Мемлекеттің белгілеріне жататындар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Әр ғылымның немесе оку пәнінің өзіндік зерттейтін, оқытатын пәні болады.
Ғылымның немесе оку пәнінің заты – ол зерттейтін мәселелердің жиынтығы.
Тақырыптың өзектілігі. Мемлекет және құқық теориясының (МҚТ) пәні – бұл
мемлекет пен құқықтьң пайда болуының, дамуының және қызмет атқаруының жалпы
заңдылыктары, олардың мәні, кұрылымы, негізгі бөлшектері, принциптері,
институттары. Сонымен катар МҚТ қазіргі мемлекеттік құқықтық болмыстарды да
қарастырады және жалпы кұқықтық түсініктерді зерттейді.
Мемлекет пен құқықты басқа құрылымдардан бөліп қарауға, сондай-ақ
әлеуметтік құбылыстар жүйесіндегі олардың орнын анықтауға, сөйтіп, мемлекет
пен құқықтық мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді. [1]
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Мемлекет пен құқық өте тығыз
байланысты. Құқықсыз мемлекет өмір де сүре алмайды, қызмет те істей
алмайды. Сондыктан мемлекет пен құқықтың пайда болу заңдылықгары да ұқсас.
Мемлекет пен құқық теориясының пәнін былай кестелеуге болады.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні. Мемлекет және құқық теориясының пәні - өте
күрделі ұғым. Осы пәнді толық зерттеу үшін төмендегі сұрақтарға аса көңіл
бөлу қажет:
1. мемлекет және құқықтың мәні.
2. кез келген типті және кез келген жүйедегі мемлекет және құқықтың жалпы
сипаттары.
3. мемлекет және құқық пайда болуының жалпы заңдылықтары.
4. мемлекет және құқықтың типтері мен формалары (нысандары).
5. мемлекет және құқықтың дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары,
принциптері, механизмдері.
6. мемлекет және құқықтың бір-бірімен және басқа қоғамдық құбылыстарымен
байланыс етудің жалпы заңдылықтары.
Заң ғылымдары арасында мемлекет және құқық теориясы ерекше орын алады.
Мемлекет және кұқык теориясының ерекшеліктері мыналардан тұрады:
– біріншіден, қоғамдық ғылым, өйткені оның пәні мемлекет және құқық,
бұлар қоғамдық құбылыстар болып табылады. Бұл ғылым (мемлекет және құқық
теориясы) басқа ғылымдардың біразынан (табиғат зерттеу, техникалык
тәрізділерден) осы айырмашылықтары аркылы ерекшеленеді;
– екіншіден, саясат пен заңдарды зерттейтін ғылым, мұндай зерттеулерде
мемлекеттің саясат пен билікке жататын немесе ғылыммен тікелей байланысты
қызметтік іс-әрекеттерін карастырады. Міне, осындай сипатты айырмашылығына
байланысты мемлекет және құкық теориясы мемлекеттік-кұқықтық қондырманы
тікелей зерттемейтін басқалай да қоғамдық ғылымдардан ерекшеленеді;
– үшіншіден, ғылым мемлекет пен құқықтың негізгі және жалпылық
заңдылыктарын, жалпыламалык сипаттарын зерттейтін жалпытеориялық ғылым
болып табылады. Осы айырмашылығы арқылы арнайы заң ғылымдарынан
ерекшеленеді;
– төртіншіден, методологиялық сипатындағы ғылым. Мемлекеттік-кұқықтық
қондырманың жалпы зандылықтарын баяндап түсіндіргенде мемлекеттік-құқықтық
құбылыстарды зерттеудің амал-тәсілдерін, жолдарын қарастырып, олардың
әдістемелік мәселелерін де шешеді.
– бесіншіден, заң ғылымдарының бәріне тән тұғырнамалық сипаты бар ғылым.
Өйткені барлық заң ғылымы пәндерінің "өне бойын көктей өтетін" құқықтық
құбылыстарды зерттейді.
Сонымен мемлекет және қүқык теориясын – мемлекет пен құқықтың негізгі
және жалпы зандылыктарының, олардың мәні мен тағайынының фактілерге
негізделген дамуын қорытындылаған білімдер жүйесі дейміз.
І. Мемлекет және азамат құқығы
1.1 Мемлекет түсінігі

Мемлекеттің түсінігін анықтауда қажетті еске алатынымыз субъективті
факторлар, әртүрлі адамдардың бір құбылыстың өзін бірдей емес қабылдауын
және объективті жағдайларды да ескеру. Себебі мемлекет – көпжақты және
қыйын құбылыс болғандықтан бұл түсініктің болуы заңды.
Мысалы кең мәнінде мемлекет сондай қоғам не қоғамның саяси ұйымның ерекше
нысаны. Қысқа мәнінде “мемлекет” атауы басқару аппаратын, қоғамнан бөлініп
шығып оның үстінеде тұрғанын белгілеуге, не ұлттарды, басқа елдің
тұрғындары өмір сүріп жатқан аумақтарды белгілеуге ұзақ емес
пайдаланылады.[2]
Мемлекет өзінің әртүрлі даму кезеңдерінде біржақты емес анықталады.
Мысалы, Аристотель мемлекетті былай анықтады “как самодоволеющее общение
граждан, ни в каком другом общении не нуждающихся и ни от кого другого не
зависящих”, яғни қазақшаға аударсақ, мемлекет өзіндік мәні бар азаматтармен
араласу, басқа ешқандай араласуды қажет етпейтін және ешкімнен тәуелді емес
араласу.
Никколо Макиавелии, Возрождения дәуірінің философының есебімен мемлекет –
“общее благо, которое должно получаться от выполнения реальных
государственных интересов”, яғни мемлекет – жалпы игілік, нақты мемлекеттік
мүдделердің орындалуына байланысты болуы міндетті – деген.
Ағылшын философы XVI ғасырдағы Томас Гоббстың мемлекетті анықтауы былай:
“единое лицо, верховного владыку, суверена, воля которого вследствие
договора многих лиц считаеться волей всех,” – жалғыз адам, жоғарғы
әміршінің тәуелсіздігінің еркі көп адамдардың келісімімен барлығының еркі
болып есептеледі – деген.
XVII – XVIII ғасырларда Джон Локк мемлекетті адамдардың белгілеген жалпы
заңмен біртұтастыққа бірігуі деген.
ХХ ғасырдың аяғында Батыста көбірек белгілі мемлекеттің жалпыға бірдей,
құрылым негізінде жатқан аумақтар, халық және мемлекеттік билік - деген
анықтама болды.
Ресей заңгерлері мемлекетті ерікті адамдардың қоғам одағы, тек
мемлекеттік органдарға ең жоғарғы мәжбүрлеу құқық берген – деген, тағы да:
“белгілі аумақта тұратын ерікті адамдардың одағы және ерікті жоғарғы
билікке күштеумен бағынатын” деген.
Әртүрлілігіне қарамай, барлық келтірілген анықтамалар мемлекеттің мәніне
жалпы әлеуметтік ыңғайды көрсетеді, оның қалпында, олар қоғамдық мүддені
қамтамасыз ететін құрал ретінде көрінеді.
Марксизм мемлекеттің түсінігінің анықтамасына таптық ыңғай әкеледі.
Таптардың пайда болуын және олардың арасындағы күрестің болуының міндетті
екенін айтып Ф.Энгельстің пікірінше таптардың арасындағы тұрақты өсіп келе
жатқан антогонизм мемлекеттің араласуын қажет етеді. Сондықтан мемлекет
үстем таптың саяси ұйымы ретінде қаралады. Бірінші маңыздылық мемлекеттік
биліктің күштеу жағына беріледі – таптық диктатураға. Мемлекетте
чиновниктердің әкімшілік аппаратын маңызды деп есептейді. Осы ойдың
негіздері В.И.Лениннің ойларында толық көрсетілген, яғни мемлекетті қандай
болмасын таптың қолындағы екінші тапқа үстемдік жасау үшін құрылған құрал
(машина) деген. (Ленин В.И. Полн.собр.соч. Т.33 с. 24,95).
Бүгін Ресейдің арнайы идеологиясында бірінші орынға жалпыадамдық
бағалылық қойылады, сондықтан мемлекетті тағы да “барлығы және барлығы
үшін” деп анықтағылары келеді. [3]
Сонымен бірге, мемлекеттің мәнін қысқа таптық тәсіл ретінде және
“жалпыадамбаласылық” деп анықтау біржақтылық болады. Жалпыадамдықтың
бағалаушылар бір анықтамадан қашып екінші қателікке ұшырасуда. Мемлекетті
анықтауда нақты өмірдегі оның таптық және таптық емес, адамдық белгілері
есепке алуы қажет.
Мемлекеттің мәнін терең жан-жақты түсіну үшін, оның белгілерін білу
керек, яғни мемлекетті, мемлекеттік емес институттар мен жалпықоғамдық
ұйымдардан айыратын.
Мемлекеттің белгілеріне жататындар:
1. Мемлекет- барлық қоғамның саяси ұйымы, яғни оның жәй ғана бөлігіне
жатқызуға болмайды. Мемлекеттің тұрғындарын (республикадағы)
азаматтар, не қол астындағылардан (монорхиядағы) тұрады, дегенмен
әлеуметтік бөліншілік алдын-ала белгіленеді. Мұнда шет елдердікі,
қашып жүргендер, азаматтығы жоқтар кірмейді. Көптеген елдердің
конституцияларына сай мемлекеттің тұрғындары халық болып есептеледі.
2. Көпшілік билік, қоғамнан жоғары тұрады және оның билеушілерге және
бағынушыларға бөлінуін болжайды. Көпшілік билік - деп билік
аппаратын және ерекше қатпардағы адамдардан тұратын басқаруды
атайды. Ол адамдар өз қызыметтерін сайлану, тағайындау, мұрагерлік
арқылы алады. Қандай мемлекетте болмасын билік аппартымен қатар
мәжбүрлеу аппараты болады, олар да көпшілік биліктің элементтеріне
жатады. Олар ерекше қарулы жасақтардан: әскер, полиция, барлаудан,
сонымен бірге мәжбүрлеу мекемелерінен тұрады (абақтылар, лагерлер
т.б.). Көпшілік билік әр уақытта және барлық мемлекеттерде ең
алдымен үстемдіктегі ортаның мүддесін көздеген.
3. Тұрғындардың аумақтық бөлінуі. Қандай болмасын мемлекет тек белгілі
аумақтарда ғана өмір сүреді және қызмет жасайды. Мемлекеттің
аумақтары әкімшілік-аумақтық бөліктерден тұрады: округтер,
провинциялар, жерлер, облыстар, графтар, райондар. Олардың мақсаты –
мемлекеттік билікті және басқаруды өздері тұрған аумақтарда
ұйымдастыру.
4. Суверенитет. Мемлекеттік (суверенитет) егемендік дегеніміз, елдің
ішіндегі мемлекеттік биліктің үстемдігі және оның сыртқы саяси
ортадан тәуелсіздігі. Үстемділік дегеніміз, мемлекеттің өз еркімен
қоғамдағы жалпыға міндетті тәртіп жолын, белгілеу бір ғана құқықтық
тәртіпті, лауазымды адамдардың, азаматтардың құқығы мен міндетін,
мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың міндеттерін қамтамасыз ету.
Тәуелсіздік осы мемлекетті халықаралық бірлестікте халықаралық
қатнастардың субъектісі ретінде мойындауы және басқа мемлекеттердің
тәуелсіз мемлекеттің ішкі жұмыстарына араласпауы.
5. Салықты белгілеу – көпшілік билікті асырауға және әлеуметтік
бағдарламаларды іске асыруға қажетті азаматтардан және заңды
тұлғалардан ұсталатын міндетті төлемдер.
Мемлекеттің жоғарыдағы, өзінің айырмашылығын көрсететін белгілерден
басқа, өзінің рәсімдері бар (Ту, герб, әнұран) дәстүрлі, еске алатын
күндері бар.
Қорыта келіп, мемлекетті былай анықтауға болады, қоғамның саяси ұйымы,
көпшілік билікке сүйенуші, таптық және жалпыадамдық мақсаттарды белгілі
аумақтарда орындау үшін қажетті ұйым.
Мемлекет – ру-тайпалық құрылыс ыдырап, қоғам ішінен көсемдер мен оның
айналасындағылар бөлініп шығып, қоғамның әлеуметтік жіктелісі тереңдеп,
шаруашылық байланыстар кеңейген кезде қоғамдағы қатынастарды реттеу үшін
пайда болған құбылыс. Қазіргі уақытта мемлекетті анықтауда плюрализмге жол
берілген. Мемлекет ұғымы кең мағынада жоғарғы мемлекеттік билік және
басқару органдары бар,белгілі бір аумақта орналасқан ел, қоғам, халық
ретінде түсіндіріледі. Сөйтіп, мемлекет дегеніміз саяси аумақтық басқару
және күштеу аппараты бар, көпшілік биліктің тәуелсіз саяси ұйымы. Мемлекет
бүкіл қоғамды қамтый отарып қоғамның ішінде де, басқа сыртқы
мемлекеттермен де қызмет атқарады. Мемлекет-ерекше қоғамдық құбылыс.
Сондықтан, оны рулық құрылыстағы әлеуметтік биліктен мына белгілері
бойынша ажыратамыз:
1.Көпшілік билік барлық мемлекет аумағындағы тұрғындарға мемлекет
атынан жүргізіледі. Бұл көпшілік саяси билікке басқару және билік
органдары жатады. Қоғамды басқарудың арнаулы аппараты болады. Бұл күштеу
аппаратына-сот, прокуратура, ішкі істер органдары т.б. және жазалау
шараларын іске асыратын органдардың (әскер,түрме) болуы. Мемлекеттегі
басқару аппаратына байланысты ерекше адамдар тобы пайда болады.
Жоғарыдағы аппараттар жалпы қоғамның мүддесін емес, нақты бөлініп шыққын
таптың, әлеуметтік топтың т.б. мүдделерін қорғайды.
2.Тұрғындардың аумаққа бөлінуі және сол аумақ ішінде көпшілік биліктің
іске асырылуы. Кез-келген мемлекеттің өз аумағы болады. Соған байланысты
сол аумақта тұрған тұрғындар сол мемлекетке қарайды. Мемлекет олармен
қарым-қатынастарын реттеп отырады.
Бұл мемлекет аумағындағы басқаруды мемлекеттік билік іске асырады.
Мемлекет өз аумағындағы тұрғындарды өз билігі арқылы қорғап,қолдап
отырады.
3.Мемлекеттің егеменділігі. Мемлекеттің халықаралық қатынастарда басқа
мемлекеттерге тәуелсіздігі. Мемлекеттегі жоғарғы билік сол аумақтағы
тұрғындар үшін жалғыз билік көзі. Мемлекеттік билік заңнан тыс кез-келген
билікті танып не өзгерте алады.Сол үшін оның күштеу құралдары мен әдістері
болады.[5]
Мемлекеттік биліктің біртұтастығын көрсететін біртұтас мемлекеттік
органдар жүйесі болады. Мемлекеттік билікте өз істерін өз бетінше ешкімнің
қол сұғуынсыз өзі шешеді.
4.Құқық және заңдардың болуы. Мемлекет құқықсыз өмір сүре алмайды.
Мемлекет пен құқықты бір-бірінен ажырата алмаймыз. Кез келген мемлекет
өзінің нормативті-құқықтық актісімен мемлекеттік билікті бекіте отырып,
мемлекеттік саясатты іске асырады. Құқық саясатты заңдандара отырып,
демократиялық құқықтық мемлекетті қалыптастырады.
Тек мемлекет қана жалпыға міндетті нормативті актілерді: заңдарды,
бұйрықтарды, қаулыларды т.б. қабылдай алады.
5.Салық және салық жүйесінің болуы. Мемлекет тұрғындарының кірісінен
қайтарымсыз алынатын салықтар мен әртүрлі алымдардың алынуы. Мемлекет
салықтар мен алымдар арқылы мемлекеттік аппаратты ұстайды, көпшілік саяси
билікті қамтамасыз етеді және қоғам үшін пайдалы еңбекке жұмсайды.
Осы белгілеріне қарап мемлекетті қоғамдық ұйымдардан ажыратамыз.
Мемлектті тәуелсіз көпшілік билігі бар, белгілі бір аумақта қоғамды
басқаратын, қоғамдық пайдалы қызметті атқарушы және мемлекеттік саясаттың
орындалуын қамтамасыз ететін аппараты бар, жалпыға міндетті заңдар мен
актілер шығарушы саяси ұйым ретінде танимыз.

1.2 Мемлекеттің түрлері.

Мемлекет – ру-тайпалық құрылыс ыдырап, қоғам ішінен көсемдер мен оның
айналасындағылар бөлініп шығып, қоғамның әлеуметтік жіктелісі тереңдеп,
шаруашылық байланыстар кеңейген кезде қоғамдағы қатынастарды реттеу үшін
пайда болған құбылыс. Қазіргі уақытта мемлекетті анықтауда плюрализмге жол
берілген. Мемлекет ұғымы кең мағынада жоғарғы мемлекеттік билік және
басқару органдары бар,белгілі бір аумақта орналасқан ел, қоғам, халық
ретінде түсіндіріледі. Сөйтіп, мемлекет дегеніміз саяси аумақтық басқару
және күштеу аппараты бар, көпшілік биліктің тәуелсіз саяси ұйымы. Мемлекет
бүкіл қоғамды қамтый отарып қоғамның ішінде де, басқа сыртқы
мемлекеттермен де қызмет атқарады. Мемлекет-ерекше қоғамдық құбылыс.
Сондықтан, оны рулық құрылыстағы әлеуметтік биліктен мына белгілері
бойынша ажыратамыз:
1.Көпшілік билік барлық мемлекет аумағындағы тұрғындарға мемлекет
атынан жүргізіледі. Бұл көпшілік саяси билікке басқару және билік
органдары жатады. Қоғамды басқарудың арнаулы аппараты болады. Бұл күштеу
аппаратына-сот, прокуратура, ішкі істер органдары т.б. және жазалау
шараларын іске асыратын органдардың (әскер,түрме) болуы. Мемлекеттегі
басқару аппаратына байланысты ерекше адамдар тобы пайда болады.[6]
Жоғарыдағы аппараттар жалпы қоғамның мүддесін емес, нақты бөлініп шыққын
таптың, әлеуметтік топтың т.б. мүдделерін қорғайды.
2.Тұрғындардың аумаққа бөлінуі және сол аумақ ішінде көпшілік биліктің
іске асырылуы. Кез-келген мемлекеттің өз аумағы болады. Соған байланысты
сол аумақта тұрған тұрғындар сол мемлекетке қарайды. Мемлекет олармен
қарым-қатынастарын реттеп отырады.
Бұл мемлекет аумағындағы басқаруды мемлекеттік билік іске асырады.
Мемлекет өз аумағындағы тұрғындарды өз билігі арқылы қорғап,қолдап
отырады.
3.Мемлекеттің егеменділігі. Мемлекеттің халықаралық қатынастарда басқа
мемлекеттерге тәуелсіздігі. Мемлекеттегі жоғарғы билік сол аумақтағы
тұрғындар үшін жалғыз билік көзі. Мемлекеттік билік заңнан тыс кез-келген
билікті танып не өзгерте алады.Сол үшін оның күштеу құралдары мен әдістері
болады.
Мемлекеттік биліктің біртұтастығын көрсететін біртұтас мемлекеттік
органдар жүйесі болады. Мемлекеттік билікте өз істерін өз бетінше ешкімнің
қол сұғуынсыз өзі шешеді.
4.Құқық және заңдардың болуы. Мемлекет құқықсыз өмір сүре алмайды.
Мемлекет пен құқықты бір-бірінен ажырата алмаймыз. Кез келген мемлекет
өзінің нормативті-құқықтық актісімен мемлекеттік билікті бекіте отырып,
мемлекеттік саясатты іске асырады. Құқық саясатты заңдандара отырып,
демократиялық құқықтық мемлекетті қалыптастырады.
Тек мемлекет қана жалпыға міндетті нормативті актілерді: заңдарды,
бұйрықтарды, қаулыларды т.б. қабылдай алады.
5.Салық және салық жүйесінің болуы. Мемлекет тұрғындарының кірісінен
қайтарымсыз алынатын салықтар мен әртүрлі алымдардың алынуы. Мемлекет
салықтар мен алымдар арқылы мемлекеттік аппаратты ұстайды, көпшілік саяси
билікті қамтамасыз етеді және қоғам үшін пайдалы еңбекке жұмсайды.
Осы белгілеріне қарап мемлекетті қоғамдық ұйымдардан ажыратамыз.
Мемлектті тәуелсіз көпшілік билігі бар, белгілі бір аумақта қоғамды
басқаратын, қоғамдық пайдалы қызметті атқарушы және мемлекеттік саясаттың
орындалуын қамтамасыз ететін аппараты бар, жалпыға міндетті заңдар мен
актілер шығарушы саяси ұйым ретінде танимыз.
Мемлекеттік билікті іске асырудың өзіне тән әдістері бар. Бұл әдіс-
тәсілдердің әртүрлілігіне қарамастан, мемлекеттік билікті іске асырудың
дәстүрлі әдістеріне мыналар жатады:
1.Сенім әдісі. Бұл әдісті пайдалана отырып, жеке адамның сана-сезіміне
идеялық-адамгаршілік құралдармен әсер етіп, қажет түсінікті қалыптастырады.
Бұл жерде идеологияның маңызы зор.
2.Мәжбүрлеу әдісі. Мемлекеттік мәжбүрлеу дегеніміз мемлекеттік жүйенің
жеке адамға психологиялық, материалдық немесе физикалық күш көрсету арқылы
мәжбүрлеуі. Оны екіге бөлеміз: 1-сі, құқықтық мәжбүрлеу; 2-сі, құқықтық
емес мәжбүрлеу. Біріншісі, құқықтық нормаларда анықталған және арнаулы іс
жүргізу шеңберіндегі мемлекеттік мәжбүрлеудің түрлері мен шаралары.
Екіншісі, мемлекеттік органдардың зорлық-зомбылығы.
Басқаларға қарағанда аз тараған мемлекеттің құрлыстың бір нысанына
конфедерация жатады – бірігіп саяси, экономикалық не әскери міндеттерді
шешу үшін біріккен егеменді мемлекеттердің одағы. Әдеттегідей,
конфедерацияның біртұтас билік және басқару органдары, тұтас бюджетімен
азаматтығы жоқ. Біріккен әркеттерін реттеуге конфедерация мүшелері біріккен
органдар құрады, олар тек қатаң белгіленген ортада конфедерацияның құрылу
мақсатына сай әрекет етеді.

Конфедерацияның құрылуы барлық оның мүшелерінің ерікті келісіміне
негізделген, ал мүшелерінің конфедерациядан шығуы біржақты еріктеріне
байланысты мүмкіндік.
Конфедерация кейде федерация құрудағы орта-аралық жағдай (мысалы
Швецариялық одақ конфедерациясы (1815-1848) федерацияға көшті) не бөлініп
кетеді (Австро-Венгрия). Кәзіргі кезде конфедерация белгілері Тәуелсіз
Мемлекеттердің Достығы (ТМД).
Конфедерацияның түрлеріне мыналар жатады:
- мемлекетаралық одақтар – тәуелсіз мемлекеттерден құрылған, классикалық
конфедерация.
- Достық – мемлекеттердің бірлігі, егемендікті алып, бір-бірінен
экономикалық тәуелділігіне байланысты өз өзінен жеке өмір сүруге
жағдайлары жоқтығы (ТМД).
- Мемлекеттердің бірлестіктері – мемлекеттік одақтардың өтпелі нысаны,
оның негізінде мемлекетаралық келісімдер жатыр. Бірлестіктердің
мақсатына жататындар көбінесе, кедендік, виздік және басқа барьерлерді
жою арқылы экономикалық потенциялды көтеру.
Конфедерациядан коалицияны айыра білу қажет, ол дегеніміз, екі не одан
көп мемлекеттердің уақытша саяси не әскери одақтары, жалпы қарсыластары
болғаннан кейін қорғану және басып алу мақсаттарына сай құрылған.
Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік құрлыс бөліктерінен басқа екі
мүшеліктегі жүйе өмір сүреді, соған сай қарапайым (унитарлық) және күрделі
мемлекеттерге бөледі. Күрделі мемлекеттер протекторат және унии-ға
бөлінеді.
Протекторат – екі мемлекеттің одағы, ол келісімге негізделген, соған сай
көбірек күші бар мемлекет, күші аз мемлекетке көмек беріп қолдауға
міндеттенеді, яғни экономикалық және мәдени, қарулы қорғау, сыртқы істерде
өкілеттік сияқты көмектер көрсетеді.
Унии - әртүрлі сипаттағы мемлекеттердің бірігуі. Униидің түрлеріне
жататындар:
- федерациялар
- конфедерациялар
- империялар – күш арқылы құрылған күрделі мемлекеттер
- фузии – мемлекеттердің қайта бірігуі (кәзіргі Германия);
- инкориорация – бір мемлекетті басқа бір мемлекетке қосу арқылы
құрылған мемлекеттер (мысалы, ССРО-ға балтық жағалауындағы
мемлекеттерді 1940 жылы күшпен біріктіру (қосу)).
Мемлекеттік құрлыс нысаны –мемлекеттің ішкі құрылымдары, оны аумақтық-
саяси бөлудің жолы, мемлекеттің барлық органдарының, оның бөліктерінің
органдарымен белгілі қарым-қатнасы.[6]
Мемлекеттік құрлыс нысандарының екі негізгі түрі бар:

1. Унитарлық мемлекет – мемлекет, оның аумағында біреу ғана мемлекеттік
билік органы және басқару органдары, конституция, заңдар және сот
жүйесі әрекет етеді. Унитарлық мемлекеттің тұрғындарының бірақ
азаматтығы болады.
Унитарлық мемлекет орталықтану деңгейіне байланысты орталықтанған және
орталықтанған емес болып бөлінеді. Бірінші оқыйғада жергілікті органдардың
билігінде орталықпен тағайындалған шенеуніктер тұрады. Екінші жағдайда,
жергілікті сайланған органдар билігінің региондағы мәселелерді шешуге
дербестігі бар.
Унитарлық мемлекет ұлттық болуы мүмкін (Франция, Эстония, Япония,
Қазақстан Республикасы) және көпұлтты (Қытай, Афганстан).
2. Федеративтік мемлекет – бұл мемлекет, бірнеше мемлекеттерден құралады
не мемлекеттік құрылымдар, соның аумағында әрекеттегі феодальдық және
республикалық билік органдары.
Федерацияның айырмашылығын мына белгілер көрсетеді:

- әдеттегідей екі жүйенің болуы заң шығаратын, атқаратын және сот
биліктері – федеральды және федерация субъектілері;
- федерация мен федерация субъектілерінің өкілеттілігінің бөлінуі;
- федерация субъектілерінің белгілі деңгейдегі саяси дербестігі;
- екі канальды салық жүйесі;
- екі азаматтық.
Қалыптасу принципіне байланысты федерацияның екі түрі бар: әкімшілік,
онда аумақты бөлу негізіне тұрғындардың жиі орналасуы, жердің рельефі,
пайдалы қазбалардың қоры тағы басқа аумақтық-экономикалық белгілер алынған
(АҚШ, Мексика); ұлттық, аумақтық бөлудің негізіне жатқан тұрғындардың
ұлттық құрамы (Югославия).
Басқару нысаны – жоғарғы мемлекеттік билікті және оның құру тәртібінің
жолы.
Биліктің бір адамға не ұжымдық сайлау органына берілуіне байланысты екі
негізгі басқару нысанын бөледі: монархияға және республикаға.
Монархия (грек. Monarchia – жалғыз билеу) басқару нысаны, онда жоғарғы
мемлекеттік билік бір адамның қолына мемлекет басшысына шоғырланған –
монархтың және мұрагерлікке жатады. [7]
Монархияның белгісіне жататындар:
- билік әдеттегідей мұрагерлік арқылы әкесінен баласына өтеді;
- басқару мерзімі шактелмеген (шексіз);
- монарх тұрғындардан тәуелсіз. Монархияның екі түрі бар абсолюттік және
конституциялық.
Абсолюттік монархия – бұл басқару нысаны жоғарғы деңгейдегі
орталықтануымен сипатталады, яғни монарх жалғыз өзі ғана заңдар қабылдайды,
үкіметті басқарып, сот жұмысын тексереді.
Абсолютті монархияның негізгі белгілеріне жататындар:
- тежелмеген, ешкімге есеп бермейтін монарх билігі;
- өкілетті органдардың жоқтығы.
Абсолютті монархияның бір түрі теократтық монархия – басқару нысаны, онда
мемлекет басшысы зайырлы және діни билікті көрсетеді (мысалы, Ватикан).
Конституциялық монархия – басқару нысаны, онда ерекше құқықтық акт –
Конституция – монарх пен сайланатын орган парламенттің арасына жоғарғы
билікті бөледі.
Конституциялық монархия парламентарлық және дуалистік болып бөлінеді.
Парламентарлық монархия – басқару нысаны, онда монархтың билігі тежелген.
Заң шығару билігі толығымен парламентке көшкен, атқарушы-үкіметке, ол
өзінің қызыметі үшін парламент алдында жауапты. Монарх өкілеттік функцияны
орындайды, сонымен қатар, формальді түрде үкіметтің құрамын бекітеді және
парламент қабылдаған заңдарға қол қояды (Ұлыбритания, Бельгия, Дания).
Дуалистикалық монархия – басқару нысаны, онда монарх пен парламент
арасындағы мемлекеттік билік формальды – заңдылық сипатта. Атқарушы билік
монархқа, ал заң шығару – парламентке жатады, дегенмен парламент шындығында
монархқа бағынады (Маркко, Иордания).
Республика – басқару нысаны, онда билік белгілі уақытқа сайланған билік
органына жатады.[8]
Республиканың белгісіне жататындар:
- биліктің сайлануы;
- тездігі (билікте болудың уақытының тежеулігі);
- сайшылардан тәуелділігі.
Үкіметтің кімнен қалыптасқанына оның кімге есеп беретіндігіне байланысты
– парламенттік, президенттік және аралас республика болып айырылады.
Парламенттік республика – басқару нысаны, онда үстемділік парламентке
жатады; үкімет парламентпен қалыптастырылады және оған есеп береді.
Парламенттік республикаға премьер-министр қызыметі тән, себебі ол бір
мезгілде үкіметтің басқарушысының және сайлауда жеңген партияның
басқарушысының функциясын орындайды. Парламент сенбеушілік ватумын шығарып
үкіметті және оның мүшелерін отставкаға жібереді. Парламенттік республикада
президенттің билігі өті төмен, дегенмен оған белгілі жұмыстар тапсырылған,
бірақ оларды іске асыру үшін үкіметтің келісімін алуы қажет, ал оның
шығарған нормативті актілері заң күшіне сонда ғана кіреді, егер оны
парламент бекітіп, үкімет қолдаса ғана (Италия, Австрия, ФРГ).
Президенттік республика – басқару нысаны, онда президенттің нақты билік
өкілеттігі бар.
Президенттік республиканың екі түрлі үлгісі бар. Бір жағдайда президент
мемлекет және үкімет басшысы болуға өкілеттігі бар (АҚШ, Мексика).
Президент үкіметті қалыптастырады, ол оған есеп беруші, парламент
қабылдаған заңдарға вето қояды.
Президент әскердің бас қолбасшысы және әскери не төтенше жағдайды
жариялауға құқығы бар. Дегенмен президент парламентті тарата алмайды, ал
парламент президентті жұмыстан алшақтануға, биліктен кешіруге болады тек
импичмент арқылы және билікті теріс пайдаланса, қылмыс жасаса ғана.
Басқа үлгі бойынша президент мемлекеттің басшасы, бірақ үкіметтің басшысы
емес.[9]
Аралас республика парламенттік және президенттік республиканың белгілерін
үйлестіреді. Мысалы, Ресей президенті формальді түрде үкімет басшысы емес,
дегенмен де оның функцияларын орындайды: елдің ішкі және сыртқы саясатын
белгілейді, кадр мәселелерін шешеді, Мемлекеттік Думаның келісімімен
премьер-министрді тағайындайды және оның отставкаға кетуін шешеді,
үкіметтің отырыстарында төрағалық етеді. Екінші жағынан, мемлекет басшысы
ретінде өкілеттік функцияларды орындайды, Мемлекеттік Думаның сайлауын
тағайындайды, оны таратуға құқығы бар, заң шығару инициативасымен
пайдалануға құқығы бар, федеральдық заңдарға қол қояды және жариялайды,
жарлықтарды шығаруға, халықаралық келісімдерге қол қояды.
Саяси режим – бұл мемлекет нысанының элементі, мемлекеттік билікті іске
асырушы әдістердің, жолдардың және құралдардың жиынтығын сипаттаушы.
Саяси режим мемлекет құрлысының көбірек динамикалық бөлігін құрайды. Осы
кейіптегі мемлекеттің аясындағы болып жатқан әлеуметтік-саяси және
экономикалық өзгерістер, ең алдымен оның режимінде көрінеді, ал ол өз
жағынан басқару нысанына және мемлекеттік құрылыс нысанына әсер етеді.
Сол не басқа елдердегі бар режимдердің сипаты туралы куә болатын әртүрлі
факторлар:
- мемлекеттік билік, басқару және сот органдарының қалыптасуындағы
жолдары мен тәртіптері;
- мемлекеттің әртүрлі органдарының арасындағы құзіретті бөлу тәртібі
және олардың арасындағы ара-қатынастарының сипаты.
- Азаматтардың құқығы мен бостандығының анық деңгейі.
- Қоғам өміріндегі құқықтың ролі.
- Әскердің, полицияның және барлаудың орны мен ролі;
- Мемлекетті басқарудағы азаматтардың анық қатнасу деңгейі;
- Қоғамда пайда болатын әлеуметтік және саяси конфликтерді шешу жолдары.
Мемлекетте саяси билікті іске асыруға қандай әдістердің пайдалаунуына
байланысты бірнеше саяси режимнің түрлері бар. Көп авиорлар екімүшелікке
(двухченную) бөлуді ұсынады: барлық режимдер демократиялық және
антидемократиялық болып бөлінеді. Өз жағынан, антидемократиялық режимдер:
фашистік, тоталитарлық және авторитарлық болып бөлінеді.
ІІ Құқықттық мемлекет және азаматтық қоғам

Құқықтық мемлекет - бұл бәрін қамтитын қоғамның саяси ұйымы,
заңның үстемдігіне негізделген, адам мен азаматтың толықаралық
құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуші және мемелкеттік билікті
біртіндеп тежеу арқылы теріс пайдалануды болдырмау.[10]
Құқықтық мемлекет өзіне үш компонентті қосып алады:
өзіндік құқықтық компонент; жекешеленген - құқықтық компонент
(құқық және азаматтардың бостандығы); ұйымдастыру – құқытық компонент.
Құқықтық компонент сондай – ақ құқықтық санада көрінеді, оларда
құқықты және заңдарды бөлу сипаты бар және соның негізінде
құқықтық заңдардың құқықтық танымын құру көзделген. Құқықты айыратын
белгіге формальды теңдік, адалдық жатады. Сондықтан, құқықтық
заңдар адалдықты және теңдікті басынан бекітеді, яғни биліктің
зорлығы артықшылықтың әсері емес. Құқықтық мемлекетің, “заңдылық
мемлекетке” қарағандағы айырмашылығы сонда, ол құқықтық заңдарды
жасайды, қабылдайды және іске асырады, яғни зорлықты, құқықсыздықт,
адал еместікті іске асыратын заңдарды қабылдамайды.
Жекелеген – құқықтық компонент құқықтық нысандар мен мемлекетпен
азаматтар арасындағы құқықтық сипаттағы қарым – қатынасты бекітеді.
Ондай қарым – қатынастағы сипат мемлекет пен азаматтар арасындағы
бір – біріне деген қарым – қатынасқа негізделген. Мұнда азаматардың
құқығы мен бостандығы еріктің жемісі және мемлекеттің көзқарасы
ретінде қаралмай, объективті қалыпсатқан қатынастар ретінде қаралып,
оны сақтау мемлекттің міндетіне жатады.
Ұйымдастыру құқықтық компонент өзіне бтліктің монополизациялауын алып
тастауға арналған факторларды қосып алады, яғни мемлекеттік органды
бір адамның қолына шоғырландыруды. Ондай факторларға:
- мемлекттің органдарының әрекетін Конституциялық белгілеу;
- билікті заң шығарушы, атқарушы және сот биліктеріне бөлу;
- барлық билік салаларының қызметтеріне Конституциялық бақылау
қою.[11]
Құқықтық мемлекеттердің айырмашылық белгілеріне төменіректе көңіл
аударатынымызға мыналарды жатқызамыз:
- азаматтық қоғамның болуы;
- заңның үстемдігі;
- азаматтырдың құқығы мен бостандығының шындығы;
- биліктің бөлінуі;
- мемлекет пен жеке адамның бір – біріне жауапкершілігі;
- саяси және идеологиялық плюрализм;
- құқықтық таным мен құқықтық мәдениеттің жоғарғы деңгейі.
Құқықтық мемлекет идеялары көне замандағы, ортар ғасырдағы және
қазіргі кездегі алдыңғы қатарлы оқымыстылдарды әр уақытта
толғандырған. Филоосвтар, заңгерлер, тарихшылар құқықтық мемлекетің
мәнін, мазмұнын түсінуге оның негізгі белгілерін және мақсатын
білуге талпынған және талпыну үстінде.
Құқықтық мемлекет идеяларынан мәнін және мазмұнын ғалымдар мен
әртүрлі белгіленген. Біреулері құқықтық мемлекттті қоғамның белгілі
қабатындағы байлыққа, біреудің еңбегіне сүйенген десе, екіншісі,
мысалы, белгілі гуманист Т.Морден ойынша, жекеменшік кезінде адалдық
туралы барлық қоғамның игілі туралы айтуға болмайды деген. Дегенмен
барлық ғалымдардың ойлары бір жерге торғысып, құқықтық мемлекеттің
болуы заңдылыққа, гуманизмге, жақсылыққа және адалдыққа
жеткізетіндігін анық бағдарлаған.
Құқықтық мемлекет теориясы туралы ойлар Ертедегі Грецияның,
Римнің, Индияның, Қытайдың және басқа елдердің юристерінің,
ғалымдарының, еңбектерінде басталған.
Белгілі ертедегі грек математигі және саяси қайраткері Пифогордың
ойынша барлығына бірдей жауыздыққа заңсыздықты, биліксіздікті,
анархияны жатқызған, ал жоғарғы жақсылыққа - заңдарды сақтауды
атаған. Платонның пікірінше қай жерде болмаса, мемлекттің жойылып
кетуінің алғы шарттары екенін айтқан, және ең жаман мемлекеттік
құрылымға заңсыздықтың үстемдігі, бассыздық және мәжбүрлеу деген.
Осы идеяларға ұқсас идеяларды Аристотель де айтқан. Ол жеке адамның
құқығын жоқтаушы ретінде жекеменшікті қолдаған, қайда болмасын
заңның билгі жоқ болса, онда қандай нысанда болмасын мемлекттік
құрылымға орын жоқ – деген. Көне Грек тарихшысы Полибий билікті
бөлуді ұсынған, яғни бір билік екіншісінен артық жағдайда болмас
үшін – деген. Осы көзқарастарға сәйкес ертедегі Рим филосовтарының
және қоғам қайраткерлірінің ойлары дәл келеді. Мысалға Цицерон
мемлекетті бір – бірімен құқық мәселелері бойынша байланысты
келісімге келген адамдардың бірлестігі бойынша құрылған “Жалпы
құқықтық тәртіп” деген. Құқық оның ойынша сана мен адалдыққа
негізделуі керек; мұнда ол, адамның құқығы мен бостандығы тек өзіне
табиғат арқылы жататындығына сенім білдірген, яғни ол ешкімен
сыйланбайды және белгіленбейді. Ертедегі Римдік жазушылардың бірі
Сенекидің ілімі бойынша барлық адамдар бір – бірімен тең, себебі:
олар тағдырдың билігінде. Сондықтан құлдар да сондай адамдар және
барлық басқалар, оларға тең ретінде қаралуы керек деген. Сондай
гуманистік идеялар бара бара, соған сйа мемлекеттік құқықтық
көзқарастарға айналып Көне Индияда, Қытайда да дамыған. Мысалы,
мемлекте тәртіп болуы міндетті және ол заңға негізделуі қажет;
бастаушы, егер кәрілікке дейін өмір сүргісі келсе қауыптілікке
түспей адал болуы міндетті деген.[12]
Келтірілген мемлекеттік құқықтық идеялар құқықтық мемлекет
теориясыны әрі қарай дамуындағы алдыңғы негіз болды. XVII – XX
ғасырларда ол үшін өте көп жағдайлар жасалды. Ағылшын философы –
материалист Д.Ж.Локк биліктің жеке бөліктерімен бір – бірімен
әрекеттестік принципін бір адамның озбырлықпен басып алуды болдырмау
мақсатында жасады. Артықшылық заң шығару билігіне беріледі, бірақ ол
абсолюттік емес, атқарушы және сот оған белсенді ықпал етеді.
Оның ойынша тирандық қауыптен сақтану үшін халық болып,
әділетсіздікке қарсы күш қолдану керектігін айтқан. Ол халықтың
егемендігін мемлекеттің егемендігінен жоғары қойған. Француз философы
– ағартушысы Монтеське бтліктің бөліну теориясының логикалық
аяқталғанға дейін жеткізді. Оның айтқанындай мемлекеттік басқарудағы
тұрақтылық жетік, тек бірін – бірі тежеу мен тепе – теңдік негізінде
мүмкін. Ұлы неміс философы И.Кант мемлекетің әр уақытта құқыққа
сүйенуінің қажет екендігін бірнеше рет қайталап айтқан. Егер
мемлекет бұл принциптен ауытқыса онда ол өз азаматтарының сыйлауы
мен сенімінен айырылады деген.
Құқықтық мемлекет идеялары қазіргі кездегі сырқы елдер
заңгерлерінің, политологтарының және социологтарының еңбектерінде
жарияланып дами түсті. Сонымен бірге батыс мемлекеттерінің заңдарына
бекітіліп, Конституцияларына кірді. Мысалы, Испания Конституциясы (1
- бабында) былай жария етеді: Испания бұл “әлеуметтік құқықтық және
демократиялық мемлекет, жоғары бағалылығы бостандық, адалдық теңдік
және плюрализм”(А.Т).
Құқықтық мемлекет теориясының дамуына үлкен еңбекті отандық
ғылымдар сіңірді. Олар өзінің негізгі көңілдерін құқықтық
мемлекеттің сипатты белгілеріне ғана бөлмей, көбірек маңызды олардың
қалыптасу жағдайына қарайды. Дегенмен, қажетті түрде айтып
өтетініміз, қайта құруға дейінгі кезде құқықтық мемлекет концепсиясы
ғылыми жұмыстарда тек сын көзбен қаралды. Ол кезде бұл
концепсияны буржуазиялық билікті идеялизациялау, батыс мемлекеттерін
қоғамның барлық қабаттарының қорғаушысы, адалдықтың, заңдылықтың
қорғаны ретінде дәлелденді, бірақ ол әруақытта ондай болған жоқ.
Мұнда, жалпы адамдық бағалылық түсіп қалды, себебі бұл теорияда ол
өз көрінісін тапқан болатын, бір адамның билігінде оны қолдану
факторы есеке алынбады және мемлекеттің әр түрлі қоғам аясына және
жекелеген өмірге шектен тыс араласуы айтылады.
Пікірлер плбрализмі мен идеология құқықтық мемлекет идеясын
әртүрлі қабылдауға болады, дегенмен, қажетті түрде мойындалатыны,
оның негізгі мазмұны әр уақытта жалпыадамдық бағалықты және мүдделерді
көрсеткендігі болды.[14]
Құқықтық мемлекетті сипаттай отырып, еске алатынымыз, арнайы
ерекшелігіне қарамастан, ол мемлекет болып қалады, яғни басқа кез –
келген мемлекет сияқты, мынадай жалпы белгілері мен ерекшелік
белгісі бар, мысалы, көпшілік биліктің болуы, арнайы басқару,
мәжбүрлеу, егемендік апаттарының барлығы т.б. құқықтық мемлекетті
айыру белгілеріне мыналар жатады.
1. Ең алдымен, құқықтық мемлекет азаматтық қоғамның өмір сүруін
болжайды.

Мемлекет азаматық қоғамның жөнді өмір сүруін қаматасыз ететін
құрал ретінде қаралады, ол жалпы мемлекеттік билік проблемасын шешу
арқылы іске асырылады. Азаматтық қоғам мемлекетке қарсы салмақ
сапасында көрінеді, өзінің басты мақсаты мемлекеттің әрекетін
бақылап, яғни олардың заңдылық қалпынан шықпауын қадағалау, заңмен
рұқсат етлген шараларды қолдану, яғни бұзылған құқықты орнына
келтіру үшін мемлекетті мәжбүрлеу. Қаралып отырған белгі белгілі
афоризмге көрсетілген(“Не человек существует для государства6 а
государства для человека”) - адам мемлекет үшін өмір сүрмейді,
мемлекет адам үшін.
2. Биліктің бөлінуі. Биліктің бөліну теориясы бойынша, мемлекетің
өз жөнінде қызмет жасауын қамтамасыз ету үшін онда бір – бірінен
салыстырмалы тәуелсіз бтлік болуы қажет заң шығару, атқару және
сот. Ол теорияның маңызы сонда, бір адамның не органның қолына
биліктің шоғырланбауын болғызбау үшін қажет. Әрбір билік өзінің
функциясын орындағанда басқа биліктер оны орындамайды. Заң шығарушы
билік заңдар қабылдайды, атқарушысы – олардың орындалуын қамтамасыз
етеді. Сот – соның негізінде шешеім шығарады, сонымен бірге, сотқа
заң шығарушы орган үкіметтің функциясына араласуына құқығы жоқ
не сотқа ұйғарым беруге; үкімет заңдардың орындалуын тоқтатуға және
со органдарының қызметіне араласуға құқығы жоқ; соттың төрағасы
сотқа заң шығарушы және үкіметті тарта алмайды.
Биліктің бөліну белгісі өмірлік қабілетті болуда, егер ол тежеу
жүйесі мен тепе – теңдік пен қамтамасызө етілсе. Мысалы, АҚШ – та
биліктің бір бөлігінің екіншісіне мынадай ықпалы алдын – ала
белгіленген. Презтдентке Конгреспен қабылданған заңдарға вето қоюға
құқық берілген. өз жағынан вето тоқтатылады, егер заңның жобасын
қайта қарағанда ол Конгрестің әр палатасынан депутаттардың 23
дауыс берсе. Сенат Президентпен тағайындалған үкіметтің мүшелерін
бекітеді. Егер Президент қылмыс жасаса, Сенат соттың ролін
атқарып, импечмент мәселесін шешеді. Сенатың күштілігі төмендейді,
егер оның төрағасы вице – президент болса, себебі ол дауыс беруге
сонда қатынасады егер дауыстар бірдей бөлінсе. Конституциялық
бақылауды АҚШ – тың жоғарғы соты іске асырады. Мұндай жүйе бір
биліктің екіншісін озбырлықпен басып алуға жолды жабады. АҚШ – тың
200 жылдық тарихында бемократиялық басқару жүйесін құртуға арналған
бірде – бір ұиын қауіп туған жоқ.
3. Заңның үстемділігі. Бұл белгі бірде – бір мемлекеттік орган,
қызметтегі адам, ұжым заңға бағыну міндетінен құтылмайды дегенді
көрсетеді. Мемлекет заңды нормаларға бағына отырып, құқықтық бір
субъектісіне айналады. Мемлекет пен жеке адамның арасындағы құқықсыз,
теңдіксіз құқықты, құқықтық мемлекетте болмайды. Қандай болмасын
мемлекеттік орган не қызметтегі адам құқықтан шығып, өзін
адамдардан доғары қойса, ондай жағдай құқық бұзушылыққа жатады.
Заңның үстемділіг дегеніміз – табиғат құқық туралы, мемлекетің заң
шығаруға құқығы жоқ, сонымен қатар адамның табиғи құқығын қамтамасыз
ететін барлық заңдарды мойындау қажет.
Сайып келгенде қаралған белгінің күшіне сай заңның ең жоғарғы күші
бар. Барлық қосымша актылар міндетті түрде соған сай келуі
керек. Заңды қосымша заңдар актыларымен ауыстыруға және оған
заңдармен алдын – ала белгіленбеген ойдың мәнін кіргізуге болмайды.
4. Азаматтардың құқығы мен бостандығының шындығы. Құқықтық
мемлекетте аазаматтардың құқығымен еркіндігі тек жарияланып, қойған
мемлекетпен кепілденген. Жоғарыда айтылғандай , ондай кепілдіктерге
құқық пен еркіндікті тежеуге мүмкін жерлерде Конституциямен
жарияланған құқық пен еркіндікті талдайтын заңдарды қабылдау арқылы
жағдайлар жасау. [14]
5. Мемлекет пен жеке адамның бір – біріне жауапкершілігі. Құқықтық
мемлекетте азаматтар мемлекет алдында жауапты, сол сияқты мемлекетте
өздерінің органдары және қызмет адамдары арқылы азаматтардың алдында
жауапты.
6.Саяси және идеологиялық плюрализм. Құқықтық мемлекет көптеген
сяаси ұйымдарсыз, партияларсыз және оппозицияларсыз өмір сүруі
мүмкін емес. Плюрализм жағдайында қызмет істеп, әртүрлі әлеуметтік
күштер, билік үшін мәдениеттілік жолмен күрес жүргізеді.
Идеологиялық плюрализм олардың өздерінің саяси пікірлерін еркін
көрсетуге, өздерінің идеологиялық концепсисын жариялап үгіт жүргізуге
жағдайлар жасайды. Саяси және идеологиялық плюрализм қоғамдағы
демократизмнің бейнесі, қоғамның әрбір мүшесіне қай партияға
идеологиясына жататындығын өзі шешуге мүмкіндік береді.
Айтылғаннан басқа да белгілер және іздері бар, олар жеткілікті
көп және олар әртүрлі(экономиканың көпсалалық белгісін бөліп айтады,
мемлекетті экономикалық аяға араласпауын т.с.с.). жиынтығында олардың
барлығы құқықтық мемлекеттің мәні, мазмұны, мақсатыы және керектігі
жөніде жалпы толық түсінікті береді.
Құқықтық мемлекет дегеніміз қоғамда заңның үстемдігін қамтамасыз
ететін шын мәніндегі конституциялық мемлекет. Ол жеке адамның саяси – заңды
құқығын жан – жақты қорғауды қамтамасыз етеді, яғни мемлекет тарапынан
болатын зорлық – зомбылықтан, ар – намысты таптаудан, билік тұрғысынан
болатын күш көрсетуден қорғайды. Жеке адам мен билік арасындағы қарым –
қатынастарды қоғамдық келісім түріндегі конституциямен реттейтін және
жеке адам мен қоғам мүддесін қорғайтын, құқық принциптеріне негізделіп
құрылған мемлекеттің түрі. Мемлекетте заңның шын мәнінде бәрінен жоғары
тұруы, оны орындау барлық адамдар мен мемлекеттік органдар, мекемелер үшін
міндетті шарт екендігінде.

Заң алдында барлық азаматтар тең және олар бірдей жауап беруі керек.
Құқықтық мемлекет адам және азаматтардың құқықтары мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері туралы ақпарат
Қылмыс және қылмыс құрамы
Қылмыстық құқық
Салықтардың жіктелуі
Сыртқы экономикалық қызметте саясаттың қалыптасуы
Халықаралық валюта қатынастары туралы
Халықаралық валюта қатнастары
Құқық бұзушылықтың түрлері
Қылмыс істеген кінәлі адамға заң жүзінде қылмыстық жаза қолдану
Құқықбұзушылық ұғымы және заңдық құрамы
Пәндер