Іле өзені мен Қапшағай суқоймасының ихтиофаунасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПYБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМЫ МИНИСТІРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Қапшағай суқоймасындағы инвазиялық түр жыланбас (Channa argus) балығының қазіргі жағдайын зерттеу

5B080400 Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау

Алматы 2019 ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Биология және биотехнология факультеті

«Қорғауға жіберілді»
«Қорғауға жіберілді»: «» 2019 ж.
:
«Қорғауға жіберілді»:

Биоалуантүрлілік және биоресурстар

кафедрасының меңгерушісі, б. ғ. д., профессор

:
«Қорғауға жіберілді»: Курманбаева М. С.
:
«Қорғауға жіберілді»: (қолы)
:

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Қапшағай суқоймасындағы инвазиялық түр жыланбас (Channa argus) балығының қазіргі жағдайын зерттеу

5B080400 Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау

Орындаушы4 курс студенті:

Орындаушы

4 курс студенті

:
Рақымбек Н.: Рақымбек Н.
Орындаушы4 курс студенті: Ғылыми жетекшісі
:
Рақымбек Н.: Кожабаева Э. Б.
Орындаушы4 курс студенті: Норма бақылаушы
:
Рақымбек Н.: Билялова Г. Ж.

Алматы 2019

РЕФЕРАТ

Дипломдық жұмыс компьютерлік мәтінмен басылған 60 беттен тұрады, жұмыстың құрамында 12 сyрет, 8 кесте, 79 пайдаланылған әдебиеттер тізімі кіреді.

Негізгі сөздер : ихтиофауна, жыланбас ( Channa argus), Қапшағай суқоймасы, бағалау, инвазиялық

Дипломдық жұмыстың мақсаты : Қапшағай суқоймасындағы жыланбас популяциясының қазіргі жағдайын зерттеу

Дипломдық жұмыстың міндеттері :

1. Қапшағай суқоймасы ихтиофаунасының қалыптасу тарихына әдебиттік шолу жасау.

2. Қапшағай суқоймасының ихтиоценозында жыланбас балығының қалыптасуына шолу жасау.

3. Қапшағай суқоймасындағы жыланбас балығына биологиялық талдау жасау.

4. Алынған зерттеу нәтижелерін әдебиет көздерімен салыстыра отырып бағалау.

Зерттеу әдістері және құралдары: Ихтиологиялық зерттеулерде кеңінен пайдаланылатын әдіс-тәсілдер (И. Ф. Правдин әдісі бойынша морфологиялық-биoлoгиялық aнaлиз жaсaу) қолданылды, бaлықтaрдың қoңдылығы Фультoн жәнe Клaрк формуласы бойынша есептелінді, жaсы МБС-10 бинoкулярымeн қaрaлып aнықтaлды. Зерттеу барысында aлынғaн кeстeлeр мeн грaфикaлық сурeттeр, oлaрдың стaтистикaлық өңдeлуі MS Office 2010 пaкeтінің «Excel» прoгрaммaсындa oрындaлды.

Басты нәтижелер: Жыланбас балығының негізгі биологиялық көрсеткіштері (ұзындығы, салмағы, жасы, қоңдылығы және т. б. ) және оның Қапшағай су қоймасының акваториясы бойынша қазіргі таралуы зерттелді. Балық қорларын тиімді пайдалану және сақтау бойынша ұсыныстар ұсынылды. Алынган нәтижелерге сүйене отырып Капшагай суқоймасындағы жыланбас балығының жағдайының жақсы екенін көруге болады. Жыланбас балығының өзіндік биологиялық ерекшеліктеріне тән өлшемдерінде ауытқушылық анықталмады. Қапшағай су қоймасына бөгде түр болғандықтан оның ары қарай ихтиофауна құрамында қалыптасуына баға беру үшін алдағы уақытта да зерттеу жұмыстарын жалғастыру қажет.

Ғылыми жаңалығы: 2018 ж. зерттеу барысында автор Қапшағай суқоймасы ихтиофаунасындағы жыланбас популяциясының кәсіптік қорымен қазіргі жағдайын анықтады.

Практикалық маңызы: Зерттеу жұмысының нәтижелерін практикада түрлі сала мамандары өз қажеттілігіне тың мәлімет ретінде қолдануына болады. Табиғи су ортасының антропогендік факторлардың салдарынан биологиялық ластануына әкелетінін кез келген адам білмесі анық. Сол білместіктің ақыры бүкіл бір өзіндік ұзақ жылдар бойы қалыптасқан ихтиофаунаға өз әсерін тигізуі анық.

Дипломдық жұмысты орындау барысында көрсеткен ғылыми - әдістемелік бағдары мен көмегі үшін ғылыми жетекшім б. ғ. к., Қожабаева Э. Б. шексіз ризашылығымды білдіремін.

РЕФЕРАТ

Данная дипломная работа напечатана на 60 станицах: включая 12 рисyнков, 8 таблиц, список использованной литетератyры состоит из 79 источника.

Ключевые слова: ихтиофауна, водохранилище Капшагай, змееголов ( Channa argus), оценка, инвазииный.

Цель исследования - изучение основных биологических показателей змееголова и его современное состояние в Капшагайском водохранилище.

Задачи дипломной работы:

1. Изучение истории формирования ихтиофауны водохранилища Капшагай

2. . Обзор формирования змееголова в ихтиоценозе водохранилища Капшагай

3. Биологический анализ змееголова водохранилища Капшагай

4. Оценка полученных результатов исследования в сравнении с литературными источниками.

Основные результаты исследований - Изучены основные биологические показатели (длина, масса, возраст, упитанность и др. ) змееголова и его современное распространение по акватории Капшагайского водохранилища. Предложены рекомендации по рациональному использованию и сохранению рыбных запасов. Опираясь на полученные результаты, можно заметить, что состояние змееголов в водохранилище Капшагай хорошее. Отклонений в критериях, характерных для специфических биологических особенностей особей змееголов, не выявлено. В связи с тем, что в водохранилище Капшагай змееголов является чужим видом, необходимо и в дальнейшем продолжить исследования для оценки его формирования в составе ихтиофауны.

Научная новизна: 2018 г. в ходе исследования автор выявил современное состояние промыслового фонда змеевики в ихтиофауне Капшагайского водохранилища.

Практическое значение: Результаты исследовательской работы на практике могут быть использованы специалистами различных сфер деятельности в качестве более подробной информации о своих потребностях. Очевидно, что естественная водная среда приводит к биологическому загрязнению вследствие антропогенных факторов. В конце этого незнания очевидно, что все свое влияние на ихтиофауну, сформировавшуюся в течение долгих лет.

За научно - методическую направленность и помощь, оказанную при выполнении дипломной работы, выражаю благодарность научному руководителю дипломной работы к. б. н. Э. Б. Кожабаевой.

ABSTRACT

This thesis is printed on 60 pages: including 12 figures, 8 tables, the list of used literature consists of 79 sources.

Key words: ichthyofauna, Kapshagai reservoir, snakehead (Channa argus), assessment, invasive.

The purpose of the thesis: to study the main biological indicators of snakehead and its current state in the Kapshagai reservoir.

The tasks of the work:

1. Study of the history of formation of the ichthyofauna of Kapshagai reservoir

2. . Overview of snakehead formation in the ichthyocenosis of the Kapshagai reservoir

3. Biological analysis of the snakehead reservoir Kapshagay

4. Evaluation of the results of the study in comparison with literary sources.

The main results of the research - The main biological parameters (length, weight, age, fatness, etc. ) of the snakehead and its current distribution in the water area of the Kapshagai reservoir were studied. Recommendations on rational use and conservation of fish stocks are proposed. Based on the results, we can see that the condition of snakehead in the Kapshagai reservoir is good. Variance in the criteria, specific biological characteristics of individuals of snakehead, it is not revealed. Due to the fact that the reservoir Kapshagay snakehead is a foreign species, it is necessary to continue research to assess its formation in the ichthyofauna .

Scientific novelty: 2018 the study the author has identified contemporary state of the field coils of the Fund in the ichthyofauna of the Kapshagay water reservoir.

Practical importance: The results of the research work in practice can be used by specialists in various fields of activity as more detailed information about their needs. It is obvious that the natural water environment leads to biological pollution due to anthropogenic factors. At the end of this ignorance it is obvious that all its influence on the ichthyofauna formed over the years.

For the scientific and methodological orientation and assistance provided in the implementation of the thesis, I Express my gratitude to the supervisor of the thesis K. B. N. E. B. Kozhabaeva.


МАЗМҰНЫ

бет
:
: Нормативті сілтемелер
бет:
:
: Анықтама
бет:
:
: Қысқартулар мен шартты белгілер
бет:
:
: КІРІСПЕ
бет: 10
: 1
: ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
бет:
: 1. 1
: Қапшағай суқоймасы ихтиофаунасының қалыптасу тарихы
бет: 12
: 1. 2
: Жылынбас балығының систематикалық жағдайы және биологиялық сипаттамасы
бет: 21
: 1. 3
: Жыланбас балығының биологиясы
бет: 23
: 2
: МАТЕРИАЛ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛЕР
бет:
: 2. 1
: Қапшағай суқоймасының физикалық-географиялық сипаттамасы
бет: 27
: 2. 2
: Қапшағай суқоймасының гидрологиялық, гидрохимиялық және термикалық режимі
бет: 28
: 2. 2. 1
: Іленің гидрографиялық торы, оқшауланған көлдер мен өзендер жүйесінің балық шаруашылығына әсертету рөлі
бет: 28
: 2. 2. 2
: Іленің Қапшағайдан жоғарғы жағындағы ағынының сипаттамасы
бет: 30
: 2. 2. 3
: Қапшағай суқоймасының су деңгейінің ауытқулары
бет: 31
: 2. 3
: Қапшағай суқоймадағы балықтардың қоректік базасын бағалау
бет: 35
: 2. 4
: Іле өзені мен Қапшағай суқоймасының ихтиофаунасы
бет: 40
: 2. 5
: Балықтарға биологиялық талдау жүргізу әдісі
бет: 42
: 2. 5. 1
: Балықтардың қоңдылығын және майлылығын анықтау
бет: 43
: 2. 5. 2
: Балықтардың жасын анықтау
бет:
: 3
: НӘТИЖЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ
бет:
: 3. 1
: Жылынбас балығының популяциясының жағдайына биологиялық көрсеткіштері бойынша баға беру
бет: 45
: 3. 2
: Қапшағай суқоймасындағы жылынбас балығының кәсіптік қорын анықтау
бет: 50
: 3. 3
: Қапшағай суқоймасындағы жылынбас балығының кәсіптік қорын тиімді пайдалануға ұсыныстар
бет: 50
:
: ҚОРЫТЫНДЫ
бет: 51
:
: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
бет: 52
:
: ҚОСЫМШАЛАР
бет: 59


Нормативті сілтемелер

ГОСТ 7. 1 - 2003. «Библиографическая запись. Библиографическое описание документа. Общие требования и правила составления».

ГОСТ 7. 32 - 2001. «Отчет о научно - исследовательской работе. Структура и правила оформления»

ГОСТ 1368-91 Рыбы всех видов обработки. Длина и масса.

ГОСТ Р 51497-89 Рыба, ракообразные и каракатица. Размерные категории

ГОСТ 24896-81 Тірі балықтар. Техникалық жағдай.

ГОСТ 50 380-92 Балықтар және балық өнімдері. Терминдері мен анықтауыштар

ГОСТ 7636-85 Балықтар, теңіз сүтқоректілері, теңіз омыртқасыздары және оларды өңдеу өнімдері. Талдау әдістері.

ГОСТ 25706-83 Лупалар немесе үлкейткіш шынылар. Негізгі Типтері мен параметрлері.

ГОСТ 25336-82 Зертханалық шыны жабдықтар мен ыдыстар. Негізгі параметрлер, өлшемдері мен типтері

ГОСТ 24104-2001 Зертханалық жалпы жағдайында және үлгі таразылары. Жалпы техникалық жағдайлар.

ГОСТ 19908-90 Тигельдер, табақшалар, стакандар, колбалар, воронкалар, приборкалар және кварц шыныдан жасалған ұштық. Жалпы техникалық жағдайлар.

ГОСТ 427-75 Өлшегіш металл сызғыштар. Техникалық жағдайлар.

ГОСТ 1625-89 Техникалық формалин. Техникалық жағдайлар.

ГОСТ 6709-72 Дистилденген су.

ГОСТ 17. 1. 1. 01. -77. Суды пайдалану мен қорғау. Негізгі терминдер мен анықтауыштар.


Анықтамалар

Ареал - таралу аймағы;

Жергілікті түрлер - экожүйенің табиғи жағдайына тән түрлер;

Биоценоз - суқойманың бір жерінде орналасқан тірі организмдер жиынтығының өзара байланысы;

Кәсіптік қор - балық шаруашылығы ережесімен бекітілген немесе өлшемдері кәсіптік болып саналатын балықтар қорының (популяция) бөлігі;

Зоопланктон - су қабатындағы омыртқасыз жануарлар;

Макрозообентос - су түбіндегі омыртқасыз жануарлар;

Толысу - балықтар популяциясының өсуі, яғни кіші жастағы топтардың өсу нәтижесінде популяцияның кәсіптік бөлігін құрауы;

Гидробионттар - суда тіршілік ететіндер;

Нектобентос - су түбі топырағының беткі қабатында кездесетін омыртқасыз жануарлар;

Литофильдер - уылдырығын тасқа шашатын балықтар;

Фитофильдер - уылдырығын су өсімдіктеріне шашатын балықтар;

Жерсіндірілген түрлер - экожүйеге арнайы мақсатпен жіберілген түрлер;

Пелагофильдер - уылдырығын су қабатына шашатын балықтар;

Уылдырық шашушы үйір - көбею үшін өрістеген балық қорының (популяция) Биотоп -абиотикалық факторларының параметрі біртекті суқойма бөлімі;

бір бөлігі;

Кәсіптік аулау - белгіленген бір уақыт кезеңінде қолданылатын аулау құралдарының жалпы саны;

Ювенильді - жыныстық жағынан жетілмеген даралар;

Толысу - балықтар популяциясының өсуі, яғни кіші жастағы топтардың өсу нәтижесінде популяцияның кәсіптік бөлігін құрауы.

Қысқартулар мен шартты белгілер

АЖТ- абсолютты жеке тұқымдылық

СЖТ- салыстырмалы жеке тұқымдылық

БЖм -Балтық жүйесі бойынша метр;

РЕЖБАМ -рұқсат етілетін жалпы балықтың ауланатын мөлшері

МШЖ - мөлшері шектеулі жинақталу

МШЖ - мөлшері шектелген жинақталу деңгейі

ҚР - Қазақстан Республикасы

рН - судың активті реакциясы

СЭС - Су Электр Станциясы

ҚХР - Қытай халық республикасы

сағ - сағат

мин - минут

см - сантиметр

мм - миллиметр

м 2 - шаршы метр

м - метр

га - гектар

кг/га - киллограмм гектар

кг - киллограмм

г/м 2 - грамм шаршы метр

мг/м 2 - миллиграмм шаршы метр

мг/дм 3 - миллиграмм дециметр куб

мгО/дм 3 - миллиграмм оттегі дециметр куб

экз. /м 3 - экземпляр метр куб

экз. /м 2 - экземпляр шаршы метр

КІРІСПЕ

Қазақстандағы балық өнімдерінің тұтыну деңгейі өзге елдерден қарағанда айтарлықтай төмен екені белгілі. Ресми мәліметтерге сүйенсек, ҚР Тамақтану Институтының Медицина Ғылымдары Академиясының статистикалық мәліметтері бойынша, жылына ұсынылған 14, 6 кг балық өнімдерінің халықпен пайдалану көлемі 2016 жылы 5, 8 кг ғана құрап отыр. Осы көрсетілген көрсеткішті 10 кг немесе одан ары деңгейге жеткізу үшін, тауарлы балық өнімін 50 000 тоннаға дейін жоғарлату жоспары әзірленген [1] . Салыстырмалы түрде, әдебиеттерге шолу жұмыстарының нәтижесіне сүйенсек, басқа балық шаруашылығы дамыған елдергеді балық өнімдерін тұтынудың жан басына шаққандағы мөлшері 18 кг-нан жоғары: Белоруссия - 21, 6 кг, Украина - 22 кг, Норвегия - 40 кг, Жапонияда - 90 кг және т. б. [2] . Қатай елінде өсірілетін балық және тағы басқа су өнімдерінің көлемі әлемде өндірілетін су өнімдерінің жарты бөлігін құрайтыны көбіне мәлім. Балық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болуы тиіс. Балық өнімінің адам ағзасына пайдасы баршаға белгілі, оны тағы қысқаша айта кетер болсақ балықты жиі тағам ретінде пайдалану адам ағзасын жоғары сапалы ақуызбен қамтамас етеді, өте қажетті аминқышқылдар құрамы жақсы сіңеді, одан басқа A, Д, E витаминдермен әртүрлі микроэлементтерге де бай [3] .

Қазіргі таңда балық шаруашылығының Қазақстан экспортында алар орны зор. Қазақстан шетелге жыл сайын құны 93 млн АҚШ доллары болатын балық өнімдерін экспорттайды. Балық шаруашылығына жылына 200-300 млн теңге инвестиция салынуда. ТМД елдері арасында Қазақстан ішкі су қоймасының көлемдері бойынша Ресейден кейінгі орында тұр. Қазақстанның көлдері, өзендері, су қоймаларының жалпы көлемі 3 млн га құрап отыр. Тұрақты аулауды қамтамасыз ету үшін елімізде 11 ірі балық өсіретін қойма бар. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанның балық шаруашылығының табысы жылына 1 млрд АҚШ долларына жетуі мүмкін. Мұндай жоғары көрсеткішке жету үшін инновациялық әдістерді меңгеріп, балық өсірудің, жасанды тәсілін жолға қоюдың ғылыми негіздемесін жасау маңызды. Бұл ретте Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғалымдар тобы елімізде балық шаруашылығын дамытудың ғылыми негіздемесін жасауға кіріскенін атап өтуіміз керек. Біздің ғалымдар су қоймаларының флорасы мен фаунасын, гидрологиялық-гидрохимиялық режімін зерттеуде. Жүргізілген мониторинг арқасында су қоймаларының экологиялық ахуалы мен балықтардың қоректік базасының ахуалына баға берілді. Ендігі кезекте ғылым мен өндіріс үйлесімді жұмыс істейтін болса, аталған салада еліміз біршама табыстарға жететіні сөзсіз [4] .

Қапшағай суқойманы жобалау кезінде жылына 2, 8 мың т балық аулауды жоспарлаған, оның үштен бірін сазан, ал қалғанын басқа бағалы балық түрлері құрау керек болған. Бірақта суқойманың пайда болғаннан бергі барлық кезеңінде іс - жүзінде аулау 1, 574 мың т. (1977 ж. ) аспаған және оның негізгі бөлігін тыран құраған. Суқойма қалыптасқаннан кейін оның өзіндік ихтиофаунасы, балықтардың уылдырық шашатын, жайылым және өрістейтін аудандары пайда болды [5, 6, 7] .

Жыланбас балығы Қапшағай суқоймасының кәсіптік балықтар қатарынына жаңадан енген балықтардың бірі. Жыланбас балығы етінің дәмділігі мен тығыздығы, ұсақ сүектерінің аздығымен және семіздігімен ерекшеленеді. Жоғарыда айтылған қасиеттеріне қарай, сондай - ақ бағасының қолжетімділігімен ол еліміздің тұтынушылары арасында өзіндік сұранысқа ие [8] .

Жыланбас балығы тіршілік ортасының алуан түрлілігіне бейімделгіш болғандықтан Балқаш - Іле суалабында кең таралған. Бүгінде оның кәсіптік қоры тұрақты сақталған. Кәсіптік құндылығы жоғары бекіре, көксерке, сазан және т. б. балықтардың қорының азаюына байланысты жыланбас балығына деген қызығушылық пен сұраныс жыл санап артуда [9] .

Жұмыстың өзектілігі . Республикамыздағы ең үлкен мегаполистің бірі Алматы қаласы мен Қапшағай қаласына жақын орналасқан балық шаруашылықтық маңызы жоғары суқойма - Қапшағай суқоймасы болып табылады. Жыл санап қаладағы адам санының артуымен сәйкес тұтынушылардың да санының артуына әкеліп соқтыратыны анық. Қапшағай суқоймасындағы жыланбас балығы өзіндік сапалық ерекшеліктерімен тұтынушылардың тарапынан үлкен сұранысқа ие. Осыған байланысты жыланбас балығының қазіргі жағдайын зерттеп, суқойма ихтиофаунасындағы орны мен басқа түрлермен қарым қатынасын анықтап оның келешектегі жағдайына болжам жасауға болады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қапшағай суқоймасындағы жыланбас популяциясының қазіргі жағдайын зерттеу.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

1. Қапшағай суқоймасы ихтиофаунасының қалыптасу тарихына әдебиттік шолу жасау.

2. Қапшағай суқоймасының ихтиоценозында жыланбас балығының қалыптасуына шолу жасау.

3. Қапшағай суқоймасындағы жыланбас балығына биологиялық талдау жасау.

4. Алынған зерттеу нәтижелерін әдебиет көздерімен салыстыра отырып бағалау.

Ғылыми жаңалығы: 2018 ж. зерттеу барысында автор Қапшағай суқоймасы ихтиофаунасындағы жыланбас популяциясының кәсіптік қоры мен қазіргі жағдайын анықтады.

Дипломдық зерттеу жұмысы «Қазақ балық шаруашылық ғылыми зерттеу институтының» Ихтиология зертханасымен бірге 2018 жылдың жазғы далалық зерттеу экспедициясы барысында жүзеге асырылды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 Әдебиетке шолу

1. 1 Қапшағай суқоймасы ихтиофаунасының қалыптасу тарихы

Жетісудің ең ірі өзенінің бірі Іленің бойынан су электр стансасын салудың жобасы 1942 жылы жасалған болатын. Оны алғаш болып ғалым-энергетик, бұрынғы республика Ғылым академиясының президенті, академик Ш. Шокин қолға алған. Іле өзеніне ГЭС салу жөніндегі ең алғашқы ұсыныс Жетісудың жер жағдайын жақсы білетін Алаштың ардагер ұлы Ораз Жандосовтың аузынан шыққан делінеді. Не десе де аталған ауқымды құрылыстың басы - қасында қазақтың біртуар азаматы Дінмұхамед Ахметұлының жүргені белгілі.

Жалпы, Капшағай суқоймасын толтыру кезінде еліміздің ихтиология және гидробиология мамандарының бақылауымен, осы аталған өзендер сағасына 25 түрлі балық және 8 - қоректік омыртқасыздар жіберілген болатын. Қазіргі таңда осы жерсіндірілген балықтар, оның ішінде көксерке, жайын, ақмарқа, тыран, торта, сазан, мөңке, ақ амур, дөңмаңдай және т. б. суқоймадағы кәсіптік балықтар негізін құрап отыр. Солайша, бейімделген 8 омыртқасыз жануарлар түрлері (3 мизида түрі, 2-креветка және бір түрден бүйірімен жүзгіш гаммариттер, өзен шаяны және моллюска) осы кәсіби маңызы бар балықтардың 80 % жуық азығының негізі болып отыр [10] . Алғашқы зерттеулерде суқойманның орындағы майда көл мен өзендердегі балық түрлерінің кәсіби маңызының жоғары болмауына байланысты басқа кәсіби балықтарды еңгізген [11] .

Кәсіптік балық қорын пайдалануда жыл сайын лимит орнату үшін биоқорларға сақтық принципін ескере отырып барлық ихтиоценоз популяциясы құрылымының жағдайына әрқашанда мониторинг жүргізіп тұру қажет. Сонымен қатар, балық үйіріндегі өзгерістерді қадағалау жұмыстарын, олардың тіршілік ортасындағы жүріп жатқан барлық факторларды зерттеу қажет. Балық үйірінің флуктуациясының себептерін анықтау үшін қоршаған ортаға әсер ететін барлық факторларды қарастыру қажет [12] .

Қапшағай суқоймасы іргетасы қаланған 1970 жылдан бастап Қазақстанның көптеген ихтиологтарының қызығушылығын арттырды. Зерттеу жұмыстары суқойма ихтиоценозының қалыптасуы үшін барлық бағыттар бойынша жүргізіле бастады. Алғашқы жылдардан бастап-ақ суқойманың қоректік қорын жақсарту және сапалы кәсіптік балықтармен (сазан, тыран, көксерке, ақмарқа) балықтандыру мақсатында ұсыныстар жасала бастады [13] .

Біршама тәжірбиелерге сүйеніп көптеген балық түрлерінің популяцияларының болашақтағы жағдайларына нақты болжамдар жасалды [14, 15, 16] . Тыран балығының кәсіптік қорының қалыптасуын тездету үшін ұсыныстар берілді [17] .

Кәсіптік балықтар қорының қалыптасуының бірінші кезеңі зерттеліп жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілді [18, 19, 20] . Осы жылдары жүргізіліп жатырған ихтиолог мамандардың зерттеулерінің барлығы бірдей экожүйенің қалыптасуына оң нәтижесін бермеді. Айта кетсек, іле қара балығы секілді балық түрлерінің болашағына қауіпті болжамдарда болды [5, 7] .

Суқойма суға толтырылғаннан кейін жерсіндірілген бағалы балық түрлерінің қорытындысын және ихтиофаунаның көпжылдық даму динамикасын талдау кезеңі басталды. Талдау қорытындысында су пайдалану жүйесі шарттарына сәйкес суқоймадағы биоқорларды қарқынды пайдалану жөнінде тәжірбиелік ұсыныстар жасалды [21, 22] . Ихтиофаунаның қалыптасуының сенімді үш жолы көрсетілді. Суқойманың жағдайына сәйкес кәсіптік балық түрлерінің нақты биоқорына болжамдар ұсынылды [23, 24] . Қапшағай суқоймадағы ихтиофаунаның қалыптасу жүйесінің негізгі кезеңі яғни, онда көрсетілген негізгі кәсіптік балықтардың биологиялық ерекшеліктерінің көпжылдық динамикасына талдау жүргізілді [25] . Осыған қарап ихтиоценоздың қалыптасу жүйесі жалғасып жатқандығын байқаймыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қапшағай суқоймасының ихтиофаунасы
Қапшағай суқоймасындағы кейбір бөгде балықтардың таралуы
Іле өзені мен Қапшағай суқоймасында кәсіптік балық шабақтарының таралуы
Қапшағай су қоймасында мекендейтін тыран балығының биологиялық сипаттамасы және кәсіпшілік маңызы
Қапшағай суқоймасының аборигендік ихтиофаунасына сипаттама
Шардара суқоймасындағы сазан (Сyprinus carpio aralensis) балығының морфологиясы
Кәдімгі тарақ балық
Қапшағай қаласының экологиялық жағдайы
Күміс мөнке балығының таралуы
Іле өзенінің төменгі атырауының кәсіптік балық түрлерінің популяциясының құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz