Қолдан ұрықтандыру



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1.Асылдандыру
2.2.Асылдандыру және қолдан ұрықтандыру пунктеріне қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптар
2.3.Қолдан ұрықтандыру
2.4.Шәует
2.5.Шәует алу әдістері
III. Қосымша мәлімет
IV. Қорытынды
V. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Малды өз төлінен өсіру бүгінгі таңдағы ең қиын да әрі өте көп жұмсауды, терең білімді қажет ететін жұмыс.Малды күтіп - бағудың ережелерін сақтап, ғылыми тұрғыдан азықтандырып, организмде болатын физиологиялық, биологиялық үрдістерді дұрыс пайдаланып отырса, әрбір 100 бас сиыр мен құнажыннан жыл сайын 105-110 бұзау және жоғары сапалы өнім алуға болады.
Біздің негізгі мақсатымыз малды қысыр қалдырмай, одан мол өнім алудың теориялық негіздерінен білім берумен қоса, сол білімін тәжірибе жүзінде қолдана алатындай машықтандырып, шеберлікке үйрету.
Малдың жалпы жағдайынан басқа оның көбею, өсіп - өну органдарының физиологиясы мен анатомиясы, патологиялары жөнінде терең білім болмай, мұндай табыстарға қол жеткізу мүмкін емес. Малдың бедеу немесе қысыр қалу себептерін анықтап, ауруды емдеудің тиімді әдістерін қолдана білу керек. Ол үшін малдәрігерлік акушерлік және гинекология пәнін оқып үйренудің маңызы орасан зор.
1955 жылдан бастап мал тұқымын асылдандырып және қолдан ұрықтандыру жұмысын басқаратын арнайы мемлекеттік станциялар аудандарда, облыстарда құрыла бастады. Асыл тұқымды құнды бұқаларды, қошқарларды бір жерге топтастырып, оларды дұрыс пайдаланудың арқасында қысқа мерзімнің ішінде қойдың ондаған жаңа тұқымдары шығарылады, ірі қарадан, шошқадан да бірнеше жаңа қолтұқымдар шықты.

Негізгі бөлім
Мал тұқымын асылдандыру -- малдың тұқымдық сапасын жақсартуға, өнімділігін арттыруға бағытталған шаралардың біртұтас жүйесі. Ол малды зоотехникалық тұрғыдан бағалау, тиімді белгілеріне қарай таңдау, сұрыптау, жұптау, төлді дұрыс өсіру сияқты басты-басты жұмыстардан тұрады. Тұқым жақсарту ережелері биологиялық әсіресе генетика жетістіктеріне негізделеді. Асыл тұқымды мал зауыттары, асыл тұқымды мал шаруашылықтары, мал тұқымын асылдандыру станциялары мал тұқымын асылдандыру базалары болып саналады. Асыл тұқымды мал шаруашылықтарының басты міндеттеріне малдың өнімділік және тұқымдық қасиетін жақсарту, өздерін және басқа өндірістік шаруашылықтарды қамтамасыз ету үшін сапалы тұқымды мал өсіру жатады. Mал тұқымын асылдандыру жұмысын жетілдіруге бағытталған мемлекеттік шаралар тұқымдық мал көрмесін ұйымдастыру және мал тұқымдарын әр түрлі аймақтар мен облыстар бойынша аудандастыру болып табылады. Аудандастыру жоспарын жасағанда үш қағида басшылыққа алынады:
1) халық шаруашылығына қажеттілігі;
2) мал тұқымының биологиялық және өнімділік ерекшеліктері;
3) аймақтың табиғи-климаттық және экономикалық жағдайы. Өзге тұқымдарға араластырмай, таза күйінде өсірілген малдың бағалы қасиеттері сақталады. Mал тұқымын асылдандыру барысында аса бағалы асыл тұқымды мал алынып, белгілі бір тұқымдық топқа жатқызылады. Тұқымдық мал зауыттарында, станцияларында жаңа желілер, аналық ұялар, жаңа тұқымдар шығарылады. мал тұқымын асылдандыру жұмысында, мұнымен қатар, шағылыстыру гибридтеу әдістері кеңінен пайдаланылады.
Асылдандыру және қолдан ұрықтандыру пунктеріне, шәуетке және оның таратылуына қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптар
Асылтұқымды жылқыны, ірі қараны, ұсақ малды, шошқаны өсіру, оларды пайдалану ауыл шаруашылығының дамуында маңызды роль атқарады және жүргізілген жұмыстың қанағаттанарлық нәтижесі асылдандыру орталықтарында күтіп - бағылатын таза қанды өндірушілерді пайдалану деңгейіне байланысты.
Өндірушілерді күтіп - бағу және олардан шәует алу мемлекеттің белгіленген ветеринарлық - санитарлық талаптарға сай жүргізіледі. Шәуеттің сертификат көрсеткіші қоса табылады.
Мал шәуетін сату үшін мемлекеттік ветеринарлық қадағалау органдары және асылтұқымды мал шаруашылығы орталығы берген малдың тұқымына сәйкестігін дәлелдейтін құжат және идентификация сертификаты болу қажет. Асылдандыру орталықтарының жұмысы елдегі, аймақтағы шаруашылықтарға қызмет көрсетумен шектелмейді. Қазақстан Республикасының асылдандыру орталықтары өз өнімдерімен сыртқы нарыққа шығу үшін халықаралық талаптарды сақтау керек.
Ветеринариялық - санитариялық ережелер ауылшаруашылық малының ұрығын алуға, сақтауға және таратылуына арнайы құрылған асыландыру кәсіпорындарының, олардың қай ведомствоға қарайтынына және меншіктік формасына қарамастан сақталады.
2009 жылдың 17 маусым шығарылған бұйрық бойынша:
2-параграф. Асылдандыру ісі және қолдан ұрықтандыру пунктеріндегі малдарды сауықтыру бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
181. Кампилобактериоз диагнозы анықталған кезде асылдандыру ісі және қолдан ұрықтандыру жөніндегі кәсіпорын кампилобактериоз бойынша қолайсыз пункт деп жариялайды және шектеуді енгізеді.
182. Кампилобактериоз бойынша қолайсыз асылдандыру ісі және қолдан ұрықтандыру жөніндегі кәсіпорындардың барлық тұқымдық бұқаларын иммундайды.
Барлық тұқымдық бұқалардан ұрық алу тоқтатылады.
Жануарларға вакцина егумен қатар тұқымдық бұқаларға емдеу жүргізіледі.
Емдеуден және вакцина еккеннен кейін бір айдан соң арасына күнтізбелік 10 күн салып үш рет барлық тұқымдық бұқалардың ұрықтарына және күпек шырышына бактериологиялық зерттеу жүргізіледі.
Үш рет теріс реакция алынған кезде бұқаларды сауықты деп таниды.
183. Ауру бұқалардың қатты мұздатылған ұрықтарының барлық қоры жойылуға жатады. Шартты түрде сау бұқалардан алынған ұрықтардың қалған сериялары жануарларды кампилобактериозға бактериологиялық зерттеуден кейін оларды қолдан ұрықтандыру үшін қолданылуы мүмкін.
184. Кампилобактериоз бойынша қолайсыз асылдандыру ісі және қолдан ұрықтандыру жөніндегі кәсіпорындарда сауықтыру кезеңінде, санитарлық ахуалды жақсарту және ауруды таратуға жол бермеу бойынша іс-шараларды жүргізеді:
1) асылдандыру ісі және қолдан ұрықтандыру жөніндегі кәсіпорындарды, кампилобактериозға қарсы сауықтыру іс-шаралары кезеңiнде табынды жаңартуға арналған жас малмен толықтыруға жол берілмейді;
2) асылдандыру ісі және қолдан ұрықтандыру жөніндегі кәсіпорындарына түсіп қойған табынды жаңартуға арналған жас малды оқшау қорада ұстау және оларды тазарту және вакцина еккеннен кейін жалпы мал шаруашылығы қора-жайларына ауыстыру қажет;
3) бұқаларға вакцина егердің және тазалаудың алдында және емдеу курсы аяқталғаннан кейін барлық мал қораларға, аумақтарға, күтіп-бағу және ұстау заттарына толық дезинфекциялау жүргізеді. Кейіннен дезинфекциялауды күнтізбелік 10 күнде бiр рет жүргізеді.
185. Асылдандыру ісі және қолдан ұрықтандыру жөніндегі кәсіпорын жануарлардың барлық тобы бойынша ұрықтың және күпек шырыштың бактериологиялық зерттеулерінің үш рет (арасына күнтізбелік 10 күн салып) теріс реакцияларының негізінде ірі қара малды кампилобактериоз бойынша сауықты деп жариялайды.
Шәуетпен жұмыс істейтін арнайы асылдандыру кәсіпорын жұмысшсыларын кезекті медициналық тексеруден өткізіп тұру керек. Туберкулез, бруцеллез және адам мен малға бірдей, басқа да аурулармен ауырған адамдар, арнайы құрылған кәсіпорында жұмысқа жіберілмейді. Таза қанды мал өсіруде нәтижелі жұмыс болу үшін, өндіруші шәуетіне жоғары ветеринариялық талаптар қою керек. Елдің аймақтық ветеринариялық қызметінің бақылауында болған шәует асылдандыру кәсіпорынында жоғарғы құнды өндірушілерден алынған шәует өндіріске пайдалануға жіберіледі.
Қолдан ұрықтандырудың негізгі мақсаты - асыл тұқымды, құнды аталық малдан мейілінше көп төл алу, қысқа мерзімнің ішінде бүкіл малдың сапасын, өнімділігін арттыру, жаңа қолтумалар гибридтер шығару.Асыл тұқымды малдың шәуетін алыс елді мекендерге апаруға, басқа мемлекеттен сатып әкеліп қолдануға, шәуетті көп жинап алып, ұзақ уақыт сақтап қойып қолдана беруге болады.
Малды қолдан ұрықтандыру - ауылшаруашылық малдарының тұқымын зоотехникалық жолмен асылдандырудың негізі болып саналады.Мал қашыратын пунктерді алдын ала дайындайды, малды қолдан ұрықтандыратын техниктерді, қажетті жұмысшылар мен көмекшілерді, ұрық алатын малды, ұрықтандыратын аналық малды 1,5-2 ай бұрын дайындай бастайды, малдың қоңдылығы, күйі жақсы болса, ұрықтандыру нәтижесі жоғары болады. Қолдан ұрықтандыру кезінде қолданылатын аспаптар стерилбденген таза, малдың сыртқы жыныс органдары жуылып, сүртіледі, пункттің іші де таза, жұмысты бастамай тұрып, 0,5-1 сағат бактерицидті шамдардың сәулесімен зарарсыздандырылған болуы керек.Малды ұрықтандырған кезде мүмкіндігінше тыныштық сақталуы тиіс, малды ұрып-соғуға болмайды. Бөгде кісілердің жүруі, айғай - шу ұрықтандыратын малдың көңілін бөліп, алаңдатады, жатырдың тонусы төмендеп овуляция болмай қалады. Осының бәрі ақырында келіп қолдан ұрықтандыру жұмысының нәтижесіз қалуына әкеліп соғады. Малды қолдан ұрықтандыратын техниктің де күнде ауысып отырғаны дұрыс емес.
Малдың түлігіне қарай қолдан ұрықтандыратын шәуетті қынапқа, жатыр мойнына, жатыр денесіне, жатыр түтікшесіне, жас тұсақтарыды, қашарларды ұрықтандырғанда шәуетті көбінесе, қынапқа жібереді, ал ересектерін тек жатыр мойнына жіберу арқылы ұрықтандырады. Бие мен шошқаны ұрықтандырғанда шәует тікелей жатыр денесіне барып түседі. Құстарды қолдан ұрықтандырғанда шәуетті ұрық түтікшесіне жіберу әдісі қолданылады.
Қолдан шағылыстыру адам бақылауымен іске асады. Бұл малды жекелеп жұптастыру мен асыл тұқымдық жұмысты тиімді жүргізуге мүмкіндік береді; асыл тұқымды қошқарларды пайдалану жақсарады. Алайда қолдан шағылыстыру кезінде өте жақсы аталықтарды пайдалану шектеулі, өйткені оған көп еңбек шығымы қажет, аталықтар ауру жұқтырып таратуы мүмкін сондықтан қолдан шағылыстыруды мал басы аз жеке жұптау жүргізетін шаруалышықтарда пайдалану тиімді. Қолдан шағылыстыру кезінде күйге келген аналықтарды күйттеуші аталықтар көмегімен таңдап алады. Күйге келген саулықтарды оларға бекітілген қошқарлармен шағылыстырады.
Шағылыстыру үшін саулықты станокқа бекіткен дұрыс, аталық аналыққа күшпен итеріліп, секіргенде ғана ұрықтанған болып есептеледі. Бір саулыққа қайта-қайта аталықты секірту қажет емес. Бір рет алыпты секіру, ұрықтану үшін жеткілікті. Аталықты ұрықтандырғаннан кейін аталықты тұратын қоршауына, ал саулықты - ұрықтанған малдар қатарына қосады. Одан кейін дәл осы жолмен келесі саулық ұрықтандырылады. Аталық бәр тәулікте үш төрт саулықты ұрықтандыруы қажет, ал жақсы күтіммен күшті азықтандырудағы аталық үшін 5-6 саулық бекітіледі, секірту аралығы 1-2 сағаттан кем болмауы керек. Ұрық сапасын 5 күнде бір тексеріп отырады. Егер ұрық сапасы тұқыммен төмен болса, аталықты шағылыстыруға жібермей оған арнайы жақсы күтіммен толық құнды азық беріп, жағдайлар жасалады. Мұндай аталықтарды тек ұрық сапасы жақсарған жағдайда ғана шағылыстыруға жібереді.Шағылыстыру кезеңі мен ұзақтығы 1,5-2 ай. Қолдан шағылыстыру кезінде бір аталық 60-80 және одан да көп аналықты ұрықтандыра алады. Қолдан шағылыстыру аяқталғаннан кейін аталықтарды ұрықтанбай қалған саулықтар үшін, саулық табынына 25-30 күнге еркін шағылысуға жібереді.
Жасанды ұрықтандыру аналықтарды ұрықтандырудың нақты әдістерінің бірі болып табылады. Жасанды немесе қолдан ұрықтандыру асыл тұқымды аталықтарда неғұрлым көп пайдалануға мүмкіндік беріп, малдың өнімділік және асыл тұқымдық сапасын жоғарылатуға зор ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, бұл әдісті қолдану басқа ұрықтандыру әдістерімен салыстырғанда аналықтардың қысырлығына жол бермеудің бірден бір күресушісі. Бұл әдіс жыныс жолдары арқылы берілетін ауруларды алдын алады. Бірақ қолдан ұрықтандыру әдісі ғимарат, құралдарымен жабдықтап, реактивтер және қосымша жұмыс күшін қажет етеді. Сондықтан, бұл қажеттіліктермен кез-келген шаруашылық қамтамасыз етіле бермейді, ол тек мал басы аз фермаларда (500-1000 бас саулық) ғана қолданылады.
Қойды қолдан ұрықтандыру.Қойларды ұрықтандырудың тиімді әдісін таңдау нақты шаруашылық жағдайына байланысты, ондағы маманның шешуі бойынша жүргізіледі.Бұл маусымды, күзді күндері жүргізілетін жұмыс. Қой қашыру науқаны басталғанға дейін 1,5-2 ай бұрын қойды қозыларынан бөліп, жақсы жайылымдарға шығарады. Күйлеген қойды табу үшін күйіттеуші қошқарды 150-200 басты бөліп алып соның ішіне жібереді.
Күйлеген қойды арнайы станокқа бекітіп ұстап, оның құйрығын жоғары көтеріп сарпайын жуып сүртеді. Ұрықтандырушы техник станоктың арт жағында қазылған шұңқырға түсіп отырып жұмыс істейді.
Ұрықтандыру үшін жаңа алынған сұйылтылған шәует қолданылуы мүмкін. Шәуеттің қозғалу белсенділігі 8 балдан кем болмауы керек. Ұрықты визоцервикальді әдіспен жібереді, ол үшін жартылай автоматты шприц қолданылады.
Күйлеген саулықты арасына 10-12 сағат өткізіп екі рет, таңертен кешке қарай ұрықтандырады.
Жалпы қой ұрықтандыру науқаны 40 күнге созылады.

Сурет-1. Қойды визоцервикальді әдіспен ұрықтандыру.

Сиырды қолдан ұрықтандыру. Таңертенгі мезгілде, күндіз, аулада немесе жайылымда жүргенде, кешкі құрым малшы, сауыншылар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қолдан ұрықтандыру әдістерінің мәні және маңызы
Жануарды қолдан ұрықтандыруының техникасы
Сиырларды қолдан ұрықтандыру
Қойды қолдан ұрықтандыру
Сиырларға қолдан ұрықтандыру пункттерін ұйымдастыру
Ұрық алудың физиологиялық негізі
Еліміздегі қой шаруашылығы. Қолдан ұрықтандыру. Күтіп бағу
Ұрықтану. Жынысты жолмен сырттай және іштей ұрықтану
Мал азықтандыру
Күйіттеуші малдарды дайындау әдістері
Пәндер