Қос етекті көйлек
Ф-ОБ-001033
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
ЫБЫРАЙЫМОВА МАРЖАН АСАНҚЫЗЫ
АҚБАҚАЙ атты ФОЛЬКЛОР СТИЛІНДЕГІ ДӘСТҮРЛІ ӘН ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ киім ҮЛГІЛЕРІНІҢ ЖИЫНТЫҒЫН жобалау
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
5В042100 - Дизайн (өндірістік) мамандығы
Түркістан 2015
Ф-ОБ-001033
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Өнер факультеті
Бейнелеу өнері кафедрасы
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі,
п.ғ.к., доцент м.а _________ Е.Ауелбеков
_____________________2015 ж
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: Ақбақай атты фольклор стиліндегі дәстүрлі ән орындаушыларының киім үлгілерінің жиынтығын жобалау

Орындаған: М.Ыбырайымова
Ғылыми жетекшісі
п.ғ.к., доцент м.а: Е.Ауелбеков
Түркістан 2015
Ф-ОБ-001033
ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 АҚБАҚАЙ КОСТЮМ КОМПОЗИЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Дәстүрліәншілердің сән үлгілеріндегі ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. 5
1.2 Фольклор стиліндегі сән үлгілерінің қызметі ... ... ... ... ... ... ... ..14
1.3 Костюм композициясыныңтүсі, декоры жәнефактурасы ... ... ... ... .16
1.4 Ақбақайсән үлгілерінің көркембейнесін әзірлеу ... ... ... ... ... ... ..20
1.5 Ақбақай сән үлгілерінің техникалық эскизі, сырт түрінің сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
2 АҚБАҚАЙ сән үлгілерінің конструкциялау негіздері
2.1 Конструкциялау әдістемесінтаңдап негіздеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
2.2 Ақбақай сән үлгілерінің сызбасынқұрастыру үшін бастапқымәліметтерді, қосымшалардытаңдап негіздеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
2.3 Ақбақайсән үлгілерінің сызбасын құрастыру ... ... ... ... ... ... .. ... ..30
2.4 Ақбақай сән үлгілерінің сызбасына модельдік ерекшеліктерін енгізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
3 АҚБАҚАЙсән үлгілерінің ТІГУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
3.1Ақбақай сән үлгілеріне өңдеу әдістерін және құрал-жабдықтарды таңдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...46
3.2 Ақбақай сән үлгілерінің түйіндік өңдеулері ... ... ... ... ... ... .. ... ...50
3.3 Ақбақай сән үлгілерінің дайындаудың технологиялық бірізділігін әзірлеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...51
3.4 Ақбақай сәнүлгілеріне кеткен материал шығынын мөлшерлеу...55
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...60
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі.ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Нұрлы жол-болашаққа бастар жол Жолдауында-Біз Жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол Қазақстан-2050 Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы.
2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда.
Елбасы қазақстандық білім мен ғылым жастардың қолында екендігін және интеллектуалды ұлтты қалыптастыру туралы үнемі айтып келеді. Өйткені, әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына ену тек білім мен ғылымға негізделу керек. Бұл - заман талабы. Демек, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуы инновациялық жүйе мен адами капиталға байланысты екені тағы да бір дәлелденді. Осындай талаптар тұрғысынан алғанда, стратегиялық маңызды құжат республика жұртшылығына, оның ішінде, білім мен ғылым салаларындағы педагогтар қауымына айрықша серпін беріп, алдағы күндерге жігерлендіре түскені ақиқат [1].
Еліміздің тәуелсіздік даңғылындағы дәстүрлі қазақ мәдениетіндегі ұлтық киімдерінің мән-мағынасын айқындаудың өзектілігі қазіргі өркениет мәдениетінде туындап жатқан объективті-әлеуметтік және субъективті-психологиялық қайшылықтар жағдайынан көрініс табады. Бұл мәселелердің барлығы да қазақ халқының бүгінгі рухани ахуалын жан-жақты, әр қилы қысымға ұшырап отырғанын да дәлелдейді, ол қазіргі мемлекет тарапынан атқарылып жатқан істерде, яғни рухани дербестікті қалпына келтіру, нығайту, дамыту секілді үлкен мәселе болып отыр. Өркениет жағдайынан туындайтын қайшылықтар, соның ішінде киім үлгілеу өнерінің сапалы белгілеріне ұлттың сана сезімін бүлдіретін бөтен үлгілерді талғамсыз, шатастырып пайдаланудан басталады деуге болады.
Әлемдегі әр түрлі елдердің дәстүрлі халықтық костюм үлгілері қазір де сән жасаушылар үшін шығармашылық жаңалықтардың негізгі бастауы болып отыр және де қандай жағдайда болмасын арналып тігілген киімдердің бәрінен де өзінің нақты көрінісін табуда.Бір сәт тарихқа көз салсақ, әрбір дәуірдің және әрбір халықтың өзіндік көркем стилі қалыптасқан. Белгілі бір стильдің өзінде киімнің жеке бөліктерінде өзгерістер болады және бұл киім тарихында сән ағымы деп аталады. Сән ағымына байланысты киім жаңарып, жетіліп отырады.
Әр халықтың сан ғасырлық ұрпақ тәрбиесінде жалғасын тапқан өзiндiк рухани тарихы, тағлымы, ой-пiкiрi, қорытынды түйіні философиялық жүйесі болып көрініс табатыны белгілі. Көне тарихи ұғымдар мен түсініктер көшпелілер мәдениеті мен өнерінде көбінесе өзіндік көркемдік нақышты бейнеде кескінделіп, адамзаттың мәдени-рухани дүниетанымдық құндылығын байытады. Киімнің өн бойындағы ұлттық нақыштың бейнелі кескінін біртұтастық және пәнаралық тәсілдеріне қарай талдау және жіктеу, қазақ мәдениетіндегі киімінің өмір сүру кезеңдеріндегі тарихи ерекшелігін, әлеуметтік жағдайын қазіргі өзекті мәселелерде айқындауға мүмкіндік береді. Республикамыздың өзiндік мәдени-рухани көне мұрасы болып табылатын ұлттық киімі дүниежүзілік мәдениеттер қатарынан көрсете білу, зерттей түсу қазіргі маңызды мiндеттердiң бiрi.
Дәстүрлі киімді қайта жаңғырту мақсатында Ақбақай халық әнін негізге ала отырып, дәстүрлі киімді қайта жаңғырту мақсатында Ақбақай халық әнді орындаушы әншінің киімінің дизайнын жақсарту қажеттілігі мен қазіргі кездегі әншілер киімінің сапа жағынан әлсіз болуы арасындағы қайшылықты негізге ала отырып дипломдық жобамыздың тақырыбын Ақбақай атты фольклорлық стильде дәстүрлі ән орындаушының киім үлгісінің жиынтығын жобалау деп таңдауымызға негіз болды
Диплом жобасының мақсаты:
Қазақ ұлттық киімінің негізгі қалпын жоғалтпай, дәстүрлі ән орындаушылардың киімініңконструкциясы негізінде ұлттық киімдердіңдизайынын жасау және оның жасалу технологиясын көрсету.
Диплом жобасының міндетері:
1) Костюм жасау композициясының негіздерін анықтау.
2) Ақбақай сән үлгілерінің конструкциялау негіздерін анықтау.
3) Ақбақай сән үлгілерін тігу технологиясын әзірлеу және көрсету.
Зерттеудің нысаны:
Дәстүрлі әншілердің дизайн негізінде киімін конструкциялау және әзірлеу үдерісі.
Диплом жұмысының құрылымы:
Кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, сызбалар, зскиздердер мен пайдаланылған әдебиеттерден, қосымшадан тұрады.
1 АҚБАҚАЙКОСТЮМ КОМПОЗИЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Дәстүрлі әншілердің сән үлгілеріндегі ерекшеліктері
Қазақ ұлттық киімдерінің тарихи Ұлы дала көшпенділерінің тарихымен тығыз байланысты. Бізге көшпенділер бірнеше мыңдаған жылдар бойы сақтаған салт дәстүрін, киім кию мәдениетін, ғажайып өркениетін мұраға қалдырып кетті. Осы ата - бабаларымыздың өткен тарихы, олар жасап кеткен дүниелер күні бүгінге дейін маңызын жоймай, мұрагер біздің қызығушылығымызды тудырып отыр. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ұлттық киіміміз қазақ этносы көшпенді өмір салтын ХІХ ғасырға дейін сақтап келген халықтардың бірі болғандықтан көшпенді өмір салтына ыңғайлы функционалды және эстетикалық құндылықтарын өз бойына сақтап қалды. Қазақ киімдеріне ежелгі Қазақстан териториясын мекендеген сақтар, ғұндар, түркілер мәдениеті Қазақ мемлекетінің құрылуы Ресейге қосылуы, ревалюция кезеңі, кеңес өкметінің орнауы сияқты тарихи оқиғалар көрініс тапты.[2]
Өткен ел тарихына тұрмыс тіршілігін ой иелігінен өткізер болсақ, халық өміріндегі әдеп-ғұрып, салт-санасынан ауысуы тарихи оқиғалардан кейін, заманның өзгеруіне байланысты болғаны айқын. Кейінгі ұрпақ үшін қасиеті мен қадірі, мәні мен мағынасы, берер тәлім-тәрбиесі мен ұлағаты ерекше асыл мұра - қазақтың ұлттық киімдері. Қазақ ұлттық киімдері өзінің сипатымен, сырымен, сұлулығы мен сәнімен сан ғасырлық тарихының иісін сақтаған, бедерін жеткізген. Қазақ халқы бар өмірін ат үстінде өткізген көшпенділер құлазыған кең даланың үскірік аязы мен аптап ыстығында, салқын самалы мен аңызақ желіне қамсау болар ұлттық киімдердің түр - түрін ойлап тапқан. Қазақтың аса құрметті бұйымдарының бірі - киім тігу. Қазақы киім - көненің көзі. Ұлттық киім түрлерін нақты алғаш кімнің қолынан шыққанын, кімнің ойлап пішкенін, бізге беймәлім. Оның есесіне жылдар көші жылжыған сайын ұлттық киімдер дами түсіп, үнемі байытылып отырған.
Қазақтың ұлттық киімінің көп тарихы бар. Қазақ киімдерінің түрлері, атаулары жайлы Республикамыздың әйгілі ғалымы академик Ә.Марғұлан мен архитектура ғылымының кандидаты Т.Бәсенов, А.Масанов, Х.Арғынбаев, Ұ.Әбдіғатпарова еңбектерінде кеңінен айтылған.
Қазақтың қолөнер кәсіптерінің білгірі С.Қасиманов киімнің географиялық мекен атына қарай ерекше мәнер үлгіге бөлінетінін атап көрсеткен. Қазақ ұлттық киімдері өзінің сипатымен, сәнімен сан ғасырлық тарихымен, сақталған ою-өрнек әуендерімен бүкіл жер бетіне танымды. Халқымыздың ұлттық киімі - мәдени мұрамыз. Ұлттық киіміміз әлем халқының алдында ұлтымыздың ерекшелігін танытады. Ұлттық өнерімізді өнер туындысы деп қарасақ та болады. Ол атадан балаға мирас болып келе жатқан байлығымыз. Әсіресе дәстүрлі қазақ ұлттық киімнің мазмұны, көркемдігі таң қалдырады (сурет-1).
Қазіргі заман киім үлгісін дайындау үшін алдымен ыңғайлылығын, үнемділігін, тиімділігі мен эстетикалық сапасын ескеру қажет. Себебі, дизайнер костюм үлгісі арқылы көрерменге белгілі бір ақпаратты жеткізуге ұмтылады. Суретші модельер немесе дизайнердің шығармашылық еңбек етуіне әсер ететін факторлардың бірі шынайы өмір мен қиялдан туындаған туындылар нәтижесінде және де қоғамдағы әрбір аспекті дизайнер санасында көркем образды шығаруға, туындатуға әсер етіп, бұйым үлгілерін жобалауда тамаша жетістіктерге жетті.[3]
Еліміздің егемендік алып, осындай тарихи өзгерістің нәтижесінде халық шеберлерінің шығармашылық ізденісі шыңдалып, жетіле түсуде. Халық өнеріне ұлттық құндылық, қазына ретінде қарай бастадық. Енді алда осы құндылықты мәңгі рухани қайнарымызға айналдыру міндеті тұр.
Сурет-1 Дәстүрлі ұлттық киім
Киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғымын бейнелейтін сәнмен тығыз байланыста болады. Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар үнемі өзгеріп отырады
Қазақта Ағаш жапырағымен, адам киімімен көрікті деген сөз бар. Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып келе жатыр.Қол өнерінің басты бір саласы -- киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес.
Ұлттық киім - бай тарихи - мәдени мұра, оны зерттеу біздің өткен ғасырлардағы әдет - ғұрып, салт-дәстүр, халықтың хал- ахуалынан кең көлемде жан- жақты хабардар етеді. Қазақ халқының киімі басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы. Қазақтың ұлттық киімі ғасырлар бойы қалыптасқан және айналадағы ортаға желді аязды болып келетін аңызақ даладағы тіршілікке бейімделген халық мұрасының құрамдас бөлігі болып табылады.Қазақша киім өзінің қарапайымдылығымен, үйлесімділігімен, жүріп-тұруға ыңғайлылығымен ерекше. Мұның өзі тұрмыс қажетінен, басым көпшілігі көшпелі өмір сүрген көлік үстіндегі іс-қарекетінен туған жағдай.Кез-келген халықтың өмір сүріп жатқан тұрғылықты жерінің геологиялық құрылымына сай оның өнері мен мәдениеті де дами түсті. Қазақ халқының ұлттық киімі мен қолөнерінің қалыптасуына елдің экономикалық сауда-саттық, климаттық және әлеуметтік жағдайлары мен діни сенімдері әсер етті. Онда халықтың әсемдік талғамы, өмір салты, өткендегі әлеуметтік хал-ахуалы айқын сезіледі. Түр-түсі, пішімі жағынан қазақтың киім-кешегі әлеуметтік топтардың бәріне бірдей ортақ. Пішімі қарапайым болғанымен, дала жағдайына ыңғайлылығымен, сан алуан әшекейлерімен ерекшеленді.Ұлттық киімдеріміз біздің ата-бабаларымыздың жауынгер, жаугер, батыр, жаужүрек халық болғандығын көрсетеді. Оның тірлігі үнемі аттың жалында, түйенің қомында жүрген, көбіне мамыражай жайма шуақ жүре алмаған. Аты ауыздықпен су ішіп, өзі етегімен мұз кешіп тіршілік еткен.[3]
Киімдегі ерекшеліктерді оған пайдаланылған материалдың құндылығынан, киім-кешектің әшекейінен, бірінің үстіне бірі киілетін бешпенттен, бас киімнің көлемінен ажыратуға болады.Халық шеберлері киім тіккенде іс тапсырушының талғамын, жас ерекшелігін, дене құрылысын, бет әлпетін мұқият ескерген. Ертеден қалған киімдердің үлгі нұсқаларына қарағанда: киімді адам денесіне шақ етіп тігу беріректе, орыс халқымен аралас, қаламен қатынас көбейе түскен кезде қалыптаса бастаған. Қазақ киімдері іштік, сырттық, сулық, біркиер болып төрт топқа бөлінеді.Іштіккиімдерге- көйлек, дамбал, желетке, камзол.Сырттық - шапан, күпі, тон.Сулық- шекпен, қаптал шекпен. Біркиер- қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға киетін киім. Сондай-ақ бойжеткендер, бозбалалар, белгілі бір топтар үйде де, түзде де күнделікті тұрмыста да ұдайы жақсы киініп жүрген. Мәтел: таныған жерде бай сыйлы, танымаған жерде тон сыйлы.
Халық шеберлері киім тіккенде іс тапсырушының талғамын, жас ерекшелігін, дене бітімін, бет әлпетін мұқият ескерген. Киім-кешекті әр жерде мүмкіншілігіне қарай өзінше тіккенімен, бүкіл қазаққа тән түр ұқсастығын, пішімін, бояу-нақышын сақтап, әсіресе оның қыздар, әйелдер, кейуаналар киетіндерін ажырата білген. Мысалға алсақ, қыздар белі қымтылған, етек-жеңіне желбезек салған қос етекті көйлек, оқалы қамзол киіп, беліне металл шытырлармен безендірілген немесе ширатпалы күміс белдік (оны нәзік белдік деп те атайды) буынады екен. Ал қайсыбір жерлерде етек-жеңіне екі-үш қатар бүктесін (оны Маңғыстау мен Атырауда қосетек деп те атайды) берген, арқасы немесе белі бүрілген көйлек сыртына қамзол киетін болған. Қазақстанның оңтүстігінде осындай көйлектің үстіне белдемше қаусырынады немесе шалғы орайды екен [6]
Қырмызы тон - ерте кездеұзатылғанқыздарға арнап тігіліп, жаңа түскен келіннің басты жасауларының бірі болып есептелген. Қырмызы тонды камзолдың немесе қимыл шапанның сыртынан киеді.
Камзол.Ғасырлар бойына қалыптасқан ұлттық киімдердің ішінде қамзолдың орны ерекше. Оны ерлер де, әйелдер де киген. Сонау ықылым заманнан келе жатқан тастағы суреттерден қамзолдың да сұлбасын байқау қиын емес. Осы замандағы сән үлгілерінің қатарынан орын алған камзолдың уақыт көшінен қалмағанын аңғарамыз Әйелдердің камзолы қысқа жеңді, иықтан сәл түскен жеңді немесе жеңсіз болып келеді.
Кеудеше - жеңсіз,ойма жеңмен тігіледі, шолақ келеді. Тігулі камзолға ұқсас. Кеудешенің беліне қима, танас түсірілмейді. Кеудешені әйел, еркек демей, еңкейген қариядан еңбектеген жасқа дейін киеді. Қыс,маусымдарында киетін кеудешелерді ішіне жүннен тақырлап қырқып иелеген қой терісі, елтірі, түлкі, қарсақ, суыр терілері, басылған жабағы күсіп те тігуге болады. Жаз маусымдарында киілетін кеудешелерді кестелеп сырып әшекейлейді.
Күртеше-сырткиімнің астынан жылылық үшін суықта тон, шапан астынан киетін, қимылдауға қолайлы, жанынын немесе алдынан түймеленетін жеңсіз кеудеше. Күртешенің астарына мақта салып, сырылып, қалаң матадан тігеді.
Көкірекше - көбіне жас балалар мен тұрмыс құрамын жас қыздар киетін, алды мен арты тұйық, бір жақ қырынан тігілген, екінші жағынан түймеленетін немесе байланатын кеуде киімі.
Кәзекей - астары бар, жағасы кең ойылған, жеңсіз, етегі мен жағасы тастармен, оқа, күміс тиындармен әшекейленетін әйелдердің жеңіл жұқа киімі. Жағасы кеңірек ойыладыда, жеңсіз болады. Аса ұзын емес, белден сәл ғана төмен түсіп тұрады. Көбінесе барқыттан тігіледі.
Шапан - қазақтың ең көп тараған, аса қастерлі, кәдірлі сырткиімдерінің ертеден келе жатқан түрі. Тысы мен астарының арасына жүн немесе мата салынып, сырты шұға, барқыт сияқты әдемі, әрі мықты матадан қапталған іші астарланады. Шапанды жібек, тоқыма, мақта, жүн маталардан, кейде күдеріден де тігіледі. сал- серілер мен ауқатты қазақтарыдың шапандарын тігуге ерекше жібек, парша сияқты бағалы маталар пайдаланады. Шапаннның басты ерекшелігі жағасы, өңірі жең ұштары әдемі ұлттық ою- өрнекпен кестеленуінде.[4]
Шекпен - түйенің иірілген жүніен тоқылатын сырт киім. Шекпеннен суда, желде өтпейтіндігі былай тұрсын, су тигенде түйе жүні ширығып, тығыздала түседі сондай-ақ ол маматадай емес, өте берік әрі жеңіл, тоз тозбайды ұзақ киіледі. Шекпенге арналған жіп жіңішкелеп иіріліп, өрнектеп тығыз тоқылады. Шекпендік матаны иіріп, өрнектеп тоқып шапан үлгісінде пішеді. Шекпеннің қиықтары тік етіп шапан үлгісінде пішіледі де, жаға, өңір, етегінен қиықша үшкілдері өрнекті матамен таспаланып, біртеленіп тартылады. Жеңі көбіне қондырма жеңде болып келеді.
Тон- үлкен кісілер, әйелдер балалар да киеті ортақ сырт киім. Тонның ұзын қысқа түрлері де болады. Ол әр адамның бой- тұрқынына лайықты үлгімен пішіледі. Үлкен кісілерге арналған тон кең әрі етегі тізеден төмен түсіп тұрады, жеңі қолдың басын тұтастай жабады. Жігіттермен келіншектердің тоны жүріс тұрысына, жұмыс істеуіне кедергі келтірмейтіндей сай пішіледі. Тон денені суықтан қорғап, жылылықты мол сақтайды. Тонның ең әдемі, жылы, қымбат бағалысы қамқа тон. Оны бұрын хан, би, бай, мырза, ханша сияқты ауқатты, белгілі адамдар киген. Тон тігісіне, үлгісіне қарай қималы, бүрмелі деп аталады. Тонның белі тарылып тігілетіндері қынамалы, қынамайтындары қаптал деп аталды. Тонда тыс болмайды да жүн жағын ішіне қаратып, тері жағын сыртына келтіріп тігеді. Ол үшін шеліннен тазартып, әбден илеп, оны қынамен, жоса, талдың қабығымен томар бояау, қарағай, қайың нілінімен, өсімдік тамырларымен бояп, теріні қоңыр, сұрнемесе сарғыш, күлгін түске келтірді. Тонның етегін, өңірін оюлап сырыпта әшекейленген. Орта денелі адамға тон тігуге 11-12 қойдың күздік иеленген терісі қажет. Тон тіккенде шап, пұшпақ, мойын терілері пайданылмайды.[5]
Жарғақ тон - құлын, тай, лақ, бөкендердің жаздық жүні тықыр шелі аз терілерінен түгін сыртына, тері жағы ішіне қаратылып тігілген сырткиім түрі. Иленген терінің жақсылап сүрілгілеп, уқалап жұмсартады, шапан немесе шекпен үлгісінде пішіп, қалың матадан астарлайды. Жеңнің ұшы, өнірі. Етегі айналдыра матамен қиюлап барып жұрындайды. Жарғақ деп аталатын тонтүрін көбінесе жауын - шашында киім сыртынан киеді. Құлын жарғақ аты айтып тұрғандай, құлын терісінен жасалады. Ол жеңіл, жылы әрі берік, балалар киюге өте қолайлы. Ақ бөкеннің терісінен түгін сыртына қаратып, астарлап та, астарсыз да тігіледі. Бөкен жарғақ аталатын ертеде көп киілген киімді қыста, жауын-шашынды, боранды күндері киім сыртынан киген. Ертеректе ауқатты қазақтар жарғақты қара құлын терісінен тігіп киген.
Күпі - түйе мен қойдың жабағы жүнін ішіне қаратып, ұзыннан - ұзын сырыған, сыртын әртүрлі матамен тыстап тіккен, пішімі кең, етегі тобыққа дейін түсіп тұратын суықта, аязда киетін сырткиім. Ішіктің бір ерекшелігі желт соққанда күпіден жел өткіштеу келеді. Күпінің тысына барқыт, мәуіт сияқты әрі қалың, әрі көтеретін, бір түсі мата пайдаланады. Күпінің көбіне түймесі болмайды, желбегей қаусырынатын етіп, етегі кең үлгіде тігіледі, жағасы көбіне тік болып келеді. Күпі әрі қарапайым, әрі жеңіл, бірақ жылылығы тоннан кем емес. Күпі жылы, жеңіл тек қыста ғана емес көктем, күз айларында да киюге қолайлы, бай да, бала да, әйел де, киетін киім түрі. Байлар күпіні түйе жабағысын қымбат матамен тыстап, оқа, шашақ т.б. әшекей тағып, жағасына құндыз ұстап тіккізген. Әйелдер күпісі көбіне өңі ашық матадан, жағасы кестеленіп, жеңіне құндыз салынып, әдемелеп тігілген.
Бешпент - жеңілдеу тігілген асталы шапан. Мағанасында қолданылады кимесем екі бешпентсән болмайды халық әні. Бешпент ұғымында әр түрлі матадан тігілетін, етегі тізеден сәл жоғары келген жейде, көйлектің сыртынан киетін, киіп жүруге жеңіл сыртқы киім деп түсінеміз. Оны кейде бешпент, бешмет деп те атайды. Бешпентте ежелгі киім үлгісіне жатады. Солдан оңға қарай қаусырып қапсырмамен түймеленетін қысқа бешпент сақтардың киім үлгісінде кездеседі. Ондай бешпенттің астарына бағалы аң терісі тігілген.Жылы маусымда сырттан киілетін бешпент жұқа, шұға мауыты т,б тыстық матадан тігіледі. Бешпенттің тік және қайырма жағалы түрлері болады. Түймемен қаусырылады. Сырттық киім ретінде тұтынылатындықтан өңірі, етек - жеңі әшекейленеді. Қыста киетін түрлері шұға, мауты тәрізді матадан тігіліп, астар мен екі арада жұқалап жүн мақта салынып, сырылады. әсіресе әйелдер мен қыздардың бешпентінің жағасы, жеңі және екі өңірі оқаланады немесе кестеленеді. Бешпенттің белі қыналып пішіледі де, өңірі бір- біріне аса көп айқаспай тұрады, үш- төрт түймемен түймеленеді.
Кебенек - күзем жүнінен сұрыпталып, жаңа басылған киізден бітеу тігілген, боранда, жауын-шашында киетін сырт киім.Қазақтың кебенек киген келер, кебін киген келмес дейтіні де осыған байланысты.
Ішік - сәнді әрі жылы киім. Мұның сыртын берік матадан, ішін аң, мал терісінен тігеді. Сәндік үшін жағасынан бастап өңірі, етегіне дейін теріден жұрындайды. Ішік ұзын әрі мол пішіліп тігіледі. Жағасы тік болады. Ішіне салынған терісіне қарай ол күзен ішік, қасқыр ішік, бұлғын ішік, түлкі ішік, суыр ішік, сеңсең ішік, жанат ішік деп аталады. Бота терісінен жүні ішіне қаратылып тігілген ішік сирек кездеседі. Ішікті еркектер де, әйелдер де киген. Әйелдерге, жастарға арналған ішіктер әшекейленіп, түрлі ою, кестелер салынып тігіледі.[5]
Қос етекті көйлек.Қыздар мен келіншектердің ең бір сәнді киімі-қос етек көйлек. Қос етекті көйлек әдетте ақ түсті қымбат жібектен, асыл матадан тігіліп, таза жүннен тоқылады. Сонымен қатар қызыл, жасыл, сары, көк, қара, жолақ түсті шыттар мен қырмызы, масаты, барқыт, пүліш, шұға, үштоп, атлас және т.б. тыстық маталардан да қос етек көйлек тігіледі. Мұндай көйлекті қыста киюге арнайды да, бір киер көйлек санайды. Қос етек көйлек әдетте ұзын, кең, оның жеңінің ұшы мен жағасы, белі бүрмеленіп, қатпарлы желбір салынады. Қазіргі өлшеммен алғанда бір қос етек көйлекке 6-7 метрдей мата жұмсалады. Мұндайда сараң күйеудің "қос етек", "қойды құртқан осы етек" деп тарылатыны да болған.Қос етектің негізгі етегінің кеңдігі 3,4,5-ен, кейде 4 ен нормаға дейін болса, биігін әркім өз бойына өлшеп бөлек қусырып алады. Оның етегін әдіптеп, кестелеп және оқа жапсырып әшекейлейді. Етектің үстінен биіктігі 25;30 см мөлшерінде бірнеше қосымша етек бастырады. Осындай косарлана желбір жасап тұрған етектер екіден тоғызға дейін қатар-қатар қатпар түзеп, етекті дөңгелетіп, бір түрлі әдемі ауқым жасап тұрады. Қос етек көйлектің жеңінің ұшы да қос-қос бүрмеленеді. Әйел көйлегін ерекше сәндеп тұратын қосымша заттардың бірі омырауға не тігіп, не түйме, түйреуіш ілгектермен жапсырып қоятын "өңір" бөлігі. Өңір жағаның алдыңғы жақ түбінен бел бүрмесіне дейін, ені екі жақ қолтық тігісіне жетеді. Өңірді асыл матадан бөлек тігеді. Шет-шетік кестелеп, зер салып шашақтап, бетіне неше түрлі асыл тас, меруерт-моншақ, алтын не күміс алқа, теңге, бастырма, жылтыраған үзбелі салпыншақтар қадайды. Өңірді кеудеше, көкірекше төстік, алқа деп атай береді.
Жейде. Ұзақ жасаған, халқына өте қадірлі болған, бақытты тұрмыс құрған қариялардың жолын берсін деп, олардың жейде - көйлегін сұрап алып, ырымдап киген. Мұндай киім өте тозыңқы болса, оны алғысы келгендер көбейіп кетсе, әлгі киімді бұзып, кішкентай беторамал көлемінде тәбәрік деп бөліп алған. Қариялар бұрындары көп бала тапқан әйелдердің бұткиімін бала көтермеген әйелдердің сұрап, қалап алғанын да айтады. Әйел босанарда толғағы жеңіл болсын деп көйлегінің шетін де жыртып, жол ашу ырымы жасалатын көрінеді. Шалбар. Қазақтар шалбар мен етікті отырып киюге тиіс. Оларды соғыс кезінде ғана тұрып киген. Ұл тапқысы келген әйелдің еркектердің қару - жарақтарын, шалбарын басына жастап жататын, қыз тапқысы келген әйелдің қызыл ала шыт, әйелдің жүзігін, сырға, алқа тәрізді әшекейлерді басына жастап жататын ырымы ерте кезден келе жатқан наным - сенім.
Белдемше - сәнді кестеленген белдемше немесе белшалғыш қазақ, қырғыздардың тұрмыс құрған әйелдерінің сәндік үшін киетін киімдерінің бірі ретінде ертеректе пайда болғаны жөнінде деректер бар. ХІХ ғасырдың аяғына дейін әйелдер ойын - сауық кезінде көйлектердің сыртынан киген. Белдемшенің алдыңғы өңірлері бір- біріне түйісіп тұрады да, белінен төмен қарай кеңейе береді. Белдемше барқыттан, шұғадан және басқа да жібек маталардан тігіліп, жиегі кестеленеді, түрлі әшекейлермен безендіріледі. Бағалы аң терісімен көмкерілген түрлері де болған. Белдемшенің белі қапсырмалармен түймеленген. Ұзындығы көйлектің ұзындығына сәл жетіңкіремей тұрған, біріқ кейбір деректерде көйлектің етегін түгелжауып тұрады делінген. Белдемшенің екі пішімі болған: матаны қиғаш етек жағына қарай кеңейтіп жасаған, екіншісі- ендей матадан белін бүрген түрі. [6]
Шалбарды барқыт, пүліш, шұға, тібен, шөшінше, шибарқыт, шегрен, ләмбөк, мәлескен, қырмызы, қамқа, көк мауыты сияқты ширақы маталардан, қой-ешкі терілерінен тігеді. Шалбардың бауы ышқырға өткізіледі, қалтасыз, кең балақ болып келеді. Оның кең тігілуі салт атқа мініп-тұруға, малдас құрып отыруға өте қолайлы болған. Шалбардың балағы кейде етік қонышының ішіне салынып, кейде қоныштың сыртында жүреді. Жеңіл шапан мен бешпенттің етегін де ышқыр астынан жіберіп, шалбарланып алатын. Шалбарланып жүру әсіресе аңшылар мен батырларға, балуандарға тән әдет еді. Шалбардың балағы екі жанынан ойық (жырық) болып істелетін де, ол кестеленіп қойылатын. Сондықтан да шалбар өте сәнді және көрікті киімдердің бірі саналған. Қой терісінің әр түрлерінен (жүндес, қырықпа, тақыр және т. б.), ешкі және құлын терілерінен, былғарыдан тігілген шалбарды көбінесе тыстамайды. Оны бір түске бояп, кестелейді, балағын құндыз, сусар сияқты аң терілерімен жұрындайды. Теріден тігілген шалбарды матамен тыстап та жүрген.
Кимешек - бұл әйелдердің бас киімінің төменгі бөлігі, жоғарғы бөлігі шалмадеп аталады. Қазақ әйелдер бұл бас киімнің екі бөлігін де ақ матадан тіккен. Кимешекті кестелермен, маржандармен түрлі бағалы тастармен безендірді. Тіпті күнделікті киетін кимешекті де әшекейлеп тікті. Тек жесір әйелдер кимешекті әшекейсіз киген. Оңтүстік Қазақстанда кимешектің айналасына қызыл, қара жиек немесе таспа бауларды жиектеп әшекейледі. Өте бір күрделі әрі әсем кестелі әшекейлерді бөлек матаға кестелеп әдіптеп бет айналасына қондырып тіккен, кимешек тозған жағдайда осы кестелі бөлікті қиып алып келесі кимешекке орналастыратын.Кимешектің пішімі қазақ руларына, еліне тұрған жеріне байланысты түрліше болды. Қысқа кимешекті жас әйелдер кисе, егде әйелдердің кимешегінің жота бөлігі үшкір әрі ұзындау етіп пішілді.
Қалыптасқан дәстүр бойынша үкілі тақия, әсіресе қыздық дәуреннің белгісі іспетті белдік асқан ұқыптылықпен безендірілген. Қыз бала үшін белдігін жоғалту арынан айырылғанмен бірдей болған. Егер қыз балаға өз қалауымен кестелі немесе қос етекті көйлек киюдің ешқандай қажеттігі болмаса, екі-үш бала тауып, егде тарта бастаған әйелге шымқай түсті матадан тігілген, кестеленген немесе қос етек салынған көйлек кию ерсі көрінетін. Қыздар шашын көбіне қос бұрым етіп өріп, бас киімсіз-ақ жүре беретін болса, әйел күйеуге шыққан соң, самай шашын басқаға, әсіресе еркектерге көрсету күнә дейтін ескі дәстүрге сай ақсаңнан (сұрыптан) тігілетін, кеудесін, иығын, жон арқасын жауып тұратын, жақтауы, өңірі, тамақ жағы кестеленген кимешек киетің.: Әйелдің бұл бас киімі ел арасында шаршысының, пішімінің үлгісіне қарай шылауым, сұлама, күндік, орама деген аттармен де белгілі.
Қыздардың ұзатылу тойында киетін костюм сәнділігімен, материалдарының жоғары сапасымен, ерлеуімен, жинақталымдағы киімдер санының кепттмен, күнделікті киюге қолайсыз бас киіммен (сеукеле), алтыннан, күмістен жасалган түймешелері бар көйлек, камзол, бешпент, шапандарымен күнделікті киім түрімен ерекшеленеді. Әйелдер тұрмыс құру жинақталымына енетін алқа, сырға, жүзіктер және әр түрлі салпыншақты әшекейлер кыз жасауының кұрамдас бөлігі болып табылып алдын ала дайындалған.[6]
Қазақ ұлттық ою-өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар.
Атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрі. Қазақ халқының тұрмысында ағаштан жасалған заттар өте көлемді. Жазы-қысы пайдалануға келетін ағаш уықты, киіз туырлықты киіз үй киіз бен ағаштың өте күрделі үйлесінен тұрады. Тігуге де, жинауға да, алып жүруге де өте қолайлы осы мүлікте ою-өрнек қолданылмайтын бөлшек жоқтың қасы.
Ою-өрнекті жақсы саналы жасау үшін алдымен пайдаланатын материалды дұрыс таңдай білу қажет, оның ою-ырғағы мен мөлшерін, яғни оюдың заттың бетіне түсуі мен орналасуын нақты жобалау қажет. Оюдың жақсы шығуы оюшының ой ұшқырлығында, шеберлігі мен оюдың ретін келтіріп үйлестіре білуінде. Ою-өрнектің қандай түрі болса да, ол - адам ойының жемісі. Ою-өрнек бір-бірімен қабысып, жымдасып, ескен арқандай бірігіп тұруы керек. Ара жігі бадырайып, үйлеспей, олпы-солпы болса, ою өзінің сәнін, сұлулығын, үйлесімін тіпті мазмұнын жоғалтуы мүмкін. Қазақ ою-өрнегі қошқар мүйіз түрінен бастау алатындықтан қандай ою түрін жасағанда да осы ою түрі басты көрініс табуы қажет. Басы қошқар мүйіз оюынан бастау алған өрнек дами келе неше алуан түрге еніп, ара жігі әр түрлі ою-өрнектермен толыға келе, үлкен күрделі ою түрі шығады. Ою тасы қошқар мүйіз бастаған өрнек түрлері бір-біріне үйлесе сән бере келе бірігіп, жымдасып, байланыс пен сәндік тауып жасалатын ою түрін әрлендіре түседі. Табиғаттағы әсем гүл шоғырындай ою-өрнекте өз шеберін тапса, жарасып, құлпырып, көз тартып, көзге қуаныш, көңілге жылылық, ортаға әсемдік, сұлулық шашып тұрары анық. Біздің ата-бабаларымыз осындай өнер түрін өзінің шырқау шыңына жеткізе білген.Ою-өрнек дегеніміз - дәлдік, есеп, теңдік, теңеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, сәйкестік, тазалық, нәзіктік, сүйкімділік, парасаттылық, жылылық, сұлулық, ойлылық, ақылдылық, зеректік, көңіл-күйдің жақсылылығы, шабыт береді, ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды, тәрбиелейді. Өнерге деген махаббат, сұлулыққа деген ғашықтық, құштарлық жинағы. Ою ойған адамның жүрегі жылы, нәзік болады.Қолөнер шеберлері ою-өрнекті әр заттың өзіне лайықтап, жарасымын, үйлесімін, сәнін тауып жасаған. Жасаған затпен ою-өрнек бір-бірімен өте сәнді қабысып, шынайы көркемдік беріп отырған. Ою-өрнек түрлері өте нәзік түрде түскен. Жалпы ою-өрнек жасаушы шебер оюды олпы-солпы болудан сақтауы, әсемдігіне жеткізе білуі керек.[7]
Қазақ елінің жоғары дәрежелі білім алып, сол білімділердің баска ел мамандарына таныта білген және қазақ қолөнерін жоғары бағалап, талдау жасап, оның ішінде ою-өрнекті топтастырып бір жүйеге келтірген этнограф, тарихшы, әдебиетші, өнертанушы өз ғалымдарымыз да бар.Олар Ш. Уәлиханов, Ә.Маргұлан, X.Аргынбаев, С.Қасиманов, М.Мұканов, Ө.Жәнібеков, К. Бәсенов және т. б.
Ою-өрнек түрлері. Оюлар кұрылысына, жазықтықта, кеңістікте тұйықталу және образдардың негізі мазмұнына байланысты бірнеше топқа бөлінеді: мысалы, мал шаруашылығы мен аңшылық өнерге байла - нысты жан-жануарлар, хайуанаттар образын сипаттайтын оюлар; гүл, жапырак, орман, тоғай, жер-суды бейнелейтін өсімдік тектес ою-ернектер; тұрмыс-шаруашылықтағы заттардың формаларын бейнелейтін үш, төрт ромб және т. б. көп бұрышты геометриялық оюлар; Айды, Кунді, аспанды, бүкіл әлемді сипаттайтын космогониялық ою-өрнектер. Ата-бабаларымыз осы топтарға кұрылысына, мән-мазмұнына карай атаулар беріп, оқып, танып бір-бірінен ажырата білген.[8]
Хайуанаттар бейнесін сипаттайтын оюлар. Жан-жануарлар бейнелеі ою-өрнектер қазақтың ою-өрнектерің ішінде ең көп тарғган, ең көп колданылатын турі. Жабайы аңдар мен ұшатын кұстар, малдар адам баласына ішетін сусын, жейтін тамақ, киетін киім болып ғасырлар бойы асырап келе жатканын айтудың қажеті жоқ. Ата-бабаларымыз малдың ерекше қасиеттерін бағалап ән-жырға, күйге қосты. Олардың бейнелері қолөнерде ою-өрнекке айналды. Сондықтан хайуанаттар оюларының тамыры тереңде жатыр. Бұл оюдың негізгі "кошқарар мүйіз" өрнегі калайды. Әрі қарай "қошқар мүйіз" өрнегі өзінің кұрамын мүйіз тектес ою-өрнектердің түрлерімен жалғастырады. Оларға қос мүйіз, сыңар мүйіз, арқар мүйіз, сынық мүйіз, тармақ мүйіз, бұғы, ешкі мүйіз, қисық мүйіз және т. б. жатады .
Қазақтың ұлттық дәстүрлі бұйым, дүние ішінде ою-өрнектің негізгі болған "мүйіз" оюымен ешекейленіп безендірілмеген заттар жоқ десек қателеспейміз. Бұл өрнек қолөнер түрінің барлық салаларында кездеседін және кеңінен қолданылады. Қошқар мүйіз ою-өрнегімен зергерлер, шеберлер алка, сырға, білезік, сырмақ, текемет, кілем, түскиіз, сандық-кебеже, киім-кешектерде өз ырғақ-мәнерімен безендіреді. Оған оюдың кұрамы, сырт пішіні, ырғақты толқыны, сызықтары матаға, қағазға, теріге, киізге, ағашқа, т. б. соларға арналған үлгілерге ойып алуға ыңғайлы болды.Бұдан басқа хайуанаттар әлеміне біріктіретін ою-өрнектер түрлері көп, бірақ формаларының геометриялық денелерден тұрады. Мысалы, ботакөз, итқұйрық, кұсқанат, кұстұмсық, түйетабан т. б. Ою-өрнектердің әсіресе өрбу тарихын білудің маңызы зор (сурет-2).
Сурет-2 Ою-өрнектердің өрбу тарихы
1.2 Фольклор стилінде сән үлгілерінің қызметі
Сәнде ең маңызды рөл атқаратын бөлігі - бұл сәннің өзгеру барысында. Сән күнделікті өзгеріп отырмайды, алдыңғы шығарылған сәннің толық өзгеруі үшін оған бірнеше жыл қажет етеді.
Сән біздің әрқайсысымыз үшін, ішкі әлеміміздің бір бөлшегі, жан дүниеміздің айнасы. Қазіргі сәнді демократияшыл десе де болады. Ол таңдау идеясы мен еркіндігінің көптігімен, яғни әр түрлі стильдермен, пішімдермен, үлгілермен, сондай-ақ әр түрлі көлемдермен және алуан түстілігімен ерекшеленеді.
Стиль (ағылш. style) сезінің астарында көркем идеялық мағынаға негізделген шығармашылық тәсілдер, айқындалған көркемдеу құралдары, тарихи негізделген жалпы белгілері, тұрақты бейне жүйелері деген мағына жатыр. Осы ортақ белгілер сәулет өнерінде, әдебиетте, сурет, кескіндеме өнерінде, костюм үлгісінде көрініс тапқан.
Стиль жүйесінің тұрақты:
-- формалъды;
-- көркем-бейнелі;
-- әлеуметптік-психологиялық. сипаттамалары бар. Формальдылыққа талапқа сәйкес силуетті сызықтар, конструктивтік және композициялық құрылым, орындау техникасы, декорациялық және түстік өрнектеу шешімі жатады.
Көркем-бейнелі сипаттама - адам пропорциясы, этникалық менталитетке негізделген сұлулық типі мен идеалы жөніндегі түсінік.
Әлеуметтік-психологиялық аспект адамның мінез-құлқының, жас ерекшелігінің киім үйлесімділігіне сай келуін қарастырады.Әрбір ғасыр стиль, мәдениет, қоршаған орта және киімнің, сәулет өнері мен қолданбалы өнердің арасындағы байланыстың міндетті түрде болуын талап етеді. Қоршаған ортадағы заттар мен сәулет өнерінің костюммен үйлесімділігі мәдениеттің стильдік белгісі боп са-налады. Негізінде, стильде сол заманға сәйкес сұлулық иделы көрініс табады. Стиль қоймасы - өз идеяларын айқындауға ұмтылған суретшілер тудырған бейнелер мен пішіндер. Кез келген тарихи кезеңде костюм пішіні идеясының негізіне бейне мен адамның толық не арық дене бітімі есепке алынады. Дене бітім сәулет өнерінде де модуль ретінде саналады. Ежелгі сәулет өнерінде жеке стиль мен алғанщы бейне негізге алынған. Әрбір ғасырда адамның дене бітімінің эстетикалық идеалы, пропорциясы мен масштабы, түстің және геометриялық пішіннің көлемі дамытылған.[9]
Стиль және сән - өзара байланысқан жүйе, олар бір-бірінсіз дамып, өрби алмайды. Әдетте, әр заманда бір уақытта бірнеше стиль өмір сүреді.
XX ғасырда киім үлгісінде классикалық, романтикалық, спорттық және фольклорлың стильдер қалыптасып орныққан. Өткен дәуірлердегі көркем стильдерге қарағанда аталған стильдер функционалдылығымен және костюмді орынды пайдалануымен сипатталады.
Осы заманғы киімдерді - фольклорлық стиль деп атайды. Фольклорлық сипаттағы киімдер сәнділігімен ерекшеленеді. Онда ұлттық құрастырмалы ою-өрнек, кестелер, қол жұмыстарының көптеген элементтері кеңінен пайдаланылады.
Қазіргі кезде ұлттық киімдердің қандай да бір элементтерін алып, оны жаңа сән ретінде қолдануда. Қазақ халқының ұлттық киімдері - қазақ халқының қол өнері көне заманнан тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Қазақ халқының киім-кешегі - ұлтық тұрмыстық және рухани мәдениеттің бағалы ескерткіштерінің бірі.
Киім адам үшін бірегей қажет нәрсе болып табылады. Ол адам тәнінің сексен проценттен астам жерін жауып тұрады және сыртқы ортаның қолайсыз жайтарынан қорғайды, организмді күйлі ұстауға көмек теседі, сондай-ақ адамға көрік береді.
Қазақтың ұлттық киімдері халкымыздың өмір тіршілігімен, философиясымен, дәстүрі жөне әдет-ғұрпымен тығыз байланыста дамыды. Ұлттық киімдер үздіксіз (эстетикалық жағынан) жетілдіру процесін бастан кешірді, оның пітіні, түр-түсі, конструкциясы көп ғасырдың тәжірибеден өтті. Халық өзінің эстетикалық талаптарына, іс-әрекетіне, тұрмысына, географиялық және климаттық ерекшелігіне сәйкес киім пішінін жасап, оны сақтап қалды.
Ұлттық киімнің негізгі мазмұны, құндылығы - оның демократиялығында, функционалдылығында.Пішін логикасы мен конструкциясында, рационалдығы мен тұтастығында.
Ұлттық киімде жеке бөліктері мен компоненттері үйлесім тапқан. Ұлттық киімдегі ритмикалық силуэтті сызықтардың түр-түсі табиғи түспен үйлесіп, тұтас айқын көрініс беретін,маңызды рөлді атқарады. Ол пішін көркемділігімен, сымбаттылығымен, сәнді өрнектерімен өте әсем көрінеді.
Қазақтың ұлттық киімдерінде халықтың этникалық тарихы, әлеуметтік-экономикалық жене климаттық жағдайы, салт-дәстүрлері көрініс тапқан. Қазақтар құланның, сайғақ пен арыстанның, сондай-ақ жанат пен сусардың, бұлғынның, су тышқанның, ақтышқанның және күзеннің терілерін бағалаған. Ақтышқан мен бұлғынның терісі өзге аң терісінен гөрі қымбат бағаланған.
Қазақ киімдерінен көршілес халықтардың - орыс, татар, қарақалпақ, алтайлықтардың әсерін де байқауға болады, оның өзбек, түрікмен, қырғыздардың ұлттық киімдерімен ұқсастығы да бар. Әсіресе, бұл ұқсастықтар ерлер бешпентінің пішімінен, тұтас пішілген шапандардан, етік пен тақия үлгілерінде, күліштелген әйел көйлегінде байқалды.
Барлы халықтардың ұлттық киімдері сияқты қазақ киімдері эволюциялық өсу жолымен дамыды, оның дамуының негізгі пішіндері қоршаған орта әсерінен, аптап желді, қатты аязды сахара тіршілігі жағдайына, көшпелі тұрмысқа, үнемі ат үстіндегі еркін қимыл-қозғалысқа лайықты киім қажеттілігінен туындады. Далалық аймақтағы ауқатты адамдардың киімдері сәнді де өте айшықты етіп дайындалуымен ерекшеленеді. Бұл киімдер алтын және күміс жіптермен әдіптеліп, маржан-алтын не күміс жалатылған қаңылтыр металдармен әшекейленді.
Қазақтың ұлттық киімдерінде белгілі бір жас айырмашылықтарына байланысты сәнді киім мен күнделікті тұрмыстың киім арасында өрескел айырмашылық болды.
Сәнді көйлектің күнделікті тұрмыста киетін көйлектен еркін пішімі, бас киімі мен сәнді әшекейлеу көлемі жағынан айырмашылығы болды. Күнделікті тұрмыстық көйлек қарапайым матадан дайындалса, сәнді көйлек тігуге барқыт, жібек, қамқа, қымбат былғары жұмсалды .
1.3 Костюм композициясыныңтүсі, декоры жәнефактурасы
Түс костюмдегі күрделі қасиеттің бірі бола отырып, ең алдымен костюмнің қолдану мақсатына бағынышты. Костюм пішініне байланысты үлкен ақпарат көлемін бере алады және белгілі бір мағынада таңбалық қызмет атқарады. Ол адамға эмоционалды түрде әсер етеді , оның үстіне қазіргі стандартты костюм пішінінің әр түрлі моделінде түрлі-түсті маталар комбинациясы қолданылады.
Костюм композициясының түсін зерттеу ахроматикалық түстен басталады. Пішін, селует, түзу сызықтары мен барлық композициялық заңдылықтарын зерттеу үшін, әуелі оны ақ-қара графикасында көру қажет. Пішіні мен түсі үйлесімді байланыстыру өте қиын, сондықтан сызықтан, пигменттен, көлемнен, фактурадан тұратын пішінмен жұмыс істеп, содан кейін сұр ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz