Құқықтық мемлекет идеяларының дамуы
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Құқықтық мемлекет идеяларының дамуы ... ... ... . ... ... ... ... ...5
2. Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттамасы. ... ... ... ... ... ...9
3. Құқықтық мемлекетті құруда билік бөлінісінің ролі ... ... ... ... 17
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Қолданылған қайнар көздер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Кіріспе
Құқықтық мемлекет – көпшілік - саяси биліктің құқықтық нысандағы
құрылған қызметі, индивидтермен құқық субъектісі ретінде оның қарым –
қатынасы. Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілеріне мыналар жатады:
құқыққа негізделген заңның жоғарылылығы, құқықтық шындығы және
индивидтердің еркіндігі; биліктің бөліну принципіне сай жалпы биліктің
құрылуы және қызметі.
Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттамасы, мемлекеттік қоғамның ұзақ
даму процесінде пайда болған жалпы адамгершіліктің құны жинақталған.
Кейінгі жылдары адам проблемасы біздің елімізде үлкен әлеуметтік,
саяси және адамгершілік маңыздылыққа ие болуда. Актуальды мақсат –
Қазақстан Республикасының Конституциясында жарияланған саяси және
әлеуметтік экономикалық құқықтарды барлық мемлекеттік органдардың
мүлтіксіз орындауын қамтамасыз ету. Көптеген халықаралық органдар адам
құқығын қорғауды, қамтамасыз етуге құрылған: БҰҰ-ның адам құқығы туралы
комиссиясы, адам құқығы туралы комитет, адам құқығы туралы Еуропалық
комиссия, Адам құқығы туралы Еуропалық сот.
Жалпы биліктің ұйымдастыру – құқықтық құрамы, құқықтық талаптарға
сай болуы қажет және оларды орындауға бейімделуі қажет.
Кәзіргі билікті бөлу принципі біздің, Қазақстан Республикасының
Конституциясымен жүзеге асырылады.
Ондай билік үшеу: заң шығарушы билік (заң шығаратын органдар),
атқарушы билік ( орындаушы органдар), сот билігі (сот органдары).
Бағамдық жұмысымның мақсаты жоғарыда көрсетіліп кеткен
мәселелерге тоқтала отыра, Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекеттің
ұғымын толығырақ ашып, билікті бөлудің құқықтық мемлекетте алатын
орнын көрсетіп беру.
Осы мақсатта мынадай тақырыпшаларға тоқталамын:
-Құқықтық мемлекеттің түсінігі және қағидалары;
- Құқықтық мемлекет идеяларының дамуы;
-Билікті бөлу қағидаларын жүзеге асыру.
Жұмыстың методологиялық негізі болып мыналар табылады: Қазақстан
Республикасының Конституциясы, Қазақстандық және шет ел авторларының
монографиялары, периодтық басылымдар және т.б.
1.Құқықтық мемлекет идеяларының дамуы
Мемлекетті өз жұмысын заң негізінде іске асыратын ұйым ретіндегі
ойлар, адам баласының өркениетті дамуындағы алғашқы кезеңдерінде пайда
бола бастаған. Жетілген және қоғам өмірінің адал нысандарын іздеу,
құқықтық мемлекет идеяларымен жалғанған. Ертедегі ғалымдар (Сократ,
Демокрит, Платон, Аристотель, Полибий, Цицерон) құқық пен мемлекеттік
биліктің арасындағы қарым – қатынасты көрсетуге талаптанғандағы тілектері,
(мақсаттары) сол дәуірдегі қоғамды қамтамасыз ететін қатынастарды болжау
болатын.
Мемлекеттік билік құқықты мойындайды және бір мезгілде құқықпен
тежеулі, ертедегі ғалымдардың ойынша, ең адал мемлекеттікке жатады.
Заңның күші жоқ жерде - Аристотельдің айтуы бойынша – мемлекеттік құрылым
нысаны жоқ. Цицеронның айтуы бойынша халықтың жұмысы, құқықтық араласу
және жалпы құқықтық тәртіп. Ертедегі Грецияның және Римнің мемлекеттік
– құқықтық идеялары, институттары, құқықтық мемлекеттер туралы кейінгі
прогрессивтік ілімдердің аяғынан тұруына, дамуына белгілі әсерін тигізді.
Феодализм ыдырауынының алғашқы кезеңдеріндегі құқықтық мемлекеттілік
идеяларды историзм тұрғысынан сол кездегі прогрессивті оқымыстылар
Н.Макиавелли және Ж.Боден айтқан. Макиавелли өзінің теориясында, ертедегі
және қазіргі көпғасырлық мемлекеттің өміріндегі тәжірибенің негізінде,
саясаттың принципін түсіндіруді, саяси өмірдің дамуындағы қозғаушы
күштерді білу арқылы, сол уақытқа қажетті идеальды мемлекеттің нұсқасын
салуды көздеді.
Мемлекеттің мақсаты, заттарды ерікті пайдалануға мүмкіндік жасап әр
адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуінде деп білді. Мемлекеттің нысаны
туралы мәселені көтергенде, республика нысанына мейірі түсті, себебі тек
республика нысаны ғана, көп жағдайда теңдікпен, бостандықтың талаптарына
сай келетін. Боден, мемлекетті – көптеген отбасыларды және өзіне
қарағандарды құқықтық басқару деп анықтады. Мемлекеттің мақсаты, тек
құқық пен бостандықты қамтамасыз ету деп білді.
Буржаузиялық революциялардың кезеңінде құқықтық мемлекет
концепциясының дайындалуына прогрессивті оқымыстылар маңызды үлес қосқан:
Г. Гроций, Б. Спиноза, Т. Гоббс, Д. Локк, Ш.Монтаскье, Д.Дидро, П.Гольбах,
Т:Джефферсон және басқалар.
Гроций – табиғи –құқықтық мектептің бірінші теориялық маманы болды.
Оның теориясы бойынша: табиғи құқық және ерікті белгіленген құқық болып
екіге бөлінеді. Табиғи құқықтың шығатын көзіне адам табиғаты, адамдық ақыл-
ой жатады.
Табиғи құқықтың ұйғарымына: басқа адамның нәрсесін алмауға, өзін -
өзі ұстау, уәдеге тұру міндеттілігі, кінәлілердің шығындф төлуі, сонымен
қатар Воздаяние адамдарды қылмысына қарай жазалау жатады. Ерікті
белгілеген құқық, мемлекеттен шығып, түгелімен табиғи құқық принциптеріне
сәйкес келулері қажет.
Феодоализмнің құқықтық институттарын Гроций адам табиғатына қарсы деп
жариялады, сондықтан ақыл – ой заңдылығына жауап беретін жаңа талаптара
жауап беретін құқық қажет деп есептеді. Ол мемлекеттің мақсатын құқықпен
бекіту арқылы, жеке меншікті қорғау, көпшіліктің келісімі бойынша, әр
адамға, өзінің мүлігімен еркін пайдалануды қамтамасыз ету деп білді.
Әртүрлі нысандағы мемлекеттің құрылуы, Гроцийдің ойына, қоғамдық келісім,
сондықтан халық мемлекетті құрғанда кез-келген басқару нысанын алула
мүмкіндігі бар, бірақ оны белгілегеннен кейін, халық оның басқарушыларына
бағынуға міндетті. Мемлекеттік басқару нысанын өгертуге қоғамдық келісім
жасағандардың екі жағының да келісімдері қажет.
Спиноза демократиялық мемлекеттің теориялық негіздемесін жасауға
қатысқан. Оның айтуы бойынша мемлекеттің күшті болуы әрбір азаматтың
өмірін қорғап қана қоймай, мүдделеріне қанағаттандырудың қажет екенін айта
келіп, әрбір басқарушылардың жеке меншікті, қауіпсіздікті, ар – ұятты,
бостандықты және басқа да жақсы жағдайларды сақтауға міндеттілігін
көрсетеді.
Гоббс –Англиядағы абсолюттік монархияның қорғаушысы ретінде, қоғамдық
өмірдегі құқықтың үстемдігі туралы бірнеше прогрессивті еңбектер жазды.
Оның еңбектерін кейіннен буржуазиялық революция оқымыстылары жетілдірді,
дамытты. Гоббс адамның бостандығын, заңмен тиым салынбайтын жағдайлардың
бәріне де құқығы бар деп түсінді. Соның негізінде, қоғамдық қатынастарды
құқықтық реттеудегі өте тиімді принциптедің теориялық негізін салды.
Локк – Маркстың айтуы бойынша, буржаузиялық қоғамның құқықтық
ойларын, феодалдық қарама – қайшылықтағы классикалық жеткізуші болды.
Мемлекет, адамның табиғи құқығын қорғау үшін құрылғандықтан, Локктың
ойынша, меншікті құруға және ұйымдастыруға заңдар қабылдайды және ол
заңдарды орындауға, сырттан басып кіруді болдырмауға қоғамдық күштерді
пайдаланады.
Құқықтық мемлекеттің жағдайындағы адам бостандығы, Локктың сөзімен:
заңды өкіметпен белгіленген өзгермейтін бәріне бірдей ережеде,
бостандықта, барлық жағдайда заң ұлықсат етсе, өзіңнің тілегеніңді жаса
және әрдайым белгісіз басқа адамның еркіне тәуелді болмау [1]
Кант – құқықтық мемлекет теориясының философиялық негізін жан – жақты
зерттеген адам. Көпшілік құқықтың принципіне, философтың ойынша халықтың
шексіз құқығы жатады, яғни өзінің еркін білдіретін конституция қабылдау
арқылы тәртіпті орнату. Халықтың үстемділігі, мемлекеттегі барлық
азаматтардың бостандығын, теңдігін және тәуелсіздігін қамтамаы етеді,
көптеген адамдардың құқықтық заңға бағынған жиынтығы. Конституциялық
құқыққа сүйенген мемлекеттің жұмысы халықтың жалпы еркіне сай болады,
азаматтардың құқығы – жеке бастарының еркіндігі, адагершілігі, ойлары.
Шаруашылық қимылдарының тежелуі мүмкін болмаған.
Батыс Еуропадағы прогрессивті саяси – құқықтық ойлардың иелері
Иеринг, Елинска, Дюги, Ориу, Паунда, Спенсер және басқалар құқықтық
мемлекет теориясының элементтерін өз кезеңдеріндегі көзқарастарға
тәжірибелерге сай дамытты. Иерингтың ойынша құқықтық мемлекет тек сол
жерде болады, егер мемлекеттік өкімет алдын –ала өзі бекіткен тәртіпке
өзі бағынса, сонда ғана ол ақырғы құқықтық бекітілуге ие болады. Тек
құқық үстемдік алғанда ұлттың хал – жағдайы гүлденеді, сауда, кәсіпшілік
өркендеп, халыққа тән ақылдылық және адамгершілік өріс алады.[2]
Құқықтық мемлекет идеялары орыстың саяси – құқықтық ойларында да
кең көлемде орын алды. Ондай ойларды Д.Н: Писаревтің, А.И. Герценнің,
Н:Г: Чернышевскийдің, А.Н:Радишевтің, П:П.Пестельдің, М:Н. Муравьевтің
және басқалардың еңбектерінен көруге болады. Олар көбінесе, феодализмнің
заңсыздықтарын шындық негіздерге сай қатты сынға алады.
Құқықтық мемлекеттің көпғасырлық тәжірибесін, теориясы мен жұмысын,
өктемдікпен жоққа шығару және ғылыми жағынан қабылдамау инерциясы қоғам
өмірінде әлеуметтік- экономикалық, мәдени, рухани жеке ұлттық
қақтығысуларды туғызды. Кейінгі жылдары реформалық процестердің тек біздің
елімізде ғана емес, бұрынғы Одаққа кірген мемлекеттерде де жүріп жатқанына
байланысты мемлекет пен құқыққа ғылыми көзқарастар пайда болды. Қоғамның
саяси жүйесіндегі мемлекеттің ролін бағалаудағы жаңа қатынастан байқауға
болады. Бұрынғы және қазіргі ғылыми арсеналды, құқықтық мемлекеттің
қызметін және іс жүзіндегі тәжірибесін пайдаланып қазіргі өркениетті
елдерде, құқықты жүргізушілер, философиялық, экономикалық және саяси
ойлардың негізінде шын мәніндегі болашақ құқықтық мемлекеттің үлгісін
белгіледі.
2.Құқықты мемелекеттің негізгі сипаттамасы
Құқықтық мемлекет - көп өлшемді даму үстіндегі құбылыс. Қоғамдық
прогресте ол жаңа қасиеттерді бойынша жинайды. Қоғамның дамуындағы белгілі
жағдайлардың деңгейіне сай келетін жаңа мазмұндармен толығады.
Құқықтық мемлекет - бұл мемлекеттік билік қызметінің ұйымдасу нысаны
құқық нормаларының қарым-қатынастарымен бірге кұрылады. (Құқық алдыңғы
ролді тек сол кезде ғана атқарады, егер ол көпшіліктің және жеке
адамдардың бостандық мөлшеріне сай болса, қызметтегі зандар шын мәнісінде,
халықтың және, мемлекеттің мүдделеріне қызмет етсе, олардың пайдалану
шындытың іске асқандығы. Өткендегі тәжірибеге көңіл аударсақ, тоталитарлық
мемлекеттерде құқықтыұ актілер үзілмей шығарылып тұрды, оларды іске
асырудағы қаталдық қамтамасыз етілді, бірақ, мұндай құқықтық реттеу,
құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаларына қарсы болды.[3]
Құқықтық мемлекеттің экономикалық негізіне әртүрлі меншік формаларына,
көп тәртіпке сүйенген өндірістік қатынастар (мемлекеттік, коллективтік,
арендалық, жекешеленген, акционерлік, кооперативтік т.б.) тең қүқықты және
бірдей мөлшердегі заңмен қорғалғандар жатады. Құқықтық мемлекетте меншіктік
тікелей өндірушілерге және тұтынушыларға жатады, жекелеген өндірушілер
өзінің жеке еңбегінің нөтижесі мен өнімдердің меншіктенушісі болып
есептеледі.
Мемлекеттіліктің құқықтық бастамасы,- тек өзін-өзі билегенінде,
меншіктік бостандығында. Құқық үстемдігін экономикалық жағынан қолдап,
өндіріске қатысушылардың теңдігін, қоғамның қолайлы жағдайының тоқтаусыз
өсуін жөне оның өзіндік дамуын қамтамасыз етеді.
Құқықтық мемлекеттің әлеуметтік негізін қүраушы өзін-өзі реттейтін
азаматтық қоғам. Ол қоғамдық прогрестің иелері азаматтарды бірікгіреді.
Мұндай мемлекеттің дәл ортасыңда, өзінің әртүрлі мүдделерімен адам тұрады.
Әлеуметтік институттардың жүйесі, қоғамдық қатынастар арқылы, әр азаматтың
шығармашылық, еңбек мүмкіншіліктеріне қажетті жағдайлар жасауына болады, ой
плюрализмі, жеке адамның құқығы және бостандығы қамтамасыз етіледі.
Тоталитарлық басқару тәсілінен құқықтық мемлекеттікке көшу, мемлекетгің
әлеуметтік жұмысын, тез арада өзгеше бағытқа бұрумен тікелей байланысты
болады. Мемлекеттің әлеуметтік негізінің беріктігі, оның құқықтық тіреуінің
тұрақтылығын алдын ала белгілейді. Құқықтық мемлекет - бір мезгілдегі
әлеуметтік мемлекет. Қүқықтық мемлекеттің адамгершілік негізін, жалпы
адамдық гуманизм принципі және адалдық, тендік жеке адамның бостандығы,
оның ары және адамгершілігі құрайды. Құқықтық мемлекеттің режимін шын
мәнісінде, адамның жоғары адамгершілік құндылығы бекітеді, олардың қоғам
өміріндегі басқару ролін қамтамасыз етеді, жеке адамға жасалатын
басынушылықты, күштеуді жояды. Дәлірек айтсақ, ол мемлекеттік басқарудың
демократиялық тәсілінен, сот процессінің адалдығынан, жеке адамның
мемлекетпен қарым-қатынасындағы құқығының жөне тәуелсіздігінің артықшылығы,
аз топтың құқығын қорғау, әртүрлі діни сенімдерге көнуден көрінеді.
Мемлекеттік өмірдің рухани толықтығы көп жағдайларда, қоғамның адамгершілік
жетілгендігінен, оның өркениетті деңгейінен, әлеуметтік-экономикалық
гумманизмінен және саяси қатынастарынан толығымен көрінеді.
Құқықтық мемлекет - бұл тәуелсіз мемлекет, ол өз бойына бүкіл халықтың,
ұлттың және елді мекендейтін аз ұлттардың тәуелсіздігін жинайды. Мұндай
мемлекет үстемдікті, бәріне бірдейлікті, биліктің толықтығын, ерекшелігін
іске асыру арқылы, адалдыққа негізделген азаматтардың қоғамдық
қатынастарын, бостандығын қалтықсыз қамтамасыз етеді. Құқықтық мемлекетке,
мәжбүр ету, мемлекет төуелсіздігінің маңызды көрсеткіші ретінде, құкықпен
шектеледі, заңсыздық пен бассыздыққа жол бермейді. Мемлекет өз күшін, кұқық
негізінде, тек өзінің тәуелсіздігі, азаматгарының мүдделері бүзылса ғана
пайдаланады. Ол жеке адамның да бостандығын тежейді, егер оның әрекеті
басқа адамдардың бостандығына қауіпті болса.
Мемлекеттің саяси табиғаты оның тәуелсіздігінен анық көрінеді.
Қоғамның саяси жүйесі, бөлікгерінің мүдделері және барлық гамма
қажеттіліктер тек тәуелсіздікке келіп жиналады. Төуелсіздікке
байланысты ғана мемлекеттік жөне мемлекеттік емес ұйымдар-
дың мүдделері біріктіріледі, адал құқықтың тендігі және еркін
дамуы қамтамасыз етіледі. Енді құқықтық мемлекеттің негізгі
белгілеріне көшейік:
1. Барлык, коғам өмірінің аясындағы заң деңгейінің жоғарлылығы. Құқық
жүйесіндегі жоғарғы құқықтылыкқың нысанына ұйымдарды және адамдардың
бостандығың корғаушы заң жатады. Занда мемлекет бәріне міндетті тәртіп
жолын белгілейді, адалдық пен теңдіктен бастау алып, қоғам дамуындағы
объективті қажеттілікті толық есепке алады. Міне, сондықтан, заң жоғарғы
зандылық күшке ие, басқа құқықтық актылар заңға сай болуы қажет. Заң қоғам
өміріндегі ең маңызды қажеттілікті, жағдайларды реттейді. Ол өмірге,
маңызды ортадаға бостандықтың мөлшерін белгілеп, қоғамның адамгершілік
құндылығын корғайды (мысалға, меншік туралы зандар, кәсіпкерлік туралы,
баспа т.б.). Қосымша заң актылары (подзаконные акты) оның ішінде
ведомстволық, қажетті кезінде, зандардың кейбір қағидаларын анықтайды,
бірақ заңды ешқашанда "жетілдірмейді", "түзетпейді", "ауыстыр-майды".
Сонымен бірге, құқықтық заң, оны шығарушылардың өз еркіне жібермейді. Занда
бекітіліп жатқан қоғамдық қатынастардың объективтігі, олардың дамуы және өз-
өзінен жаңалануы көрсетілуі қажет. Заң шығарудағы әртүрлі тежеулік жүйе,
субъекгивтік сипаттағы тиым салу, құқықтық мемлекеттің неігізіне зиян
келтіреді, қоғамдық прогресті тежейді.
Құқықтық мемлекеттің негізі - конституциясы. Онда мемлекеттік және
қоғамдық өмірдің құқықтық принциптері көрсетілген. Конституция қоғамның
жалпы құқықтық моделін көрсетеді, барлық ағымдағы зандар, соған сәйкес
келуі міндетті. Мемлекеттің ешқандай құқықтық акгылары конституцияга қарама-
қайшы келмейді. Конституцияның артықшылығы - құқықтық мемлекеттің
бөлінбейтін бөлігі. Сондықтан құқықтық мемлекет - конституциялық мемлекет.
2. Жеке адамның құқығының шындығы, оның еркін дамуын қамтамасыз
етуінде. Әлеуметтік саяси өмірде, адам бостандығы оның құқығы ретінде
көрінеді. Құқықтық мемлекет жеке адамдарға белгілі бостандықтың болуын
қолдайды, ол мөлшерден әрі қарай мемлекеттің араласуы дұрыстыққа жатпайды.
Мемлекеттік биліктің "араласпауы" міндеттілігі, адамдардың өз құқығын
сақтауды талап етуіне сәйкес келеді. Егер белгіленген құқық бұзыл-са, ол
соттың қорғауымен қамтамасыз етіледі. Мүндай жағдай, нағыз құқықты
бостандыққа айналдырады. Құқық жалпыға бірдей, көлемді және бір деңгейдегі
бостандық. Оның шын көрінісі мына формулада қамтылған: "тұлғаға тиым
салынбаған нәрседен басқаның бәріне рәқсат етіледі".
Жеке адамдардың құқықтық сипаттағы бостандығы, қоғам өмірінің әртүрлі
жағдайынан көрінеді. Қазіргі демократиялық мемлекетті объективті құқық
бостандығы, өзінің әр қыйлы мазмұндарына байланысты жеке адамның
объективтік құкығымен іске асырылады. Ондағы ең маңыздысы - жеке адамның
құқығы, оның мүддесін орындауға ұмтылған мемлекеттің қимылы (әрекеті), жеке
адамның дербес құқықтығына, білім алу, әлеуметтік қамсыздандыру, сотпен
қорғалу, мемлекеттің көлемінде еркін жүру жатады.
3. Мемлекет пен жеке адамның арасындағы жауапкершілігі. Саяси өкіметті
алып жүруші мемлекет пен оның құрылуын іске асыруға қатынасушы азаматтың
арасындағы қатынас, теңдік және адалдық негізінде болуы қажет. Мемлекет
жеке адамның бостаңдык деңгейін занда белгілей отырып, сондай мөлшердегі
өзі қабылдаған шешімінде, қимылында өзін тежейді. Ол әр азамат туралы адал-
дықты қамтамасыз етуді міндетіне алады. Құқыққа бағына отырып, мемлекеттің
органдары оның жарлығын бұза алмайды және бұзғаны үшін, не ол міндеттерді
орындамағаны үшін жауапқа тартылады. Заңның міндеттілігі мемлекеттік
билікке кепілдіктер жүйесімен қамтамасыз етіледі, ол жағдай әкімшілік
басынушылықты жояды. Оған жататындар: депутаттардың сайлаушылар алдындағы
жауапкершілігі (депутатты кері шақырып алу), үкіметтің өкілетті органдар
алдындағы жауапкершілігі, әкімшілік, азаматтық-күқықтық не болмаса,
мемлекет қызметкерінің қандай деңгейде болмасын белгілі құқық
субъектілерінің алдында өзінің міндеттерін орындамағаны үшін, қылмыстық
жауапкершілігі. Сондай құқықтық бастама негізіңде, мемлекет аддында жеке
адамның жауапкершілігі құрылады. Мемлекеттік мәжбүрлеуді пайдалану,
құқыктық сипатта болуы қажет, жеке адамның бостандық деңгейін бүлдірмеу,
болған қүқықбүзушылык оның ауырлығына сай жазалануы қажет. Мемлекет пен
жеке адамның бірге жауапкершілігіндегі құқыктық сипаттама - қоғамдағы
құқықтың объективті құрылуының маңызды бөлігі, мемлекет еріктілігіне
нәтижесі емес. Құқықтық талаптарды сақтау - ең алдымен, мемлекеттің және
барлык адамдардың да заңды міндеттері. Осыдан адамның табиғи құқықгың,
құқықтық мемлекетте көре аламыз. Құқықтық мемлекеттің құрылуы мен
қызметінің негізгі принциптеріне биліктің бөлінуі жатады. Бұл принцип, бір
жағынан заң шығарушы өкіметтің мәртебесін (жоғарлылығын) белгілейді, ал
екінші жағынан - орындаушы және сот басқарылуының бірлігін көрсетеді.
Мемлекеттік билікті өзінше, жеке және тәуелсіз үш салаға бөлу, өкіметті өз
пайдасына пайдалануға жөне құқықпен қатынасы жоқ тоталитарлық мемлекеттің
пайда болуына жол бермейді. Мемлекеттік билік жүйесінде сол биліктің
әрқайсысы өз орнында, өздеріне тән тапсырмаларын және басқа қызметерді
орындайды. Биліктің тендігі арнаулы ұйымдастыру құқықтың төсілдерімен
қолдау табады және бірігіп жүұыс істеуде, белгілі мөлшерде бірінің-бірі
қызметтерін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz