Мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
БАЛАЛАРДЫҢ ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І
Мектепке дейінгі балаларды қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудың теориялық негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.1
Жас ерекшелігі бойынша негізгі математикалық ұғымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.2

1.3

Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыруда психо - педагогикалық ұғымдардың негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
Мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

II
Іс-тәжірибелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

2.1
Мектеп жасына дейінгі ұйымдарда даярлық топ балалардың қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудың негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

2.2
Практика базасындағы зерттеу жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 2

КІРІСПЕ
Мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастырылған оқу қызметтерінің маңызы ерекше. Оларды мазмұнды, қызықты және заманауи етіп өткізу - тәрбиешінің міндеті. Алайда, келер ұрпақтың талғамдық ерекшеліктеріне байланысты, бұл іс әркімнің қолынан келе бермейді.
Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру балаларды мектепке дайындаудың бір бөлігі болып табылады. Бұл процесс мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамыту міндеттерін шешуде тәрбиелеу мен білім беруді жүзеге асыруға бағытталады. Сондықтан, мен математика пәнін балада қызығушылық пен сүйіспеншілік туатындай қылып ұйымдастырудың жолдарын зерттеймін.
Өзектілігі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруда ұйымдастырылатын жұмыстың заманауи, танымдық және қызықты болу жолдарын зерттеу.
Зерттеу жұмысының болжамы: Егер мектеп жасына дейінгі ересек топтарындағы балаларды қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруда ойындар арқылы таныстырсақ: балалардың қызығушылығы жоғары, ойлау қабілеті жылдам болады. Балабақшаның негізгі мақсаты тәрбиеленушілерді мектепке дайындау болғандықтан, балаларда математика пәніне қызығушылығы артып, дағдылары жетілуінің нәтижесінде, мектепте математиканы оқып-үйренуде қиындықтар тумайды.
Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру, танымдық қызығушылығын арттырудың дәстүрлі емес тәсілдерін қарастыру, математика пәнін ұйымдастыруға енгізу.
Зерттеудің міндеттері:
1.Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру, математикалық ойын түрлерін қолдану.
2. Мектеп жасына дейінгі ересек және даярлық топ балалардың білімдерін анықтау. Балалардың бастапқы және тәжірибе жұмыстарынан кейінгі білімдерін анықтап, нәтижесін шығару.
3. Іс-тәжірибе уақытында балалармен бірлескен жұмыстар ұйымдастыра отырып, балалардың деңгейлерін анықтау және дегейлік тапсырмалар беру.
Зерттеу обьектісі: Мектеп жасына дейінгі даярлық топ балалары.
Зерттеу пәні: Қарапйым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негізі:
Қарапайым математикалық ұғымдарды оқыту әдістемесіне үлкен үлес қосқандар: Андабекова С , Жұмабекова Ф.Н.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: Мектеп жасына дейінгі даярлық топ балаларыдың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастырудың мәнін, мазмұнын, көлемін анықтауға байланысты логикалық есептер, сөзжұмбақтар, математикалық ребустар, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, санамақтар қолдану.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс тұрады:
* Кіріспеден
* Екі бөлімнен
* Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

I Мектепке дейінгі балаларды қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудың теориялық негізі
1.1 Жас ерекшелігі бойынша негізгі математикалық ұғымдар

Табиғат - математика тілімен сөйлейді. Бұл тілдің әріптері - дөңгелектер, үшбұрыштар және басқа математикалық фигуралар.
Г. Галилей

Мектеп жасына дейінгі бала заттардың, дыбыстардың, қимыл- қозғалыстардың жиынтығымен танысады, оларды салыстырады, саны жағынан айырмашылығын байқайды. Оқу әрекеті барысында жиындардың теңдігін көрсететін әдістерді меңгереді, санның қалай аталатынын үйренеді.
Бала:
- элементтердің белгісіз мөлшері туралы біледі;
- бүтін бір бірлік түріндегі жиын туралы түсінік қалыптасады;
- жиындарды салыстыруға, ондағы элементтер санын дәл анықтауға ұмтылыс пайда болады;
- біртіндеп есептеуге дағдыланады;
- сан ұғымын меңгереді.
Бұл оқу, ойын сипатындағы тәжірибелік іс-шара үстінде ересектердің басшылығымен жүзеге асады. Балалар заттардың көлеміне, түсіне, пішініне, кеңістікте орналасуына, т.б. белгілеріне қарай ажыратады. Бала тәй-тәй басып жүре бастаған кезде кеңістікті, заттар арасындағы кеңістік қатынастарды таниды: өзін қызықтырған затқа жақындайы немесе керісінше одан алыстай түседі. [5]
Кеңістікті бағдарлау. Балада заттармен әрекет ету үстінде пайда болады: екі қолын қалтасына салады, қасықты үстел басына қояды, киімін киім ілгішке іледі, т.б.
Уақытты бағдарлау. Уақыт - абстрактілі ұғым. Сондықтан оны балалардың меңгеруі қиындық туғызады. Балалардың уақыт туралы түсініктерін ойын, әңгіме, оқу қызметі үстінде табиғи белгілерге сүйене отырып, үйренуге болады. Бала ересектермен қарым-қатынас жасау барысында уақытқа тән сезімдерді қалыптастырып, кеш, ерте, қазір, кейін деген сөздерді пайдаланады және бұл сөздер сәби жастан мектеп жасына дейінгі аралықта әрекет нәтежиесімен қарқынмен өседі. Баланы кеше, бүгін, ертең сөздері қызықтырады, бұл уақыттың өтіп кеткендігін, ұзақтығын, уақыт кезеңдерін таныстыруға, уақытты сезіне білуге мүмкіндік береді.
ұғымдарын түсініп, дұрыс қолдануы, жыл мезгілдерінің ретін білуі, оларды өзіне тән белгілері бойынша айыра білуі, күн, апталарын ретімен атау, бүгін қай күн, кеше қай күн, ертең қай күн болатынын, ай аттарын айта білуге үйрету.
Көлем. Әртүрлі шама өлшемдері бойынша заттарды салыстыруға үйрету. Заттардың ұзындығы, жалпақтығы, биіктігі, қалыңдығы жағынан салыстыра біліп, олардың көлемдік өзгерістерін түсінуі және оны сөзбен айтып бере білуі керек. Мысалы: мынау жалпақ, биіктеу, ұзарды сияқты ұғымдарды, заттарды бір - бірімен салыстыру, шартты өлшеуіштің көмегімен және көзбен мөлшерлеу арқылы үйренеді.
Сан және есеп. Мектеп жасына дейінгі баланың математикалық білімге қабілеті ерекше болады. Оның санауды үйренгісі, сандарды білгісі келеді, мысалдар мен есептерді шығаруға талпынады. Бұл кезеңде баланың оқуға икемділігіне орай танымдық есептерді ұғына білу қабілетін одан әрі жетілдіре түсудің маңызы зор.
Балалар дидактикалық ойындар арқылы түрлі жаттығуларды орындайды. Мектепке даярлық топтарында балалар 10 - ға дейін тура және кері санау, есептеу материалдарын пайдаланып, ауызша қосу, азайту сияқты арифметикалық амалдарды орындай білуі, сандарды салыстыру, тең емес топтардан қалай теңдік жасауға болатынын, сандардың реттік қатары мен цифрларын тану, санның бірліктерден және өзінен кіші екі саннан тұратынын, көрсетілген сан бойынша заттарды санап алуға, заттарды тең екі және төрт бөлікке үйренеді.
Геометриялық фигуралар. Геометриялық денелер - текше мен шар туралы балалардың түсінігін кеңейту. Пирамида және көпбұрышпен таныстыру. Геометриялық фигуралар (шеңбер, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш, төртбұрыш) мен денелерді ( шар, текше, цилиндр, пирамида) ажырату.
Математика - бір үзігі түсіп қалса ары қарай түсініксіз болып кететін ұғымдар тізбегі. Математика саласынан балалардың дамуының осы кезеңінде қандай білім беруге болатынын естен шығармай, біртіндеп күрделеніп отыруы керек.
Балалардың математикалық ұғымдарын жетілдірудің негізгі нысаны - сабақтарды оқыту. Баланың мектепке дейінгі мекемеде меңгерген білімін онан әрі ойдағыдай жалғастырып кетуінің кепілі қалыптасқан түсініктер, алғашқы ұғымдар, уақытылы жетілген ақыл-ой қабілеті. [4]

1 жастан бастап 6(7) жасқа дейінгі тәрбиеленушілердің математика пәнінен меңгеретін біліктері мен дағдыларының тізбесі.
Бөбек жас (туғаннан бастап 1 жасқа дейін)
Ерте жас (1 жастан бастап 2 жасқа дейін)
Кіші жас (2 жастан бастап 3 жасқа дейін)
Мектепке дейінгі кіші жас (3 жастан бастап 4 жасқа дейін)
Мектепке дейінгі орта жас (4 жастан бастап 5 жасқа дейін)
Мектепке дейінгі ересек жас (5 жастан бастап 6 жасқа дейін)
Мектепке дейінгі ересек жас (6 жастан бастап 7 жасқа де
Әртүрлі көлемдегі және пішіндегі ойыншықтармен немесе заттармен ойнайды.
Ересектердің нұсқауларын түсінеді және айналасындағы кеңістіктен заттарды таба алады.
Кеңістікті бағдарлаудың бастапқы дағдыларын меңгереді.
Уақыт, кеңістік туралы қарапайым түсініктерін көрсете алады.
Уақыт туралы (тәулік бөліктері: таңертең, күндіз, түн; күндер: бүгін, кеше, ертең), жылдам, баяу түсініктерін біледі.
Геометриялық пішіндердің құрылымдық сипаттамаларын, тура және кері реттегі сандық қатынасты біледі.
Түрлі белгілері бойынша объектілерді жіктей алады, сөз арқылы кеңістіктік-уақыт қатынасын меңгереді, қисынды ойлау тәсілдерін біледі.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде тәрбие берудің басты мақсаты:
Тәрбиеленушілердің назарын айналадағы заттар мен құбылыстардың арасындағы сандық байланысқа аудара отырып, математикалық ойлау қабілетін қалыптастыру.
Қарапайым математикалық түсініктер қалыптастырудың міндеттері:
# Зейін, есте сақтау қабілеті,қабылдау,шығармашылық қабілет, ой-қиялы мен жан-жақты ойлау қабілеті сынды танымдық процестерді дамыту;
# санау, әртүрлі топтардағы заттарға сандық сапалық тұрғыдан баға беру, олардың арасындағы байланысты анықтауға үйрету;
# баланың танып-білуге деген қызығушылығын күшейтуге бағытталған оқу процесіне ынтасын ояту;
# геометриялық фигуралар мен денелер туралы түсінік беру ;
кеңістік пен уақытты бағдарлау, бағдарлай алу қабілетін датыту . [3]

1.2 Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыруда психо-педагогикалық ұғымдардың негізі

Математикалық сауаттылық балалардың математикалық түсініктерін (сан, көлем, геометриялық фигуралар) қалыптастырудың алғашқы қадамы болатын білімді меңгеруге бағытталған. Балалардың эмпирикалық деңгейде, сезіну арқылы игерген математикалық көріністерін (сан және санау, зат пен геометриялық фигуралардың пішіні, көлем және оны өлшеу, қарапайым есептеу) қарапайым түсінік деп атайды.
Балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру - бағдарламалық талаптармен қарастырылған, білімді беруге, қабылдауға және меңгеруге мақсатталған процесс. Оның негізгі мақсаты тек қана математикалық сауаттылықты мектепке сай етіп дайындау емес, балалардың жан-жақты дамуын да қамтамасыз ету. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру бір-бірімен тығыз байланысқан мақсат, мазмүн, әдіс-тәсілдер, құралдар мен жұмыстың формасы және ұйымдастырылуы деген компоненттерден тұратын ғылыми негізделген әдістемелік жүйеге сүйеніп әзіреленеді. [6]
Балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастырудың және математикалық дамуының негізгі міндеттері:
математикалық дамудың негізі болатын сан, көлем, пішін, кеңістік, уақыт туралы білімді қалыптастыру;
кеңістіктік, уақыттық, сандық ұғымдардың қатынасын бағдарлауды қалыптастыру;
санау, есептеу, өлшеу дағдылары мен біліктіліктерін қалыптастыру;
математикалық терминологияны меңгерту;
баланың танымдық қызығушылығын және қабілеттерін, логикалық ойлауын, жалпы интеллектуалдық дамуын қалыптастыру. [9]
Л.С. Выготскийдің көзқарасы бойынша мектепке дейінгі балалардың математикалық дамуы күрделі, кешенді әрі көп аспектілі болып табылады және кеңістік, форма, көлем, уақыт, сан, олардың қасиеттері мен ара қатынастары туралы өзара байланысқан және өзара шарттас ұсыныстардан тұрады, бұл баланың өмірлік және ғылыми түсініктерін қалыптастыру үшін қажет.
Мектепке дейінгі мекемелердегі көптеген психлогиялық-педагогикалық зерттеулер мен озық педагогикалық тәжірибе дұрыс ұйымдастырылған балалардың әрекеті және жүйелік оқыту мектепке дейінгі баланың уақтылы математикалық дамуын қамтамасыз етеді.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың математикалық дамуының негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
балалардың логикалық-математикалық ойлауын және математикалық қасиеттер мен заттардың ара қатынастары, нақты шамалар, сандар, геометриялық фигуралар, тәуелсіздіктер мен заңдылықтар туралы ойларын дамыту;
математикалық қасиеттер мен қатынастарды танудың сенсорлық (заттық іс-әрекет) тәсілдерін: тексеруді, салыстыруды, топтастыруды, реттеуді, бөлуді дамыту;
балаларға математикалық мазмұндағы танудың эксперименттік-зерттеу тәсілдерін (қалпына келтіру, эксперимент, модельдеу, трансформация) игерту;
балаларда математикалық қасиеттер мен қатынастарды танудың логикалық тәсілдерін (талдау, абстрагирлеу, терістеу, салыстыру, жалпылау, жіктеу) дамыту;
балаларға шындықты танудың математикалық әдістерін: есепті, өлшеуді, қарапайым есептеуді игерту;
балалардың интеллектуалдық-шығармашылық көріністерін: тапқырлығын, болжай білуін, ақылдылығын, тапсырмалардың стандартты емес шешімдерін іздеуге ұмтылыстарын дамыту;
нақты, дәлелді, айқын сөйлеуін дамыту, баланың сөздік қорын байыту;
балалардың белсенділігін және бастамашылығын дамыту;
мектепте оқуға деген дайындығын: дербестігін, ауапкершілігін, қиындықты жеңудегі табандылығын, көз қозғалысы мен қолдың ұсақ қимылдарын үйлестіру, өзін өзі бақылау мен өзін өзі бағалау қабілетін тәрбиелеу.
Балалардың математикалық қабілетін қалыптастыру мен дамыту туралы мәселе А.В. Белошистаяның жұмыстарында қарастырылған. Оның көзқарасы бойынша, әсіресе мектепке дейінгі жаста балалардың математикалық қабілетін дамытуды бастау қажет. [6]


1.3 Мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру

Мектепке дейінгі балаларды қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыруын дамыту жұмыстарын ұйымдастыру толыққанды математикалық дамуды қамтамасыз етуде ұйымдастырылған мақсаты іс - әрекет, соның ішінде педагог баланың алдына танымдық тапсырма беріп оны шешуге көмектеседі. Ол ұйымдастырылған оқу іс -әрекетте және күнделікті өмірдегі іс - әрекетте жүзеге асады.
Математикалық білім балаларға қатаң түрде белгілі бір жүйеде сонымен қоса жаңа материал балаға қол жетімді болуы керек. Әрбір бағдарламалық тапсырма әрбір кіші бөліктерге бөлінеді және тапсырманың шешімі жалғасып бірнеше сабақта ұзаруы мүмкін. Бір тапсырмадан келесі тапсырмаға өткен сайын алдыңғы өткен тақырыпты оралған маңызды. Осы арқылы материалдың дұрыс сіңуін қамтамасыз етуге болады:
Сабақтың түрі бағдарламалық тапсырмаға байланысты.
Сабақ толығымен жаңа материалды игеруге арналады.
Сабақ толығымен қайталауға арналады.
Аралас түрдегі сабақ.
Қорытынды қайталау сабақ.
Білімділік: баланы неге үйретеміз? (оқуға, бекітуге, жасауға).
Дамытушылық: нені үйретіп бекітеміз? Тыңдау қабілетін дамыту, қорытындылауға, ең бастысы дамуын қабылдау байқампаздығын дұрыс түсіну. Логикалық түсінігін жалғастыру әдісін қалыптастыру ( салыстыру, қорытынды, синтез).
Тәрбиелік : балалардың несін тәрбиелеу? ( қабылдауын, адамзатты тыңдай білуге, ұқыптылыққа, өзімен - өзі жұмыс жасауға, еңбекқор, сәттілік сезімін, ойлаған ойына жетуге ,өте жақсы нәтиже көрсетуге.)
Тілдік - жұмыс ширақ және ұяң математика жоспарында әсіресе жұмыс атқару. Бұндай жағдайда сәтті сабақ тәрбиешінің сабаққа деген дайындығы. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру сабағында қолданатын әдіс - тәсәлдер: ойындық, көрнекілік сөздік, тәжірбиелік.
Ойындық: Бүкіл сабақ ойын жүзінде құралады. Дидактикалық жаттығуларды қолдану арқылы.
Сөздік әдіс: қолданылатын маттериалдарда өте көп орын алмайды көбінесе сұрақ қоюмен қорытындылайды. Сұрақ қою құрылымында баланың жас ерекшелігін ескере отырып нақты тапсырма, сұрақтар қойылады.
Кіші топта: нақты тікелей сұрақтар (қанша? Қалай?)
Ересек топта: негізгі ізденісті қалай жасауға болады? Сен неге олай ойлайсың? Неге? Не үшін? Неліктен?
Сонымен қатар:
Түсіндірме: Қалай тапсырманы орындау. Тәрбиешінің нұсқауымен әсіресе балалармен.
Тәжірибелік әдіс: Жаттығу, ойын жүзіндегі тапсырма, дидактикалық ойын жатады, көбірек қолдану арқылы өткізу. Балалар тек қана тыңдап қана қоймай, қабылдау арқылы берілген тапсырманы толығымен орындау арқылы қатысу керек.
Көрнекілік әдіс: Тақтада қолданатын көрнекі құралдар: ол үлкен пішінде, түрлі - түсті шық болуы керек. Әр балаға таратылатын үлестірмелі құралдар болуы тиіс. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру сабағы тек қана көрнекіліктен құрылады. Сондықтан да, таратпалы материалдар жақсы көркем безенірілуі керек. Эстетикалық талаптарға сай болу керек.
Оқытуда - тартымдылықтың үлкен маңызы бар. Әдемі көрнекілікпен балалар қызығып отырып жұмыс жасайды. Неғұрлым ашық, айқын болған сайын соғұрлым балалар қызыға түседі. Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті қызықты өтеді. Балалардың қабылдау арқылы білімдері дамиды.
Қазақ халқының асыл қазынасын қарапайым математика сабағын тиімді пайдалануға, ұйымдастыруға болады. Математикалық есептер мынандай түрлерге бөлінеді:
- мақал-мәтелдер;
- жұмбақтар;
- ойлан тап отауы;
- халық есептері;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда кездесетін қиындықтарды шешу жолдары
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Уақытты сағатпен анықтауға үйрету әдістемесі
Кіші топтағы балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математиканы оқыту процесі
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәнінен бақылау жұмысының тақырыптары
Кішкене балаларға математика ілімінің элементтерін оқыту ерекшелігі
Балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің тарихы
Мектепке дейінгі баланың жоспары
Пәндер