Инфекция көзі


ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасы
2СӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ : Листериоз кезінде ветеринариялық шараларды ұйымдастыру
Орындаған :
Тексерген:
Алматы, 2020
Жоспары:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
- Листериоз
- Қоздырушысы
- Инфекция көзі
- Жұқтыру жолдары
- Індеттік ерекшеліктері
- Диагностикасы
- Клиникалық белгілері
- Симптомдары мен ажыратып балау
- Індетке қарсы шараларын ұйымдастыру
- Емі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Ауыл шаруашылығының саласы - трі қара шаруашылығын дамытуда сиырлардан алынатын өнімді арттырып, ірі қара басын көбейту жолында кедергі болағын негізгі себептердің бірі - жұқпалы аурулар. Листерноз- орталық жүйке жүйесі, жыныс мүшелері, желін зақымданып, өлітию ретінде өтетін жұқпалы ауру. Осы ірі қара шаруашылығының өнімін және басын көбейтуге инфекциялық ауруларға дер кезінде балау жасап, аурудың алдын алудың маңызы зор. ор. Studio Сиырлардың іш тастауымен, бұзаулардың және ересектерінің жүйке жүйесінің зақымдануымен, бұзаулардың катарлы энтеритке шалдығуымен, т. б. сипатталатын листериоз ауруы шаруашылыққа көп экономикалық зиян келтіреді Листерибздың ең қауіпті таратушылары және негізгі табиғи қорламасы- тышқан тектес кемірушілер. Олардың бөлінділерімен жайылым, жемшөп, су және топырақ ластанып, одан барып басқа жануарларға жұғады. Ал ауыл шаруашылық малдары үшін ең басты жұғу көзі болып сүрлем саналады. Листериозды болдырмау үшін шеттен әкелінген ірі қараларды бұл аурудан сау шарушылықтан алу керек. Жемшөптің, әсіресе, сүрлемнің сапасын үнемі бақыланып, кемірушілермен күрес жүргізіледі. Листериоз шыққан фермада малдарды жаппай қарап, ішінара ыстықгарып өлшейді. Орталық жүйке жүйесінде зақымданулар бар ірі қараларды бірден союға жібереді. Ауруы күдікті және ауру ірі қараларды 14 оқшаулап, емдейді. Листерия алып жүруші және ауруы жасырын жануарларды анықтау үшін жаппай қан алып, ЕР және КБР бойынша тексереді. Оң нәтиже берген жануарларды да бөліп алып емдейді. Барлық қалған шартты түрде сау жануарларды АУФ штаммынан жасалған вакцина егілмесе бірден жемге антибиотиктер қосып береді. Зерттеу жұмысымның мақсаты мен міндеттеріне мыналар жатады: ipi қара листериозына диагноз қойып, оған қарсы АУФ вакцинасын қолданып осы препаратты листериоздың алдын алу үшін шаруашылықта қолдану.
Көрсетілген мақсатты орындау үшін алдымызға келесі міндеттерді қойдым: 1) Шаруашылыктағы сиырларды және бұзауларды листериозға тексеру;
2) Лиетериоз ауруының алдын алу шараларын анықтау.
3) Лиетериоз ауруының емі туралы.
Негізгі бөлім
Аурудың тарихи деректері мен қоздырушылары. Листериоз- орталық жүйесі, жыныс мүшелері, желін зақымданып, өлітию ретінде өтетін жұқпалы ауру.
Тарихи деректер . Бірінші рет бұл ауруды үй қоянында Lucet (1892) сипаттады, ал D. A. Gill (1931) қойда анықталғаннан кейін құстың, сиырдың және басқа да жануарлардың ауыратындығы белгілі болды.
Қоздырушысы - Listeria monocytogenes грамм теріс, таяқша тәрізді бактерия, мөлшері- 0, 5-2 х 0, 3-0, 5 мкм, ұштары дөңестеніп бітеді, спора және қауашақ түзбейді, жіпшелері бар, қозғалады, жартылай ауасыбағалы, кәдімгі қоректік орталарда (рН 7, 2-7, 4) өседі. Пайда мөлдіреген шық тәрізді шоғыр түзеді, ЕПС бірінші тәулікте лайланады да, кейіннен өсіп пробирканың түбіне шөгіп, қоректік орта мөлдірлеееді. Шөгінді шайқаған кезде перде тәрізді көтеріледі, өсу үшін ең қолайлы температура 30-37°С, бірақ бөлме температурасында да, тіпті төменгі температурада да өсе береді.
Листерияның денесінде О-, қылшаларында Н- антигендері болады. Біріншісі жоғары температурада төзімді, 15 түрі белгілі. Екіншісі қыздыруға, формалинге төзімсіз. Егер микроб бөлме температурасында өсірілсе, қылшалары мол болып, перитрих ретінде орналасады. 37°Сда өскен қылшалары аз болып, бір шетінде ғана болады немесе мүлдем болмайды. Н- антигенінің 5 түрі бар: А, В, С, Д, Е. Антигендік құрамы бойынша бұл микроб 5 вариантқа бөлінеді. Бұлардын екеуінің індеттік маңызы зор: кемірушілердің және күйіс қайыратындардың листериялары. Біріншісі алғаш рет кемірушілерден, екіншісі цифрдан бөлініп алынған. Екеуі де жануарлардың және құстардың барлық түрінде кездеседі.
Төзімділігі. Листериялар сыртқы ортада ұзақ уақыт бойы сақталады және төменгі температураларда әртүрлі субстракт және сүрлемде өсіп- өне алады. Кебек лен сұлыда 105, ал шөп пен ет- сүйек ұнында 134 күнге дейін тіршілігін жоймайды, тұздалған етті төменгі температурада ұзақ уақыт бойы өлмейді. Мал қораларында 24-48 күн, көңмен ластанған даладағы топырақта 8 күннен (жазда) 115 (қыста) күнге дейін, жерге көмілген өлекседе 1, 5-4 айға дейін сақталады. Дезинфектанттар ретінде қолданылатын 5% лизол немесе креолин ерітіндісі 10 мин, 2% формальдегид немесе күйдіпгіш натрий 20 мин ішінде өлтіреді. 100°С қыздырғанда 5 мин, ал 75-90°Ста 20 минутта өтеді.
Індет ерекшелігі. Листериозға қой, ешкі, сиыр, шошқа, жылқы, қоян, күзен, күрке тауық, тауық, қаз, үйрек бейім. Сонымен қатар ит, мысық және маймылдардың да ауыратындығы белгілі болды. Жалпы алғанда листериялар 92 түрлі жабайы жануарлар, одан қала берді иксод және гамза кенелері, бит пен бүрге, бөгелектің балапан құрттарынан да бөлініп алынған Бұның бәрі листериоздың үй жануарларына үшін қауіпті. Әсіресе, кемірушілер арасында байқалып, оқтын- оқтын тышқан тектестерді көп шығын, а ұшырататын індет мал шаруашылығы үшін аса қауіпті. Қазақстанда және көршілес елдерде басқа малдармен салыстырғанда негізінен қой ауырады да, бұл түліктің ауруға шалдығу көрсеткіштері де, өлім көрсеткіші де жоғары болады. Басқа елдерде сиырдың ауруы да жиі ұшырайды. Листериозбен жануарлар кез келген жаста ауырады, әйтсе де, жас төл мен буаз малдардың бейімділігі жоғары болады.
Қазақстанда қодың листериозы солтүстік облыстың орманды және далалы аймақтарында жиі кездеседі. Бұған табиғи себептермен қатар қоздырушысы үшін қолайлы орта болып табылатын сүрлемді мал азығына кеңінен пайдалану да әсер етеді.
Листериоздың қоздырушысының бастауы- ауырған және аурудан сауыққан шошқалар. Олар листерияларды сыртқы ортаға несеп, нәжіс, сүт және көзден, танаудан, жылыс мүшелерінен аққан соралармен бөліп шығарады. Ауырып жазылған жануарлар ұзақ уақыт бойы, қой мен ешкі 30 күн, кейбір кемірушілер 260 күнге дейін, листериоздан болған желінсау кезінде сүтпен саулықтар 90, ал сиырлар 300 күнге дейін сыртқы ортаға микроб бөліп шығарып отырады. Иксод кенелерінде 500 күнге дейін тіршілігін жоймайды. Листериоздың ең қауіпті таратушылар негізгі табиғи қорламасы- тышқан тектес кемірушілер. Олардың бөлінділерімен жайылым, жемшөп, су мен топырақ ластанып, одан барып басқа жануарларға жұғады.
Ал ауыл шаруышылық жануарлары үшін ең басты жұғу факторы сүрлем болып саналады, әсіресе, сапасы төмен, қышқылы аз сүрлемде ауаның температурасы төмен, 0°Стан біраз ған жоғары жағдайда да листериялар зардаптылығын сақтап, өсіп- өне береді. Листериозға белгілі бір аймаққа орын табу және табиғи ошақтылық тән. Қойда көбінесе қыс пен көктемде кездеседі, ал басқа жануарларда маусымдылық байқала қоймайды. Әдетте ауру қоздырушысы малдың денесіне негізінен ауыз арқылы, сонымен қатар, тыныс жолдары, көз конъюктивасы, зақымдалған тері арқылы енеді. Қан сорғыш жәндіктер: кене, бүрге, бит, т. б. қатысуымен трансмиссивті жұғуы да мүмкін. Көп жаңдайды малдың листериозға шалдығуына кемірушілердің арасында таралған індетсебепкер болады.
Дерттенуі. Листериялар денеге енгеннен соң қан мен сөлге өтіп, бүкіл организмді жайлап, көбейеді де ми мен жұлынға өтеді. Микроб эндо- және экзотоксиндер бөлу арқылы әртүрлі ұлпаларды, қанның қылтамырларын зақымдайды қанның белоктық құрамы өзгеріп, моноциттер саны көбейеді. Инфекциялық процестің одан әрі өршуі қохдырушының уыттылығы мен организмнің физиологиялық ахуалына байланысты болады.
Егер микробтың уыттылығы төмен, ал мал организмінің төзімділігі тиісті дәрежеде болса, қоздырушы денеге айтарлықтай зардабын тигізбей, сөл түйіндерінде, бауырда және көк бауырда, бүйректе, жілік майында сақталады. Ондай жағдайда аурудың көзге түсердей клиникалық белгілері байқалмай, мал ұзақ уақыт бойы жасырын листериялар алып жүруші болып қалады. Ал микробтың уыттылығы күшті болса, жас жануарларға өлі тиіп, сақа жануарлардың орталық жүйке жүйесі зақымданып, энцефалит, энцефаломиелиттің клиникалық белгілері байқалады, ал буаз малдар жыныс мүшелерінің зақымдануынан іш тастайды.
Өтуі мен симптомдары . Жасырын кезеңі 7-30 күнге созылады. Ауру жіті, жетіден төмен, созылмалы түрде өтеді де, клиникалық белгілері бойынша өлітиген, жүйке жүйесін зақымдайтын, генитальдік және кәдімгідей емес түрлерге бөлінеді. Листериоздың өлітиген түрі жас малда, әдетте 1-3 айлық төлеу кездеседі. Оның басты белгілері: дененің ыстығының көтерілуі, күйзеліске ұшырап, жемшөптен қалуы, іш өтуі (катарлы энтерит) көбінесе бұзау мен қозыларда байқалады, шошқада енесінен бөлінген 2-4 айлық торайларда кездеседі. Осы жастағы және енесін еміп жүрген торайлардың жүйке жүйесі зақымданады.
Өлі тиген жануарлардың ауызынан ақ көбік ағып, тынысы жиілейді, басын кегжитіп шайқай береді. Ауру 7-14 күнге созылып, көбінесе өліммен аяқталады, Жазылған төл жетілмей қалады. Листериоздың жүйке жүйесін зақымдайтын түрі өте жиі кездеседі. Қой мен ірі қараның негізінен орталық жүйке жүйесі зақымданады. Ауырған мал денесін дұрыс меңгере алмай, қозғалғанда тәлтіректеп, бір орнында айнала береді. Тепе- теңдігін сақтай алмай, тұла бойы тырысып, бұлшық еттері сіресіп, мойыны қисаяды. Сонымен бірге, көздің ауыздың кілегеі қабықтары қабынады. Аурудың соңғы сатысында тұла бойы мен аяқ бұлшық еттері салданған, жануар орнынан тұра алмай жатып қалады. Мөлшері 10 тәулікке дейін созылған ауру өліммен аяқталады. Генитальді түрі буаз малда кездеседі.
Негізгі клиникалық белгісі- буаздықтың екінші жартысында байқалатын іш тастау. Әдетте түсіктен кейін шуы түспей қалады. Жыныс жолдары, әсіресе, жатыры қабынып, негізінен іріңді эндометрит, ал кейде желінсау байқалады. Кәдімгідей емес түрінің негізгі белгілері: денесінің ыстығының көтерілуі, екпенің қабынуы және катаральді гастроэнтерит. Сиырда листериоз әдеттегіден өзгеше өткенде көбінесе зілді катарлы қызбаға ұқсас өтеді.
Құстардың листериозы кезінде негізінен орталық жүйке жүйесі зақымданады. Ауруға жас шібилер мен балапандар шалдығады. Олардың жемге зауқы төмендеп, жалпы күйі нашарлайды. Бұлшық еттерінің салдануынан көп қозғалмайды. Әсіресе, көзге ұшырайтын белгісі мойнының былқ- сылқ етіп, бос қалуы. Көздері қызарып, көзден, тұмсығынан шұбырып сора ағады. Аурудан құстардың көпшілігі 1 апта ішінде өледі.
Патологоанатомиялық өзгерістер, балау. Листериозға тән ерекше патологоанатомиялық өзгерістер кездеспейді. Әйтсе де, листериозбен өлген жануардың өлексесінде мынандай өзгерістер жиі ұшырайды: жүйке жүйесі зақымданғанда ми мен мидың қабықтарындағы тамырлар қанға толып мидын ұлпасы қанталайды, кейбір ішкі ағзаларда да қанталаған телімдер кездеседі. Өлітиген түрінде көк бауыр мен ішкі сөл түйіндері көлемі ұлғайып, ішкі үлпершек ағзалар қанталайды. Өкпенің қан тамырлары қанға толы болады немесе өкпе ұлпасы қабынады. Бауыр мен көк бауырда, сирегірек бүйрек пен жүрек етінде өліеттенген нүктелер байқалады. Жыныс мүшелері зақымдансаналық малдарда метрит немесе эндометрит байқалады.
Балау. Листериозды анықтау үшін індсттанулық деректер, аурудың клиникалық белгілері, өлекседегі патологоанатомиялық өзгерістер және зерханалық зерттеулер қорытындылары пайдаланылады. Бұл ауруға індеттанулық деректер: барлық үй жануарлары, көптеген жабайы жануарлар ауырады, көбінде спорадия түрінде, кейде індет түрінде өтеді, белгілі бір аймаққа орын тебуі және кемірушілерге және көктемде келетін байланысы байқалады, қойда қыста маусымдылығы, жас төл мен буаз малдардың болуы.
Клиникалық белгілерінен ескерілетіндері: жүйкені закымдайтын және өлітиген түрлері, іш тастау, метрит және мастит.
Түбегейлі диагноз бактериологиялық зерттеудің нәтижесінде қойылады. Зертханаға жаңа ғана елген жануар өлексесін, не болмаса басын (миын), үлпершек ағзаларын, іш тастағандағы тастанды төлін, шарана қабын, жыныс мүшелерінен аққан сораларды жібереді. Материалды глицериннің 30% судағы ерітіндісімен консервілейді не болмаса суыққа қатырып тастайды. Патматериалмен қатар бактериологиялық тексеру үшін күдікті сүрлемді де жібереді.
Бактериологиялық зерттеу материалға сүйкелген шындағы жағындыны микроскоптау, қоздырушысыныңөсінін алып, ұқсас микробтардан ажырату арқылы іске асырылады. Биосынама үшін ақ тышқан, теңіз тышқаны, үй қояны алынады. Кортизон жіберу (жұқтырардан 4сағ бұрын бұлшық етіне 5 мг) ақ тышқанның листериоз қоздырушысына сезімталдығын арттырады. Үй қоянына көк тамыр арқылы жұқтырғанда қанында моноциттер саны көбейеді. Листериоздан өлген зертханалық жануарлар бауырында, көкбауырында, бүйректері мен дерек етінле көптеген телімдер болады. Листериялардың өсінін тышқаны мен үй қоянының көзіне тамызса кератоконъюктивит пайда болады (конъюктива сынамасы) .
Диагнозды тездету үшін поминистенциялық антиденелер әдісі пайдалынады. Листериозға тірі жануарды серологиялық әдіспен тексереді. Сонымен қатар, серологиялық тексеру жасырын микробалып жүрушілерді де анықтайды. Кешенді әдіспен литериозға диагноз қойылған шаруашылықта жануарларды жаппай серологиялық тексеру індеттік жайды толық айқындауға мүмкіндік береді.
Ажыратып балау. Листериозды бірқатар аурулардан ажырату керек. Зілді катарлы қызба жоғары температура, кератит, ренит, стоматит байқалады. Бруцеллез, грихомоноз, кампилобактериоз кезінде негізінен іш таста шу түспеу, орхит, эпидидимит байқалады, ал листериоздың белгілері одан гөрі молырақ, олардың ішінде ең алдымен көзге түсетіні- орталық жүйке жүесінің зақымдануы.
Ауески ауру өте жұғымтал келеді де, тез тарайды, ересек шошқаның ыстығы көтеріліп, тыныс мүшелері зақымданады. Колибактериозбен (домбығу ауруы) тек қана енесінен айырылған торайлар ауырады да, бас жағы домбығады. Ценуроз кезінде мида ценурус болады да, ауру ұзаққа созылады. Құтырықтың өзіне тән белгілері болады, құтырған мал өшпенділік көрсетеді, миында Бабеш- Негри денешіктері табылады. Листериозға диагноз қойғанда аралас инфекцияның болатындығын да ескеру қажет.
Иммунитет. Листериозбен аурып жазылған жануарларда иммунитет қалыптасып, қан сарысуында антиденелер пайда болады. Бірақ листериозға қарсы гипериммунды қан сарысуының, одан алынған глобулиндердің, ауырып жазылған жануарлардың қан сарысуының емдік, дауалық қасиеті жоқ, сондықтан, бұл ауруға қарсы иммунитет жасушалар әрекетіне негізделген деп есептелінеді.
1975 ж бастап, Казан ветеринария институтында алынған АУФ (ультракүлгін сәуле әрекет еткен А варианты) штамынан даярланған вакцина қолданылады. Сиыр, қой, шошқа бұл вакцинамен жылына бір рет тері астына егіледі. Иммунитет 10-14 күн өткенде қалыптасып, 1 жылға дейін сақталады. Күзен мен үй кояндарында вакцинадан кейін иммунитеттің ұзақтығы 6 ай.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz