Экологиялық туризм ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

қазақстанда экологиялық туризмді дамыту

Жоспар

Кіріспе

1. Экологиялық туризмнің теориялық аспектілері

  1. Экологиялық туризмнің түсінігі және маңызы

1. 2 Экотуризмнің түрлері

1. 3 Экологиялық туризмнің негізгі мақсаты

1. 4 Экологиялық туризмді дамытудың негізгі принциптері

1. 5 Экотуризмнің басқа туризмнен айырмашылығы

  1. Экологиялық туризм ерекшеліктері

2. Қазақстандағы экологиялық туризмнің жағдайы және даму мәселелері

2. 1 Экологиялық туризмді дамыту мақсатындағы республиканың ресурстық потенциалы

2. 2 Қазіргі заманғы классификациядағы экологиялық туризмнің алатын орны

2. 3 Қазақстанда экологиялық туризмнің әлеуметтік-экономикалық маңызы

2. 4 Қазақстан экономикасына экологиялық туризмнің әсері

2. 5 Қазақстандағы экологиялық туризм жағдайы

2. 6 Қазақстандағы экологиялық туризмнің әлсіз дамуының себептері.

2. 7 Қазақстанда экотуризмді дамыту мәселелері

2. 8 Экологиялық туризмнің 2006-2010 жылдар аралығындағы анализі

3-БӨЛІМ: Қазақстандағы экотуризмді дамыту перспективалары мен жолдары

3. 1 Қазақстанда экологиялық туризмді дамыту перспективасы

3. 2 Қазақстанда экотуризмді жандандыру шаралары

3. 3 Қазақстанда экотуризмді дамыту бойынша негізгі міндеттер

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Туризм - әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін ең тұрақты дамып келе жатқан саласы. Өсу қарқынының жылдамдығына сәйкес туризм ғасырдың құбылысы ретінде танылуы кездейсоқ емес. Бүгінде Қазақстанда туризмді дамыту тұжырымдамасы бекітілді, туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы әзірленуде, ал ең бастысы - «Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы» Заңы қабылданды. Мұнда туризм тұңғыш рет мемлекеттік экономикалық саласы ретінде айқындалды [1] .

Туризмнің дамуы экономика, транспорт, байланыс, құрылыс, ауылшаруашылығы, халықтың тұтыну тауарларын өндіру секілді салаларға тұрақты түрде әсер етеді және мемлекет экономикасының жоспарлы бағыттарының бірі болып саналады.

Туризмнің көмегімен табиғаттың қорғанысының проблемасын шешу нәтижесінде «экологиялық туризмнен» қысқартылып алынған «экотуризм» сөз тіркесі пайда болды. Алайда көптеген зерттеушілер белгілегендей «экотуризм» түсінігі ұзақ уақыт бойына жайылған шекараларды иеленген. Оған себеп бұл сөздің бастапқыда туристерді тарту үшін табиғатқа бағдарланған оның қорғанысына және демалыс үшін маркстологтар қолданған. Алайда шын мәнінде мұндай туроператорды қоршаған орта туралы толғаныс қамқорлығы аз қызықтыратын сондықтан да экотуризм идеясы ұзақ уақыт туризм теориктерінің скептикалық қарым-қатынасын тудыратын және тудырып та келеді [2] .

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі.

Ел дәулетін ешбір шығынсыз арттырудың ең төте жолы қайсы дегенде, көпшілік алдымен ауызға туризмді алары анық. Себебі, әлемдік тәжірибенің өзі көрсетіп отырғанындай, аршынды адыммен алға кеткен мемлекеттердің көпшілігі өз қоржындарын түрлі инвестициямен толтыру кезінде көбіне көп осы салаға арқа сүйейді.

Елдің бір адым болса да алға жылжуы үшін ұмтылыс керек. Ол бәсекелестікті туғызады. Оны қайта-қайта жаңартып, жандандырып отырудың қаншалықты пайдалы екендігіне қазір елдің көзі анық жеткендей. Осыны білген мемлекеттер мұндай пайдалы жарысқа туризм саласын тірек ете отырып батыл кірісіп кетті. Әрбір мемлекет бәсекеге қабілетті туризм түрінің жаңа амалын ойлап табуға көшті.

Осы бәсекеге қабілетті туризм түрі - экологиялық туризмді дамыту қажет.

Бұл бағытқа бүгінде соншалықты көп көңіл бөлінбегенімен, сала секторы тұрғысынан алғанда ол қалайда ерекше басымдыққа ие қуатты тегершік.

Экологиялық туризм бүгінде - соңғы онжылдықта бүкіл әлем бойынша кең тараған, қазіргі заманға сай туризмнің жаңа бір бағыты болып табылады.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың басты мақсаты Қазақстандағы экологиялық туризмді дамыту жолдары мен мәселелерін анықтау болып табылады. Олардың негізгі маңызы экологиялық туризмді бәсекеге қабілетті фактор ретінде қалыптастырудың жолдары мен іс-шаралары.

Дипломдық жұмыстың мақсаты:

Қазақстан Республикасының экологиялық туризмді дамытудың тиімді жолдарын анықтау.

Атаулы қойылған мақсаттан келесі міндеттер анықталады :

- Экологиялық туризм түріне талдау жасау;

  • Қазақстанда экологиялық туризм тұрғысынан талдау жасау;
  • Экологиялық туризмді дамыту перспективасын қарастыруда ұсыныстар беру.

Зерттеу пәні болып туризм саласындағы экологиялық туризмнің түрлері мен табиғат ресурстарын пайдалану жолдары таңдалды.

Зерттеу нысаны ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану объектілері болып табылады.

Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады. Жұмыстың көлемі 71 бет, оның ішінде 6 кесте және 6 сурет қарастырылған.

1. Экологиялық туризмнің теориялық аспектілері

  1. Экологиялық туризмнің түсінігі және маңызы

Туризм - әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін ең тұрақты дамып келе жатқан саласы. Өсу қарқынының жылдамдығына сәйкес туризм ғасырдың құбылысы ретінде танылуы кездейсоқ емес. Бүгінде Қазақстанда туризмді дамыту тұжырымдамасы бекітілді, туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы әзірленуде, ал ең бастысы - «Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы» Заңы қабылданды. Мұнда туризм тұңғыш рет мемлекеттік экономикалық саласы ретінде айқындалды [3] . Республикамыздың көптеген көркем жерлерінде туристік базалар салынды. Қалалар өздерінің базарларымен көріне бастады. Минералды сулары бар жерлерде - санаторийлер тұрғызылды. Емдік туризмінің Қазақстанда дамуымен байланысты таулы туризмнің рөлі зор, яғни маңызды болып туристерге арналған түнеу объектілері салына бастады.

Туризм - қоғам молшылығын көрсететін индикатор болып табылатын халық шаруашылық салаларының жоғары табыста дамитын бөлігі. Бүгінгі туристік индустрия - салалар мен кэсіпорындардан қүралатын бос уақыт кезінде түрғындарға демалу мен қыдыру, тынығу секілді қызмет көрсететін біртүтас шаруашылық кешен.

Туризмнің дамуы экономика, транспорт, байланыс, құрылыс, ауылшаруашылығы, халықтың тұтыну тауарларын өндіру секілді салаларға тұрақты түрде әсер етеді жэне мемлекет экономикасының жоспарлы бағыттарының бірі болып саналады.

Туризмнің көмегімен табиғаттың қорғанысының проблемасын шешу нәтижесінде «экологиялық туризмнен» қысқартылып алынған «экотуризм» сөз тіркесі пайда болды. Алайда көптеген зерттеушілер белгілегендей «экотуризм» түсінігі ұзақ уақыт бойына жайылған шекараларды иеленген. Оған себеп бұл сөздің бастапқыда туристерді тарту үшін табиғатқа бағдарланған оның қорғанысына және демалыс үшін маркстологтар қолданған. Алайда шын мәнінде мұндай туроператорды қоршаған орта туралы толғаныс қамқорлығы аз қызықтыратын сондықтан да экотуризм идеясы ұзақ уақыт туризм теориктерінің скептикалық қарым-қатынасын тудыратын және тудырып та келеді [4] .

Сондықтан да экотуризмнің ең алғашқы зерттеушілерінің бірі В. В. Храбовченко былай деп жазған «экотуризм түсінігінің өзі экологиялық туризм» сөз тіркесіне қысқартылып алынған оның экология және ғылым ретіндегі көзқарасы тұрғысынан қаралуы әбден дұрыс емес. Экотуризмді Г. С. Гужек, М. Ю. Беликов және Е. В. Клеменко ұсынған жетісті. трактовкаларын ең біріншісі 1897ж. Шығып мынадай болған: «экотуризм негізінде қоршаған орта туралы қамқорлық жатыр». Бірінші жоспарда шектеулі қатысушылар саны мен саяхат ұйымдастырылуы қойылады. Мәдени мүддені ұсынатын қорғаныс пен табиғи ресурстарын рационалды қолдануының әртүрлі проектерінің тарату мақсатымен болады. Аталған анықтама экотуризм халықаралық ұйымы мен ортақ нәрселері бар: экотуризм «табиғи зоналарға, облыстарға қоршаған ортаны сақтап және жергілікті, тұрғындардың игіліктеріне қолдау көрсететін Отандық саяхаттар».

Әлемнің әртүрлі аймақтарында өткізілетін табиғаттың қорғаныс кештерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, ең алдымен айтар болсаң таулы аймақтарда, «жермен емес адамдармен» жүргізілуі қажет жұмыстарды қарастыру, жергілікті тұрғындардың қоршаған ортаны құру және басқаруда белсенділіктерін стимулдау қажет. Осы аталған компоненттердің бірі болмаған жағдайда экотуризм жайында сөз қозғаудың қажеті жоқ.

Туризмнің бір саласы ретінде экотуризм жөнінде келесідей анықтамалар берілген:

Экологиялық туризм - экологиялық тұрақтылық принципімен жүзеге асырылатын ағарту және экологиялық білім беру бағдарламаларын жүргізетін табиғи-бағытталған туризм [5] .

Экологиялық туризм - экожүйе аймағына зиян тигізбей, табиғи орта мен жергілікті мәдениетті тереңнен түсіну мақсатымен табиғи аумақта серуендеу [6] .

Экологиялық туризм - қоршаған ортаға төменгі дәрежеде ықпал ететін, этикалық нормаға сәйкес жабайы табиғатты тануға бағытталған табиғи туризмнің экологиялық тұрақты формасы. Бұл форма ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда дамиды және осы аумақты сақтауға қаржы алуға мүмкіндік бар.

Экологиялық туризм - табиғатты қорғау мен дамытуға мүмкіндік береді, мүнда үйымдастыру және басқару қызметтеріне сәйкес туристік қызметтер мен биоалуандылық және жергілікті тұрғындар арасында тығыз байланыс орнайды.

Экотуризмнің басты критерийлері [7] :

  1. Экотуризм негізінен табиғатқа бағытталу керек және негізінен керек табиғи ресурстарды пайдалану;
  2. Экологиялық тұрақты болу керек, яғни адамның тұрғылықты ортасына зиян келтірмеу немесе зиян келтіру дәрежесін минимизациялау;
  3. Экологиялық білім беру мен танымдылыққа бағытталу керек және адам мен табиғат арасында толыққанды қарым-қатынастың құрылуына ықпалын тигізу керек;
  4. Жергілікті әлеуметтік-мәдени ортаның сақталуын өз қарамағына алу керек;
  5. Өзінің болған аймақтарында экономикалық эффективті және олардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету керек.

Сурет - 1 Экологиялық туризмнің басты критерийлері

Осы бес критерий экологиялық турларды басқа экологиялық емес турлардан айыру үшін жеткілікті.

Алдында айтылып кеткендей «экотуризм» термині жақында пайда болған, бірақ демалыс түрі ретінде көптеген жылдар бұрын, нақтырақ айта кететін болсақ XIX ғасырдың басында европалықтар Африка мен Үндістанда жабайы өмірді (сафари) көру мақсатымен саяхаттап жүрген кезде пайда болған. Ең бірінші американдық ұйымдастырылған орнитологиялық турлар XX ғасырдың басында пайда болған, ал Европада бірінші орнитологиялық сапарлар 1961 жылы пайда болды.

Табиғатты қорғаудың халықаралық Одағы экотуризмге келесідей түсінік береді: "экотуризм - табиғат кешеніне зиян әкелмейтін табиғаттағы рекреация мен туризмнің кез-келген түрлері, ол табиғатты қорғауға және жергілікті тұрғындардың жағдайын жақсартуға әсер етеді".

Жоғарыда берілген анықтамаларды толықтыра келіп, экотуризмді "табиғатпен қарым-қатынасты жақсартады және табиғатпен мәдениетке теріс әсерлерді болдырмай, табиғатты қоргау мен әлеуметтік-экономикалық дамуға жол ашады" деп көрсетуге болады. Осы жағдайда экотуризм қорғалатын аумақтардың түрақты дамуының факторы болып саналады.

Отандық және шетелдік ақпарат көздерінде экологиялық туризмге әр түрлі анықтама беріледі: «жасыл туризм», «техникаландырылмаған туризм», «табиғатқа жақындатылған», «бейімделген туризм» [8] . Әрине, «экологиялық туризм» ұғымы жер шарының адам аяғы баспаған, әрі пайдаланылмаған жерлерімен саяхат жасауды ғана білдірмейді. Қазіргі уақытта бұл ұғым кең ауқымды қамтиды. Ол экологиялық туризмнің басты мақсатымен анықталады: табиғатпен бірігу, оның түпкілікті маңызын ұғыну және қорғау қажеттілігін түсіну. Сондықтан туризмді адамзаттың «ашық» ортада болуымен сипаттауға болады. Сонымен қатар оның көркемдік, экзотикалық, қайталанбас табиғат құбылыстары мен объектілер арасындағы тығыз байланысты білдіретін, адамның ғылыми аймақтанушылық қажеттіліктерін қанағаттандыруын білдіруге болатынын айта кетуіміз керек. Экологиялық туризмнің басқа туризмдерден принциптік айырмашылығы - табиғатта туристердің берілген тәртіпке бағынуы, табиғи ландшафттарды шамадан тыс ластаудан қорғау және индустриялық туризм дамуының басты шарты болып табылатын табиғи ресурстардың деградациясын болдырмау. Бүкіл әлемге танымал болып келе жатқан экологиялық туризмді жалпы туризмнің тұрақты дамуының және де мәдени, табиғи ресурстарды қолданудың экологиялық қауіпсіз әдісі ретінде қарастыруға болады. Экологиялық туризмнің объектілері табиғи аймақтар, тарихи ескерткіштер, ғылыми және білім беруде қолданылатын мәдени және архитектуралық ескерткіштер болып табылады. Бұл экологиялық туризмнің жан-жақты болуын қамтамасыз етеді.

Жоғарыда көріп отырғанымыздай, барлық анықтамаларда да экотуризм бір мақсатқа бағытталған (экологиялық білім беру және табиғи ортаға теріс ықпалдарды болдырмау мен әлеуметтік-экономикалық даму) . Басқаша сөзбен айтқанда, "экотуризм - түрақты және табиғи-бағытталған туризм мен рекреация" [9] . Туризмдегі тұрақтылық экологиялық, әлеуметтік-мәдени, экономикалық жақтармен түсіндіріледі. Сондықтан да, экотуризмнің ерекшелігі - ол адамның табиғатпен дұрыс қарым-қатынаста болуын қамтамасыз етеді жэне экологияға, мәдениетпен эстетикаға теріс салдардың алдын-алады, туристік элуеттің табиғат игілігі және қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін, қызмет етуіне мүмкіндік береді.

ЕҚТА-да туризмнен (экотуризм) алынатын экономикалық тиімдерді бағалау жөнінде еңбектер өте аз. Бұл әрине экотуризм жайындағы жинақталған мәліметтердің жоқтығымен түсіндіріледі [10] . Бұл мәселені шешу үшін, Филион (1992) келесідей туристік статистиканы пайдалануды ұсынды: табиғи ортамен байланысты, туризм бойынша аймақтық зерттеулерді жүргізу; экотуризмді бағалау бойынша барлық мәліметтерді жинақтау; Әлемдік Туристік Ұйымдарға (ӘТҰ) осы жұмыстарды ұсыну [11] .

ӘТҰ-дағы экотуризмнің жақын масштабын анықтау үшін келесідей қорытынды жасалды: экотуризм халықаралық туризмнің 40-60%-ын қүрайды; жабайы табиғатпен байланысты, туризм халықаралық туризмнен 20-40%-ын құрайды [12] .

ЕҚТА саласында экотуризмді дұрыс ұйымдастырып, дамыту нәтижесінде ол маңызды бизнес көзіне айналады [13] . Мысалы, статистика бойынша, 1988 жылы әлемде 376 млн. туристердің 157 млн-ы жабайы табиғат аумағында демалған. Егер бүл бағаны ӘТҰ мәліметтерімен бағаласақ, онда 1988 жылы бүл туризм әрбір елдің экономикасына 93-тен 233 млрд. доллар, жабайы табиғатпен байланысты экотуризмге 47-155 млрд. долларға дейінгі пайда әкелген. Ал 1998 жылғы экотуризммен байланысты табыс 150 млрд. долларды құраған. Филионның есептеуінше, жабайы табиғатпен байланысты туризм (экотуризм) ішкі туризмнің 1/4 бөлігін қүрайды, сондықтан барлық мемлекет экотуризм саласына кеңінен көңіл аударса, онда туризм сол елдің ұлттық табысына 660-тан 1, 2 трлн. долларға дейінгі табысты әкелер еді деп есептейді [14] .

Экотуризмнің дамуы - табиғи рекреациялық ресурстарды пайдаланусыз мүмкін емес, яғни келуші туристерге әсем де көркем жерлерді көрсетуді жоспарлап отырып, ең бастысы олардың денсаулығын түзулейтін Тәңірдің берген табиғи байлықтарды пайдалана отырып, мол нәтижеге жету мүмкіндіктеріне қолжеткізуді қамтамасыз ету қажет, орналасатын жерлерін, түнеу базаларын жақсартып дайындап, жоғары сапада қызмет көрсетілуі қажет [15] .

20 ғасырдың соңғы онжылдықтарында көпшілік туризмінің экологиялық туризм бағыты қарқынды даму үстінде. Ресей ғалымы А. В. Дроздов экологиялық туризмді табиғатқа бағытталған топқа жатқызып, оны 2-ге бөледі: 1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы экологиялық туризм; 2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан тыс экологиялық туризм.

Экологиялық туризм Қазақстан үшін жаңа әрі жан-жақты бағыт болып табылады. Ерекше қорғалатын аумақтарға қойылатын талаптар мен әлемдік тәжірибеге сәйкес Қазақстан Республикасының заңдары мен Үкіметтің нормативтік құжаттары ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, оның ішінде жоғары категориялы қорықтық режиммен де туристік және рекреациялық мақсатта қолдануға рұқсат береді. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңның 39 бап, 5 тармағында мемлекеттік табиғи қорықтың негізгі қызметінің бірі - мемлекеттік табиғи қорық және оның қорықтық зонасын экологиялық-ағарту, ғылыми және шектеулі түрде туристік мақсатқа пайдалануды реттеу болып табылады [16] .

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек экологиялық туризм әлемдік туристік нарықтың 23% алады, ал оның даму қарқыны туризм индустриясының басқа салаларынан әлдеқайда алда.

Экологиялық туризмнің құрылуы және дамуымен бірге оның басқа туризм жақындау процессі байқалады. Табиғатқа жақындау процессі көпшілік туризмде де байқалады. Жағажай демалысы, круиздер, іс-сапарлар және т. б. түрлеріне жиі табиғи және ұлттық-этнографиялық саябақтарға бару кіреді. Соған байланысты экологиялық туризмнің шекаралары анық емес және нақты сипаттауаға келмейді.

Бірақ менің ойымша экологиялық туризмді және жалпы оның секторын бүкіл туризм индустриясы салаларынан айыру үшін негізгі екі жолы бар.

Біріншісінде міндетті түрде сапардың ішінде жабайы табиғаттың болуы. Соған байланысты авторлардың көбі табиғат пен жергілікті мәдениет арасындағы шекара өткізу қиыншылығынан соңғысын табиғатпен бірге экотуризм обьектілеріне қосады. Бірақ бұл жағдайда да бұл анықтаманың сиымдылығы сарқылмайды. Антропогендік территорияларда демалу мақсатындағы туризм түрі кең тараған. Бұл негізінен дамыған мемлекеттерге тән. Оның ішіне агротуризм де кіреді.

Екінші жолында экотуризм бұл басқа дәстүрлі туризм түрлерінен ресурс сиымдылығы аз бола тұра, қолданылатын табиғи және басқа да ресурстарды деградацияға ұшыратпайды. Бұл жерде «экологиялық» термині - «тұрақты» сөзіне теңестіріледі.

Туризм тұрақтылығына, одан түскен табыстың (пайданың) белгілі бір бөлігін ресурстардың қайта қалпына келтіруіне, қорғауға және туристік ресурстардың сапасы мен қоршаған ортаға жағымсыз яғни зиян тигізетін процесстерді ликвидациялауға жұмсалғанда ғана жетеді.

Экологиялық туризмнің пайда болуы және оның дамуы адамдардың, ең бастысы табиғатпен тілдесуге, оның обьектілері мен құбылыстарымен танысуға және қоршаған ортада болатын өзгерістерді минимизациялауға талпынуымен түсіндіріледі.

Қоршаған орта мен жалпы туризм арасында екіжақты байланыс бар. Экологиялық туризмде - табиғатты қорғауға туристтердің өзі де және туристік ұйымдар да талпынады; соңғылары өздерінің қызмет көрсетулерін алға жылжытуға байланысты, олардың ішіне сапалы қызмет көрсету, табиғи территориаларды жақсарту, жануарлар мен өсімдіктердің популяциасын қайта жаңғырту кіреді, себебі шынайы табиғи орта туристтердің арасында үлкен сұранысқа ие.

1. 2 Экотуризмнің түрлері

Қазіргі таңда экотуризм және экотурлардың 4 түрін бөліп қарастырады. Олар [17] :

  • Ғылыми туризм. Бұл жерде туристер табиғаттың әртүрлі зерттеулеріне қатысып бақылаула жүргізеді. Мысал Латын Америкасындағы курстардың іс-әрекетттеріне жүргізілген бақылау мен байланысты экотурлар кеңінен белгілі. Ғылыми туризмге шетелдік ғылыми зертеу

Сурет-2. Экологиялық туризмнің түрлері

  • экспеденциялары жатады, сондай-ақ студенттердің далалық практикалары да жатады.
  • Табиғаттың тарихы туралы. Бұл қоршаған ортаны танумен байланысты саяхаттар олар көбінде қорықтар мен ұлттық саябақтардың територяларында ұйымдастырылады. Бұл жерге оқушылардың саяхаттары да жатады. Повладардың оңтүстік - батысында көркем баянауыл таулары созылып жатыр. Онда 1926ж П. Л. Драйверд профессоры полеалит дәуірінің кең үңгірін тапқан. Ол қазір осы кісінің есімімен аталады. Қазір тауда бұл үңгірін кез - келген адам барып көре алады. Алайда сауатты экскурсоводтың бара болуымен мұндай экскурсия өткен заманға айтарлықтай экскурссия жасауға айналады.
  • Оқиғалы туризм. Бұл туризм түрі табиғатқа еркін белсенді әдістермен қозғалыс жасаулармен байланысты барлық саяхаттарды біріктіреді, олардың мақсаты жаңа сезінулер мен әсер алуларды болып табылады. Бұл жерге альпинизм, скалалазание, жаяу және тау туризмі, су шаңғы және таулы шаңгы, ат туризмі жатады.

• Табиғи резервтермен саяхат және ерекше қорғалатын табиғи территориялар көптеген туристтерді қызықтырады.

Ерекше қорғалатын табиғи территорияларға қазіргі таңда қорықтар, ұлттық парктер, ескерткіш саябақтары, табиғаттағы мұражайлар, заказниктер, табиғат ескерткіштері жатады.

Экологиялық туризмнің ең өзекті бағыттары [18] :

  • танушылық;
  • ғылыми;
  • спорттық.

Сурет - 3. Экотуризмнің бағыттары.

Қазақстанның табиғи климаттық зоналары және ғылыми бағытта экологиялық туризмнің ерекше формасы «экстремальды туризмді» дамытуға мүмкіндік береді. Бұл адам аяғы баспаған және адам өмір сүруге бейімделмеген аймақтарға экстремальды жағдайларда тіршілік теу және өзін-өзі ұстау стратегиясын қалыптастыру мақсатында саяхат жүргізу. Экологиялық туризмді дамыту үшін әр түрлі табиғат ресурстары қажет. Осындай жағдай туриз жұмыстарын территориялық аймағын және олардың қай бағытта жұмыс жасау қажет екендігін анықтайды.

Экологиялық туризмнің ресурстары [19] :

-табиғи-климаттық факторлар: рельеф, су объектілері, флора және фауна, ерекше және қызықты қарапайым табиғи аймақтар;

-тарихи-мәдени ескерткіштер:белгілі бір аймақтағы адамзаььың материалдық және рухани мәдениеті, айналадағы ортамен тығыз байланысты тарихи, археологиялық ескерткіштері.

Экотуризм тұрақтылығына баға беру

ЭкотуризмобьектілеріТуризм тұрақтылығыныңградациялары:

Экотуризм

обьектілері

Туризм тұрақтылығының

градациялары

Жабайы табиғат: Жабайы табиғат
Жасандылар: Жасандылар
ЭкотуризмобьектілеріТуризм тұрақтылығыныңградациялары: тұрақты
Жабайы табиғат: жағымды
Жасандылар: жағымдылығы аз
ЭкотуризмобьектілеріТуризм тұрақтылығыныңградациялары: тұрақсыз
Жабайы табиғат: жағымдылығы аз
Жасандылар: жағымсыз

Кесте 1. Автор құрастырған. Экотуризм тұрақтылығына баға беру

1. 3 Экологиялық туризмнің негізгі мақсаты

- экологиялық білім, табиғатпен өзара қарым-қатынас мәдениетін арттыру;

- табиғи ортада этикалық нормаларды жасау, табиғаттың және оның жеке элементтерінің тағдыры үшін жеке жауаптылық сезіміне тәрбиелеу;

- адамның рухани және физикалық күштерін қалпына келтіру;

- табиғи жағдайдағы табғи ортада толыққанды демалысты қамтамасыз ету.

1. 4 Экологиялық туризмді дамытудың негізгі принциптері:

1) табиғатпен тілдесуді ынталандыру және қанағатандыру;

2) табиғатқа саяхат - бұл табиғатпен және де жергілікті халықтың салт -дәстүр, әдет -ғурпы, мәдениетімен, өмір сүру салтымен танысу;

3) табиғатқа кері қарым-қатынас, әсерді алдын-алу;

4) экологиялық тұрақтылықты қолдау, экологиялық және әлеуметтік-мәдениетке кері әсерлер нәтижесін төмендету;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық туризм географиясы
Туризмді дамытуға әр елдердің және Қазақстандағы туризм түрлерін дамытуға арналған перспективті бағдарламаларды талдау
Мобильді қосымшалардың қызметтері
Экологиялық туризмнің жіктелімі
Zhan Travel турфирмасы негізінде тұрақты туризмді дамыту жолдарын талдау
Қазақстанда баламалы туризмді дамыту әлеуеті
Экологиялық туризмнің ерекшелігі
Табиғи территорияларды қорғау ерекшеліктері
Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы
Баламалы туризмнің бір түріне туристік маршрут құрастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz