Орталық жүйке жүйесінің функциясын зерттеу әдістері
МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕССЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТІ Стоматология курсы
БӨЖ
Пәні: Биофизика
Тақырыбы: Нейрондар. Орталық жүйке-жүйесін зерттеу тәсілдері
Орындаған: Сламбек Елдар
Группа: 104А
Стомотология курсы
Тексерген: Уразакынов Д.К.
Жоспары:
1.Нейрондар туралы жалпы түсініктер.Синапстар.Аксон.Дендрид.
2.Орталық жүйке-жүйесі.
3.Орталық жүйке-жүйесін зерттеу тәсілдері
1.Нейрондар (neuronum, бұл атауды Вильгельм фон Вальдейер бердi) немесе нейроциттер-жүйке ұлпасының негiзгi құрылым, қызмет бiрлiгi (52 сурет), көлемi ұсақ, дене диаметрi 4-5 мкм-ден (мишық түйiршiктi жасушасы) iрi, дене диаметрi 140 мкм (ми қыртысындағы алып көп жақты (пирамида тәрiздi) жасушалар), туғаннан кейiн бөлiну қабілетiн жоғалтады, тiршiлiкте оның саны көбеймейдi, қайта азаяды.
Нейрондардың өлуi қалыпты жағдайда аз кездеседі, ол қалыпты (бағдарланған)-апоптоз (грек. арорtоsis-түсетiн мезгiл) механизмiмен iске асады.
Жетiлген нейрондар қабылдағыш қызмет атқаратын сырт қабығынан-невролеммадан (плазмолеммадан), денесiнен (corpus, перикарионнан), өсiндiлерiнен тұрады. Жүйке жүйесi әр бөлiмiндегі нейрондар перикарион түрi, оның көлемi, өсiндiлерінің саны, жалғама байланысы, дендриттердің
тармақталуы және бөлетiн селбестiргiшiмен өзгешеленедi.
Перикарионның құрамына ядро және цитоплазма кiредi. Нейронның әдетте бiр, iрi, дөңгелек, ақшыл, 2-3 iрi ядрошықтары бар, хроматинi аз, цитоплазманың ортасында орналасатын ядросы болады. Мұндай құрылым ерекшелiктерi нейрон ядросындағы ДНҚ молекуласындағы бiрiздiлiктiң иРНҚ молекуласына жазылуы жоғары қарқында жүретiнiн көрсетедi.
Ұрғашы мал нейрон ядрошығының жанында Х-хромосома сақтайтын, iрi хроматин үйiндiсi - Барра денешiгi болады.
Нейронның цитоплазмасында мына тұрақты қосындылар: түйiршiктi эндоплазмалық тор (Франц Ниссль рибосомаларды метилен көгiмен бояп, алғашқы болып көргендiктен, оны Ниссль заты немесе тигроид деп атайды. Тигроид деп атау қате, себебi перикарионды Ниссль тәсiлiмен бояғанда, жолбарысқа емес, жыртқыш мысық терiсi, дақты қабыланға ұқсас болады), Гольджи аппараты, көптеген митохондрийлер (нейрондар қуатын зат алмасудағы ауада қамтамасыз ететiндiктен, ол оттек жетiспеуiне өте сезгiш болады), лизосомалар, жасуша орталығы (центросома, нейрондарда болып, микротүтiкшелер құрастырады), цитоқаңқа (нейротүтiкшелер, микро-, аралық нейрофиламенттердi бекiткенде, бiр-бiрiмен жабысып, шоқтар түзiп, күмiс тұздарымен бояғанда жасанды құрылым-жiпшелер құрады да, қалыңдығы 0,5-3 мкм нейрофибриллдер деп аталады) және тұрақсыз қосындылар (май тамшысы, липофусцин түйiршiктерi және нейромеланин) сақталады.
Перикарионнан екi өсiндi - дендриттер (dendritum, dеndrоn-ағаш) және аксон (грек. ахоn-өсiндi; нейрит-neuritum) тарайды. Олар жалғама (синапс, грек. synарsis-қосылу, байланыс) құруға қатысады.
Аксон-әдетте жалғыз, ұзын (бірнеше мкм-ден 1-2 м дейiн жетеді), бойы тармақталмайды, тармақталған ұшында жалғама көпiршiктерi болып, онда перикарионнан келген тiтiркенiстер сақталады.
Дендриттер-өте тармақталған, қысқа өсiндiлер, тiтiркенiстi қабылдап, перикарионға жеткiзедi, онда түйiршiктi, түйiршiксiз эндоплазмалық тор, рибосома құрамбөлiктерi, Гольджи аппараты болады.
Нейрондар құрылым, қызмет, биохимиялық белгiлерiне орай жiктеледi.
Құрылым жiктелуiнде өсiндiлер саны алынады. Өсiндiсi жоқ алғашқы нейробластар - аполярлы; бiр өсiндiлiлер (көз торлы қабығының амакрин нейрондары, иiс сезу буылтығындағы шумақша аралық нейрондары) - униполярлы (unipolare); жалған бiр өсiндiлi (жұлын түйiнi нейрондары) - псевдоуниполярлы; екi өсiндiлiлер (иiс сезу нейрондары) - биполярлы (bipolare); көп өсiндiлi (ұршық тәрiздi, жұлдызша, алмұрт, пирамида тәрiздi және басқа) - мультиполярлы (multipolare) болып, жiктеледi.
Нейрондар атқаратын қызметiне сай (рефлекторлық доғадағы орнына байланысты), үш топқа-сезгiш (сезiмтал-миға бағытталған, сыртқы, iшкi орта әсерлерінен түзілген тiтiркенiстердi қабылдап, оны перикарионда өңдеп, аксонмен екiншi, үшiншi нейрондарға жеткiзедi; қозуды шеткi ағзалардан орталық жүйке жүйесiне өткізедi), қозғалтқыш (шетке бағытталған, тiтiркенiске жауап беретiн ағзаларға (қаңқалық бұлшық ет, қан тамырлары) хабарды өткiзедi; қозуды бұлшық еттер мен бездерге жеткiзедi), аралық (нейрондар арасындағы байланысты түзеді - байланыстырғыш; қозуды сезiмтал нейрондардан қозғалтқыш нейрондарға өткiзедi) деп бөлiнедi.
Нейронның бойымен қозу тек бiр бағыт бойынша, былай өтедi: дендриттер--дене--аксон.
Биохимиялық жiктелу нейрондар жалғамасында тiтiркенiстi өткiзуде қолданылатын селбестiргiштердің химиялық ерекшелiктерiне негiзделген.
Оның басты сипатмежесi (критерий)-нақты селбiргiштер түзiп, жалғама көпiршiгiне жинап, жалғама саңылауына шығару. Селбiргiшi ацетилхолин болатын нейрон тобын - холинергиялық, норадреналин - адренергиялық, серотонин - серотонинергиялық, дофамин - дофаминергиялық, гамма-аминдi май қышқылы болса - ГАМҚ-ергиялық, АТФ, оның туындылары болатынын-пуринергиялық, субстанциялық Р, энкефалин және эндорфин нейропептид болатынын - пептидергиялық деп бөледi.
2.Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады. Ж ұ л ы н омыртқа өзегінде орналасқан, ұзындығы ересек адамда жарты метрге жуық, салмағы 37-38 г. жұлынның жоғарғы жағы сопақша мимен жалғасады да төмеңгі ұшы шашақтанып омыртқа тұсында бітеді. Жұлын арасы қосылып кеткен симметриялы оң және сол жақ екі жарты бөлімдерден тұрады.
Адамның жұлыны 31-33 сегменттен (лат. сегментум -- бөлік, кесінді) тұрады: 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1-3 құйымшақ бөлімдері. Әрбір бөлімнен қос-қостан шыққан нерв түйіндері екі жұлын нервтеріне айналады (орталыққа тебетін немесе сезгіш және орталықтан тебетін немесе қозғаушы нервтер). Жұлын омыртқа жотасынан қысқалау болғандықтан аталған бөлімдер омыртқаның аттарына сәйкес келмейді. Жұлын нервтері жұлын өзегінен шығып (І-жұптан басқасы) дененің терісін, аяқ-қолдарын, дене тұлғасының еттерін нервпен қамтамасыз етеді. Әрбір бөлім дененің өзіне тән жерлерін нервтендіреді.
Жұлын 10 жасқа келгенде екі есе ұзарады. Оның өсуі алғашқы жылы өте күшті болады да, 2-3 жасқа келген баланың жұлыны14 гболады (жаңа туған нәрестеде не бары 2,8 -2,9 г), 4-6 жасқа келгенде жұлынның дамуы аяқталуға жақын деуге болады. Дегенмен оның толық жетілуі 20 жаска жуықтағанда аяқталады. Осы мерзімде жұлын 8 есе көбейеді.
Жұлын жұйке жұйесінің маңызды бөлімдерінің бірі- түрлі нерв әрекеттерінің бағытталуы мен реттелуі жұлын арқылы іске асады. Себебі жұлын өткізгіштік қызмет атқарады да, оның бойымен дененің барлық жерінен миға нерв импульстері тасылады, ал мидан бүкіл дененің еттерін козғайтын нерв импульстері мүшелерге барып, олардың кызметін реттейді. Бұларға қоса, жұлында адамның қарапайым рефлекстерінің орталықтары орналасқан (айталық, тізе рефлексі). Адам өмірі үшін маңызды зәр шығару, жыныс мүшесінің эрекциясы, эякуляция (шәуһет шығару) т.с.с. рефлекстер жұлынның қатысуымен орындалады.
Дененің қаңқасының бұлшық еттерінің тонусын сақтайтын организм үшін аса маңызды рефлекстер де осы жұлындағы орталықтардың қатысуына байланысты. Жұлынның қозғаушы орталықтарынан үнемі келіп тұратын нерв импульстеріне байланысты адам кеңістікте белгілі орын алып қозғала алады.
Ішкі мүшелердің вегетативтік рефлекстері де жұлын арқылы орындалады (жүрек-қан тамырлары, ас қорыту, зәр шығару т.б. рефлекстер).
Адамның м и ы орталық жүйке жүйесінің ең негізгі маңызды бөлігі. Одан 12 жұп нервтер шығып, миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен, көзбен байланыстырады және сезім мүшелерінен келетін мәліметтерді жеткізеді. Бұларға I иіс, II көру, III көз қимылдатқыш, IV шығыршық, V үшкіл, VI бүру, VII бет, VIII дыбыс, IX тіл-жұтқыншақ, X кезеген, XI қосымша, XII тіласты нервтері жатады.
Адамның миы ми сауытында орналасқан. Ми сопақша ми, көпір, мишық, ортаңғы ми, аралық ми және екі ми сыңарларынан тұрады.
Сопақша мидың арт жағында м и ш ы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz