге,
Алла жолындағы адамдарға, жолаушыларға т.т. міндетті түрде беретін салығы.
Бұл ғибадаттың мәнділігіне Алла тағаланың назар аударғаны соншалықты,
Құранның 70-ке жақын аяттарында айтылған (Бақара сүресінің 2,43, 83. 177..,
Имран сүресінің 17, 92, 134, 180, ан - Ниса- 37, 39, 77, 162 ... т.т.). Бұл
ғибадаттың Зекет деп аталуы – қолда қалған мал – мүліктің көбеюіне,
берекеттенуіне, әрі берушісінің күнәларынан тазаруына себеп болғандығынан.
Тәубе сүресінің 103 аятында: Олардың малдары көбейіп және өздері
күналардан тазалануы үшін мұсылмандардың малдарынан садақа сал, -делінген.
Бұл ғибадаттың орындалу мерзімі – Оразаның соңғы күндерінде белгілі бір
мөлшерде жиналады. Мысалы, қарамалдан бастары 30-39 болса – бір тайынша, ал
қой санының мөлшері 40 тан 120 – дейін – бір қой, не бір ешкі, 1 кг
бидайдан, не бидай ұнынан - 459 гр. берілуге тиіс.. Зекет – Исламның
көпірі, - деген ұғым бар. Бұл ғибадат ауқатты адамдардың менмендікке
салынып, өзім тоқ болсам болды, басқаларда жұмысым жоқ деген
тақаппарлығынан, сараңдық – дүниеқорлық сияқты жиреншікті мінездерден
сақтап, кішіпейілдікке, кеңпейілдікке, бауырмалдыққа тәрбиелейді және де
бай мен кедейлердің ара-қатынасын жақсартып, дұрыс өмір сүруіне ықпал
жасап, мемлекеттің нығаюына себепкер болады.
Мұқтаж адамдардың өмір сүруіне қажетті нәрселерді көмек – зекет сияқты
жолмен ала алатынын білсе, қоғам ішінде кездесіп жататын ұрлық – қарлық,
бірін–бірі алдап – арбау, қарақшылық, кісі тонау, өлтіру сияқты
қылмыстардың болмауына оң әсерін тигізері анық. Бақара сүресінің 276
аятында былай делінген: Шайтан сендерді кедейлікпен қорқытып, жаманшылық
жасауды бұйырады. Ал Аллаһ сендерге өз тарапынан кешірімі мен кеңшілігін
уәде етеді, - дейді. Пайғамбарымыз да зекет бергеннен байлықтың еш
азаймайтынын айтып, былай дейді: Садақа малдан ештеңе азайтпайды,
керісінше, зекет берген адамның жан – дүниесін, ішкі – сезімін керемет бір
қуаныш билеп, рахат сезімге бөленеді. Сайып келгенде, берілетін Зекет -
өмір сүріп, тіршілік етіп жүрген дені сау адамдардың, сол қоғамға деген
рахметі, ризашылығы.
Бұл ғибадаттан ешкім бас тартпауы керек. Сонау Сахабалар заманында
зекетке мән бергенділігі соншама – зекетті бермейміз дегендерге қарсы соғыс
ашу керек деген шешімге дейін барған. Шариғат бойынша, зекеттен бас тартқан
адамдардың байлықтары қиямет күні жыланға айналып, мойнына оралып, аузымен
екі жағынан ұстап: Мен сенің байлығың, қазынаңмын, - деп қинайтын
секілді. Ғимран сүресінің 180 –ші аятында жинаған алтын – күміс тозақ отына
қыздырылып маңдайлары мен қабырғалары таңбаланатыны ашық айтылған: Алтын,
күмісті жинап, оны Аллаһтың жолында жұмсамағандарды күйзелтуші азаппен
сүйіншіле, - делінген.
Жиналған алтын мен күміс тозақ отында қыздырылып қиямет күні онымен:
Міне, мынау - өздерің үшін жиған дүниелерің. Ал енді қанеки,
жинағандарыңның дәмін татыңдар, - дейді. Ислам дінінің мұсылмандарға парыз
еткен соңғы ғибадаты – Қажылық. Құран Кәрімде: Ол жерге баруға щамасы
жеткен барлық адамға Аллаһ үшін Қағбаны зиярат етіп, Қажылық жасау парыз,
- делінген. Әли - Имран сүресінде, Хаж – араб сөзі – Құрмет тұтынған
қасиетті жерді зиярат ету мағынасын білдіреді. Шариғат бойынша, дені сау,
шамасы бар әрбір мұсылман адам арнайы қажылық айлары (Шәууал, Зилқағда және
Зилхижжа) келгенде, Сауд Аравиясындағы Мекке қаласына барып, Алла тағаланың
бұйырған әмірлерін ықыласпен орындап, Аллаһтың сый–сыяпатына бөленіп,
күнәларынан арылып қайтады.
Қабыл болған Қажылықтың сауабы – тек қана Жәннат, - делінген
Хадистердің бірінде. Дүние тіршілігіне келген әрбір мұсылманның асыл
арманы, пендешілікпен істеп қойған күнәларынан арылып, анасынан жаңа туған
сәбидей мәңгілік бақыт мекені жәннаттық болу.
Павлодар қаласында бой көтерген Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің 2001
жылы ашылуы ислам жамағатына арналған лайықты сый (5 суретті қараңыз).
5 сурет – Мәшһур Жүсіп мешіті
Дүние тіршілігіне келген әрбір мұсылманның асыл арманы, пендешілікпен
істеп қойған күнәларынан арылып, анасынан жаңа туған сәбидей мәңгілік бақыт
мекені жәннаттық болу. Бухари, Мүслимдердің хадисінде бұл жөнінде былай
делінген: Кімде – кім күнә істеместен қажылық жасайтын болса, анасынан
жаңа туғандай күнәларынан арылып қайтады, – делінген. Күнәсіз пенде
болмайды, бірақ мейірімді Аллаһ тәубесіне келіп, істеп қойған күнәләріне
шын ықыласымен кешірім тілеп, жалбарынатын құлдарына қажылық ғибадатын
сыйлаған. Бұл ғибадаттың келесі мәні Алланың бірлігін мойындап, дүниенің
төрткүл төрт бұрышын әр тілде сөйлейтін, мемлекет басшысынан бастап,
қатардағы қарапайым қара халыққа дейін бай – кедей, лауазым – дәрежелеріне
қарамай, бір кісідей ақ ихрамға оранып, қасиетті Қағбаның алдында қажылық
парыздарын атқарушы мұсылман жұртшылығының өзара бауырластық ынтымағы мен
рухани бірлігін нығайтып,бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару деген
сезімді қалыптастыруға тигізер әсері мол. Олай болса, Ислам қауымы
бірлігінің күшеюі қажылыққа келу арқылы іске асады. Мұнда ұлт – нәсілі есеп
емес, бәрінің пәлсапасы біреу. Өйткені Жаратушысы – бір, ризық берушісі –
бір, құлшылық иесі де – бір, Діні де – бір, пайғамбары да – бір, Құбылалары
да -бір. Осы бірлер - Ислам әлемінің бірлігін, татулығын қалыптастыратын
және мұсылман ұлттары арасындағы теңдіктің іс жүзіндегі көрінісі. Себебі,
жоғарыда сөз болғандай, киімдерін шешіп, ақ ихрамға оранып, бай –
кедейлігін, шен – шекпенін еске алмай, нәпсілерінің тізгінін тежеп,
мұсылман бауырлар қажылық мектебінен өтіп, бірін – бірі сыйлап, сыпайылық
танытуға әдеттенеді. Жақсылық пен жамандықтың ара салмағын, дос пен
дұшпанның қандай болатынын түсінеді. Шайтанға тас атқанда, Қағбаны тауап
еткенде, Мәдинеге ат басын бұрғанда, қара тасқа сәлем бергенде, осындай
терең де, нәзік ой құшағына бөленіп, ішкі жан-дүниесін тазартып алады.
Құранда Хужурат сүресінің 13 – ші аятында: Әй, адам баласы!
Шүбәсіз, сендерді бір ер, бір әйелден (Адам ата, Хауа анадан) жараттық.
Сондай–ақ бір –бірлеріңді тану үшін сендерді ұлттар мен ұлыстарға бөлдік.
Шындығында, Алланың қасында ең ардақтыларың тақуаларың. Күмәнсіз, Алла
толық білуші, әр нәрседен хабар алушы , - делінген.
Бұл аятында Алла тағала пенделеріне ұлт пен ұлыстарға бөлінбей бір –
біріңді біліңдер, таныңдар, қоғамдық өмірлеріңде бір–біріңе көмектесіңдер
дегенді білдіріп отыр.
Абу Бакр Сыддық атындағы мешіттің Железинка ауданы, Озерный совхозынан
көшіп келген Есбол мен Мариям Сапаровтардың балалары Абай, Аманкелді,
Гүлнар, Абылай, Тимур: 2008 жылдың 15 – ші қыркүйегінде есігін ашты.
Мерекелі салтанатта Қазақстан Республикасының Бас мүфтиі Дербісәлі Әбсаттар
қажы құттықтау сөзімен халық алдына шықты (6суретті қараңыз). Осы мешіттің
медресесінде 15 оқушы дәріс алып жүр.
Мешіт әдебі:
1) Мешіт бәйтолла деген қағбаның бөлімшесі, Аллаһ тағала
пендесінің құлшылық тілегін қабылдайтын қасиетті нұр, иман шашатын орын.
Сондықтан мешітте құлшылық істеліп, діни-ғылым үйретіліп, бұдан басқа
шариғат үкіміне сай жақсы мақсатқа пайдаланылады. Мешіт мұсылманның
қалқаны, кәпірдің зынданы, - делінген ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед
с.ғ.с.-нің хадисінде;
2) Ғибадат жасалатын Аллаһ үйі – мешіт болып саналады;
3) Мешіт қасиетті құлшылық үйі болғандықтан әрбір
кәмелетке толған мұсылман мешіт хұқын қорғап, патшаға дейін әдеп сақтап,
Аллаһқа құлшылық етеді;
4) Мешітке әр уақытта жуыну (ғұсыл, бой дәрет) парызын
орындап, дене түктерін қысқартып келу кажет;
6 сурет – Абу Бакр Сыддық мешіті
5) Мешітке толық дәрет (парыз, сүндетін орындап алып) таза
киім киіп, хош иісті себініп келу міндетті;
6) Әрқашан Аллаһты еске алып пайғамбарымыз с.ғ.с.-ға салауат
айтып, жақсы ниет, ізгі тілекпен келу керек;
7) Кәмелетке толған қыз - әйелдердің сақтануы керек: басы,
тізелері, балтыры, тағы басқа да әуретті жерін ашып жұқа, қысқа киініп
келуден;
8) Мешітке кіргенде, оң аяқпен аттап басып, дұға етіп, сәлем
беру қажет;
9) Мешіттен шыққанда, сол аяқпен шығып, ісінің оң болуын
тілеген абзал;
10) Киімінде, денесінде адамдарды жиіркендіретін жағымсыз
иіс болмауы керек;
11) Егер мәкрүһ уақыты болмаса, Тахиятул мешіт ақысы
намазын оқисың;
12) Мешітте азан шақырғанда, уағыз, құтпа, құран оқылып
жатқан уақытта ешкіммен сәлемдеспей, басқа іс-әрекет етпей, зейін қойып
тыңдауы керек;
13) Мешітте тосын мінез, іс - әрекетке бармау (қатты күлу,
кекіру, есінеу, әдепсіз сөйлеу, зеку) өзгенің назарын аудармау,
құлшылық ғибадатын бұзбау парыз;
14) Пердесіз намаздағы адам алдынан жүрмеу, кісі жүзіне қарап
намаз оқымауы қажет;
15) Мешіт ішінде жүгірмейді, қалай болса, солай отырмайды;
16) Мешіт ішінде сауда жасалмайды, қоқыс тасталмайды, қайыр
сұралмайды;
17) Мешітте бос уақытта құран оқу, тасбих тартып, күнәлі ісіне
Аллаһтан кешірім сұрап, дүние және ахиретте жақсылық тілеу әркімнің
міндеті;
18) Азан шақырғанда батасына, оқылып жатқан жамағат
намазына ұйымаудан сақтан;
19) Жұқпалы, қауіпті аурудан сауықпай мешітке келме;
20) Мешітте алдағы бос саптарды толтырып, кейін келген адамдарды
баспай, аттамай әдеп сақта.
Жалпы Павлодар облысында 87 (сексен жеті) мешіт жұмыс істейді. Омбы –
Павлодар трассасында Касым қажы мешіті 87 – ші болып есептеледі.
5 тақырып. Мұсылман құқығының жүйесі
Ислам құқығының құрылымын айқындау оның ерекше құқық жүйесінің
түсінігіне себеп болады. Шариат өмірдің барлық салаларында мұсылманның
жүріс – тұрысын реттейді, сондай-ақ олардың сезімімен ой - санасына әсер
етеді және осы күшке 4 элемент кіреді: а) исламның дін нормалары; б)
мұсылмандық мораль мен әдебі; в) абадат деп аталатын Алламен мұсылман
қатынастарын реттейтін нормалары; г) мұсылман еместермен және мұсылмандар
арасындағы жүріс-тұрыс ережелері; (Му*амалат).
Мұсылмандық құқықшылар мұсылмандық құқық құрамында норма топтары бар
деп есептейді. Бірінші топты Құран мен сүннаның заңды жазылымдары құрайды.
Екінші топқа Ислам - құқықтық доктринасы, басқа да көздерге негізделе
қалыптасқан, топтасқан нормалары жатады. Құранда 6 мыңнан аса аят жолдары
бар және олардың ішінде 500-ін ғана мұсылмандардың өзара қарым-
қатынастарына тән жүріс-тұрыс ережелері деп атауға болады, ал 150-і негізгі
діни міндеттерді жүзеге асыратын тәртіптерін анықтайды.
Егер классификацияға негізделген нақтылық дәрежесін алатын болсақ,
онда Құран мен сүннаның барлық ережелерін екі топқа бөлуге болады.
Біріншіге екі мағыналық түсіндірмелерге жатпайтын ережелерді кіргізуге
болады. Бұл негізінен діни табынушылық қағидалары, сондай-ақ кейбір
ережелер адамдардың өзара қарым-қатынастарын реттеуге сүйенеді. Екінші топ
көңіл аудармайтындар мен анық емес жазылымдардан тұрады. Бұл ережелер көп
мағыналық және адамдардың жүріс-тұрысын бағалауға қолданылмайды. Адамның
өзара қарым-қатынастарын реттейтін Құранның нормалары діни – моралдық нысан
сипаты бар ережелерден тұрады, яғни оларды түсіндіру үшін қолданады.
Мұсылмандық құқық жүріс-тұрыстың жалпы ережелерін орнатады, сонымен қатар
мұсылмандардың өздерінің арасында жүріс-тұрыс нысандарын орнатуға мүмкіндік
беретінін көптеген зерттеушілер қолдайды.
Уақыт өте келе дамыған қоғамдық қатынастарды реттеу үшін Құран мен
сүннаның жазылымдарының жеткіліксіз екені анықталды. Сондықтан VIII
ғасырдан бастап, мұсылман құқық мектебінің құқық-құрушылары осы мәселелерді
жоюды өздерінің қолдарына алды.
Заңгерлер ғасырлар бойы жалпы діни – танымдық бағыттарға заңды түсінік
бере алды және олардың талғағыш түсініктеріне негізделе нақты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz