Биологиялық препараттардың жіктелуі


СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
Дисциплина: Микробиология
Мамандығы: Стоматология
Кафедра: Микробиология, вирусология және иммунология кафедрасы.
Тақырыбы: Стоматологияда биологиялық препараттарды қолдану
Орындаған:
Топ:
Тексерген:
Жоспар:
І. Кіріспе бөлім
Тіс дәрігерінің биологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтауы
ІІ. Негізгі бөлім
1. Биологиялық препараттарды стоматологияда қолдану
2. Биологиялық препараттардың жіктелуі
3. Тіс емдеуде биологиялық дәрі - дәрмектерді қолдану
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер.
Тіс дәрігерінің биологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтауы
Америкалық стоматологтар ассоциациясының мәлеметтері бойынша тіс дәрігерлерге жуғыну қауіпі бар инфекциялардың құрамына төменде көрсетілген 22 инфекция кіреді және олардың аяқталуы осындай болады:
АИВ/ЖИТС - өлімге әкеледі.
Кандидоз - ағзаның жүйелік зақымдалуы.
Желшешек - белдеме теміреткі.
Туберкулез - енбекке жарамсыздық, өлім.
Соз - бедеулік, артриттер.
Гепатит А - вирустасымалдаушылық.
Гепатит В, С, Д - вирустасымалдаушылық, өлім.
Герпестік конъюнктивит - вирустасымалдаушылық, көз көрмеуі.
Герпестік панариций - вирустасымалдаушылық.
Инфекциялық мононуклеоз - вирустасымалдаушылық.
Грипп - вирустасымалдаушылық.
Легионеллез - өлім.
Қызылша - енбекке жарамсыздық, энцефалит.
Қызамық - туа пайда болған ақаулар.
Дифтерия - , өлім.
Эпидемиялық паротит - вирустасымалдаушылық.
Стафилококктық инфекция - тері аурулар, тасымалдаушылық, өлім.
Стрептококктық инфекция - ревматизм, өлім.
Мерез - ОЖЖ зақымдалуы, өлім.
Сіреспе - енбекке жарамсыздық, өлім.
Респираторлық инфекциялар - уақытша енбекке жарамсыздық, вирустасымалдаушылық.
Вирустық пневмония - вирустасымалдаушылық, өлім.
Тіс емдеу мекемелерінде кәсіби ауруларды жұқтырудан алдын алу үшін ең алдымен медицина қызметкерлерінің денсаулығын біріншілік (алғаш жұмысқа кірген уақытта) және жүйелі түрде медициналық бақылаудан өткізіп тұру қажет (тексеру жиілігі мен тексеретін мамандардың тізімі Денсаулық сақтау Министірлігінің нұсқауының бұйрығында берілген) . Жұмыс істейтін қызметкерге өткізілетін шаралар:
Вирусты гепатит В және дифтерияға қарсы жоспарлы түрде егу және қайта егу жасау.
Індет жұқтыру қауіптілігін тудыратын зақымдалу болған жағдайда жедел түрде вирусты гепатит В-ға қарсы егу жасау.
Тіс емдеу емханасының, бөлімдерінің және жеке кабинеттердің қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігін сақтау мақсатында және індеттенуден алдын алу үшін, сонымен қатар емделуші науқастардың індеттенуін ескерту үшін тіс емдеу мекемесінің әр қызметкері келесі биологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет :
Жұмыс істегенде санитарлық киім (халат, костюм, қалпақ, бет перде) киуі қажет, олар ортақталық залалсызданудан өтіп, жуылуы қажет. Керек болған жағдайда қан тамшыларының және ауыз қуысынан бөлінетін сұйықтықтардың денеге түсуінен сақтану үшін су өткізбейтін матадан жасалынған киім қолдану қажет. Ауыз және мұрынды жауып тұратын бет пердені әр науқастан соң ау ыстырып тұру қажет.
Жеке бас гигиенасының ережелерін сақтау, әр науқасты қабылдар алдында және қарап болғаннан соң қолды жуу қажет, антисептикпен залалсыздандырып әр науқастан соң биялайларын аусытыру қажет.
Тісті өңдеуден өткізгенде, ауыз қуысында жұмыс істегенде қан тамшыларының және ауыз қуысынан бөлінетін сұйықтықтардың бетке шашырауынан алдын алу үшін дәрігер көзілдірік немесе қалқан тағуы қажет. Әр қолданудан соң оны залалсыздандыру қажет.
Қол және саусақтағы жарақаттар мен жырылған жерлерге лейкопластыр таңып саусақ басына киетін биялайлар кию қажет. Қабылдау кабинеттерінде ʼʼМикрожарақаттар есебі журналынʼʼ жүргізу қажет.
Науқастың тері жабындысы қанмен (ауыз қуысынан бөлінетін сұйықтықтармен) бүлініп қалған жағдайда денесін дезинфекциялау ерітіндісімен немесе 70ºС спиртпен залалсыздандыру керек. Егер тері жабындысының бүтіндігі бұзылып қан кетер болса, қанның кетуін тоқтатпай оны сығып жарақатты 5% йодтың спиртті ерітіндісімен залалсыздандыру керек.
Егер қан (ауыз қуысынан бөлінетін сұйықтық) науқастың ауыз қуысының кілегей қабатына тиетін болса оны 70ºС спиртпен немесе 0, 05% калий марганецтың ерітіндісімен қандырып шаяды. Егер көз конъюктивасына тиер болса оны 0, 05% калий марганецтың ерітіндісімен жуады.
Әр науқасқа дәрігері жеке залалсызданған/бір рет қолданылатын/ стоматологиялық аспап жиынтығын қолдануы қажет (аспаптар жиынтығын немесе ішінен жеке бір аспапты қайта қолдануға тиым салынады. )
Кейбір науқастарға қолданылатын заттар мен аспаптар адекватты тазартылу мен залалсыздандырылудан өткізілуі қажет.
Микробы бар жерлердің аэрозолін аулайтын сорғыштарды қолданған жағдайда олардың филтірін уақытылы ауыстырып тұру қажет(фильтр жоқ немесе дұрыс істемеген жағдайда өңделген лас ауа науқастың ауыз қуысынан бөлінетін микрофлорасымен кабинеттегі заттар мен аппаратураларды анағұрлым ласталуына әкеліп соғады. )
Барлық лабораториялық сараптамалар үлгілерін потенциалды індеттелген деп есептеп жиын жасап оларды микробиологиялық лабораторияларға барлық микробиологиялық қауіпсіздік техникасын сақтап жеткізу және сақтау қажет.
Науқас қаны мен бөлінділерімен ластанған арнайы киім және төсек жабдықтарын потенциалды індеттелген деп есептеп жедел түрде залалсыздандырудан өткізу қажет.
Қолданылынған шприцтерді бірден арнайы үшкір заттарды жоюға арналған контейнерлерге тастау керек, шприцтен инесін мүлдем алуға болмайды және қолданған шприцпен қайта манипуляция жасауға болмайды.
Қауіпті медициналық қалдықтарды жоюға ерекше көңіл бөлу қажет. Емдеу мекемелерінде жиналған қалдықтардың түрлі дәрежеде экологиялық және эпидемиологиялық қауіптілігі бар.
Размещено на реф. рф
Аурухана ішіндегі індеттің пайда болуына 4 - топтағы (Г) -медициналық қалдықтардың маңызы бар, олар эпидемиологиялық тұрғыдан қарағанда қауіпті. Бұл топқа қолданылған таңу материалдары, бір рет қолданылатын операциялық төсек жабдықтары, бір рет қолданылатын шприцтер, инелер, майда стоматологиялық аспаптар жатады. Бұл қалдықтар тіс емдеу кабинеттерінде, егу, таңу және операция жасау бөлмелерінде жиналады.
Медициналық қалдықтарды өңдеуге қойылатын талапқа екі негізгі жағдай кіреді:
1) медициналық материалдарды қайта қолдануға мүмкіндіктің жоқтығы;
2) оларды жойғанда немесе қайта өңдегенде биологиялық қауіпсіз болатындай талаптарға сәйкес залалсыздандыруда өткізу. Бұл әдетте қолданылған аспаптардағы, заттардағы және мүліктердегі барлық флораны толығымен жою немесе оларды әлсіретуге жеткізетін стерилдеу болып табылады.
Медицина мекемесіндегі жиналған барлық жұмсалынған материалдар химиялық немесе ыстықпен өңдеу жолдарымен жоюға беріледі.
Бұл бөлімшелердегі залалсызданудан кейінгі жиналған барлық қалдықтар бір рет қолданылатын жұмсақ немесе қатты байламдарға жиналуы қажет. 3/4 бөлігіне дейін толтырылғаннан кейін ауасы шығарылып ауа кірмейтін жағдай жасау керек. Дезинфекциядан өткізілген үшкір аспаптар ( инелер, майда стоматологиялық аспаптар ) басқа қалдықтардан бөлек бір рет қолданылатын қатты орамға жиналады. Г тобындағы қалдықтарды ашық қалдыруға болмайды және медперсоналдардың оны ұстап жанасуына тиым салынады. Г тобындағы қалдықтарды ортақтандырылған немесе ортақтандырылмаған түрде залалсыздандырудан өткізеді. Кәзіргі кезде қалдықтарды жоюдың келесі әдістерін ажыратады:
- механикалық жолмен өңдеу (қысыммен өңдеу немесе майдалау),
- термиялық өңдеуден өткізу (автоклавты қолдану ең жиі қолдалылатын әдіс) ;
- өртеу ;
- микротолқында өңдеу;
- электротермиялық өңдеу (төменгі толқынмен сәулелендіру) ;
- инфрақызыл сәулелердің көмегімен өңдеу;
- химиялық өңдеу немесе дезинфекция
Осы мәселенің берілген жайттары эпидемияға қарсы шаралар тәртібінің бірнеше қатар күрделі бұзылуларына әкеліп соғады. Медициналық қалдықтарды салатын бір рет қолданылатын
ыдыстардың (қалталар, бактар) жоқтығы, және де оларды герметизациялаудың сенімді әрі оңай жолының жоқтығы, шараларды бұзу болып табылыды. Көптеген жағдайларда қалдықтарды уақытша сақтайтын бөлмелер (алаңдар) және ыдыстар (контейнерлер) қарастырылмаған.
Қызметкерлерді және науқастарды медициналық қалдықтардан індет жұқтыру қауіпсіздігін туғызатын транспорт тізбегі ұйымдастырылмаған. Медицина мекемелерінде көрсетілетін медициналық көмекке жаңадан емдеу әдістерін енгізуге байланысты, сонымен қатар дайын дәрі түрлері мен бір рет қолданатын заттарды қолданудың есебінен қалдықтар көлемнің күрт көбейуі мен эпидемиологиялық қауіптілігіне байланысты қалдықты орнында жоюдың u 1089 жүйесін енгізуді дамыту қажет.
Стоматологтың жұмыс орнындағы жоғарғы деңгейдегі гигиеналық талапты практикадағы тіс дәрігері тек қана күнделікті тәжірбиесінде ғана емес, стоматологиялық кабинетке қажет түрлі құрал-жабдықтар, заттар және аспаптарды ойлап тапқанда, сонымен қатар жаңадан технология енгізгенде сақтау керек . ʼʼСвод правил гигиены и методические рекомендацииʼʼ салтты түрде Германаяда (DAHZ) шығарылады.
Биологиялық препараттарды стоматологияда қолдану
Микробтық биопрепараттарды соматологиялық тәжірбиеде қолдану мәліметтері отандық және шетел әдебиеттерінде өте аз берілген.
Өткен ғасырдың 70-80-жылдарында сүт қышқылды лактобацилла жүзгінін стоматитті емдеуде қолданып жақсы нәтиже алынған. Стоматит және гингивит кезінде ацидофилды лактобацилла препараттарын тағайындау тиімді екендігі анықталды. 90% науқастарда микробиологиялық және клиникалық оң динамика болды, сонымен қатар 73 %-ында лактобацилла құрамы қалпына келді, энтерококк пен алтынды стафилококк бөлініп шығуы жиілігі 2 есеге төмендеді, емдеу нәтижесінде бірде-бір науқаста ішек таяқшасы мен @-гемолитикалық стрептококк табылған жоқ .
Соңғы кездерде бактериалық препараттар жақ және бет ауданындағы іріңді жарақаттарды емдеу кешеніне енгізіліп белсенді түрде қолданылуда.
Лактобактеринді жақ және бет ауданындағы абсцесс пен флегмонаны жергілікті қолданғну кезіндегі ретінде әсері зерттелген. Аурудың жеңіл және орташа ауырлық түрінде биопрепараттарды қолдану әсері антисептик хлоргексинді қолданған ем әсерінен кем түспген. Биопрепаратпен @-гемолитикалық стрептококқа байланысты санация жасау белсенділігінің әсері басқалардан күшті болған. Хлоргексинмен емдеу процесі аурудың ауыр түрлерін тезрек жоюға мүмкіндік берді. Мұндай жағдайларда емдеу жүйесіне биопрепараттарды қосу микробтарға қарсы емнен кейінгі сатыларында енгізу тиімді
Биологиялық препараттардың жіктелуі
Биологиялық препараттар кәзіргі кезде организмнің қалыпты микрофлора тепе-теңдігін жоғарғы деңгейде ұстап тұратын көп таралған дәрі-дәрмектерге жатады. R. Simmering және M. Blaut (2001) келісімдері бойынша биопрепараттар белгілі бір талаптарға жауап беріп, қойылған шарттарға сай болуы қажет:
- асқазан сөлі мен өт қышқылдарында қорытылмауы қажет;
- берілген биотопқа қажетті адгезиялық қасиеті болу;
- берілген биотопта максималды ұзақ уақыт болу;
- антибиотиктік заттар өндіру;
- иммундық реакцияларды модулдеу;
- организмдегі метаболизм процесіне оң әсер ету (холестерин алмасуын реттеу, витамин түзілуін күшейту) .
Энтералды жолмен қабылданып, микробиоценозды қалпына келтіретін биопрепараттарды Россияның Гарбичевский атындағы Орталық микробиология және эпидемиология ҒЗИ-ының оқымыстылары құрамындағы компоненттерінің табиғатына байланысты бірнеше топқа бөлуді ұсынды:
1) вакциналар;
2) биологиялық белсенді қоспалар;
3) эубиотиктер;
4) пробиотиктер;
5) пребиотиктер;
6) бактериофагтар;
Вакциналар
дегеніміз микроорганизмдерден немесе олардың антигендерінен тұратын белгілі бір микроорганизмдерге немесе оның бөліп шығаратын токсиніне қарсы жасанды түрде активті иммунитет жасау үшін қолданылатын препараттар.
Размещено на реф. рф
Стоматологияда соңғы кезде пародонта мен ауыз қуысының кілегей қабығының ауруларын емдеуде вакцина ретінде имудон (Solvay Farma, Француз өнімі) препараты кеңінен қолданылып жүр.
Размещено на реф. рф
Имудон поливалентті антиген кешенінен тұратын, ауыз қуысының патологиясын тудыратын ең жиі кездесетін 13 түрлі бактериялар мен саңырауқұлақтар штамдарының антигендерінен жасалынған . Антиген түрінде препаратқа ауыз қуысының жергілікті иммунитетін ʼʼжаттықтыруғаʼʼ мүмкіндік береді. Имудон иммундық жасушалардың жадын қоздырып, ауру тудыратын микробпен кездесуге дайындайды. Дәріні ауыз қуысының қабыну ауруларының алдын алу үшін қолдану тиімді.
Solvay Farma фирмасымен құрамында 19 штамның детерминантты антигені бар тағы бір препарат - ИРС-19 ассоцияланған вакцинасы шығарылған. Препарат жедел түрде кілегей қабықта қорғаныс механизмін күшейтіп, антиденелердің өнімін көп мөлшерде шығарып, ауыз қуысындағы макрофагтардың фагоцитарлық белсенділігін, интерферон және лизоцим өнімдерін арттырады .
Препарат ауыз қуысының және жоғарғы тыныс жолдарының қабынуларында, пародонта ауруларын емдеуде қолданылады .
Биологиялық белсенді қоспалар
- олар асқазан-ішек қызметін жақсартып, ішек микрофлорасын қалпына келтіру үшін қолдануға арналған бифидо қоспалары бар емдік-диеталық қоректік тағамдар.
Размещено на реф. рф
Бұларға эколакт жатады ол жеміс-жидек шырынынан жасалынған құрамына ашытқан лактобактериялары бар антиоксидантты белсенділігі және антимутагенді әсері бар сусындар мен құрамына түрлі сүт қышқылы бактериялары кіретін ʼʼбифилайфʼʼ, ʼʼбио-кефирʼʼ, ʼʼкефир BFBʼʼ, ацедофилді паста͵ йогурт тәрізді ашыған сүт өнімдері жатады
Эубиотиктер -бұл әсер ету бастамасы қалыпты микофлора өкілдерінен құралған тірі лиофилді кептірілген микроорганизмдер дақылынан жасалынатын бактериалық препараттар.
Эубиотиктерді қолдану кәдімгі емдеу тәсілінің орнын басу мысалы. Мыналар эубиотиктерге жатады :
- бифидумбактерин - Bifidobacterium bifidum бактериясының микробтық массасы
- ацилакт - Lactobacillus acidophilus 3 штамының өкілдерінен тұратын биомасса
- лактобактерин - Lactobacillus plantarum және L. fermentum бактерияларының микробтық массасы.
- колибактерин - E. coli миробтық масса.
- бифилиз - бифидобактериялар мен лизоцимдер қосылған лиофильді кептірілген биомасса.
- линекс - Lactobacillus acidophilus, Bifidobacterium infantis, Streptococcus faeciuv тірі бактерияларының лиофилденген препараты.
Флорадофилюс 3000 (Amrion компаниясының өнімі) және вита-баланс (New Spirit Naturals компаниясының өнімі) капсуладағы АҚШ өндіретін эубиотиктер.
Зерттеу нәтижесінде эубиотиктер әсерінен бифидо-лактобактериялардан моноцитарлы-макрофаг қатарының белсенділігі артып, сарысулық иммундыглобулин және интерферон өнімдері көбейіп, Т-жасушалық иммунитет реакциясын қоздыратындығы мәлім болды.
Lactobacillus acidophilus және L. casei сүт қышқылы бактериялары бірден фагоцитоз, табиғи киллерлер белсенділігін және антидене түзетін жасушалардың өнімдерін арттыратын иммундық реакциялар түзеді. Көптеген грамм оң бактерияларының сонымен қатар лакто-және бифидобактерияларының торша қабығы құрамында мурамилпептидтер (МДП) бар, олардың бөлініп шығуы Т-және В-лимфоциттер мен макрофагтардың белсенділігін, иммундыглобулин өнімдерін арттыратандығы мәлім. Бактериалық препараттардың емдеу-алдын алу механизмінің алуан түрлі екендігін ескере отырып, олардың қай-қайсысының басты немесе екіншілік екендігін айқындауға болмайды. Түрлі созылмалы және жедел ауруларда терапиялық әсері бір жағдайда бациланың антагонистік қасиетінен болса, басқа біреулерінде өнімдері мен ферменттер әсерінен, ал үшінші біреулерінде қорғану реакцияларының белсенділігінің артуынан болады. Бірақ, әдетте процесске бір мезетте бірнеше фермент қатысады.
Пробиотиктер - негізінде табиғаты микробтан тұратын патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің өсуін тежейтін қасиеті бар және ас қорыту процесіне қатысатын, әсер ету бастамасы ферменттік жүйе болатын препараттар. Пробиотиктер қалыпты микрофлораның өсуін
белсендірушілер болып табылады. Оларға энтерол (Sanofi-Chinoin компаниясының өнімі), блактисубтил(Marion Merrel Dow, АҚШ), флонивит БС (JCN . Galenic, Югославия), биоспорин жатады (Россия, Әскери-техникалық проблемалар орталығы) .
Биоспориннің әсер ету механизмі құрамындағы Bacillus туыстастығы бактериясының есебінен жүзеге асады. Бұл кезде тірі бациллалардың бір бөлігі (50% шамасында) спора түрінде болады. Спора түзетін бактериялардың кілегей қабық колониясын түзу қасиеті айқын болмаса да, 1 тәуліктен 3 тәулікке дейін адаптацияланады және вегетацияланады. Споралар ішке қарай өсіп ене бастағанда бөліп шығаратын ферменттер протейлердің, ішек таяқшаларының, патогенді стафилококтың және Candida туыстастығының саңырауқұлақтарының жасуша қабырғаларының лизисін тудырады. Препарат организмнің қорғаныс реакциясын едәуір күшейтеді, лейкоциттердің фагоцитарлық белсенділігін арттырады, эндогенді интерферон мен лизоцим өнімдерін күшейтеді .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz