Əлеуметтік гендерлік зерттеулер


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі . Қазіргі таңда тілдің әлеуметтік жіктелуі мен қоғамның жыныстық жіктелуінің өзара байланысын, әйел мен ер адамның тілдік бірліктерді қолдану айырмасын т. б. зерттейтін әлеуметтік лингвистиканың рөлі ерекше. Осы мәселелерге бағытталған лингвистикалық еңбектердің арасында гендерлік зерттеулерге айтарлықтай мән берілуде. Гендрлік зерттеудің басты ерекшелігі - қоғамдағы ерлер мен әйелдердің қарым-қатынасындағы мәдени және әлеуметтік факторларды, ерекшеліктерді анықтау, белгілі бір жынысқа жататын индивидтердің өздеріне тән мінез - құлықтары, олардың қасиеттерінің стереотиптік сипаттарын ашу. Демек, гендер - тек әйел мен еркекке қатысты жалаң ұғым ғана емес, олардың арасындағы қарым қатынасқа, сол қатынастардың әлеуметтік жағынан қалай құрылғанына байланысты ұғым. Ал гендерлік рольдер -жеке тұлғалардың белгілі бір жынысқа жатуына байланысты қызмет, мәртебе, құқықтары мен міндеттері жағынан ажыратылуы. Осымен байланысты адам айналадағылардың мінез құлқынан аталған рөлде атқаруға міндетті немесе атқармауы тиіс сәйкестіктердің арақатынасы сөз болады.

Жұмысымыздың зерттеу нысанына айналып отырған әйгілі ағылшын жазушысы Роальд Дальдің әңгімелеріндегі гендерлік ерекшеліктерді анықтау, ер және әйел тәжірибесінің символы болып табылатын әлеуметтік ақиқаттың субмәтіндерін анықтау және сол арқылы әйелдер мен ерлер арасындағы жыныстық және мәдени айырмашылықтарды, факторларды гендерлік аспектіде дәйектеу дипломдық жұмыстың өзектілігін айғақтайды.

Диплом жұмысының мақсаты : ағылшын жазушысы Роальд Даль әңгімелерінің негізінде гендерлік мәселелер ерекшеліктерін қарастыру.

Аталмыш мақсатты негізге ала отырып, төмендегідей міндеттерді анықтадық:

- гендерлік зерттеулерге шолу жасау және негізгі тұжырымдарын анықтау;

- гендерлік зерттеулер тұжырымдарының көркем мәтіндегі сипатын анықтау;

- қазіргі гендерлік зерттеулердің теориялық анализі негізінде көркем шығарманы интерпретациялаудың гендерлік аспектісінің басты ұғымдары мен тұжырымдарын анықтау және қарастыру;

- гендерлік мәселелердің ерекшеліктерін анықтай отырып, Р. Дальдің шығармаларына мәтіндік сараптама жасау;

- жазушы шығармаларында бейнеленген лингвомәдени парадигмадағы айырмашылықтарды анықтау мақсатында зерттеу нәтижелерін салғастыру.

Диплом жұмысының нысаны . Р. Дальдің көркем шығармалары және ондағы гендерлік проблематика.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

- гендер - тек әйел мен еркекке қатысты жалаң ұғым ғана емес, олардың арасындағы қарым-қатынасқа, сол қатынастардың әлеуметтік жағынан қалай құрылғанына байланысты ұғым;

- гендер әлеуметтік белгілерде; еркектік және әйелдікке қатысты мәдени стереотиптерде; тілдік қарым-қатынаста көрінетін әлеуметтік-мәдени құрылым болып табылады;

- гендерлік лингвистикада тіл тек ақпарат беріп қана қоймайды, образдар арқылы əлемнің тілдік бейнесін сипаттайтын танымдық қыры тұрғысынан танылады.

Диплом жұмысының негізгі әдіс-тәсілдері. Көркем мәтінге теориялық талдау жасау әдістері, концептуалдық талдау, нәтижелерді салыстырмалы талдау.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы:

- гендерлік ұстаным тұрғысынан көркем шығармаға сараптама жасалды;

- көркем мәтіндегі ер және әйел бейнелерінің гендерлік тұрғыдағы психологиялық ерекшеліктері анықталды;

- көркем мәтіндегі ер және әйелдің гендерлік әлем бейнелеріне лингвокогнитивтік талдаулар жасалды;

- ағылшын әдебиетіндегі көркем шығармалардағы ер және әйел бейнелеріне, оның тілдік ерекшеліктеріне интерпретациялар жасауда нақты айырмашылықтар анықталды.

Диплом жұмысының теориялық және практикалық маңыздылығы.

Материалдар ағылшын әдебиетін терең зерделеуде, әсіресе Роальд Даль шығармашылығын қарастыру барысында, сонымен қатар гендерлік мәселелерді зерттеу бойынша практикалық жұмыстарды орындауда қолданыла алады.

Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Гендерлік зерттеулер: лингвистикалық аспект

1. 1 Тіл біліміндегі гендерлік проблематика тарихы

Тіл біліміндегі гендерлік лингвистика өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап дамып, өркендеп келе жатқан тың сала. Бұл бағыт әлеуметтік лингвистика (тіл мен қоғам арақатынасын зерттейтін сала), психолингвистика (индивидтің тұлғалық мінез-құлқы мен ұғымды қабылдау, оны санада өңдеу қасиеттерінің тілде көрініс табуы), лингвомәдениеттану (тіл мен мәдениеттің өзара қатынасы негізінде ұлт мәдениетінің тілде сақталуы, тілде көрініс табуы, сол тіл арқылы ұлтты, оның мәдениетін таныта білу ерекшеліктер), этнолингвистика (тілдегі ұлттық бірліктердің мазмұны мен мәнін ұлттың тарихынан, халықтың рухани мәдениетінен, халықтың менталитетінен, халықтың шығармашылығынан іздеу) сияқты салалармен тоғысады.

60-жылдардың басында және 70-жылдардың аяғындағы белең алған әйелдер қозғалысының қуатты толқыны гендерлік зерттеулердің дамуына түрткі болды және «гендер» категориясының негізгі және іргелі ұғымдарының бастау көзі болды.

Бастапқыда бұл термин тарихта, тарихнамада, социологияда және психологияда, содан соң тіл білімінде пайда болды.

Ғалымдар адамдар екі типті жыныс: биологиялық жыныс (жыныс) және әлеуметтік-мәдени жыныс (гендер) болатынын анықтады.

Биологиялық жыныс - бұл ер адам ағзасын әйел адам ағзасынан ерекшелейтін анатомиялық, физиологиялық, биохимиялық және генетикалық сипаттамалар жиынтығы және олар еркекті әйелден ажырататын белгілер болып табылады.

Американдық психоаналитик Р. Столлер 1968 жылы физиологиялық қасиеттермен анықталатын жыныс ұғымынан айырмашылығын айқындау үшін алғашқы болып қолданған гендер категориясы бүгінде гуманитарлық зерттеулерде үлкен қолданысқа ие.

Гендерлік зерттеулер (gender studies) ұғымы 1980-ші жылдары Батыс Еуропа және Солтүстік Америка университеттерінде арнайы факультеттер мен кафедралар ашылғаннан кейін кеңінен тарала бастады. Феминистік зерттеулерге қарағанда, гендерлік зерттеулер жыныстар арасындағы айырмашылықты іздемейді, керісінше, теңдікті негіздеуге бағытталған [1, 35 б] .

Гендер - әлеуметтік-мәдени құрастырылым, еркектер мен әйелдердің биологиялық қасиеттерін ғана емес, оларға қоғамдық-мәдени нәтижесінде қалыптасқан ұстанымдар негізінде жүктелетін рөлдер мен жауапкершіліктер. 1949 жылы Симона де Бовуардың жарыққа шыққан «Екінші жыныс» («Второй пол») атты еңбегінде еркектік пен әйелдіктің түсінігі мәдени, философиялық нормалармен анықталатынын және ежелден еркектердің мәдениеті жағымды, әйелдердікі жағымсыз болып табылатынын көрсеткен[2, 86 б. ] .

Әлеуметтанушы Н. Смелзер гендер ұғымын былай деп түсіндіреді: «Гендер белгілі бір әлеуметтік рөлдерді атқару кезінде жыныстар арасында болатын айырмашылықтарды, өз кезегінде, кез келген жынысқа меншіліктілігіне тәуелді физикалық және психологиялық даму ерекшеліктеріне сәйкес сипаттайды» [3, 30 б. ] .

Ал «гендер» ұғымына келер болсақ, ғылымда гендер табиғатына деген біртекті көзқарас жоқ. С. И. Ожеговтің түсіндірме сөздігінде род категориясының сөздің грамматикалық санаты мағынасынан (мужской, женский, средний род) басқа әрекет бағыты және тұқымдық қатарының белгіленуі (жануарлар тақырыбы бойынша - бірнеше түрдің бірігуі) болады делінген [4, 56 б. ] .

Т. Де Лорети «гендер» категориясының мағынасы бойынша түрлі елдердің сөздіктеріне шолу жасаған. «Ағылшын тілінің мұрагерлігінің Американдық сөздігінде» (American Hieritage Dictionary of English Language) «гендер» сөзі алдымен классификациялық термин ретінде анықталған, соның ішінде морфологиялық сипаттама жасалған («грамматикалық род») [4, 58 б. ] .

Осы сөздіктегі gender сөзінің басқаша дәйектелуі - «жыныс классификациясы; жыныс».

Романдық тілдерде грамматика мен жыныс арасында ешқандай жақындық көрсетілмеген. Испандық genero, итальяндық genere және француздық genre адам жынысының немесе тегінің аталуымен ешбір байланысы жоқ. Бұлардың орнына басқа сөз - sex (жыныс) қолданылады. Демек, француз тілінен алынған genre, көркем және әдеби шығармалардың классификациясы ретінде қолданымға түскен болу керек (жанр) . Род категориясы жоқ ағылшын тілі gender сөзін жынысқа сілтеме жасау үшін қолданады.

«Ағылшын тілінің мұрагерлігінің Американдық сөздігінде» (American Hieritage Dictionary of English Language) gender сөзіне «ұсыным» деген мағына келтірілген. «Гендер» сөзі қандай да бір класқа, топқа, категорияға қатыстылығын білдіреді. Басқаша айтқанда, гендер объектілер арасындағы қатынасты құрайды және бұл қандай да бір топқа жатқызылатындықты білдіреді.

Сонымен, гендер - биологиялық емес жыныстың әлеуметтік қатынасы емес, әлеуметтік қатынастағы жеке дараның ұсыным дегенді анықтайды.

Лорети сөзімен айтар болсақ, жыныс жүйесі -гендер (гендерлік жүйе) бір уақытта әлеуметтік-мәдени құрылым және қоғамдағы индивидуумдарға (әлеуметтік иерархиядағы статус, престиж, даралық) мағына үстейтін ұсынымдар жүйесінің семиотикалық құралы болып табылады [4] .

Демек, гендер немесе адамның мәдени-әлеуметтік жынысы - тұлғаның жеке қасиеттері қалыптастыратын әлеуметтік нормалар, құндылықтар мен реакциялар жиынтығы.

Қазіргі кезеңдегі лингвистикалық зерттеулерде басымдылыққа ие бола бастаған антропоцентристік бағыт адам қызметінің тұлғалық және әлеуметтік қырларына деген қызығушылықты арттыра түсті. Соның нәтижесінде тілдік болмысты таныммен байланыстыра, сол тілді тұтынушы адаммен, субъектімен сабақтастыра зерттеудің заңды құбылыс екенін осы саладағы зерттеулер дәлелдеп отыр.

Гендерлік зерттеулердің басты назарға алатын мәселелері - қоғамдағы ерлер мен әйелдерге деген қарым-қатынасты айқындайтын мәдени және әлеуметтік факторларды анықтау, индивидтердің белгілі бір жынысқа жатуына байланысты мінез-құлық ерекшеліктерін, олардың еркекке және әйелге тән негізгі қасиеттерінің стереотиптік сипаттарын ашу.

Осы мәселелерге бағытталған лингвистикалық еңбектердің арасында гендерлік зерттеулерге айтарлықтай мән берілуде. Ғалым A. Чекалинаның көрсетуінше, «гендер - әлеуметтік психологиялық мағынадағы жыныс, әйелдер мен еркектердің әлеуметтік мінез - құлқын анықтайтын арнайы мәдени және мінез - құлықтық сипаттардың жиынтығы. Гендер аясында әйел және еркек жынысына қандай психологиялық қасиеттер тән, әйелдер мен ерлерге қатысты қандай мінез - құлық қалыпты, күдікті немесе нормадан ауытқушылық саналады, сондай - ақ жыныс әлеуметтік жағдайға, жеке тұлға мәртебесіне қалай әсер етеді деген тәрізді мәселелер қарастырылады» [5, 30-31 бб. ] .

Гендерология мәселесі туралы И. Г. Ольшанский, А. В. Кирилина: «Гендер: лингвистические аспекты» атты мақаласында «Гендерные исследования это новое направление в гуманитарной науке, находящийся сейчас в процессе становления. В центре его внимания - культурные и социальные, а также языковые факторы, определяющие отнощение общества к мужчинам и женщинам, поведение индивидов в связи с пренадлежностью к тому или иному полу, стереотипные представлния о мужских и женских качествах - все то, что переводит проблематику пола из области биологии в сферу социальной жизни и культуры» деп жазады [6] .

Демек, гендер - тек әйел мен еркекке қатысты жалаң ұғым ғана емес, олардың арасындағы қарым-қатынасқа, сол қатынастардың әлеуметтік жағынан қалай құрылғанына байланысты ұғым. Ал гендерлік рольдер -жеке тұлғалардың белгілі бір жынысқа жатуына байланысты қызмет, мәртебе, құқықтары мен міндеттері жағынан ажыратылуы.

Алайда гендер рөл және жынысқа байланысты қоғам талап еткен рөлдер жиынтығынан ғана тұрмайды. Сонымен қатар жыныстың мәдени құрылымының түрлі көрінісін танытатын «гендерлік дисплей» ұғымы ендірілген болатын. Гендерлік дисплей қоғамда әйел мен еркекке танылған норма көрінісінің алуан түрлілігі, олардың әлеуметтік қарым - қатынаста өзін танытатын, көп жағдайда айқын байқалмайтын мәдени кодтар болып табылады [3, 34 б. ] .

Гендер - білім, кәсіби қызмет, билікке қол жеткізу, жыныстық тартымдылық, отбасылық роль мен ұрпақ жалғастырудың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін анықтайтын әлеуметтік мәртебе. Ал әлеуметтік мәртебелер аталған қауымдастықтың мәдени кеңістігі аясында өмір сүреді. Бұл гендерге гендерлік мәдениет ұғымы мәртебе ретінде сәйкес келетінін білдіреді [4, 16 б. ] .

Гендерлік лингвистика саласына қатысты зерттеу жүргізіп жүрген белгілі ғалым Б. Хасанұлы: «Гендерлік фактордың көрінісі тілдің барлық деңгейінде зерттелуі шарт», - дей келіп, тіл білімінде гендерлік бағытты қалыптастырудың жолдарын былайша атап көрсетеді:

1) салыстырмалы және салғастырмалы гендерлік лингвистика (мысалы, морфология деңгейінде адамның есімі мен тегіне, әкесінің атына белгілі бір жұрнақтың, жалпы жұрнақ атаулының бір түрінің қолданылу-қолданылмауы, тек (род) категориясының қазіргі тілде, оның тарихында болу-болмау белгісі т. б) ;

2) гендерлік паралингвистика. Бұл бағыт тілдегі ым-ишара белгілері негізінде қалыптасуы тиіс. Гендерлік паралингвистика тұрғысынан жүргізілген зерттеулердің өмірдің түрлі салаларын (өнер, көпшілік алдындағы сөз т. б. ) дамытуға септігі тиер еді;

3) гендерлік лексикография. Бұл бағыт қазақ тілі мен өзге тілдердің негізінде жүзеге асуы тиіс.

4) гендер және тіл игеру. Бұл бағыттағы зерттеулер тілді жоспарлау ісіне аса қажет [7] .

Сонымен, гендер әлеуметтік белгілерде; еркектік және әйелдікке қатысты мәдени стереотиптерде; тілдік қарым-қатынаста көрінетін әлеуметтік-мәдени құрылым болып табылады.

Жалпылама қорытындылай келгенде, тіл білімі саласында гендерлік зерттеу әйел мен еркектің дәстүрлі қоғамда алатын орнына қатысты тілдік бірліктерге, әйелдің тілдік сөйлеу қорына, психолингвистикалық ерекшеліктеріне, олардың гендерлік сипатының көркем әдебиеттерде кездесетіндігіне қатысты жүргізілгендігін көреміз. Ауызекі сөйлеу стиліндегі гендерлік белгілерді зерделеу әлі кенжелеп келе жатқандығын аңғарамыз. Сондықтан осы бағытта тың зерттеулер жасап, ауызекі сөйлеу тілінің маңызын ашудың мәні зор.

Тіл зерттелген сайын оның жаңа қырлары да кеңінен ашыла түсуде. Бұл тіл біліміндегі ғылыми бағыттардың жанданып, жаңаруына негіз болады. Соның бір саласы гендерлік лингвистиканың негізі - тілдік қатынастағы әйел тілі мен ерлердің тіліндегі ерекшеліктерді лингвистикалық тұрғыдан талдау. Гендерлік зерттеулердің негізін салушы зерттеушілер А. В. Кирилина, А. П. Мартынюк, Е. А. Земская, Н. Н. Розановалар. Қазақ тіл білімінде де ғалымдар әйел тілі мәселесіне назар аударған. Әйелдер тілінің ерекшелігі біздің тілімізге енген жаңа құбылыс емес, ол тілдік қолданыста бұрыннан өмір сүріп келе жатқан экспрессивті тілдік категория деп танимыз.

Алайда гендер рөл және жынысқа байланысты қоғам талап еткен рөлдер жиынтығынан ғана тұрмайды. Сонымен қатар жыныстың мәдени құрылымының түрлі көрінісін танытатын «гендерлік дисплей» ұғымы ендірілген болатын. Гендерлік дисплей қоғамда әйел мен еркекке танылған норма көрінісінің алуан түрлілігі, олардың әлеуметтік қарым қатынаста өзін танытатын, көп жағдайда айқын байқалмайтын мәдени кодтар болып табылады [18, c. 34] .

Қазақ тіл білімінде антропоөзектік бағыттағы зерттеулердің арасында тіл мәселелерін гендерлік лингвистика аясында қарастырған еңбектердің қарасы молайғанын атап өткен жөн. Олардың қатарына Б. Хасанұлы, Г. Мамаева, Қ. Жанатаев, Г. Шоқым, М. Ешимовтің т. б. зерттеулерін жатқызуға болады.

Соңғы уақытта гендер мен тілдің бір-бірімен байланысын зерттеу мына бағыттар аясында жүргізіледі:

- әлеуметтік - лингвистикалық - тілдің әлеуметтік жіктелуі мен қоғамның жыныстық жіктелуінің өзара байланысын, әйел мен ер адамның тілдік және бейтілдік бірліктерді қолдану айырмасын т. б. зерттеу;

- психолингвистикалық - жыныс психикасына сәйкес әйел мен ер адамның тілдік қарым-қатынасы үрдісіндегі тілдік және бейтілдік ерекшеліктерді ажырату, бала тілінің гендерлік дамуын зерттеу, психолингвистика мен нейролингвистиканың байланысын анықтау,

- идентификациялық - авторы жасырын (аноним) мәтіндерді тексеру арқылы автордың тілдік тұлғасын анықтау, жынысын ажырату;

- лингвомәдениеттанулық және мәдениетаралық зерттеулер - белгілі бір кезеңде түрлі тілдер мен мәдениеттердің андроортақтық деңгейін белгілеуде гендердің алатын орны, тіл мен мәдениеттің қоғамдағы рөліне сәйкес гендердің жалпы және айрықша белгілерін анықтау;

- тілдегі феминистік сын;

- маскулиндік зерттеулер т. б. [8] .

Ғалым Г. Шоқымның көрсетуінше, «лингвомәдениеттанулық бағытта фемининдік және маскулиндік таптаурындардың (стереотип) тілдегі көрінісі, «еркектік» (мужественность) және «әйелдік» (женственность) тұжырымжасам, гендерлік метафоралар қолданысы (еркектік немесе әйелдік мағынасының жынысқа қатыссыз заттар мен құбылыстарға ауыстырылып қолданылуы) және мәдениетаралық қатысым деңгейінде т. б. зерттеулер жүргізілуде» [8, 23 б. ] . Зерттеуші Г. Б. Мамаева өзінің зерттеуінде қазір сәнге айналып, өміріміздің бір құрамдас бөлігі саналатын жарнама тілін зерттеуші И. А. Гусейнова, М. В. Томская қазіргі жарнамалық дискурста гендерлік стереотиптердің ақпарат таратуда зор мәнге ие екенін атап көрсетеді [9, 12 б. ] .

Сонымен, гендер әлеуметтік белгілерде; еркектік және әйелдікке қатысты мәдени стереотиптерде; тілдік қарым-қатынаста көрінетін әлеуметтік-мәдени құрылым болып табылады.

1. 2 Лингвистикалық гендерологияның басты бағыттары

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы АҚШ пен Европадағы «Жаңа әйелдер қозғалысының дамуы», Батыстағы феминизмнің белсенді белең алуы ғылыми пікірдің ауқымды таралуына негіз болған. Олардың қатарына жыныстың мәдени-әлеуметтік шарттылығын түсіну және тарату да жатқызылады. АҚШ-тағы «Жаңа әйелдер қозғалысы» патриархатпен күреске қатыса отырып, гендерлік тұжырымдамаларды ғылыми айналымға енуіне әсер етті және біршама дәрежеде саяси күрес мақсатында оның таралуына да себепші болды. ХХ ғасырдың 60-жылдарының соңынан бастап тіл білімінде тілдің феминистік сыны немесе феминистік лингвистика деген жаңа бағыты пайда болады.

Бұл салаға қатысты еңбектер Батыс тіл білімінде пайда болып, əйел мен ер адамның тілдеріндегі ерекшеліктер туралы алғашқы жүйелі зерттеулер роман-герман тобындағы тілдерде жүргізілді. Ал орыс тіл білімінде осы тақырып бойынша тұңғыш зерттеулер тек өткен ғасырдың 80-жылдарының аяғы мен 90-жылдарының басында қолға алынып, 90-жылдардың ортасына таман іргелі ғылыми жұмыстар жазылып жарық көре бастады. Біздің республикамыздың отандық тіл білімінде де гендерлік қатынасқа байланысты зерттеу жұмыстары ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында басталып, қазіргі уақытта жаңа бағыттағы жүйелі зерттеулер жалғасуда.

Бүгінгі күні бұл бағыттағы үдеріс басталып, өз жалғасын тауып жатқандығын нық сеніммен айта аламыз. Осылайша, отандық тіл білімінде де жаңа бір бағыттың - лингвистикалық гендерологияның (немесе гендерлік лингвистиканың) пайда болғандығын айтуға болады.

ХХІ ғасыр тіл біліміне тілді құрылымдық, жүйелік парадигмамен сабақтастықта, жалғастықта жəне тілді ұлттық рухани-мəдени білімдердің жинақталған коды ретінде қарастыратын антропоцентрлік бағыт тəн болып табылады. Оның іргетасы В. Гумбольдт, И. Гердер, Г. Штейнталь, А. Потебня сияқты ғалымдардың теориялық еңбектері арқылы қаланғаны белгілі. Олардың еңбектеріне сəйкес адам өзінің парасаттылық, рухани, əлеуметтік талаптарын қанағаттандыратын ұғымдар (концепт) əлемін жасау үшін ақпараттарды тілдік арна арқылы ғана алады. Сол себептен де кез келген ұлт тілінің табиғатында сол ұлттың қанша ғасырлық терең сырға толы қазынасы, ділі, мəдениетінің қайнар көзі жатады. Бірақ тіл жалпы шындықты емес, адамдардың белгілі бір ұжымы өмір сүретін ортаның шындығын жай көрсетіп емес, суреттеп береді жəне бұл арада тіл дүниені тікелей, тура суреттемейтінін атап өткен маңызды. Тілде адамның дүниені қалай қабылдайтыны, түсінетіні көрініс табады. Сондықтан да В. фон Гумбольдт: «Разные языки - это отнюдь не различные обозначение одной и той же вещи, а различные видения ее», - деп тұжырымдайды [10] .

Тіл - ойды туғызушы тетік, сондықтан сөз - заттың тура таңбасы емес, оның біздің санамызда тілдік шығармашылық үдеріс нəтижесінде туған бейнесі. Сол себепті жаңа ғылыми парадигмаға сəйкес тілді зерттеуде негізгі назар тілдік тұлғаға аударылды, сонымен байланысты тілді зерттеудің жаңа мақсаттары, маңызды ұғымдар мен тəсілдер, метатілдік теориялық негіздер қалыптаса бастады. Яғни антропоцентрлік парадигма бірінші орынға адамды (тілдік тұлғаны) шығарады да, ал тіл адам танымын құрастырушы сипатта қарастырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гендерлік саясат қазақты қайда апарады
Мақал-мәтелдердің лингвомәдени аспектіде зерттелуі
АДАМНЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІНЕ ҚАТЫСТЫ ТІЛДІК БІРЛІКТЕР
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 ақпандағы Жарлығы
Шетелдік гендерлік зерттеулер
Жыныстар арасындағы гендерлік айырмашылықтарды зерттеу
Гендер саласындағы шетелдік зерттеулер
Гендерлік лингвистиканы зерттеудің теориялық аспектілері
Қоғамдағы гендер мәселесі: Отандық білім беру аясында
Қазақ тіл біліміндегі гендерлік лингвистика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz