Құқықтың шығу теориялары
Кіріспе
1. Құқық түсінігінің теориялық негіздері
1.1 Құқықтың шығу теориялары
1.2 Құқықтың белгілері
1.3.Құқық қағидалары
2. Құқықтағы мақсаттар мен құралдар
2.1.Құқықтың мақсаты, түсінігі, түрлері
2.2. Құқықтық құрал: ұғымы, белгiлері, түрлері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Құқық әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен бірдей
пайда болады, көп жағдайда олар, бір – бірінің тиімді әрекеттерін
қамтамасыз ету үшін қажетті. Мемлекет, құқықсыз, сол сияқты құқықта
мемлекетсіз өмір сүре алмайды (саяси билікті ұйымдастырады, нағыз
мемлекеттің саясатын жүргізетін құралы ретінде көрінеді). Мемлекет заңды
нормаларды белгілейді, қолданады кепілдік береді. Тек мемлекет
органдары ғана құқықтық ұйғарымның орындалуын тексереді, орындалмаса соған
сай заңды жаза қолданады.
Құқықтың нысанына (шығуына), құқықтық нормалардың көріністерін
бекіту жолдары жатады. Құқықтың шығу жолдары, заңды нормалардың сыртқы
көрініс нысандарын белгілеу үшін қолданылатын арнайы құқықтық атау.
Құқықтық негізгі нысандарына (қайнар көздеріне) мыналар жатады:
құқықтық әдет-ғұрып, заңды прецедент (сот практикасы), нормативтік –
құқықтық акт.
Құқықтық нормалар актілерін жіктеу, әртүрлі негіздерге байланысты
іске асырылады: заңды күшіне, мазмұнына, көлеміне және әрекет сипатына,
субъектісіне оларды шығарылуына байланысты болады.
Заңды күшіне байланысты, барлық нормативтік - құқықтық актілердің
заңды күштері оларды жіктеудің ең маңызды белгісі. Мемлекеттік
нормативтік реттеудегі олардың орнын және жалпы жүйдегі маңыздылығын
белгілейді
Курстық жұмыстың мақсаты – құқықтың түсінігі мен қағидаларын және
мазмұнын зерттеп, оның мазмұны мен мүдделі міндеттерін ашу үшін әдебиет
көздерін, мәліметтер мен деректерді, заңнамаларды елеу негізінде, оның
қызметінің теориялық сипатын беру.
Курстық жұмыстың міндеті:
- құқықтың қалыптасу тарихын зерттеу;
- құқықтың белгілерін анықтау;
- құқықтың қағидаларын қарастыру;
- құқықтың түрлерін анықтау;
- құқықтың ерекшеліктеріне тоқталу.
Зерттеу нысаны: Құқық түсінігі, қағидалары, мазмұны.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің
атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және
міндеттеріне сәйкес келеді.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі: ҚР Конституциясы басқа
да заңдар мен нормативтік құқықтық актілер мен қарастырылып отырған
мәселеге байланысты әр түрлі нысандағы мәліметтер қолданылған.

Құқық туралы ойлар белгілі ғылыми бағыттарға, мектептерге сай
бөлінеді. Олардың ішінен бөліп айтуға болатындар бар.
Ғылыми ағым ретінде бұл теорияның ұзақ тарихы бар. Оның негізгі
мазмұны өте ертеде құрылған. Бұл теорияның негізі, мемлекет құрған
позитивтік құқықтан басқа, барлық адамдарға бірдей позитивтік құқықтан
жоғары тұратын табиғи құқықтың талаптарына негізделеді (өмір сүру құқығы,
еркін даму, еңбек, қоғаммен мемлекеттің істеріне қатынасы). Табиғи құқық
түсініктемесі, өзіне туғаннан бергі және адамдардың, азаматтардың
бөлінбейтін, әр мемлекетке міндетті құқықтарды қосып алады.
Табиғи құқық теориясы, өзінің нақтылы дамуын Локктың, Руссоның,
Гольбахтың, Радищевтің еңбектерінде тапты. Адамның табиғи құқығы кәзіргі
барлық құқықтық мемлекеттердің конституциясында бекітілді.[1.258б]
Өркениетті қоғамда табиғи және позитивтік құқықтарды бір – біріне
қарсы қоюға негіз жоқ, себебі олар адамның табиғи құқығын бекітеді және
қорғайды, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің жалпы адамдық біріккен
жүйесін құрайды.
Біріншіден, бұл теорияның қалпында құқық және заң бөлініп қаралады.
(позитивті құқық пен мемлекеттің заңдарын және жоғарғы табиғи заңдардың
барлығын уағыздау);
Екіншіден, құқық пен мораль салыстырмалы (сол теорияның өкілдерінің
ойлары бойынша, адалдық, бостандық, теңдік сияқты абстракты бағалылықтар
құқықтың негізін құрайды және құқықтық шығармашылықты, құқықты қолдану
процесін белгілейді);
Үшіншіден, адамның құығының қайнар көзі заңдарда емес, адам баласының
табиғатында, ондай құқықты туғаннан құдай береді деген тұжырымдарды
қолдайды.
Құқықтық реалистік мектеп. Тарихи ойларда, құқық эволюциялық жолмен
өзінің ішкі себептеріне байланысты дамиды десек, реалистік теорияның
өкілдерінше, құқық сыртқы факторлардың ықпалымен дамитындығын дәлелдейді.
Ондай факторларға адамды итермелейтін мүдделер құқықты іске асыратын
мақсаттарды белгілеуге мәжбүр етеді.
Реалистік теорияның негізін қалаушының бірі – белгілі юрист Рудольф
Иеринг. Сол теорияның мазмұнын, оның мына жұмыстарынан көруге болады:
Рим құқығының рухы, Құқық үшін күрес, Құқықтағы мақсат. Иеринг
бойынша құқық қорғалған мемлекеттік мүдделер. Ол жеке адамның өмірлік
мүдделеріне кепілдік береді, адамдардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттан
дыруға көмектеседі. Құқық өзінің еркін ұсынған адамға жатпайды, онымен
пйдаланатын адамға жатады. Кімге пайдалануға белгіленсе сол құқық
субъектісі болады.
Құқықтың мақсаты сол пайдаланушылыққа кепілдік береді. Халықтардың,
мемлекеттік биліктің, жіктердің заңсыздықпен күрестері құқықтың өз
негізінде жатыр. Иеринг айтқандай, құқық тарихындағы барлық ұлы
жетістіктерге жататындар: құлдықты, крепостнойлықты жою, жерге
промыслдарға табынуға еркіндік, меншіктілік т.с.с. – бұның барлығы күшпен,
кейде ғасырға созылатын, жаулап алынуы қажет және ондай жағдайда, құқық
әр уақытта құқықтың бөліктері ретінде болады... Автордың ойынша, абсолютті
түрде адал құқық өмір сүрмеді. Құқықтың бағалылығы, белгіленген
мақсаттарды жүзеге асыру болып табылады.
Мүдделердің күресінде пайда болып, құқық – күш ретінде біреудің
еркін екіншінің мүддесіне бағындырады, адам өміріндегі адалдық принциптері
орындатады.
Реалистік теория өкілдерін қадірлеуге, силауға және мойындауға
жататыны, құқықты мақсатқа жету жолындағы құрал ретінде бағалауға, сол
санада қоғамды қорғауды ұйымдастыратын тетіктер есебінде болады. Құқық
үшін күрес - әр адамның міндеті, ол оны қорғау, яғни құқықты бұзушыларға
қарсы әрекет жасау – тек өзіңе байланысты міндеттілік емес, бүкіл
қоғамдық және мемлекеттік міндет: әр адам өз құқығын қорғай отырып,
сонымен қатар объективтік құқықты да қорғайды. [2.417б]
Реалистік мектептің қадірлілігі мен жетімсіздігін есепке алмасақ
та, оның құқықты түсіну туралы принципиальды ережелері, кейінгі
кездерге дейін өзгерістерге түспегені анық. Е.Трубецкой айтқандай,
әрбір құқық нормасы оны туғызған мүдделерге байланысты, себебі мүдделер
құқықтың мазмұнын құрайды. Кей кездерде, заң шығарушылардың
қателіктеріне байланысты құқық нормалары қажетті мүдделерді қамтамасыз
ете алмайды.
Тарихи құқықтық мектеп табиғи құқық доктринасына белгілі реакция
ретінде пайда болды. Мақсаты осыған дейінгі зерттелген және сыналған
қоғамдық және мемлекеттік заңдылықтар қалыптасқан орта ғасыр – феодалдық
жағдайында қорғау болатын.Тарихи мектептің өкілдері, құқықты халықтың
рухы ретінде біртіндеп, тіл шыққандай тарихи процессте құрылған тәуелсіз,
деп білген.
Құқық – тарихи мектептің өкілдерінің тұжырымдауынша – халық рухының
нәтижесі, халықтың құқықтық сенімдері. Құқықтың даму халықтың рухы
біртіндеп, объективті түрде құқықтағы нормаларды табуына байланысты,
деген. Сондықтан құқық формальды түрде емес, құқықтық институттардың тірі
түрдегі ойларымен органикалық қарым - қатынасында өмір сүреді. Бұл
теорияның негізгі идеяларына мыналар жатады:
1) Құқық – тарихи құбылыс, ол тіл сияқты келісіммен белгіленбейді,
біреудің көрсетуімен ендірілмейді, тек көрінбей стихиялық пайда болады
және біртіндеп дамиды;
2) Құқық - ең алдымен құқықтық әдет-ғұрып (яғни, тарихи қалыптасқан тәртіп
жолы, заңдық нәтижесімен өзіне тартады), заңдар әдет – ғұрыптан шығып,
ұлттық рухтың негізіне ұлттың сезіміне тереңдейді (сіңеді);
3) Бұл теорияның өкілдері феодализм кезінде пайда болып, адам құқығын
мойындамаған, себебі сол тектік ғасырдың ғұрпында адам құқығы, табиғи
орын таппаған.
Социологиялық құқық мектебі - XX ғасырдың құқықтануындағы негізгі
бағыттардың бірі.
Құқықтық позитивизмге ұқсап заң ғылымдарының мақсатын, қызметтегі
құқықты формальдық – логикалық жағынан зерттеу ретінде қарамай,
социологиялық мектеп өз күшін тірі құқықтызерттеуге бұрады, яғни
құқықтық қарым – қатынас жүйесі, адамдардың құқық аясындағы тәртібі.
Социологиялық бағыттың бірі түрінде солидаризм теориясы жатады. Оның
авторы Леон Дюги айтқандай, қоғамда ұжым индивидке бұйрық беруге құқығы
болмауы керек, не болмаса индивид өзінің жеке басын ұжымға не басқа
азаматтарға қарсы қоймауы керек. Адамдардың барлықтарына міндетті жалпы
бірігуліктен шыққан нормаларға бағынуы қажет.
Бұл теорияның негізгі идеяларына мыналар жатады: [3.159б]
1) Құқық пен заң бөлініп қаралады. Мұнда құқық, табиғи құқық пен
заңда нақты көрсетілмей, тек заңдарды іске асырғанда көрсетіледі. Егер
заң міндеттілік аясында болса, құқық – нақтылық аясында.
2) Сондықтан, құқықтың түсінігіне заңды әрекеттер, заңды тәжірибе
құқықтық тәртіп, заңдарды қолдану т.б. жатады. Құқық-құқықтық қатынастар
субъектілерінің нағыз тәртібі.
3) Мұндай тірі құқықты, ең алдымен, заңдылық әрекеттер процесінде
соттар құрайды. Олар заңдарды құқықпен толықтырады, яғни, бұл сәтте ол
құқықтық шығармашылықтың субъектісі ретінде соған сай шешім шығарады.
Нормативтік бағыт құқық туралы біржақты емес көзқарастар біріктіреді
және оның қоғам өміріндегі ролін көрсетеді. Алғашқы рет нормативизмнің
теориялық жағдайларын Р. Шаммлер көрсеткен. Оның ойынша құқық әлеуметтік
өмірді сыртқы жағыннан реттеу, мақсаты адамдардың қажеттілігін
қанағаттандыру. Қоғамдағы адамдардың бірігіп қимылдауы, ол әлеуметтік
материяға не болмаса шаруашылыққа жатқызады.
Құқық пен шаруашылықтың қатынастарын анықтай отырып Штаммлер, ол
Қоғам өмірінің формалары мен материалдарының қатынастары - деп жазады.
Әлеуметтік өмірдің заңдылығы, - оның құқықтық формасының заңдылығы, миға
сіндіру және құқықтың негізгі идеясына адамды қоғамының ақырғы мақсаты
ретінде қосу. Көрсетілген заңдылықтар тек сонда туады, егер әлеуметтік
өмірдің реттелуі әр адамның, кім құқық кеңістігінде болса солардың
мүдделерін іске асырады. Қоғамның идеалы – бұл қоғам Еркіндікті
тілейтін адамдар, әркім құқықтың мақсатын өздерінің мақсаты ретінде
ойласа.
Бұл теория бойынша, барлық құқық жүйесі баспалдақты құрылымда
болады, яғни иерархия нормаларын құра отырып, біртіндеп негізгі
нормаларға сай құбылыстар екендігін анықтау.
Нормативтік теорияның еңбегін, оның заңды негізін құратын құқықтың
формальды белгілерін бөлуінен көруге болады.
Құқықтың мазмұнын белгілейтін барлық сыртқы факторлардан абстракция
негізінде, нормативистер өз позициясын ұсынады, яғни, құқық қоғамдық
қатынастардың нормативтік реттеушісі.
Нормативтік теория өзінің ғылыми ойларына сүйене отырып, құқықтық
мемлекетті қолдайды. Оның көптеген жақтаушылары мемлекет пен құқықты бір-
біріне қарсы қойғандарына қарсы шықты, мемлекетті барлық құқықтық
ережелерді біріктіретін ішкі мағына ретінде анықтайды және құқықтық
нормаларды іске асыруға және сіңіруге арналған, бәріне бірдей құқықтық
тәртіп орнатушы екендігін уағыздады.
Психологиялық теория. Бұл теория XX ғасырдың бас кезінде орыс ғалымы
Л.И.Петражицкийдің негізгі еңбектерінде және шет елдердегі мынадай
ғалымдардың жұмыстарында дамыды:Дьюи, Мэрилла, Росса, Эллиотан және
басқалар.
Петражицкийдің ойынша, эмпиристік ғылыми екі түрдегі тұрмысты
зерттейді – физикалық және психикалық. Құқық осы тұрмыстық құбылыстың бірі
– психика дүниесіне жатады және императивті – атрибуттық (міндетті –
тартылушылықтағы) адамдардың уайымдауын көрсетеді. Адам баласының
қылықтары еркіндікте және байланыста болуы мүмкін. Еріктің ішкі бірлігін
түсінудегі, адамның тәртібін Петражицкий этикалық сену – деп атайды. Бұл
түсіну (білу) этикалық міндеттену. Оның негізінде ерекше эмоциялар жатыр,
яғни, уайымдаушылық бостандыққа деген ішкі кедергі және олар адамдарды
бірдеңе істеуге желіктіреді. Нормалар, авторитарлық тиым салу ретінде және
жұмсау, сол уайымдаушылықтың тек көлеңкесі.
Психологиялық теория этикалық аманатты құқықтық міндеттілік және
этикалық адамгершілік деп бөлу қарайды. Егер біздің этикалық борышымыз
басқа байланыста болса, психологиялық жағынан соған бекітілген және
соған жатады, ал басқа аманат біздің аманатымызға біздің міндетімізді
орындауға талаптанады, яғни бұл жағдайда әңгіме заңды аманат туралы
болмақ. Екі жақтың арасындағы заңды байланыс, бір жағына жатса және
басқа жағына бекісе, ол құқықтық қатынас.
Петражицкийдің негіздеуі бойынша құқық қоғамдық функцияны реттейді
және оны ұйымдастырумен айналысады. Реттеу функциясының мазмұны мынада,
яғни құқықтық психика материалдық жағдайларды индивидтердің және
ұжымдардың арасында бөледі; ол сонымен қатар азаматтарды идеальды
жағдайлармен қамтамасыз етеді: жеке адамдардың қауіпсіздігін, сөз
еркіндігімен және басқалармен қорғайды. Субъектілерге билікті бөліп беру
құқықтың ұйымдастыру функциясының негізін құрайды.
Белгілі теориялық қиындықтарға қарамай тұйықтық қоғам өмірінің
құқықтық құбылыстарының оның психологиялық жағында. Петражцкийдің
көптеген принципальды теориялары, оның ішіндегі өзі құрған түсініктеме
аппараты, қабылданған және кәзіргі мемлекетпен құқық теориясында
кеңінен қолданылады.
Құқықтық материалистік теориясы марксизм – ленинизмнің негізін
салушылар мен оларды жақтаушылардың еңбектерінде толық баяндалған.
Материалистік теорияның негізіне - құқық экономикалық жағынан үстем
таптың еркін бекітеді. Мемлекет сияқты, ол да таптық қоғамның
нәтижесі. Оның мазмұны таптық – ерекшелік сипатта болады. К.Маркс және
Ф.Энгельс жазғандай; Үстемдік етуші индивидтер осы қатынаста өздерінің
еркіне, сол қатынаспен қамтамасыз етілетін заң түріндегі мемлекеттік
ерік беруі қажет. Сонымен, құқықтың пайда болуы және өмір сүруі
қоғамдық қатынастардағы экономикалық үстем таптың мүдделерін нормативті
түрде реттеу болып табылады.
Маркстік – лениндік ғылым құқықтың мәнін оның таптығынан және
материалдық қамтамасыз етілуінен көреді. Құқық туралы буржуазиялық
ойларды жоққа шығарып Маркс пен Энгельс былай деп жазған: Сендердің
құқықтарың, тек заңға айналдырылған сіздердің таптарыңыздың еркі, ол
еріктің мазмұны сіздердің таптарыңыздың материалдық өмір жағдайларымен
белгіленеді. Құқықтың экономикалық келісімі маркстік теорияның
принципиалды ережелері.
Қазіргі ғылым және қоғам дамуындағы тәжірибе дәлелдегендей өркениетті
қоғамда құқық мемлекеттің үстінен билік етеді қарайды, оның құрылысын
және қызмет нысанын белгілейді, қоғамды біріктіру мақсатында тұрақты
түрде, объективті құралдарға сай орындайды.
Құқықтың реттеуінсіз қоғам өмір сүре алмайды.
1.2 Құқықтың белгілері
1. Жүйелілігі. Құқық – біншеше бөлшектен тұратын жүйелі құрылыс. Оның
бір бөлігі – табиғи құқықтың мазмұны адам мен қоғамның табиғатына
байланысты әлеуметтік-құқықтық талаптармен анықталады. Мысалы, адамның
өмірі, денсаулығы табиғи құбылыстар. Оларды сақтауға, қорғауға, қамтамсыз
етуе бағытталған құқықтық нормалар табиғи құқыққа жатады. Қазақстан
Республикасының Конституциясында былай деп жазылған: Әркімнің өмір
сүруге құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ (15-
бап). [4]
Адамның әлеуметтік-құқықтық талаптарының мағынасы - оны мемлекеттің
тануы, корғауы, қажет болған жағдайда қамтамасыз етуі.
Нормативтік сипаты—құқықтың негізгі белгілерінің бірі. Құкық
қағидалардан, ережелерден, рәсімдерден тұрады. Қағида — тұлғалардың мінез-
құлықтары туралы ереже. Былайша айтқанда, коғамдық қатынасқа қатысушылар өз
іс-әрекеттерін, мінезін белгілі ережеде көрсетілген қалыпқа бейімдеулері
қажет. Сондықтан құқықтың нормалары — тұлғалардың іс-әрекетінің, мінез-
кұлқының үлгісі. Мысалы, әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай
дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы
(Қазақстан Республи-касының Конституциясы, 19-бап). Тұлғалардың мінез-
құлқын анықтау арқылы құқық нормалары коғамдық катынастарды қажетті арнаға
бағыттап, жолға салады, реттейді, жөндейді, ұйымдастырады, тұрақтандырады,
бассыздықтан қорғайды.
Формальды анықтылық — құқықтың тағы да бір маңызды белгісі. Ол
құқықтың мемлекетпен байланысты екенін керсетеді. Құқықты, оны құратын
зандарды, басқа да нормативтік актілерді жасайтын, жалпы алғанда, мемлекет.
Мемлекет органдардан тұрады, демек, мемлекет органдары зандарды жасайды.
Заң — ережелер жиынтығы. Олар жай ережелер емес, мемлекет атымен жасалатын
болғандыктан ресми сипаты бар ережелер. Әрбір ереже, кағида заң шығарушының
тұлғалардың мінез-құлқы туралы ойын анықтап, түсінікті түрде тұжырымдайды.
Қағидада артық сөз болмауы керек, оның әрбір сөзінің әлеуметтік мәні
болады, себебі ол қоғамдық қатынасқа қатысатын тұлғалардың мінез-құлқын
анықтау арқылы олардың тағдырына әсер етеді.
Құқықтың енді бір белгісі — мемлекеттің күшіне сүйенуі. Егер мемлекет
құқық қағидаларының жүзеге асырылуына, дұрыс қолданылуын камтамасыз етпесе,
олар тек қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар еді. Мемлекет, оның
органдары тұлғалардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдеседі, жағдай
жасайды. Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша елімізде
азаматтарды тұрғын үймен камтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады.
Құқықтың тағы бір белгісі — адамдардың еркін білдіруі. Қазақстан
Республикасының Конституциясында жазылғандай, мемлекеттік биліктін бірден-
бір бастауы — халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және
еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды
мемлекеттік органдарға береді (3-бап). Сонымен халық заңдарды өзі тікелей
қабылдай алады. Мұндай жағдайда заң тікелей халықты еркін паш етеді. Оған
мысал, 1995 жылдың 30 тамызында Қазакстан халқының Конституцияны қабылдауы.
Конституция — құқықтың өзегі, ұйтқысы. Олай болса, Қазақстанда қалыптасып
келе жатқан құқық бүкіл көп ұлтты халықтың еркін білдіреді, ойын жүзеге
асырады. Халықтың ойын, еркін мемлекет органдары да тиісті нормативті
актілер қабылдау арқылы жүзеге асырады. Халық Президентті сайлайды. Ол
халық атынан әрекет жасап, өз өкілеттігінін шеңберінде нормативті актілер —
заң күші бар жарлықтар, жай нормативті жарлықтар, каулылар қабылдайды.
Президенттің нормативті актілері Қазақстан құқығын қалыптастыратын бастау
болып есептеледі. Құқықты құратын нормалар тек бір адамның немесе
әлеуметтік топтың еркін білдіріп, мүддесін ғана қорғамайды. Ол — халық үшін
қызмет істейді.
1.3.Құқық қағидалары
Құқық қағидалардан, ережелерден, рәсімдерден тұрады. Қағида -
тұлғалардың мінез-құлықтары туралы ереже. Былайша айтқанда, қоғамдық
қатынасқа қатысушылар өз іс-әрекеттерін, мінезін белгілі ережеде
көрсетілген қалыпқа бейімдеулері қажет. Сондықтан құқықтың нормалары —
тұлғалардың іс-әрекетінің, мінез-құлқының үлгісі. Мысалы, әркім өзінің қай
ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-
көрсетпеуге хақылы (Қазақстан Республикасының Конституциясы, 19-бап).
Тұлғалардың мінез-құлқын анықтау арқылы құқық нормалары қоғамдық
қатынастарды қажетті арнаға бағыттап, жолға салады, реттейді, жөндейді,
ұйымдастырады, тұрақтандырады, бассыздықтан қорғайды.

құқықтың мемлекетпен байланысты екенін көрсетеді. Құқықты, оны құратын
заңдарды, басқа да нормативтік актілерді жасайтын, жалпы алғанда, мемлекет.
Мемлекет органдардан тұрады, демек, мемлекет органдары заңдарды жасайды.
Заң — ережелері жиынтығы. Олар жай ережелер емес, мемлекет атымен жасалатын
болғандықтан ресми сипаты бар ережелер. Әрбір ереже, қағида заң шығарушының

анықтау арқылы олардың тағдырына әсер етеді. [5.189б]

кұқық қағидаларының жүзеге асырылуына, дұрыс қолданылуын қамтамасыз етпесе,

азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда
көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген
нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы
көтеретін ақыға беріледі (25-бап). Егер азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарына қол сұғылса, мемлекет оларды қорғайды. Заңды бұзғандар
құқықтық жауапқа тартылады, мүмкіндігінше бұзылған құқық орнына
келтіріледі.

Республикасының Конституциясында жазылғандай, мемлекеттік биліктің бірден-

қабылдай алады. Мұндай жағдайда заң тікелей халықтың еркін паш етеді. Оған
мысал, 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан халқының Конституцияны қабылдауы.

келе жатқан құқық бүкіл көп ұлтты халықтың еркін білдіреді, оның жүзеге
асырады десек, ешбір асыра сілтеу болмайды. Халықтың ойын, еркін мемлекет
органдары да тиісті нормативті актілер қабылдау арқылы жүзеге асырады.
Халық Президентті сайлайды. Ол халық атынан әрекет жасап, өз өкілеттігінің
шеңберінде нормативті актілер — заң күші бар жарлықтар, жай нормативті
жарлықтар, қаулылар қабылдайды. Президенттің нормативті актілері Қазақстан
құқығын қалыптастыратын бастау болып есептеледі. Құқықты құратын нормалар
тек бір адамның немесе әлеуметтік топтың еркін білдіріп, мүддесін ғана
қорғамайды. Ол — халық үшін қызмет істейді.
1.Заңдылық қағидасы Парламент қабылдаған қылмыстық заңның құқық
қолдану тәжірибесінде де, заң нормаларын қабылдау саласында да, сөз жоқ,
үстемдік ету арқылы көрініс табады. Бұл көрініс бірнеше құқықтық
талаптардың жиынтығынан құралады. Оның біріншісі — Қылмыстық кодекстің
халықаралық қылмыстық құқықтың жұрт таныған қағидалары мен нормаларын
басшылыққа алуы. [6.158б]
Қазақстан халықаралық құқық нормаларын қастерлейді және халықаралық
шарттар республикада бекітілген уақыттан бастап басшылыққа алынады.
Заңдылық қағиданың екінші бір талабы — қылмыстық заңның конституциялық
заңға негізделуі болып табылады. Конституцияда көрсетілген негізгі
ережелерді қылмыстық заң сөзсіз басшылыққа алуы тиіс. Қылмыстық кодекстің
көптеген баптары осы конституциялық заңдарға негізделіп кабылданған.
Заңдылық қағиданың тағы бір талабы “арнайы заңда көрсетілмейінше қылмыс та,
жаза да жоқ” деген тұжырымға негізделген.
Қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді. Адамның
ойы, пиғылы, дүниетанымы, көзқарасы конституциялық нормаға қаншалықты қайшы
келсе де ол белгілі бір нақты іс-әрекетпен ұштаспаса қылмыс ретінде
қаралуға тиіс емес. Қоғамға қауіпті, қылмыстық заңға қайшы, кінәлі іс-
әрекеттер заң шығарушы орган арқылы қылмыс деп табылады. Қылмыс пен жаза
туралы мәселелер қылмыстық заңдарда тікелей көрсетіледі және оларға
тиісінше заңдылық анықтама беріледі. Қылмыстық заңда арнайы көзделмеген
ретте адамның іс-әрекеті қылмысқа жатпайды. Қылмыс жоқ жерде жаза да
болмайды.
2. Азаматтардың заң алдындағы теңдігі қағидасы. Қылмыс жасаған адам
оның тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нәсіліне,
ұлтына, саяси сеніміне, жынысына, біліміне, тіліне, дінге катынасына,
кәсібінің түрі мен сипатына, сондай-ақ тұрғылықты жеріне және басқа да
жағдайларға қарамастан жауаптылыққа тартылады.
3. Жауаптылықтан құтылмау ақиқаты-қағидасы. Бұл қағида бойынша кез
келген адам лауазымдық, басқа да жағдайларға қарамастан өзі істеген қылмысы
үшін сөзсіз, міндетті түрде жауапты болады. Бұл үшін қылмыстық-құқықтық
жауаптылықты белгілейтін заң нормалары тайға таңба басқандай анық,
түсінікті болуы керек. Сөйтіп, ол істелген қылмыс үшін нақты жауаптылықты
айқындауы қажет. Жауаптылықтан құтылмау қағидасының жүзеге асырылуы үшін
бұл өте керек. Соңдай-ақ, осы қағиданың жүзеге асырылуы құқық қорғау және
құқық қолдану органдарына үлкен міндет жүктейді.
4. Жеке жауаптылық қағидасы. Адам өзінің кінәсі анықталған жағдайда
ғана қоғамға қауіпті іс-әрекеттер және бағытталған қауіпті зардаптар үшін
қылмыстық жауапқа тартылады. Бұл қағидаға сәйкес адам өзінің жеке істеген
немесе қылмысқа бірлесіп қатысуы арқылы істеген қылмысы үшін сол адамның
өзі дербес жеке жауапты болады. Жеке жауаптылыққа сәйкес қылмыстың
субъектісі болып есі дұрыс, заңда белгіленген жасқа толған жеке адам
танылады. Қазақстанның Қылмыстық кодексі заңды тұлғаларды қылмыс субъектісі
деп танымайды. Материалдық, моральдық немесе басқа жағынан келтірілген
зияндары үшін тек азаматтар ғана қылмыстық заңға сәйкес жауапқа тартылады.
5. Жауаптылық қағидасы. Бұл қағиданың мәні сол, кінәсіз қылмыс та
болмайды дегенді білдіреді. Қылмыстық жауаптылықта оны істеген адамның іс-
әрекетінде кінә болған жағдайда ғана, яғни қылмыс істеген адамның өзінің іс-
әрекетіне қасақана немесе абайсыздық түрде білдірген саналы, психикалық
қатынасы жатады. Іс-әрекеттің зардабы қанша ауыр болса да, егер ол кінәсіз
жағдайда істелсе, ол қылмыс болып табылмайды.
6. Әділеттілік қағидасы. Мұның мәнісі сол қылмыстық жауапқа және
жазаға іс-әрекетінде қылмыс құрамының толық белгілері бар адамдар тартылуы
керек. Негізсіз, дәлелсіз қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді. Бұл
қағиданың жүзеге асырылуы үшін ең алдымен қылмыстық заңның өзінің болуы
және істеген қылмысы үшін сот тағайындаған жазаның және қылмыстық-құқық
ыкпал ететін өзге шаралар соған сай әділ болуы керек. Әділеттілік қағидасы
бойынша бір қылмыс үшін ешкімді де қайталап қылмыстық жауапқа және жазаға
тартуға болмайды.
7. Ізгілік қағидасы. Ізгілік қағидасы жүзеге асырылуы, ең алдымен,
қылмыстық заң арқылы азаматтардың жеке басын, олардың өмірін, денсаулығын,
құқықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау арқылы көрініс табады.
1997 жылғы Қылмыстық кодекстің 2-бабында адам мен азаматтың жеке басы,
олардың құқықтары мен бостандықтары қылмыстық құқық қорғайтын нысандардың
ең алғашқыларының бірі ретінде көрсетілген. Қылмыстық заң әрбір азаматқа
қажет болған жағдайда қорғануға құқық береді, іс-әрекеттің қылмыстылығын
жоятын мұндай мән-жайлар қылмыс болып саналмайды. Қылмыстық заңның бұл
нормасы әрбір азаматтың әлеуметтік белсенділігін арттыруға, өзінің
конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, мүддесін батыл қорғауға
тікелей жағдай туғызады.
8.Демократизм қағидасы. Сот төрелігін жүзеге асыру барысында істі
қатысушылар мен сол ауданның басым бөлігі білетін тілде жүргізу,
сотталушыларды егер қажет етсе, аудармашының қорғаушының көмегімен
камтамасыз ету демократизм қағидасының көрінісі болып табылады.
9.Гуманизм қағидасының мәні кішігірім қылмыстарды алғаш жасаған
адамдарға кешіріммен қарап, жеңіл жаза тағайындап, кейде әкімшілік
жауапкершілікпен ауыстыра отырып, қылмыстық жауапкершіліктен толығымен
босатудан, керісінше ауыр қылмыс жасағандарға, рецидивистерге, ұйымдасқан
құрылымдардың мүшелеріне неғұрлым ауыр жаза қолданудан тұрады.
10.Қылмыстық қудалау шараларын орынды қолдану қағидасы. Мемлекет
қылмыстық қудалауды (жазаны) қылмыс жасаушының түзеудің басқа жолы
қалмағанда қолдануға шарасыздан барады. Аталмыш қағиданың көрінісін жазаның
көлемі мен салмағын қысқартудан, бас бостандығынан айырмайтын шаралар
салмағының өсуінен, орынды жерде оларды әкімшілік немесе қоғамдық ықпал ету
нысандарымен ауыстырудан, кейбір қылмыстарды әкімшілік кұкық бұзушылық
санаттары қатарына қосудан көрінеді.
11. Интернационализм қағидасы ұлттық теңдікті бұзғаны үшін басқа
мемлекеттің мүддесіне, халықаралық қауіпсіздікке, ұлттар арасындағы
бейбітшілікке қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік белгілейтін нормалардан
көрініс табады.
Қылмыстық жазаның мақсаты әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру,
сондай-ақ сотталғандарды түзеу болып табылады. Жаза тән азабын шектіруді
немесе адамның адамгершілік намысына тиіп, қадір-қасиетін қорлау мақсатын
көздемейді. Жаза жүйелерінің көпшілігі сотталған адамды бас бостандығынан
айырмайтын жаза түрлерінен құралған.
Еліміз әлемдегі дамыған 50 мемлекеттің қатарына ену мақсатын алға
қойып отыр. Осыған байланысты қылмыстық заңды жетілдіру, халықаралық
нормалардың тиімді жақтарын пайдалану, қоғамға қауіптілігі шамалы іс-
әрекеттерді қылмыс қатарынан шығару, қылмыстық жазаны ізгілендіру,
қылмыстық құқықтың жұрт таныған халықаралық тиімді қағидаларын заңдарды
жетілдіруге пайдалану, оны зерттеу – өзекті мәселе болып табылады.
2. Құқықтағы мақсаттар мен құралдар
2.1.Құқықтың мақсаты, түсінігі, түрлері
Құқықтық мақсат (заңгерлік) құқық және құқықты жүзеге асыру
қызметiнiң субъекттерiн ұмтылатын болашақ нәтижесі бар.
Мақсаттың қазiргi қоғамдық қатынастардың өзгерiсiне бағытталған заң
жүзінде өрнектеуіне айрықша ерекше ұсынылған негізгі формасы ол білім.
Көрcетiлген ұғыммен құқықтық мақсатты қамтиды (ресми бағдар,
нормативтiк деңгейде бекiтiлген) сол сияқты (iске асырылған қызметтiң нақты
құқық субъектiсiнiң бағдары) заңгерлік тәжірибеде идеалмен ұқсас болуы
қажет.
Құқықтық процессін реттеу кезінде мақсат маңызды рөлді ойнайды:
қазiрге қоғамдық қажеттiктер және талпыныс, олар заң құралдарының мазмұны
мен мәндерiн ашады, сол құндылықтарға бағдарлайды және олардың нақты
мемлекеттiң заңға сүйенген саясаттары негiзiнде жатады.
Заңгерлік мақсат басқа мақсаттардан қарағанда келесі белгілермен
айырмашылығы болады.
1) Ол творчестволық құқықтық органдардың мемлекеттік тұлға атынан (заң
нормаларында бекiнедi) бекiтiледi. Мемлекет-заңға сүйенген бағдарлардың
негiзгi көзi. Негiзделген бостандықтар қағидаларды қарастыру және дербес
әрекеттер арқылы құқықтық қатынастар шеңберiнде пайда болатын нақты
ерекшелiк мақсаттарды құрайды. Салыстырмалы түрде субъекттердiң мұндай
бағдарлардың қойылуындағы бостандық өз заңды, белгілі мемлекеттiк билiк
шеңберлерiн алады.
2) Қоғамдық және мемлекеттiк мағыналы мүдделердi және қажеттiктерді
заң шығарушылар қанағаттандырылу мақсатында мүмкiн және қажетті заң
тетiктерi арқылы қамтып көрсетедi. Қазіргі шарттарында барлық мемлекеттiк
және корпоративтiк мүдделермен заңға сүйенген бағдарларды іске асыру жалпы
әлеуметтiк қажеттiлiктерді алады.
3) нақты формалар болып табылған оның табысының алгоритмдары бiр
уақытта құрастырған арнайы заңға сүйенген құралдарда өрнектеледi.
4) Жалпы нормативті міндеттерден айырмашылығы бар, үлгі ретінде
эталон және жетістікке жету мақсатындағы берілген барлық құқықтық субъект
стандарты
5) Бiркелкi құқықтық мақсаттың тәжірибелік жүзеге асуы мемлекеттік
билікпен сүйенген, құқық субъектiлерiнiң мiнез-құлықтың ауытқуының
жағдайында қосып жазылатын бағыттан мемлекеттiк әсердiң олардың
белсендiлiгi оның қажеттi (А.И.Экимов, К.В.Шундиков) нәтижелерiне бағыттай
түзетуге шақырылған шаралары қосылады.
Заң мақсаттары нақты белгiлер және оларды классификациялауға мүмкiндiк
берген қасиеттердiң әр түрлiлiгiмен айырмашылығы болады. Заң мақсаттары
бөлшектенедi:
көп таралғандықтың дәрежелерi бойынша - жалпы заңға сүйенген,
(салалық, институттар, жеке нормативтiк және құқықтық акттер тағы сол
сияқтылар) және арнайы (алғашқы заң құралдары, олардың кешендерi - заң
нормалары, заңға сүйенген тәртiптер және тағы басқалар);
олар үшiн бағдарлары болып табылған субъекттер бойынша мемлекеттiк
және мемлекеттiк емес;
жетістікке бағытталған нәтиженiң сипаты бойынша пәндiк және
функционалдық;
заңды тұлғалардың санасындағы өрнектерi форма бойынша –үлгi
мақсаттары, тапсырма мақсаттары.
Заңға сүйенген мақсаттар сонымен бiрге озық және кертартпа,
адамгершiлiкпен және имандылыққа қарсы бар болмысымен және азғын тағы сол
сияқтылар нақты және нақты емес, шын немесе жалған бола алады.
Құқық нысанын жақсы түсіну үшін әуелі философиялық категория - "Мазмұн
мен нысанды" жақсы білу қажет. Мазмұн — белгілі бір заттар мен құбылыстарды
құрайтын элементтер мен процестердің жиынтығы. Ал нысан — мазмұнның өмір
сүру тәсілі, оның құрылымы, ішкі түзілісі. Мазмұн мен нысан қандай
құбылысқа болмасын іштей тән. Сондықтан оларды бір-бірінен бөліп алуға
болмайды. Тек қалыптасқан, белгілі бір нысаны бар мазмұн ғана болмақ. Сол
сияқты таза, мазмұнсыз нысан деген де болмайды. Нысан әрқашан да мазмұнды,
мазмұн нысанды келеді. Осы екі категорияның өзара қарым-қатынасында басты
рөлді мазмұн атқарады. Мазмұн үнемі дамып, өзгеріп отырады. Мазмұнға сәйкес
нысан да өзгерістерге ұшырайды. Мазмұн нысанды белгілейді. Бірақ нысан да
мазмұннан қалыс қалмайды, өз тарапынан мазмұнға белсенді түрде әсер етеді.
Жаңа, өзінің мазмұнына сай келетін нысан оның дамуына, ілгері басуына
жәрдемдеседі. Ал өзінің мазмұнына сай келмейтін ескі нысан оның дамуына
кедергі жасайды. Мазмұн мен нысанның арасындағы сәйкессіздік ескі нысанның
орнын жаңа нысанның басуымен шешіледі. [7.78б]
Құқық осы философиялық категорияның заңдарына сәйкес дамып, өзгеріп
отырады. Құқық әлеуметтік шындықтың объективтік құбылысының сыртқы нысаны.
Ғылым құқықтың ішкі-сыртқы нысаны болады деп түсіндіреді: ішкі нысаны -
құбылыстың құрылымын, жүйелік элементтерін көрсетеді; сыртқы нысаны -
құбылыстарды құқықтық тұрғыдан анықталған заңды негіздердің жиынтығы.
"Құқықтың нысаны" және "құқықтың негізі" бір-бірімен тығыз
байланыстағы ұғым. Бірақ олардың айырмашылығы, ерекшеліктері бар. Нысан -
құқықтың мазмұнының сыртқы көрінісін және өмір сүру тәсілін көрсетеді.
Негіз - құқықтың мазмұнының қалыптасу негіздерін, себептерін, факторларын
көрсетеді.
Құқықтық нормалардың негіздерінің үш түрі болады: материалдық,
идеалдық, заңды. [8.131б]
1) материалдық негізге-қоғамдағы экономикалық базистың, меншіктердің
талаптарына сәйкес қабылданған нормативтік актілер жатады;
2) идеалдық негізге қоғамдық идеологияның, сананың талаптарына сәйкес
қабылданған құқықтық нормалар;
3) заңды негізге-қоғам жақсы, сапалы дамуының талаптарына сәйкес
қабылданған нормалар, құқықтық жүйелер.
Бұл көрсетілтен үш күрделі бағыттан басқа құқықтың негіздерінің тағы
бірнеше түрлері бар: әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, корпоративтік, діни,
нормалар, заң ғылымының қорытынды ұсыныстары т.б.
Құқықтың негіздері құқықтың жақсы, сапалы дамуына зор әсер етеді.
Керісінше, сапалы дамыған құқық өзінің негіздері мен нысандарына қолайлы
жағдайлар жасап, қоғамды жақсы реттеп, басқаруды қамтамасыз етеді.
Құқықтың сапалы дамуына әсер ететін жағдайлар сан қырлы болады:
қоғамның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz