Меншікке қарсы қылмыстарды жіктеу



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе.
1. Меншікке қарсы қылмыстар.
1. 1. Меншікке қарсы қылмыстар түсінігі және түрлері
1. 2. Бөтен мүлікті ұрлаудың түсінігі және оның нышандары.
1. 3. Меншікке қарсы қылмыстарды жіктеу.
Негізгі бөлім.
2. Талан - таражға салудың түсінігі.
2. 1. Талан - таражды теориялық тұрғыдан талдау.
3. Бөтен мүлікті ұрлау формалары.
3. 1. Ұрлық жіне оларға қолданатын жазалар.
3. 2. Ұрлаумен байланысты бөтен мүлікті ұрлау формалары.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. 1995 жылдың 30-тамызында қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында өзін демократиялық, зайырлы,құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялайты, өзінің басты байлығы ретінде адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын танитын Қазақстан 2008 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіздігінің он сегізінші жылдығын атап өтті.
Бұл тарихи аз ғана кезеңде республикамыз мемлекеттік, әлеуметтік және экономикалық құрылыста бірқатар жетістіктерге ие болды.
Алайда,бірнеше онжылдықтар бойы қалыптасып кеткен социалистік қоғамдық қатынастардың нарықтық қатынастар болып өзгеруі, шынайы тәуелсіздікпен мемлекеттік егемендіктің тәжірибеде жүзеге асырылуы жас мемлекет үшін оңай міндет емес екенін көрсетті және түбегейлі өзгеріс процесінде пайда болған қиындықтар, шешімін таппай жатқан мәселелер де аз емес.
Ел дамуының бағдарламалық құжаты - Қазақсатан-2030. Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеу, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы атты ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында біздің қоғамымыз бен мемлекетіміздің дамуының алдағы жоспарымен негізгі қағидалары бағыттары баяндалған. Сонымен қатар, қазіргі кезеңде көптеген қалыптасып кеткен көзқарастарды өзгерту қажеттілігі, оның ішінде жаңа тарихи жолдағы кедергілермен күресу әдістерін, қоғамға жат құбылыстармен, соның ішінде, әсіресе, қылмыстылықпен күресу әдістерін жаңарту қажеттілігі, жинақталған өмірлік тәжірибемізді жоғалтпау үшін қоғамға, адамға тиімді болған өткен тарихи сара жолымызды қайта саралау қажеттілігі туып отыр.[2, 6 б].
Осы тұста ел Президенті былай деп көрсетеді :"Бүгінгі дамуымыздың келеңсіз сипаттары туралы айта отырып, олардың көпшілігінің уақытша және өтпелі сипаты барын, оның өзі де кеңестік мұра мен өтпелі кезеңнің қиындықтарының салдары екенін атап өту қажет.
Алайда, біз қандай шамада мүмкіндіктерімізді пайдаланып, қауіп-қатердің алдын аламыз, өзіміздің оңымызды еселеп,терісімізді азайтамыз-бұл біздің өзімізге, мақсаттар мен басымдықтарды дәл білуімізге, оларды уақтылы әрі оралымды іске асыруамызға байланысты [2, 11 б].
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қылмыстылықпен күресуді күшейту қажет екенін ескерте отырып, Заңның шынайы үстемдігін бекіту және заңды құрмет тұтатын азаматтарды қылмыстылықтан қорғауды, керісінше, билік пен заңның барлық күшін заңды жолмен өмір сүруды қамтамасыз етіп жүрген адамдарға қатысты қолдануымыз керек - деп талап етті (3, 34б). Бұл үшін әрине біз қоғам өмірінің барлық салаларында болып жатқан өзгерістерге сәйкес жұміс жасауымыз қажет. Өкінішке орай, біздің республикамызда әлеуметтік - психиологиялық, әлеуметтік - экономикалық, жағымды әлеуметтік көріністерге кері әсерін тигізетін келеңсіз құбылыстар аз кездесіп жатқан жоқ. Құқық қорғау жүйесінде соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан негізгі реформалар осындай жағымсыз құбылыстарды ауыздықтауға бағытталған.
Келеңсіз құбылыстардың ең қауіпті жақтарының біріне қылмыстылық жататыны белгілі. Кейбір көрсеткіштердің динамикалық тербелістеріне қарамастан, қылмыстылықтың деңгейі әлі де жоғары болып тұр. Қазақстан Республикасы бойынша 1991-2003 жылдарға дейінгі кезеңде шамамен алғанда тұрғылықты халықтың 15 миллионына шаққанда қылмыстардың саны мынадай: 173858 (1991 жылы), 200873 (1992 жылы), 206006 (1993 жылы), 201796 (1994 жылы), 183913 (1995 жылы), 183977 (1996 жылы), 162491 (1997 жылы), 143000 (1998 жылы), 138272 (1999 жылы), 150790 (2000 жылы), 152168 (2001 жылы), 135150 (2002 жылы), ал 2006 жылы - 138980 қылмыс орын алған.
Байқап отырғанымыздай, соңғы жылдары қылмыстардың жалпы саны азайғанымен ол қылмыстар қоғамдық қауіптілігінің аса ауырлығымен сипатталатындығы көрсетеді. Нақтырақ айтсақ қылмыстылықтың аса ауыр және ұйымдасқан түрлері көбеюде.
Бүгінгі күні қылмыстылықтың ерекше бір ұясы қоғамның экономикалықсаласы болып отыр, өйткені нақ осы сала нарық өмірінің ең маңызды құралы болып табылады емес пе? Сондықтан да, 1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар арнайы тарау болып орынды бөлінген.
Тағы бір аса ерекше атап өтетін жайт: кез - келген экономикалық қызмет, ең алдымен, елдегі бар материалдық, қаржылық және өзге де қорларға негізделген. Міне , сондықтан да бұл қиындықтарды қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғау мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі болып қала бермек.
Бұлардың барлағы экономика мен қаржы саласында қорғау, басқару және есепке алу мен материалдық құндылықтарды сақтау мәселелерін түп- тамырымен өзгертуді қажет етеді. Өкінішке орай, жоғарыда атап өткеніміздей, елімізде әлі жеке адамның немесе мемлекеттік және қоғамдық мүлікті талан- таражға салу аз емес. Оның үстіне, сараптама көрсеткендей соңғы жылдары талан - тараждан келген материалдық залалдың жалпы саны мен көлемінің өсуі байқалады.
Әсіресе, 1999 жылдан бастап тек қана жалпы көлемі емес бөтен біреудің игілігіндегі мүлікті талан - тараж етудің нысандары өсуде. Мысалы, 2003 жылдың өзінде бөтен біреудің мүлігін иеленіп алу және ысырап етушіліктің саны 1998 жылға қарағанда жарты есе, жалпы ұрлық ішіндегі алатын орны 40 пайызға жетті. Басқа сөзбен айтқанда бөтеннің мүлкін талан- таражға салудың бұл түрлері соңғы 6 жылдың ішінде екі есе өсті. 2005 жылы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 176- бабы бойынша небәрі 2654 қылыс тіркелген, оның ішінде сотқа жіберілгені 1695 санын құрайды.
Сондықтан да Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылдың 20 қыркүйегіндегі №949 жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының саясат тұжырымдамасында былай деп атап көретілген: Экономиканы мемлекеттік реттеу саласындағы заңдылық экономиканы мемлекеттік реттеу механизмін дайындау саласындағы қатынастарды реттеуге және оның қызмет етуіне қолайлы жағдай туғызуға бекемделген.
Экономика саласын шынайы түрде ары қарай дамыту қазіргі заң күші бар нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізуді қажет етеді(4).
Елімізде жаңа Қылмыстық Кодекстің қабылданғанына бірнеше жыл өтсе де, бөтеннің мүлкін иелену және оны талан - таражға салу істері бойынша сотық тергеу және алдын алу тргеу тәжірибесі жөнінде ғылымисараптама жасалған жоқ, бұл тақырыпқа арнайы зеттеулерде болған жоқ. Мұндай қылмыстардың құрамы жөнінде де, жауаптылықтың негіздері меншегі жөнінде де терең зерттеулер болған жоқ. Мұндай әрекеттердің жағдаы, динамикасы және құрамы, негізгі себептері менмұндай қылмысты жасау жағдайлары, қылмыскердің жеке басының ерекшкліктері және талан - тараж қылмыстарының алдын-алу шараларының жүйесі анықталмаған. Осы аталғандар біздің дипломдық жұмыстың тақырыбымыздың өзектілігіне күмән келтірмейді.
Бөтеннің меншігіне қылмыстық қол сұғудың жалпы түсінігі мен қылмыстық - құқықтық мәселелері, меншікті талан-таражға салудың алдын алу, тағы да басқа қырлары біздің елімізде бірсыпыра ғалымдардың еңбектерінде белгілі шамада қаралғанды (А.Н. Ағыбаев, А.Айқынбаев, Е.О. Алауханов, Н.М. Әбдіров, З.О. Әшітов, Ғ.Ы. Баймурзин, Қ.Ә. Бегалиев, И.Ш. Борчашвили Н.О. Дулатбеков, С.Е. Еркенов, Р.Е. Джансараева, Ч.С. Жекебаев, Б.Ж. Жүнісов, А.А. Исаев, С.А. Исимов, Е.I. Қайыржанов, М.Ч. Қоғамов, К.Ш. Құрманов, С.С. Молдабаев, Ш.Б. Маликова, М.С. Нарықбаев, Р.Т. Нұртаев, Б.М. Нұрғалиев, Е.Ә. Оңғарбаев, С.М. Рахметов, И.И. Рогов, Г.Р. Рүстемова, Л.Ч. Сыдықова, С.Ә. Темірбеков, Б.Х.Төлеубекова, Қ.Х. Халиков, Р.О.Орынбаев және т.б Қазақстан Республикасы бойынша Ж.Г калиешева және Г.М. Атаханова осы тақырыпта өздерінің кандидаттық диссертациясын қорғады.
Бұл тақырыптың объектісіне - бөтеннің мүлкіне қол сұушықлық үшін жауаптылыққа тарту негіздері мен жағдайларын реттейтін құқықтық қатынастар болып табылады.
Зерттеудің затына - бөтеннің мүлкін иеленіп алу арқылы талан - таражға салуға себеп болатын деректер, қылмыстық жауаптылықтың жағдайлары және бұл қылмыстардың алдын алу шаралары жатады. Бөтеннің мүлкін талан - таражға салудың жалпы криминологиялық және қылмыстық- құқықтық сипатын анықтау және осының негізінде олардың алдын алу шараларының жүйесін,оның ішінде бұл қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылықты қарастыратын норманың құрамын жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау болып табылады.
Міндеттері - жаңа Қылмыстық кодексті қолдану кезінде бөтеннің мүлкін талан - таражға салудың жағдайларын, құрылымын және өсуін зерттеп анықтау; меншікке қарсы пайдақорлық мақсатпен талан - таражға салу қылмыстарын бір - бірінен ажырату ерекшеліктерін анықтау. Маңызын анықтау болып табылады. Түрлерінің маңызын анықтап зерттеп, талдау болып табылады.
Зерттеуге ұсынылатын негізгі тұжырымдар мен ұсыныстар: талан - тараждың ең көп тараған әдістері: жалықысынан және әртүрлі қосымша төлемдерден ұстап қалу, жалған құжаттар жасау арқылы зейнетақы мен жердәмақыларды артық есептеп алу; әртүрлі көзбояушылықтар және құлықтар арқылы бюджет қаражатын, мүліктерді жеке меншіктеп иеленіп кету және тағы да басқа әдістерінің алдын алу мен қылмыстық жауаптылықты күшейту.

1. Меншікке қарсы қылмыстар
1.1 Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері (түсінігі және белгілері)
Меншік құқығы меншіктің өзі сияқты қоғамдық өмірде негізгі орынның бірін алады. Меншік қатынасын нормативтік реттеу Қазақстан Республикасының қалыптасуының барлық кезеңінде жүрді. Тарихи тұрғыда Қазақстан біршама уақыт Ресей империясының одан кейін КСРО болып, тек 1991 жылы ғана тәуелсіз мемлекет болды. Республикада меншік құқығы туралы нормативтік ережелер айтылған мемлекеттегі қалыптасқан ағымға бағынышты еді. Меншік иесі құқығы күшінің шектелген саны белгілі бір ауқымнан шықпайға әрі бақыланбауға тиіс болады, ал меншік иесінің меншікке қатысты құқығы болса, тар ауқымда қатаң түрде шектеліп отырды. Мегшік жек бастың еркіндігі ұғымынан туындайтын табиғи құқықты байланыстырғыш ретінде байқалды. Жеке адамның меншгікке егеменді мемлекеттің өктемдігіне қарсы неғұрлым тиімді тосқауыл ретінде қарастырылды. Мемлекеттің шексіз билігін шектеуді, ағатру, рационалдық және саяси ойдық жаратылыстану-құқықтық мектептеріндегі өркениетті қоғамның институттық негізі ретінде қабылдады.
Қазақстан Республикасында меншік құқығы жөніндегі нормативтік ережелердің азаматтық - құқықтық дәстүр аясында туындағаны сөзсіз. Әйтсе де сыртқы сипаттағы белгілі бір тарихи себептерге байланыты өзіндік ерекшелігі болады. Ол негізінен мына кезеңдерге бөлінген:
1) революцияға дейінгі кезең - ХХ ғасырдың екінші жартысынан 1917 жылды қоса;
2) кеңестің кезең - 1917 жылдан бастап, 20 ғасырдың 80 жылдарының соңы;
3) кеңестен кейінгі кезең - 80 жылдардың соңынан қазірге дейінгі уақыт. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік жеке меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады (6-баптың 1-тармағы). Меншік субьектілері мен обьектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді (1).
Қазақстан республикасы Азаматтық кодексінің 188-бабына сәйкес меншік құқығы дегеніміз-субьектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы болып танылады (6, 112б).
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы. Осыған байланысты меншік иелерінің заңды құқықтары азаматтық құқықтық нормамен, сондай-ақ меншік құқығына қоғамға қауіпті іс-әрекет арқылы қиянат жасалғанда қылмыстық құқық нормасы арқылы да қорғалады.
Меншікке қарсы қылмыс-мүліктің меншік немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып немесе залал келтіру қауіпін тудырумен байланысты қылмыстық кодексте көзделген нысандар арқылы жасалатын қасақаналық немесе абайсыздық іс-әрекеттерді айтамыз.
Меншікке қарсы қылмыстың болып азаматтық құқық бойынша меншік обьектілері деп танылған кез-келген бұйымдар мен мүліктер танылады.
Меншікке керек қылмыстық затына адам еңбегі арқылы жасалған кез келген материалдық дүниелер заттар жатады. Сондай-ақ ақша, бағалы қағаздар, айналымнан алынбаған басқс да қозғалатын немесе қозғалмайтын мүліктер жатады. Меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісі меншіктер қатынасы, яғни жеке немесе ұжымдық тұтынуға, не өндірістік қызметті жүзеге асыруға арналған материалдық игіліктер бөлу саласындағы қоғамдық қатынастар болып табыламы.
Меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісін меншік деп қарастыруға болады. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінде сәйкес меншік құқығы дегеніміз - субъектінің өзіне тиесілі мүлікті иемденуге, пайдалануға, оған билік жасауға құқығын заң актілерінің мойындауы және қорғауы. Меншік иесінде өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік жасау құқығы болады. Меншікке қарсы қылмыстар туралы тараудағы заң нормалары мен қорғалатын тікелей объект ретінде меншіктер қатанасының мәнін осы құқықтар құрайды.
Иелену құқығы дегеніміз - мүлікті іс жүзінде иелену мүмкіндігінің заң мен қамтамасыз етілуі. Бұл құқық адамның мүлікке өз қалауынша ықпал ету мүмкіндігін құрайтын мүлікке нақтылы ие болуды білдіреді. Мысалы, мемлекет жерге, оның қойнауына, су ресурстарына, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне жәнә т.б ие болды, азамат жеке автомобильге, жиһазға және т.б ие бола алады.
Иелену құқығы заңмен қорғалады. Мүлікті иелену құқығыбасқа адамға берілуі мүлкін. Мысалы, коммисия, сақтау және т.б шарттар бойынша коммиссионер берілген мүліктің сақтаушысы, заң нгізінде иелену құқығын және т.б құқықтарды жүзеге асырады.
Пайдалану құқығы дегеніміз- мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайдалану кезінде меншік иесінің өзіне тиесілі мүлікті кәдеге жаратуы өзінің тұтынушылық сезімін қанағаттандыру үшін одан пайда табуы қажет. Мысалы, адам кіржуғыш мақсатына өзінің шаруашылық мақсаттарына пайдаланса, ал азық түлік өнімдерін қоректену үшін пайдаланады және т.б.
Қылмыстық құқық нормасы бойынша меншік иесінің құқығы меншік нысандарына қарамастан қылмыстық құқыққа қол сұғушылықтан тең қорғалады. Меншік нысандарының барлық түрлерінің қылмыстық құқықтық жауаптылықтың негізін, шегін және қолданылатын санкция түрлерін бірдей етіп белгілеген. Меншік нысандарының тең қорғалуы үшін: қылмыстық заң біріншіден- әр түрлі меншік нысандарына, қол сұғылатын ұқсас іс- әрекеттерді бірыңғай саралауды белгілеген; екіншіден - меншікке оның нысандарына қарамастан қол сұғушылық үшін - қылмыстың ауырлататын немесе аса ауырлататын белгілерін де бірдей; үшіншіден меншік нысандарына қарамастан оған қылмысты қол сұғушылық үшін заңда жазаның бірдей түрлері және шегі белгіленген.
Әлеуметтік құндылықтар жүйесінде меншікке құқық адамның әлеуметтік игіліктерінің ішіндегі ең маңыздысы ретінде саналады. Сондықтан да кең мағынада алғанда бұл игілікке қол сұғушылық адамның өз басына қол сұғушылықпен папапар. Меншікке қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Меншікке қарсы қылмыстарды кейде мүліктік қылмыстар деп те атайды. 1922 және 1926 жылдардағы Қылмыстық кодекстердің тиісті тарауларының тақырыптары осылай деп аталған. Бұл түсінік бірдей, себебі меншікке қарсы жасалған қылмыстардың көпшілігінің заты мүлік болып табылады. (7,87 б).
Меншікке қарсы қылмыс деп - мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып немесе залал келтіру қаупін тудырумен байланысты Қылмыстық кодексте көзделген нысандар арқылы жасалатын қасақаналық немесе абайсыздық іс-әрекетттерді айтамыз (8, 140б).
Меншікке қарсы қылмыстардық топтық объектісі меншік иесінің иелену, пайдалану немесе оған билік ету құқығын құрайтын меншікке байланысты қоғамдық қатынастар болып табылады.
Осы топқа кіретін қылмыстардың тікелей объектісі - меншіктің нақты бір нысаны - мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің немесе басқа да ұйымдардың жеке тұлғалардың меншігіне қол сұғу болып табылады. Меншіктің нақты нысаны қылмыстық жауаптылыққа және адамның мінез құлқын саралауға әсерін тигізбесе де, қылмысты іс бойынша анықталуы міндетті болып табылады. Себебі, біріншіден, қылмыстық іс бойынша дәлелдеу затының міндетті элементі; екіншіден, кейбір ауырлататын белгілерді тануға әсерін тигізеді.
Қылмыстық заңның Ерекше бөлімін талдап қарасақ,қылмыстың тікелей объектісі бөтеннің мүлкі екендігі туралы қорытынды жасасақ болады. Меншікке қарсы қылмыстардың қылмыстық қорғау объектісі ретінде өз мүлкі бола алмайды. Өз мүлкіне қатысты әрекеттер, егер де олар басқа азаматтардың заңмен қорғалатын құқықтар мен мүдделерін бұзған жағдайдағана заңсыз деп танылады. Бірақ та, бұл жағдайда қылмыстық құқықтық қорғаудыңобъектісі меншік қатынастар емес, басқа игіліктер - қоғамдық тәртіп, қоғамдық қауіпсіздік, азаматтардың өмірі мен денсаулығы қарастырылады.
Талан - тараж қылмыстарының құрамында меншік қатнастары негізгі тікелей объект ретінде қарастырылған. Меншікке қарсы кейбір қылмыстар көп объектілі болып есептелінеді. Яғни, оларды жасау барысында өмірге, денсаулыққа зиян келтіріледі. Оларға: тонауды, қарақшылықты, қорқытып алушылықты, автокөлікті заңсыз иеленуді жатқызамыз.
Меншікке қарсы қылмыстардың заты болып - азаматтық құқық бойынша меншік объектісі деп танылған кез келген бұйымдар мен мүліктер танылады. Осыған байланысты интеллектуалдық қызметтің нәтижелері де меншікке қарсы қылмыстардың заты ретінде қарастырылады. Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексіне сәйкес, интеллектуалдық меншіктің өнімдері азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар тарауында қарастырылған (9,191б). Бұл тұрғыдан отандық заң шығарушының позициясы орынды деп есептейміз.
Меншікке қарсы қылмыстардың затына адам еңбегі арқылы жасалған кез келген материалдық дүниелер, заттар жатады. Осыған байланысты адамның ақыл-ойы, идеясы, заттық белгісі болмағандықтан осы қылмыстардың заты болып табылмайды. Сондай - ақ заттық белгісі жоқ болғандықтан электр немесе жылу энергиясы да меншік затына жатпайды. Меншікке қарсы қылмыстардың затына - ақша, бағалы қағаздар, сондай - ақ азаматтық айналымнан алынбаған басқа да қозғалмалы немесе қозғалмайтын мүліктер жатады. Жер қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, республикалық бюджет қаражаты, мемлекеттік қазына, алтын, алмас, валюта қоры, мәдениет және табиғат есекерткіштері меншік затына жатпайды.
Осылайша, меншікке қарсы қылмыстардың заты ретінде - заттар, яғни ақша, бағалы қағаздар, кейбір кезде мүліктік құқықтар, интеллектуалдық қызметтің нәтижелері, яғни азаматтық айналымнан алынбаған басқа да жылжитын немесе жылжымайтын мүліктер қарастырылады.
Меншікке қарсы қылмыстардың объективтік жағы кінәлі адамның бөтеннің мүлкін өзінің немесе басқа адамның пайдасына заңсыз тегін айналдыру үшін құқыққа қайшы түрде алып қою арқылы сипатталады.
Меншік иесіне немесе өзге де иеленушіден кінәлі адамның бөтеннің мүлкін өз иелігіне заңсыз алуын алып қою деп білеміз.
Меншікке қарсы қылмыстардың объективтік жағы материалдық қылмыс құрамдарының көмегімен құралған. Олардың объективтік жағы негізгі үш элементтер тұрады: іс-қимыл; нәтиже және іс - қимыл мен нәтиженің арасындағы себепті байланыс. Тек қарақшылық құрамының аяқталу кезеңі алғашқы қылмыстық қызмет сатысына көшірілгендіктен келте қылмыс құрамы ретінде берілген. Яғни, қылмсытың объективтік жағының міндетті белгісі болып қылмсытық іс - қимыл қарастырылған. Қарақшылық (179-бап), қорқытып алушылық (181-бап), автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (185-бап) формальдық қылмыс құрамы болып табылатындықтан олардың аяқталу сәті заңда көрсетілген құқыққа қайшы іс-әрекеттерді істеген уақыттан бастап, қылмыстың зардабының болуына қарамастан - ақ аяқталған қылмыс деп танылады.
Меншікке қарсы қылмыстарда іс - қимыл көбінесе белсенді әрекет сипатында болады. Тек қан аалдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік зиян келтіру әрекетсіздік арқылы жасалады. Мүлікті абайсыздықта жою немесе бүлдіру барысында да әрекетсіздік болуы мүмкін. Қылмыстық нәтиже әр уақытта да материалдық сипатта болады да мүліктік зиян келтіруден көрінеді. Өп жағдайда қылмыстық нәтижені меншік иесіне немесе өзге де адамдарға келтірілген нақты залал құрайды. Тек қана алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік зиян келтіру кезінде залал жіберіліп алынған табыс нысанында болуы мүмкін.
Меншікке қарсы қылмыстардың көпшілігінің объективтік жағының міндетті белгісі - қылмысты жасау әдісі (күш қолданып, күш қолданбай, жасырын немесе ашық) болып табылады.
Меншікке қарсы қылыстардың тек біреуі ғана абайсыздық нысанындағы кінәмен жасалады - ол бөтеннің мүлкін абайсызжа бүлдіру немесе жою арқылы жас алған қылмыс, ал қалған қылмыстар тек қасақаналықпен жасалынады.
Меншікке қарсы қылмыстардың субъектісі болып жалпы ереже бойынша - жалпы субъект болып танылады. Тек бір қылмыста ғана - бөтеннің мүлкін иелену және ысырап ету қылмысында ғана арнайы субъект болады. Ал қалған кейбір қылмыстарда арнайы субъект ауырлататын белгі ретінде берілген. Мысалы, адамның қызмет бабын пайдаланып алаяқтық жасауы.
Меншікке қарсы қылмыстарда қылмыстық жауаптылық 2 түрлі жас мөлшерінде тағайындалады. Біріншісіне - 14-ке толған адамдар. Бұған жататындар: ұрлық (175-бап), тонау (178-бап), қарақшылық (179-бап), қорқытып алушылық (181-бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатын көздемей заңсыз иелену (185-баптың 2, 3, 4 - тармақтары), ауырлататын мән - жайлар кезінде мүлікті қасақана жойғаны немесе бүлдіргені (187-баптың 2, 3-тармақтары) үшін қылмыстарды істеу.
Ал 16-ға толған адамдар сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алғаны немесе ысырап еткені (176-бап), алаяқтығы (177-бап), ерекше құнды заттарды ұрлағаны (180-бап), алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіргені (182-бап), көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алғаны немесе сатқаны (183-бап), авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу (184-бап), өнертабыстарға пайдалы модельдерге , өнеркәсіптік үлгілерге, селекциялық жетістіктерге немесе интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзу (184-1-бап), автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленгені (185-баптың 1-тармағы), жерге заттай құқықтарды бұзғаны (186-бап); ауырлатпайтын жағдайда бөтен адамның мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені (187-баптың 1-тармағы); бөтен адамның мүлкін абайссызда жойғаны немесе бүлдіргені (188-бап) меншік құрамдарын істегені үшін қылмыс субъекетісі болып танылады.
Меншікке қарсы қылмыстар субъективтік жағынан негізінен кінәлінің тікелей қасақаналық түрі арқылы жүзеге асырылады, тек бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру (188- бап) кінәнің абайсыздық нысаны арқылы істеледі.
Мүлікке қарсы қылмыстар қылмыс құрамының субъективтік белгілеріне байланысты пайда табу мақсатында және пайда табу мақсатынсыз болып бөлінеді. Пайда табу мақсатындағы қылмыстардың субъективтік жағының міндетті белгісі - пайда табуды көздеу немесе сондай себептер. Сонымен қатар, пайда табу мақсатындағы қылмыстарды, олардың объективтік жақтарының белгілеріне қарай, мүлікті алумен байланысты талан - таражға салу деп аталған қылмыстарға және талан - таржбен байланысты емес қылмыстарға бөлуге болады. Қазақстан республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес талан - таражға - ұрлық, алаяқтық, бөтеннің мүлкін иелену және ысырап ету, тонау, қарақшылық және ерекше құнды заттарды ұрлау жатқызылады.
Талан - таражбен байланысты емес қылмыстарды: қорқытып алушылық, алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік зиян келтіру, көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату, автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену қылмыстары құрайды.
Адамның құқықтары мен бостандықтары жүйесінде меншікке құқықтың алатын орын ерекше, себебі ол адамның жеке басының сәттілігін сипаттайтын көрсеткіш. Бұл қылмыстар экономикалық қатынастарды реттейді, сондықтан да олардың атқаратын міндеті көп.
Әлеуметтік құндылықтар жүйесінде меншікке құқық адамның әлеуметтік игіліктерінің ішіндегі ең маңыздысы ретінде саналады. Меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің негізінде міндеттерінің бірі болып табылады ( ҚР ҚК - нің 2 - бабы )
Меншікке қарсы қылмыстарды кейде мүліктік қылмыстар деп те атайды. 1922 және 1926 - жылдардағы қылмыстық кодекстердің тиісті тарауларының тақырыптары солай деп аталған. Бұл екі түсінік бірдей, себебі меншікке қарсы жасалған қылмыстарың көпшілігінің заты мүлік болып табылады.
Бөтен мүлікті ұрлаудың мәнін түсіну үшін қылмыстың объектісін дұрыс анықтаудың маңызы зор. Бұл мәселенің шешімі қылмыстық құқық теориясында жан - жақты қарастырылған қылмыс объектісі жайындағы жалпы ережеге негізделуі тиіс.
Қол сұғу объектісін дұрыс анықтау қылмыстардың осы тобының мәнін ашуға, олардың қоғамға қауіптілік сипатын көрсетуге мүмкіндік береді және, ең бастысы, қылмыстарды дұрыс саралауға бағыт береді. Меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісі меншіктер қатынасы, яғни жеке немесе ұжымдық тұтынуға, не өндірістік қызметті жүзеге асыруға арналған материалдық игілікті бөлу саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады.
Жоғарыда баяндалғандарды қорыта кеогенде, меншікке қарсы қылмыстардың текгік объектісін меншік деп қарастыруға болады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес меншікке құқық дегеніміз - субъектінің өзіне тиесілі иүлікті иемденуге, пайдалануға, оған билік жасауға құқығын заң актілерінің мойындауы және қорғауы. Меншік иесінде өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік жасау құқығы болады. Меншікке қарсы қылмыстар туралы заңдағы заң нормаларымен қорғалатын тікелей объект ретінде меншіктер қатынасының мәнін осы құқықтар құрайды

Иелену құқығы дегеніміз - мүлікті іс жүзінде иеленуді заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндік арқылы жүзеге асыру.
Пайдалану құқығы дегеніміз - мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алу және одан пайда көру мүмкіндіктерін заңмен қамтамасыз ету. Пайда - кіріс, өсім түрінде, жеміс - өнім сипатында болуы мүмкін.
Билік ету құқығы дегеніміз - мүліктің заң жүзіндегі тағдырын біреудің Заңмен қамтамасыз етуі ( ҚР АК - нің 188-бабының 2-бөлігі).
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде, бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүмкіндікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етугеқұқылы ( ҚР АК - нің 188-бабының 3-бөліг ). Меншікке қарсы жасалған әрбір ұрлық және басқа да қылмыс қоғамға қауіпті, себебі ол қатынастарды бұзады.
Қазақстан Республикасында меншіктің жеке және мемлекеттік түрлері мойындалған. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің "Меншікке қарсы қылмыстар" тарауында бекітілген баптардың диспозицияларының мазмұны қарастырылып отырған қылмыстардың тікелей объектісі бөтеннің меншігі екендігінің көрсетеді.
Кейбір қылмыстарда ( ұрлық, тонау, алаяқтық, т.б. ) тікелей объектілер тектік объектілерге сәйкес келеді. Заң әдебиеттерінде тікелей объектілер ретінде, меншіктің нақты формасын, оның мемлекеттік, кооперативтік, жеке меншік, муниципиалдық не жекелеген ұйымдардың меншігі болып табылуына байланысты қарастыру керек деген пікір айтылған. Мұдай ұсыныспен келісуге болмайды, себебі Қазақстан Республикасының Конститутциясы мен меншіктің кез келген формасын бірдей қарауды жариялап отыр. Сондықтан да ұрлықты, бөтен мүлікті иемденуді, тағы басқалай әрекеттерді саралау үшін ұрланған мүліктің қандай формадағы меншік екендігінің маңызы жоқ.
Объективтік жағынан алғанда меншікке қарсы қылмыстық заң шығарушы қылмыстың материалдық құрамы бойынша қарастырған. Сондықтан да, олардың объективтік жағы үш міндетті нышаннан тұрады: іс - әрекет, зардап және іс - әрекет пен зардап арасындағы себептік - зардаптық байланыс. Тек қарақшылық пен қорқытып алушылық қана формальды қылмыстар болып табылады, себебі бұлардың міндетті нышаны - тек қылмыстық іс - әрекет. Яғни, бұл қылмыстардағы зардап қылмыс құрамының шегінен тыс жатыр. Қылмыстық зардапта әрқашанда материалдық сипат болады, мүліктік залал туындайды.
Меншікке қарсы жасалған кейбір қылмыстарда құрамның объективтік жағының міндетті түрдегі элементі қылмыс жасаудың төсілі ( күш қолданып немесе қолданбай, жасырын немесе ашық ) болып табылады.
Меншікке қарсы қылмыстардың субъектісі заңда белгіленген жасқа жеткен есі адам бола алады, яғни қылмыс субъектісі жалпы. Бір қылмыста - мүлікті иеленіп алу немесе ысырап етуде - қылмысс құрамының міндетті элементі арнаулы субъект болуға тиіс. Кейбір қылмыстарда арнаулы субъект сараланған құрамның нышаны ретінде алынады, мысалы, қызмет бабын пайдаланып жасалған алаяқтық (ҚК - тің 177-бабы 2- бөлігінің "в" тармағы), алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру ( ҚК-тің 182-бабының 1-бөлігі), жерге заттай құқықтарды бұзу ( ҚК - тің 186-бабының 3-бөлігі ).
Қылмыскердің жасына қарай жауаптылық жүктеуге байланысты мүлікке қарсы жасалған барлық қылмыстарды екі топқа бөлуге болады. 16 жастан бастап жауаптылық көздеоген қылмыстарға: сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету ( ҚК-тің 176-бабы), алаяқтық (ҚК-тің 177-бабы), алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (ҚК-тің 182-бабы), көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату (ҚК-тің 183-бабы), интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу (Қк-тің 184-бабы), жерге заттай құқықтарды бұзу (ҚК-тің 186-бабы), бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру (ҚК-тің 188-бабы), автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену және ауырлататын мән - жайлардың болмауы (ҚК-тің 185-бабының 1-бөлігі), ауырлататын мән-жайларсыз бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру (Қк-тің 187-бабының 1-бөлігі) жатады. 14 жастан бастап жауаптылық көзделген қылмыстарға: ұрлық (ҚК-тің 175-бабы), тонау (ҚК-тің 178-бабы), қарақшылық (ҚК-тің 179-бабы), қорқытып алушылық (ҚК-тің 181-бабы), ауырлататын мән-жайларда автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иемдену (ҚК-тің 185-бабының 2-4-бөліктері), ауырлататын мән-жайларда бөтен адамның мүлкін қасақана жағу немесе бүлдіру (ҚК-тің 187-бабының 2,3-бөліктері).
Субъективтік жағынан меншікке қарсы қылмыстар, тікелей ниетпен жасаланад, меншікке қарсы тек бір қылмыс қана - бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру (ҚК-тің 188-бабы) кінәнің абайсыз формасында жасалуы мүмкін.
Меншікке қарсы қылмыстар пайда табу мақсатында және пайда табу мақсатынсыз болып бөлінеді.
Пайда табу мақсатындағы қылмыстардың субъективтік жағынан міндетті нышаны - пайда табуды көздеу немесе сондай себептер: Сонымен қатар, пайда табу мақсатындағы қылмыстарды, олардың объективтік жақтарына қарай, мүлікті алумен байланысты ұрлау деп аталған және ұрлаумен байланысты емес қылмыстарға бөлуге болады. Ұрлауға қылмыстар жатады: иемденіп алу немесе ысырап ету, алаяқтық, тонау, қарақшылық ерекше құнды заттарды ұрлау. Пайда табу мақсатындағы, бірақ ұрлаумен байланысты еммес қылмыстарға мыналар жатады: алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру, көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иемдену, жерге заттай құқықтарды бұзу. Ал, бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру, бөтен мүлікті абайсызда жою немесе бүлдіру пайда табу мақсатынсыз жасалған қылмыстарға жатады.

1. 2. Бөтен мүлікті ұрлаудың түсінігі және оның нышандары.

Меншікке қарсы қылмыстардың ішіндегі ең көп таралған және қоғамға едәуір қауіптісі ұрлау.
Қылмыстық заң, ұрланғандық үшін, оның жасалу тәсілдеріне қарай нақты жауаптылық қарастырған. ҚК-тің тиісті баптарына бөліп, нормативтік тұрғыда бекіткен, оларға ұрлаудың мына ормалары жатады: ұрлық, иемденіп алу немесе ысырап ету, алаяқтық, тонау және қарақшылық.
Ұрлау түсінігін анықтаудың және оның негізгі элементтеріне сипаттама берудің ұрлаудың ьарлық формаларына тән нышандары айқындауға және бөлектеуге мүмкіндік беретіндігі. Ұрлаудың нақты формаларына талдау жасауды жеңілдететіндігі, оларды меншікке қарсы басқа қылмыстардан, басқа объектіге қол сұғушылықтан, сондай-ақ қылмыстық заңмен жазаланбайтын әрекеттерден шектеуге көмектесетіндігі қылмыстық заң ғылымында құптау тапқан. Қазіргі кезде ұрлау түсінігі Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде өзінің заңдық бекімін тапты. Мысалы, ҚК-тің 175-бабының ескертуіне былай делінген: "Осы кодекстің баптарында ұрлау деп пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып, айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз, қайтарымсыз алып қою және (немесе) айналдыру танылады". Ұрлау түсінігіне берілген бұл анықтамадан көретініміз, ғылым-заңгерлер ұсынған, заң талаптарына жауап беретін топтама түсініктер ішінен заң шығарушы "алу" терминін мойындаған. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 1996 жылғы 25 шілдедегі "Бөтен мүлікті ұрлауды саралаудың кейбір мәселелері туралы" қаулысында да ұрлауға, бірқатар ауытқылармен, осы тектес анықтама берілген: Бөтен мүлікті ұрлау дегеніміз - меншік иесінің мүлкін пайдакүнемдік мақсатта заңсыз, қайтарымсыз алу және оны өз пайдасына немесе басқа адамдардың пайдасына айналдыру.
Заңмен берілген анықтамадан ұрлаудың объективтік жағынан сипаттайтын мына нышандарды бөліп алуға болады:
1) Мүлікті алу;
2) Алудың заңға қайшылығы;
3) Алудың қайтарымсыз болуы;
4) Пайдакүнемдік мақсат;
"Алу" түсінігі ұрлаудың қарақшылықтан басқа мүмкін болатын жеке тәсілдерін қамтиды. Ал қарақшылықты алатын болсақ, заң шығарушы оның аяқталу кезін мүлікті иелену мақсатында шабуыл жасау кезеңіне аударған. Бұл нышан қылмыс затына заңға қайшы ықпал жасаудың сыртқы процесін неғұрлым дәл бейнелейді және белгілі бір шамада қылмыстық-құқықтық қорғау зиян келтіру тетігін сипаттайды, себебі алу әрқашанда заңсыз қылмыспен, ұрланған мүліктің меншік қатынастарына қатысушылардың (жақтардың) әлеуметтік байланыстарындағы құрылымда орнын өзгерту ұштасқан, ол байланысты қалай да бұзады, оның қалыпты дамуына нұқсан келтіреді.
Кәсіпорын қорына әлі келіп түспеген мүлікті алу, белгілі бір мән-жайларды ҚК-тің 182-бабында көзделген қылмыстың құрамын береді, атап айтқанда ол- алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру.
Ұрлау арқылы мүлікті алғанда айыпты оны өз пайдасына немесе басқа адамдардың пайдасына айналдырады. Ұрлаған адам мүлікке өз меншігіндей билік жасайды, бірақ заң жүзінде ол меншік иесі бола алмайды, себебі меншік құқығын қылмыстық жолмен алу мүмкін емес. Сондықтан да жәбірленушінің ұрланған затқа меншіктік құқығын ұрлық жоғалта алмайды. Ұрлауға заң тұрғысынан анықтама бергенде бөтен мүлікті айыптының меншігіне емес, оның пайдасына немесе басқа адамдардың пайдасына айналдыру дегенді, бәлкім, осы тұрғыдан түсіндіру қажет.
Алып қою нәтижесінде меншік иесіне не басқа иемденушіге материалдық залал келеді. Ұрланғандағы материалдық залал тікелей нақты залал түрінде көрініс табуға тиіс. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының 1966 жылғы 25 шілдедегі қаулысында былай делінген: Қылмыс объектісі болған мүліктің құнын анықтағанда, оның меншік иесіне қалай иемдегеніне байланысты, қылмыс жасалған кездегі мемлекеттік, жеке сауда, нарықтық немесе комиссиондық бағаларға сүйену қажет. Бағасы болмаған жағдайда мүліктің құны сараптаманың қорытындысы негізінде анықталады. Ұрлаудың салдарынан келген залалдың орнын толтырғанда оның мөлшері сот шешімі қабылдаған кездегі бағаларға сүйеніп анықталады. Меншік иесіне немесе заңды иеленушіге материалдық залал келтірмейтін мүлікті алу ұрлау ретінде саралануға тиіс емес.
Ұрлауды сипаттайтын келесі нышан - оның заңға қайшылығы. Заңға қайшы нышан дегеніміз, шындығында да, болжаммен де оған өзінің құқығы жоқ бөтен мүлікті айыптының алуы. Шындығындағы құқық дегеніміз - сол мүлікті алуға мүмкіндік беретін, заңға негізделген құқықтың болуы. Оның заңда беогіленген тәртіпке рәсімделген, рәсімделмегеннің маңызы жоқ. Бұл жерде назар ол құқықтың формасына емес, түп мәніне аударылады.
Бұдан жасалынатын тұжырым - егер адам мүлікті алуға заңды негіздемелер бола тұрып, оны алу үшін белгіленген тәртіптерді ғана бұзса, онда бұл жағдайда ұрлау болмайды.
Қылмыс аяқталғаннан кейін мүліктік залалдың орнын толтыру немесе ұрлаған мүлікті қайтару айыптыны жауаптылықтан босатпайды, бірақ ол жазаны жеңілдетуге негіздеме бола алады.

Айыпты мүлікті алып, оған өз қалауы бойынша билік жасай алатын кезден бастап ұрлау аяқталған болып саналады. Әңгіме нақты билік жасағандықта емес, сол билікті жасау мүмкіндігін алғандықта.
Сондықтан да ұрлауды аяқталған деп тану үшін айыптының затты іс жүзінде пайдаланғаны, оны пайда көргені қажет емес. Оның сондай мүмкіндікті алғаны жеткілікті. Егер айыпты бөтен мүлікті алуға бағытталған белгілі бір әпекеттер жасаса, бірақ ол мүлікке билік жасау мүмкіндігіне қолын жеткізе алмаса, онда ол әрекет ұрлық жасауға оқталу ретінде сараланады. Қарақшылық бұлардың қатарына кірмейді, оның аяқталу кезеңі жайындағы мәселе қылмыстың осы құрамына қатысты қаралған.
Күзеттегі аймақта жасалған ұрлықтың аяқталу кезеңін анықтауда қиындық туындайды. Тергеу - сот практикасының соңғы кездердегі позициясы дұрыс, себебі ол күзеттегі аймақта жасалған ұрлықты сол аймақтан мүлікті алып шыққан кезден бастап аяқталған деп санау қажет, себебі ұрланған мүлікке билік жасау мүмкіндігі сол кезден бастап туады деп санайды. Мүлікті күзеттегі аймақтан қанша қашықтыққа алып барғандықтың маңызы жоқ, дегенмен, ұрлаған затты аймақтың қоршауынан асыра лақтыруды және қылмысқа қатысушы басқа адамның сол мезетте ұрлауын қылмыстың аяқталмағандығы деп санаған жағдайлар болған.
Күзеттегі аймақта жасалған ұрлаудың аяқталу кезеңі мүліктің аумағына және оның не мақсатқа арналғанына байланысты. Мысалы, егер ұрланатын мүлік тұтынылмайтын басқа және оны күзеттегі аймақта пайдалануға мүмкіндік болмаса , оны сол аймақтан сыртқа алып шықпайынша ұрлау аяқталған болып есептелмейді. Ал, тұтынылатын мүлікті (мысалы спирттік ішімдікті) ұрлағанда қылмыстың аяқталу кезеңі айыптының ұрланған мүлікке деген пиғылына байланысты болады. Егер ол ұрланған мүлікке сол аймақтан шықпай - ақ билік жасайтын болса қылмыс аяқталған деп саналады. Егер ол ұрланған мүлікке күзеттегі аймақтан шыққан соң билік жасауды ойластырса, онда мүлікті сол аймақтан тауып алу - ұрлық жасауға оқталу ретінде сараланады.
Егер айыпты мүлікті алып, кейін оңтайлы кезде шығаруды ойластырып оны сол күзеттегі аймаққа жасырып қойса, содан соң оны өз еркімен қайтарса, онда ол қылмысты жасаудан өз еркімен бас тарту негізінде (ҚК-тің 26-бабы) қылмыстық жауаптылықтан босайды.
Ұрлау тек тікелей ниетпен жасалады. Айыпты мүлікті заңсыз алғандығын ұғынады, өз әрекетімен меншік иесіне залал келтіретіндігін алдын ала біледі, соны тілейді.
Ұрлаудың міндетті нышаны - пайдакүнемдік мақсат. Ұрлауға заң тұрғысынан анықтама берілгенде пайдакүнемдік мақсат ұрлаудың нышаны деп тіке көрсетілген. Ол мақсат айытының өз пайдасына, сондай - ақ материалдық жағдайына айыпты мүдделі басқа адамдардың пайдасына материалдық, мүліктік табыс келтіруді көздейді.
Алудың тәсілдеріне байланысты ҚР ҚК - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыр және аса ауыр қылмыстар
Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Қылмыс ұғымы жайлы
Тонау қылмысының қылмыстық құқықтқ аспектілерін толыққанды ашу
Қылмыс санаттары
Меншікке қарсы қылмыстар туралы
Қылмыстың белгілері. Қылмыс ұғымы
Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты және меншікке қарсы қылмыстардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Ұрлықтың мәні - мүлік
Қылмыстың ұғымы мен белгілері
Пәндер