Көгалды сұр топырақ


Нормативтік сілтемелер
Дипломдық жұмыста мына стандарттарға сілтеме жасалды:
ГОСТ 7. 1-84 Ақпарат, кітапхана және баспа ісі бойынша стандарттар жүйесі. Құжатты библиографиялық сипаттау. Жалпы талаптары мен құрастыру ережелері.
ГОСТ 7. 12 - 93 Ақпарат, кітапхана және баспа ісі бойынша стандарттар жүйесі. Библиографиялық жазу. Орыс тіліндегі сөздерді қысқарту. Жалпы талаптар мен ережелер.
ГОСТ 7. 54 - 88 Ақпарат, кітапхана және баспа ісі бойынша стандарттар жүйесі. Ғылыми-техникалық құжаттарда материалдар мен заттардың қасиеттері туралы сандық мәліметтерді беру. Жалпы талаптар.
ГОСТ 8. 417 - 81 Өлшеулер бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесі. Физикалық шамалардың бірліктері.
АНЫҚТАМАЛАР
Oсы дипломдық жұмыста мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады.
A. ө. - азық өлшемі, мал азығының қоректігін бағалау үшін белгіленген 1 кг сұлының қоректілігіне тең бірлік.
Бақылаулық көшетжай - селекциялық материалды стандартпен немесе аталық-аналықтарымен салыстыра отырып бастапқы сынақтан өткізу егістігі.
EТА - ең төменгі айырмашылық, шекті кездейсоқ ауытқулардың шекарасын көрсететін шама.
Үлгі - табиғи өсімдік түрлерінің, өндірісте пайдаланылатын сорттары мен будандарынан, селекциялық нөмірлерінен және басқа егістік материалдардан зерттеу мақсатында алынған тұқымның, арнайы көшетжайда өсірілген егісінің шектеулі бөлігі.
Өзгергіштік - өсімдік органдарының құрылысы мен қызметінде пайда болатын өзгерістердің пайыз арқылы өлшенуі.
Cорт - белгілі бір дақылдың селекциялық әдістермен сұрыпталған, нақты табиғи және өндірістік аймақта өсірілетін, биологиялық қасиеттері мен морфологиялық белгілері ұқсас өсімдіктер тобы.
Стандарт - тәжірибеде бақылау (эталон) ретінде қолданылатын нақты аймақтарда өндірістепайдалануға рұқсат етілген сорт. Белгілеулер және қысқартулара. қ. з. - ауада құрғақ зат.
г/см 3 - 1 куб сантиметр көлемде болатын грамм өлшеміндегі зат мөлшері.
ЕТА - ең төменгі айырма.
ж. е. - жылы егілген.
кг/га - 1 гектар ауданнан килограмм өлшемімен алынған зат немесе өнім мөлшері.
БӨИ - Бүкілресейлік өсімдік шаруашылығы институты.
БМИ - Бүкілресейлік мал азығы институты.
ЖамбылМОАШТС - Жамбыл мемлекеттік облыстық ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасы.
ҚазЕӨШҒЗИ - Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты.
ҚазМШЖӨҒЗИ - Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты.
lim - белгінің өзгермелілік шектері.
м 2 - шаршы метр.
м. қ. з. - мүлде құрғақ зат.
о С - Цельсий градусымен есептелген температура мөлшері.
ц/га - 1 гектардан центнер өлшемімен есептелген өнім мөлшері.
х - белгінің арифметикалық орташа мәні.
КІРІСПЕ
Тақырыптың көкейкестілігі. Жамбыл облысының экономикалық әлеуеті және топырақ-климат жағдайлары барлық ауыл шаруашылығы салаларын жоғары деңгейде дамытуға қолайлы. Сондықтан бұл өңір ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жөнінде республиканың аса ірі аграрлық орталықтарының бірі болып саналады. Мұндағы дәнді дақылдар, көкөністер және басқа ауыспалы егіс жүйелерінде мал азықтық жоңышқа егісі көп шоғырланған.
Облыста суармалы жерлерді пайдалану кей жағдайда су қорларының жеткіліксіздігімен шектеліп келеді. Жоңышқаның тәлімі жерде де жақсы өнім беретіні осы жағдаймен оңтайлы қабысады. Бұған қоса, облыстың жоңышқа өсіретін әртүрлі аймақтарының ерекшеліктеріне және әр жылдың ауа райы жағдайларына сай ауыспалы егіс түрлерін таңдауды және олардың тұқым себу мерзімі мен мөлшерін реттеп отыруды мұқият ескеру қажет. Өйткені табансу деңгейінің өңделетін топырақ қабатына жақын жатуы салдарынан екінші тұздану құбылыстары кездеседі. Топырақтың тұздануымен күресуде ең тиімді дақыл жоңышқа. Сондықтан осыған лайықты жоңышқа сорттарымен қатар үнемді өсіру тәсілдерін де өндіріске енгізу қажет.
Өңірдегі жаңадан ұйымдастырылған шағын және кооперацияланған ірі агроқұрылымдарда егіншіліктің ғылыми негізделген жүйесін тиімді пайдалану арқылы жоңышқаның пішен өнімін арттыруға болады. Бұл жүйені қалыптастыру үшін ауыспалы егістерді енгізу, әр жылдың ауа райы ерекшеліктеріне байланысты топырақ өңдеудің және тұқым себудің тиімді технологияларын пайдалану керек. Мұнда да дақылдардың ауыспалы егісінде топырақ құнарын арттыра түсетін басты дақыл жоңышқа екені белгілі.
Жамбыл облысы егіншілігінің жоғарыда аталған аса маңызды мәселелерінің бір шешімі жоңышқамен тығыз байланысты болатынына дәлелдер жеткілікті. Өндіріс кәсіпорындарында осы дақылдың өнімді сорттарын және оларды үнемді өсіру тәсілдерін пайдаланудың маңызы арта түсуде. Үнемді технологиялардың басты құрамдастарының бірі дақылдың тұқым себу тәсілдері мен мөлшерлері болып табылады. Сондықтан жоңышқаның тұқым себу мөлшерлерінің пішен өнімділігіне әсері бойынша сұрақтарды зерттеуге арналған жұмыс тақырыбы көкейкесті болып табылады.
Зерттеулердің мақсаты - Жамбыл облысы Жамбыл ауданының тәлімі жағдайында жоңышқаның тұқым өнімділігіне тұқым себу мөлшерлерінің әсерін және пішен өнімділігі бойынша сорттарын бағалау болып табылады.
Зерттеулердің міндеттері:
- тұқым себу мөлшерлеріне байланысты жоңышқаның тұқым өнімін қалыптастыру ерекшеліктерін анықтау;
- жоңышқа сорттарының пішен өнімділігі және басқа шаруашылық-құнды белгілері мен қасиеттерінің өзгерушілігін талдау;
- жоңышқаны тұқым өндіру үшін өсіргенде тұқым себу мөлшерлерінің экономикалық тиімділігін есептеу;
- «Өсімтал» сортының пішен өндіру үшін пайдаланған жағдайдағы есептік салыстырмалы экономикалық тиімділігін анықтау;
- танаптық жұмыс барысында еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын бағалау.
Жұмыстың ғылыми және іс-тәжірибелік құндылығы. Жүргізілген зерттеулердің ғылыми жаңалығы - алғаш рет Жамбыл облысы Жамбыл ауданының тау бөктерлік шөлді-далалық аймағы жағдайында жоңышқа сорттарының тұқым өнімділігіне және басқа шаруашылық-құнды белгілері мен қасиеттеріне тұқым себу мөлшерлерінің әсері бағалануы.
Оған қоса, жоңышқа сорттарының Жамбыл облысы Жамбыл ауданының тау бөктерлік шөлді-далалық аймағы жағдайында пішен өнімділігі және басқа шаруашылық-құнды белгілері мен қасиеттерінің анықталуын да зерттеулердің ғылыми жаңалығы ретніде атауға болады.
Зерттеулердің практикалық құндылығы жоңышқа сорттарының үнемді тұқым себу мөлшерінің өндірісте пайдалануға ұсынылуы болып табылады.
Дипломдық жұмыстың көлемі компьютермен терілген 62 бет. Онда дипломдық жұмысты ресімдеу ережелерінде көрсетілген міндетті түрде болуы тиіс мәліметтер, кіріспе, 5 бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі 47 атау, с. і. 14 шетел тілінде, сондай-ақ 20 кесте, 3 сурет берілген.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Жоңышқаның ерекшеліктері, сорттары және шаруашылық-құнды белгілері (әдебиетке шолу)
1. 1 Оңтүстік Қазақстан аймақтарында пайдаланылатын жоңышқаның түрлері мен сорттарының биологиялық ерекшеліктері және өнімділігі
Жоңышқа (Medicago) өсімдіктер патшалығының, жабықтұқымдылар бөлімі, қосжарнақтылар класы, бұршақгүлділер отряды, бұршақтұқымдастар түртармағына жатады. Ол 60 ботаникалық түрді біріктіреді. Түрлерінің көп болуына байланысты оны классификациялау оңай болмаған. Жоңышқаның алғашқы систематикасын C. Bauhin (1620) және R. Morrison (1685) жасаған. Medicago туыстығын бөлек алып, J. P. Tournefort 1700 жылы 46 түрге бөлген. Ал К. Линней болса (1753) жоңышқа туыстығын 21 түрге біріктірген [1] .
Сонымен қатар, А. А. Гроссейм, Е. Н. Синская, П. А. Лубенец және А. И. Ивановтың жоңышқа тіршілігін зерттеуге арналған еңбектері үлкен рөл атқарады. Қазіргі кезде ботаниктердің, селекционерлердің және өсімдіктанушылардың қолдауымен жоңышқаның көпжылдық түрлері өз алдына классификацияланатын болды.
Жоңышқаның морфологиясы. Бұл дақылдың әртүрлі сорттары морфологиялық құрылысына байланысты ұқсас болып келеді. Тамыр құрылысы кіндік тамырлы және шашақты; сорттарына байланысты негізгі тамыр айқын білінеді. 1-ші жылы 5 метрге дейін өседі, келесі жылдары 15-21 метрге дейінгі тереңдікке бойлайды. Тамырдың негізгі массасы (70-80%) 0-50 см топырақ қабатында орналасады. Тамырдың майда әрі жіңішке бөліктерінде азот жинағыш түйнек бактериялары орналасқан. Олар әр түйнекте 3-4 мм мөлшерде шоғырланған, қызғылт немесе ашық-қоңыр түсті.
Тамырдың ең маңызды бөлігі сабақ пен төменгі бөлім арасында орналасқан тамыр мойыны. Онда қоректік заттар қоры сақталады. Жыл өткен сайын 10 см-ге тереңдей береді, бұл оның суыққа төзімділігін арттырады. Тамырдың жақсы дамитын кезеңі ол 2-3 жылы. Бұл мезгілде жоңышқа 60-100 ц/га тамыр массасын қалдырады, ол 30-40 т қи енгізгенмен бірдей мөлшерде. Бұтағы (түбі) . Жоңышқада тамыр мойынынан тарамданған бұтақтар дамиды [2, 3, 4, 5] .
Бұтақтарының формасы әртүрлі (тік, жартылай тік немесе жатаған) . Жоңышқа сабағы шөпті, бұтақты, көлденең орналасқан домалақ немесе төртбұрышты, жалаңаш, паренхимамен толтырылған, жақсы жапырақтанған. Жоңышқаның жапырақ үлесі тіршілігінің 1-ші жылы жерүсті бөлігінде 50%, 2-3 жылдары 40% құрайды. Түйіндерің саны мен ұзындығы топырақ-климат жағдайларына байланысты болады. Егер температура жоғары болса, вегетация кезеңінде тез дамиды, буынаралықтары аз әрі қысқа болады [3, 4] .
Жоңышқаның алғашқы орымдық пішенінде сабақтардың буынаралығы ұзын және саны жағынан көп болады, сонымен қатар түрлері мен сорттарында да ерекшеліктер байқалады. Өсімдік биіктігі себілген жылы 50 см дейін жетсе, ал екінші және үшінші жылдары 100-150 см дейін жетеді. Егер ол кеңқатар аралығымен сирек себілсе, қолайлы ортада 200 шақты жапырақтанған сабақ алуға болады. Жоңышқа сабағы өсімдік бойының төменгі жағынан жоғарғы бөлігіне дейін тарамдалады. Сабағының 3 түрі болады: генеративтік, вегетативтік ұзын және вегетативтік қысқа. Гүлдену және тұқымдану фазасынан кейін өркені қурап қалады, ал жаңа өркендер келесі жылы шабындықтан кейін қалпына келеді. Яғни шабылғаннан кейін өсімдіктің жерүсті мүшелерінің орнында өркен пайда болады [4, 5] .
Жапырағы - үшқұлақты, теріс тұрған жұмыртқа, сопақ, ұзынша, дөңгелек пошымды, сабақта кезектесіп орналасады. Жапырақтың үстіңгі жағы тілімделген, жиегі үшкір. Оның пошымы өсімдік бойында әртүрлі боп келеді. Бұл өсімдік биіктігі мен жапырақтың сабақта орналасуына да байланысты. Жапырақшалары ұсақ, олардың саны кең таралған сорттарда орташа деңгейде болады. Олардың пошымы эллипс немесе жұмыртқа тәрізді, кейде домалақ құрылғандары да кездеседі. Өсімдіктің төменгі бөлігінде ланцетті және жұмыртқа тәрізді формалары көбірек кездессе, жоғары бөлігінде ұзынша түрлері көп шоғырланған. Жапырақ түсі ашық-жасыл және қою-жасыл болады; өсімдіктің төменгі бөлігінде жапырақ қалыңдығы жұқа болғандықтан пассивті сұр рең пайда болады [6, 7, 8, 9, 10] .
Жоңышқаның гүлшоғыры - көп гүлді шашақ. Оның ұзындығы 5-8 см. Шашағы ұзарған, цилиндр тәрізді, домалақ және осы формалардың арасында болады. Әр шашақта 20-40 гүлшоғыр, әр гүлшоғырда 10-20 гүлден кездеседі. Гүлі - ұшталған 5 жасыл жеке жапырағы бар гүл тостағаншасы және 5 бұршақ дәннен, 10 аталық - оның ішінде 9 қосылып өскен колонка, береуі гүлшоғырға жанасып жеке өседі. Жоңышқа гүлдерінің басқа өсімдіктердікінен басты айырмашылығы гүлшоғырында бүршік болуы. Сондықтан гүл ұдайы ашық тұрады [10, 11] .
Жоңышқа негізінен айқас тозаңданады, сонымен қатар өздігінен де тозаңдану кездеседі. Гүл тәжінің ашық, күлгін, ақшыл көк, сары түсті болады. Гүл тәжінің түсі жоңышқа түріне ғана байланысты [10] .
Жоңышқа жемісі - көп тұқымды бұршақ; түріне байланысты әртүрлі пішінді болады. Сары жоңышқада бұршағы орақ тәрізді, 2-3 тұқымды; көк жоңышқада спираль тәрізді 5-7 тұқымды болады. Пісіп жетілгенде тұқымы ашық қоңыр, қара қоңыр түсті болады. Тұқымы жарылып жерге шашылып қалады, мұның алдын-алу үшін уақытында жинап алу керек. Тұқымы - жоңышқа дәні өте майда, бүйрек тәрізді, үрмебұршақ тәрізді, домалақ, жалпақтау болады. Түсі сары, ашық-қоңыр немесе күңгірт. Көк немесе көк-гибоидті жоңышқада бүйрек тәрізді, сары түсті, ұзындығы 2, 5 мм-ге дейін жететін болса, сары жоңышқада жүректәрізді қоңыр-сары түсті, ұзындығы 2, 5 мм, ені 1, 4 мм, биіктігі 0, 9 мм болады, ал көк жоңышқа сары жоңышқадан сәл кішкентай болады. 1000 дәннің салмағы егістік жоңышқада 1, 3-2, 5 г, жабайы жоңышқада 0, 7-1, 5 г [12, 13, 14, 15] .
Жоңышқа органогенезі. Жоңышқа мәңгі жасыл өсімдіктер тобына жатады. Жемісі немесе тұқымы піскеннен кейін өсімдік өркені түгелдей немесе жартылай жойылып кетеді. Вегетациялық кезеңінің соңына қарай тек қана өміршең бүршіктері қалады, олардан келесі жылы жас өркендер пайда болады. Осы мүшелерінің арқасында жоңышқада жыл сайын өркендері заңды түрде өркен алмасу процесі жүріп жатады. Жоңышқаның әр өркенінің өсіп-дамуы біржылдық өсімдктерге өте ұқсас болады, бұлардың айырмашылығы біржылдық өсімдіктер вегетация кезеңінің аяғында жер асты және жер үсті мүшелері түгелдей қурап қалатын болса, көпжылдық өсімдіктерде тек жер үсті мүшелері ғана қурап қалады [13, 14] .
Жоңышқа онтогенезінің вегетативтік және генеративтік мүшелерінің морфологиялық өзгеру заңдылығы біржылдық өсімдіктерден өзгешелеу фенологиялық фазалар мен органогенез кезеңдерімен түсіндіріледі. Жоңышқаның өсуі мен дамуы мынадай фазалардан тұрады: себілген жылы өну, сабақтану, бүршіктену, гүлдену, бұршақтарының дамуы, келесі жылдары тіршілігі көктеуден басталған органогенезі 12 кезеңмен өтеді [10] :
- бірінші кезең - өсу конусының және алғашқы бүршіктенудің қалыптасуымен сипатталады. Бүршік шыққаннан дәннің өсуіне дейін өркендер қалыптасады. Вегетативті қайта өсу басталғанда бұл кезең бүршік қалыптасумен басталып жапырақ шыққанда аяқталады;
- екінші кезең - бұл кезеңнің бірінші кезеңнен айырмашылығы интенсивті түрде сабақ, жапырақ, жанама сабақтардың пайда болуы айқын білінеді. Сонымен қатар бұл кезеңде органогенезде вегетативті бүршіктер орналасуы өтеді. Өсу конусының қарқындылығы жоңышқа органогенезіндегі вегетативті көбею мен көпжылдық қасиетіне байланысты болады. Екінші кезеңнің тағы бір ерекшелігі генеративті дамуға өту үшін қор заттарының жиналуы;
- үшінші кезең - бұл кезең өсу конусының ұлғаюымен және жапырақтанумен сипатталады;
- төртінші кезеңде жоңышқаның гүлдеу фазасына сәйкес:
- бесінші кезең - гүлдері айқын білінеді. Осы кезең басталарда гүл төбешігі айқын көрінеді. Сонымен қатар, осы кезеңде археспориалды жасушалар қалыптасады;
- алтыншы кезең - тіршілігінің келесі жылы өтеді және бұл кезеңде бір ядролы тозаң қалыптасады;
- жетінші кезеңде жоғарғы қабат мүшелері, аталық, аналық, гүлсағақ секілді мүшелер жоғары қарқынмен өседі;
- сегізінші кезеңде түгелімен бүршіктену фазасы өтеді;
- тоғызыншы кезең - гүлдену және тозаңдану. Гүлдену алдында жоңышқа гүлтәжі ерекше түске боялады;
- оныншы кезеңде ұрықтану, бұршақтану үрдістері өтеді. Осы кезде жоңышқа жемісінің қарқынды өсуі байқалады;
- он бірінші кезеңде тұқым жарнағы қоректік заттар жинайды;
- он екінші кезең - бұршаққын мен тұқымның жетілуімен сипатталады.
Жоңышқа экологиясы. Жоңышқаның өсу ареалының әртүрлілігі және аудандастырылған түрлерінің көп болуы бұл өсімдіктің әр түрлі ортаға бейім келетінің көрсетеді [10] .
Температураға талабы - жоңышқа әртүрлі ауа-райы жағдаларына төзімді. Оның тұқымының көктеуі 1 °С басталады. Егер температура 10 °С көрсетсе, 8-10 тәулік ішінде көктейді. Негізінен көктеуге оңтайлы температура 15-20 °С. Жоңышқаның тұқымында қалың су өтпейтін қабық болады. Сондықтан тұқым топырақта ұзақ уақыт бөртіп жатуы мүмкін. Оның алдын алу үшін тұқымды сепес бұрын скарификациялау қажет [10] .
Өсімдіктің өсуі тұқымның бөртіп, топыраққа тереңірек енуінен басталады. Осыдан кейін жарнақ жапырағы топырақ бетіне тұқым қабығымен қоса шығады. Бұл үрдіс өсу нүктесіне даму кеңістігін ұлғайтады. Вегетациялық кезеңнің басында алғашқы жарнақ жапырақ өсімдікте фотосинтез қызметін қамтамасыз етеді, ал негізгі жапырақ пайда болғанда олар қурап қалады. Ары қарай үш табақшалы жапырақ қалыптасады. Егер температура 5°С жетпесе, өсу тоқтайды. Жоңышқаның өскіні -5 °С суықққа шыдай алады, одан төмен болса өліп қалады. Суыққа төзімділік жағынан жоңышқа жайылымдық бедеден жоғары тұрады. Жоңышқаның суыққа төзімділігі жоғары сорттарының жапырақтары қабат-қабат қатпарланып тілінген пошымды, ал орташа деңгейдегілерінікі - жартылай көтеріліп өседі [10, 11] .
Жоңышқаның суыққа төзімділігі соңғы орып алу уақытымен есептеледі. Соңғы орақты суық түскеннен 30-40 күн бұрын бастау керек. Өйткені осы уақыт аралығында өсімдік ұзарып өсіп, қоректік заттарды бойына жинап үлгереді. Жоңышқаның көктемгі өнуі 7 0 С басталады. Суыққа төзімділік өнімді жинаудан бөлек, өсімдіктің жасына, қабығының терең орналасуына, тамыр мойынында қоректік заттардың жеткілікті болуына, топырақ типіне, топырақ тығыздығына, биологиялық сорт ерекшеліктеріне байланысты болады. Осы аталған факторлардың дұрыс есептелуі және дұрыс реттелуі өсімдіктің ұзақ өмір сүруі мен жақсы өнім беруіне байланысты болады [16, 17, 18] .
Егер температура 10-15 0 С болса, өсімдіктің белсенді өсуі байқалады. Органикалық заттардың биосинтезіне қолайлы температура күндіз 20-30 0 С, түнде 10-15 0 С. Егер температура күндіз 25 0 С болса өнімнің максималды түсімі байқалады, бірақ температура 35 0 С-қа жетсе өнім күрт төмендейтіні дәлелденген [17, 18] .
Жоңышқа жоғары температураға төзімді өсімдіктердің бірі. Ол 40 0 С дейін көтере алады. Сонымен қатар жоңышқаның тамыры -20 0 С көтере алады. Егер қар жамылғысының қалыңдығы 30-40 см болса, -40 0 С дейін көтереді. Қар жамылғысынсыз көк мұз және температураның кенет өзгеруі өсімдіктің тіршілігін жоюға алып келеді. Сонымен қатар өімдіктің өсуіне судың шамадан тыс көп болуы, құрғақшылық кері әсерін тигізеді, әсіресе, кеш орылған жағдайда [18] .
Ғалымдардың зерттеуі бойынша өсімдіктің жақсы түсіміне температура жиынтығы орташа 800-850 0 С болуы керек. Кейбір түрлерінде 1200-1300 0 С, кейде 1800 0 С дейін де жетеді екен. Жарық. Жоңышқа - жарық сүйгіш өсімдік. Жарық - фотосинтез процесі жүру үшін қажет, өйткені жоңышқаның 90-95% органикалық массасы фотосинтезге тәуелді. Сондықтан күн радиациясымен байланысты жарық режимі өсімдіктегі шабындық шөптің өсіп-өну және дамуына үлкен әсерін тигізеді. Әсіресе, жарыққа сезімталдығы ерте даму кезінде, гүлдеу және генеративті мүшелерінің қалыптасу кезінде күшті болады. Егер нағыз жапырақтар пайда бола бастағанда және тамыры бұтақтанғанда жарық жеткіліксіз болса, бұл жағдай тамыр жүйесінің дамуы мен келесі фазаларға өту уақытына кері әсерін тигізеді. Жалпы күніне 15-16 сағат және жиынтығы 40-60 мың люкс болған жағдайда жарық жеткілікті болып есептеледі [16, 17] .
Жоңышқаға тек қана жалпы жиынтығының жиналуы ғана емес, сонымен қатар жарықтың әр түрлі мүшелеріне енуіне, фоосинтез процесіне белсенді қатысуына қарай бағалайды. Сондықтан да топыраұ жамылғысы мейлінше жұқа, ал дән отырғызу сиретілген түрде болуы қажет. Ылғал. Жоңышқа тұқымының жақсы жетілуі үшін тұқымнан 120-130% артық су керек. Егер тұқымда 20-30% ғана ылғал болса тұқым өнбей қалады, 50% ылғал жағдайында 15% тұқым өнеді, сәйкесінше 70% - 60%, 100%-40%. Жоңышқа тұқымының оптималды топырақ ылғалдылығы 70-80%. Топырақтағы ылғал мөлшерінің артық болуы, тұқымның ауа және қышқыл жетіспеушілігіне ұшыратады [19, 20, 21] .
Вегетaциялық кезеңінің басында өсімдік суды көп талап етпегенімен, уақыт өтуімен оның өсуі және фотосинтезге қажеттілік себебінен суға деген сұраныс бірден артады. Жоңышқаның транспирациялық коэффиценті орташа есеппен 700-900мг/дм*сағ. Бұл көрсеткіш жағынан суды көп талап қоятын мақта өсімдігінен де жоғары. Жоңышқа топырақ ылғалдылығына мейлінше көп талап қойғанымен атмосфералық құрғақшылыққа төзімді келеді. Вегетациялық кезеңінің фазаларының біріншісінен екіншісіне өту сатыларында оптималды топырақ ылғалдылығы 65-85%. Топырақ ылғалдылығы осы қалыпта сақталса тамырдың негізгі массасы (70-90%) топырақтың 0-50 см қабатында жинақталады. Ылғалдың жоғарғы топырақ қабатында жетіспеушілігі тамырдың терең енуіне әкеп соғады. Сонымен қатар жоңышқа топырақтағы ылғалдың артықтығына да сезімтал келеді. Көктем айларында жоңышқа 10-15 күн бойы су астында қалса өсімдіктің солуына алып келеді. Дегенмен, жоңышқаның кейбір түрлері және сорттары 20 күн су астында қалса да, тіршілікке қабілетін сақтай алады [17, 19] .
Жоңышқа ылғалға қаншалықты талап қойса, құрғақшылыққа соншалықты төзімді келеді, бұл оның тамыр жүйесінің жақсы жетіліп, жер асты суларын жақсы пайдалануымен түсіндіріледі. Бірақ жер асты сулары 1, 5 м терең орналасса өсімдік өсуіне кері әсерін тигізеді. Әсіресе, өсімдік өмірінің 2-ші, 3-ші жылдары құрғақшылықты жақсы көтере алады. Құрғақшылыққа бейімделуі өсімдікте айқын байқалады, өйткені, осы кезеңде майда жапырақшалар пайда бола бастайды. Өсімдіктегі құрғақшылық белгілері: транспирациялық коэффицент және өсімдік өсуі күрт төмендейді, төменгі жапырақтар түсіп қалады, өсімдік өркендері өсуін тоқтатады. Жасушалар мен ұлпалардағы ылғал сақтау қасиеті күрт жоғарылайды, ал физиологиялық-биохимиялық процестері төмендейді. Өсімдік анабиоздық күйге көшеді, қоректік заттардың бір бөлігі тамыр мойынына өтеді және сонда сақталады. Жауын-шашын түскен жағдайда қоректік заттар алмасуы және өсу үрдіcі бірден қалпына келеді [1, 5] .
Осы тақырып бойынша шолуды қорыта келе, Оңтүстік Қазақстан аймақтарында пайдаланылатын жоңышқаның түрлері мен сорттарының биологиялық ерекшеліктері әртүрлі болатыны анықталғаны туралы тұжырым жасауға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz