Қолөнер - сырлы өнер


Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылып келе жатқан игілікті іс-шаралар келер ұрпаққа қазақ халқының ұлттық мәдениетінің баға жетпес құнды дүниелерін мұра етіп қалдыруды көздеп, адамзат қоғамын жаңа әлемдегі оң өзгерістерге жетелейді.
Қазіргі кезде елімізде үлттық қүндылықтардың қайта өркендеуіне жол ашылды. Оған, Н. Ә. Назарбаевтың "Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде" атты еңбегінде: "Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келді . . . Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр", - деген сөзі осының айғағы [1] .
Өнер - көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты - дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материялдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды. Осыған сай өнердің: көркем әдебиет, музыка, бейнелеу өнері, театр, кино, би т. б. түрлері бар. Өнер жеке тұлғаның жан-жақты дамып жетілуіне, оның эмоционалды күйіне, интеллектуалды өсуіне ықпал етіп, адамзаттың қордаланған сан ғасырлық мәдени тәжірибесінен, даналығынан сусындауға мүмкіндік береді. Өнер туындысы адам сезіміне қозғау салумен бірге, баяндалған оқиғаны басынан өткізгендей тебіреніске, кейіпкердің қуанышына сүйінген, қайғысына күйінген толғанысқа әкеледі, эстетикалық ләззәтқа бөлейді. Ол ерекше көркем образды рәміздер жүйесі арқылы, айрықша көркем тіл ретінде көрініп, адамдардың санасына жол табады. Адамның көркем шығармашылдық әрекеті сан алуан қалыпта дамып, ол өнердің түрлері, тектері, жанрлары ретінде таратылады.
Қоғамның дамуы адамдардың ой-санасының, мінез-құлқының өзгеруімен қоса, сырт-сымбаты мен келбетінің де жаңаруына ықпал етіп келеді. Қазіргі киімдер мен сәндік өнер бұйымдарында ою-өрнектерді шығармашылықпен қолдануды заман талабынан туындап отырған мәселелердің бірі деуге болады. Осы ою-өрнекті халық өздерінің тұрмыс-тіршілігінде өте көп қолданған. Адамдар өздерінің күнделікті тұрмыс-тіршілігінде, салт-дәстүрлерінде қолданылатын көркем дүниелерді бейнелеу тілімен әрлеп, безендіріп, көрікті етіп пайдалана білген. Сәндік-қолданбалы өнерде көркемдік стильдердің ауысуы деген болған емес. Ол өнердің эволюциялық даму жолындағы ескі мотивтегі стилизациялар жаңара түсіп, олардың көркемдік жағына қойылатын талаптар күшейе түсті. Бұл осы салада қызмет етуші мамандарға қойылатын талаптардың да жаңғырып, күшейе түсуіне алып келуде. Жаңа талап жаңаша ойлайтын, шығармашылық қабілеті дамыған, күнде жаңғырып, өзгеріп отыратын бәсекелерге сәйкес туындылар жасай алатын мамандарға зәру. Сондай талаптардың бірі - қазақтың тарихи даму кезеңдерінде пайда болып, біздерге келіп жеткен әшекейлеу, көркемдеу құралдарының бірі - сәндік-қолданбалы өнерді қолданудың жолдарын қарастыру. Бұның өзі тарихи кезеңдердегі туындыларды танып білу және оны шығармашылықпен қолдану қажеттілігінен туындап отыр.
Осыған орай тарихи-археологиялық бағыттағы Е. Р. Шнейдер [2], С. М. Дудин [3], Б. В. Веймарин [4], А. Х. Марғұлан [5] т. б. еңбектерінде жалпы қазақ халқының мәдениеті зерделеніп, үй шаруасында қолданатын сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарына сипаттамалар беріледі, олардың мәні айқындалады.
«Қазақ сәндік-қолданбалы өнер» тарихы мен өмірдегі әлеуметтік маңызын А. Ақышев [6], Т. К. Басенов [7], Ө. Жәнібеков [8], М. С. Мұқанов [9], Ә. Тәжімұратов [10], С. Қасиманов [11], Х. Арғынбаев [12], К. Мұқанов [13] ашып көрсетеді.
Киізден жасалған бұйымдар қазақ халқының ұлттық сәндік-қолданбалы өнерінің өзіндік мәнімен ерекшеленеді. Ол бүкіл Қазақстан териториясында жасалып, қолданылатын материалдың ортақтығына өзінің ою-өрнек түсі, композициялық ерекшелігі мен аймақтық, содай-ақ руына, еліне байланысты ерекшеленіп басылуында. Материалды жоғары талғаммен түсініп әрі шеберлікпен бұйымды өңдеуде оны өте нәзік талғаммен жеткізе білген, халық шеберлері бұйымды сәндеу мен сипаттауда таңқаларлықтай дәрежеге жеткізеді. Халық өнеріне тән мақсаттылық қағидасының үстемділігі әр ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған дәстүр бойынша шикізаттың материалының фактурасын қолдануға мүмкіндік беретін материалдың бірі - жүн.
Киізден бұйымдар жасау барлық өнер саласында ауқымы өте кең болып келетін өнер. Бұл өнер адамзат жасаған материалдық ортаның көркемдік жағынан тиянақты қалыптасуына ықпал етеді.
Сырмақ - киізден жасалып, өрнектелген қазақ төсеніштері. Көбіне үйдің қабырғалары мен еденін сәндеу үшін қолданылатын қолдан жасалған, арнайы тоқу технологиялары бар бұйымдар. «Сырмақ» сөзі - «сыры» етістігіне «мақ» жалғауы жалғану арқылы «сырымақ» болып айтылып, кейін келе «ы» әрпінің түсіп қалуынан «сырмақ» болып қалыптасқан.
Сырмақ киіз өлшемі пішіліп алынған соң, сол киіз үстіне тұтас шақталған бір түсті матаға басқа түсті матадан ою-өрнек ойылып жапсырылады да осы матамен киіз бетін тұтас қаптайды. Сонан соң ою шеттерін қуалай сыңар жиек жіппен әрі жиектеліп, әрі сырылып шығарылады. Мұндай сырмақ үстіне тұтас қапталған мата өңіне сәйкес түстеліп аталады. Кейде мұндай сырмақтардың ортасындағы ою-өрнек бір түсті матадан, жақтауларының ою- өрнегі бір мәнерде ойылады. Орта мен жақтауға ойылатын мән-мазмұны, мәнері бірін-бірі қайталамайды. Сырмақ сырылады, жиектеледі, астарланады. Сырмақтың осы түрі әрі жеңіл, әрі әдемі болады.
Қазіргі кезде киізден бұйымдар жасау қауырыт өркендеу дәуірін бастан кешіп отыр. Қазіргі шеберлер бұйым жасауда өте кең ауқымда киізді пайдаланады. Бұл материалдарды көркемдеп өңдеуде, оған әсерлі бейнелер жасауда алуан түрлі техникалық және түрлі көркемдік тәсілдер қолданылып келеді. Ол жиһаз бен интерьер заттарынан тиісті орын алған. Сол киізден бұйым жасау өнері бүгінгі таңда қолөнер шеберлерін тамаша жетістіктерге жетелей түсуі біздің зерттеу мәселемізді айқындауға және тақырыпты « Сырлы сырмақ композициясында ою-өрнектерді тиімді қолдану әдістері» - деп алуға мүмкіндік береді.
Зерттеу мақсаты: ғасырлар бойы сақталып, бізге дейін мұра болып жеткен ата-бабаларымыздың қолөнерін талқылап, сырмақ жасау өнерінің жаңа заман талабына сай орындалу жолдарын анықтау
Зерттеу міндеттері :
- ұлттық қолөнерінің даму жолдарын зерделеу;
- ою-өрнектердің қолөнер бұйымдарында қолданылу жолдарын анықтау;
- сырмақтың жасалу жолдарын сипаттау;
- сырмақ жасау жолдарын мазмұндау.
Зерттеу нысаны : Қолөнершілік кәсібіндегі сырмақ жасауда ою-өрнектерді қолдану барысы.
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.
- ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРДІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1. 1 Қолөнер - сырлы өнер
Халықтың сәндік-қолданбалы өнер шығармаларының құндылығы өте ерте замандардан бастау алады. Қазақстан территориясында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған сол дәуірде адамдар қолданған тұрмыстық заттар мен бұйымдардың бойында ең әуелі қолданбалы өнердің іздері жатыр. Әсіресе, сонау неолит дәуірінде өмір сүрген адамдардың күнделікті өмірде қолданған еңбек құралдарында кездесетін қолданбалы өнердің түрлері көптеп кездеседі. Осындай табылған дүниелерге қарап, ғалымдар мен археологтар сол дәуірде өмір кешкен адамдар мен этностық топтардың тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік жағдайлары туралы терең мағлұматтар алып отыр.
Сәндік-қолданбалы өнер туралы Қазақтар мен басқа ұлттардың сәндік-қолданбалы өнер туралы түсініктеріндегі өзара айырмашылықты ажырата білген дұрыс. Сөздіктерде «сәндік-қолданбалы өнер» туралы ұғымның терминологиялық екі маңызы көрсетіледі.
1) «Халықтық өнер» (ағылшын тілінде Folk art, француз тілініде Avt populaire, неміс тілінде Volckunst) еңбекшіл халықтың көркем шығармашылық қызметін білдіреді.
2) «Сәндік-қолданбалы өнер» (Латын тілінде decoro-безендіремін, сәндеймін), деген өзіндік ерекше ой түйіні. (Мұнда өнер туындысының сапалық ерекшелігі, композициялық құрылымы мен колориттік шешімі, форманың әдемілігі жатыр) . Сонымен қатар ол адамдардың күнделікті тұрмыстағы қажеттілігін өтеуі де болып табылады [14] .
«Қолданбалы» терминін өнер түрінің кез келген түріне қатысты немесе қолданылады деп түсінген дұрыс. Мұнан шығатын түсінік кез-келген зат немесе бұйым өнер туындысына жатпайды. Сол затқа немесе бұйымға арнайы жасалған әшекейлік өнер қолданылып жапстырылады. Сонда ғана әлгі зат немесе бұйым «безендіріледі». Демек, затқа әшекейлік өнер қолданылады [15] .
Л. Д. Рондели осы сәндік-қолданбалы өнерді көркемдік өнердің ерекше саласы ретінде атап көрсетеді. Өйткені барлық шығармашылық үдерісі өзінің даму кезеңінде дәстүрлі көркемдік принциптер мен панондар, өрнектік мотивтер, образдар мен көркемдік жетістіктердің тұтастай халық шеберлері арқылы ұрпақтан-ұрпаққа дарып, өзінің жаңа қырынан беріліп келе жатқанын айтады. Сонымен қатар сәндік-қолданбалы өнерді халық жасап қана қоймай, оны күнделікті тұрмыс-тіршілігінде және қажеттілігіне қарай тиімді пайдаланып келеді. Табиғатпен және халықтың өмірімен туа біткен бұл өнер ең жоғарғы ұлттық идеяның және этностық топтардың өнер жолының қалыптасуына үлкен әсерін тигізді [16] .
Сондай-ақ, сәндік-қолданбалы өнер адамдардың рухани байлығы болуымен қатар, материалдық өндіріске де өз ықпалын тигізді. Оған көркем өнер ошақтарындағы мәдени еңбек дағдылары және түрлі материалдарды көркем өңдеу (жүн, киіз, маталар мен тері, түбіт, ағаш, металл, сүйектер және түрлі аңдардың мүйіздері, тістері мен тұяқтары т. б. ) кіреді. Көркем бұйымдарды жасаушы тәжірибелі шеберлер халықтың күнделікті тұрмыс- тіршілігінде өзіндік талғампаздық қасиеттерінің оянуына зор ықпал етті. .
Сәндік-қолданбалы өнердің бай мұраларындағы сомдалған түрлі образдар мен формалар және декорларындағы әсем дүниелер халықтың мәдени эстетикалық идеалдарын жетілдіре түсті.
Өнертанушы В. Е. Гусев: «Халық өздерінің төл өнеріндегі тұтастық пен мақсаттылықты - оның эстетикалық сапасының алуан түрлілігі және оның табиғи- эстетикалық күрделілігі арқылы танып біледі» - деген [17] . Кез-келген халықтың шығармашылық өмірінде материалдық және рухани өндірістер біте қайнасқан және олар ешқашан бөлінбеген. Сондықтан да адамдар жасаған барлық еңбек - шығармашылық тұрғысындағы еңбек болып табылады. Сәндік-қолданбалы өнер бастауының тамыры өткен ғасырлардың тереңінде жатыр. Ежелгі дәуірден бастап-ақ адамдар өздерінің тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандырумен қатар, эстетикалық талғампаздыққа да баса назар аударған. Демек, сәндік-қолданбалы өнерде халық өзінің эстетикалық талғамындағы (әдемілік пен тиімділігі) образдық ойлауына, бұйымдарды жасаудың техникалық функцияларына көңіл бөлгендігі анық. Осы жасалған сәндік-қолданбалы өнердегі бұйымдарға қарап, көрермендер сол халықтың өміріндегі еңбегін бағалап, салт-дәстүрлеріндегі мәдени дамуын пайымдай алады.
Халық жасаған әрбір бұйым шығармашылық тұрғыдан орындалған. Сәндік-қолданбалы өнердегі әдемілік пен сұлулық осы жасалған бұйым мен заттың безендірілуімен өзара тығыз байланысты.
Халық өнеріндегі ең ежелгі элементтердің бірі-бұл ою-өрнек. Осы ою-өрнекті халық өздерінің тұрмыс-тіршілігінде өте көп қолданған. Осы ою-өрнектердің ырғақтары жасалған бұйымның негізгі құрылымы болып табылады. Бұл, әрине, сәндік-қолданбалы өнерде өздігінен пайда болған емес, өйткені ою-өрнекті орындау үшін, сол кездегі адамдардың бейнелеу өнерінен хабардар болғаны анық. Сондықтан адамдар өздерінің күнделікті тұрмыс-тіршілігінде, салт-дәстүрлерінде қолданылатын көркем дүниелерді бейнелеу тілімен әрлеп, безендіріп, көрікті етіп пайдалана білген. Сәндік-қолданбалы өнерде көркемдік стильдердің ауысуы деген болған емес. Ол өнердің эволюциялық даму жолындағы ескі мотивтегі стилизациялар жаңара түсіп, олардың көркемдік жағына қойылатын талаптар күшейе түсті.
Сәндік-қолданбалы өнер ғасырлар бойы өмір сүріп келеді. Оның тәжірибелері халық шеберлерінің шығармашылық жұмыстары арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келді. Сәндік-қолданбалы өнердің ұзақ жылғы дамуында кейбір салттар мен дәстүрлерде, халықтың дүниетанымында шамалы ғана өзгерістер болды.
Халық шығармашылығы ұжымдық бастаулар базасы негізінде құрылды. Өйткені, жеке автор жасаған көрнекті бұйым өзіндік көркемдігімен, идеалымен, қабылдануымен, бүкіл халықтық сипат айналады. Әрбір шебердің өнердегі жеке дарындылығының ұжымға әсері тиіп, ол ұжымдық өнерге айналады. Кейбір жекелеген өнер шеберлерінің туындысы оның дәстүрлік негізіне айналды. Оның халықтық кәсіби өнерден айырмашылығы - халықтың бүкіл өміріндегі көп ғасырлар ағымында зерделеніп, тұрақтанған көркемдік тәсілдері мен принциптерінде жатыр.
«Дәстүрлік өнер халық өнеріндегі түрлі ұрпақтардың жалпы руханилығын бөгде көріністерден сақтау факторы болды. Халықтың мәдени өміріне енетін бөгде көріністер мен элементтерге тосқауыл қоятын құралға айналды» деп көрсетті белгілі өнертанушы А. Канцедикас [18] .
Сәндік-қолданбалы өнердің тарихи даму кезеңдеріне сүйене отырып, ғалым-зерттеушілер оның тарихы ғасырлардың терең қойнауынан бастау алатындығын айтады. Халық өнері пайда болған сәтінен бастап ұзақ уақыт эволюциялық жолдан өтті. Шығыстың ұлы мәдениетін басынан өткізді. Бір ерекшелігі, қазақтардың халықтық сәндік-қолданбалы өнерінде ертедегі көшпелілерден қалған өнер айқын сақталып келді. Ол ғұндар мен скифтерден бері ежелгі түркі тайпаларының өнері еді [19] .
Археологиялық қазба жұмыстарынан табылған дүниелерге қарап, біздің эрамызға дейінгі бірінші мыңжылдықтың екінші жартысына дейін Қазақ даласында ежелгі малшылар мен жер өңдеушілердің (сақтар, скифтер, ғұндар т. б. ) қалдырған мұралары, мәдениеті, рухани құндылықтарынан көп нәрсені аңғаруға болады. Сол кездердегі тұрмыстық бұйымдарға материал ретінде жүн, жануарлардың терісі, сүйектер мен мүйіздер пайдаланды. Киіз және одан жасалған бұйымдар сақ дәуірінде пайда бола бастаған. Тарихшылар мен этнографтар бұл кезеңде киіз үйлер мен оның ішкі бұйымдары арқылы дәлелдеп отыр.
Алғашқы кезде киіз үйдің ішіндегі еденге төсейтін текеметтер ою-өрнексіз таза күйінде басылды. Соңынан халықтың эстетикалық талғамының оянуына орай, сол киіз үйдің ішін және оның жабдықтарын сәндеуді қолға ала бастаған. Жүндерді түрлі технологиялық жолдармен тазалап оны өңдеумен және одан қажетті бұйымдар жасаумен әйелдер айналысты. Олар қой жүнін түтіп, жіп иіріп, қарапайым «өрмек» деп аталатын тоқыма қондырғысында маталар тоқуды меңгерді. Сондай-ақ, сыртқы киімдер мен арнайы қаптарды тігумен айналысты. Арқан есіп, киіз үйдің сыртындағы киізді байлауға жіптер дайындады.
Ал терілерден түрлі ыдыс-аяқтар, аяқ киімдер, белдіктер мен сандықтар жасады. Үйдің ішіндегі тұрмыстық заттарды сүйек пен мүйізден әшекейлеп, жиһаз элементтерін сәндеді.
Қазақтардың көркем материалдық мәдениетінің гүлденуі скиф және сақ дәуірінде басталды. Осыдан бастап-ақ қазақтар өздерінің бойындағы барлық көркем мәдениеті мен қолданбалы өнерін, рухани идеясын түгелдей өз ұрпақтарына мирас етіп қалдырып отырды. Соның нәтижесінде кілем тоқу, үй бұйымдарын көркем безендіру, құрал-жабдықтар мен қару-жарақтарды сәндеу, музыкалық аспаптарды көркемдеу өнері гүлдене түсті. Халық шеберлерінің жасаған өнердегі туындылары өзінің ұлттық колоритімен, ең биік эстетикалық талғампаздығымен ерекшеленеді.
Сәндік-қолданбалы өнердің одан ары жоғары дамып, гүлденуіне басқа ұлттардың мәдениеті мен өнері зор әсерін тигізді. Әсіресе, Оңтүстік Қазақстанның көптеген қалаларын аралап өтетін Ұлы Жібек жолы ерекше ықпал етті. Осы Ұлы Жібек жолы сауда-саттық жасап, басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, қолөнерін үйренуде маңызы зор болды. Ол әсіресе қазақтың ұлттық өнерін түрікмен, бурят, моңғолдар, қырғыздар және т. б. ұлттардың өнерімен байланыстыра түсті.
Осы тұрғыдан Қазақстандық ғалым Е. С. Асылханов Қазақ ою-өрнектері мен басқа халықтардың ою-өрнек мотивтерінде ұқсастықтар бар екенін атап өтеді, олардың атаулары да өте ұқсас екендігін зерттеп ол туралы өз пайымдауларын жеткізді. Мысалы: сыңар мүйіз ферғаналық қырғыздарда - түйе мойын, ирек, тай тұяқ, омыртқа, ал өзбектерде- юлдуз, төрқұлақ, мүйіз нұсқа сияқты ұқсастықтарын кездестіреді. Осындай қазақ ұлтының өрнектеріндегі оюлар басқа ұлттардың оюларымен өзара ұқсас болумен қатар, сондай-ақ басқаша ұқсастықтар да көп ұшырайды. Әсіресе, сол көркемдік бұйымдарды орындап безендіруде қолданылатын тәсілдер мен технологиялар да бір-біріне етене жақын. Сондай-ақ, материалдарды өңдеу мен оған көркемдік бұйымдарды қолдануында да өзара ұқсастықтар байқалды. Бұл жөнінде Н. А. Оразбаеваның жазбаларында текемет ою-өрнектерінде қазақтар «ала қан» түрін қолданатындығын айтса, мұны өзбек, тәжік, қырғыз, түркімен халықтары да пайдаланатындығын айтады. Бұл халықтар текеметке қолданылатын жүн бояуларын түрлендіре отырып, текеметке ерекше көрік беретін түстерді орынды пайдалана білді [20] .
Сәндік-қолданбалы өнердің мұнан басқа да ұқсастықтарын, туысқан басқа халықтардың өнерлерінен де байқауға болады. Осы ұқсастықтар бұйымның технологиялық жасалу тәсілдері мен формаларын түрлі материалдардан көркемдеп өңдеу кезінде де қайталанады.
Қазақ шеберлері көбінесе көркемдік бұйымдарды жасауды жеке-дара өздері ғана атқарды. Ал арнайы ұстаханаларда бір-екі көмекшілер ғана іске көмектескен. Этнограф М. С. Мұқанов «Халықтық қолөнер сол халықтың рухани және материалдық айнасы болып табылады. Осы материалдық өндіріс пен рухани мәдениет арқылы халық шығармашылығының шынайылығын ұғынуға болады. Осындай жаңадан туған өнердің өркениеттен өтіп, кәсіби өнерге айналуы және олармен сәндік-қолданбалы өнерге ұласуы адамзат алдындағы жарық таң еді» деген тұжырым жасайды [9, 12б. ] . Қазақтың сәндік-қолданбалы өнер жайында алғашқы жазба деректер ХVІ ғасырдың басында Орта ғасырлық бұхарлық тарихшы Ибн Рузбихан еңбектерінде кездеседі. Ол 1509 жылы қазақ киімдері мен үй ішілік заттардың тамаша оюлары мен өрнектері жайлы құнды деректер жазған [21] . Ал ағылшын саяхатшысы Джениксон өзінің Маңғыстау сапарында ХVІ ғасырдың екінші жартысында билік құрған Темір-Сұлтанның қабылдауында болады [22] . Осы кезде ол дөңгеленген киіз үйдің іші мен сыртындағы ою-өрнектерге, алуан түсті ілінген кілемдердің үй ішіне тамаша сән беріп тұрғаны жайлы қолжазбалары болған. Осындай қазақтың қолөнерінің көркемдік ерекшеліктерін терең зерттеген өз ғалымдарымыз Ә. Марғұлан, Т. К. Басенов, М. С. Мұқанов және т. б. құнды деректерді жазып қалдырды. Сол сияқты қазақтың сәндік-қолданбалы өнері жайлы көптеген Еуропалық және шет елдік саяхатшылар мен этнографтар түрлі деректер жинақтаған. Олар, әсіресе, ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдың басындағы ұлттық қолөнерімізге ерекше мән берген.
Неміс ғалымы Р. Карутц алғаш ХХ ғасырдың басында Маңғыстау жеріндегі ұлттық қолөнердің ою-өрнек түрлерінің үлкен тәрбиелік мәніне тоқталған. Табиғат сұлулығы мен адамзат жасаған ұлттық ою-өрнектердің бір-бірімен байланысын, адамдардың эмоционалдық-идеялық мәні мен эстетикалық талғампаздығын жоғары бағалады [23] .
Патшалық Ресей кезінде қазақтың сәндік-қолданбалы өнері жайлы құнды мақалалар «Руский художественый лист», «Нива», «Всемирная иллюстрация», «Воскресный досуг», «Сибирский листок» басылымдарында жарияланып отырды. Ал кейінірек Кеңес Одағы дәуірінде осы қазақтың сәндік-қолданбалы өнері жайлы «Искусство», «Декоративное искусство» басылымдары жарыса жазып жатты. Қазақтың сәндік-қолданбалы өнерінің үлгілі шығармалары КСРО Ғылым Академиясының жанындағы Антропология және Этнография мұражайының жиынтығына ендірілді. Сол сияқты «Вокруг света», «Советская Азия» атты журналдар мен газет беттерінен орын алды. Ұлтымыздың ұлттық қолөнерінің озық шығармаларынан альбомдар жасалып, «Советский художник» журналында бастырылып келді. Сонымен қатар «Изобразительное искусство народов Востока» (ХСРО) баспасынан көптеген өнер шығармалары орын алды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz