Капиллярлық құбылыстар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕССЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТІ Стоматология курсы

БӨЖ

Пәні: Биофизика
Тақырыбы: Капиллярлық құбылыстар


Орындаған: Сламбек Елдар
Группа: 104А
Стомотология курсы
Тексерген: Уразакынов Д.К.

Жоспары:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Анықталуы
Рөлі
Капиляр
Капилляр құбылысы өсімдіктерді және топырақтағы рөлі.
III.Қорытынды
IV.Пайдалынылған әдебиеттер

I.Кіріспе. Жұғу - сұйықтықтың қатты денемен немесе басқа сұйықтықпен жанасуы кезінде пайда болатын құбылыс. Қатты дене бетіндегі тамшының немесе сұйықтыққа батырылған дене бетіндегі газ көпіршігінің пішіні жұғу процесіне тәуелді. Жұғу құбылысы, көбінесе, үш фазаның жанасу аймағындағы молекула аралық өзара әсерлесу нәтижесі деп қарастырылады.
Әркім-ақ жапырақ бетіне, парафин жағылған қағаз бетіне тамған су тамшысы шар пішінін алатынын, ал таза әйнек бетіне жұқа қабат жасай жайылып кететінін біледі. Ағаш бетіне тамызған қорғасынның балқытылған тамшысы шар пішінін алады, ал су тамшысы таза мыс пластина бетіне шыны бетіндегі тәрізді жайылып кетеді.
Жұғатын не жұқпайтын сұйықтардың қатты денелер беттерімен әсерлесуінің ерекшеліктері капиллярлық құбылыстардың себебі болып табылады. Капиллярлық құбылыстар - бір-бірімен араласпайтын заттардың шекарасында, беттік керілудің әсерінен пайда болатын физикалық құбылыстар. Басқа сұйықтықпен, газбен немесе өзінің буымен шекаралас орналасқан сұйық бетінің иілуі де капиллярлық құбылыстарға жатады.
Әр түрлі орталардың шекарасында (мыс: сұйық және қатты дене) жұғу және жұқпау құбылысын бақылауға болады. Молекулалық тартылу күштері сұйықтар мен қатты денелердің молекулаларының арасында да болады, олар шама жағынан сұйықпен қатты дененің табиғатына байланысты.
Егер сұйық пен қатты дененің молекулаларының арасындағы тартылыс күші сұйықтың молекулаларының тартылыс күшінен көп болса, сұйықтың молекулалары қатты дененің бетіне жабысады. Бұл құбылыс жұғу деп аталады, сұйық жұққыш деп аталады, ал сұйық беті гидрофильді болады (2-сурет). Егер сұйық пен қатты дененің арасындағы молекулаларының тартылыс күші, сұйықтың молекулаларының тартылыс күшінен аз болса, сұйық жұқпайтын деп аталады, ал сұйық беті гидрофобты болады (3-сурет).
Жұғу жағдайында бұрышq p2 , ал толық жұғылғанда q =00. Толық жұғылмағанда бұрыш
q =П(пи) -ғатең болады.

II.Негізгі бөлім. 1.Анықталуы.Қатты денемен жанасқан сұйықтық бетінің пішіні жұғу құбылысының әсері бойынша анықталады. Сұйықтық қатты денеге жұғу үшін, сұйықтық пен сол қатты дене молекулалары арасындағы ілінісу күші (F1) сұйықтық молекулаларының өз арасындағы тартылу күшінен артық (F2) болуы керек (яғни F1F2). Бұл жағдайда сұйықтық ыдыс қабырғасымен жоғары көтеріледі (суреттегі а). Оның тар ыдыстағы (капилляр түтіктегі) беті ойыс болады. Қатты денеге жұқпайтын (яғни F1F2) сұйықтықтың капилляр түтіктегі деңгейі кең ыдыстағы сұйықтық деңгейінен төмен әрі оның беті дөңес (суреттегі ә) болып келеді. Капилляр түтіктегі сұйықтықтың имек беті мениск деп аталады. Жұғатын сұйықтықтың менискісі ойыс, жұқпайтын сұйықтықтың менискісі дөңес болады. Ойыс менискі астындағы капиллярлық қысым теріс болғандықтан, түтіктегі сұйықтық салмағы капиллярлық қысыммен ( р) теңгерілгенше, сұйықтық жоғары көтеріле береді.
2.Рөлі.Капиллярлық құбылыстар табиғатта, күнделікті өмірде және өндірісте елеулі рөл атқарады. Судың топыраққа және әр түрлі кеуек материалдарға сіңуі, керосиннің білтемен жоғары көтерілуі, кентасты байыту үшін қолданылатын флотация осы К. қ-ға негізделген. Капиллярлық құбылыстарды алғаш рет Леонардо да Винчи (15 ғ.) ашып зерттеген. Онан кейін Б.Паскаль (17 ғ.) мен Дж.Жюрен (18 ғ.) капилляр түтіктің көмегімен тәжірибе жасаған. Капиллярлық құбылыстардың теориясы Т.Юнгтің (1805), П.Лапластың (1806), Дж.Гиббстің (1875) және И.С. Громеканың (1879, 1886) еңбектерінде дамытылған.
3.Капиляр.Жұғудың болуы капиллярлық деп аталатын құбылысты қамтамасыз етеді. Молекулалық күштердің салдарынан, жұғатын сұйық , капилляр деп аталатын өте кішкене түтікшемен жоғары көтеріледі. Латын сөзі "капиллус" -- "шаш" деген ұғымды білдіреді. Осыған сәйкес жіңішке түтікшені капилляр дейді. Олардың диаметрі миллиметр және одан аз болады.
Капилляр неғұрлым жіңішке болса, жұғатын сұйық соғұрлым үлкен биікке көтеріледі.
Таби,атта капиллярлар жиі кездеседі. Бізді қоршаған көптеген денелердің құрлысы кеуек, бірнеше көзге көрінбейтін капиллярлардан тұрады. Мұндай денелерге ағаш, қағаз, тері, жер қыртысы, мата, мақта, әр түрлі құрылыс материалдары жатады. Су және басқа оларға жұғатын сұйықтар, мұндай денелермен түйіскенде, олардың капиллярларына "жұтылады" да дененің ішкі жағында барлық бағытқа тарайды. Міне, сондықтан мақтаның (не қанттың) кесегі тез ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғаттағы капиллярлық құбылыстар
Капиллярлық құбылыстардың маңызы
Капилляр құбылыстар
Сұйықтардың беттік керілу
Газдың эмболия
Тамырлар бойымен қан қозғалысының физико – математикалық заңдылықтары
Сұйық пен қатты денелер
Топырақ суы
Несиелік оқытудағы молекулалық физика және термодинамиканың электрондық курсы
Демонстрациялық тәжірибелерді таңдау
Пәндер