Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.
I. Негізгі бөлім. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері.
1.1.Ғылыми.педагогикалық, психологиялық, философиялық әдебиеттердегі танымдық қызығушылықты қалыптастыру мәселелері.
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын қалыптастырудың ерекшеліктері.
Ұжымдық технологияны пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруі.
Ұжымдық оқыту технологиясына сипаттама
.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талыпыныстар оқытудың әртүрлі әдіс -тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс әрекеттеріне шығармашылық бағыт ұстанатын, сол түрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде.
Бүгінгі күні өзінің білімділігі мен біліктілігін таныта алар дарынды да талапты жеке тұлға тәрбиелеу міндеті жалпы білім беретін мектептердің білім мазмұны мен оқыту үрдісіндегі жаңа ойлар мен шешімдердің жүйесіне келіп тіреледі. Бұл міндеттің жүзеге асуы осы жолдарды жетілдірумен байланысты қаралатындықтан , оқытуды баланың жеке бас ерекшеліктерін ескеру ұстанымы, тұрғысында ұйымдастыру мәселелері үлкен мәнге ие болды.
Субьектінің даралық қасиеттерін қалыптастырудың негізі деп саналатын мотивтердің бірі – танымдық қызығушылық. Баланың психологилық ерекшеліктерін ескере отырып, танымдық қабілеттерін жетілдіру үшін танымдық қызығушылықты жан–жақты қарастыру керек.
Оқу әрекетінің өзге әрекет түрлерінен ең басты ерекшелігі оқушының үнемі «жаңа дүниеге енуімен», әрбір жаңа әрекеттерді игеруімен, әрдайым оның бірінен екіншісіне ауысып отыруымен байланысты (Д.Эльконин).
Сондықтан оқыту үрдісінде жеке тұлғаның өз бетінше әрекет етуге деген құлшынысын оятуға, білімнің өзі үшін керек екенін сездіруге, шығармашылық жұмыстарға баулуға, интеллектісінің дамып жетілуіне түрткі болатын танымдық қызығушылықты арттырудың ролі ерекше.
Адам ұнамды дәлелдердің арқасында , әсіресе көргісі келгенін, білгісі келгенін тез, дұрыс және толық қабылдайды.
Оқу әрекетінің бала дамуының қайнар көзіне айналуы , оның негізгі компоненттерінің ролін дұрыс тануымен, әрқайсысының өзіндік

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
I. Негізгі бөлім. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың
теориялық негіздері.
1.1.Ғылыми-педагогикалық, психологиялық, философиялық әдебиеттердегі
танымдық қызығушылықты қалыптастыру мәселелері.
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын
қалыптастырудың ерекшеліктері.
Ұжымдық технологияны пайдалану арқылы бастауыш сынып
оқушыларының танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруі.
Ұжымдық оқыту технологиясына сипаттама
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін
жасалынып жатқан талыпыныстар оқытудың әртүрлі әдіс -тәсілдерін қолдана
отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс әрекеттеріне шығармашылық
бағыт ұстанатын, сол түрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны
тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде.
Бүгінгі күні өзінің білімділігі мен біліктілігін таныта алар дарынды
да талапты жеке тұлға тәрбиелеу міндеті жалпы білім беретін мектептердің
білім мазмұны мен оқыту үрдісіндегі жаңа ойлар мен шешімдердің жүйесіне
келіп тіреледі. Бұл міндеттің жүзеге асуы осы жолдарды жетілдірумен
байланысты қаралатындықтан , оқытуды баланың жеке бас ерекшеліктерін ескеру
ұстанымы, тұрғысында ұйымдастыру мәселелері үлкен мәнге ие болды.
Субьектінің даралық қасиеттерін қалыптастырудың негізі деп саналатын
мотивтердің бірі – танымдық қызығушылық. Баланың психологилық
ерекшеліктерін ескере отырып, танымдық қабілеттерін жетілдіру үшін танымдық
қызығушылықты жан–жақты қарастыру керек.
Оқу әрекетінің өзге әрекет түрлерінен ең басты ерекшелігі оқушының
үнемі жаңа дүниеге енуімен, әрбір жаңа әрекеттерді игеруімен, әрдайым
оның бірінен екіншісіне ауысып отыруымен байланысты (Д.Эльконин).
Сондықтан оқыту үрдісінде жеке тұлғаның өз бетінше әрекет етуге деген
құлшынысын оятуға, білімнің өзі үшін керек екенін сездіруге, шығармашылық
жұмыстарға баулуға, интеллектісінің дамып жетілуіне түрткі болатын танымдық
қызығушылықты арттырудың ролі ерекше.
Адам ұнамды дәлелдердің арқасында , әсіресе көргісі келгенін, білгісі
келгенін тез, дұрыс және толық қабылдайды.
Оқу әрекетінің бала дамуының қайнар көзіне айналуы , оның негізгі
компоненттерінің ролін дұрыс тануымен, әрқайсысының өзіндік
ерекшеліктерімен ішкі заңдылықтарын түсінуімен, соған сай педагогикалық
ізденістерге толы шығармашылық еңбектерінің нәтижесімен айқындалады.
Оқыту үрдісін жетілдіру мәселесі көптеген ғалым педагогтар мен
психологтардың Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, Л.С. Выготский В.В.Давыдов,
М.А.Данилов т.б. еңбектерінде зерттелген.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру мәселелері
Я.А.Каменский, Ы.Алтынсарин, Г.И.Шукина, Т.И.Шамова, Ю.К.Бабанский т.б.
ғалымдар еңбектерінде зерттеу міндеттеріне қарай жүйелі талданған.
Оқыту бұл қарым-қатынас барысында болатын басқармалы таным, қоғамдық
тарихи – тәжірибені меңгеру және қандай да бір әрекетті меңгеру.
Тұлғаның дамуына жағдай жасап, танымдық қызығушылығын қалыптастыру –
педагогикалық еңбектің өзегі. Танымдық қызығушылық мәселесі - көкейкесті
мәселелердің бірі.
Бүгінгі мектептің оқу тәрбие процесін түбірімен өзгертіп, шешуші түйін
оқушылардың өз бетімен жұмыс істей білуі мен бірлесіп жұмыс істей білуге
үйретуге дәстүрлі сабақтың өресі жетер емес.
Оқу-тәрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген
факторлардың үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз
ететін жанды құрамдас бөлігі - педагогикалық технология.

Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері.
1.1. Ғылыми- педагогикалық, психологиялық, философиялық әдебиеттердегі
танымдық қызығушылықты қалыптастыру мәселелері.

Білім беру мен оқыту теориясының әдіснамалық негізі –таным теориясы,
оқушы тұлғасын жан жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілімі болып
табылады. Білім мен оқыту теориясының оқушыларды оқыту мәселесіндегі
талаптарының бірі – танымдық белсенділік пен саналылық.
Көне замандағы Антик дәуірінде -ақ ойшылдар мен педагогтар
оқушылардың өзіндік ой тұжырымын жасауды дамыту үшін репродуктивті және
эвристикалық әдістер жайлы мәселелерге көп көңіл бөлген. Оқушылардың ақыл
-ой тәрбиесіне негізделген тәрбие теориясында айналасындағы дүниені шынайы
ақиқат тұрғыда танып білуін қамтамасыз етуі мен қоғамға , адамдарға дұрыс
қарым қатынас қалыптастыруын қарастырады. Бұл идеялар көне заманнан бастау
алады. Платон, Аристотель, ежелгі Рим Философтарының еңбектерінде одан әрі
дами түсті. \24\
Таным теориясы \гнесеология немесе эпистомология\ –айналадағы
қоршаған дүниенің адам санасында бейнеленуін , танымдық жалпы шарттары мен
мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатынасын, қоғамдық тәжірибе негізінде іске
асатын таным үрдіснің заңдылықтарын, оның негізгі түрлерін, әдістерін,
жорамалдар мен теорияларды құру және дамытудың жолдарын зерттейтін
психология ғылымының саласы. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан
айырмашылығы бар. Ол – білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы
ұстанымдарын, оның ақиқаттығының жалпы шартттарын, обьективтік қатынастарды
қалыптастырады. Сондықтан Аристотель Сыртқы дүние заттары алғашқы, ал ол
туралы білім соңғы дейді. Адам танымы сыртқы дүние тудыратын түсініктен
басталады, танымның негізі сезімдік қабылдау деп түсінеді.
Оқушылардың танымдық әрекет құрылымы; танымдық қызығушылықтан, танымдық
белсенділік,танымдық дербестік пен шығармашылық әрекеттен тұрады.
Танымдық қызығушылық
- Жаңа фактілермен құбылыстарға қызығушылық;
- Белгілі бір бағытты таңдау;
- Даму сатылары;
- Білуге құмарлық;
- Білімпаздық;
- ізденімпаздық.
Танымдық белсенділік
- Білуге құмарлық;
- Зеректілік,саналылық;
- Бағдарланушылық;
-Шешімпаздық;
Танымдық дербестілік
-Обьектімен,құбылыспен тереңірек танысуға ұмтылу;
-Дербес іс әрекет жасауға және өз бетіндік жұмысты ұйым-дастыруІс әрекет
нәтижесін болжау;
-Болжамды бақылаулармен, жаттығулармен, эксперименттермен тексеру.
Шығармашылық әрекет
- Шығармашылық ойлау біліктілігі;
- Жаңаны ойлап табу;
- Іс әрекет нәтижесін түйіндеу;
- Ұжымдық оқыту арқылы оқушылардың танымын қалыптастыру.

Таным философиялық ұғым., ...айналадағы материалдық шындықтың адам
санасында бейнеленуі. Г.Гегель таным дегеніміз- сыртқы заттар мен
құбылыстар қасиеттерінің мәнді қатынстарының адам санасында идеалды
образдар жүйесі ретінде бейнеленудің қайшылыққа толы күрделі процесі. –
деген.
Қызығушылық ( лат. Interest – мәні бар, маңызды) – адамның аса маңызды
деп сезінген әрекетінің шынайы көрінісі. Қызығушылықты субьектінің өз
әрекетіне оң , сыни қарым –қатынасы деп анықтауға болады.
Психологтар қызығушылыққа түрлі анықтамалар береді.
- адамның зейінінің таңдаулы бағыттылығы ( Н.Ф.Дубровин, Т.Рибо)
- оның ақыл-ой және эмоционалдық белсенділігінің
көрінісі(С.Л.Рубинштейн)
- әр түрлі сезімдер қозғағышы (Д.Фрейер)
- адамның әлемге деген белсенді эмоционалдық- танымдық қарым –қатынасы
(Н.Г.Морозова).
Л.Г. Выготский Қызығушылық – бұл бала мінез – құлқының табиғи
қозғағышы, ол баланың әрекетінің органикалық қажеттілгіне сәйкес
инстиктивті әлпетінің шынайы ұмтылысын көрсетеді. Міне, сондықтан негізгі
ережелер барлық тәрбие жүйесін бала қызығушылығын ескере отырып құруды
талап етеді. Баланы белгілі бір әрекетке жұмылдыру үшін оның
қызығушылығын оят, оның осы әрекетке дайын болуына жағдай жаса, бала
барлығын өзі жасайтындай болсын, сонда мұғалім тек бағыт беруші, басқарушы
ғана болады. – деген.
Білім негізі қаланатындықтан және арнайы орындар мен мамандар
тартылатындықтан адамдардың танымдық қызығушылығының қалыптасуына
мектепте оқыған жылдар маңызды орын алады.
Ұлы дидак Я.А.Каменеский адамды табиғаттың бір органикалық бөлшегі деп
қарайды. Ол Жердегі ең жоғары, ең жетілген, ең әсем жаратылған - бұл
адам.
... жаратқынның күші бар ғажап микрокосм, - деген.Өзін -өзі және
қоршаған ортаны тануды ақыл-ой тәрбиесіне міндеттеріне жатқызады. Өз
еңбектерінде тілді оқыту мазмұны шынайы өмірдегі қоршаған ортадағы ерекше
құбылыстарға құрылған таным элементтері негізінде ұсынған.
К.Д.Ушинский қызығушылық сапалы оқытудың негізгі жолы деп қараған.
Неміс психологы, әрі педагогы Гербарт мұғалім жан–жақты болып,оқушыны
қызықтырып отыру керектігін айтқан.
Педагог Г.И.Шукина ... танымдық қызығушылық оқушының мектепке деген
жақсы қарым–қатынасының негізінде жатқан маңызды оқу мотивін құрайды –
дейді.Ол өз еңбектерінде танымдық қызығушылық оқушының жеке адам болып
қалыптасу процесінде жетіліп, маңызданып, байитынын дәлелдейді.
М.Н.Скаткин бастауыш сынып мұғалімдеріне берілетін материалды
проблемалық мәселе ретінде ұсынуды құптаса,В.В.Давыдовтың пікірінше:
оқушыларда танымдық проблемалық міндеттерді шештірудің жолдарын іздестіру
арқылы шығармашылық тәжірибені меңгертуге болады.Бұл ой–пікірлерден
қызығушылықтың ең негізгі факторы екендігін көреміз.
Қазіргі кезеңде қоғамда болып жатқан өзгерістер білім беруді
ізгілендіру, баланың шығармашыл болуын талап етеді. Оқушы дүниетанымының
кеңеюі танымдық қызығушылықтың артуына өзгерістер енгізеді.
Халыққа білім берудегі алғашқы тәжірибе станциясындағы жұмысты басқарған
педагог С.Т.Шацкий тәжірибесінде мектепті өмірмен байланыстыру,балаларды
белсенді қызметке тарту айқын байқалады. С.Т.Шацкий мұғалімдерден
оқушыларда кездесетін қиыншылықтар мен кедергілерді тереңірек оқып-үйренуді
талап етеді.
Бүгінгі күні өзінің білімділігі мен біліктілігін таныта алар
дарынды да талапты жеке тұлға тәрбиелеу міндеті жалпы білім беретін
мектептердің білім мазмұны мен оқыту үрдісіндегі жаңа ойлар мен шешімдердің
жүйесіне келіп тіреледі.Бұл міндеттің жүзеге асуы осы жолдарды жетілдірумен
байланысты қаралатындықтан, баланың жеке бас ерекшеліктерін ескеру
ұстанымы, оқытуды жеке тұлғаны дамыту тұрғысында ұйымдастыру мәселелері
үлкен мәнге ие.
Субьектінің даралық қасиеттерін қалыптастырудың негізі деп саналатын
мотивтердің бірі – танымдық белсенділік. Баланың психологиялық
ерекшеліктерін ескере отырып, танымдық қабілеттерін жетілдіру үшін,
танымдық белсенділіктің әрекет категориялары мен өзара қатысын жан –жақты
қарастыру қажет. Оқу әрекетін өзге әрекет түрлерінен басты ерекшелігі
оқушының үнемі жаңа дүниге енуімен, әрбір жаңа әрекеттерді игеруімен,
әрдайым оның бірінен екіншісіне ауысып отыруымен байланысты.(Д.Эльконин)
Сондықтан оқу үрдісінде жеке тұлғаның өз бетінше әрекет етуге деген
құлшынысын оятуға, білімнің өзі үшін қажет екенін сездіруге, шығармашылық
жұмыстарға баулуға, интеллектісінің дамып жетілуіне түрткі болатын танымдық
белсенділікті арттырудың маңызы ерекше.
Адамның танымдық белсенділігіне бір нәрсе түрткі болады, бір нәрсемен
дәлелденеді, адам ұнамды дәлелдердің арқасында, әсіресе көргісі келгенін,
білгісі келгенін тез, дұрыс және толық қабылдайды. Бұл қабылдағанын есінде
ұзақ сақтайды.
Оқу әрекетінің бала дамуының қайнар көзіне айналуы, оның негізгі
компоненттерінің ролін дұрыс тануымен, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері
мен ішкі заңдылықтарын түсінуімен, соған сай педагогикалық ізденістерге
толы шығармашылық еңбектердің нәтижесімен айқындалады. Психологизация
тенденциясының талаптарына орай, субьектінің барлық қасиеттерін
қалыптастырудың негізі деп саналатын оқу мотивтерінің бірі – танымдық
белсенділігін арттыруды жан–жақты қарастыру, танымдық белсенділіктерін
жетілдіру және психологиялық ерекшеліктерімен сәйкестендіре дамыту оның
жалпы әрекет категорияларымен өзара қатысып арнайы сөз етуді қажет етеді.
С.Л.Рубейнштейн Ішкі жағдайлардың жиынтығы әрқашан сырттай әрекет
етеді, – деп жазды.
Баланың белсенділігі оның дамуындағы қажетті фактор болып табылады. Ол
іс–әрекет жасағанда ғана жаттығады.
Егер бала оқудың өзі үшін қаншалықты мәнге ие екенін сезінсе, ол
білімге саналы ден қояды. Әрекеттің мотивациялық сатысында оқушыларға
проблемалық жағдай туғызудың сабаққа зейінін аударудың ең тиімді тәсілі.
Проблемалық сұрақтың қойылуы балалардың психологиялық ерекшеліктері мен
олардың таным деңгейіне ойластырылса, онда белсенділігі арта түседі. Бұл
баланың қиындықты түсініп, одан шығудың жолдарын іздестіруге, табуға
итермелейді. Сөйтіп, өз бетінше, дербес ізденуіне жол ашылып, өзі үшін аса
қажетті обьектіге қарай бағытталып, шығармашылық белсенділік деңгейіне
жетеді.
Бірінші жалпы заңдылық қызығушылық болып оқушылардың білім сапасы
деңгейіне, ақыл-ой қабілеттерінің қалыптасуына байланысты. Екінші маңызды
және жалпы заңдылық оқушының мұғалімге деген қарым-қатынасы болып табылады.
Мұғалім оқушының жүрегіне дұрыс жол таба білуі тиіс.
Танымдық қызығушылықтың элементарлы деңгейі болып жаңа фактілерге,
атаулы құбылыстарға қызығушылық, ақпарат алуға деген құлшыныс.
Жоғары деңгей болып заттар мен құбылыстарға тереңірек үңілуге
қызығушылық. Бұл деңгей ізденісті, болжауды, білімін жүзеге асыруды талап
етеді. Танымдық қызығушылық бұл деңгейде қолданбалы сипаттағы міндеттерді
шешуге байланысты. Бұл әсіресе теориялық білім қоры аз жас жеткіндектерге
тән.
Ең жоғарғы деңгей оқушылардың себеп-салдарлық байланысқа,
заңдылықтарды анықтауға, құбылыстардың әр жағдайында әсер ететін жалпы
принциптерін қоюға қызығушылығы. Бұл деңгей зерттеушілік, шығармашылық
әрекетпен, жаңалық ашумен, оқытудың бұрынғы тәсілдерін жетілдірумен
байланысты.
Танымдық қызығушылықтың аталған деңгейлері жалпы сипатта оның даму
тенденциясын суреттейді. Шынайы поцесте танымдық қызығушылық алмасу жолы
нәзік және күрделі .
Танымдық қызығушылықтың негізгі көрсеткіш параметрі интеллектуалдық
белсенділік болып табылады.

1.2. Оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын
қалыптастыру ерекшеліктері және жолдары.

Қай заманда, қандай қоғамда болмасын мектептегі білім беру мақсатын,
ең алдымен осы қоғамның мүддесінен туындайтын әлеуметтік сұраныс анықтайды.
Қазіргі қоғамға ақыл–ойы кемел,шығармашылық жағынан қабілетті,іскер және
білімді адамдар керек. Оқу процесі кезінде мұғалімдердің әр балаға ерекше
көңіл аударып, жүрегіне жол табу басты мақсат.
Көптеген зерттеулер нәтижесі бастауыш сынып оқушыларының танымдық
қызығушылықтарының қалыптасуы білім сапасының өзгеруіне, оқу процесінің
тиімді тәсілдерінің қалыптасуына , логикалық ойлауының дамуына әсері барын
айтады.Кіші мектеп жасында танымдық қызығушылықтарының қалыптасуы баланың
дамуына оң әсер етеді. Олай болса біздің ойымызша бастауыш сынып
оқушыларының танымдық қызығулықтарын қалыптастыруға мақсатты педагогикалық
әрекет қажет.
Баланың танымдық қызығушылығының көрсеткіші болып :
- зейін қоюшылық;
-баланың өз еркімен білімге деген құлшынысы,
- жұмыс барысында кездескен қиыншылықтарға кездескенде жағымды эмоцияда
болуы;
Танымдық қызығушылық танымдық міндеттерді шешетін , интеллектуалдық
жетістіктерге жеткізетін білім, білік алумен байланысты. Бұл белсенділік
деңгейі кіші мектеп жасы оқушыларына тән:
- интеллектуалды міндеттерді шешуге;
- аталған міндетті шешу жолдарына ұмтылыс;
-интеллектуалдық жетістіктерге қажеттілік;
- тақырып бойынша қалай істеу керек?, не үшін?, не дұрыс?, Не
бұрыс? т.б. сұрақтар қойып жаңа ақпараттар алуды меңгеру сипатын көрсету.
- ұсынылған әрекет тәсілдерін меңгеруге талпыныс;
- таныс емес нәрселер мәніне көңіл бөлу;
Педагогикалық және психологиялық әдебиеттерде бұл деңгейді өнімді
–еліктеуші деп те атайды. Негізгі даму жағдайы үлкендердің, мұғалімдердің,
ата-аналардың қарым-қатынасы, баланың сәттіліктеріне орай болашағынан
үміттенуі. Негізгі барьерлер бәсекелестіктің артуы,танымдық мотивацияның
жетістік мотивациясына алмасуы, мұғалім мен ата-аналардың әрекетті
орындауға бағытталуы.
Сонымен қатар бастауыш сыныпта оқушыларда өзіндік танымдық
белсенділік, қоршаған ортадағы құбылыстар мен мен өзінің арасындағы
байланыс көздері сипатталады. Белгілері:
- танымдық қызығушылығыгың жарқын сипаты - көп білсем деген құлшыныс;
жаңа білім; жаңа білік; мазмұнға тереңірек үңілуге бағытталған жаңа
сұрақтардың пайда болуы;
- Дербес әрекеті барысында және мұғалімге берілген заңдылықтарды тануға,
мәнді себепті-салдарлы байланыстарға қызығушылық;
- Меңгеру мақсатын және сұрақтарын дербес қоя алуы, жаңа міндеттер мен
проблемалар қоя білуі;
- Мақсат, міндеттерді шешудің тың тәсілдерін таба алуы;
- Талқылауға белсенділікпен қатысу;
- өз пікірін білдіруге тілегі,
- саналы қызығушылық – оқушы өзіне не ұнайтынын түсіндіре алады.
Төменгі сынып оқушыларының төменгі деңгейі:
- оқытудың дифференциясынан, жоғары деңгейдегі оқушыларды бөліп, оқу-
тәрбие мақсаттары әр түрлі іріктелген және жай сыныптардың болуы;
- мектептегі ахуалдың жағымсыз болуы;
- Мұғалімнің кәсіби құзырлыығының жеткіліксіздігі.
- жоғары мотивациялы, дарынды балалардың танымдық қызығушылығын
дамытуға көңіл бөліп, қатардағы оқушылардың бұл міндеттен тыс қалуы
Міне, сондықтан танымдық қызығушылықты дамыту үшін тек жалпы эмоционалдық
ахуалды ғана емес, интеллектуалдық ізденіспен байланысты , ішкі және
сыртқы қиыншылықтарды жеңетін күрделі жүйе жасауға көңіл бөлу керек.
Педагогикада таным процесі төмендегідей құрылымдардан айқындалған:
1.Қабылдау. 2.Ұғыну. 3.Талдап қорыту. 4.Бекіту.
Танымдық қызығушылық – оқыту процесін жүзеге асырудың басты шарты және
оқушылардың өздерінің танымдық әрекеттерінің сипаттамасы. Оқу барысында
оқушылардың қызығушылығынсыз оқыту процесі болмайды. Оқушының танымдық
қызығушылығын қалыптастыру – бұл ынтаны тудыратын, оқушыға оқу
материалдарына қызыға кірісу сезімін оятатын мұғалім әрекетінің жүйесі.
Танымдық қызығушылықты одан әрі дамытуға мотив негіз болады. Белгілі бір
ғылымға қызығу, мақсатқа айналу немесе бұрынғы қызығушылықтың жаңа сипат
алуы, оқу–тәрбие процесінде оқушыда білім, дағды үнемі жаңарып отыруына
байланысты.
Танымдық қызығушылықты оятуда төмендегідей жағдайлар ескерілуі керек.
1. Оқу әрекеті үстінде жағымды қолайлы ортаны сабақты түрлендіріп өткізу.
2.Оқу әрекеті барысында әрбір баланың мүмкіндігіне сенім тудыру.
.Ата–аналардың жағымды қатынастарын пайдалануда педагогикалық көмегі.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру
қиялға байланысты. Кез-келген ойлаудың, шығармашылық белсенділіктің
толыққанды дамуы онсыз болмайтыны белгілі.
Оқушының танымдық қызығушылығын, таным мен оқу қабілеттерін, білімі мен
біліктілігін, бейімділігін,мінез –құлық ерекшеліктерін анықтау, есепке алу
және дамыту және осының бәрін оқу процесінде шебер пайдалана білу.
Бұл мақсатқа жету үшін мұғалім өз оқушыларының жеке бас ерекшеліктерін
терең де жан–жақты зерттеуі керек.
Ол үшін түрлі зерттеу әдістер қолданылады.
1. Экспериментальды әдіс
2.Экспериментальды емес әдіс
3. Танымдық қызығушылық қалыптастыру әдістері.
Экспериментальды әдістің үш түрі болады: 1.Педагогикалық эксперимент

2.Лабороториялық эксперимент

3.Ситуативті модельді эксперимент

Экспериментальды емес әдіс: байқау, сауалнама, әңгіме,талдау жатады.
Танымдық қызығушылық қалыптастыру әдістері: 1.Эмоциональдық ситуация

2.Танымдық ойын.

3.Өмірлік ситуацияны талдау.
Оқыту әдістерінің үш міндеті бар: - дидактикалық міндет
- танымдық
қабілеттерін арттыру
- оқытудың
тиімділігін арттыру.
В.А.Сухомлинский Егер оқу ойдың, сезімнің, шығармашылықтың,
әсемдіктің жарқын сәулесімен нұрланған болса, ол қызығушылықты еліктіретін
іске айналады – деген болатын. Білімге деген ынтаны ояту дұрыс жолға
қойылған жағдайда оқушылардың білімге деген құштарлығы дамиды- деген.
Бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың оқуға қызығушылығын оятудағы
өзіндік белгілерін ескеру қажет.

Ішкі белгілер:
- сабаққа белсене қатысу;
- сабақ үстінде сұрақтар қою;
- пәнмен айналыссам деген тілегі.
- берілген тапсырмаларды оқушылардың толығымен орындауы.

Сыртқы белгілер:
- оқушылардың көңіл-күйінің көтерілуі
- көздерінде ұшқын болады
- бет әлпетіндегі қуаныштың көрінісі.

Т.И.Шамова Оқушыларды оқуға қанықтыру еңбегінде еңбегінде
оқушыларды оқуға қызықтыру құралдары жүйесін құрды.Оқушылардың танымдық
қызығушылығына дәрежелі өнімді әрекет ретінде ерекше көңіл аударған жөн-
деген. Оның пікірінше танымдық белсенділік төмендегі шарттар орындалғанда
жүзеге асады:
1. Танымдық қажеттілік қалыптастыру, тұрақты танымдық қызығушылық
тәрбиелеу.
2.Алған ақпаратты саралау интеллектуалдық білік қалыптастыру,жобалау,
оқу процесінде өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі бақылау.
3.Ұжымдық жұмыс барысында даралықты ескеру, оқушылардың оқу танымдық
әрекетін тексеріп отыру.
Оқыту әдістерін зерттеуші ғалымдар жалпы алғанда былай топтайды.
1. Оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін ұйымдастыру және оны іске
асыру әдістері.
2. Оқу-таным әрекеттеріне түрткі жасау, әсер ету әдістері.
3. Оқу-таным әрекеттерінің тиімділігін тексеру тәсілдері.
Бұлардың әрқайсысына жекелеген әдіс кіреді.
1-топқа индуктивтік, дедуктивтік;
2- топқа оқушылардың қызығу мүддесін туғызу, зейінін жинақтау,
оқуда борыш,жауапкершілік туғызу әдістері;
3 –топқа ауызша және жазбаша тексеру.
1960-90 жылдары Л.В.Занковтың басшылығымен зерттеу жүргізіліп, дамыта
оқыту тұжырымдамасын жасады.
Л.В.Занков жасаған жаңа жүйенің негізі - өсіп, дамып келе жатқан дара
тұлға. Әрине ,әр баланың табиғаты әртүрлі, бірінің есте сақтау қабілеті
зор болса,екіншісінің ойлау, үшіншісінің елестеу қабілеті дамыған.

Л.Г.Занков әр түрлі жағдайларға байланысты төменгі сынып оқушыларына оқу-
танымдық қызығушылықтарының қалыптасу деңгейлерін көрсетті.

№ Деңгейлері Оқушының қызығушылықтары Тапсырманы орындауы
1 Қызығушылықтың Бұл оқушыда танымдық Оқушы қалыптасқан
болмауы қызығушылықтың мүлдем білік,білім,дағдылары
болмауы емес, белгілі бірарқылы оңай тапсырманы
функцияны оқытуда кішкенешешуге тырысады да, ол
болса артуы. қиындаған сайын
қабілеті төмендейді.
2 Жаңаны білуге Теориялық жағына емес, Сұрақтар қойып,
талпыну практикалық жағына жұмысқа бар ынтасымен
қызығуы. кіріседі. Мұғалімнің
көмегі мен бақылауын
қажет етеді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық негіздері
Зерттеудің екінші ғылыми нәтижесінің жаңалығы кәсіби оқыту педагогтарын кәсіби даярлау процесінде инновациялық - технологиялық даярлығын жетілдіру үлгісін жасау арқылы анықталғанында
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың моделі
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мектеп пен университет арасындағы сабақтастық
В.М. Манаховтың оқыту технологиясы
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу- танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық мәселелері
Бастауыш сынып оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын арттырудың жолдары
Оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың жолдарын теориялық, әдістемелік тұрғыдан негіздеу
Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері
«Технология» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру
Пәндер