Аутоиммундық аурулар


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

Дисциплина:

Мамандығы:

Кафедра:

Тақырыбы: Аутоиммунды процесстердің пайда болуына әкелетін себептер

Жоспары:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  1. Аутоиммундық аурулар
  2. Аутоиммундық аурулардың дамуы
  3. Аутоиммундық аурулардың түрлері
  4. Аутоиммундық аурулуар себебі, туындау механизімдері
  1. Қорытынды
  2. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Аутоиммунды аурулар (аутоагрессиялы аурулар) - патогенезінде аутосенсибилизация шешуші рөл атқаратын аурулар

Аутоиммунды реакция және аутоиммунды ауру түрі болады. Олардың механизімінің негізінде иммундық жүйе факторларының бойдағы калыпты жасушалар және тіндермен байланысуы жатады. Аутоиммунды ауруларға иммунды кешенді аурулар да жатады.

Аутоиммунды реакциялар калыпты жағдайда сау адамдарда және патологияда байқалады. Сау адамның бойында жүретін аутоиммунды реакция кажетті процестің бір түрі, өйткені сол процесс арқылы организм өлген, ескірген, өзгеріп керексіз болған жасушалардан үнемі арылып отырады.

Аутоиммунды ауру, немесе аутоаллергия сирек кездеседі. Процестің негізінде калыпты жағдайда болмайтын «тыйым салынған» иммундыкомпетентті жасушалардың клоны пайда болып, олар меншікті қалыпты жасушалар және тіндермен қарым-қатынасқа түсіп соның нәтижесінде аутоиммунды көрністің пайда болуы жатады. Мұндай жағдай, мысалы, дәрі қабылдағанның себебінен болуы мүмкін.

Аутоиммундық аурулар организмнің өз тіндеріне қарсы бағытталған және оларды зақымдаушы антиденелердің немесе сенсибилизацияланган лимфоциттердің пайда болуымен сипатталады. Аутоиммундық аурулардың көпшілігінің пайда болуы иммунологияяық төзімділікке (толеранттыққа) байланысты. Организмнің иммундық жүйесі үрықтың жатырда даму кезінде көптеген ағзалар антигендерімен (аутоантигендермен) кездесіп, олармен әсерлесетін тимоциттерді тимуста жояды (элиминациялайды) .

Бірақ, кейбір агзалардың антигендері физиологиялық кедергілерге байланысты иммундық жүйеден оқшауланып, олар үшін «жат« болып қалады. Оларды оқшауланған (секвестрленген) антигендер деп атайды.

Міне, осы агзалардың (көз, қалқанша без, бүйрекүсті безі, еркек жыныс бездері, ми жэне нерв тіні) антигендері әр түрлі жағдайларда қанға өткенде аутоиммундық аурулардың жеке ағзаларды зақымдайтын түрі дамиды. Иммундық жүйеде оларға қарсы антиденелер түзіледі. Антигенантидене реакциясы осы cay ағзаларды зақымдайды. Нағыз аутоиммундық аурулардың дамуы иммундық жүйенің өзінің патологиясы болып есептеледі, олардың морфологиялық коріністері бір-біріне ұқсас.

Аутоиммундық аурулар және иммундық жүйе ағзаларының, әсіресе, лимфа түйіндерінің, көкбауырдың гиперплазиясымен және осы ағзаларда лимфоретикулярлық, плазмоцит, макрофагтық жасушалардың жиналып қалуымен (плазматизация) сипатталады. Белсенді лимфоциттер мен макрофагтар нысана ағзаларға, паренхима элементтеріне өзінің цитотоксикалық әсерін көрсетеді.

Аутоиммундық аурулардың дамуына жарақаттану, вирустық, инфекциялар, созылмалы қабыну түрткі болады. Жеке ағзаларды зақымдайтын аутоиммундық аурулар физиологиялық оқшаулану үрдісінің бұзылуы нәтижесінде дамиды. Аутоиммундық аурулардың пайда болуы жөнінде одан басқа бірнеше болжамдар бар. Жасушалық иммунологияның негізіне қалаған Ф. Бернет, аутоиммундық аурулар иммундық жүйенің өзінің патологиясы деп қарайды. Оның ойынша иммундық аурулардың дамуы организмде тектік қасиеттері өзгерген лимфоциттер тобының ("тыйым салынеан клондар") пайда болуымен байланысты. Бүл лимфоциттер кейбір сау ағзаларға қарсы антиденелер түзіп, оларды зақымдайды.

Аутоиммундық аурулардың түрлері

Жеке ағзаларды зақымдайтъш (нагыз) аутоиммундық аурулар
Жүйелі аутоиммундық аурулар
Жеке ағзаларды зақымдайтъш (нагыз) аутоиммундық аурулар: Хашимото тиреоидиті
Жүйелі аутоиммундық аурулар: Жүйелі қызыл жегі (люпус)
Жеке ағзаларды зақымдайтъш (нагыз) аутоиммундық аурулар: Энцефаломиелит
Жүйелі аутоиммундық аурулар: Склеродермия
Жеке ағзаларды зақымдайтъш (нагыз) аутоиммундық аурулар: Аутоиммундық орхит
Жүйелі аутоиммундық аурулар: Дерматомиозит жөне полимиозит
Жеке ағзаларды зақымдайтъш (нагыз) аутоиммундық аурулар: Симпатикалық офтальмия
Жүйелі аутоиммундық аурулар: Дәнекер тіннің аралас аурулары
Жеке ағзаларды зақымдайтъш (нагыз) аутоиммундық аурулар: Адцисон ауруы (адреналит)
Жүйелі аутоиммундық аурулар: Шегрен синдромы
Жеке ағзаларды зақымдайтъш (нагыз) аутоиммундық аурулар: Аутоиммундық гемолиздік анемия
Жүйелі аутоиммундық аурулар:
Жеке ағзаларды зақымдайтъш (нагыз) аутоиммундық аурулар: Аутоиммундық тромбоцитопения
Жүйелі аутоиммундық аурулар:

Аутоиммундық аурулардың тағы бір себебі, табиғатта екі жақты әсерлесетін антигендердің барлығы. Мысалы, жүрек дәнекер тінінің және в-гемолиздеуші стрептококктардың 5-типінің антигендері бір-біріне ұқсас болғандықтан, организмнің стрептококктарға қарсы бағытталған антиденелері ауру адамның жүрек тінін де зақымдайды (мысалы, ревматизм ауруында) .

Аутоимундық аурулардың дамуында Т-супрессорлардың маңызы зор, себебі олар қалыпты жағдайда Т-хелперлердің және В-лимфоциттердің белсенділігін басып, иммундық жауапты реттеп отырады. Т-хелперлердің белсенділігі асып қеткенде В-лимфоциттердің қызметі күшейіп, олар қалыпты аутоантигендерге қарсы антидене түзе бастайды. Осы екі жүйе арасындағы қарым-қатынастың бұзылуы (дисфунциясы) аутоиммундық аурулар себебі бола алады.

Ал, әртүрлі физикалық, химиялық заттар, дәрі-дәрмектер әсерінде, кейбір ағзалардың антигендік құрамының өзгеруі (молекулалар модификациясы) де иммундық жүйеде аутоантиденелер түзілуіне соқтырады.

Иммундық жүйе қызметі генетикалық факторлармен де тығыз байланысты екені белгілі. HLA-жүйесінде иммундық реакцияларға жауапты тендер (Іг-гендер) бар. Осы тендер кейбір аутоиммундық ауруларда жиі кездеседі. Мысалы, ревматоидтық артритпен ауыратындарда кездесетін HLA-DR4 немесе HLA-DR1 гендері жиі табылады.

Аутоиммундық аурулардың бір себебіне вирустарды да жатқызуға болады. Вирустар әсерінде:

1. жасушалардың антигендік құрамы өзгеріп, оларға қарсы иммундық жауап (реакция) дамиды;

2. вирустар Т-супрессорлар қызметін басып тастап В-лимфоциттердің өз антигендеріне қарсы антидене қалыптастыруына ықпал жасайды;

3 . вирустар В-лимфоциттер қызметін өзгертіп "тыйым салынған" клондар пайда болады

Бұл аутоиммунды бұзылыстардың әсерінен қалқанша тінінің бұзылып, тиреоидты гормондарды синтездеуге қабілетінің төмендеуімен сипатталатын ауру болып табылады. Аутоиммунды тиреоидитке алып келетін маңызды клиникалық мәселе - ол гипотиреоз ( яғни, қалқанша безінің функциясының төмендеуі) . Егер қалқанша безінің функциясы бұзылмаса, қалқанша безіндегі аутоиммунды процесс клиникалық көріністер бермейді. АИТ - аутоиммунды этиологиялы қалқанша безінің қабыну ауруларының гетерогенді тобы. Оның негізінде қалқанша безінің фолликулалары мен фолликулярлы жасушаларының әр түрлі дәрежедегі декструкциялары. Ең алғаш рет бұл ауруды жапондық хирург Н. Hashimoto 1912 жылы сипаттаған. Ол бірнеше жағдайларда қалқанша безінің көлемінің үлкейгенін анықтаған, ол лимфоидты инфильтрацияның негізінде жүрген, сондықтан оны АИТ-ның гипертрофиялық нұсқауы ретінде таниды.

Эпидемиология. АИТ - ның аймақ бойынша жайылуын анықтау өте қиын, себебі оның эутиреоидты фазасында нақты диагностикалық критерилері жоқ. АИТ - мен ер адамдарға қарағанда әйел адамдар 10 есе жиі ауырады. АИТ - 70-80 % да біріншілік гипотиреоздың дамуын шақырады. 40-60 жас аралығында дамиды.

Этиологиясы. Ауру иммунды жауаптың генетикалық детерминирленген ақауының фонында жүреді, бұл кезде өзінің тиреоциттеріне Т-лимфацитарлы агрессияның болуы байқалады, соның әсерінен олардың бұзылуы орын алады. Гистологиясында тиреоциттердің лимфоцитарлы, плазмоцитарлы инфильтрациясы, онкоцитарлы трансформациясы, фолликулалардың бұзылуы жүреді. Анамнезіндегі жедел респираторлы вирусты аурулары ; Созылмалы инфекция ошақтары ( таңдай бадамшаларында, мұрын қойнауларында, кариесті тістерде) ; Экологиялық жағдай, қоршаған ортада йод, хлор, фтор қосылыстарының артық болуы ( лимфоциттердің белсенділігіне әсер етеді) ; Ұзақ уақыт бақылаусыз дәрілер қабылдау ( құрамында йоды бар, гормональды препараттар) ; Радиационды сәулелену, күн астында ұзақ уақыт болу; Психожарақаттық жағдайлар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Антигендерден туындаған аутоиммундық патология
Иммундық жүйеге байланысты патологиялар
Комплемент белоктары
Екіншілік иммундық тапшылық жағдайлар
Патологиялық анатомия лекция кітапшасы
Иммунопатология. Постинфекционды иммунодефициттер
ИММУНОЖЕТІСПЕУШІЛІК ЖАҒДАЙЛАРЫ
Организмге аллергеннің енуі
Асқорыту ағзаларының аурулары
Иммунитет туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz