Еңбек құқық қатынастары


Астана Медицина Университеті
Сот медицина кафедрасы
Құқық пәні негіздері
СӨЖ
Тақырыбы: Еңбекке орналастыру және жұмыспен қамту
мәселесін мемлекеттік-құқықтық реттеу
Тексерген: Мукашева А. Б
Орындаған:Советханова М
Асанова А 123 ОМ
Астана қ. 2012 ж.
Жоспар:
1) Еңбек құқық қатынастары
ә) Қолдану ерекшеліктері
б) Еңбек шартының құқықтық реттелуі
в) Жұмыс уақыты
Еңбек құқығы - еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Бұл қатынастар тараптардың әдетте жеке және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар және ҚР Конституциясына негізделген еңбек туралы заңдармен реттеледі. Ең негізгісі 1999 жылдың 10 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» Заңы болып табылады.
Аталған құқықтық - нормативтік кесімнің төмендегідей қолдану ерекшелектері бар:
- ҚР аумағындағы еңбек қатынастарын реттеумен қатар, оссы заң елімізге жұмыс істейтін шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады;
- Әркімге өз еңбек құқықтарын іске асыруына тең мүмкіндіктер береді;
- Жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, сеніміне және т. с. с жайларға қарамастан, ешкімнің де еңбек құқықтатын шектеуге тиісті емес;
- Мәжбүрлі еңбекке тыйым салынады, еңбектің осы түрін тек сот үкімі бойынша, не төтенше не соғыс жағдайларында кезінде жол беріледі және т. б.
Жеке еңбек шарты:
- Белгісіз мерзімге;
- Белгілі бір мерзімге;
- Белгілі бір жұмысты орындау уақытына не уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына жасалу мүмкін.
Жеке еңбек шартының тоқтатылуы негіздері:
- Мерзімнің бітуі бойынша;
- Тараптардың еркіне байланысты емес жағдайларда (әскери қызметке шақырылғанда, қайтыс болса т. б. )
Шартты бұзу негіздері:
- Тараптардың келісімі бойынша;
- Тараптардың бірінің бастамасы бойынша;
- Заңнамалық кесімдерде көзделген өзге де негіздер де болады.
Жұмыс берушіге өз бастамасымен жеке еңбек шартын біржақты бұзуына төменгі жағдайлар негіз бола алады (Еңбек заңнының 26 бабы) :
- Заңды тұлғаның таратылуы, жұмыс беруші жеке кәсіпкердің қызметінің тоқтатылуы;
- Қызметкелердің саны не штаты қысқартылуы;
- Қызметкер ұйыммен бірге басқа жерге аусуынан бас тартқанда;
- Іркіліске байланыстыбасқа неғұрлым жеңіл жұмысқа ауыстырудан бас тартқан жағдайда;
- Еңбек жағдайларындағы өзгеріске байланысты жұмысты жалғастырудан бас тартқанда;
- Қызметкер еңбек міндеттерін бір рет өрескел бұзғанда және т. б.
Жұмыс уақыты деп еңбек шартына сәйкес, заңмен белгіленген тиісті жұмыс уақытын айтады. Оның қалыпты ұзақтығы 40 сағаттан аспауы тиіс. Он төрт жастан он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін аптасына 24 сағаттан, он алтыдан он сегізге дейін аптасына 36 сағаттан, ал ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарды істейтін қызметкерлер үшін 36 сағаттан аспайтын, қысқартылған жұмыс күні белгіленеді.
Алты күндік жұмыс аптасы (40 сағат) кезінде күнделікті жұмыс уақыты жеті сағаттан, 36 сағат болғанда 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда 4 сағаттан аспауы тиіс.
Еңбек құқығы (ағыл. labour law) - Жалдамалы жұмысшылардың еңбегін реттейтін құқық саласы.
Еңбек құқығы:
жұмыскермен қызметкердің тікелей еңбек ету жағдайы бойынша жұмыс беруші атынан әрекет ететін әкімшілікпен қатынасын реттейді;
өндірісті басқаруға жұмыскердің қатысу, еңбек жағдайын тағайындау мен қолдану жағдайы бойынша әкімшіліктің еңбек ұжымымен қатынасы;
еңбек дауларын қарастыру бойынша қатынастар;
еңбекті қорғау және бірқатар басқалары бойынша қатынастар.
Қаржы құқығы мемлекеттің дамуының әрбір нақты кезеңінде оның міндеттері мен қызметтерінің үздіксіз атқарылуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Мемлекеттің қаржылық қызметі түрлі әдістердің көмегімен іске асырылады. Осындай әдістердің бірі ақшалай қаржы жинау, яғни жеке және заңды тұлғалардың табысының, пайдасының бір бөлігі заңда көрсетілген мерзім
мен мөлшерде мемлекеттің бюджетіне түседі. Бюджетке аталған түсімдердің уақытында төленуін мемлекетҚаржылық бақылау. Қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық іс-әрекетінің ақша-қаржы ағымын, бюджеттің қазынасын қатаң сақтау мен бақылауға бағытталған маңызды бір бөлігі. Қаржылық бақылау барынша күрделі жүйе және ол төмендегідей бірнеше бөліктерден тұрады: 1) бақлыау субъектісі; 2) бақылау объектісі; 3) бақылау заты (тақырыбы) ; 4) бақылаудың максаты; 5) бақылауды іске асырудың әдістері.
Қаржылық бақылаудың субъектісі болып қаржылық бақылауды іске асыруға құзіреті бар арнайы мемлекеттік не мемлекеттік емес органдар, лауазымды адамдар табылады. Сондықтан, тікелей тексеруші қаржылық бақылаудың субъектісі, ал тексерілуші объектісі болады.
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың объектісіне осы бақылаудың шеңберіне ілінген тұлғалар, нақты айтсақ: 1) мемлекеттік органдар; 2) мемлекеттік заңды тұлғалар; 3) мемлелкеттік емес заңды тұлғалар; 4) азаматтар жатады.
Бюджеттік құқық негіздері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz