Ісік жасушалары негізіндегі вакциналар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

Дисциплина: Жалпы иммунология
Мамандығы: Стоматология
Кафедра: Микробиология вирусология және иммунология кафедрасы
Тақырыбы: Қаттерлі ісікке қарсы вакциналар.

Жоспар:

І. Кіріспе
Ісікке қарсы вакцина
ІІ. Негізгі бөлім
Ісік жасушалары негізіндегі вакциналар
1. Аутологиялық вакциналар
2. Аллогенді вакциналар
Антигендік вакциналар
1. ДНҚ-вакциналар;
2. Антиидиотиптік вакциналар.
3. Дендритті жасушалар негізіндегі вакциналар
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Ісік- деп соматикалық жасушалардың мутацияға байланысты тоқтаусыз және
бақылаусыз көбейіп кетуі нәтижесінде пайда болатын патологиялық үрдісті
атайды.
     Ісіктер қазіргі таңда  ауру адамдар өлімінің негізгі себебі ретінде
жүрек-қан тамырлар ауруларынан кейінгі екінші орында тұр.Адамдардың әрбір
бесінші немесе алтыншы осы қатерлі ісіктен өледі. Сол үшін ісіктердің пайда
болу себептерін,оның таралу жолдарын,морфологиялық өзгешіліктерін білу және
үйрену медицина тәжірибесі үшін өте маңызды мәселе.
Француздың  ұлы ғалымы Л.Пастер 100 жыл бұрын вакцинацияның ғылыми
негіздерін ашты және “вакцина” деген терминді енгізді. Вакцинация арқасында
бүкіл әлем шешек, құтыру,күйдіргі, күл,сал, көк жөтел,қызылша,сіреспе,газды
гангрена сияқты жұқпалы аурулармен, соның ішінде аса қауіпті жұқпалармен де
күресуде үлкен жетлістіктерге жетті.
    Вакцинацияның негізгі мақсаты- жасанды иммунитетті қалыптастыру
Ісікке қарсы вакциналар
Қатерлі ісіктер вакцина жасaуға күрделі нысана болып табылады, өйткені
олар қалыпты жасушалармен антигендік құрамы бойынша өте ұқсас болады,
сондықтан ісікерекшелі антигендер әлсіз иммунды жауап шақырады және жиі
вакцина алуға қажетті ісік жасушалар популяциясының МНС өнімдерімен
ассоциациясы бұзылғандықтан танылуы қиынға соғады. Нәтижесінде иммунды жүйе
ісікке қарсы жауап берсе де, ол жиі эффективтігі төмен болады.
Ісікке қарсы вакцинация – ол иммуногенді антигендері бар вакциналар енгізу
арқылы ісікке қарсы белсенді арнайы иммунитет қалыптастыру әдісі.
Ісікке қарсы вакциналар құрамына толық ісік жасушалары немесе олардың
антигендері кіреді. Олардың құрамына және иммунды жауап қалыптасу
механизміне қарай ісікке қарсы вакциналардың келесі түрлері белгілі:
1. Ісік жасушалар негізіндегі вакциналар:
• аутологиялы;
• аллогенді.
2. Антигендік ісікке қарсы вакциналар:
• ісік жасушалардың нәруыздары мен нәруыздар фрагменттерінен құралған;
• ДНҚ-вакциналар;
• антиидиотиптік вакциналар.
• дендритті жасушалар негізіндегі вакциналар.
Ісік жасушалар негізіндегі вакциналарға тірі аллогенді және аутологиялық
ісік жасушалар жатады. Жасушалардың пролиферативті қабілеттерін түрлі
әдістермен тежейді: иондық сәулелендіру, С митомицин әсерімен, суықтандыру
мен қайта қалпына келтіру немесе жасушаға жылыту әсерімен. Бірақ бұндай
шаралар ісік антигендерінің құрылысы мен қасиеттерін бұзып, вакцинаның
эффективтілігін төмендетуі мүмкін. Сонымен бірге, бұл шаралар арқылы кең
спектрлі антигендерді қолдану ісіктің әр антигендік детерминантасының
экспрессиясына назар аудармай, белгілі ісікті емдеуге ықпал жасайды.
Аутологиялық вакциналардың негізгі артықшылығы – олар HLA-өнімдерімен
және Т-жасушалық адаптивті иммунды жауапты белсендіретін тағы басқа
структуралармен бірге ісік жасушаларына ұқсас, сондықтан вакцина мен
ісіктің антигендік профилінің айырмашылық проблемасы мен бөгде ісіктен тыс
антигендерге аллергиялық серпілістер болмайды. Бұл жағдай асқынулардың
қауіптігін және патогенді виhустармен және жасуша ішілік паразиттермен
контаминациясын төмендетеді.
Аллогеннді жасушаларды пайдалану кезінде вакцина мен ісіктің
антигендерінің ұқсастық деңгейі төмендейді, сондықтан бұндай вакциналар
(поливаленттік вакциналар) ереже бойынша бірнеше аурулардан алынған
жасушалық тізбегінен дайындалады. Бірнеше ұқсас ісіктерден алынған
жасушалық тізбектің қоспасы ісік антигендердің кең спектрінен құралуы
мүмкін. Вакциналардың бұндай варианты вакцина мен аурудың антигендерінің
ұқсастық мүмкігшілігін өте жоғарылатады. Бұл вакциналарддың артықшылығы –
олар пациенттен ісік жасушаларын алусыз дайындалатыны және олардың бірнеше
егуге жеткілікті мөлшерін алуға мүмкіншілігі барда. Бұндай вакцинаға Morton
мен әріпт. дайындаған поливалентті меланомалық жасушалық вакцина жатады.
Антигенді вакциналар құрамына бүтін жасушалар емес, ісік жасушаларының
антигендері енеді. Бір ісіктің өзінде кең спектрлі антигендер болуы мүмкін.
Кейбір антигендер белгілі бір ісіктерде болады, бір антиген түрі ерекше
және тек белгілі бір науқаста ғана кездеседі.
Адаптивті иммунды жауапты шақыру қабілеті бар, ісік жасушасынан бөлінетін
және потенциалды антиген болып табылатын нәруыздарды бірнеше топқа бөлуге
болады. Біріншіден, жасуша генімен кодталатын қалыпты нәруыздар – ісікпен
ассоциацияланған антигендер. Бұл топқа қалыпты жасушаларда да, ісік
жасушаларында да болатын тіннен бастау алатын тіннің арнайы нәруыздарын
жатқызуға болады (тіннен бастау алатын дифференцияланған антигендер).
Мысалы меланин синтезіне қатысатын нәруыз болып табылатын меланомды
антигендер (тирозиназа, gp100, MART-1Melan-A, TRP).
Қалыпты жасушалардан минималды мөлшерде ғана бөлінетін, иммунды жауапты
шақыруға жетпейтін және ісік жасушаларынан гиперэкспрессияланған антигендер
тобы рактың арнайы иммунотерапиясында кеңінен қолданылады. Бұған
простатаның аденокарциномасы кезінде мөлшері көбейетін простата-арнайы
антигендері (PSA, PSMA); мөлшерінің көбеюі сүт безі, тоқ ішек, ұйқы безі
рагымен байланыстырылатын – муцин; өкпе, аналық безі, сүт безі, простата
және тоқ ішек рагы кезінде анықталатын HER-2neu антигендері жатады.
Жеке антигендер негізінде дайындалған вакциналар құрамына ісік
жасушаларынан немесе рекомбинантты технологиялар көмегімен алынған ісік
антигендері енеді. Бұндай нәруыздардың жеткілікті түрде тазаланған, сонымен
қатар анти-HLA-иммунды жауапты шақыру мақсатымен HLA-антигендерін
аластатылған болуы маңызды.
Тазаланған ганглиозидтерге жүргізілген зерттеулер олардың бетінде айқын
иммунды жауаптың шақырылғандығын көрсетіді. Меланомамен сырқаттанған
науқастардың (III дәрежелі) 50-80% GM2 және GD2 ганглиозидтері бар
вакцинаны қолданған соң аурудың оң болжамды белгісі болып табылатын IgM
және IgG-антиденелер титрінің көбейгендігі байқалған.
Пептидті антигендер толық нәруыздармен салыстырғанда көбірек нәтижелі
болып табылады, сондықтан оларды ісікке қарсы вакцина құрамына жиі қосады.
Ісік антигендерінің антигенді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тірі вакциналардың артықшылықтары мен кемшіліктері
МИКРОКАПСУЛАЛЫ ВАКЦИНАЛАРДЫ АЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Комплемент жүйесінің нәруыздарына рецепторлар
Антигенді таныстырушы жасушалар
Ісіктің иммунды емі
Биотехнология пәнінен зертханалық жұмыстар
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу.вакцина дайындау принциптері.Адьюванттар,иммуномодуляторлар. Құтырық,аусыл,шмалленберг,блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары
Иммуниттет анықтамасы
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Адьюванттар, иммуномодуляторлар. Құтырық, аусыл, шмалленберг, блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу
Фармацевтикалық биотехнология негіздері. Антибиотиктердің, вакциналардың, моноклинальды антиденелердің және т.б. биотехнологиясы
Пәндер