Абай жолы эпопеясының тілі - Абай шығармалары тілі мен ортақтастығы, әсері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Реферат

Тақырыбы: М.Әуезовтің әдеби тілді жан-жақты дамытуға қосқан үлесі. М.Әуезовтің Абай жолы эпопеясының тілі. М.Әуезов шығармаларының тілін зерттеушілер



Орындаған: Қуанышкереева А.Қ
ҚТӘ-31 тобы



Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1. М.Әуезовтің әдеби тілді жан-жақты дамытуға қосқан үлесі.
2.М.Әуезовтің Абай жолы эпопеясының тілі.
3.М.Әуезов шығармаларының тілін зерттеушілер
ІІІ.Қорытынды

1. Мұхтар Омарханұлы Әуезов өмір бойы өз ұлтының рухани мұрасын, мәңгілік құндылықтарын, мәдениеті мен әдебиетін байытудың жолдарын қарастырумен болды. Солардың бірі - тіл тазалығы, яғни әдеби тіліміздің байлығы. Өз ұлтының рухани қазынасы сөз өнерінде екендігін білген Мұхтар Әуезов өз уақытында қазақтың әдеби тілі туралы көп жазды. Айталық, бұған Қазақ әдеби тілінің кейбір мәселелері жайында, Некоторые вопросы развития казахского литературного языка, Көркем әдебиет тілі туралы, О значении русского языка для нашего народа, т.б. мақалалары мен зерттеулерін жатқызуға болады.
М.Әуезов Жазушы өз дәуіріндегі әдебиет тілін өсіруге, саралауға, шеберлендіруге міндеткер. Романдар оқушыға тіл де үйретеді, өз тілінде кенеулі ой таратып, көрікті, шешен, шебер сөйлеуге баулиды деген қағиданы ұстанған. Өз замандастарынан, әріптес қаламгерлерден кейіпкерлерінің әртүрлі сезімдік жағдайларындағы көңіл-күйлерін, ой толқыныстарын, дауыс ырғағын, психологиялық тартыс пен тайталастарын тек өзінің тілдік өрнегімен және стильдік, көркемдік құбылыстарымен ерекшелендіріп бергенде ғана нағыз кәсіби шеберлікке жете алатынын айтып, соны күтетін-ді. Әлбетте, мұнда әдеби тілдің атқарар көркемдік қызметі зор екендігі мәлім. Әрбір саналы адам, ең алдымен ана тілін ардақтай білуге міндетті деп түсінген жазушы Ана тілін, әдебиетін сүйіңдер деген мақаласында: өз тілін, әдебиетін білмеген адамды толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ болады деген мәселені қояды.
Мұхтар Әуезов мұрат тұтқан, арман еткен ана тіліміздің тазалығы әр - қайсымыздың ар-ұятымызға, ұлттық намысымызға байланысты екендігін ескерсек екен.
Мұхтар меңгерген қазақ тілінің сұлу да бай, құнарлы да қазыналы әдеби тіл байлығының етегіне жармасуға жара - майтын шалағай шығармалардың көбеюі де оның ой қазынасына жиі жүгінбеуден де болар. Мұхтар мұрасын жиі-жиі ақтарып, тіл байлығына тұщынып, тамсанып, тілі шықпаған баладай тұтығып, қайта-қайта телмірсек, мүмкін, әдеби тіліміз бүгінгідей бүлінбес пе еді, кім білсін. Мұхтарға қарай бет бұру ол үшін, өзіміз үшін керектігін кейде көкейде ұстап, оның көркемдік ойлау жүйесіне көз салуды жиілетсек, шеберліктің шыңына жетпесек те шашбауын көтеруге жарайтын сыңайлымыз. Әлемді мойындатқан Әуезовтің әдеби тіл әлемі әуелеп қазақ - тың сөз өнерінің қоржынына қайта қонар ма, қайтер еді?..
Сондықтан да бізге бір ғана Мұхтар Әуезовтің бүкіл көркем шығармалар ті - лін толық қамтыған сөздік жасау жалғыз әдебиеттану ғылымының ғана емес, жалпы қазақ ұлттық руханият саласындағы кезек күттірмес көкейкесті мәселеге айналғалы тұр. Мәселен, 1979 жылы М.Әуезовтің Абай жолы эпопеясының жиілік сөздігі деген еңбекте 4 томдықтағы жеке атау сөздерінің саны 16983-ке жеткенін анықтап бергенде төбеміз көкке жетіп мақтанып, бір жасап қалған едік. Бұл ғылыми фактіні барлық жерде алға салып, мерейіміз өсіп, мақтаныш ететініміз де рас. Өйткені әлемдік деңгейдегі әйгілі классиктер Шекспирдің барлық шығармаларында 18000, ал атақты ақын А.С.Пушкиннің бүкіл академиялық жинағында 22000 жеке сөз қамтылғанын ескерсек, біздің ана тіліміздің байлығын айдай әлемге Абай жолы эпопеясының жиілік сөздігі тағы бір нақты ғылыми әрі әдеби дерек ретінде дәлелдеді емес пе?
Мұхтар Әуезов - өзімен бірге бүкіл қазақ әдебиетін, ұлттың сөз өнерін өрге сүйреген, әдеби тілімізді әрлеп, байытқан жазушы.М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының, оның бір бөлімі болып отырған Әуезов үйі ғылыми-мәдени орталығының ғана емес, жалпы қазаққа қажет дүние екендігі мәлім.
Тағы бір ортаға салар ой, қазіргі қазақтілді ғылыми, әдеби, танымдық зерттеу ма - қалаларда жартысы орыс ұғым - да - ры, термин - дері, түсініктері толып жүреді. Ал Алаш қайраткерлері солар - дың бәрі - нің бала - масын тауып, ғылым тілін таза қа - зақ ұғымына көндіріп, үлгісін жасап кет - ті емес пе?! Демек, бәрі сол білім - ді, саланы құлағын ұстаған кәсіби маман - дар - дың ұлт - жандылығына тікелей байла - ныс - ты.
М.Әуезовтің Ғылым тілі (научный термин) деген мақаласындағы: ...Қазақтың оқуын Европа жолына салғанмен қазақтың түріктен алыс - тап кете қоюына кімнің көзі жетеді? Жұрттың рухы бірігуде тұрса, саясат ыңғайы жұрт рухының сол күйіне қарап бет алатын болса, оқу ісі, оның ішінде ғылым тілі еш уақытта алыстатып әкете алмайтынын біздің ұғуымыз керек деген сөзінде үлкен мән жатыр.
Расында да, М.Әуезов - біздің көр - кемдік ойлау жүйесін әлемдік биікке көтеріп, даңқын дүниежүзіне танытқан тұлға. Осы орайда талантты жазушы - Тахауи Ахтановтың Сөз сиқыршысы деген естелігіндегі: ...Әуезовтің тағы бір ерлігі - қазақ тілінің барша сұлулығы мен құдірет-күшін бүкіл әлемге танытып бергені. Ол өз ана тілінің тек мазмұн байлығын ғана емес, үн байлығын, әуез байлығын да жайып салды. Әуезов нағыз сөз сиқыршысы еді, ол талай өлі сөздерге өмір берді, ол құраған сөз тіркесінде сезіміңді жалын боп шарпитын от шашырап тұратын-ды деген сөзі әдеби тіліміздің мол мұрасын өзінің өрнекті тілімен, бітімі бөлек бейнелі сөздерімен байытқан ұлылығын ұқтырады деген екен.
Әуезов - қазақ әдеби тілін дамытуға орасан мол үлес қосқан, реформатор суреткер. Әуезов қазақ тілінің негізгі сөздік қорын жеріне жеткізе пайдаланады. Мақал-мәтәлдерді, айқышты сөздерді, фразаларды бағды күйінде ала салмай, оларды өз мақсатына орай жаңғыртып, жайнатып, қайтадан құйып шығарды.
2. Абай жолы эпопеясының тілі - Абай шығармалары тілі мен ортақтастығы, әсері. Абай шығармалары халықтың ауызша және жазба ескерткіштерінде сақталған көне қазақ мәдениетінен, шығыс мәдениетінің ұлы шығармаларынан - тәжіктің, азербайжанның, өзбектің классик, поэзиясынан, орыс сол арқылы Еуропа мәдениетінен нәр алған. М. Әуезов көрсеткен осы үш ұлы қайнар бұлақтың ізі оның өз шығармаларында да, әсіресе, Абай жолында сайрап жатыр. Жазушы сөздік жағынан менің романдарымның Абай өмір сүрген тарихи дәуірге сәйкес ерекшеліктері мол. Оның үстіне мен Абайдың өз шығармаларының сөздік қорынан да мейлінше пайдаландым[1] дегенді сірә кемеңгер ақынмен өз арасындағы сол рухани ортақтықтан шығарып айтса керек. Абай шығармаларында да, эпопеяда да халқымыздың 19 ғасырдың 2-жартысындағы өмірі суреттеледі. Абай да, Әуезов те сол кезеңдегі көне қазақ мәдениетін, яғни халық тілі байлығын, әсіресе, ондағы байырғы құбылыстарды, шешендік нақыл сөздерді, мақал-мәтелді, билер айтысындағы түрлі көне және дәстүрлі сөз қолданыстарды, афоризмдік орамдарды, аңшылыққа, халқымыздың тақпақ пен тапқыр жауаптарында қалыптасқан ежелгі тілдік дәстүрді, ас беруге, қыз ұзатып келін түсіруге, өліктің артын күтуге, той-томалақ түрлеріне, әр алуан этнограф., заттықаласырухани мәдениетке байланысты лексик. қабаттардың қай-қайсысын да қажетінше қамти пайдаланды. == == Абай заманында Орта Азия мен Араб шығысының классик ақындарының шығармалары кеңінен тараған. Бұларды, яғни шығыс мәдениетінің ұлы шығармаларын - Рудаки шығармалары тілінің данышпан қарапайымдылығын, Фирдауси ғазелдеріндегі әуезді ырғақты, Низами мен Руми жырларының өн бойынан айқын сезілетін дыбыстық, сондай-ақ, жеке сөз түріндегі қайталауларды, синтаксистік егіздеулерді, ассонанс пен аллитерациялық тәсілдер, Сағди мен Хафиз өлеңдерінің сырт әуенділігі мен саздылығын барынша жетік білді. Шығыстың көркем сөз өнерінде кеңінен тараған садж, тавзе, ил-тизом, таносуб, иштиқоқ тәсілдерін өздерінің шығармаларында Абай да, Әуезов те жиі пайдаланды. Олардың тіліндегі садж тәсілінің, яғни жеке лексемалардағы дыбыстық қайталаулардың, ырғақты сөз орамдарының кейбір үлгілері, мыс., төмендегідей:
Сорлы асық (сарғайса да), сағынса да,
Жар тайып, (жақса сөзден) жаңылса да...
Қысқа күнде (қырық жерге) қойма қойып...
Қажымас (қайта айнымас) қайран тату...
Қар тепкенге (қажымас) қайран жылқы...
Тәңір сақтар (табандап) тап ұрса да...
Арсыз адам (арсаңдап) арсылдайды...
Ақылды деп (арлы деп) ақ бейіл деп...
Қайран көңіл (қайыспай) қайрат етті...
Жылы жүзбен (жұлдыздар) жылжып жүріп...
(Абай)
Оразбай тағы асқындай түсіп айып тіледі... Жасыра түсіп жалтара сөйледі... Ақыра зекіп айдап салды... Күңгірт сөзін күмілжіп аяқтады... Тайдай тарлан талып түсті... Қаптай келіп қайғы қосты... Өжет топты өлердей жазғырып... Талай жанды таң қылған, ойда жоқ оқыс іс болды... Екшеліп шығып екпіндей қуатын, айнымас топтар айқынданып қалды... Енді соңғы үмітін соған артып, қалың ел қауырт жүретін... Күз аспаны күңгірт, айнымалы ала бұлт... Тұтқында томаға астында, алмас жүзі ашаң тартқан; қызыл балақ қыран еске түсті. (Әуезов).
Абай өлеңдерінде, эпопеяда жоғарыдағы тәрізді дыбыстық қайталаулармен қоса жеке сөз түріндегі қайталаулар да кездесіп отырады. Негізгі ойды ұстап тұрған сөзді бұлай екі рет немесе бір рет көп қайталап қолдану әдісі шығыс әдебиетінде жалпы әріден келе жатқан көне құбылыс. Көркем тіл тәжірибесіндегі қайталаудың мұндай түрін илтизом тәсілі дейді. Рас, илтизом тәсілі поэзиядан гөрі прозада жиірек ұшырасады.
Көп жасамай, көк орған, Жарасы үлкен жас өлім. Күн шалған жерді тез орған, Күншіл дүние қас өлім. Артына белгі қалдырмай, Бауыры қатты тас өлім. Жыламайын десе де Шыдарлық па осы өлім... Қойдан қоңыр, жылқыдан торы Бәкең, Адалдыққа бар елдің зоры Бәкең. Ұры-қары көбейіп, к... шөмейтіп, Неге болды бар елдің қоры Бәкең... Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын, Түбін ойлап, уайым жеп айтқанмын. Ақылдылар арланып ұялған соң, Ойланып түзеле ме деп айтқанмын...
(Абай)
Жастығын, шексіз шат жастығын қайта тапты. Сағынып, сүйсініп тапты. Сүйткенше сырттан Оспан кіріп келді. Кішкене інісі. Ауылға келгелі көп сұраса да көре алмаған тентек, содыр інісі... Бұның себепшісі - Әбіш. Екі жылдан бері ата-ана, аға-бауыр ерекше тосып отырған Әбіш.
(Әуезов)
Абай жолында тіркес ыңғайындағы қайталаулар да ұшырасады: Сол кеште шашырай тараған жастар топтары еркін, әсем ән шырқады. Осындағы сол кеште тіркесін келесі бетте жазушы бірнеше рет қайталайды: Сол кеште Әнетке қарай беттеген Базаралы ат үстінде ән салып келе жатқан Балбаланың сымбатты сұңғақ бойына, қыпша беліне тамашалай қарайды. Сол кеште Керімбала мен Оралбай қосылып ән сәндейді. Сол кеште, жарық айлы сырқұмар кеште, көп жолдастың қоршауында келе жатып, Әмір мен Үмітей саз қосады. Сол кеште, үлкен өнер, әсерлі әнмен қоштасар кеште... Әйгерім ән шырқап отыр. Абай жолының 2-кітабының эпилогындағы мұндай қайталаулар бұдан да көлемді, бұдан да күрделірек. Ол эпопеяның өн бойынан кездесіп отыратын сан сала тілдік қайталаулардың барлық сипатын жан-жақты танытарлықтай, солардың бәрінің жиынтық ерекшелігін аңғартарлықтай, жалпы илтизомдық сөз қолданыстың Әуезов шығармаларындағы көрінісін барынша сарқып, топтап көрсетерліктей. Ақшоқыда туған өлең, өлең мен ән сан саналы жырлар көшіріліп жатталып, әуендеп толқып тарап жатты. 2-кітаптағы эпилог осылай басталады. Осы сөйлем сәл ғана өзгеріспен эпилогтың әр тұсында тағы төрт рет қайталанады: Ақшоқыда туған өлең, өлең мен ән жатталып, көшіріліп әуендеп толқып Ералыға жетті. Ақшоқыда туған өлең, өлең мен ән көшіріліп жатталып Мұхаметжан әуенімен Ұлжан аулына жеткен еді... Ақшоқыда туған ән жатталып, сол күндердің кешінде ұйқысыз жатқан Құнанбайдың құлағына жетті... Ақшоқыда туған өлең, өлең мен ән жатталып, әуенге қосылып, кең атырапқа тарап жатты.
2-кітаптың ең ақырындағы осы сөйлем 3- кітаптың соңын ала, араға тура төрт жүздей бет салып тағы кездеседі. 4-кітаптың орта тұсында да қайталанады. Сөйтіп,Абай, Әуезов
шығармаларындағы осы алуан құрамды илтизомдық сөз қолданыстардың шығыс әдебиетіндегі көне тілдік дәстүр мен халқымыздың бүгінгі көркем сөз өнері арасындағы жалғастық айқын көрінеді. Абай мен Әуезов өздерінің шығармаларында таносуб тәсілін де пайдаланады, яғни бір-бірімен мағыналас ұғымы өзара жақын сөздерді қат-қабаттап қосарлап, үстемелеп қолданады: сұм-сұрқия, қу заман айбаттайды, даттайды, қырмызы, қызыл жібек бозбалалар; шабан, шардақ және шау; сыбыр, өсек дегенді сырттай жүріп (Абай). Шабуыл-шаңдуыл, әмір-бұйрық, әмір-құдірет, шолақаласышолтырақ, шағым-арыз, қамау-қоршау, қостаушы-құптаушы, бөгет-аяң, тор-шырға, байлықаласыбарлық, тең-тұсы, саяқаласысандырақ, бейіс-райыс-шафқат, бұлік-бұзақы-қанқұйлы, ақша-пұл, күміс-қазына (Әуезов). Ал иштиқоқ тәсілінің (яғни түбірлес сөздерді жағыстыра, жанастыра қолданудың) ақын тіліндегі, Абай жолындағы кейбір үлгісі мынадай:
Керенау кердең, бір керім... Сәнқой, даңғой, ойнасшы, керім-кербез... Шалықтап, шалқып, шашпай ма... Сендіре алмай, сене алмай сенделеді... Есер, есірік болмасаң.
(Абай)
Қызықты, қызуды, қыздырманы ғана айтатын күлкіші, сауықшыл Барлас емес... Базаралы көңілін алаң етерлік оның ынтық, ынтызар сөзі... Абай өзінің сүйіп-сүйсініп берілетін еңбегінің соңында... Барлық күтуші қызметші атаулының баршасы тамашалап қарап қалысты... Көкшенің қарт-қариясы Қаратайдікіне келген.
(Әуезов)
Ежелгі шығыс әдебиетінің, әсіресе, поэзиясының тіліне тән тағы бір басты ерекшелік - анықтауыштық сөз тіркестерінің жиі ұшырасатындығы. Әдетте мағына жағынан өзара қосақтап айтуға, басын біріктіруге келе бермейтін, ұғымы әр түрлі екі, кейде үш сөзді бір-біріне бұлай тели жұмсау - Абай мен Әуезов шығармаларындағы тіл ортақтастығының тағы бір көрінісі:
Қызыл балақ қыранның... Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе... Қараңғы саңырау қайғы ойды жеңген... Жапырағы қуарған ескі үмітпен... Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек... Асау жүрек аяғын шалыс басқан... Епке көнер ет жүрек... Ызалы жүрек, долы қол... Жастықтың оты жалындап Жас жүректе жанған шоқ.
(Абай)

Абай мен Әуезов шығыстың көркем сөз тәжірибесінде кең тараған тавзе тәсілін де осылай шебер пайдаланады. Екеуі де жеке сөздердің дыбыстық құрамы жағынан өзара әуезді болып келуіне қатты мән береді. Мыс.,
Әсемсіп сәнсіп, Білгенсіп бәлсіп Әр нәрсенің орынын... Үкі тақтық, Күлкі бақтық Жоқ немеге сүйініп... Алса қоймас Араны тағы тоймас,
(Абай)
Шынында ақын мен жазушының осындай ортақ бағыт ұстанғаны шығармаларынан да айқын сезіледі. Қазақ тілі заңдылығына сай, орыс тілінің ықпалдығымен жасалған қонымды үлгілер, көркем шебер істелген қорытпалар қайқайсысынан да кездесіп отырады. Жас жүрек жайып саусағын Талпынған шығар айға алыс... Мен көрдім кектің ғажап жасалғанын, Жер ұйықтап, көкшіл шықпен бу алғанын... Қонады бір күн жас бұлт Жартастың төсін құшақтап... Кавказдай құзда туған перзенттенмін, Бұлттың сүтін ішіп ержеткенмін... Жасырмай жастықпенен, нанғыштықпен Айтыпты шыншыл тілің бар іңкәрін...
Құнанбай өзінің кәрілік оңашалығында осындай бір орынды өзі де көксейтін... Жұқалау, қып-қызыл еріндері мінсіз, кінәсіз тазалықпен тыныс алады... Анау көрініп тұрған төскейдің сай-саласы, бие бауы, ауыл қонысы, қой өрісі - барлығы да соншалық таныс, жақын... Қыздар кіргенде, Әбіш скрипкасын тоқтатып, жаңа келген сыпайы топқа тәрбиелі ілтипат білдірді... Смирнов подполковник чиніндегі ісшіл, ширақ адам болатын. (Әуезов)
3. М.Әуезовтің шығармашылық мұрасының күрделі де ажырамас бөлігін құрайтн 20-жылдардағы әңгімелерінің зерттелу тарихын қарастыру арқылы қазақ әңгімелерінің даму, көркею, жаңа сапаға көтерілу сипатын анықтарымыз белгілі.
Әдебиеттің қадам алысымен бірге әдеби сынның да қалыптаса бастағаны аян, бұл ретте М.Әуезовтің де баспасөз арқылы төл әдебиетіміздің сол күнгі даму үрдісі жайындағы толғамдарымен оқырманмен бөлісіп отырғанын айтқан ләзім. Бұл жылдары прозаның алғашқы үлгілерін жасаушылардың алдыңғы легінен көрінген М.Әуезовтің де төлтума шығармалары нысанаға алынын жетістік, кемшілік жақтарын таразылау басталды.Суреткердің көркемдік әлеміндегі алғашқы тәжірибелері, шығармашылық ізденісі мен суреткерлік даралығы ХХ ғасырдың 20-жылдарында-ақ жазылып, айтыла бастады. Жазушының өзі жайлы баспасөзде жарияланған еңбектің басы Сарыарқа газетінде басылды, Игілікті іс деп аталатын мақалада Ойқұдықта Еңлік-Кебек пьесасының қойылып, оны М.Әуезовтің ұйымдастырғаны айтылған. Бұл мақала жазушы жайлы жазылған талай толымды еңбектің төлбасы болуымен де аса құнды Мақала жазылған уақыттан бүгінгі күнге дейін Әуезов шығармашылығы турасындағы ғылыми еңбектер тізімі артып, әуезовтану саласы кең қанат жая өркендеді.
Жазушы шығармасына қатысты баспасөз арқылы Ж.Аймауытов , Ж.Орманбайұлы, Д.Ысқақов, С.Сәдуақасов, М.Қаратайұлы, Ғ.Тоғжанов сынды сол тұстағы әдебиет қамқоршылары өзіндік түйіндеулерін ортаға салған. Қазақ сынының басы, М.Әузовтің Бәйбіше-тоқал пьесасына талдау жасалған Қорғансыздар мақаласының авторы Д.Кәкітайұлы шығармаға ой кезімен қарап, орнықты пікір білдіреді. Турлі ұсақ кулық, жіңішке айла, екіжүзділік, опасыздық, қиянатшылдықтардың жасырын ішке тыққан найзалардың бақталас, бәсекелердің түрлі тарау байланыстарын ашық түрде кестелей шешуден һәм тілмен айтылған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай жолы шығармасы тілінің лексикологиялық ерекшелігі
Ғалым еңбектеріндегі қазақ әдебиеттануының мәселелері
Абай поэтикасының Абай жолы эпопеясында әлеуметтік, теңсіздік мәселелері
ӘДЕБИ СЫН-ЗЕРТТЕУ ЕҢБЕКТЕРІН ОҚЫТУ
Қазақ әдебиеті және Зәки Ахметов
Әуезов және Абай
Абай шығармашылығы - адамзат даналығының таусылмас қазынасы
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Мұхтар Әуезов тағылымы
М.Әуезовтің Абайтану саласындағы ғылыми еңбегі
Пәндер