Өсімдіктер интродукциясының пункті


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І ТАРАУ ТҮРКІСТАН АЙМАҒЫНЫҢ ФИЗИКО-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ . . .

1. 1. Аймақтың климаттық жағдайы . . .

1. 2. Аймақтың топырағы . . .

1. 3. Аймақтың өсімдігі . . .

ІІ ТАРАУ ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ . . . . . . 5

2. 1 . . . 7

2. 2 . . .

2. 3 . . .

2. 4 . . .

ІІІ ТАРАУ. ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМІ . . . 20

3. 1. ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІЛЕРІ . . .

3. 1. 1 КӘДІМГІ КАТАЛЬПА . . .

3. 1. 2 АЛТЫНТҮСТЕС ҚАРАҚАТ . . .

3. 1. 3. АЙВА . . .

3. 1. 4. ҚЫТАЙ РАУШАН ГҮЛІ . . .

3. 2. ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ . . .

3. 3. ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ КЕЙБІР СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН ИНТРОДУЦЕНТТЕРІНІҢ ЖАПЫРАҚТАРЫНЫҢ АНАТОМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ҰСЫНЫСТАР . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

КІРІСПЕ

І ТАРАУ ТҮРКІСТАН АЙМАҒЫНЫҢ ФИЗИКО-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Қазақстанда жерасты суларымен көгалды алқапты суару үшін қолданудың үлкен тәжірибесі жинақталған. Сонымен қатар анықталғанындай көгалдарды суаруға арналған қондырғыларға жұмсалған қаражат 3-5 жылда орнын толтырады. Бір артизан скважнасы 15-20 көгалды жерлерді сумен қамтамасыз етеді. Түркістаннның жағдайында жерасты суларын пайдалана отырып көгалдарды суару жер ресурстарын қолданудың ең басты көзі болып саналады және ол жеміс - жидек өсіру мен қаланы көгалдандыруда үлкен мүмкіндік тудырады.

1. 1. Аймақтың климаттық жағдайы

Түркестан аймағы шөлді зонада орналасқан. Бұл үлкен кеңістіктің климатын сипаттау үшін алдымен жарық факторын қарастырамыз. Жазық жерге қарағанда шөлді зонада жердің беткі қабаты мен атмосфераның орташа күн жылуын қабылдау мөлшері жоғарырақ (кесте 1. 1) .

Кесте 1. 1 - Жердің беткі қабаты мен атмосфераның бір тәулікте орташа күн жылуын қабылдау мөлшері 1см 2 калорияда (Григорьеву бойынша, 1944), (3)

Аймақ
Ай
Жыл бойына
I
II
III
IV
V
VI
vn
vni
IX
X
XI
XII
Аймақ: Шөлді
Ай: 201
Жыл бойына: 277
369
463
528
565
557
517
428
311
224
180
4620
Аймақ: Жазық
Ай: 8
Жыл бойына: 153
263
376
444
498
464
381
273
157
84
59
3232
Аймақ:
Ай: 121
Жыл бойына: 124
106
87
84
67
93
136
155
154
140
121
1388

Осы кестені 1. 1 алып қарасақ жазық дала да шөл де үлкен көлемдегі күн радиациясының жылуына ие. Сонымен қоса шөлді жерлер жазық далаға қарағанда жылына үстіңгі қабаттың 1 см 2 -на 1388 калорияға көп қабылдайды. Сонымен қатар айта кетеін нәрсе шөлді жерлерде көктем мезгілінде, топырақтың беткі қабатына түсетін күн радиациясы, жазық даладағы жаз мезгілінде түсетін күн радиациясы мөлшеріндей. Осылайша сәуір айында шөлді топрырақтың беткі қабатына 463 калория жылу түседі ал, мұндай мөлшердегі энергияны жазық дала шілде айында ғана ала алады.

Шөлді жер қысқы күн радиациясы бойынша субтропикке ал, мамыр, маусым және шілде айларында тропикке теңеседі. Шөлді жерлердің жылуға бай болуы бұлтсыз аспан мен күн радиациясын тіке қабылдаудың арқасында. Жылына жалпы радиация 5500 - 6000 МДм 2 құрайды. Көп мөлшердегі жылу және бұлтсыз аспан климаттың басқа да элементтері де тәуелді шөлді жердің өзгеше факторы болып саналады.

Шөлді жердің өсімдіктерге әсерін тигізетін екінші басты факторы болып жел саналады. Желдің пайда болуы жағдайлардың күрделі жиынтығына әсіресе беткі қабат пен өсімдік қабатының құрылымына байланысты. Мысалы, ақ құмның альбеді 40 құрайды, сұр - 25, сазды қабат - 30, құрғақ шөп -20, су-10 .

Құмды және сазды субстрат басым болғандықтан, онда 20-50% ксерофитті өсімдіктер басқан шөлді жерде ауаның қызуына қолайлы жағдай жасалған - атмосфералық қысымның депресиясының пайда болуы, ауа ағынындағы турболенттілік пен конвенцияның күшеюі болады. Осы себептердің күшінің арқасында Оңтүстік Қазақстанда іргелес облыстардан басқа атмосфералық қысым ауа ағынының ағуы салдарынан соңғысының депрессиясын шақырады, соның арқасында Сібір жақтан жоғары қысымды ауа ағыны басып кіреді, олар үлкен күшті циклондар тудырады /4, 5/.

Түркістан ауданының климаттық жағдайының сипатын анықтау үшін 1894 жылы құрылған Түркістан меостанциясының мәліметтері пайдаланылды. 1924 дейін станцияның жұмысында бірнеше үзілістер орын алды. 1925-1996 жылдар арлығында метереологиялық бақылаулар үзіліссіз жүргізілді. Түркістан жерінің климаты дымқылдану жағдайында өте құрғақтан тау бетекейі құрғақтығы өтпелі сипатын алады. Мұнда 10 0 С дан жоғары температура жалпы саны 4000-4600 0 С құрайды ал, Г. К. Селяниновтың гидротермикалық коэфиценті (ГКТ) - 0. 3 тен төмен. ГТК бұл ең аз көрсеткіші Казақстанның агроклиматтық обылыстарына арналған.

Түркістан ауданында ауаның айлық орташа температура көрсеткіші ең жоғары шілде айында (+28, 4 0 С) және ең төмен қаңтар айында (-5 0 С ) . Жылдық жауын - шашынның жалпы мөлшері көп емес бар болғаны 204 мм. Жауын-шашынның көп мөлшері жылдың суық кезеңдерінде түеді - қараша мен наурыз айлары аралығында (32 мм) ал, ең азы тамыз айында (2 мм) .

Аудандағы климаттың өзгеруін сипаттау үшін (кесте 1. 2) станцияның 1947-1986 жылдар аралығындағы орташа мәліметтері және негізгі климаттық сипаттама бойынша 1987-1996 жылдар аралығындағы мәліметтер алынған. Кестеде 1. 2 көрсетілген он жылдықтар және барлық бақылау кезеңі үшін айлық орталама температура салыстырмасы ұсынылған. Бұдан байқағанымыз екінші он жылдықтың көпшілік қысқы айларында айларында температура жоғары болған. Сондықтан да орта айлық температура айырмашылығы мамыр, шілде, тамыз айларынан басқа жылдың барлық айларында дерлік бар. Температураның жоғарылауы қараша және желтоқсан айларында (2, 8 және 3, 9 0 С) едәуір байқалады. Суық кезеңдегі (қараша-наурыз) орташа температура екінші он жылдықта 1, 8 0 С-ға ал орташа жылдық 0, 9 0 С-ға жоғары болды.

Кесте 1. 2 - 1947-1956 (t 1 ) және 1987-1996 (t 2 ) жылдар аралығындағы ауа температурасының орташа айлық көрсеткішін салыстыру

Мағнасы
Ай
жыл
11-3
4-10
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
Мағнасы: t 1
Ай: -5. 1
жыл: -1. 9
11-3: 4. 6
4-10: 13. 7
20. 6
24. 8
28. 9
26. 8
19. 4
10. 6
1. 5
-4. 8
11. 6
-1. 1
10
Мағнасы: t 2
Ай: -4. 3
жыл: -1. 3
11-3: 5. 5
4-10: 14
20. 1
27. 1
28. 6
26. 3
19. 8
11. 3
4. 3
-0. 9
12. 5
0. 7
11
Мағнасы: t 1- t 2
Ай: -0. 8
жыл: -0. 6
11-3: -0. 9
4-10: -0. 3
0. 5
-2. 3
0. 3
0. 5
-0. 4
-0. 7
-2. 8
-3. 9
-0. 9
-1. 8
0

1947-1956 жж. және 1987-1996 жылдар аралығында температура айырмашылығы ойдағыдай. Бұл бірінші (кесте 1. 3) салыстырғанда екінші он жылдықта жауын-шашынның жалпы азайғанын көрсетеді. Әсіресе екі он жылдықтағы жауын-шашашынның мөлшеріндегі елеулі айырмашылық наурыз айында байқалады (19 мм) . Екінші он жылдықта әдеттегі жауын-шашын барысында ауытқулар бар және бұл мамыр айында байқалады. Жалпы жылы кезеңде жауын-шашын мөлшері азайған. Бұл екінші он жылдықта жауын-шашын мөлшерінің азайғанын білдіреді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 28 мм төмендеді. Өсімдіктер үшін ең қолайсыз болғаны жауын-шашын мөлшерінің бұл аудандарда ерте көктемде түсетін өсімдіктердің өсіп-өнуі және даму кезеңінің басында төмендеуі. Температураның көтеруімен салыстырғанда жауын-шашынның мұндай мөлшерде азаюы ылғалдану жағдайын нашарлатады және климаттың құрғақтығын арттырады.

Кесте 1. 3- 1947-1956 жылдар аралығындағы атмосфералық ылғалдың көпжылдық орташа мөлшерін салыстыру. (R^ және (R 2 ), мм 1987-1996 жылдарына)

Ма

ғынасы

Ай
жыл
11-3
4-10
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
Мағынасы: R 1
Ай: 32
жыл: 25
11-3: 38
4-10: 27
20
10
4
3
1
12
12
29
213
136
7
Мағынасы: R 2
Ай: 22
жыл: 25
11-3: 19
4-10: 19
26
6
5
1
4
8
25
25
185
116
6
Мағынасы: R 1- R 2
Ай: 10
жыл: 0
11-3: 19
4-10: 8
-6
4
-1
2
-3
4
-13
4
28
20

Ауаның температурасын және ылғалдың мөлшерін көп жылдар бойы бақылау барысын тенденцияны зерттеу үшін 1894-1996 және 1947 - 1996 жылдар аралығындағы ұзындық тренды есептеп шығарылған. Есептеу нәтижесі кесте 1. 4 көрсетілген.

Кесте 1. 4 - ұзындық трендының параметрі мағынасы (т) және ауа температурасының және атмосфералық ылғалдың уақытша қатары үшін Фишердің критериясы.

параметр
I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
жыл
XI-III
IV-X
параметр: 1894-1996 жж. Ауаның температурасы
параметр: m
I: 0. 01
II: 0. 00
III: 0. 00
IV: 0. 01
V: 0. 00
VI: 0. 01
VII: 0. 01
VIII: 0. 00
IX: 0. 00
X: 0. 00
XI: 0. 01
XII: 0. 00
жыл: 0. 00
XI-III: 0. 00
IV-X: 0. 00
параметр: F
I: 0. 72
II: -0. 01
III: 0. 01
IV: 2. 07
V: 1. 02
VI: 5. 87
VII: 3. 10
VIII: 0. 44
IX: 0. 23
X: 0. 01
XI: 0. 87
XII: 0. 10
жыл: 1. 75
XI-III: 2. 79
IV-X: 0. 31
параметр: 1947-1996 жж. Ауаның температурасы
параметр: m
I: 0. 02
II: -0. 01
III: 0. 00
IV: 0. 03
V: 0. 00
VI: 0. 04
VII: 0. 01
VIII: 0. 00
IX: 0. 01
X: 0. 02
XI: 0. 07
XII: 0. 07
жыл: 0. 02
XI-III: 0. 02
IV-X: 0. 03
параметр: F
I: 0. 23
II: 0. 02
III: 0. 00
IV: 2. 54
V: 0. 03
VI: 13. 76
VII: 0. 94
VIII: 0. 01
IX: 0. 77
X: 1. 36
XI: 6. 34
XII: 4. 04
жыл: 5. 50
XI-III: 5. 84
IV-X: 2. 50
параметр: 1894-1996 жж. Жауын-шашын саны
параметр: m
I: 0. 00
II: 0. 00
III: 0. 00
IV: 0. 00
V: 0. 00
VI: -0. 01
VII: 0. 00
VIII: 0. 00
IX: 0. 00
X: 0. 00
XI: 0. 00
XII: 0. 00
жыл: 0. 00
XI-III: 0. 00
IV-X: 0. 00
параметр: F
I: 4. 05
II: 0. 01
III: 5. 79
IV: 0. 43
V: 1. 35
VI: 1. 56
VII: 0. 08
VIII: 0. 11
IX: 0. 26
X: 0. 92
XI: 0. 69
XII: 0. 06
жыл: 0. 40
XI-III: 0. 84
IV-X: 0. 90
параметр: 1947-1996 жж. Жауын-шашын саны
параметр: m
I: -0. 01
II: 0. 00
III: -0. 01
IV: -0. 01
V: 0. 00
VI: -0. 01
VII: 0. 01
VIII: -0. 04
IX: 0. 03
X: -0. 01
XI: 0. 01
XII: 0. 00
жыл: 0. 00
XI-III: 0. 00
IV-X: 0. 00
параметр: F
I: 3. 76
II: 0. 09
III: 7. 56
IV: 1. 63
V: 0. 13
VI: 1. 51
VII: 0. 24
VIII: 1. 60
IX: 3. 93
X: 0. 37
XI: 2. 22
XII: 0. 04
жыл: 2. 95
XI-III: 1. 25
IV-X: 0. 80

Берілген кестеде 1. 4 көрсетілгендей қаңтар, сәуір, маусым және қараша айларындағы барлық бақылау кезеңінде температураның аз ғана 0. 1 С жылдамдықта өсуі байқалды бірақ статистикалық тұрғыда маңызды тек ғана маусым және шілде айларында болды. Мұны көрсететін F-фишердің кретериясы [7] , оның критикалық көлемі 5 % мәнді деңгейге және қатар ұзындығына n=103 3, 1 құрайды, ал n=50 1, 2 құрайды. 1947 жылдан бастап 1996 жылға дейін температураның өсуі күшейген.

Ақпан айында жағымсыз тренд байқалады бірақ ол статистикалық тұрғыдан маңызды емес. Ауаның температурасы елеулі түрде қараша және желтоқсан айларында жоғарлады (10 жылда 0. 7 0 С) . Сәуір айында температура статистикалық тұрғыдан маңызды бір түрде 10 жыл ішінде 0, 4 0 С жылдамдықта ұлғайды, сондықтанда температураның өзгеру тенденциясы жылы кезең бойынша да және жыл бойынша да қонымды. Жауын-шашынға келетін болсақ барлық кезең (103) бақылауы бойынша тренд байқалмаған ал, 1947-1996 жылдар (50 жыл) аралығында жауын-шашын статистикалық тұрғыдан айтарлықтай тек қаңтар және наурыз айларында азайған. Қыркүйек айында олар бірнешеге өскен.

Климаттық параметрлер алализі айырмашылықтары мен ұзындық трендлерін айқандаудан басқа зерттелетін қатарларға атмосфераның құрғақтығы мен артық ылғалдылық индексі есептеліп шығарылды - S i (3) . Бұл индекс ауа температурасының айлық орташа белгісіне және нақты бір жылдың атмосфералық жауын-шашын санын мына формула бойынша есептеліп шығарылады:

S i = ∆ T i / σ T - ∆ R i / σ R

Мұндағы ∆ T i = T i - T ср - температура аномалиясы;

∆ R i = R i - R ср - жауын-шашын аномалиясы,

а - орташа квадраттық ауытқу; і - жыл.

Индекстің мәнінің қарқындылығына байланысты үш класқа бөлінеді:

  1. ≤ Si< 2 - әлсіз құрғақшылық; 1) ≥ Si> -2 - әлсіз артық ылғалдау;
  2. ≤ Si< 3 - орташа құрғақшылық; 2) ≥ Si> -3 - орташа артық ылғалдау;
  3. Si≥ 3 - күшті құрғақшылық; 3) Si≤ -3 - күшті артық ылғалдау.

Әдетте құрғақшылық индексі бақылау кезеңінің тек жаз айларына есептеледі. 1. 5 Кестесінде екі онжылдықтың индекс белгілері ұсынылған, дегенмен есептеулер 1894-1996 жж. барлық бақылау кезеңіне келтірілді.

1. 5 кестесіндегі мәліметтерге бойынша екінші он жылдықтың маусым айында 6 атмосфералық қуаңшылық жағдайы байқалған, олардың төртеуі 1988 мен 1992 ж аралығында жыл сайын болған, ал 1988 және 1998 ж. Қуаңшылық шілде айында да жалғасқан. Мұндай аномал құрғақтық Түркістан төңірегіндегі өсімдіктер жағдайына кері әсерін тигізуі әбден мүмкін еді.

Қортындысында айта кететін нәрсе 1987 және 1996 ж. кезеңі 1947-1956жж. онжылдығына қарағанда көбірек құрғақшылық жағдайларымен сипатталады.

Әсіресе 1987-1996 ж. Жылдық орташа температура 1 0 С дерлік жоғары, ал жылдық жауын-шашын мөлшері 28 мм төмен болды. Бұдан басқа 1947-1996 жылдар аралығында статистикалық тұрғыдан жағымды ауа температурасының орташа жылдық тренді байқалды. Жауын -ш- шашын мөлшерінің статистикалық тұрғыдан жағымсыз тренді наурыз айында байқалды.

Біздің зерттеу жүргізетін төңіректе қыс желтоқсан айының екінші жартысында түседі. Қарлы күндердің ұзақтығы шамамен 46 күн құрайды, ал жылдың басқа жауын-шашын кезі жауын түрінде болып, қыс қарсыз дерлік өтедіБұл жерде қыс айларының өзіндік ерекшелігі қатты аяздардың үздіксіз болуы. Қаңтар айының бірінші жаотысында ауаның температурасы күндіз +10-15 0 С, түнде +5-15 0 С дейін көтеріледі және бұл ағаштардың әсіресе өріктің және қара алхоры ағаштарының және кейбір сәндік өсімдіктерінің түрлерінің ерте бүршік атуына жақсы жағдай жасайды. 2002 ж. Үйіңгі тал Жаңа жылға қарсаң гүлдеді. Қаңтар айының үшінші он күндігінде температураның бірден төмендететін солтүстіктен жиі суақ ауа массасы соғады және бұл жартылай ашылған жемісті өсімдіктердің бүршіктерінің толығымен жойылуна әкеліп соғады.

Қыста Каратау жақтан оқтын-оқтын аяздың күшін бірнешеге ұлғайтатын 2-2, 3 м/с жылдамдықта жел соғады. Мысалы, желсіз күні аяз шаамамен 5-7 0 С ал ол желді күні 20-25 0 С тең келеді және бұл адам және өсімдік организіміне өткір әсерін тигізеді. Біздің зерттеуіміз бойынша мұндай ауа-райы қылқан жапырақты ағаштардың, әсіресе туя ағаштарының көптеген сорттарының жапырақ массасын күйдіріп жібереді. Сондықтанда культуралық өсімдіктердің өсіру технологиясын өңдеуде осы аймақтың климаттық факторларының ерекшелігін ескерген жөн, негізінен алғашқы суық түскенге дейін жүзімдіктер мен розаларды жауып қойылуы керек.

Көктем ерте келеді - 15-20 ақпанда егіншілік жұмыстары басталады, сәндік ағаштар мен бұталы өсімдік көшеттерін отырғызуға жағдай жасалады.

Сәуір айының екінші жартысында ауаның температурасы 25-30 0 С жетеді.

Солтүстіктен соғатын фронтальды жел Оңтүстік Қазақстанда басым, бұдан басқа жергілікті желдер бар. Түркістан аймағында бұл Қаратау тауларында пайда болатын «арыстанды-қарабас» желі. Бұл ауа ағымдары наурыз және сәуір айларында үш-жеті немесе бір ай бойына өтеді. Олар жауын-шашынды әкеліп ғана қоймай сонмен қатар қысқы-көктемгі жауын-шашын есебінен жиналған топырақтағы мардымсыз ылғалды құрғатып жібереді. Осының салдарынан егістік егетін топырақ қабаты қатты құрғап кетеді, сондықтан көшеттерді мол суарудан кейін отырғызған жөн болады. Бұл жергілікті күшті желдер кейде топырақты егілген жемістердің тұқымдарымен бірге ұшырып әкетеді.

Жаз өзінің ауанң жоғары температурасымен, төмен ылғалдығымен, едәуір шаңды болуымен ерекшеленеді. Күн радиациясының қарқыны минутына 1 см 2 -де 1, 4-1, 5 калориге жетеді. Ыстық кезең 5-6 айға созылады. Күндізгі ауаның температурасы 40-45 0 С арасы кейде тіпті 50 0 С жетеді, түнде 15-18 0 С төмендейді. Ағаш өсімдіктері «керимсал» құрғақ желінен қатты зардап шегеді.

Жоғарыдағы мәліметтерді беріп отырған себебіміз шөлдегі өсімдіктердің тәулік ішінде қандай ауа және топырақ температурасының күрт өзгерулерін бастан кешіретінін көрсеткіміз келді. Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе антопогенді факторлардың әсер етуінен соңғы жылдары Түркістан эклогиялық аймағының климатында елеулі өзгерістер орын алды. 1987-1996 жылдар аралығында орташа жылдық температура 1 0 С көтерілді, ал жауын-шашын мөлшері 28 мм төмендеді, желді күндердің саны артты.

Түркістанда қуаңшылық кезеңі 225 күнге созылады. Наурыз айынан бастап қараша айының ортасына дейін булану мөлшері жауын -шашын мөлшерінен асады, топырақ қабаттары толығымен құрғап кетеді.

Г. Т. Селяниновтың анықтамасы бойынша субтропиктегі жыл екіге бөлінеді - суық және жылы. Түркістан жағдайында суық 20 қараша мен 20 ақпан айлары аралығында созылады, ал жылы наурыз-қараша айларының аралығында болады.

Осылайша Түркістан өңірінде календарлы жыл мезгілдері - қыс, көктем, жаз, күз - көпшілік мақұлдаған осы мезгілдер туралы түсінікке барлық температураның жаз жағына қатты ығысуының салдарынан сай келмейді.

Түркістан XII-XV ғасырлардағы гүлденген оазистен нағыз шөлді алаңға айналды. Желді күндер сан көбейді, көктемгі «арыстанды қарабас» желі бір соғатын болды. Шаңның көтерілуінен жолдарда көліктер де жүре алмай қалады. Жазда ауа температурасы «керімсал» құрғақ желімен қоса 45-50 0 С жетеді, қыста сүйектен өтетін «қарасуық » желі соғады, осының барлығы тек келушілерге ғана емес жергілікті тұрғындарға да жағымсыз әсер туғызады. Жергілікті тұрғындар арасында тері аурулары және аллергия кеңінен жайылған. Астық өнімділігі күрт төмендеді.

1. 2. Аймақтың топырағы

Топырақ - ауыл шаруашылығы өндірісінің негізі, адамзаттың- құнды байлығы, қоршаған ортаның бір бөлігі. Жер басқа планеталардан мұнда топырақтың болуымен ерекшеленеді. Атақты ғалым В. В. Докучаев жер «алтынанда, мұнайдан да және тас көмірден де қымбат » - деп жазған.

Топырақтың шөлді типтерінің пайда болуы мен таралуы заңдарға сәйкес зерттелуші аймақтың геоморфолого-гагаескілік, гидрографиялық және климаттық жағдайларына байланысты үйлесім табады, ол В. В. Докучаевтың оқытуларының дұрыстығын бекітеді, оған сәйкес (10) топырақ типтерінің пайда болуы, оның өсімдіктері мен шаруашылықтағы қолдануына байланысты ауысып отыруында эволюциялық дамуы мен әртүрлілігі берілген аймақтың геологиялық тарихы мен климатымен тікелей байланыста болады.

Түркістандық экологиялық аймақ сұртопырақты аймақ аралығында жатыр. Сұртопырақтың пайда болуының негізгі сипатты болып мыналар саналады:

  • топырақ қабатының аз болуы -20-30 см, дала аймағындағы қара топырақта -80-90 см;
  • топырақ түзу процесінің жоғары, бірақ уақытқа байланысты шектелген биологиялық белсенділігінің болуы, ол әртүрлі ағзалардың өмір сүрулерінің әсерінен болатын органикалық заттардың минерализациялануының энергетикасын білдіреді;
  • тұрақты балшықты минералдардың жинақталуы мен жұқа бөліктердің ағаштандыруына байланысты біріншілік аллюмосиликаттардың желдетілуінің елеулі көрінісі;
  • аллюмосиликаттарды желдетуде күрделі өнімдерден тұратын тұнба, лай фракциясының орналасуы болмағандықтан және қарапайым тұздарға қатынасына иллювиальды процестің айқын көрінісі;
  • жақсы көрінген агрегаттылықта жүйесіздігі;
  • өсімдіктердің азот, фосфор және микроэлементтерге біршама кедейлігі; /11/.

Түркістан аймағында бізбен келесі негізгі аймақтық топырақтар бөлініп алынған:

  • аллювиальды - тоғайлық топырақтар;
  • сұртопырақ түріндегі тақыр түрлі топырақтар;
  • ашық сұртопырақтар;
  • қарапайым сұртопырақтар;
  • жаңа тау өзендеріндегі шабындық -сұртопырақты интроаймақтық топырақтар.

Аллювиальды -тоғайлық топырақтар алқаптық және Сырдария өзенінде алқап жаңа ұзақтығында кездеседі. ХХ ғасырдағы 60 жылдарда Сырдария секундына төменге шамамен 703 м 2 су тастағандығы байқалған, 1 м 3 суда шамамен 10 кг қатты өлшенген материалдар бар. Мұндай аса зор ағында (жылына 37, 8 км 3 ) Сырдариямен тасталынатын өлшенген материалдардың көлемі жылына ретімен 0, 02 км 3 құрайды. Көктемгі тасқынның нәтижесінде өзеннің екі жағасындағы орасан зор аймақта аллювиальды қабат пайда болады, мұның салдарынан алқаптық топырақ профилі қабатты болып келеді, механикалық құрамында құмнан бастап балшықтың әртүрлі фракциялары кездеседі. Аллювиальды - шабындықты топырақтардың топырақтық профилін 1 тілігімен елестетуге болады, ол Қызылшаруа аймағында салынған, сонымен бірге жайылымдар, тың жерлер. Тоғайлы-бұталы өсімдіктер - тораңғыл, жыңғыл. Тілік тереңдігі 90 см, қабат күші А + В = 45 см.

Аллювиальды - тоғайлық топырақтың 1 тілігі.

Горизонт А 0 (0 - 5см) құмайт, жұмсақ, сұр түсті, өсімдік тектес қалдықты.

Горизонт А (5-27 см) ашық-сұр түсті жеңіл саз құм, тоғай өсімдікті баулары бар.

Горизонт В (27-45 см) - иллювиальды, жеңіл саз құмды жыныс, түсі бура сұр, өсімдіктің ірі тамырына қатысады.

Горизонт ВС (45-60 см) - жеңіл саз-құмды жыныс.

Горизонт С 60-90- майда дәнді құм.

Аллювиальды-тоғайлық топырақтардың жоғарғы қабатының құрамында (1, 6 кесте) құм -64, 62 %, физикалық балшық -15, 71% болады. Төменгі горизонтта құм 5, 02 % құрайды.

1. 6. кесте - Аллювиальды-тоғайлық топырақтардың грануламетриялық сараптамасы мәліметтері

Үлгілерді таңдау тереңдігі, см
Фракция көлемі, мм. Фракция құрамы, % абсолютті құрғаққа
1-0, 25
0, 25-0, 05
0, 05-0, 01
0, 01-0, 005
0, 005-0, 001
<0, 001
<0, 01
Үлгілерді таңдау тереңдігі, см: 0-5
Фракция көлемі, мм. Фракция құрамы, % абсолютті құрғаққа: 18, 25
46, 37
19, 67
0, 04
1, 01
14, 66
15, 71
Үлгілерді таңдау тереңдігі, см: 15-15
Фракция көлемі, мм. Фракция құрамы, % абсолютті құрғаққа: 15, 55
43, 29
17, 61
1, 13
2, 59
19, 87
23, 59
Үлгілерді таңдау тереңдігі, см: 20-30
Фракция көлемі, мм. Фракция құрамы, % абсолютті құрғаққа: 17, 69
39, 69
19, 47
1, 42
7, 85
13, 88
23, 15
Үлгілерді таңдау тереңдігі, см: 40-50
Фракция көлемі, мм. Фракция құрамы, % абсолютті құрғаққа: 17, 22
40, 56
20, 44
2, 71
3, 16
15, 91
21, 78
Үлгілерді таңдау тереңдігі, см: 60-70
Фракция көлемі, мм. Фракция құрамы, % абсолютті құрғаққа: 24, 94
50, 08
9, 13
1, 60
0, 04
14, 12
15, 85

Аллювиальды-тоғайлық топырақтардағы қарашіріктің мөлшері аз (1. 7 кесте) . Жоғары қабатының құрамында 0, 54-0, 74 % қарашірік бар, тереңдеген сайын ол бірденнен төмендейді. Сипатталушы топырақтағы жалпы азоттың құрамы жөніндегі кескін аналогиялық түрде болады. Жалпы фосфордың құрамы 0, 069 бен 0, 091 % аралығында толқиды. Аллювиальды-тоғайлық топырақтар фосфорға кедей, өсімдіктің тамыр аймағындағы қабатындағы қол жетімді фосфор 100 г тапырақта шамамен 0, 42-0, 85 мг құрайды. Бұл топырақтағы калий құрамы жоғары, жоғары горизонттарда оның биіктігі 100 г топырақта 20, 80-44, 0 мг құрайды.

1. 7 кесте. Аллювиальды-тоғайлық топырақтардағы химиялық сараптаманың деректері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аймақтың климаттық жағдайы
Гүлді көбейту тәсілі
Мақта өсімдігінің аурулары
Қазақстан турбазалары және курорттары
Тағамдық өнім түрлерін ветеринариялық-санитариялық токсикологиялық бағалау туралы ақпарат
Айнала қошаған ортадағы экологиялық өзгерістерден биологиялық түрлерді сақтап, қорғау шараларын жүзеге асырып отырған ботаникалық бақтардың географиясын зерттей отырып, оның табиғат қорғаудағы ролін анықтау
ОҚО арпаны өндіру жағдайлары
Уланған кездегі ветеринариялық-санитариялық шаралар
Деректер базасын жобалау
Карантиндік шаралар жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz