Қапшағай суқоймасының аборигендік ихтиофаунасына сипаттама



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
4

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
5
1
ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
5
1.1
Қапшағай суқоймасының ихтиофаунасын қалыптастыруда жасалған зерттеулерге шолу
5
1.2
Қазақстан республикасының суқоймаларында жүргізілген жерсіндіру жұмыстарына қысқаша сипаттама
8
1.3
Қапшағай суқоймасында жасалған ғылыми зерттеулерге шолу
12
1.4
Қапшағай суқоймасына және Іле өзені бассейнінде өздігімен енген кейбір балықтардың систематикасы және биологиялық сипаттамасы
15
1.4.1
Амур шабағының Pseudorasbora parva биологиясы, систематикалық орны
15
1.4.2
Элеотристің Micropercops cinctus систематикалық орны
20
1.4.3
Қытай бұзаубас балығының (Rhinogobius brunneus) биологиялық сипаттамасы
28
2
ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
31
2.1
Зерттеу объектісі
31
2.2
Зерттеу әдістері
31
3
ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ТАЛҚЫЛАУ
33
3.1
Қапшағай суқоймасының физикалық - географиялық сипаттамасы
33
3.2
Қапшағай суқоймасының аборигендік ихтиофаунасына сипаттама
37
3.3
Қапшағай суқоймасының қазіргі ихтиофаунасының сипаттамасы
40
3.4
Қапшағай суқоймасы және Іле өзені бассейнінде кейбір кәсіптік - интродуцент балық түрлерінің биологиялық сипаттамасы
44
3.4.1
Pseudorasbora parva балығының биологиялық және морфометриялық сипаттамасы
44
3.4.2
Қытай элеотрисінің (Micropercops cintus) биологиясы және морфометриялық сипаттамасы
46
3.4.3
Қытай бұзаубас балығының (Rhinogobius brunneus) биологиясы
47

ҚОРЫТЫНДЫ
50

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ
51

Түйіні
55

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі. Қапшағай суқоймасы - жасанды суқойма ретіндегі ондағы балықтардың түрлік алуантүрлілігін зерттеу мәселесі ерекше орын алады.
Суқоймада тіршілік ететін бөгде (акклиматизацияланған және өздігімен енген) балықтардың кейбір түрлерінің биологиялық жағдайына сипаттама жасау арқылы біз ондағы балықтардың қазіргі биологиялық және популяциялық жағдайларына баға беруімізге болады. Негізгі зерттелген объектілері: амур шабағы, қытай бұзаубас балығы, элеотрис. Бұл балықтардың әр қайсысы өз алдына жеке зерттеуге тұрарлық түрлер.
Амур шабағы, қытай бұзаубас балығы, элеотрис - өздігімен жерсіндірілген, алайда ешбір шаруашылық және тағамдық құндылығының болмауы осы түрдің санын шектеуді қажет етеді, сонымен қатар бөгде балықтардың көптеген түрлері табиғи аборигендердің экожүйесіне қатер туғызып отыр.
Қапшағай суқоймасында кәсіптік маңызы жоқ бөгде объектілердің тұрақты тіршілік ететін жеті түрі анықталған, олар: амур шабағы, қытай бұзаубас балығы, өзен абботинасы, сүйірқұрсақ, медака, элеотрис, кекіре.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қапшағай суқоймасының қазіргі ихтиофауна құрамына талдау жасау, жергілікті және жерсіндірілген балықтардың, аборигендік және интродуцияланған, кәсіптік маңызы жоқ балықтардың, бағалы және құндылығы төмен балықтардың түрлік құрамын анықтау; оның ішінде бөгде балық түрлері ретінде Persiformes және Cypriniformes отрядына жататын қытай бұзаубас балығының, элеотристің және амур шабағының биологиялық сипаттамаларын жасау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
1. Қапшағай суқоймасының ихтиофаунасының қалыптасуы жөнінде мәліметтер жинау, әдебиеттерге шолу жасау;
2. жерсіндірілген түрлердің систематикалық орнын анықтау, түрлерінің құрамына талдау жасау;
3. Құнсыз балықтардың түрлері: қытай бұзаубас балығының, амур шабағының және элеотристің биологиялық ерекшеліктерін зерттеу.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

I ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

0.1 Қапшағай суқоймасының ихтиофаунасын қалыптастыруда жасалған зерттеулерге шолу

1970 жылы салынған Қапшағай суқоймасы Қазақстан ихтиологтарының, соның ішінде Қазақ Балық шаруашылығы Ғылыми зерттеу институты мен Қазақ мемлекеттік университетінің ихтиологтары үшін ғылыми зерттеу нысанасына айналды. Суқойманы зерттеу бірнеше ғылыми бағыттар бойынша жүргізіліп, нәтижесінде бұл зерттеулер жаңадан түзілген суқоймадағы ихтиоценоздар мен биоценоздарының қалыптасу процестерін тануға қажетті білімге маңызды үлес қосты.
Суқойманың тіршілік етуінің алғашқы жылдарынан бастап - ақ, оның табиғи қоректік базасын және кәсіптік балықтардың сапалық құрамын (сазан, тыран, көксерке, ақмарқа) жақсартуға қажетті бірнеше ғылыми әдістемелер мен нұсқаулықтар дайындалды [1]. Жинақталған тәжірибелер балықтардың көптеген түрлерінің популяцияларының болашақтағы жағдайын аса дәлдікпен болжауға мүмкіндік берді [2-3]. Тыран балығының кәсіптік қорын жедел қалыптастыруға берілген нұсқаулар арқылы осы балық түрі бойынша айрықша шаруашылық тиімділікке жетуге мүмкін болды [4].
Кәсіптік балық түрлерінің популяциялары бойынша қалыптасудың алғашқы сатысының заңдылық аспектілері зерттелінді [5]. Алайда, осымен қатар, енді түзіліп келе жатқан суқойма экожүйесіндегі процестердің күрделілігі барлық уақыттарда да дұрыс шешім қабылдауға кепілдік бермейтін. Бұл жерде қателіксіз де болған жоқ. Ихтиологтар кейбір балықтардың, соның ішінде шармай (маринка) балығының болашақ тағдырын алдын - ала болжай алған жоқ. [2, 6]. Алайда, қалыптасудың алғашқы кезеңінде жасалған бұндай қателіктің өзі де аса маңызды болып табылады.
Суқойманы толтырғаннан кейін ихтиофаунаның көп жылдық даму динамикасы мен бағалы балық түрлерін енгізудің нәтижелерін талдау кезеңіне уақыт жетті. Талдау нәтижелері ретінде кешенді суды пайдалану жағдайларындағы суқойманың биоресурстарын қарқынды пайдалану бойынша практикалық нұсқаулар жазылды, бірқатар нұсқаулар жүзеге асырылған [7]. Суқойманың ихтиофаунасын одан әрі қалыптастырудың үш жолы көрсетілді, суқойма жағдайларына біршама жақсы бейімделген, саны шектеулі балық түрлерін кәсіптік аулауға ұсыныстар жасалынды [8].
Суқойма ихтиофаунасының қалыптасу процесі талданды оның негізгі сатылары айқындалды, кәсіптік маңызы бар негізгі балықтардың биологиялық сипаттамалары бойынша көпжылдық динамикасының сипаттамасы берілді [9, 10]. Сонымен қатар, суқоймадағы ихтиофаунаның қалыптасу процесі әлі жалғасып, бітпегендігі мәлім болды.
Суқойма жағдайында ең алғаш әр түрлі балық түрлерінің маусымдық ихтиомасса қосуының динамикасы бақыланды, осыған орай, кәсіптік балық түрлерін маусымдық аулау көлемін реттеу мүмкінді пайда болды.
Қазақстан үшін ең алғаш рет тыран, ақмарқа және көксеркенің морфофизиологиялық индикаторлары кең көлемд, тоық зерттелінді [11]. Алынған көрсеткіштердің балықтың өсу жылдамдығы мен көбею жағдайларымен байланыстыға анықталған, өз кезегінде осындай зерттеулер популяция жағдайын талдауға қолдануға мүмкіндік берді. Сазан балығының қалыптасу процесі талданып, оның морфологиясының әртүрлі сапалығы анықталды [12,13].
Көбею жағдайларының нашарлығына байланысты, сазанның болашақта санын арттыру мүмкіндігінің жоқ екенді бойынша жасалған болжам толығымен орындалды. Суқойманың 12 жылдық тіршілік етуінен кейін тыранның қоры толық көлеммен пайдаланбағаны анықталды, осыдан кейін тыранның кәсіптік аулану көлемін арттыруға ұсыныстар жасалды. Өсімдіктектес балықтардың - ақ амур мен ақ дөңмаңдайдың қорының қалыптасу процестеріне ерекше көңіл аударылды. Бұл балықтардың суқоймаға жерсіндірілуінің мақсаты - ондағы бар балықтардың игермеген қорек ресурстарын өсімдік қоректі балықтардың тиімді пайдалану мүмкіндігінде болды [14,15]. Осы мақсаттар үшін өсімдік қоректі балықтардың түрлерін ақ амур мен ақ дөңмаңдайды Қапшағай уылдырық шашу - шабақ өсіру шаруашылығында жасанды жолмен өсіріп, кейіннен балықтардың сеголеткаларын Қапшағай суқоймасына жіберді. Алайда, бұдан ешбір тиімділік байқалған жоқ. 1981 жылы суқоймаға жіберілетін шабақтардың тағдырын зерттеу бойынша жұмыстар жүргізілген. Зерттеу нәтижелері бойынша, жіберілетін шабақтардың дене массаларының кіші болуына байланысты, балықтар түгелдей дерлік жыртқыш балықтардың - көксерке мен ақмарқаның қорегіне айналғандығы анықталды. Осыған байланысты суқойманы екі жастағы балықтармен балықтандыруға ұсыныстар берілді [16]. Бұл өз кезегінде осы балықтардың санының өсуімен және өздігімен көбейетін тұқымдық табындарының қалыптасуына әкеліп соқтырды. Осыған байланысты, өсімдік жегіш балықтардың дернәсілдерін балық өсіру практикасына пайдалануға ұсыныстар жасалған [17].
Қапшағай суқоймасының гидробиоценозы бойынша жинақталған мәліметтер математикалық модельді жасауға мүмкіндік берді. Алғашқы талпыныстар саны бойынша ең көп балықтардың үш түріне - тыран, ақмарқа және көксеркеге жасалған. Нәтижесінде, суқоймадағы планктонның биомассасының өзгеруі аталған 3 түрлі балықтардың жалпы ихтиомассасына әсер ететіндігі анықталды, ал бентостың биомассасы - ақмарқаның биомассасына әсер еткен. Ақмарқа популяциясының орташа тұрақтылығы анықталды, бұл қазіргі алынған мәліметтерге сай келеді. Уылдырық пен балықтардың ерте шабақтарының табиғи шығынын зерттеудің маңыздылығы бірінші деңгейде тұратындығы дәлелденді [18].
Осыдан кейін, суқоймада бірнеше жылдар бойы балықтардың шабақтарының суқоймада таралуын зерттеу бойынша жұмыстар көп жүргізілді [19,20]. Балықтардың ерте шабақтарымен суқоймадағы табиғи қоректік базасының көлемі арасындағы байланыстың бар екендігі анықталды [21]. Суқойма экожүйелерінің негізгі параметрлерін жасаудың мақсатында, бұл зерттеулерді келешекте жалғастыру жоспарланып отыр.
Жаңадан түзілген балықтар популяциясының фенотипін зерттеу бойынша көп жұмыстар жасалынды. Ең алғашқы жылдарда - ақ, қапшағай ақмарқасы мен балқаш ақмарқасының арасында айырмашылықтардың болатындығы анықталған [22]. Бұл суқоймада ең алғаш ақмарқаның жартылай өткінші формаларының болуымен түсіндіріледі.
Көксеркенің суқоймаға бейімделуі классикалық сызба бойынша жүрді: ең алдымен жерсіндірулік жарылыс сатысынан өткен көксерке балықтарының саны көбейді және осымен байланысты белгілердің өзгергіштік диапазонының кеңеюі байқалды. Соңында көксерке популяциясының саны бір қалыпты болғаннан кейін, көксеркенің Қапшағайдағы популяциясының морфологиялық белгілері Жайық өз. көксеркенің фенотипіне жақындай бастаған [23].
Суқоймаға енген торта балығының өзгеруі байқалды: көп белгілер бойынша торта өзінің аналық табынының негізі болып табылатын солтүстік каспий қаракөз балығына емес арал тортасына жақынырақ болды [24]. Суқойманың алғашқы жылдарында, тыран популяциясындағы жастық құрылымының қалыптасуын зерттеу, ондағы өсу қарқыны бойынша түрішілік дифференцияцияның түзілуін анықтаған, бұл сонымен қатар, ҚаБШҒЗИ қызметкерлерінің зерттеулерімен де дәлелденіп жүр.
Қапшағай суқоймасына кәсіптік маңызы жоқ акклиматизанттардың - қытай кешенінің құнсыз балықтарының енуі - зерттеушілерді олардың экожүйедегі статусы мен систематикалық орнын анықтауға мәжбүр етті [25,26]. Элеотрис [27] пен медаканың [28] систематикалық орны анықталды. Экожүйедегі осы акклиматизанттардың алатын орны бойынша тұжырымдар жасалды. Ихтиологтар, сонымен қатар, Қапшағай суқоймасының Балқаш бассейнінің балық қорына әсерін зерттеу мәселесімен де айналысты. Бірқатар ғылыми жұмыстар [29, 30]. ГЭС бөгеті арқылы балық шабақтарының өтіп кету мәселелеріне арналған. Келтіретін зиянның шын мәніндегі шығын көлемі анықталды. Суқойма суын түсірудің суқойманың өзінде және Іле өзенінің төменгі ағыстарындағы балықтардың қорының көбеюіне теріс әсерін тигізетіндігі дәлелденген [8].
Суқойманың көпжылдық аспектіде жасалған балықтар популяциясының жағдайын талдау бойынша, суқоймадағы популяцияның тұрақтылық критериі бойынша тек тыранды және кебір жағдайда ақмарқаны және көксеркені айтуға болатындығы белгілі болды. Фондық түр - тыранның кәсіптік қорын модельдеуге байланысты жұмыстар жасалды. Суқойманың балық ресурстарын пайдаланудың стратегиялық мінеттері анықталды. Оның біріншісі - тыран балығының санын реттеу, себебі оның шоғырлану орындарында табиғи қоректік базаның қорының азаюы байқалған.

1.2 Қазақстан республикасының суқоймаларында жүргізілген жерсіндіру жұмыстарына қысқаша сипаттама

Балқаш бассейніде жүргізілген кең көлемдегі жерсіндіру жұмыстарының нәтижесінде аборигенді балық түрлерінің тіршілік ететін арелдарының қысқаруына алып келді, олар іс - -жүзінде Балқаш көлінде және Іле өзенінде саны қысқарды, кейбір түрлер сирек кездесетін болды [1,2]. Аборигенді балық түрлерінің көбісі таулы және тау етегіндегі кіші суларда, өзендерде ғана сақталған.
Қазіргі уақытта бөгде балықтар биоалуантүрішілікте қауіптілік мәні бойынща екінші қатарда, яғни биологиялық ресурстардың тұрақтылығына және табиғи аборигендердің экожүйесіне қатер туғызып отыр. Қазіргі уақытта Бақаш- Іле бассейнінің суқоймаларынан кәсіптік маңызы жоқ объектілердің тұрақты тіршілік ететін жеті түр анықталған, олар: амур шабағы, қытай бұзаубас балығы, өзен абботинасы, сүйірқұрсақ, медака, элеотрис, горчак. Осы балықтардың кейбір түрлерінің систематикасы, сипаттамасы және таралуы қазіргі кезге дейін пікір - талас тудырып жүр [3,4].
Ихтиофаунаның биологиялық алуантүрлілігін сақтау кіші су қоймалардың экожүйесінің функциональды күйін анықтауды, балықтардың организміне әртүрлі ластаушылар түрінің әсерін бағалауды, аборигенді ихтиофаунаның алуантүрлілігін ұзақ уақыт сақтау үшін қолайалы жағдайларды іздеуді талап етеді[4,5].
Қазақстан суқоймаларына ресми түрде жерсіндіру жұмыстарының басталуы 1929-1935 жылдар болып саналады. Бұл кезеңге алдыңғы жасалынған жұмыстар алғышарт ретінде болса, жерсіндіруге арнайы ғылыммен негізделген теориялық көңіл аударылды. Балықтарды тасымалдау әдістемесіне, тасымалдау техникасына, отырғызылатын материалдың жастық іріктелуі жөніндегі алуан түрлі ғылыми сұрақтар теориялық тұрғыдан пысықталды. Осы кезеңде бассейнге арал қаязы, пілмай, ақсаха, солтүстік каспий майшабағы жерсіндірілді. Айтылған екі түрдің - арал қаязы мен пілмайдың популяциясының түзілуі ұзаққа созылғанымен бассейнде үлкен жетістікпен натурализацияланды.
Балқаш - Іле бассейніне ең алғашқы жерсіндірілген объект болып сазан балығы саналады. Жерсіндірудің бұл үлгісі қазіргі күнге дейін толық анықталмаған және мамандардың айтуынша ешбір ғылыми негізсіз өздігінен енген сазан балығының Балқашқа жерсіндірілуі ең үздік үлгі ретінде танылады [5].
Жалпы, Балқаш көлінің ихтиофауна құрамының кедейлігі көптеген ихтиологтардың назарын өзіне аудартты. Көлдің балық түріне кедей екендігі жөнінде өткен ғасырда А.М. Никольский де айтып өткен [3]. Бұл жағдайдан кейін де, көлде тиімді жерсіндірудің бірнеше үлгілері орын алған, атап айтқанда, Балқашқа енген жайын балығы да өздігімен енген интродуцент болып табылады.
Ал ақсаха және майшабақтардың жерсіндірілуі оң нәтижелер берген жоқ, мамандардың айтуынша бұл балықтардың жерсіндірілген уақытысында, олар жергілікті балықтарға жем болып, көбеюіне ешбір жағдай болмауында делінген [2].
Жерсіндірудің бірінші кезеңінде (1927-1935 жж.) республиканың суқоймаларына 9 балық түрлерін акклиматизациялауға талпыныс жасалған. Соның ішіндегі екеуі жоспардан тыс жерсіндірілген түрлерге жатады (елец және жайын балықтары), ал қалған 6 түр жерсіндіріліп, әр түрлі деңгейде щаруашылық тиімділігін көрсетті, жерсіндірілген соңғы объектіге гамбузия балығы жатады. Қазақстан суқоймалары үшін бүл түр - жаңа түр болып саналады.
Осы жұмыстардан кейін жерсіндіру жұмыстары біраз уақытқа тоқтатылып қалды. Бұндай үзіліс алдыңғы, жасалған жұмыстарды түйіндеп, алынған нәтижелерді қортындылау үшін де керек болған сияқты. Ал екіншіден, Ұлы Отан соғысы жылдарына тұспа - тұс келгендіктен жерсіндіру жұмыстары бірден жалғаса қойған жоқ.
Екінші екпінмен, жерсіндіру жұмыстары 1948 жылдары қайта жалғастырылды. Бұл кезеңде (1948-1956 жж.) әр түрлі суқоймаларға 18 балық түрлері жерсіндірілген. Соның ішінде Арал бассейніне 13 түр жерсіндірілген. Аралға севрюганы, амудария құбылмалы бахтағы жерсіндірілді, ал жерсіндірілген қара теңіз кефалі, сингиль, остронос балық түрлерімен бірге жоспардан тыс, құнсыз балық түрлерінен атерина, ине - балығы, бұзаубас балығының алты түрі еніп кетті. Кефаль жерсінбегенімен аталған құнсыз балық түрлерінің барлығы үлкен жетістікпен натурализацияланып, суқоймаға сіңіп кетті.
Осы кезеңде Балқаш су бассейніне балықтың 3 түрі жерсіндірілді. Н.П. Серовтың (1975) мәліметі бойынша оңғақ балығы бұл жерде кездейсок жерсіндірілген балық болды. Себебі, 1948 ж. күз айында самолетпен Зайсаннан алынған оңғақ балықтарының 10 ұясы Мәскеуге жерсіндірілуді көздеген, алайда, ауа - райының қолайсыздығына байланысты самолеттің кешігуінің салдарынан балықтар Алматы тоған шаруашылығына мәжбүрлі түрде түсірілген. Соңынан балықтың бұл түрі 1949 ж. тез көбейіп, Іле өзеніне де енді. Алайда, Іле өзенінен кейін оңғақ кең таралған жоқ [5].
Күміс мөңке балығы да оңғақ балығы тәрізді жоспардан тыс жерсіндірілген объектіге жатады. 1946 жылы Алтай өлкесінен Қаратал өзеніне енгізілген, ал кейіннен 1950 жылдан Үштөбе ауылының суларында да кездесе бастады. Бұдан кейін күміс мөңке балығы Балқаш көліне енген. Ал Алматы тоған шаруашылығына мөңке балығы Қостанай облысының суқоймаларынан 1958 жылы әкелінген болатын. Қазіргі кезде бұл түр Балқаш бассейні суларында кең таралған, натурализацияланған түр болып саналады.
Балқаш көліне шығыс табан балығын жерсіндіру күз айында 1949 жылы Казахрыбвод басқармасымен ешбір ғылыми негізсіз ұйғарылған болатын. Арал теңізінде, сырдария өзенінің сағасында ауланған массасы 615-1050 г болатын 5-7 жастағы балықтарды тірі балық тасымалдайтын вагондармен тасымалдап, Іле өзенінен (402 данасын) және Шығыс Балқаштың Қарашаған шығанағына (196 данасын) жіберген. Бұл жерде келесі жылдан бастап - ақ, табанның уылдырық шашқандығы байқалды, ал 1952 жылдан табан балығының шабақтары үнемі Балқашқа құятын өзендердің сағаларында кездесіп отырды. (Кичагов, 1964). Сазан және талма балықтары тарапынан болған маңызды және айтарлықтай қоректік бәсекеске қарамастан табанның жерсіндірілуі өте тез аяқталды [6].
1949 жылы Шығыс табан балығы, сондай - ақ, Зайсан көліне де жерсіндірілген. Алғашқы табан балығының 386 данасы Сырдария өзенінен әкелініп, 1949 жылдың 2 қарашасында ҚазССР ҒА Зоология Институтының және ҚазССР Минрыбпромның бастамасымен көлге жіберілген. Отырғызылған материал толық тірі қалғанымен, балықтардың көлге уылдырық шашуы тіркелмеді, осыған байланысты 1955 жылы Гидрорыбпроект жоспарына сәйкес Зайсан көліне тағы да табан балығының 13 мың дана тұқымдық даралары Сырдария өзенінің төменгі ағысынан ауланып жіберілді. Балықтардың көктемгі уылдырық шашу кезеңі сол жылы байқалған. Алайда, табан балығы популяциясының Зайсан көліндегі түзілуі өте баяу қалыптасты. Көлде табан балығы тек 1960 жылдардың соңында ғана натурализацияланды [7].
Осы кезеңдегі сәтсіз аяқталған жерсіндіру жұмысына Волга өзеніне шоқыр балығын Шу өзеніне (1950 ж.) және Алакөл көлдер жүйесіне (1951 ж.) жерсіндіру жұмыстарын айтуға болады.
Сөйтіп, жерсіндіру жұмыстарының екінші кезеңінде Қазақстанға әр түрлі суқоймалардан 18 балық түрі жерсіндірілді. Оның тек жартысы, яғни 9 түрі жоспарлы түрде жерсіндірілсе, қалған 9 түрі жоспардан тыс өздігімен жерсіндірілген балық түрлері болды. 13 балық түрі натурализацияланды, соның ішінде 4 жоспарлы түр (салака Аралда, оңғақ Билікөлде, табан балығы Балқашта және жоғарғы Ертіс бассейнінде, сазан Нұра өзенінде) және 9 жоспардан тыс енген балық түрлері (Аралда 8 түр, Балқашта күміс мөңке балығы) осыған қосымша Балқашқа енген кездейсок оңғақ балығын айтуға болады. Ал 5 түр үшін жерсіндіру жұмыстары сәтсіз аяқталды, олар: Аралда шоқыр мен кефаль балықтары, сүйрік пен амудария құбалмалы бахтағы. Осы түрлердің ішінде Қазақстан суқоймалары үшін жерсіндірілген тек салака балығы жаңа түр болды.
Республикадағы жерсіндіру жұмыстарының үшінші кезеңі - 1950 жылдардың екінші жарсытысна басталды. Бұл кезең ақсаха балықтарын, көксерке және өсімдік қоректі балықтарды жерсіндірумен сипатталады. Осы кезеңде Қазақстанда балықтарды тасымалдау және жерсіндіру бойынша арнайы жерсіндіру стансасы - Қазақ өндірістік - акклиматизациялық стансасы (КазПАС) ұйымдастырылды. Осыған байланысты жерсіндірілетін балық түрлері және жерсіндіру суқоймаларының саны кенеттен өсті. Осы кезеңде жерсіндірудің жаңа бағыты - балықтардың қорегі болып саналатын азықтық омыртқасыздарды тасымалдап, жерсіндіру бағыты пайда болды. Бұл идеяның практикалық тұрғыдан бастаушысы Қазақстанда С.К. Тютеньков болды.
Осы кезеңде Солтүстік және Орталық Қазақстанның барлық көңіл аударуға тұралық көлдері мен суқоймаларына ақсаха балықтары толығымен енгізілді. Оның біразында ақсаха балықтарының тірі қалуы байқалып, ал кейбіреулерінде жыныс өнімдерінің жетіліп, уылдырық шашу фактілері анықталды.
Көксерке балығы Жайық және Сырдария өзендерінің сағаларынан ауланып, Балқаш және Талас, Ертіс және Алакөл бассейндеріне жерсіндірілді. Содан кейін республиканың солтүстігінің көптеген суқоймаларына еніп кетті. Көксеркемен бірге Балқашқа ақмарқа, жайын, таутан балықтары енді. Аталған кездейсоқ түрлер қазіргі уақытта бассейнде кеңінен таралып, натурализацияланған.
Алайда, жерсіндіру нәтижесінде ең көп кездейсоқ балық түрлері өсімдік қоректі балық түрлерін жерсіндіру барысында еніп кеткен. Атап айтқанда, ақ амур және ақ дөңмаңдай балықтарын жерсіндіру барысында Қытай суларынан Қазақстан және Орта Азия суқоймаларының ихтиофаунасына 14 кездейсок, жоспардан тыс балық түрлері еніп кеткен. Бұл балық түрлерін басқаша қытай ихтиофауна кешені, құнсыз балықтар кешені, бөгде балық түрлері, қажет емес интродуценттер деп те атайды.
Осы жоспардан тыс интродуценттерді негізгі таратушылары болып Сырдария бассейні үшін Ташкент маңына жақын орналасқан Аққорған балық питомнигі, Балқаш бассейні үшін Алматы тоған шаруашылығы және Шелек тоған шаруашылығы болып саналады. Осы жерде жыланбас балығының таралу жолдары әлі де белгісіз. Қазіргі кезде жыланбас балығы Талас және Шу өзендерінен басқа Балқаш бассейнінің кебір суларында, атап айтқанда Қапшағай суқоймасында, Балқаш көлінде, Қапшағай уылдырық шашу - шабақ өсіру шарашылығында, Шелек тоған шаруашылығында да кездеседі деген мәліметтер бар.
Жоспардан тыс жерсіндірілген балықтардың түрлері бойынша айтарлықтай толық, қанағаттанарлық мәліметтер өте аз. Себебі, жоспарланған объектілер бойынша барлық материалдар фактілі тіркелген, ал, жоспарсыз енген балықтар бойынша әдетте ешқандай мәліметтер тіркелмеген.
Жалпы, республикамыздың әр түрлі суқоймаларына барлығы 65 балық түрі жерсіндірілген. Олар 19 тұқымдасқа жатады (соның ішінде 13 бөлігі, немесе 22 түрі тұқы тұқымдасына жататын балық түрлері, 7 түрі - бұзаубастар тұқымдасына жататын балық түрлері, 6 түрі - ақсаха тұқымдасына жататын балықтар, 5 түрден - албырт және алабұғалар тұқымдасының түрлеріне жататын балықтар, 4 түрі - бекіре тұқымдасына жататын, 2 түрден - майшабақтар, кефальдар және элеотрлар тұқымдасына жатады.
Жерсіндірілген балық түрлерінің ішіндегі 32 түрі, яғни 50%-ы Қазақстан суқоймалары үшін жаңа түр болып табылды. Жаңа түрлерден Қазақстан суларына бейімделгені -7 түр болды, ал жерсіндірілуі әлі де белгісіз болған 6 түр, ақсахалардан 5 түрі жайылымда, 14 балық түрі (43,8%) толық натурализацияланды.

1.3 Қапшағай суқоймасында жасалған ғылыми зерттеулерге шолу

1970 жылы салынған Қапшағай суқоймасы Қазақстан ихтиологтарының, соның ішінде Қазақ Балық шаруашылығы Ғылыми зерттеу институты мен Қазақ мемлекеттік университетінің ихтиологтары үшін ғылыми зерттеу нысанасына айналды. Суқойманы зерттеу бірнеше ғылыми бағыттар бойынша жүргізіліп, нәтижесінде бұл зерттеулер жаңадан түзілген суқоймадағы ихтиоценоздар мен биоценоздарының қалыптасу процестерін тануға қажетті білімге маңызды үлес қосты.
Суқойманың тіршілік етуінің алғашқы жылдарынан бастап - ақ, оның табиғи қоректік базасын және кәсіптік балықтардың сапалық құрамын (сазан, тыран, көксерке, ақмарқа) жақсартуға қажетті бірнеше ғылыми әдістемелер мен нұсқаулықтар дайындалды [3]. Жинақталған тәжірибелер балықтардың көптеген түрлерінің популяцияларының болашақтағы жағдайын аса дәлдікпен болжауға мүмкіндік берді [4-5]. Тыран балығының кәсіптік қорын жедел қалыптастыруға берілген нұсқаулар арқылы осы балық түрі бойынша айрықша шаруашылық тиімділікке жетуге мүмкін болды [6].
Кәсіптік балық түрлерінің популяциялары бойынша қалыптасудың алғашқы сатысының заңдылық аспектілері зерттелінді [7]. Алайда, осымен қатар, енді түзіліп келе жатқан суқойма экожүйесіндегі процестердің күрделілігі барлық уақыттарда да дұрыс шешім қабылдауға кепілдік бермейтін. Бұл жерде қателіксіз де болған жоқ. Ихтиологтар кейбір балықтардың, соның ішінде шармай (маринка) балығының болашақ тағдырын алдын - ала болжай алған жоқ. [4,8]. Алайда, қалыптасудың алғашқы кезеңінде жасалған бұндай қателіктің өзі де аса маңызды болып табылады.
Суқойманы толтырғаннан кейін ихтиофаунаның көп жылдық даму динамикасы мен бағалы балық түрлерін енгізудің нәтижелерін талдау кезеңіне уақыт жетті. Талдау нәтижелері ретінде кешенді суды пайдалану жағдайларындағы суқойманың биоресурстарын қарқынды пайдалану бойынша практикалық нұсқаулар жазылды, бірқатар нұсқаулар жүзеге асырылған [9]. Суқойманың ихтиофаунасын одан әрі қалыптастырудың үш жолы көрсетілді, суқойма жағдайларына біршама жақсы бейімделген, саны шектеулі балық түрлерін кәсіптік аулауға ұсыныстар жасалынды [10].
Суқойма ихтиофаунасының қалыптасу процесі талданды оның негізгі сатылары айқындалды, кәсіптік маңызы бар негізгі балықтардың биологиялық сипаттамалары бойынша көпжылдық динамикасының сипаттамасы берілді [13, 14]. Сонымен қатар, суқоймадағы ихтиофаунаның қалыптасу процесі әлі жалғасып, бітпегендігі мәлім болды.
Суқойма жағдайында ең алғаш әр түрлі балық түрлерінің маусымдық ихтиомасса қосуының динамикасы бақыланды, осыған орай, кәсіптік балық түрлерін маусымдық аулау көлемін реттеу мүмкінді пайда болды.
Қазақстан үшін ең алғаш рет тыран, ақмарқа және көксеркенің морфофизиологиялық индикаторлары кең көлемд, тоық зерттелінді [13]. Алынған көрсеткіштердің балықтың өсу жылдамдығы мен көбею жағдайларымен байланыстыға анықталған, өз кезегінде осындай зерттеулер популяция жағдайын талдауға қолдануға мүмкіндік берді. Сазан балығының қалыптасу процесі талданып, оның морфологиясының әртүрлі сапалығы анықталды [14,15].
Көбею жағдайларының нашарлығына байланысты, сазанның болашақта санын арттыру мүмкіндігінің жоқ екенді бойынша жасалған болжам толығымен орындалды. Суқойманың 12 жылдық тіршілік етуінен кейін тыранның қоры толық көлеммен пайдаланбағаны анықталды, осыдан кейін тыранның кәсіптік аулану көлемін арттыруға ұсыныстар жасалды. Өсімдіктектес балықтардың - ақ амур мен ақ дөңмаңдайдың қорының қалыптасу процестеріне ерекше көңіл аударылды. Бұл балықтардың суқоймаға жерсіндірілуінің мақсаты - ондағы бар балықтардың игермеген қорек ресурстарын өсімдік қоректі балықтардың тиімді пайдалану мүмкіндігінде болды [16,17]. Осы мақсаттар үшін өсімдік қоректі балықтардың түрлерін ақ амур мен ақ дөңмаңдайды Қапшағай уылдырық шашу - шабақ өсіру шаруашылығында жасанды жолмен өсіріп, кейіннен балықтардың сеголеткаларын Қапшағай суқоймасына жіберді. Алайда, бұдан ешбір тиімділік байқалған жоқ. 1981 жылы суқоймаға жіберілетін шабақтардың тағдырын зерттеу бойынша жұмыстар жүргізілген. Зерттеу нәтижелері бойынша, жіберілетін шабақтардың дене массаларының кіші болуына байланысты, балықтар түгелдей дерлік жыртқыш балықтардың - көксерке мен ақмарқаның қорегіне айналғандығы анықталды. Осыған байланысты суқойманы екі жастағы балықтармен балықтандыруға ұсыныстар берілді [18]. Бұл өз кезегінде осы балықтардың санының өсуімен және өздігімен көбейетін тұқымдық табындарының қалыптасуына әкеліп соқтырды. Осыған байланысты, өсімдік жегіш балықтардың дернәсілдерін балық өсіру практикасына пайдалануға ұсыныстар жасалған [19].
Қапшағай суқоймасының гидробиоценозы бойынша жинақталған мәліметтер математикалық модельді жасауға мүмкіндік берді. Алғашқы талпыныстар саны бойынша ең көп балықтардың үш түріне - тыран, ақмарқа және көксеркеге жасалған. Нәтижесінде, суқоймадағы планктонның биомассасының өзгеруі аталған 3 түрлі балықтардың жалпы ихтиомассасына әсер ететіндігі анықталды, ал бентостың биомассасы - ақмарқаның биомассасына әсер еткен. Ақмарқа популяциясының орташа тұрақтылығы анықталды, бұл қазіргі алынған мәліметтерге сай келеді. Уылдырық пен балықтардың ерте шабақтарының табиғи шығынын зерттеудің маңыздылығы бірінші деңгейде тұратындығы дәлелденді [20].
Осыдан кейін, суқоймада бірнеше жылдар бойы балықтардың шабақтарының суқоймада таралуын зерттеу бойынша жұмыстар көп жүргізілді [21, 22]. Балықтардың ерте шабақтарымен суқоймадағы табиғи қоректік базасының көлемі арасындағы байланыстың бар екендігі анықталды [23]. Суқойма экожүйелерінің негізгі параметрлерін жасаудың мақсатында, бұл зерттеулерді келешекте жалғастыру жоспарланып отыр.
Жаңадан түзілген балықтар популяциясының фенотипін зерттеу бойынша көп жұмыстар жасалынды. Ең алғашқы жылдарда - ақ, қапшағай ақмарқасы мен балқаш ақмарқасының арасында айырмашылықтардың болатындығы анықталған [24]. Бұл суқоймада ең алғаш ақмарқаның жартылай өткінші формаларының болуымен түсіндіріледі.
Көксеркенің суқоймаға бейімделуі классикалық сызба бойынша жүрді: ең алдымен жерсіндірулік жарылыс сатысынан өткен көксерке балықтарының саны көбейді және осымен байланысты белгілердің өзгергіштік диапазонының кеңеюі байқалды. Соңында көксерке популяциясының саны бір қалыпты болғаннан кейін, көксеркенің Қапшағайдағы популяциясының морфологиялық белгілері Жайық өз. көксеркенің фенотипіне жақындай бастаған [25].
Суқоймаға енген торта балығының өзгеруі байқалды: көп белгілер бойынша торта өзінің аналық табынының негізі болып табылатын солтүстік каспий қаракөз балығына емес арал тортасына жақынырақ болды [26]. Суқойманың алғашқы жылдарында, тыран популяциясындағы жастық құрылымының қалыптасуын зерттеу, ондағы өсу қарқыны бойынша түрішілік дифференцияцияның түзілуін анықтаған, бұл сонымен қатар, ҚазБШҒЗИ қызметкерлерінің зерттеулерімен де дәлелденіп жүр.
Қапшағай суқоймасына кәсіптік маңызы жоқ акклиматизанттардың - қытай кешенінің құнсыз балықтарының енуі - зерттеушілерді олардың экожүйедегі статусы мен систематикалық орнын анықтауға мәжбүр етті [25,26]. Элеотрис [27] пен медаканың [28] систематикалық орны анықталды. Экожүйедегі осы акклиматизанттардың алатын орны бойынша тұжырымдар жасалды. Ихтиологтар, сонымен қатар, Қапшағай суқоймасының Балқаш бассейнінің балық қорына әсерін зерттеу мәселесімен де айналысты. Бірқатар ғылыми жұмыстар [29, 30]. ГЭС бөгеті арқылы балық шабақтарының өтіп кету мәселелеріне арналған. Келтіретін зиянның шын мәніндегі шығын көлемі анықталды. Суқойма суын түсірудің суқойманың өзінде және Іле өзенінің төменгі ағыстарындағы балықтардың қорының көбеюіне теріс әсерін тигізетіндігі дәлелденген [10].
Суқойманың көпжылдық аспектіде жасалған балықтар популяциясының жағдайын талдау бойынша, суқоймадағы популяцияның тұрақтылық критериі бойынша тек тыранды және кебір жағдайда ақмарқаны және көксеркені айтуға болатындығы белгілі болды. Фондық түр - тыранның кәсіптік қорын модельдеуге байланысты жұмыстар жасалды. Суқойманың балық ресурстарын пайдаланудың стратегиялық мінеттері анықталды. Оның біріншісі - тыран балығының санын реттеу, себебі оның шоғырлану орындарында табиғи қоректік базаның қорының азаюы байқалған.

1.4 Қапшағай суқоймасына және Іле өзені бассейнінде өздігімен енген кейбір балықтардың систематикасы және биологиялық сипаттамасы

1.4.1 Амур шабағының Pseudorasbora parva биологиясы, систематикалық орны

Таралуы. Амур шабағы жайлы алғашқы әдебиеті 1842 жылы пайда болған. Осы түрін Шлегель ( Schlegel ) Жапонияның фаунасы атты кітабында Jeuciscus parvus деп сипатталынған. 1887 жылы Герценштейн және Варпаховский амур шабағын Pseudorasbora parva деп аталған. Осы атауы қазіргі күндеріне дейін сақталған.
1945-1949 жылдары В.А.Мухачев Амур ихтиологиялық экспедиция уақытында амур шабағын толық зерттеген. Оның Амур шабағының Pseudorasbora parva биологиясына атты жұмысында, осы түрге толық морфологиялық анализ жасалынып, оның биологиясының негізгі жақтарына сипаттама берілген болатын.
Таралуы: Псевдорасбора Қытайдың суларында, сонымен Тайвань, Корея, Жапония (Хондо және Киу-Су) аралдарында, сонымен Амур бассейінің барлық суларында кездеседі. Інгүз өзеніндегі Шиіт аймағында, Балқын көлінде, Аргуни бассейіндегі - Бұйыр-Нұр көлінде бар болатынын анықталынған 8. Pseudorasbora Parva - амур шабағы Еуропаның көптеген бөілмдерінің суқоймаларында, КСРО - ның еуропалық бөлігінде, Орта Азия елдерінде өздігімен таралып, кездейсок жерсіндірілген [9,10,11]. Қазақстан суқоймаларында ең алғашқы рет 1958 ж. Сунгари өзенінен ақ дөңмаңдай және ақ амур балықтарын Алматы тоған шаруашылығына жерсіндіру нәтижесінде пайда болды [12,13]. 60 жылдардың бірінші жартысында амур шабағы Балқаш бассейнінде кеңінен таралып, әсіресе Іле өзенінің жүйесінде көп кездесті [14-18]. Сырдария бассейнінде және Қазақстанның шектелген аймағында бұл түр 1966-1967 жж. алғаш ауланды [19].
Жалпы амур шабағының жерсіндіру жұмыстары жүргізілген көптеген суқоймаларда тіршілік етуі әбден мүмкін. 1990 жылдың шілде айында ихтиолог Г.М. Дукравецтің хабарламасында амур шабағы Новотроицктан Фурмановка дейінгі Шу өзенінен де табылған [20].
Амур шабағының сипаттамасы және систематикасы. Бұл балық түрінің алғашқы түр - түсі бойынша сипаттаманы Берг, 1949 ж., Никольский, 1956 ж., және отандық бірқатар ихтиологтардың жасаған мәліметтерін айта кетуге болады. Сонымен, амур шабағында арқа қанаты D III 7-7,5; A II-III 5,5-6,5, әдетте III 6,5, бүйір сызығының формуласы 32 5-63-5 38, құйрық сағасындағы қабыршақтарының саны 8-13: омыртқаларының саны 29-33, олардың ішінде дене омыртқталары 14-17 және құйрық омыртқалары 14-17, жұтқыншақ тістерінің формуласы 5-5. Желбезек өскіндері тек ұрық кейпінде қалып койған.
Амур шабағының денесі едәуір созылыңқы, аузы үстіңгі ауыз, өте кішкентай. Төменгі жақ сүйегі жоғары қарай тартылған, оның шеттері үшкірленіп келеді. Мұртшалары жоқ, Желбезек қақпақтары вертикаль бойынша қақпақ сүйегнің ортасына бекітілген.
Сипатталуы: DIII 7- 7,5; A II - III 5,5-6,5 жиі III 6,5; бүйір сыз ығының формуласы 325-63-538 , құйрық қанатындағы қабыршақтарының саны 8-13, омыртқалары 29-33, оның ішінде денедегі 14-17 және құйрықтағы 14-17, жұтқыншақ тістерінің формуласы 5-5. Желбезек тікенектері бастама ретінде болады. Денесі шамалы ұзарған. Аузы жоғарғы, өте кішкентай болады. Аузының астыңғы жағы жоғары қарай иілініп, ұштары үшкір болып келеді. Мұртшалары жоқ. Қабыршақтары шамалы ірі болып келеді. Бүйір сызығы тік болып, денесінде көлденең бойлай өтеді. Жас дараларында көлденең бойлай қара жолағы болады. Ересек дараларынд ол жолағы жоғалады да, қабыршақтарында жартыайлық дақтары артқы жағында орналасады.
Жас дараларының денесінің түсі сары-сұр болып, ал ересектерінде қаралау болып келеді. Арқасы құрсақ жағынан қаралау болады. Жүзбе қанаттарының түсі жалпы денесінің түсіне сай болып келеді. Жынысқа жетілген аталықтарының өрістеу алдында басының бүйір жағында үшкір мүйізді төмпешіктері пайда болады. Хромосомаларының диплоидты жиынтығы 2n50 (NF100); 14 метацентрикалық, 36 субмета - және субтелоцентрикалық жиынтығынан тұрады.
Қапшағай суқоймасындағы амур шабағына жасалған морфологиялық анализ нәтижесінде, көптеген өлшемдерінің орташа белгілері аналық формасынан айқын ерекшелінеді (1-кесте). Амур шабағына қарағанда Қапшағайдағы амур шабағының денесі биіктеу, антедорсальды қашықтығы ұзындау, басы және оның бөлімдері, жұп және аналь жүзбеқанатары үлкен, ал құйрық сабағықысқа болады. Сандық көрсеткіштерінде өзгерістер байқалынған: шектеулі мәні төмендеген [21]. Амур және Амударияның популяциясын салыстырып, көптеген белгілерінің орташа мәндерінің жоғарылауын Амударияның минерализациялауымен байланыстырған.

Кесте 1 - Pseudorasbora parva морфологиялық белгілері

Белгілері
Қапшағай суқоймасы [21]

Мин-макс
M+-m
1
2
3
Қабыршақ саны
32-38
35,55+- 0,14
Астыңғы ll
5-6
5,61+- 0,05
Үстіңгі ll
3-5
3.98+- 0.02
D
-
III7,5
A
II-III 5,5-6,5

Денедегі омыртқасаны
14-17
15,39+-0,07
Құйрықтағы омыртқа саны
14-17
15,85+-0,06
Жалпы саны
29-33
31,20+-0,10
H
19,6-30,3
25,50+-0,17
H
9,6-15,9
12,31+-0,11
aD
46,0-55,7
50,75+-0,24
pD
34,6-45,0
40,06+-0,20
Құйрық қалақшасының l
19,3-26,2
23,24+-0,15
P-V
18,7-27,5
23,84+-0,20
V-A
17,9-25,0
21,36+-0,14
Басының ұзындығы
20,0-29,3
23,92+-0,20
Тұмсығының ұзындығы
5,2-9,7
7,68+- 0,10
Көзінің диаметрі
4,7-9,6
6,30+- 0,13
Көзінің артқы бөлімі
8,8-13,5
10,84+-0,12
Басының биіктігі
14,3-19,7
17,01+-0,15
Маңдайының ені
7,0-11,5
9,52+- 0,07
lD
10,4-14,4
12,39+-0,09
HD
17,5-25,0
21,25+-0,16
lA
7,1-10,0
8,47+- 0,07
HA
11,2-16,3
13,85+-0,10
lP
14,5-20,3
17,67+-0,13
lV
14,8-20,4
17,74+-0,11

Кесте 2 - Pseudorasbora parva басқа суқоймалардан алынған дараларына морфологиялық талдау нәтижелері [22].
Белгілері
Амур өзені ﴾Никольский, 1956﴿

От-до
Болонь, М
Алабұға, М

аналық
аталық
аналық
Аталық
1
2
3
4
5
6
Қабыршақ саны
30-38
35,5
37,4
35,5
37,4

1 кестенің жалғасы
1
2
3
4
5
6
Астыңғы ll
-
-
-
-
-
Үстіңгі ll
-
-
-
-
-
D
III7
-
-
-
-
A

Денедегі омыртқа
саны
-
-
-
-
-
Құйрықтағы омыртқа саны
-
-
-
-
-
Жалпы саны
-
-
-
-
-
H
18-28
23,5
22,7
22,4
22,1
H
8-14
10,4
11,3
10,4
10,9
aD
18-28
49,2
48,5
49,0
47,7
pD
-
-
-
-
-
Құйрық қалақшасының l
19-28
23,5
2444
24,2
24,9
P-V
19-29
24,9
23,6
24,3
22,9
V-A
-
-
-
-
-
Басының ұзындығы
20-28
23,3
23,0
24,3
23,6
Тұмсығының ұзындығы
5,5-10
7,8
7,8
7,7
7,7
Көзінің диаметрі
4-8,5
6,0
5,5
6,0
6,1
Көзінің артқы бөлімі
7,5-12,5
9,7
9,7
10,3
10,6
Басының биіктігі
-
-
-
-
-
Маңдайының ені
7,5-11,5
9,1
9,5
9,6
9,9
lD
8-15
11,6
12,0
12,2
12,9
HD
17-26
20,5
21,2
21,3
21,5
lA
5-12
7,7
7,7
8,0
8,0
HA
10-17
13,2
13,9
13,1
13,8
lP
13-21
16,2
16,4
16,5
16,8
lV
13-21
16,7
17,3
17,2
17,8
Мұндағы:М - орташа мәні; m - орташа ауытқуы; D - арқа қанаты; А - аналь қанаты; Р - кеуде қанаты; V - құрсақ қанат; ll - қабыршақ саны; H -денесінің үлкен биіктігі; h - денесінің кіші биіктігі; aD - антедорсальды арақашықтығы; pD - постдорсальды арақашықтығы.

Қапшағай суқоймасындағы әртүрлі жастағы балықтарына анализ жасалған нәтижелері 2 кестеде көрсетілген. Балықтарының жасы, жынысы, ұрпағы бойынша меристикалық белгілерінде өзгерістер байқалынбаған. Тек қана денедегі омыртқаларының саны бойынша айырмашылығы бар. Ең азы Ыстық өзенінің саңылауындағы амур шабағында болады ﴾суқойманы сумен толтыру алдындағы жиналған мәліметтер﴿. Сонымен қатар, пластикалық белгілері бойынша әртүрлі топтарының айырмашылықтары үлкен болады. Денесінің ұзындығы, денесінің биіктік, вентроанальды арақашықтық, жұп және тақ қанаттарының ұзындықтары, тұмсығының ұзындығы сияқты көрсеткіштерінің өзгеруі арқылы жастық өзгергіштігінде өзгерістері бар екендігін дәлелдейді. Басының биіктігі және тақ жүзбеқанаттары, көзінің артқы бөлімі, көзінің диаметрі, басының ұзындық балықтың өсуіне байланысты шамалы азаяды. Салыстыратын топтарының арасындағы айырмашылығы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым айырмашылық белгілері көп болатынын жастық-өлшемдік өзгергіштігі дәлелдейді. Бірақ жасына байланысты белгілерінің жеке өзгергіштігі төмендейді [14]. Жастық өзгергіштігі аналық популяциядағыдай болып, тек қана белгілерінің көп болуымен ерекшелінеді. Сонымен қатар, амур шабағында генерациондық және экологиялық өзгергіштігі байқалынған.
Амур шабағының аталықтары аналықтарынан үлкен мөлшерімен, жүзбеқанаттарының ұзындығының, денедегі ең үлкен биіктігінің үлкендігімен және бүйір сызығындағы қабыршақ санының көп болуымен ерекшелінеді ﴾орташа шамамен 37,4 және 35,5﴿. Амур шабағында бүйір сызығындағы қабыршақтарының санына байланысты жыныстық диморфизмнің бар болуын күмән етеді. Амудариялық популяцияда аталықтары аналықтарынан және салыстырмалы белгілері бойынша ерекшелінеді(кесте 2).
Осылайша, амур шабағының морфологиялық белгілері жастық-өлшемдік, экологиялық, жыныстық және генерациялық өзгергіштіктері тән.
Амур шабағының биологиясы және таралуы.Көбінесе терең емес, ағынсыз суларында мекендейді. Қысқы уақытында шамалы қозғалыссыз тіршілік етеді [20, 22]. Амур шабағы 1 жасында жынысқа жетіледі. Жеке особьтарында ауытқулары байқалынады. 1974 жылы Қапшағай суқоймасынан алынған 1 жастағы амур шабақтарының 17 данасынан біреуінде жыныстық өнімдері ювениальды, ал үшеуінде жыныстық дамуының II кезенінде болған еді [22, 23]. Балқаш-Іле бассейінінің суқоймаларында алғашқы өрістейтін балықтарының мөлшері 2,5-5,5 см [23, 24]. Уылдырықтарын шашу порционды болып, сәуір-мамыр айларында 16-18°C температурасында басталып, шілде - тамыз, кейде қыркүйек айына дейінгі уақытында өтеді [20,23].
Уылдырық шашу кезенінде амур шабағының жеке аналықтары уылдырығын 6-12 порциясын салады. Нәтижесінде уылдырық шашу кезенінде ерте пайда болған шабақтарының вегетационды кезеңі 2-3 айына артық өтеді. Әр түрлі генерациядағы шабақтарының даму кезеңдері әр түрлі жылдамдықпен өтеді: I кезенінде 19-35 күн, II кезенінде 80-120 күннің аралығында өтеді. Кеш генерациялық балықтарында (жылы мезгілінде пайда болған балықтар) жыныстық жетілуінің I-II кезеңі тез өтеді. Нәтижесінде әртүрлі өлшемді шабақтарының гонадалары салыстырмалы түрінде теңеседі де, жыныстық жетілуінің III кезеніне қыркүйек айының соңында, не қараша айының басында бірмезгілде өтеді [23,25].
Балқаш-Іле бассейніндегі амур шабағының өнімділігі 486-2814 уылдырық, Балқаш және Іле дельтасындағы 1337 [23], Қапшағай суқоймасында 1994 [21] және 1365 уылдырық [23]. Уылдырығының формасы ұзарған, бірінші порциядағы уылдырықтарының ұзындығы орташа шамамен 1,28 мм, ені 0,92 мм; екінші порцияның - 0,94 және 0,66 мм [23]. Украина суқоймаларында амур шабағының өнімділігі Қапшағай суқоймасындағы амур шабағының өнімділігімен бірдей болады. Амудариядағы популяцияның өнімділігі 3000-30000 уылдырық; диаметрі 1,7-2,0 мм [26]. Псевдорасбораның абсолютті жеке өнімділігі эксперементальды түрінде Алматы тоған шаруашылығында есептелінген. Алғашқы уылдырық шашатын аналығының жазғы генерациясында уылдырық саны 1303-2316, орташа шамамен 1847 (балықтың орташа ұзындығы 37,7 мм ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қапшағай суқоймасындағы кейбір бөгде балықтардың таралуы
Қапшағай су қоймасында мекендейтін тыран балығының биологиялық сипаттамасы және кәсіпшілік маңызы
Өзен абботинасы
Қапшағай суқоймасының қоректік қоры
Ақ амурдың (Ctenopharyngodon idella) морфобиологиялық сипаттамасы
КӨЛ ТАУАРЛЫ БАЛЫҚ ӨСІРУ КӨЛДЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ
Іле өзені мен Қапшағай суқоймасында кәсіптік балық шабақтарының таралуы
Шардара суқоймасындағы сазан (Сyprinus carpio aralensis) балығының морфологиясы
Қапшағай қаласының экологиялық жағдайы
Қапшағай суқоймасының ихтиофаунасы
Пәндер