Гликопротеидтердің рөлі сан алуан



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

Дисциплина:
Мамандығы:
Кафедра:
Тақырыбы: Гликозаминогликандардың құрылымдық ұйымдастығы, олардың қызметі
және биологиялық маңызы. Дәнекер ұлпаларының гликозамингликандары мен
протеогликандары.

Жоспар

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. Гликопротеидтер
2. Дәнекер ұлпасының еритін құрылымдық
компоненттері(глюкозаминогликандар, гликопротеиндер).
3. Коллагеноз кезінде (қартаю, жарақаттың жазылуы және т.б.)
биохимиялық өзгерулер.
4. Дәнекер ұлпасы алмасуының бұзылыстары (оксипролинурия және т.б.)
үшін қан мен несептің биохимиялық зерттеулері.
III.Қорытынды

Гликопротеидтер деген атау glucos – тәтті деген сөзден шыққан, олардың
құрамында көмірсулар бар. Простетикалық тобы әр түрлі көмірсулардан және
олардың туындыларынан түзілген. Олардың арасындағы химиялық байланыстың
түрі ковалентті, көмірсупептидті.

Қазіргі кезде қанның сары суының альбуминдерден басқа барлық белоктардың
құрамында аз мөлшерде көмірсулар кездесетіндігі анықталды. Ал
гликопротеидтерге құрамындағы көмірсулардың мөлшері 4%-дан артық болғандары
ғана жатады. Барлық гликопротеидтердің молекулалық массасы өте үлкен
(бірнеше миллион Д), қышқылдық қасиет көрсетеді,суда, сілтінің және нейтрал
тұздардың әлсіз ерітінділерінде ериді, қышқылдармен әрекеттескенде тұнбаға
түседі, жоғары тұтқырлық қасиеті бар. Гликопротеидтер жоғары температураға,
сыртқы ортаның және химиялық әсерлерге төзімді, бұл қасиеттері
гликопротеидтердің құрамына кіретін көмірсуларға байланысты. Көмірсулар
гликопротеидтерге арнайы ерекше қасиеттер береді, олар құрамындағы
көмірсулар арқылы басқа молекулаларды тани алады.
Гликопротеидтер дәнекер тініндегі клеткааралық заттардың құрамында, қан
плазмасында, сілекейде және цитозольда, мембраналардың құрамында көп
мөлшерде кездеседі. Гликопротеидтердің рөлі сан алуан. Олар гидрофобты
заттар мен металл иондарын тасымалдайды; мембрана рецепторларының құрамына
кіре отырып, арнайы жанасуды қамтамасыз етеді. Тіндердің жіктелуіне әсерін
тигізіп, иммунологиялық реакцияларда маңызы өте зор. Сонымен қатар
кілегейлі, шырышты қабаттың құрамына кіре отырып, қорғаныс қызметін
атқарады.
Гликопротеидтер құрамындағы көмірсулардың және белоктардың мөлшеріне және
сапасына қарай нағыз гликопротеидтер және протеогликандар деп бөлінеді.
Гликопротеидтердің мұндай жіктелуі белокты бөлігінің % арақатынасына,
простетикалық топ және оның құрылысына негізделіп жасалған.
Нағыз гликопротеидтердің өкілдеріне:
✓ муциндер;
✓ иммуноглобулиндер;
✓ қанның тобын анықтайтын белоктар;
✓ гормондар;
✓ тасымалдаушы белоктар жатады.

Нағыз гликопротеидтерде белоктың мөлшері шамамен 80%, ал простетикалық
топ – шамамен 20%. Простетикалық тобының құрамында түрлі полисахаридтер
және олардың амин туындылары, нейраминдер, сиал қышқылдары әр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәнекер ұлпаларының гликозамингликандары мен протеогликандары
Гепариннің құрылысы мен ролі
Гиалурон қышқылының құрылысы мен ролі
Көмірсулар, олардың биологиялық маңызы.Моносахаридтер, олардың стереоизомериясы
Белоктардың тірі организмдер үшін алатын орны
Қарапайым ақуыздар
Қанның азотсыз органикалық және бейорганикалық қосылыстары
Белоктардың жіктелуі, құрамы
Жай және күрделі ақуыздар. Гликопротеиндердің, нуклепротеиндердің құрылысы мен функциялары
Гетерополисахаридтер алмасуына қатысатын ферменттер
Пәндер