Балабақшадағы мерекелер балалар өмірінде
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі
Мектепке дейінгі педагогика ПЦК-сы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Балабақшада мерекелер мен сауықтар ұйымдастыру арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың бойында ұлттық сананы қалыптастыру
Мамандығы: 0101000 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
Орындаған:Нұрғали Айгүл
Жетекші: Орынтаева Шұғыла
Тобы: Дш-17
Тараз 2020
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. Балабақшадағы мерекелер балалар өмірінде
1.2 Балабақшадағы ұйымдастырылатын мерекелердің балаларға ықпалы, тәрбиелік мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамытудағы мерекелердің маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ. Балабақшадағы меркелереді өткізу және ұйымдастыру арқылы ұлттық сананы қалыптастыру
2.1Мектепке дейінгі ұйымдарда мерекелерді ұйымдастыруға қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2Мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастырылатын ертеңгіліктер мен мерекелердің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Жоспар
Кіріспе

1.2 Балабақшадағы ұйымдастырылатын мерекелердің балаларға ықпалы, тәрбиелік мәні
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамытудағы мерекелердің маңызы

2.1 Мектепке дейінгі ұйымдарда мерекелерді ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
2.2Мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастырылатын ертеңгіліктер мен мерекелердің түрлері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Мақсаты:
- Мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық сауық кештерге көбірек көңіл бөлу арқылы балалардың бойында ұлттық сананы қалыптастыру;
- Ертеңгіліктер мен сауық кештерде жаңа ойын технологияларын қолдана отырып, баланың ой өрісін жетілдіру және ұлттық тәрбие тұғырын қалыптастыру, тереңдету;
Міндеттері:
- тақырып бойынша ғылыми теориялық негіздерге сүйене отырып талдау жұмыстарын жүргізу.
- мерекелік ертеңгіліктер мен сауық кештерін тиянақты ұйымдастыру арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың ұлтық тәрбие түсініктері мен ұлттық сананы қалыптастырудың жолдары мен мазмұнын негіздеу;
- мерекелердің негізгі астарынада тәрбиеге бағыттылығын қалыптастыра отырып, күнделікті іс-әрекет барысы арқылы баланың санасына ұлттық тәрбие формаларының негізін қалау.
Кіріспе
Ұлт боламын десең-бесігіңді түзе-деген сөзді қлы жазушымыз, Абай атын әлемге әйгілі еткен Мұқтар Әуезов атамыз текке айтпаса керек. Ата-заңымыздың алғашқы парақтарында - ақ былай делінге болатын: еліміздің ең асыл қазынасы-ол халық деп жазылған. Кез-келген елдің, дамыған экономикасы мен білімі, саяси-әлеуметтік дамыған қандай ел болмасын оның асыл қазынасы-халық және оның денсаулығы. Халықты құраушы сіз бен біз және оны жалғастырып отырушы жас буын. Міне, бұл өмір жалғасы, ұрпақтар сабақтастығы деп аталады.
Осынау байтақ жерге ие, ұлан-ғайыр даланың иесі сендерсіңдер деп айтып отыратын үлкендер сөзінде үлкен мән, терең мағана жатыр. Халық қазынасын құраушы жас буын да өз ұлтының салт-дәстүрін жетік білетін, ұлты мен ұлтының құндылықтарымен мақтанатын оны заман ағысымен ұштастыра білетін нағыз тұлға болуы шарт. Ең басты құндылығымыз-бала болса , оданда құнды бір дүние ол-тәрбие, ұлттық тәрбие болып саналады. Бәрімізге аян, қазір ана тілінде сөйлеу былай тұрсын, түсінбейтін ,тіпті менсінбейтін қазақ тілінде сөйлеуді ар санайтын отбасылар қаншама және онда тәрбие алып , қанаттанып жатқан бүлдіршгіндер ше деген сұраққа - нақты мынау деп жауап қату , бүгінде проблемаға айналып отыр. Осы тұста ең алдымен тілді керек санамаған адам үшін ұлттық құндылық, салт пен дәстүр туралы түсіндіріп көр дейсіз. Осыны жинай келе бұлай болуға не себеп, не тұрткі деген ой мазалайды...
Жауап беріп көрейік, ендеше бұл тұста өзге тілде тілі шықққан, өзге тілде түсінетін балапандарымызды біз еш жазғыра алмаймыз, ата-анада, ата-ананың тәрбиесі жайлы ой қозғай аламыз. Себебі бала ата-ана тәрбиесін сырт көзге көрсетуші айнасы емес пе? Бес жасар бала-әлемнің үштен бір білімін игеруге қабілетті деген ғылыми дәлелдеме бар енді осы тұста бәрін үйренуге қабілетті баланы жазғыра аламыз.
Қазіргі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты- баланы жан-жақты дамытып қана қоймай оны саналы азамат ретінде қоғамнан өз орнын иелене алатын тәрбие негізін қалау. Кез-келген көңілді әуенге, жарық пен дыбысын әдемі үйлесім тапқан әдемі мультфильмге бала ерекше назар аударады, 5-6 айынан бастап дыбысқа түрлі реакция танытады, ал 9-10 айынан бастап көрсеткен қимылды шамасы келгенше қайталап көреді. Иа, бұл баланың танымдық әрекеттерінің алғашқы сатысы. Ал, енді осындай түрлі ертеңгіліктер мен мерекелік қойылымдар ондағы әуендер баланы белгілі деңгейге дейін танымдық жағынан болсын, эмоцияналды жағынан болсын
дамытанынын аңғаруымызға болады деген сөз.
Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:
- оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;
- жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;
- ана тілі мен дінін , оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;
- жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз.
Ұлттық тәрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді: ана тілін, ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, қиын балалар, қарттар үйлеріндегі әжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы. Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да ұлттық тәрбие - ел болашағы.
Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибелері бізге сол рухани мәдениет, этикалық, эстетикалық құндылықтарын құрайтын ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, әдеби, музыкалық, кәсіби, тұрмыстық фольклорлар мазмұны арқылы жетіп отыр. Сонымен бірге ұрпақ тәрбиесіне, жалпы халықтың рухани дамуына байланысты ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді: Қорқыт ата, Әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Мұхамед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Асанқайғы, т.б. қазақ ақын- жырауларының мұраларынан, билер мен шешендердің тәлімдік сөздерінен көреміз.
Әр адам өзінің ұлттық тамырын, әдет-ғұрпын, мәдениетін түсіне алады. Өз халқына деген сүйіспеншілігі, өзінің туған жеріне өз халқы өмір сүретін ортаға деген сезіммен ұласып жату керек. Халықтық әдет-ғұрып, салт-санасының байлығы, патриоттық сезім Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырады.

1.2 Балабақшадағы ұйымдастырылатын мерекелердің балаларға ықпалы тәрбиелік мәні
Баланың қалыпты дамуын бақылау кезеңдері мен түріне оның түрлі дыбысқа реакциясын да жатқызамыз, ол өмірінің алғашқы үшінші күнінен бастап анасының даусын ажырата алуға бейім, тіпті ана құрсағында жатқан небәрі 7 апталық эмбрионды кезеңнің өзінде есту мүшесі қалыптаса бастайды екен бұл арқылы нені аңғаруға болады дегенде есту яғни сөздің өзі- тәрбие.
Бауыржан Момышұлы атамыздың үш қорқынышының ішінде мынаны ерекше етіп айтады: Мен баласына бесік жырын айтпаған анадан, немересіне ертегі айтпаған әжеден қорқам -демекші бұл жерде қайтадан өзіміздің дәстүрімізге ораламыз. Бесік жыры-анаға көмекші тәрбие құралы болып отырғанын аңғарамыз, Бесік жырының астарында-балаға анасының деген жүрек жарды ақ тілегі, ата - бабасының тарихы мен шежіресі астарласып жатқанын оны бесікте жатқан нәрестенің таза санасына бекітіп, қабылдап жатқанын білеміз. Осы тұстан бастап-ақ, балада өзі туралы өзінің әлеуметтік ортасы туралы ақпараттар санада қалыптасу проссесі жүреді.
Көңілді әуен ырғағына қолын шапалақтайды, қимылдарды қайталайды. Әр баланың жүрек түпкірінде кішкентай жұлдызы болады-ата - ана мен тәрбиелеуші оның жарқырауына мүмкіндік беруі керек-демекші бала балабақша табалдырығын аттаған сәттен оның қабілеттерін байқап, оны дамытуда тәрбиешінің ықпалы зор. Бір топтағы 15-20 бала болса, соншама талант бар. Өнерге, әуенге биге барлық балада белгілі деңгейге дейін қызығушылық әрі қабілеттілік болады. Балабақшада ұйымдастырылатын түрлі сауық мерекелер кезінде оны байқау, дамыту муызка жетекшісі мен ата-ананың міндеті. Сауық мерекелер кезінде тек баланың өнерге қызығушылыған байқап қана қоймай оларды ұлттық өнер түрлерімен, ұлттық аспаптармен таныстыруға болады.
Ұйымдастырылатын оқу қызметінде және түстен кейінгі уақыттарда ертегі терапияның бала бойында ұлттық құндылықтарын қалыптастыруға негіз екенін айтуға болады. Себебі, бала ертегі тыңдай отырып, ондағы кейіпкерлерді және олардың іс-әрекетіне қызығушылық танытады. Тұрмыс-салт жырлары, батырлар ерлігі туралы ертегі кейіпкерлеріне аса қызығушылық танытып, оны қайталауға тырысады бұл дегенмен ересек топ балаларына тән әс-әрекеттер болып саналады, Осыны ескере отырып , драма оқу қызметінде оны сомдатуға, ал шығармшылық әрекеттерде баланың бейімділігін ескеріп суретін салдыруға, екінші топ балаларға жапсыру ал үшінші топ балаларына суретін өз еріктері бойынша салу арқылы оларда ел қорғаған батыр, ер жүрек тұлға деген сияқты жаңа ұғымдар қалыптастыра аламыз. Бұл ұйымдастырылатын ертеңгілік, сауық мерекелеріне тыс болғанымен. Оны ары қарай дамыту да ертеңгіліктье тақырыпқа сай ертегі таңдап оны сомдату, патриоттық әндер жарысын жаттау, өлең әртүрлі етіп өткізу және оны балалардың көпшілік алдында сахналауы балада эмоционалды жағымды әсер қалдыратынын ескеру. Мектепке дейінгі ұйымда ұйымдастырылатын сауық меркелер өте көп дегенмен бала есінде ұзаққа қалатын өзіне ұнаған кешті ұйымдастыру үлкен дайындықты талап ететіні рас. Дегенмен жаз мезгілінде таңғы жаттығудың өзін ерекше көңілді етіп өткізу балаға қуанышты көңіл-күй сыйлайтыны белгілі осы арқылы біз баланы дамытамыз, уақытын тиімді ұймымдастырамызь және ұйымдастыру формасына қарай ұлттық тәрбиеге баулимыз.
Мектеп жасына дейінгі баланы дамытушы орта-балабақша. Өмірде болған оқиғаны мысал ретінде келтіре кетсем, үйде контактға көп түспейтін, тек тамақ ішкенде, ойнағанда анасына ым-ишщарамен білдіретін бала күннен - күнге тұйықтала түседі, тек ойыншықтармен үнсіз ойнайды. Аса мазасыз да емес. Кейінне анасының жұмысының қауырттығына байланысты, балабақшаға келеді, ол баламен тәрбиеші көп жұмыс жасайды, ертеңгілік кезінде берілген жаттауды бірге айтады, үнемі кезекшілік жұмысын атқаруға көмекші етіп жүреді, сұрақты көп қояды, оқылған ертегі мазмұнын баяндатқанда ұзақ сол баладан сұрайды. Уақыт өте келе балада өзгерістер пайда болып, ол өзінің достарымен араласып бірге ойнауға анық сөйлеуге үйренеді, жаттау қабілеті жақсы болғандықтан үнемі тақпақ, өлеңдерді жаттауға бейім болып өседі.кейінне ол өте ашық, коммуникативті дағдысы өте жақсы жетілген азамат болып өседі, белгілі ақын болады. Міне, ол ақын болып бірден қалыптаспады, кішкентай кезіндегі тәрбиелеушінің берген тәрбие өзегі оған себеп болды деп айтуға болады. Ата-тегінде ақындық, жазушылық қабілеті онша болмаған отбасыдан өте талантты әрі тілге жүйрік бала ер жетеді, сол балаға анасы ауыр аяқ кезінде әкесі оған әдеби шығарманы көп оқуды кеңес етеді, сонымен Абай жолы эпиопеясыеөн оқып бітіреді. Қазақ классикалық әдебиет өкілдерінің біраз шығармасын оқиды. Көп ертегілерді тыңдайды. Кейіннен бала өмірге келіп, 3-4 жасқа келгенде анасы ертегі айтып беріп отырса бала анасына былай дейді:-Мен ол ертегіні бұрында тыңдағанмын деп жауап береді, мектеп табалдырығын аттаған соң бала да көбінесе өлең-сөзге, шығармаларға деген қызығушылығы көп көрініс беріп отырады. Міне, осындай қиын жол арқылы баланы ұлттық өнерге, төл туындыға деген қызығушылыққа үйретеміз.
Қазір дегенмен, ақпарттың кең ауқым алған уақыты болғандықтан теледидар, телефон, әлеуметтік желі тәрбиеге елеулі үлес қосуда. Ол жерден көрген мультфиліміне еліктейді, тыңдаған әннің мәтінін тез жаттап алады, осы тұста біз баланың не көріп, не естіп нені санасына сіңіріп жатқанына бақылау жасамасақ жат ақпарат, жағымсыз ағымдағы көріністемен бүлдіршіндеріміздің таза санасын улап алуымыз мүмкін екенін естен шығармауымыз керектігін айту. Себебі, бала жаны тез еліктегіш, тез жадына сақтап алуға бейім болғандықтан оған берілген әр ақпарат құнды, тәрбиелік мәні терең болмаса ол тәрбиеде кері ықпал етеді. (1,5-2 жас 12-18) айлық бала тілі таза шығуы үшін, оған өз ана-тілінде қатынас жасау маңызды. Жадындағы ақпарат ана тілінде, ал контакт өзге тілде болса, ол кешеуілдетулік туғызады, бала психикасына кері әсер ететіні тағы рас. Ойын-баланың басты әрекеті болғандықтан қимыл-қозғалыс ойындарында (асық, қанталапай) сияқты ойындарды жиі ойнату арқылы ұлттық ойынға деген қызығушылығын оятамыз, үстел үсті ойындарында санамақ үйрету, жаңылтпаш айтқызу- бірінші кезекте танымдық қабілеттерін дамытса, екінші жағынан ұлтық ойын туралы түсініктері қалыптасады.
Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ, ағайын туысты, нағашы жұртын, ата-тегін, руын, ел жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлген. Жеті атасын білу заң болған. Ата-бабаларымыз өз тегінің шығу тарихын білуді әр азаматқа парыз деп ұққан. Жеті атасын білмеген ер жетім,Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер деген аталы сөз содан қалса керек. Баланың өзі шыққан тегін білуі оның азаматтық, елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады деп есептеген. Отбасы мүшелері балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймаған. Олардың қандай адам болғанын, өнегелерін үлгі етіп отырған. Әрі сол арқылы отбасы шежіресін жалғастыруға баулуды мақсат еткен. Қазіргі медицина ғылымы дәлелдегендей, жеті атаға дейін қыз алыспай қанның тазалығын, яғни ұлттың таза болуына әкеледі екен, екіншіден, қазақ ұрпағы жеті атасына дейін араласып, ынтымағы бір болсын дегеннен болса керек. Қазақ халқының салт-дәстүрінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі аса зор, мәні үлкен. Ата-аналар , ұстаздар балаларға білім беру барысында ұлттық салт-дәстүрлерді пайдалану олардың ұлттық рухты қалыптастыруға мол үлесін қоспақ. Баланы жастан демекші, балаларымыздың санасына халқымыздың тәрбие негізі, асыл қазынасы - салт-дәстүрлерін дұрыс жеткізе білсек, ертеңгі күні олардан зор ұлтжанды қазақ азаматы шығатынына кәміл сенуге болады.

Мерекеде көңіл көтеру-түрлі нәрсеге, әртүрлі әрекеттерге ұмтылу. Мерекенің көңіл көтеру функциясы жеке тұлғаның тұрақтануы мен рухани қуанышын қалыптастыру, сондай-ақ жағымды атмосфера құрып, белгілі бір жағдайларда жайлы жағдай орнатумен тығыз байланысты. Балалардың мереке кезінде көңіл көтеруі -- ізденіс жайында өткендіктен оларды жан-жақты дамуына да әсер етеді.
Шығарманы сомдау кезінде қиялы дамып, жаттаған сөзін ойында сақтау үшін күш жұмсайды, балада жауапкершілік сезімі пайда болады. Ұжымдық би, ән саханалау кезінде өзгелерді тыңдауға, күтуге дағдыланады. Сауық шараларында оларда өзіндік бағалау, өзгені бағалау яғни бақылау әрекеті қатар жүреді тіпті өзінің іс-әрекетіне де бақылау жасауға қалыптасады. Жанындағы досының тақпағын жаттап алу, оған көмектесу әрекеттері ертеңгілік кезінде үнемі көрініс тауып отыратын процесс. Мереке кезінде қобалжу, фурстрация сезімдерін бастан өткізеді, эмоцияналды қобалжулар өзара қарым-қатынастың нығаюына негіз болады. Мерекелік кеште баланы жаңа қырынан тани аламыз, өзгелердің алдында өзін ұстауына, мінезіне, ерік-жігеріне яғни іс-әрекет кезінде бақылау жүргізуге болады. Ертеңгіліктерде музыка қызметтің сан алуан түрі жетекші орын алады. Балалар өлең айтады, би билейді, музыкалық ойындар ойнайды, шағын ансамбль болып музыкалық аспаптарда ойнайды.Ертеңгіліктің жоспары музыкалық-драмалық көріністі жиі қамтиды, балалар өздері ойлап тапқан билерді, ойындарды көрсетеді.Сөйтіп, ертеңгіліктерде пайдаланатын музыка репертуары мейлінше сан түрлі болып келеді. Оны таңдау ең алдымен қалыптасқан жалпы принципке сай жүргізіледі. Ол тәрбие-білім міндеттеріне жауап беруге, көркемдік жағынан құнды және баланың орындауына ыңғайлы болуы керек. Ертеңгіліктің маңызы эстетикалық тәрбие құралдарының бірі ретінде тек музыка ықпалымен шектеліп қалмай, сонымен қатар өнердің бірнеше түрін үйлестіріп, бір тақырыпты шешуде бірін-бірі толықтырады, мұның өзі барынша айқындала түсуіне мүмкіндік береді.Музыка бөлмесінің жарқын де көркем безендірілуі оған салтанатты, мерекелік сән береді және кірген балалардың көңілдерін бірден көтереді. Мерекені жүргізушінің әсерлі сөздері көпшіліктің сезім дүниесін ширатады.
Әр ұйымдастырылған мерекелік кеш адамның тәртібіндегі өзін қоршаған басқа адамдармен қарым-қатынасын және оқудағы туындаған әртүрлі қиындықтарды жеңу үшін пайдаланылады. Д.Б.Эльконин мереке тәсілдерінің емдік тәсілін бағалай келе, былай дейді: мереке емінің эффектісі бала рөлдік ойын кезінде алған жаңа әлеуметтік қарым-қатынастың тәжірибесімен анықталады. Мерекелік кештер баланы үлкендермен, құрдастарымен нағыз контактіге үйретеді.әр түрлі сатыда қарым-қатынастың емдік эффектісі болады. Мерекенің әрбір қатысушысы өз рөлін ойнаумен қатар келесі рол кімдікі екеніне мән беріп қарап отырады. Балалар ертеңгілік кезінде өздеріне бірнеше деңгейдегі мақсаттарды жүзеге асырады.
Бірінші деңгейдегі мақсат-мерекеге қатысқанын сезіну.егер мереке балаға қуаныш әкелетін болса,онда бала кез-келген белсенділікке дайын болады. Қатысқанын сезіне алған кезде балада жауапкершілік, белсенділік туындаса, ол келесі кеште өзі рөл сомдауға қызығушылық танытады. Екінші деңгейдің мақсаты-функционалдық. Ол мереке ережесінің сақталуы, көріністер ойнау. Рөлдерді ойнаумен байланысты.
Үшінші деңгейде - шығармашылық мақсатын айқындайды,шешу, табу, қорытындыға келу және білу жолындағы іс-әрекетті көрсетеді.
Баланың тілегі мен тәрбие мақсаты үйлескен кезде мерекеге қатысуға қызығушылық пайда болады. Рөлге бөлу кезінде дене тұлғасының ерекшелігіне, жынысына, жасына тәуелді болмайды. Көп ойындар рөлдердің тең құқылығына құрылған. Кейбір ойындар үшін жүргізуші, капитандар,басқарушылар қажет болады. Жетекшілер мен тәрбиешілердің балалар мерекелеріндегі рөлі маңызды. Топтық мерекелер кезінде рөлдерге бөлу талас-тартыс тудырып ортақ мүдде туралы ойлауға, енжарларға белсенді болуға, өз беделін көрсетуге үйретеді.
Балабақшадағы тәрбие-ұлттық сана, ұлттық психологияны қалыптасқан парасатты,адамгершілік қадір-қасиеті мол, физикалық және моральді жоғары белсенді жеке адамды қалыптастырып шығару процессі болып саналады. Ойнау, еңбек ету және оқу барысында ақыл-ой, адамгершілік физикалық және көркем тәрбие даму процессі қатар жүреді. Бала осы кезде белгілі дәрежеде білім алады, іскерлікке үйренеді, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға, қоғамдық өмірдің әдет - дағдыларын меңгеруге бейімделеді.
Ертеңгіліктен тыс күнделікті таңғы жаттығудан соң гимн айту барлық балабаұһқша күн рижмінде бар. Бұл - мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге үйреуде көмекші болып саналады.
Бес салалы білім беру негізі бойынша әр саланың неізгі міндетіне кіретін-ұлттық сананы қалыптастыруды күнделікті ұйымдастырылған оқу қызметінде интеграциялауды тәрбиеші дағды етіп қалыптастыруы тиіс. Күнделікті әрекет кезінде тақпақтар жаттату, кіші топ балаларымен өз еліміздің әсем жерлерін видео арқылы тамашалау, фото терапия ретінде ұйымдастыру болса, орта және ересек топтарда көрген фильмдерін, тыңдаған ертегілерін ондағы кейіпкерлерді талдау, сұрақ-жауап әдісін пайдалануға болады.
Дания мемлекетінде жақсы дамыған мектепке дейінгі мекемелерде балаларды экскурсияға жиі шығару. Тәрбиешімен бірге аптаның бір күнінде міндетті түрде тұрғылықты жерге серуен жасау ол жерде бала экологиялық тәрбиені қосымша алып жүреді. Айналаны ластамауға, жәндіктерге зиян келтірмеуге, тіпті орманда жүрген кезде жапырақты жұлып, сындыруға болмайтынын осы экскурсия кезінде балаға түсіндіру жұмыстары жүргізіледі екен. Бұл әрине үлкен жұмысты талап етеді, дегенмен пайдасы келешекте балалар үшін болмақ. Осыған сәйкес, біздің де білім беру жүйемізде ұқсас типі бар әрине . Серуенге көп уақыт бөлу, тек ойынға емес түрлі бақылаулар, эксперименттер жүргізуге қолайлылығында . Шағын балалармен бірге ағашты, гүлді, жаздық алқапты бақылай отырып, бірге күтім көрсетуге болады. Өз елімізде ғана кездесетін жануарлар, құстар алқап ландштаптарды көрсету оларды әңгімелеу арқылы қоршаған ортаға деген қызығушылығын оята отырып экологиялық тәрбие формасын кіріктіреміз және патриоттық тәрбие берудің қарапайым үлгісін көрсетеміз.
Түрлі мерекелік шаралар арқылы баланың мынадай қабілеттерін дамытамыз.
1. Ән айту дағдысы ( хормен ән айту жанындағы достарын қайталау, әннің ырғаын ести білуге және дұрыс қайталауға икемделеді, ата-анасының, тәрбиешінің көмегімен сөзін жаттайды).
2. Би. Көбінесе біріккен формада жүргендіктен бір-бірін қайталауға, бірдей қимыл әрекетін жасауға үйренеді. Музыканы тыңдай білуге үйренеді, әдемі қимыл жасауға тырысады. Эстетикалық тәрбиені бойына сіңіреді.
3. Шығарманы сомдау. Рөлді сомдау кезінде іс-әрекетті анық көрсетуге тырысады, кейіпкер сөзін жаттайды, интонация, дикциясын жаттықтырады, Өзі орындап жатқан кейіпкердің мінезін береді.
4. Көпшілік көрермен алдында жауапкершілікті, ұялу сезімін өткереді.

2.1 Мектепке дейінгі ұйымдарда мерекелерді ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Ұлттық сана-сезімді қалыптастыратын құралдардың ең негізгісі - ана тілі, сана-сезімді қалыптастыру негіздерінің бірі, ізгілік пен отаншылдық құндылықтар сабақтастығын орнықтыруда зор қолдауға ие. Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі. Қазақстан Республикасы Білім туралы заңында жас ұрпаққа жан-жақты білім мен тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізгі ұстанымдарын айқындап береді. Олар мыналар: Қазақстан Республикасының барлық адамзатының білім алуға тең құқұлығы, әрбір адамзаттың интелектуалдық дамуы, психо-физиологиялық және жеке ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz