Киімде болған киізден


Ф-ОБ-001/033
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
РАХИМОВА ҚАЗНА АЛПАМЫСҚЫЗЫ
«КӨРКЕЙІП ЖЕТКЕН Көз айым» атты фольклор стильдегі бойжеткен киім үлгілерінің жиынтығын жобалау
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
5В042100 - «Дизайн (өндірістік) » мамандығы
Түркістан 2015
Ф-ОБ-001/033
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Өнер» факультеті
«Бейнелеу өнері» кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі,
п. ғ. к., доцентЕ. Ауелбеков
«»2015 ж
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы:« КӨРКЕЙІП ЖЕТКЕН көз айым »атты фольклор стильдегі бойжеткен киім үлгілерінің жиынтығын жобалау
5В042100 - «Дизайн (өндірістік) » мамандығы
Орындаған: Қ. Рахимова
Ғылыми жетекшісі
Аға-оқытушы: А. Сәдібек
Түркістан 2015
ЖОСПАР
Кіріспе . . . 3
І -Тарау «КӨРКЕЙІП ЖЕТКЕН КӨЗ АЙЫМ» КОСТЮМ КОМПОЗИЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 «Көркейіп жеткен көз-айым» сән үлгілерінің шығу тарихы . . . 5
1. 2«Көркейіп жеткен көз-айым» сән үлгілерінің қызметі және дизайн объектісі. Стиль және сән . . . 14
1. 3 Костюм композициясының түсі, декоры және фактурасы . . . 18
1. 4 «Көркейіп жеткен көз айым» сән үлгілерінің көркем бейнесін әзірлеу . . . 26
1. 5 Сән үлгілерінің техникалық эскизі, сырт түрінің сипаттамасы . . . 30
ІІ «КӨРКЕЙІП ЖЕТКЕН КӨЗ АЙЫМ» СӘН ҮЛГІЛЕРІНІҢ КОНСТРУКЦИЯЛАУ НЕГІЗДЕРІ
2. 1 Конструкциялау әдістемесін таңдап негіздеу . . . 31
2. 2 «Көркейіп жеткен көз айым» сән үлгілерінің сызбасын құрастыру үшін бастапқы мәліметтерді, қосымшаларды таңдап негіздеу . . . 33
2. 3«Көркейіп жеткен көз айым» сән үлгілерінің сызбасын құрастыру . . . 36
2. 4 «Көркейіп жеткен көз айым» сән үлгілерінің сызбасына модельдік ерекшеліктерін енгізу…37
ІІІ «КӨРКЕЙІП ЖЕТКЕН КӨЗ АЙЫМ» СӘН ҮЛГІЛЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
3. 1 «Көркейіп жеткен көз айым» сән үлгілеріне өңдеу әдістерін және құрал-жабдықтарды таңдау . . . 45
3. 2 «Көркейіп жеткен көз айым» сән үлгілерінің түйіндік өңдеулері . . . 49
3. 3 «Көркейіп жеткен көз айым» сән үлгілерінің дайындаудың технологиялық бірізділігін әзірлеу . . . 53-54
3. 4 «Көркейіп жеткен көз айым» сән үлгілеріне кеткен материал шығынын
мөлшерлеу . . . 55-56
Қорытынды . . . 57
Пайдаланған әдебиеттер . . . 58-59
Қосымшалар
Кіріспе
Зерттеудің көйкестілігі. Елбасымыз - Ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Мемлекет басшысының бұл сөзін де Қазақстандықтар да бірауыздан қолдап отыр. Елбасы «Орта және шағын бизнесті дамыту - бұл ұлттық экономиканың өсуінің тиімді драйвері», деді.
Қазақстан - ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр аумақтың иeci. Сондықтан, аталған жоспар орасан қаражат пен еңбекті, аса ауқымды жұмысты қажет етеді. «Елдің өркенін білгің келсе, жолына қара» деген қағида қалыптасқан. Барыс-келіс пен алыс-берісте жол қатынасы айрықша маңызға ие.
Н. Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпы ұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін - Елдің бірлігі. Ауыз біршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі - бірлік пен берекесі деп атады. [1] Бір сәт тарихқа көз салсақ, әрбір дәуірдің және әрбір халықтың өзіндік көркем стилі қалыптасқан. Белгілі бір стильдің өзінде киімнің жеке бөліктерінде өзгерістер болады және бұл киім тарихында сән ағымы деп аталады. Сән ағымына байланысты киім жаңарып, жетіліп отырады. Бұл ұғым төңірегінде әртүрлі пікірлер бар. Бір ғалымдар жоба, біреулері сурет, тағы бірі нобай дейді. Біздің ойымызша ол - әсемдік заңына, эргономика және бионика заңдарына негізделіп, формаларды адамның антропометриясына арнап қалыптастыру философиясы. Дизайнның тарихы XІX ғасырдың ортасында Лондондағы Дж. Пэкстонның арнайы салған шыны ғимаратында өткен І халықаралық өнеркәсіп заттарының формаларын сұрыптауға арналған көрмеден басталды. Осы тұста атақты Джон Рескин мен Уильям Морристің дизайнға арналған ғылыми теориялық және тәжірибелік еңбектері де жарық көрді. Сонымен қатар 1907 жылы дүниежүзінің жартысынан көбін электр кұралдарымен қамтамасыз ететін Германия Электр ассоциациясы шығаратын заттардың әрленуіне бас - көз болу үшін әйгілі қолөнер шебері, сәулетші Питер Бернс директор болып тағайындалып, бірінші дизайн маманы және мамандығы пайда болды десек, біздің тұжырымның негізі дұрыс болады. Содан кейін 1918 жылы Германияның әсем өнер қаласы Веймарда атақты “Баухауз” атты дизайнерлер жоғары мектебі ашылғаннан кейін дизайнерлік білім кең өріс алды. [2]
Бірақ, осы өнердің тарихын дүние жүзін елеңдеткен белгілі бір кезеңдермен ғана сабақтастырсақ, тағы қателесуіміз мүмкін. Себебі, әлемдегі өнер майталмандарының туындылары, өнер ағымдарының даму тарихы және синтезделген өнер саласындағы шығармалар әлі де бір ізге түскен жоқ. Ал енді бәрін айт та, бірін айт дегендей, әңгіме сарынын Қазақстан дизайнына бұрайық. Бүгінгі жаһандану кезінде, қазіргі жер жүзіндегі халықтардың көпшілігі ұлттық көркем ерекшеліктерімен айқындалады. Демек, қазақ этносының тілі мен діні, ұлттық психологиясы мен дүниетанымы, мәдениеті, оның ішінде киім пішінінің озық үлгісінің сақталуы, дамуы қазіргі кезеңнің кезек күттірмейтін мәселесінің бірі болып табылады. Қазақ халқымыз ата заманнан өте сәнді киінген. Сондай-ақ қазақ халқында қалыптасқан дәстүр бойынша әр рудың, әр қоғамдық жiктiң, кәсiп иелерiнiң киiм киюiнiң өзiндiк ерекшелiктерi сан алуан. Соның ішінде қазақ халқы жүн мен киізбен жақсы қолданыста болған. Әлібай және Сәуле Бапановтардың және де Айгүл Жансерікова т. б жұмыстары елімізде ғана емес, шетелдерде де кеңінен танымал. Бапановтардың шығармаларындағы негізгі тақырып - жер - жаһандағы тіршілік. Өнер иелері текемет пен гобелен техникасының көмегімен поэтикалық пейзаждар мен жанрлық композициялар, реалистік және фантастикалық натюрморттар жасаған. Олардың жұмыстарының бір ерекшелігі ежелгі текемет басу және жүннен гобелен жасау техникасын пайдалана отырып, заманауи киім үлгілерін жасауы. Шеберлер өз еңбектерінде қосылмайтын, үйлеспейтін заттарды: жүн мен жібекті қатар қолдануды жақсы көреді. [3]
Диплом жобасының мақсаты:
Фольклор стильндегі көркейіп жеткен көз айым қазақ қызының
бойжеткендер киім үлгісінің жиынтығын жобалау.
Диплом жобасының міндеті:
1. Қазақ халқының байырғы киім үлгілерін қазіргі заман талабына сай
киім үлгісін шығару. Киім технологиясындағы материалдар жайлы,
киім дизайн өнеріндегі ғылыми ой-пікірлер, материалдар, шығармалар
жинақтау, салыстыру, жүйеге келтіру.
2. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының киім дизайны өнеріне өз
тарапымыздан үлес қосу.
3. Қазақстандағы сән әлемін жоғары сапаға жеткізіп, шет елдерге
таныту. Білім мен өнер саласын дамыту
Зерттеудің нысаны:
1. Тігін өнеріндегі киім дизайны кешеніндегі жаңа туындылар.
2. Костюм дизайнында қиырдағы қазақтардың өзгеріссіз сақтаған ою-
өрнектердің үлгілері.
3. Ою-өрнектердің кешкілік көйлектердегі жаңа түрлері.
Диплом жобасының құрылымы мен көлемі: кіріспеден, үш
тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден, сызбалар,
эскиздер мен портфолиядан тұрады
1 «КӨРКЕЙІП ЖЕТКЕН КӨЗ АЙЫМ» КОСТЮМ
КОМПОЗИЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 «Көркейіп жеткен көз-айым» сән үлгілерінің шығу тарихы
Қазақ халқының дүниедегі басқа ұлттар және еліміздегі өзге ұлттар сияқты ұзақ тарихқа ие ұлт екенін археологиялық қазбалар мен зерттеулер, өзімен көршілес өркениетті ұлттардың тарихи жазбаларындағы деректер дәлелдеп отыр. Қол өнерінің басты бір саласы - киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қолөнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес. Ою-өрнек элементтерін біз қазақ халқының үй жиһаздары мен киім-кешегінен де, зергерлік бұйымдары мен құрал-саймандарынан да, ер-тұрман, әбезелдері мен қару-жарақтарынан да молынан табамыз. Күнделікті тұрмыста киетін киімдермен қатар той-томалаққа, жиынға киетін киімдер болады. Сал-серілер, ел жақсылары, бой түзеген бойжеткендер, бозбалалар әдемі киініп жүретін болған. Жалпы, киімдер адам үшін тұрмыстық және әлеуметтік қызмет атқарған. Киген киіміне қарап адамның дәулетін, қоғамдағы орнын ажырататындықтан да «жат жерде тонсыйлы» деген ұғым қалыптасқан. Жас ерекшелігіне қарай кішкене балалардың, бозбала-бойжеткендердің, орта жастағы адамдардың, қариялардың киімі болып тағы да бөлінеді. Киімдер, сонымен қатар бас киім, ұлы дене киімдері және аяқ киім болып бөлінеді. Фольклор стиль байырғы ата бабамыздан ұлттық нақыштағы киім, казіргі заман талабына сай етіп ою өрнекпен әсемдеп жаңарту. Сонымен, жәдігердің жұрнағын аңсап жүріп қазынаға кездестім. Аспаннан саумадым, жерден қазбадым. Ізіне түсіп іздедім: сұрамадан сұрап, құрамадан құрап, тапқанымды таныдым, танығанымды таныстырдым, түптегімен табыстыруға талпындым. Ұлы даланы еркін жайлаған, сұлулыққа көзін қарыған, әсемдікті әнге қосқан, табиғатпен үндескен, ақын жүрекпен тілдескен, әдептілікті әдетке айналдырған. Қазақ халқының ұлттық киімдері мен сән үлгілері туралы бізге жеткен дерек көздері. Дей тұрғанмен, әрекет. Демек, әрекетке - берекет. Әсіресе, табиғи жүнен киім жасауды жөн көрдім.
Көркейіп жеткен көз айым.
Киізден жасап текемет.
Қалған бізге көп мұра.
Бәріде болған берекет.
Жүннен тоқып киімін.
Жүннен басып киізін.
Әр қазақ ата мұрасын.
Сәні еткен киіз үйінің.
Теріден жасап саптама.
Айранға торсық аққа да.
Бұйымдар болған мүйізден.
Киімде болған киізден.
Көркейіп жеткен төл мұра.
Төл мұра бізге мол мұра.
Бабаның бізге сиы бұл.
Қазақтың кәсібі бұл мұра.
Киіз ежелден бері Азиядағы Қазақ халықының тұрмысының құрамдас бөлігі болып қызмет етті. Қазақ халқының қолөнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Қазақ тарихынан, этнографиясы мен өнерінен шабыт береді. “Киізден жасалып, қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен сәнделген коллекциядағы әрбір туынды қазақи рух беріп, кең-байтақ қазақ даласының күшін сезіндірді. ”
«Көркейіп жеткен көз айым»- біздің көне заман дегеніміз . Көнерген дүние емес, жаңарған кезең, жатсынбайтын жаңалық. Жәдігерлік дәрежеге жеткен, сарылап, сабылып көзайым болған, бедері кетсе де беделі, көркі кетсе де нарқы кетпеген төл мұрамыз. Қазақ халқы киізді тұрмыста талай ғасырлар бойы үздіксіз қолданып келеді. Дегенмен қазіргі кезде бұл материал жаңа ғұмырды бастан кешуде. Киізден жасалған экологиялық таза, жылы да әдемі заттар барған сайын көпшілік көңілінен шығуда. Мысалы, Пазырық елді мекенінен киізден жасалған бедерлі, мүсінді бұйымдар табылған. Сол себепті де киіз басу дәстүрін осы құтты мекенде пайда болған деп топшылауға толық негіз бар. Бүгінгі күні пима киіп, үйіне текемет төсейтін қазақтар жоқ болғанымен, киізден жасалған бұйымдарға деген сұраныс бар. «Киіз басу» қазақтың төл өнері. Сондықтан да оны қолданыстан шығып қалды деуге болмас. Керісінше, заман өзгеріп, қолданыстың жаңа формасына енді. Яғни қолдану аясы ғана өзгерген.
Киіз - түрік тілінен «жамылғы», ағылшын тілінде - felt , неміс тілінде - filtz. Барлық осы атаулар киіз басу тарихы кезінде пайда болды. Бұның бәрі Нұх заманында аңызға сәйкес басталды. Бірінші басылған кілем Нұх кемесінде пайда болды. Сол кемемен жүзген қойлар тар қораларда ұсталды. Олардың бүйірлерінің жүндері жерге түсіп, су болып қалатын, тұйяқтарының астында тапталып, ұрылатын. Қойлар кемеден шыққан кезде, жерде әдемі жүнді кілем қалып қоятын. Археологтар бірінші басылған бұйымдарды пайда болуын біздің заманымызға дейін VI-V ғасырдағы мерзімді айтты. Түлеу кезінде жиналған жабайы жануарлардың жүндерін баса отырып, ежелгі адамдар бірінші қарапайым киімді дайындады, тек бір ғасыр өткеннен кейін ғана олар иіруді, тоқуды және өруді үйренді. [4] .
Ғылым мен білім әлі өркен жая қоймаған қазақ жерінде сонау XVIII-XIX ғасырларда-ақ қол өнері ұлттық дәстүр бастағаны халқымыздың өнер тарихынан аян. К. Мұқанов пен С. Қасиманов кітабтарында жүннен бау - шу, жіп - арқан, киім кешек, қазақ үйдің киізін, әрі түрлі төсеніштер мен қап, кебенек, шекпен, күпі, аба, ақ киіз, ақ текемет, ақ қалпақ, ас жаулық, асмалдық, ат жабу, ауыт, аяаққап, байпақ балшық, белдемше, бел киіз, бесік киіз, боз киіз, боқша, бүркей дорба, дөдеге, есік киіз, етік киіз, жөргек, желқом, жер төсек, жер жастық жабу, жабасалма, жаға, жамылғы, сияқты ең қажетті мүліктер жасалған. Ашық түсті айшықты текеметтер, қара ала сырмақтар, ақ сырмақ, ақ киіз, ақ текемет, қызылды жасыл түскиіздер, алқызыл гүлдері құлпырған түкті кілемдер, қошқармүйіз, самаурынша, құстаңдай, жапырақша өрнекті терме алашалар мен тоқылған сандыққап, асадал, аяққап о баста, сөз жоқ тұрмыстық қажеттіліктен туған. Айталық, жүннен иірілген жіп-жылу сақтағыштығы мен, күннің көзін өткізбейтіндігімен, бояу сіңіргіштігін жоғары бағаланған. Жүннен тоқылған киім қыртыстанбайды әрі жеңіл келеді. Қазақша киім өзінің қарапайымдылымен, үйлесімділігімен, жүріп - тұруға ыңғайлығымен ерекше. Мұның өзі тұрмыс қажетінен, басым көпшілігі көшпелі өмір сүрген көлік үстіндегі іс-қаракетінен туған жағдай. Кез-келген халықтың өмір сүріп жатқан тұрғылықты жерінің геологиялық құрлымына сай оның өнері мен мәдениеті де дами түсті. Қазақ халқының ұлттық киімі мен қолөнерінің қалыптасуына елдің экономикалық сауда -саттық, климаттық және әлеуметтік жағдайлары мен діни сенімдері әсер етті. Онда халықтың әсемдік талғамы, өмір салты, өткелдегі әлеуметтік хал-ақуалы айқын сезіледі. Түр-түсі, пішімі жағынан қазақтың киім - кешегі әлеуметтік топтардың бәріне бірдей ортақ. Пішімі қарапайым болғанымен, дала жағдайына ыңғайлылығымен, сан алуан әшекейлермен ерешеленеді. [5] . Қазақ халқының шеберлері киім тіккенде іс тапсырушының талғамын, жас ерекшелігін, дене бітімін, бет әлпетін мұқият ескерген. Киім - кешекті әр жерде мүмкіншілігіне қарай өзінше тіккенімен, бүкіл қазаққа тән түр ұқсастығын, пішімін, бояу - нақышын сақтап, әсіресе оның қыздар, әйелдер, кейуаналар, ерлер киетіндерін ажыраты білген. Қазақтың жүнен тіккен киімдері өте көп.
Күпі - қойдың, түйенің өлі жүнін тартып жасалады. XIX ғасырда күпіні қолдан тоқылған шидем матамен тыстаған. Шапаннан айырмашылығы - оның жағасы тұйық болады. Жарғақ (тайжақы) - тайдың, құлынның терісінен жүнін сыртына қаратып тіккен ұзын қамзол сияқты жеңсіз киім. Кей жерлерде тайжақыға жең салады. Тайжақы, кейде құлын жарғақ деп аталатын киімді, әдетте, жылқышылар, ат үстінде көбірек жүретін адамдар киетін болған. Қазақтың: «Кебін киген келмейді, кебенек киген келеді»деген сөзі бар. Ол бұл киімнің адамға пайдалы екенін аңғартады, ажалға бермейді, қиындықта сақтайды.
Кебенек - киізден істелген шапан сияқты жалбағай киім. Кебенек ұзындығы аяқтың басына дейін түсетіндей кең етіп пішіледі. Жағасы тұйық болады. Оны малшылар қарлы-жаңбырлы күндері киеді. Ерте замандарда жауынгерлер алыс жорықтарға да сыртынан кебенек киетін болған. Сондықтан «кебенек киген келеді, кебін киген келмейді» дейтін сөз қалған.
Шекпен тек түйе жүнінен тоқылатын жаздық сырткиім. Шекпендік матаны иіріп, оны көне заманнан келе жатқан қол өнері өрмекпен тоқып, шапан үлгісінде пішеді. Оған мақпалдан немесе басқа қалың матадан қайырма немесе тік жүні шиырығып, тығыздала түседі және ол матадай емес өте берік, әрі жеңіл, тез тозбайды, ұзақ киіледі.
Түйе жүнінен тоқылған шекпенді дәулетті адамдар киген. Шамасы келмеген кедейлер шекпенді қойдың жүнінен жасаған. Ботаның немесе тайлақтың жүнінен тоқылған шекпен өте әдемі болады. Оны шидем шекпен, кей өңірде боз шекпен дейді. Жастар оны сәндікке киеді. Шекпен үлгісімен тік жаға етіп, астарлап тіккен ерлердің жеңіл киімін бешпент дейді.
Әйел бешпенті . Шығыс Қазақстан Семей обл. ХХғ басы. Жібек, шыт, Жүн, сыру. Жалпы ұз. 97 см, екі иіннің аралығы 45 см, жең ұз. 70 см, етегінің шалғайы 290см. Сақт. - нашар (жыртылған оңған, дағы бар) . Жасыл түсті жібектен астары көкшіл шыттан тігілген әйел бешпенті. Тік жағалы, жағасымен өңірінің астары қызыл түбінің астары көк шыт матамен әдіптелген. Екі жанына екіден үшкүл қиықтар қондырылып және кесіп қалта салынған. Бешпент астары жүннен тігілген. Үш түймеге бекітіледі. 1938ж. Семей обл. Тұрғыны Чермаковадан алынған. ХХғ. Басы. Сәтен, шыт, жүн, сыру. Жалпы ұз. 72см, екі иіннің аралығы 36 см. Сақт. - нашар (жыртылған) . Көк сәтеннен сырып тігілген, астары түрлі түсті шыттан, бидайы жүннен тігілген әйел бешпенті. Қынайбел етіп пішкен. Жеңі қысқа, қусырылып тігілген, қондырма. Екі жанында ойық қалта салынған. Екі алдыңғы бойында бүкпелер салынған. 1930ж алынған. КП583.
Қалпақ - төбесі шошақ, етегі кең келген ерлер киімі. Көбіне күзем жүнінен, ешкінің ақ түбітін қосып басқан шымыр жұқа ақ киізден (талдырма) тігеді. Ол Қалпақтың төбесі және етегі қайырмасы деп аталатын екі бөліктен құралады, жиегі қайырмалы болады. ХХғ. Талдырма киіз, сәтен. Биік 20 см, милық шеңб. 62 см. Сақт. - орташа сырылған, мыжылған.
1-сурет
Тақия. Шығыс Қазақстан (Семей) обл. 1958ж. Талдырма киіз, атлас. Биік. 18см, милық шеңб. 57см. Ісмері - Есіргепова Кәлиман (арғын) . Сақт-жақсы. Тысы талдырма киізден, астары сары түсті атластан жасалған ер адамның бас киімі. Төбесі төрт сайдан құралады. Керегесіне сағатбау өрнегі тігін машинасымен сырылып тігілген. [ 6]
2-сурет
Қазақ халқы көне заманан жүн мен киізден киімдерді тігіп. Бүгінгі таңда жүн сияқты икемді материалмен көп жылғы шығармашылық жұмыс жасаған суретшілер оны жетік игерген соң, одан киім жасауға кіріседі. Жүн өңдеу техникасына оралу арқылы Бапановтар жүннен жасалған керемет киімдерді өмірге әкеле отырып, жүннің адам өміріндегі бұрыңғы маңызын көрсете білді. Негізі Ая Бапанидың еңбек жолы бала кезден басталған. Бала күнінде ол ата-анасымен шеберханаға еріп барып ою ойып бір дүниелер жасап, әр түрлі фантазияларды ойластырып оюдан неше түрлі заттар жасайтын. «Aya Bapani» брендімен танымал Ая қазақстандық сән әлеміне өзгеріс алып келген дизайнерлердің бірі. Қазақ тарихынан, этнографиясы мен өнерінен шабыт алатын Ая: "Киізден жасалып, қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен сәнделген коллекциясындағы әрбір туындысы оның иегеріне қазақи рух беріп, кең-байтақ қазақ даласының күшін сезіндіреді" 2006 жылы Мәскеуде өткен жас дизайнерлер жарысына қатысып бірінші орын иемденді. 27 Қазан 2011 ж болған Алматыдағы Орталық Азиядағы ең ірі сән апталығында, жылдан жылға «Kazakhstan Fashion Week» жобасы жас дизайнерлердің жолын ашып, әлемдік сән әлеміне қадам басуға жол сілтеп жүргені белгілі. Биыл да жоба сондай мүмкіндікті тұңғыш рет қатысқалы отырған Ая Бапаниге беріліп отыр. Жас дизайнер қазірдің өзінде Еуропаның сән әлемін бағындырып үлгерген. Оның басқа дизайнерлерге қарағанда ерекшелігі - Ая Бапани киімдерінің барлығы киізден ғана жасалынады. «Алғаш рет Еуропада ұлттық нақыштағы, киізден жасалған коллекцияларын көрсеткенде, сол елдің халқы таңғалып қабылдады және киімдері тез сатылып кеткен. Ая Бапани киімдері ол - қазақы мәдениетті, ұлттық нақышты айқындап тұратын, сәнді, жинақы, заман талабына сай киім. [7] .
3 - 4 суреттер
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz