Мөңкенің биологиялық сипаттамасы


МАЗМҰНЫ
Нормативті сілтемелер
ГОСТ 7. 1 - 2003. «Библогpафическая запиcь. Библиографическое опиcание доkумента. Oбщиe тpебовaния и пpaвила соcтавлeния».
ГОСТ 7. 32 - 2001. «Отчет о научно - исследовательской работе. Структура и правила оформления»
ГОСТ 1368-91 Рыбы всех видов обработки. Длина и масса.
ГОСТ Р 51497-89 Рыба, ракooбразные и каpакатица. Paзмерные категории
ГОСТ 24896-81 Тірі бaлықтaр. Техникалық жағдай.
ГОСТ 50 380-92 Балықтар және балық өнімдері. Терминдері мен анықтауыштар
ГОСТ 7636-85 Балықтар, теңіз сүтқоректілері, теңіз омыртқасыздары және оларды өңдеу өнімдері. Талдау әдістері.
ГОСТ 25706-83 Лупалар немесе үлкейткіш шынылар. Негізгі Типтері мен параметрлері.
ГОСТ 25336-82 Зертханалық шыны жабдықтар мен ыдыстар. Негізгі параметрлер, өлшемдері мен типтері
ГОСТ 24104-2001 Зертханалық жалпы жағдайында және үлгі таразылары. Жалпы техникалық жағдайлар.
ГОСТ 19908-90 Тигельдер, табақшалар, стакандар, колбалар, воронкалар, приборкалар және кварц шыныдан жасалған ұштық. Жалпы техникалық жағдайлар.
ГОСТ 427-75 Өлшегіш металл сызғыштар. Техникалық жағдайлар.
ГОСТ 1625-89 Техникалық формалин. Техникалық жағдайлар.
ГОСТ 6709-72 Дистилденген су.
ГОСТ 17. 1. 1. 01. -77. Cyды пайдаланy мен қорғау. Негізгі терминдер мен анықтауыштар.
Анықтамалар
Ареал - таралу аймағы;
Жергілікті түрлер - экожүйенің табиғи жағдайына тән түрлер;
Биоценоз - суқойманың бір жерінде орналасқан тірі организмдер жиынтығының өзара байланысы;
Кәсіптік қор - балық шаруашылығы ережесімен бекітілген немесе өлшемдері кәсіптік болып саналатын балықтар қорының (популяция) бөлігі;
Зоопланктон - су қабатындағы омыртқасыз жануарлар;
Макрозообентос - су түбіндегі омыртқасыз жануарлар;
Толысу - балықтар популяциясының өсуі, яғни кіші жастағы топтардың өсу нәтижесінде популяцияның кәсіптік бөлігін құрауы;
Гидробионттар - суда тіршілік ететіндер;
Нектобентос - су түбі топырағының беткі қабатында кездесетін омыртқасыз жануарлар;
Литофильдер - уылдырығын тасқа шашатын балықтар;
Фитофильдер - уылдырығын су өсімдіктеріне шашатын балықтар;
Жерсіндірілген түрлер - экожүйеге арнайы мақсатпен жіберілген түрлер;
Пелагофильдер - уылдырығын су қабатына шашатын балықтар;
Уылдырық шашушы үйір - көбею үшін өрістеген балық қорының (популяция) бір бөлігі;
Биотоп -абиотикалық факторларының параметрі біртекті суқойма бөлімі;
Кәсіптік аулау - белгіленген бір уақыт кезеңінде қолданылатын аулау құралдарының жалпы саны;
Ювенильді - жыныстық жағынан жетілмеген даралар;
Толысу - балықтар популяциясының өсуі, яғни кіші жастағы топтардың өсу нәтижесінде популяцияның кәсіптік бөлігін құрауы.
Қысқартулар мен шартты белгілер
АЖТ- абсолютты жеке тұқымдылық
БЖм -Балтық жүйесі бойынша метр;
РЕЖБАМ -рұқсат етілетін жалпы балықтың ауланатын мөлшері
МШЖ - мөлшері шектеулі жинақталу
МШЖ - мөлшері шектелген жинақталу деңгейі
ҚР - Қазақстан Республикасы
рН - судың активті реакциясы
СЭС - Су Электр Станциясы
ҚХР - Қытай халық республикасы
сағ - сағат
мин - минут
см - сантиметр
мм - миллиметр
м 2 - шаршы метр
м - метр
га - гектар
кг/га - киллограмм гектар
кг - киллограмм
г/м 2 - грамм шаршы метр
мг/м 2 - миллиграмм шаршы метр
мг/дм 3 - миллиграмм дециметр куб
мгО/дм 3 - миллиграмм оттегі дециметр куб
экз. /м 3 - экземпляр метр куб
экз. /м 2 - экземпляр шаршы метр
КІРІСПЕ
Өткен жүз жылдықта көптеген жылдар бойына Қазақстан суқоймаларында ихтиоценоздың сапалық және сандық құрамын арттыру мақсатында гидробионттарды интродукциялау жерсіндіру бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілді, нәтижесі әлі күнге бірмәнділік сараптауға әкеледі. Қазіргі таңда осы сияқты жоспарлы түрде интродукциялаудан басқа, адамдардың рұқсатсыз жерсіндіруі, сондай ақ, гидробионттардың кездейсоқ өздігінен таралу жолымен бақылаусыз инвазиясы жүріп жатыр. Қазіргі таңда бөгде гидробионттардың инвазиясына мониторинг жүргізілмейді, және аталмыш процесстің, яғни, қысқа мерзім ішінде ихтиоценоздың құрамын танымастай қылып өзгертуі мен суқойманың балық шаруашылық мүмкіндігін жоғалтуына әкелуі салдарына назар аударылмайды. Қазіргі кезде суқойманың биологиялық ластануына және олардың тигізетін әсерлеріне қарсы, шешім қабылдағанға өзекті болып табылатын институциональді және экологиялық шаралар жасалмаған.
Қазіргі таңда елімізде балық өнімдерін тұтыну кеңес өкіметі кезеңдерімен салыстырғанда әлдеқайда төмендеген. Ал балық өнімдерінің адам организміне пайдасы өте жоғары. Қазақстан балық шаруашылығы су қорына бай және мұнда балық өсiру мен балық аулауды қарқынды дамытуға қолайлы жағдайлар бар.
Бaлық caлacын құpaйтын өндipyшi жәнe өңдeyшi әлeyeттi қaлпынa кeлтipy жәнe жaңapтy, coндaй-aқ кәciпopындapдың мoлықтыpy кeшeнiн жoбaлық қyaттылыққa шығapy мaқcaтындa Қaзaқcтaн Pecпyбликacы Үкiмeтiнiң 2003 жылғы 29 жeлтoқcaндaғы N 1344 қayлыcымeнҚaзaқcтaн Pecпyбликacының бaлық шapyaшылығын дaмытyдың 2004 - 2006 жылдapғa apнaлғaн бaғдapлaмacы бeкiтiлдi.
Coл ceбeптeн қaзipгi тaңдa pecпyбликaмыздaғы мaңызы бap cy aлaбы бacceйндepiндeгi кәciптiк бaлықтapдың қopын caқтaп қaлy, тиiмдi пaйдaлaнy жұмыcтapы жүpгiзiлyдe. Сырдария өзенінің өндірістік ихтиофаунасы 11 түрлі балықтан тұрады. Олардың негізгі өнеркәсіптік маңызы барлары - табан, ақмарқа, сазан, торта және көксерке. Осы кәсіптік балықтардың қазіргі таңда ең көбін яғни 7 түрін тұқылар тұқымдасына жататын балықтар құрайды. Осы жеті түрдің бірі мөңке балығы .
Мөңкелер саны жағынан өте кең таралған балық. Тек Испанияда оны жасанды өсіреді, ал Францияда тіпті кездеспейді. Эльзаста және Лотарингияда аз мөлшерде кездеседі. Қырым мен Закавказда ол жоқ болуы мүмкін, әлі кездеспеген, Шығыстан мөңке Сібірге барады және Шығыс Камшаткада да кездеседі. Түркістан өңінінде Амудария арналарында кездескен. Бұл балық көбіне лайлы жерлерде, өзгермейтін көлдерде тіршілік етеді. Таулы көлдерде өте сирек кездеседі. Мөңке басқа тұщы су балықтарымен өзінің домалақ денесімен және қырлы құрсағымен оңай ажыратылады. «Карась» сөзінің мағынасының өзі - толық, семіз деген мағына білдіреді. өзінің биік, жалпақ денесімен, мұртшасының болуымен мөңке басқа туыстарынан ерекшеленеді, сонымен бірге жұтқыншақ тістерінің құрылысына да байланысты [1] .
Мөңке басқа балықтармен салыстырғанда әр түрлі жағдайларда да өзінің түсін, көлемін және өзінің пішінін өзгертіп өмір сүре алады. Кәдімгі мөңке мен бозша мөңкенің айырмалылығы аттарынан байқалып тұр. Кәдімгі мөңке жалпақ, әдетте қою бозша, кейде қызғылт - кәдімгі болып келеді. Бозша мөңкенің денесі ұзынырақ, арқасы дөңес емес, қабыршақтары бозша, кейде қаралау түс береді, құйрығының айыры үлкенірек. Ағынсыз суларда, өзендердің сағасында, жиналып қалған суларда тіршілік етеді. Бұлардың уылдырықтары жабысқақ болғандықтан су құстарының қауырсындарына жабысып бір жерден екінші жерге ауысып отырады. Ол уылдырықтар көбейіп, бірнеше жылдан соң ешқандай балық тіршілік етпейтін су қоймаларда мөңкелер тіршілік етіп жүреді. Мөңкелер барлық суларда тіршілік ете алады. Оның семіз денесі судың қатты ағысына тұра алмайды, ал құмды немесе тасты жер болса, ол жерден қорегін таба алмайды және жыртқыштардан қорғана алмайды[1] .
1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1. 1. Мөңке балығының систематикасы және табиғи таралу аймақтары
Мөңкенің санының көп бөлігі Солтүстік Қазақстанның көлдерінде кездеседі. Солтүстік Қазақстандағы бозша мөңкелер зерттелген 32 көлінің ішіндегі 30 көлінде кездеседі. Сондықтан осы түр көптеген көлдерде доминантты болып келеді, бірақ қалған екі көлде мүлдем кездеспейді. Қостанай облысының көлдеріне зерттеулер жасағанда зерттелген 18 көлдің ішінде бозша мөңкелер барлығында да кездеседі, тек екі көлде (Бозшакөл және Қоскөл) жалғыз ғана ихтиофауна көзі болып табылады.
Сонымен қатар мөңке Орталық Қазақстанның суқоймаларында да көп кездеседі, бірақ ол жерлерінде доминантты емес. Целиноградтың зерттелген 21 көлінің 9 көлінде кәдімгі мөңке, ал алтауында тек мөңкелер кездескен. Мөңке тек 4 көлінде доминантты және 2 көлдің ихтиофаунасын құраған. Мөңкелер Сарысу және Кеңгір көлдерінде де, бассейндерде кездеседі, бірақ су қоймаларында байқалмаған.
Мөңкелер Балқаш, Арал бассейндерінде жерсендірілген. Ол 1946 жылы Алтайдан Қаратал өзен жүйесіндегі тоғандарға әкелінді, Н. П. Серов 1954 жылы бозша мөңкенің Қараталда пайда болғанын белгілейді. 1959 жылдан кейін бассейндердегі мөңкенің популяциясы жыл сайын Алматы тоған шаруашылығының балықтарымен толықтырылып отырады. Қапшағай суқоймасында оның саны қарқынды артады. Алакөл бассейнінң Сасықкөл және Қошқаркөл көлдеріне 1973 жылы әкелінді.
Көкшетау облысының үлкен терең көлдерінде мөңке жиі кездеседі, далалық көлшіктерде және орман суларында көптеп кездеседі, ал тұзды көлдерде мүлдем жоқ. Сонымен қатар Шығыс Қазақстанның су қоймаларында, Ертіс және Зайсан көлдерінде бұрын көп ауланатын болса, қазір сирек кездеседі.
Мөңке Батыс Қазақстанда Қамыс - Самара және Көшім көлдерінде, Үлкен және Кіші Өзен өзенінде кездеседі, Орал және Ембі өзенінің көлдерінде де ұсталған. Сонымен қатар Күшім өзенінің төменгі ағысындағы көлдерде тек бозша мөңке кездеседі, Ақтөбе облысының Шалқар көлінде кәдімгі мөңке кездеседі. Ырғыз - Торғай бассейнінің көлдерінде бұлардың екі түрі кездеседі, бірақ біреулерінде (Үлкен Жалаңғаш ) мөңке басым, ал басқасында (Кіші Жалаңғаш) кәдімгі мөңке басым.
Оңтүстік Қазақстандағы суқоймалардағы мөңкенің кездесуі ең біріншіден көлдердің сумен қамтамасыз етілуіне байланысты. Сырдария өзенінің суы көп болған жылдары, мөңке өзеннің төменгі ағысында көп кездесті. Н. А. Гладковтың айтуынша 1929 жылы Қамысты бас көлінде 33, 16 ц бозша мөңке өндірілді, ал 30 - 50 жылдардан кейін кетті. [1] .
Шу өзенінің төменгі жағындағы көлдерінде және Талас өзенінің Қазақстанға кіретін бассейіндерінде мөңке бұрын болмаған, қазір 60 - шы жылдардағы акклиматизацияның нәтижесінде пайда болды. Сырдария өенінің бассейінінің Бөген су қоймасында 1963 жылы Шымкент тоған шаруашылығымен әкелінген тұқыммен кездейсоқ келіп түскен.
Қырғызстанда және Қазақстанның Оңтүстігіндегі су қоймаларда бозша мөңкені жасанды өсіреді. 1963 жылы Ыстық көлде бозша мөңке тұқы балығының жас шабақтарымен бірге Фрунзе тоған шаруашылығынан алып, 1954 жылы Алматыға тұқымен бірге алып келінген.
Бозша мөңкенің ерекшелігі, кең танымалы «кәдімгібалық» бозша мөңкенің селекциялық жұмыстары үшін өте тиімді. Кәдімгібалық мөңкеден шығарылған. Қытайда мың жыл бұрын (X - XII ғ) . XVI ғ. Жапониядағы ұзақ селекциялардың нәтижесінде оның ерекше формасы алынған. 1611 ж. Кәдімгібалық Португалияға әкелінді. XVII ғ. аяғында Россияға, 1728 жылы Ұлыбританияға әкелінген. Қазіргі кезде кәдімгібалық - ең басты аквариумда және тоғанда өсірілетін балықтарының бірі.
Мөңке. Балқаш-Іле бассйніне 1950-54 жылдары, сонымен қатар 1958 және 1960 жылдары Ертіс және Нұра өзендерінен әртүрлі жастағы дарақтары әкелініп отырғызылған.
1. 2 Мөңкенің биологиялық сипаттамасы
Кәдімгі мөңке. ( C. Carassius) . Бұл жылы сүйгіш тұщы су балығы, денесі биік, басы үлкен емес. Бүйірі әлсіз қызыл немесе кәдімгі, аузында мұртшасы жоқ. Кәдімгі мөңке сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді болып келеді: Су қышқылдығы ( PH - 4, 5) болғанда, О 2 0, 5 -0, 6 мг - болғанда және мұз қатқан суқоймалардың ихтиофаунасында тіршілік ете береді.
Бозша мөңке (C. auratus) . Дене формасы қырлы болып келеді. Қабыршағы ірі кедір - бұдырлы, бүйірі бозша. Кәдімгі мөңкеден желбезек доғасындағы кірпікшелер саны көп болумен ерекшеленеді. Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді. Кәдімгі мөңкеден тез өседі. Тоғандық жағдайларда өсірілетін дернәсілдерінің салмағы 20-30 г, дернәсілдері зоо және фитопланктонмен қоректенеді.
Сурет 1. Кәдімгі мөңке C. Carassuis(L)
Сурет 2. Бозша мөңке C. Auratus(L)
П. А. Дрягиннің (1933) айтуынша бозша мөңкенің өзгерістері кәдімгі мөңкенің ауытқуларының арасында жатады. В. И. Медведев (1976) өз зерттеулерінде Челябинск және Свердловск облысындағы көлдердің жағдайындағы мөңкелердің жоғарғы дәрежелі морфологиялық өзгерістерін көрсетті. Бозша мөңке мен кәдімгі мөңке бірге тіршілік еткенде олардың ауытқулары бірдей бағытта жүретінін байқаған. Өсуге қолайлы жағдайда мынандай белгілері: денесінің биік жерлері, кеуде қанатына дейінгі аралық, құйрық қалқаншасының ұзындығы және D негізі, P - V аралығы және V-A
Аралығында өзгерістері бар мөңкелер 9 көлде жоғары болды, ал қолайсыз жағдайларда - кәдімгі мөңке де, бозша мөңке де төмен болды. Ал көз диаметрі мен басының ұзындығы кері тәуелділік көрсетті: қолайсыз жағдайларда - көрсеткіштері жоғары, қолайлы жағдайарда - көрсеткіштері төмен болды. Ортаның жағдайларына байланысты морфологиялық өзгергіштік түрдің жоғары биологиялық әсемділігіне бағыттайды, сонымен қатар суқоймалардағы гибридті популяциялардың болуын білдіреді. Мөңкелердің шағылысуы көбіне бозша мөңке мекендейтін көлдерде жүреді. Гибридті белгілері ретінде: көк түске бояулы, бірінші желбезек доғасындағы желбезек кірпікшелерінің саны және арқа қанатындағы соңғы қатты сәулелеріндегі тісшелерінің саны тіркелген [1] .
D III - IV (14) 15 - 19; A II - III 5 - 7 (көбінесе 5) ; 1. 1 28 - 34 (көбінесе 32), бірнеше желбезек доғасындағы желбезек кірпікшелері 37 - 52 (көбінесе 46) ; омыртқалар 26 - 33 (көбінесе29 және 30) . Құрсағы қара. тұмсығының ұзындығы денесіәнің ұзындығымен салыстырғанда 6, 43 - 8, 83 % тең; көз диометрі 4, 09 - 5, 90; көздің артқы бөлімі - 10, 63 - 14, 50; басының ұзындығы - 18, 30 - 30, 96; басының биіктігі - 19, 40 - 28, 60; маңдайының ені - 9, 95 - 14, 12; денесінің биік жері - 35, 76 - 59, 20; денесінің аласа жері - 12, 0 - 17, 0; тұмсығының арқа қанатына дейінгі ұзындығы - 44, 61 - 60, 24; тұмсығынан кеуде қанатына дейінгі ұзындығы - 18, 04 - 23, 98; құйрық қалақшасының ұзындығы - 11, 30 - 18, 60; D ұзындығы - 32, 07 - 85; D биіктігі - 15, 78 - 20, 21; А ұзындығы - 10, 29 - 15, 57; А биіктігі - 13, 97 - 16, 86; Р ұзындығы - 14, 0 -19, 53; V ұзындығы - 17, 40 - 24, 44; Р және V аралығы - 16, 22 - 27, 00; V және А аралығы - 23, 80 - 33, 55 [1] . ( 1 кесте) .
Бозша мөңкенің санауға болатын белгілері географиялық өзгерістерді қорытындылауға негіз бола алмайды. (2 кесте) .
Солтүстік және оңтүстік су қоймаларда әртүрлі ландшафты-климаттық зоналарда орналасқан популяцияларда үлкен айырмашылықтар жоқ. Морфологиялық белгілерінің түрленуі экологиялық жағдайларға сонымен бозша мөңке мен кәдімгі мөңкенің үйірінің тығыздығына байланысты [13] .
Кесте 1 - Қазақстанның әртүрлі суқоймаларындағы бозша мөңкенің пластикалық белгілері, % денесінің ұзындығынан
Қостанай
облысының ағын сыз көлдері
(М±m)
Үлкен және
Кіші
Жалаңғаш көлі
(М±m)
Қапшағай су
Қоймасы
(М±m)
Қамыс-
Самар
көлі
7, 35±0, 16 -
8, 83±0, 24
7, 38±0, 17 -
8, 46±0, 18
4, 85±0, 11 -
5, 90±021
4, 09±0, 11 -
4, 46+0, 13
12, 77±0, 14 -
14, 44±0, 58
10, 63±0, 25 -
14, 50±0, 18
26, 47±0, 15 -
30, 96±0, 21
26, 44±0, 26 -
27, 14±0, 21
25, 96±0, 69 -
28, 60±0, 74
23, 09±0, 37 -
25, 44±0, 37
11, 01±0, 15 -
14, 12±0, 38
10, 61±0, 30 -
11, 85±0, 25
37, 41±0, 22 -
56, 12±0, 21
46, 75±0, 45
49, 56±0, 65
14, 01±017 -
16, 65±0, 42
15, 95±0, 24 -
16, 09±0, 35
49, 98±10, 32 -
60, 24±1, 04
50, 69±0, 53 -
52, 61±0, 56
18, 04±0, 64 -
23, 21±0, 26
23, 67±0, 44 -
23, 98±0, 35
Құйрық қалақшасының
ұзындығы
13, 04±0, 59 -
17, 71±0, 21
17, 50±0, 21 -
17, 85±0, 36
32, 07±0, 37 -
36, 73±0, 52
36, 23±0, 40 -
36, 55±0, 36
17, 33±0, 18 -
20, 21±0, 25
16, 37±0, 24 -
17, 47±0, 24
Кесте 1 - жалғасы
Қостанай
облысының ағын сыз көлдері
(М±m)
Үлкен және
Кіші
Жалаңғаш көлі
(М±m)
Қапшағай су
Қоймасы
(М±m)
Қамыс-
Самар
көлі
10, 29±0, 48 -
12, 57±0, 41
11, 67±0, 33 -
12, 44±0, 30
14, 62±0, 27 -
16, 86±0, 19
13, 97±0, 31 -
15, 16±0, 24
18, 32±0, 23 -
19, 53±0, 37
19, 44±0, 19 -
19, 47±0, 32
20, 31±0, 22 -
24, 44±0, 51
20, 39±0, 23 -
21, 93±0, 28
16, 22±0, 34 -
24, 96±0, 41
22, 76±0, 30 -
24, 39±0, 53
23, 80±0, 58 -
33, 35±0, 57
33, 47±0, 44 -
33, 56±0, 35
Мұндағы:
М - орташа мәні;
m - орташа ауытқу;
D - арқа қанаты;
А - аналь қанаты;
Р - кеуде қанаты;
V - құрсақ қанаты.
Кесте 2 - Қазақстанның әртүрлі суқоймаларындағы бозша мөңкенің меристикалық белгілері.
(М±m; алымы - аралығы, бөлімі - орта немесе жиі кездесетін белгілері)
1. 1-дағы
қабыршақ
Желбезек
Кірпікше
лері
D
Сәуле
лері
А
Сәуле
лері
Омырт-
қалары
Авторы,
жылы
Қостанай
обл-ң
ағынсыз
көлдері





Горюно
ва, 1958
Кесте 2 - жалғасы
1. 1-дағы
қабыршақ
Желбезек
Кірпікше
лері
D
Сәуле
лері
А
Сәуле
лері
Омырт-
қалары
Авторы,
жылы
Ақтөбе
обл-ң
көлдері:
Үл.
Жалаңғаш
Кіші
Жалаңғаш
Су-
Жарған
32, 77±0, 17
33, 92±0, 18
30 - 35
51, 41±0, 19
50, 37±0, 24
50, 02
IV 16. 53
IV 16. 96
IV 16. 64
III 5. 11
III 5, 32
III 6, 05
29, 60±0, 15
29, 36±0, 13
29, 11
Сидоро
ва, 1956
Сарысу
өзенінің
бассейін





Ерешен
ко,
1956
Қамыс-
Самара ж/е
Күшім көлі






Серов,
1959
Ырғыз
және
Торғай
өзендері





Ақсуат көлі
(Торғай обл. )





Көктенкөл көлі
(Жезқазған
Обл. )










Сырдария
өзені
(Қызылор
да)



Қапшағай
суқоймасы


- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz