Қазақ тіл ғылымының атасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Филология факультеті
Қазақ филология кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ тілін оқыту әдістемесі ілімінің негізін салушы ғалым

Орындаған: ҚТӘ-31 топ студенті Қуанышкереева А.Қ
Тексерген: профессор Қыдыршаев А.С

Орал, 2020 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. ҚАЗАҚ САНАСЫНЫҢ ШАМШЫРАҒЫ
1. 1 Ахмет Байтұрсынұлы өмірі мен қоғамдық өмірге араласуы
1.2 Ғалым, ағартушы, тілші Ахмет
2. Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ тілін оқыту әдістемесі ілімінің негізін салушы ғалым
2.1 Ахмет Байтұрсынұлы-әдіскер ғалым
2.2 Қазақ тіл ғылымының атасы
2.3 Ахмет һәм әдебиеттің әліп-биі
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе

Зерттеу өзектілігі.
Жанын сала ұмтылды.
Болашақтың таңына
Қиялдап қана қойған жоқ.
Май тамызып, от берді.
Ой-сананың шамына.
Иә, қиялдап қана қоймай, жанын салып ұмытылған болашақтың таңы мен ой-сананың шамына май тамызып от берген Торғай қырандарының бірі -- Ахмет Байтұрсынұлы.
Аса көрнекті ағартушы-ақын, ірі филолог-ғалым, қазақтың ұлттық тілі мен әдебиет зерттеу ғылымдарының негізін қалаушы, тағылымды аудармашы, танымал қоғамдық және саяси қайраткер, республикадағы мәдени құрылысты ұйымдастырушылардың бірі - заманында атақ-даңқы халық арасында аңызға айналып кеткен осынау асқан дарын, жан-дақты мол білім иесі адамның бойындағы асыл қасиеттер мен қабілеттердің бірсыпырасы осындай. Бұл кісіні қазақ халқының Абайдан кейінгі тарихындағы аса жарқын тұлғалардың бірі десек, ешбір асыра айтқандық болмайды.
Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармалары, саяси ағартушылық қызметі-ұрпақтар үшін қазыналы мол мұра деуге болады. Кеңес империясы дәуірінде Ахмет есімін атаудың өзін қылмыс саналса, еліміз тәуелсіздік туын тіккеннен кейін халқымыз өзінің ұлы перзентімен қайта табысып отыр.
Баспалар ақын, ғалым, зерттеушінің көп шығармаларын басып шығарды. Қазақстан өкіметінің арнаулы қаулысы бойынша республикамыздың әр жерлерінде мектептерге, көшелерге,Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Тіл білімі институына А. Байтұрсынұлының есімі берілді.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлы өмірімен, шығармашылық жолымен, тіл біліміне қатысты еңбектерімен жақынырақ танысу.
Зерттеу пәні: Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Зерттеу әдістері: А.Байтұрсынов және оның қазақ тіл біліміне қатысты жазған еңбектерімен танысу, жинақтау, қорыту, және жүйелеу, салыстырмалы талдау жасау.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттен тұрады.

1. ҚАЗАҚ САНАСЫНЫҢ ШАМШЫРАҒЫ
1. 1 Ахмет Байтұрсынұлы өмірі мен қоғамдық өмірге араласуы
Ұлттың ұлт болып жасамағаны үшін халық өзінің көсем боларлық перзенттерін туғызады. Олар тарихтың алмағайып шақтарында халқының басынан кешкен ауыртпалығын жеңілдетуге, оны өрге сүйреуге саналы ғұмырларын арнайды. Халқымыздың сондай көсем ұлы, әрбір қазақ тағзым етуге тиіс - Ахмет Байтұрсынұлы.
ХІХ ғасырдың жарқын жұлдыздары - Шоқан, Ыбырай, Абай салған ағартушылық - демократтық бағытты ілгері жалғастырушы, жаңа буынның төл басы, дарынды ақын, ірі ғалым, әрі журналист Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы қаңтардың 28-інде Торғай уезінің Тосын болысында туған. Алғаш рет ауыл молдасынын қара таниды. Содан бір күндерде жасөспірім баланың өмірінде өшпестей із қалдырып, оның кейінгі бүкіл тағдырына әсер еткен бір оқиға болады.
Жыңғылды деген жерде күздікке келіп отырған Шошақ ауылына ояз бастығы Яковлев қарулы жасағымен сау етіп келеді де болашақ ақынның әкесі Байтұрсын мен оның інісі Ақтасты тауып бермедіңдер деп бейқам отырған ел адамдарының басына қамшы ойнатып, жас демей, кәрі демей жұрттың бәрін дүрелей бастайды.
Жасынан өр мінезді болып өскен батыр тұлғалы, балуан денелі Байтұрсын отағасы бұл қорлыққа шыдай алмай, долырған төрені дойыр қамшымен тартып-тартып жібереді де, атынан сұлатып түсіреді.
Әрине, тентек ауылдың бұл қылығы аяқсыз қалмайды. Қаладан шыққан жазалаушы жасақ Шошақ ауылының тігерге тұяғын қалдырмай шауып алады да, бас көтерер еркектерін түп-түгел тізіп әкетеді. Басбұзар деп танылған Байтұрсын аға-інілерімен он бес жылға Сібірге айдалады.
Тірі жетім атанған он үш жасар Ахметті елде қалған ағайындары әке аманатымен Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесіне оқуға береді. Онда бес жыл оқып, сабағын үздік бітіріп шыққаннан кейін, қол ұшын беріп жәрдем етер жақыны болмаса да, оқудың дәмін тартқан жас талапкер Орынборға қарай бет алып, бір кезде Ыбырай Алтынсарин негізін қалаған төрт жылдық мұғалімдер мектебіне барып түседі.
Тұрмыстың тауқыметін тарта жүріп, шәкірт жігіт оқуын да ойдағыдай бітіреді. Халық мұғалімі деген атақ алып шығады. Сол кезде Ресейдің ішкі орталықтарындағы революциялық-демократиялық қозғалыстың ықпалымен шеткері ұлт аймақтарында да азаттық идеялары тамыр жайып, бұратана халықтардың сана-сезімі ояна бастаған-ды. Жасында патша әкімдерінің озбырлығынан жүрегіне шер болып қатқан кек келе-келе жүйелі саяси көзқарасқа ұштасып, зердесі ояу, жіті ойлы мұғалімді халық мүддесінің жоқшысына айналдыра бастайды. Ауылдық, болыстық, ояздық мектептерде оқытушы болып істеген он жылдың ішінде ол ағартушылық қызметті атқара жүріп, белсенді саяси күрескер ретінде қалыыптасады.
Бірінші орыс революциясы жылдарында Қарқаралы қалалық училищесінің оқытушысы Ахмет Байтұрсынов және басқа бір топ зиялы азаматтардың ұйымдастыруымен патшаның отаршыл саясатына қарсы халықтың жаппай шеруі өткізіледі. Тағы сол Байтұрсыновтың бастауымен халыққа демокатриялық бостандықтар берілсін, Қыр еліне автономия түрінде өзін-өзі басқарудың жаңа тәртіптері енгізілсін деген талаптар тізіліп, патшаның атына петиция жіберіледі.
Халықтың сана-сезімін оятып, бойына ізгілік дарыту, оны жағымсыз теріс мінез-қылықтардан арылту мақсатында қызмет етер деген ниетпен ол И.А.Крыловтың мысалдарын аударып, 1909 жылы Петербургте өзінің қаражатына Қырық мысал деген атпен жеке кітап етіп бастырып шығарады. М.Әуезовтің кейініректегі сөзімен айтқанда, қазақ халқының құлағына алғаш рет төңкеріс рухында естілген бұл өлеңдер тез уақыттың ішінде қолдан - қолға тарап,сол өңірдегі бұқара халықтың аузында Ахметтің атақ-даңқын асыра түседі.
Осындай анық революциялық қызметі үшін патша әкімшілігі А.Байтұрсыновты тұтқынға алып, сегіз ай бойы Семейдің түрмесіне қамап қояды. Сотсыз-тергеусіз өткен осы қапастан кейін ол қазақ жерінен тысқары қиырға жер аударылатын болады. Бұдан былайғы өмірі полициялық бақылауға алынады.
Сөйтіп, 1910 жылдың бас кезінде Ахмет баяғы өзі оқыған Орынборға келеді.Міне, осыдан былай қарай оның жалпы ұлттық баспасөз органын ұйымдастыру жөніндегі тарихи қызметі басталады. Қазақ атты тұңғыш бейресми газеттің алғашқы саны 1913 жылдың ақпанында жарық көреді. Аз уақыттың ішінде қазақ даласының түкпір-түкпіріне танымал болған басылымның тиражы 8 мың данаға жетеді. Сол кез үшін бұл өте үлкен цифр еді.
Жалпы ұлт мүддесін ту қылып көтерген газеттің алдына қойған ең басты мақсаты - қараңғылық пен саяси құқысыздықта мүшкілдік күн кешкен халық бұқарасын жақсы болашақ жолындағы күресте бірлікке шақырады, өнер-білімге, мәдениетке, прогреске үндейді. Осындай еркін ойлылығы үшін газет редакциясына патша цензурасы талай рет айып салады, редакторын абақтыға жабады, басқа да қуғындау шараларын қолданады.
Осы жылдары А.Байтұрсынов өзінің төл өлеңдерін де жеке жинақ етіп бастырады. Оған А.С.Пушкиннен, орыс және Еуропа әдебиеттерінің көрнекті өкілдерінен бірқатар аудармалар енгізеді. Маса деген тосындау атпен шығарылған бұл жинақтың негізгі көздеген нысанасы - маса болып ызыңдап, қалың ұйқыда қаперсіз жатқан халықты ояту болады.
Бұл кезеңде ел ішінде революция толқыны қайтадан өрлеп, оның жаңғырығы қазақ даласына да жетеді. Бірақ, өкінішке қарай, оқыған зиялылардың бірқатары ұсақ буржуазияшыл томаға-тұйықтық шеңберінен аса алмай қалады.Қазақ газетінің төңірегінде топтасқан жағы Ақпан революциясынан кейін Уақытша үкіметтің шылауында қалып, кадетшіл-меньшевикшіл бағдар ұстанады. Сөйтіп еңбекші халық бұқарасына иек артқан Ұлы Қазан идеяларын қабылдай алмай қалады.
Бірақ бұл адасушылық көпке созылған жоқ. 1919 жылдың бас кезінде-ақ социалистік революцияның шынайы азаткерлік сипатына көз жеткізген Алашорданың көптеген көсемдері Совет өкіметінің жағына шығады. Солардың алдыңғы қатарында Ахмет Байтұрсынов та бар еді.
1919 жылдың сәуірінде бұрынғы алашшыларға кешірім жарияланған күннен бастап А.Байтұрсынов өмірінде мүлде жаңа кезең басталады. Мұны шынайы революциялық құлшынысқа толы, аса мол қажыр-қайратпен суарылған, халық мүддесіне қызмет ету тілегімен шабыттанған кезең деп айтуға болар еді.
Қыр өлкесінің төтенше комиссары Әліби Жангелдиннің күш салуымен А.Байтұрсынов беделді большевиктер тобының құрамында Москваға аттанады.
Олар Лениннің қабылдауында болып, өлкеде Совет өкіметін орнату үшін уақытша құрылғалы жатқан қазақ әскери-революциялық комитеттің мүшелігіне енгізіледі. Революция көсемінің өз қолынан аса кең өкілеттігі бар мандат алып қайтады. Осыдан кейін дәл бір жыл өткенде А.Байтұрсынов РК(б)П қатарына өту жөнінде өтініш береді және оның бұл өтініші қанағаттарындырылып, бұрынғы Алаш партиясы көсемдерінің бірі енді Коммунистік партияның мүшелігіне қабылданады.
1.2 Ғалым, ағартушы, тілші Ахмет
Қазақ Автономиялы Социалистік Республикасы құрылғаннан кейін А.Байтұрсынов ағарту халық комиссары болып тағайындалады. Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитеті мен Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің мүшелігіне сайланады, одан соң Түркістан Компаниясы Орталық Комитетінің газеті Ақ жолда , Халық ағарту комиссариаты жанындағы Қазақстан академиялық орталығында еңбек етеді.
Өзінің ертеден бергі ағартушылық қызметін жалғастыра отырып, бұл кезеңде Ахмет қазақтың ұлттық әліппесін жасауға белсене ат салысады. Ана тілін зерттеу ғылымының негізін қалайды, әдебиет теориясы жөнінде тұңғыш оқулық жасайды. Бұл жылдары оның қоғамдық негізіндегі сан салалы қызметі қатар өрістеп отырады.
Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми - шығармашылық мұрасын негізінен үш үлкен салаға бөліп қарауға болады. Олар: автордың ағартушы, ғылыми, тілтану, әдебиетанудің алғашқы іргесін қалаушы ретіндегі еңбегі, ақындық және аудармашылық жұмыстары.
Білім совет тюркологы академик А.Н.Кононовтың Ахмет Байтұрсыновты көрнектітюркологтардың қатарында еске алып, оның қазақ алфавиттік жүйелеу, оқу құралдарын жасау фонетика мен грамматика саласындағы қазақ мәдениеті мен әдебиеті туралы зерттеулерінің маңызы туралы жазуы да тектен-тек емес.
Кейінгі қоғамдық және басшылық қызметтер атқарған кездерінде де Ахмет ғылым саласындағы жұмыстарын тоқтатпаған, ал 1923 жылы Москвада қазақтың эпостық жыры Ер Сайынды алға сөзбен, ғылыми түсініктемелермен бастырып шығарған.

2. Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ тілін оқыту әдістемесі ілімінің негізін салушы ғалым
2.1 Ахмет Байтұрсынұлы-әдіскер ғалым
Қазақ тілін оқыту әдістемесі - қазір ғылымның жеке бір саласы. Ғылымның осы саласында көш басында Ахмет Байтұрсынов туған. Басқаша айтсақ, қазақ тілін қалай оқыту туралы ғылымда тұңғыш рет сөз қозғаған, ол туралы алғаш ғылыми еңбек жазған, мақалалар жазған ғалым да - Ахмет Байтұрсынов. Сондықтан Ахмет Байтұрсынов қазақ тілін оқыту әдістемесі ілімінің ірге тасын қалаушы, негізін салушы деп айтуға толық болады. Ахмет Байтұрсыновтың әдіскерлігі туралы тұңғыш ағартушылардың бірі -ғалым Р.Сыздықова 1990 жылы жарық көрген "Ахмет Байтұрсынов" атты кітабында: "Ахмет Байтұрсынов қазақ тілін оқыту методикасының ірге тасын қалаушы болып саналады. Ол - қазақ тілінде дыбыс негізінде сауаттандыру әдісінің негізін салушы сауат аштыру, тілді оқыту методикасын жасауды міндетіне алған, бұл үшін "Баяншыны" жазған , - деп алғаш айтқан.
Ахмет Байтұрсынов - қазақтың тілі мен әдебиетін зерттеген үлкен ғалым. 1929 жылы 1 мамырда өз қолымен орыс тілінде жазған өмірбаянында: 1901 жылдардан бастап, бала оқытқан кездерден бос уақыттарымда, өз бетімен білімімді толықтырдым, әдебиетпен шұғылдандым. Ал Орынборға келгеннен кейін, ең алдымен қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім. Одан кейін қазақ алфавитін, емлесін ретке салып, жеңілдету жолында қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің әсерінен тазартуға әрекеттендім. Төртіншіден, қазақ прозасын жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтың сөйлеу тәжірибесіне икемдеу үшін, ғылыми терминдерді жасауға кірістім және стильдік өңдеу үлгілерін көрсетумен шұғылдандым...,-деп жазады. Бұл сөздер Ахметтің ғылыми жұмыспен қашан, қалай, қандай мақсатпен шұғылданғанын көрсетеді.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ балаларын ел қатарына қосылып, білім алуына 1896 жылдары көңіл бөле бастады. 1905 жылдары Ресей Кіндік үкіметіне жазылған петициядан, редакторы болып Қазақ газетін шығарып, оның бетінде мәселелер көтеруінен, қазақ балаларын ана тілінде сауаттандырып, әрі ана тілінде оқыту үшін жүргізген күресінен, ең соңғысы сол ана тілінде оқытатын оқулықтар жазуынан, халық ағарту кадрларын дайындап, жас қазақ интелегенциясы өкілдерін баулуынан танылады.
Ахмет Байтұрсынұлын үстіміздегі ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы қазақ қауымы көшінің рухани басшысы етіп танытқан - оның қазақ халқын іргелі жұрт қатарына қосу үшін жүргізген күресі және сол күресте ұстанған бір қаруы- ағартушылық идеясы болды.
Оқу-ағарту идеясы - Ахмет Байтұрсынұлының әлеуметтік қызметінің арқауы, азаматтық борышының негізі, идеологиялық платформасының тіреуі. Бұл платформаны мықтап ұстауға итермелеген - оның туған халқының тағдырын ойлаған қам-қарекеті.ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамы - жатқан отар ел болатын.Халқы үшін сол кезде бебеу қаққан ойшылдардың көзімен көріп, сөзімен айтқанда, бұл тұстағы қазақ халқы көгі қараңғы, көңілі ұйқылы, еспесі жоқ қайығы қалтылдақ, малы талауда, жаны қамауда болған қайран ел, қайран жұрт еді. Қазақ халқын әлеуметтік теңдікке, азаматтық мәдениетке жеткізетін, амал-әрекеттің бастысы түгел қазақты сауатты етіп, көзін ашу, наландық, өнерсіздік ата жолдасымыз болған соң, олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз - бәрі надандық екесапаты.
Халықты ағарту мектептен, баладан басталады. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ балаларының әйтеуір көзі ашылып, сауатты болуын ғана емес, тек ана тілінде сауаттануын , содан соң барып өзге ұлт мәдениетіне, тіліне қол созуды принципті талап етті. 1913 жылдың өзінде ол Қазақ газеті мінбесін пайдаланып, қазақ қоғамына оқу-білімнің қажеттігін халықтың экономикалық тұрмыс жағдайымен байланыстырып дәлелдейді. Ахмет бұдан 80 жылдай бұрын байқап-түйгендері, айтқан пікірлері дәл бүгінгі күні айтылып жатқан проблемаларымызбен үндес келеді. Қазақ жерінде өндіріс жоқ, шикізатын сатады, сол шикізатынан жасалған өнімді екі-үш есе қымбат түрде сатып алады.Бұл надандықтан келген кемшілік деп жазды Қазақ газетінде. Надандық деп отырғаны - халқының білім- ғылымнан қалыс келе жатқандығы. Қалыс қалуға үлкен себеп - қазақ жерінде мектептер аз, сол аз мектептердің өзінде мұғалімдер жетіспейді, ұлт кадрларын даярлайтын орындар жоқ дейді. Демек, қазақ халқы қараңғы дегенде, кінә халықта емес, сол қараңғылықтан құтқаратын мүмкіндіктердің жоқтығында екендігін алты миллион қазаққа алты ат жегіп, тарта алмады деп өкпелеу жөн бе! деп бейнелі түрдегі тілмен білдіреді.

2.2 Қазақ тіл ғылымының атасы
Ахмет Байтұрсынов қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі.Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақша дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ қазақ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды-жіңішкелі үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын, өзі қазақ жазуы деп, өзгелер Байтұрсынов жазуы деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады.
Сөйтіп, оқу-ағарту идеясына сол кезеңдегі қазақ интеллигенциясы жаппай мойын бұрды. Әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, ол әрекетті Әліппе құралдарын жазудан бастауды мақсат етті. Сол 1911-1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының баспаханаларында жарық көрген Мұхамедораз Нұрбаев, Мұстақым Малдыбаев, Закария Ерғалиев, тағы басқалардың Әліп-билері еді. Бірақ олардың көбі бірер басылымнан соң кең қолданыс таба алмады. Солардың қатарында шыққан А.Байтұрсыновтың әліппесі Оқу құралы деген атпен 1912-1925 жылдар арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым Әліп-бидің жаңа түрін жазды. Бұл осы күнгідей суреттермен безендірілген оқулықтар сияқты болды.
А.Байтұрсыновтың қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып-танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Осы тұста оның атақты Тіл-құрал атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтары дүниеге келеді. Тіл-құрал тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының іргетасы болып қаланды
Тіл құралдары - қазақ мәдениетінде бұрын болмаған құбылыс еді. Олар 14-15 жыл бойы қазақ балаларының бірнеше буынын тәрбиелеген, ана тілінің табиғатын танытқан қазақ тіліндегі басты кітаптар болды. Ахмет Байтұрсынұлының бұл кітаптарында тіліміздің бұған дейін зерттелінбеген, жүйеленбеген табиғатын ашып, оның фонетикалық, грамматикалық, стилистикалық жүйесі мен құрылымы дәйектелді. Тіліміздің дыбыстық жүйесін, лексикалық байлығын, сөз таптары мен сөз тұлғаларын, сөз қолдану мен сөйлем құраудың ерекшеліктерін танытқан көшбасшы ғалымның бұл еңбектері ана тіліміздің барлық негізгі заңдылықтарын қалыптастырды. Қазақ тілінің терминологиялық жүйесін жасаудағы ғалым еңбегі орасан зор. Байтұрсынұлы терминдері - тіліміздің термин жасаудағы байлығы мен бейімін, икемділігі мен әлеуетін ерекше байқатты. Оның терминдері қазақ тіл білімі саласында да, әдебиеттану ғылымы саласында да өміршеңдігін танытып, термин жасаудың кемел үлгісін көрсетіп, бүгіндері терминжасамның әдіснамалық, теориялық негізіне айналған.
Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеп, танып-білу тарихымызда А.Байтұрсыновтың Оқу құралы мен Тіл-құралдарының орны айрықша.
А.Байтұрсынов қаламынан қазақ тіліне қатысты жалғыз жоғарыда аталған екі оқулығы емес, өзге де құралдар мен кітаптар туындады.
Ахмет Байтұрсынұлы - тілді игертудің, тіл табиғатын түсіндірудің амалдары мен әдістері жайына да ден қойып, ұлттық әдістеменің де негізін салды. Оның Тіл жұмсар, Баяншы, Әліп-би астары кітаптары және мақалалары осы бағыттағы арналы ізденістерін, ұстаздың бай тәжірибесін көрсетті.Жазу таңбаларын (әріптерді) үйрету амалдарын түсіндіретін Баяншы атты кітапшасы 1912 жылы жарық көрген. Жалпы сауат аштыру әдістерінің жөн-жобасын Әліп-би астары атты методикалық еңбегінде тағы көрсетеді. 1927-1928 жылдары Жаңа мектеп журналында қазақ тілі методикасына арналған бірнеше мақала жариялайды.
Ахмет Байтұрсыновтың "Баяншы" атты еңбегі бастауыш сыныпта қазақ тіл- ін оқыту әдістемесінің ең тұңғыш үлгісі. Осы кітаптың алғы сөзінде оқытуға қатысты негізгі дидактикалық принципті айтқан. Ол - тіл оқытуда оқушының шамасы келетін нәрсеге үйретіп, оның оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру. Бұл дидактикалық қағиданы ғалым әдістеме жазуда негізгі ой қазығы еткен, әліппе, оқулық жазуда осы принципті басынан аяғына дейін ұстанған. Ахмет Байтұрсыновтың бұл пікірі 14 жыл мұғалімдік тәжірибесінің негізінде қалыптасқан. Оған осы еңбекке жазған алғы сөзі дәлел.
Ғалымның "Баяншы" атты әдістемелік еңбегі екі бөлімнен тұрады. I бөлім "Қазақ тіліндегі дыбыстар һәм олардың жазу белгілері" деп аталады. Әдісте- менің II бөлімі "Дыбыспен жаттығу" деп аталады.
Еңбектің I бөлімінде Ахмет Байтұрсынов қазақ тілінің дыбыстық құрамы туралы мағлұмат береді. Бұл - әліппеде бар мәлімет. Бірақ ол замаңда қазақ тілінің дыбыстық құрамы әлі ғылыми тұрғыда дәлелденбеген мәселе болған. Мұғалімдердің ол туралы білімі де шамалы екені сөзсіз. Араб алфавитінде қазақ тілінде жоқ дыбыстардың талай әріптері жүрді және ол туралы автор- ларда пікір алалығы да ұшырап отырады. Сондықтан Ахмет Байтұрсынов бұл мәселеде мұғалімдерге толық дерек беруді көздеген. Ол тікелей әдістеме мәселесі болмағанмен, мұғалімнің оқыту обьектісін анықтап қоюды көздегені дұрыс деп санаймыз.
Сонымен бірге ғалым алфавитте осы дыбыстардың қалай белгіленгеннен мұғалімге мағлұмат беруді көздеген. Бұл оқулықта автор қазақ тіліне тән дыбыстардың ерекшеліктері мен жазу белгілеріне арнайы сөз арнаған. Қазақ тіліндегі дыбыстардың ішіңде Ғ мен Қ, Г мен К, Е дыбыстарынан басқалары бірде жуан, бірде жіңішке айтылатындығын көрсете келіп, Ахмет Байтұрсынов оның әрқайсысына жуан, жіңішке таңба белгілейтін болсақ мысалы, Т -.Ь.^.Ог^.іСг.сЬ^ сықылды: онда 19 дыбыс үшін 38 дыбыстың белгісі керек, оған жуан айтылатын ғ мен қ-ны, жіңішке айтылатын г мен к, е-ні қоссақ, бәріне 43 белгі керек екендігін баяндайды. "Ал араб алфавитінде 43-ке жететін әріп жоқ" дейді автор.
Мұндай көп әріптіліктен Ахмет Байтұрсынов құтылу жолын тапты. Оның ойынша, дауысты дыбыстар сөздің жаны есебінде де, дауыссыз дыбыстар сөздің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларының тарихи маңызы
Ғалым, ағартушы, тілші ахмет
Ахмет Байтұрсынұлының поэзиясы
А.Байтұрсынов – қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салушы туралы
Ахмет Байтұрсынов қазақ тілтану ғылымының атасы
Алаш зиялыларының оқу-тәрбие үрдісіне қосқан тәрбиелік үлесі
Әбділда Тәжібаев - әдебиетіміздің ірі тұлғасы
Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық көзқарастары
Махмұд Қашқаридің өмірі мен шығармашылығы
Ахмет Байтұрсыновтың еңбектері
Пәндер