Атопия ауруы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

Дисциплина: Жалпы иммунология
Мамандығы: Стоматология
Кафедра: Микробиология вирусология және иммунология кафедрасы
Тақырыбы: Атопия мен анафилаксияның ұқсастығы мен айырмашылығы

Жоспар:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Атопия ауруы 
2. Анафилаксия
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Атопия ауруы 
Атопия ауруы – атопиялық аурулар мен анафилаксия феноменінің айырмашылығын
көрсету үшін 1923 жылы атопия термині енгізілді. Атопиялық аурулардың
классикалық тобына жыл бойы атопиялық ринит, поллиноз, бронх демікпесінің
атопиялық формасы және атопиялық дерматит жатады. Бұл аурулар тобы
дәрілерге және тағамдарға болатын нақты жедел аллергиялық реакцияларымен
тығыз байланысты.
Атопияның басты белгісі тұқымқуалаушылыққа бейімділігі болып табылады.
Егер де атопиямен ата – ананың біреуі ауыратын болса, онда патология балаға
– 50 %, ал  егер екеуі де ауыратын болса —  75% беріледі. Атопия нақты
иммундық бұзылыстармен қатар жүреді.
Әлсіз антигенді күшейтуге иммундық жүйенің жауап беруі IgE түзу қабілеті
жоғары болса, ал атопиктер мүлдем жауап бермейді немесе
иммуноглобулиндердің басқа класын антиденелер түзеді. Атопия кезінде қанда
жалпы және спецификалық IgE концентрациясы тез жоғарылайды.
Лимфоциттер қызметінің бұзылуы CD3+, СD+8 санының төмендеуімен, АГ және
ФГА –ға пролиферативтік жауаптың төмендеуімен, НК супрессорлық
белсенділігінің төмендеуімен, қатынастық аллергендер мен туберкулин,
кандидин, ИЛ-2 өнімдерін тамыр ішілік енгізгенде пайда болатын терілік
реакциялардың төмендеуімен байқалады. Бір уақытта аурудың өршу кезеңінде
гистаминдердің В – лимфоциттермен байланысқанда АГ және В – митогендерге В
– лимфоциттердің гиперреактивтілігі, CD4+ торшалар құрамының ұлғаюымен
жүреді.
Моноциттер мен нейтрофилдерден хемотаксис ингибирленеді, фагоцитоз әсерін
төмендетеді, моноцит – лимфоцит кооперациясын және антиденеге тәуелді
моноцит – цитотоксикалығын тежейді. Жоғарыда айтылған иммундық
бұзылыстардан басқа, атопия неспецификалық патогенетикалық механизмдерімен
сипатталады. Ағзаның симпатикалық және парасимпатикалық иннервация
жүйесінің тепе – теңдігі бұзылады. Барлық үш классикалық атопиялық аурулар
кезінде Бетта – 2 – адренергиялық реактивтілігінің төмендеуімен 
холинергиялық альфа – адренореактивтілігі ұлғаяды. Кездейсоқ немесе
иммунологиялық емес стимулға жауап беруде, мес торшалары және базофилдердің
медиаторларды босату қабілетінің жоғарылауы байқалады. Атопиялық аурулар әр
түрлі дәрежеде эозинофилдердің және тыныс алу жолдарының, асқазан ішек
жолдарының шырышты және секретінің инфильтрациясымен жүреді. Сонымен қатар,
атопиялық реакциялар иммундық және иммундық емес механизмдерге қатысады,
бұған сәйкес В.И. Пыцкий (1997) 3 вариантқа бөледі: спецификалық
механизміне қабілеттілігімен; орташа вариант, спецификалық және
неспецификалық реакция айқындалған жерде; спецификалық емес механизмінің
қабілеттілік вариант – атопиялық аурулардың псевдоаллергиялық варианты.
Сонымен қатар, атопия түсінігі аллергия түсінігіне толық емес. Атопия –
аллергияға қарағанда, бұл кең таралған феномен. Егер иммундық механизмдер
болса және онсыз да, немесе иммундық механизмдер аз болса және басты рөл
атқармаса, атопия аллергиямен қатар жүруі мүмкін.          ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аллергия туралы мағлұмат
Аллергия. Аллергиялық диагностика
Иммунология және аллергология бойынша дәрістер жинағы
Өткір вирусты таралымды инфекциялар балалардың бронхты демікпеге шалдығуына әкеп соқтыратын маңызды фактор
Аллергологиядағы молекулалық зерттеу әдісі
Аллергиялық емес демікпе
Аллергияның диагностикасы және емдеу
Иммунитет теорияларының дамуы
БРОНХ ДЕМІКПЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Комплемент жүйесінің нәруыздарына рецепторлар
Пәндер