Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін реформалау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ - ГУМАНИТАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Мемлекеттік қызметті реформалаудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы аспектісі

Тексерген: Гүлнұр Рахымжанқызы
Орындаған: Ақбаян Бердібек

2020 ж
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін реформалау
Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс көптеген елдерде экономикалық және саяси сипаттағы бірқатар проблемалардың туындауына әкелді, саясаткерлер мен ғалымдардан қоғам мен әрбір адамның өміріндегі мемлекеттік басқарудың рөлін жаңаша бағалауды қажет етті.
Бүгінгі күні адамзат пен жекелей алғанда әрбір халықтың алдында тұрған мәселелердің күрделілігі мемлекеттік басқаруға қатысты өзге де тәсілдерді қолдануды талап етеді. Әлемдік тәжірибе дәлелдегендей, түрлі себептермен (нарықтың дамуы, демократиялық үдерістердің тереңдеуі және т.б) мемлекет рөлінің әлсіреуі дұрыс ұйымдастырылмауға, хаос, анархия, әлеуметтік қақтығыстар мен шиеленістерге әкеліп соғатыны белгілі. Бұны бірқатар елдердің қазіргі дағдарыс кезеңіндегі сәтсіз тәжірибесінен көруге болады. Жаңа талаптар мемлекетті өмірдің жаңаша талаптары мен жаңа өзгерістеріне бейімделуін қажет етеді. Дағдарыс жағдайларындағы мемлекеттің рөлі дағдарысқа қарсы шара қолданумен ғана шектелмейді, сонымен қатар, қаржы секторы мен экономикадағы дағдарыстық құбылыстарды ескере отырып, кешенді мемлекеттік саясат әзірлеуден көрінеді құқықтық және ұйымдастырушылық сипаттағы заманауи шешімдер мен нақты іс-әрекеттерін қабылдауды көздейді.
Қазіргі жағдайда кез келген мемлекет үшін ортақ мәселе - елдің ұзақ мерзімді даму мақсаттарына қол жеткізудің маңызды факторы ретінде мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құру болып отыр. Әкімшілік реформалар жүргізу бойынша шетелдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру басқару әдістері мен нысандарын өзгерту, басқару деңгейлері арасындағы функцияларды бөлу, сондай-ақ ұйымдық құрылымдарды жаңғырту және оларды жаңа міндеттермен сәйкестендіру арқылы жүргізіледі.

Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін реформалау.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу, халықтың және жеке тұлғаның тарапынан билікке деген сенімін нығайту маңызды міндет болып табылады. Қазіргі заман талабына жауап беру үшін мемлекет болып жатқан өзгерістерді негізге ала отырып, әкімшілік жүйесін реформалауға, саясаттың басымдықтарын айқындауға мәжбүр.
Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесін реформалау бірнеше кезеңдерден өтті, олардың әр қайсысының өз ерекшеліктері болды және олар сол кезеңде мемлекеттік шешуі тиіс міндеттермен айқындалады. Осылайша, тәуелсіздіктің бірінші онжылдығында мемлекетімізге елдің қоғамдық өмірінің барлық саласында болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесін жедел құруына тура келді.
Бұл кезеңде ауқымы үлкен командалық-салалық басқару құрылымы айтарлықтай қысқартылып, оңтайландырылды және нарықтық экономиканың талаптары мен жаңа саяси процестерге бейімделген мемлекеттік басқару жүйесі қалыптасты. Орталық басқару органдарын оңтайландыру негізінен әртүрлі мемлекеттік органдардың функцияларының қосарлануын болдырмауға, басқару буындарының санын азайтуға, сонымен қатар ведомствоаралық қарым-қатынас және жауапкершілік пен есеп берушілік мәселесін реттеуге мүмкіндік берді.
Қазақстанның мемлекеттік басқаруын одан әрі жетілдірудің негізгі бағыттары Қазақстан - 2030 Стратегиясында айқындалды. Дамудың осы кезеңінде стратегиялық міндетті табысты іске асыру негізі жоғары тиімді мемлекеттік басқару жүйесі болды. Бұл кезеңде мемлекеттік басқару жүйесінде бірқатар күрделі қайта құрулар жүргізілді. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Президенті 1999 жылғы 22 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы, 1999 жылғы 13 қазандағы Мемлекеттік органдарының құрылымын жетілдіру және олардың құзыреттерін нақтылау жөніндегі іс-шаралар туралы, 2000 жылғы 13 желтоқсандағы Жекелеген мемлекеттік органдарды қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы Жарлықтарға қол қойды.
Қайта құру жұмыстарының жүргізілгеніне қарамастан, мемлекеттік органдардың қызметінде шешімін таппаған мынадай мәселелер болды:
- мемлекеттік аппарат үлкен күйінде қалды;
- мемлекеттік басқарудың горизонтальдық және вертикальдық деңгейлерінде функциялардың қайталануы сақталды;
- бюджетаралық қатынастар саласында өзгеріс енгізу талап етілді;
- жекелеген мемлекеттік органдардың жұмысы ашық болмай қалды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы мәселелерді шешу үшін басқару және бюджетаралық қарым-қатынастарды жетілдіру деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату бағдарламасы дайындалды. Бағдарламада Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару жүйесін реформалауды жүргізу барысында негізге алынатын қағидаттар бекітілді. Оның ішінде ең негізгілері: мемлекеттік басқарудағы тікелей және жанама басқарудың ара жігін нақты ажырату; құрылымдардың қайталануын болдырмау; мемлекеттік басқару функцияларын тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету; мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру; бюджеттік мәселелермен бірге өкілеттіктерді бөлу мәселелерін шешу; мемлекеттік органдардың бақылау функцияларын қысқарту және және т.б. болды.
2004 жылдың 17 қыркүйегінде әкімшілік реформаны өткізу бойынша өткен кеңесте Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізде кең ауқымды әкімшілік реформаның басталғаны туралы жариялады. Ол мемлекеттің дамуының жаңа кезеңінде мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың негізгі бағыттарын айқындап берді, атап айтқанда:
- орталық деңгейдегі мемлекеттік басқару құрылымын жетілдіру;
- мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату және жергілікті мемлекеттік басқару құрылымын реформалау.
Бұл мемлекеттік басқаруды орталықтандыруды, жергілікті билік органдарына жалпы мемлекеттік саясат шеңберінде жергілікті даму 133 мәселелерін дербес шешуді ұсынуды, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыруды көздейді;
- мемлекеттік басқаруды қағазбастылықтан арылту. Шаруашылық субьектілерін тіркеу рәсімін жеңілдету, бір терезе тиімді қағидатын енгізу, электрондық үкіметті қалыптастыру бойынша іс-шаралар кешені ұсынылды;
- мемлекеттік қызметті жетілдіру, ұлттық және шетелдік оқу орындары негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру.
Мемлекеттік қызметті жетілдіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. 2006 жылы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында әкімшілік реформа жүргізуді одан әрі дамыту идеясы Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік басқаруды корпоративтік басқару, транспаренттік және қоғам алдында есептілік қағидаттары негізінде жаңғырту туралы баяндамасында жалғасын тапты. Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметті жетілдіруге, мемлекеттік аппарат жұмысына ерекше назар аударды. Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілік реформаның басым бағыттарын анықтады және Үкіметке мынадай шараларды жүзеге асыруды тапсырды:
- мемлекеттік органдардың құрылымы, басқару шешімдерін қабылдау кезінде мемлекеттік органдардың жұмысын жетілдіру;
- мемлекеттік қызметшілердің еңбегінің нақты нәтижесі негізінде олардың жалақыларын арттыру;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасына қол жеткізу; - мемлекеттік органдар қызметінің рейтингін және бюджеттік процеске жаңа тәсілдерді енгізу;
- мемлекеттік аппараттың басқарушылығын, тұрақтылығы мен орнықтылығын арттыру;
- сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету; - мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және нығайту.
2004 жылы бастау алған әкімшілік реформа Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы Жарлығында анықталған қағидаттар негізінде жүзеге асырылғанын атап өткен жөн. Бұл кезеңдердің жүйелілігі мен кезектілігі; болжамды шешімдердің жүйелілігі мен реформалау бойынша қойылған міндеттердің кешенділігі; транспаренттілік; қабылданатын шешімдер мен барлық қатыстырылатын мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының тиімділігіне тұрақты мониторинг.
Осы кезеңде әкімшілік реформа бойынша іс-шаралар кешені іске асырылуына қарамастан, мемлекеттік басқару жүйесінде мынандай шешілмеген мәселелер қалды: сыбайлас жемқорлықтың болуы, ашықтық және айқындықтың болмауы, мемлекеттік органдар қызметінде қайталанудың болуы және және т.б. Сәйкесінше, реформаларды іске асыру тиімділігі мемлекеттік органдар жұмысының сапасына байланысты болатындықтан, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту бойынша жұмыстарды жалғастыру міндеті тұрды. Мемлекеттік қызметке аса талантты мамандарды тарту үшін жағдай жасау, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін жетілдіру, түпкі нәтижеге бағдарланған, мемлекеттік менеджменттің оңтайлы әдістерін енгізу ерекше мәнге ие болды. Осы міндеттерді шешу сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуі тиіс болды. Осы кезеңде функционалдық талдау негізінде мемлекеттік басқару құрылымдарын оңтайландыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру, мемлекеттік органдардың қызметін рейтингтік бағалауды енгізу жұмыстары жалғасты. Жыл сайын мемлекеттік басқаруды реформалаудың жаңа басымдықтары анықталып отырды. Ол қоғамдық өмірдің кез келген саласында мемлекеттік саясаттың өзгеруіне, дамудың жаңа мақсаттары мен міндеттерінді ілгерілетуге байланысты болды. Қазақстан үшін дамудың жаңа кезеңінде шешілетін міндеттердің күрделілігі мемлекеттік басқаруға қатысты өзге тәсілдерді қолдануды талап етті. Сондықтан, жаңа стратегиялық бағыттың басты мақсаттарының бірі мемлекеттілікті нығайту және қазақстандық демократияны дамыту болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан - 2050 Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру. Ол қоғамға қызмет ету мен мемлекеттілікті нығайтудың жаңа міндеттеріне сай болуы тиіс міндеті қойылды.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін негізгі міндеттер айқындалды, оларды табысты іске асыру көп жағдайда мемлекеттік басқарудың ұтымдылығы нәтижелілігіне, әрбір мемлекеттік орган мен мемлекеттік қызметшінің қызметіне байланысты. Бірінші кезектегі міндет, әкімшілік реформаның алдыңғы кезеңдеріндегідей, мемлекеттік қызметті одан әрі жетілдіру, кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру, жетілдірілген іріктеу рәсімдері мен кәсіби даярлықты енгізу арқылы штат, мемлекеттік қызметтің кадрлық құрамын жақсарту болды. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді тез әрі тиімді жүргізу, бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимылдың жаңа жүйесін қалыптастыру үшін мемлекеттік аппаратқа қойылатын талаптар күшейе түсті.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін реформалау жалпы алғанда мемлекеттік аппараттың тиімділігін қамтамасыз ету үшін жүргізілген, жүргізіліп жатқан және жүргізілетін болатын мемлекеттік басқару жүйесін реформалаумен тығыз байланысты.
Мемлекеттік қызмет саяси институт ретінде мемлекеттің маңызды негізі болып табылады. Мемлекеттік қызметсіз кез келген мемлекет бола алмайды. Сондықтан, қоғамның саяси институты ретінде пайда болысымен барлық мемлекеттер өз мемлекеттік қызметін қалыптастыруды бастайды.
Қазақстан Республикасы да тәуелсіздігін алғаннан сәттен бастап өз мемлекеттік қызметін белсенді құра бастады. Мемлекет құрылысының бастапқы кезеңінде мемлекеттік қызметтің негізін бұрынғы партиялықкеңестік мемлекеттік аппарат атқарды. Әрине, тәуелсіздік жағдайында егемен мемлекеттің жаңа болмысына сәйкес бұл аппараттың түрі өзгертілді, сонымен қатар өзінің қазақстандық мемлекеттік қызметін құру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Мемлекет пен қоғам өмірінде мемлекеттік қызметтің қажеттілігі мен маңыздылығы аталған институтты конституцияландыруға негіз болды. 135 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту тұжырымдамасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУ
Қазақстан Республикасының банктiк жүйесiнiң қалыптасуы
Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік - құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасының көлік саласын ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының саяси мемлекеттік
Қазақстанда жоғары білім беру жүйесін реформалаудың негізгі сатылары
Қазақстаңдағы мемлекеттік басқару жүйесіндегі орталықтаңдыру
Шетелдік серіктестердің қатысуымен ең жоғары халықаралық стандартарына сәйкес келетін ұлттық басқару мектебі құрылуы
Мемлкеттік билік жүйесі
Пәндер