Антибиотиктердің жіктелуі


СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
Дисциплина: Микробиология
Мамандығы: Стоматология
Кафедра: Микробиология, вирусология және иммунология кафедрасы.
Тақырыбы: Стоматологияда қолданылатын антимикробтық дәрмектердің түрлері жене әсер ету механизмі.
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Химиялық препараттардың ашылу тарихы
2. Антимикробтық дәрі-дәрмектердің түрлері мен әсер ету механизмдері.
3. Антибиотиктерді қолдану ережесі
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Стоматологияда қолданылатын препараттарға жалпы шолу. Антисептиктер жалпы клеткалық у болып табылады, талғамдық әсер көрсетпейді және ауыз қуысының шырышты қабығы, тіс тіндерін, пародонтты емдеуге қолданылады. Әсер ету механизмі микроорганизм цитоплазмасының ақуызын денатурациялау, плазмалық мембранасының өткізгіштігін бұзу, ферменттер активтілігін тежеуге негізделген. Улы болғандықтан тек сыртқа қолданылады, сіңірілгенде жағымсыз әсерлер тудыруы мүмкін. Іріңді қабыну процестерінде, пародонт инфекциясының кең таралған кезінде кешенді терапияға антибиотиктер немесе синтетикалық химиотерапиялық антимикробтық препараттар қосылады. Антибиотиктер қолданылатын жағдайлар: ауыз қуысы шырышты қабығының инфекциялық қабыну аурулары, жақ сүйек-бет аймағының қауіпті іріңді қабыну процестері. Антибиотиктер мен антимикробтық препараттар стамотологиялық тәжірибенің аса маңызды бөлігі. Сондықтан оларды жасау мен қолдану деңгейі өсуде.
Антибиотиктер (гр. Anti - қарсы, bios - өмір) - тірі жасушаның, көбінісе прокариоттар мен қарапайымдардың өсуін басатын табиғи немесе жартылай синтетикалық заттар.
Химиялық препараттардың ашылу тарихы Антибиотиктер төменгі молекуларлы қосылыс оның құрамына көміртегі-оттегі және сутегінен басқа азот (1 немесе 2 аммин тобы түрінде) және 1 немесе 2 карбоксильді топтар енеді. Антибиотиктер микробтар мен кейбір қатерлі ісікке әсер етіп, олардың дамуын тежейді немесе жойып жібереді. Антибиотиктердің пайда болуы микробтар дүниесінде кездесетін бір-біріне қарама-қарсылық әрекетіне негізделген. Антибиотиктер туралы ғылымның негізін қалап, алғаш көгерткіш саңырауқұлақтан пенициллин алған (1929) ағылшын ғалымы А. Флеминг болды. Антибиотиктердің бірнеше жүздеген түрі бар, бірақ олардың бәрі бірдей медицинада қолданыла бермейді.
Антибиотиктер шығу тегі, химиялық құрамы, микробтарға әсер ету механизмі т. б. қасиеттері бойынша жіктеледі. Антибиотиктерді ретсіз қолданудың әр түрлі салдары болуы мүмкін. Мыс. денеге бөртпе шығып, қышыма пайда болады, кейде естен тануға әкеп соғады. Сондықтан оларды тек қана дәрігердің айтуы бойынша қолдану қажет. Антибиотиктер медицинадан басқа алғашында, тамақ өнеркәсібінде және микробиологиялық өндірісте пайдаланылады. Антибиотиктер зен саңырауқұлағынан, актиномиоцидтік, кейбір бактериялардан алынады. Жіктелуі: синтетикалық және табиғи. Әсері: бактериостатикалық, бактериоциттік. Әсер ету механизмі: Бактерия жасуша синтезін бұзу, цитоплазмалық мембрана өткізгіштігін бұзу, жасушаішілік синтезін бұзу, РНҚ синтезін бұзу.
1871 -1872 ж. орыс зеттеушілері В. А. Манассеин мен А. Г. Полотебнов жасыл зеңді адамның терідегі жараларын емдеуге қолдануды зерттеді. 1877 ж. Луи Пастер бактерия антогонизмі туралы жариялады. Ол сібір жарасы қоздырғышының өсуін кейбір сапрофитті бактериялардың тежейтініне назар аударды. Пастер бұл құбылысты тәжірибеде қолдану туралы ой айтты. И. И. Мечников ішек бұзылыстарын тудыратын энтеробактерия мен сүтқышқыл микроорганизмдер, көбіне болгар таяқшасы ( «мечников таяқшасы» ), арасындағы антагонизмді ғылыми негіздік тәжірибеде қолданды. А. Флеминг стрептококтарды зерттей отырып, оларды Петри табақшасында өсірді. 1 табақшада стафилакоктармен бірге зең саңырауқұлақтарының колониясы өсіп шықты. Оның қасында стафилакок өсе алмады. Флеминг құбылысқа қызығып, кейін Penicillium notatum атауын алған саңырауқұлақ дақылын бөліп алады. Стафилакокк дамуын тежеген затты бөліп алу 1940 ж. жүзеге асты. Алынған антибиотик пенициллин деп аталды. Пенициллиннің ашылуымен «Антибиотиктер дәуірі» басталды.
Антимикробтық дәрі-дәрмектердің түрлері мен әсер ету механизмдері Антибиотиктердің жіктелуі:
• Аминогликозидтер
• Гликопептидтер
• Карбапенемалар
• Линкозамидтер
• Макролидтер
• Монобактамалар
• Нитроимидазолдар
• Нитрофурандар
• Оксазолидинондар
• Пенициллиндер
• Полимиксиндер
• Сульфаниламидтер және ко-тримоксазол
• Тетрациклиндер
• Фторхинолондар
• Цефалоспориналар
Пенициллин, толық атауы бензилпенициллин - түрлі микробтарға қарсы, іріңді жараны, өкпе қабынуын, баспа, соз және басқа ауруларды емдеуге қолданылатын антибиотик. Ол ең әсерлі антибиотиктердің бірі. Пенициллин көптеген іріңді бактерияларды қоса алғанда, бактериялардың көптеген түрін жояды. Бірақ: ол іш өткенге, зәр шығаратын мүшелерге түскен инфекцияға, сегізкөз ауруына, көгеріп іскенге, әдеттегі салқын тигенге, қызылшаға немесе басқа да вирустық инфекцияларда көмектеспейді. Пенициллин миллиграммен (мг) немесе бірлікпен (бр) - бірлік өлшемімен өлшенеді. Пенициллин үшін 250 мг=4 бр. Қазір пенициллиннің түрі көп (экмоновоциллин, новоциллин) . Ал феноксиметил пенициллинді ішуге болады. Пенициллиннің құрғақ түрін жараға себеді, ал ерітіндісімен жараны жуып емдейді. Стоматологияда іріңді қабыну процестерін, одонтогенді сепсистерді, ауыр инфекциялық ауруларды қолданады.
Фузидин - стероидты құрылымнан тұратын антибиотик. Грамм оң флораға, грамм теріс коктарға, әлсіздеу коринобактериялар мен клостридияларға әсер етеді. Микроб торшасында ақуыз синтезін қоздырып, бактериостатикалық әсер туғызады. Липофилдігінің арқасында асқазан-ішек жолдарына жақсы сіңеді, тіндер мен сүйек тіні, секвестерлерден жақсы өтеді (әсіресе қабыну ошағына) . Стамотологиялық тәжірибеде грамм оң микрофлора тудыратын басқа антибиотиктерге тұрақты ауруларды емдеуде қолданылады. Іріңді қабыну үрдістері сүйекте орналасқанда өте кең қолданылады. Басқа антибиотиктерге қосып тағайындағанда олардың белсенділігін арттырады.
Линкомицин - линкозамид тобының антибиотигі. Микроб жасушасындағы рибосомалар мен ақуыз синтезін ұйытқытып, олар бактериостатикалық әсер етеді. Ерекшелігі - анаэробтарға қарсы жоғарғы белсенделігі. Бауырда залалсызданып, бүйрек және ішек арқылы шығарылады. Периодонтит, периостит, остеомиелит, пародонтит, самай-төменгі жақ буыны артритін емдеуге қолданылады.
Тетрациклин кең ауқымда қолданылатын антибиотик, бұл яғни әртүрлі бактерияларға қарсы пайдалануға болады деген сөз. Тетрациклинді ішу керек, өйткені ол еккендегіден гөрі жақсырақ әсер етеді және бұлай қолдану қолайлы да. Тетрациклинді бактериялар мен амебалардың қоздыруы салдарынан болатын іш өту мен қанды іріңді іш өту ауруына қоддануға болады. Сондай-ақ қолтық қабынуы, тыныс жолдары ауруларына (бронхит т. ), зәр шығару жолдары ауруларына, сүзекке, бруцеллезге, тырысқаққа (холераға, басырға, өттің инфекциялық ауруына, хламидияға, созға, жамбас аумағы) органдарының қабынуына қолдануға да болады. Тетрациклин жай салқын тиіп ауырғанға көмектеспейді. Жай инфекциялық ауруларды бұл пенициллин мен сульфаттарға қарағанда оншалықты тез жазбайды. Стоматологияда бет-жақ аумағының іріңді-қабыну үрдістерін периостит, аһпародонтит, т. б. қолданылады.
Левомицетин - микробқа қарсы спектрі кең антибиотик. Грамм оң және грамм теріс микроорганизмдер, спирохеталар, риккетсияларға қолданылады. Микроб жасушасының ақуыз түзуін, нуклеин қышқылдарының алмасуын бұзып, бактериостатикалық әсер тудырады. Ішке қабылдағанда тез және жақсы сіңеді. Қанда максималды концентрация 2 -3 сағаттан соң пайда болады. Тіндік, гематоэнцефалитикалық және плацентарлық тосқауылдардан жақсы өтеді, бауырда метаболизмге ұшырайды. Стоматологияда сирек қолданылады, тек микроорганизмдер басқа антибактериялық препараттарға тұрақты болған ауыр іріңді қабыну үрдістері мен жедел асты септикалық жағдайларда қолданылады.
Эритромицин - пенициллинге ұқсас. Грамм оң және грамм теріс коктар, грамм оң бактериялар, бруцеллалар, риккетсиялар, анаэробтардың көпшілігі, спирохеталар және микоплазмалар сезімтал.
Антибиотиктерді қолдану ережесі. Препараттың антибактериалдық әсерін күшейту үшін және микроорганизм шатммының тұрақтылығының дамуын төмендету үшін дәрілерді қолданудың белгілі бір ережелерін сақтау қажет. Ең алдымен микробқа қарсы әсер спектрін, АБП тобының бүтіндей алғандағы және жеке бір өкілін алғандағы фармакогенетикалық ерекшелігін, көп жағдайда гистогеметикалық тосқауылдан өту қабілетін байланыстыекендігін ескере отырып препаратты дұрыс таңдау керек. Химиятерапиялық препараттарды, сонымен қатар АБП-тарды неғұрлым ерте тағайындау қажет. Себебі бет-жақ ауданы қан және лимфамен бай қанықтырылған, індет тез таралуы мүмкін. Дәріні тағайындау мөлшерін, енгізу әдісін және енгізу мерзімін дұрыс сақтау қажет. Микрооргнизмнің тұрақты түрлерінің пайда болуының алдын алу үшін химиотерапия дәрілерімен емдеуді жоғары мөлшерден бастау керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz