Мемлекет пен құқықтың арақатынасы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІІК ... ... ... ... ..5
1.1 Мемлекеттің шығу тегі,
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Құқықтың пайда болуы және қайнар көздері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 Мемлекет пен құқықтың
арақатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2. ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ ... ... ... .16
1. Қазақстанда құқықтық мемлекет қоғамының
қалыптасуы ... ... ... ... ... .16
2.2 Қазақстанның әлеуметтік
жаңғыртылу ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 28
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Құқық әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен
бірдей пайда болды, көп жағдайда олар, бір-бірінің тиімді әрекеттерін
қамтамасыз ету үшін қажетті. Мемлекет құқықсыз, сол сияқты құқық та
мемлекетсіз өмір сүре алмайды. Мемлекет заңды нормаларды белгілейді,
қолданады, кепілдік береді. Тек мемлекет органдарға ғана құқықтық
ұйғарымның орындалуын тексереді, орындалмаса соған сай заңды жаза
қолданады.
Құқықтың нысанына, құқықтық нормалардың көріністерін бекіту жолдары
жатады. Құқықтың шығу жолдары, заңды нормалардың сыртқы көрініс
нысандарын белгілеу үшін қолданылатын арнайы құқықтық атау.
Құқықтық негізгі нысандарына мыналар жатады: құқықтық әдет-ғұрып, заңды
прецедент, нормативтік-құқықтық акт.
Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары – бұл мемлекеттің
функцияларын жүзеге асыруға бағытталған оның органдарының біртектес
қызметі. Мұндай нысандарды екіге бөлуге болады: құқықтық жəне
ұйымдастырушылық нысандар.
Құқықтық нысандарға мыналар жатады:
а) құқықшығармашылық – бұл нормативтік актілерді дайындау мен шығаруға
қатысты қызмет;
ə) құқыққолданушы – бұл құқық қолдану актілерін шығару арқылы
нормативтік актілерді жүзеге асыруға байланысты қызмет, бұл заңдарды
орындау мен басқарушылық сипаттағы əртүрлі мəселелерді шешуге байланысты
күнделікті жұмыс;
б) құқыққорғаушы – бұл адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын
қорғауға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға жəне кінəлі тұлғаларды заңды
жауапкершілікке тартуға жəне т.б. байланысты қызмет.
Ұйымдастырушылық нысандарға мыналар жатады:
а) ұйымдастырушылық-реттеуші – бұл белгілі бір құрылымдар-дың құжаттар
жобаларын дайындаумен, сайлаулар жүргізумен т.б. байланысты мемлекеттік
органдардың қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы жұмысы;
ə) ұйымдастырушылық-шаруашылық – бұл бухгалтерлік есеппен,
статистикамен, қамтамасыз етумен т.б. байланысты жедел-техникалық жəне
шаруашылық жұмыс;
б) ұйымдастырушылық-идеологиялық – бұл жаңадан қабылданған нормативтік
актілерді түсіндірумен, қоғамдық көзқарасты қалыптастырумен жəне т.б.
байланысты мемлекеттің əртүрлі функцияларын орындауды идеологиялық
қамтамасыз етудегі күнделікті тəрбие жұмысы.
Тақырыптың мақсаты- мемлекет пен құқық арақатынасының түсінігі мен
қағидаларын және мазмұнын зерттеп, оның мазмұны мен мүдделі міндеттерін ашу
үшін әдебиет көздерін, мәліинттер мен деректерді, заңнамаларды елеу
негізінде, оның қызметінің теориялық сипатын беру.
Курстық жұмыстың міндеті:
- Құқық пен мемлекет арақатынасын көрсету;
- Мемлекет пен құқықтың тарихын зерттеу;
- Мемлекет пен құқықтың қағидаларын қарастыру;
- Құқық пен мемлекеттің түрлерін анықтау;
- Мемлекет пен құқықтың ерекшеліктеріне тоқталу.
Зерттеу нысаны: Мемлекет пен құқық арақатынасының түсінігі, қағидалары,
мазмұны.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан
және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы және
мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.
Курстық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізі: қарастырылып
отырған тақырыпқа байланысты әртүрлі нысандағы мәліметтер қолданылған.
1 Мемлекет және құқық туралы жалпы түсінік
1.1 Мемлекеттің шығу тегі, белгілері
Мемлекет – бұл арнайы басқару жəне мəжбүрлеу аппараты бар, қоғамның
өкілі бола тұра, оны басқаратын жəне оның дамуын қамтамасыз ететін,
бұқаралық биліктің саяси-аумақтық, егеменді ұйымы.
Мемлекетті рулық құрылымдағы əлеуметтік биліктен ажырататын
төмендегідей белгілері болады:
1. Бұқаралық биліктің болуы. Міндетті түрде мемлекеттің басқару жəне
мəжбүрлеу аппараты болуы тиіс, себебі, бұқаралық билік – бұл шенеуніктер,
əскер, полиция, түрме мен басқа да меке-мелер.
2. Аумақтық бөлініс. Мемлекет өз аумағында өмір сүруші барлық адамдарды
өз билігімен жəне қорғау арқылы біріктіреді.
3. Салықтар жүйесі. Олар мемлекеттік аппараттың өмір сүруін қамтамасыз
ету үшін қажет.
4. Егемендік. Бұл мемлекетке тəн өз аумағындағы үстемдік пен
халықаралық қатынастардағы тəуелсіздік.
5. Құқықтың болуы. Мемлекет құқықсыз өмір сүре алмайды, себебі, құқық
мемлекеттік билікті заңдастырады. [1]
Мемлекеттің пайда болу себептері. Мемлекеттің пайда болуы туралы мəселе
даулы болып табылады, себебі, этнография жəне тарих ғылымдары оның пайда
болуы туралы күннен-күнге жаңа мəліметтер беруде. Мемлекеттің пайда болу
себептері туралы бірқатар теориялар бар, олардың негізгілері болып мыналар
табылады:
1. Діни теория – мемлекеттің, мемлекеттік биліктің пайда болуының
құдайлық бастамасын негізге алады, барлық билік құдайдан деген
тұжырымдаманы бекітіп, жақтайды. Өзінің діни мазмұнына қарамастан, бұл
теория бірқатар шынайы жағдайларды көрсетеді, нақты айтқанда, алғашқы
мемлекеттердің теократиялық нысандарын–абыздар билігін, шіркеудің ролін,
діни жəне əкімшілік орталықтар арасындағы билік бөлінісін. Бұл теорияның
көрнекті өкілдерінің бірі – Фома Аквинский.
2. Патриархалды теория – мемлекеттің пайда болуын отбасымен
байланыстырады, ал мемлекет басшысының билігін отбасы мүшелерінің алдындағы
əке билігінен туындатады. Бұл теория патшаның шексіз билігін негіздеуге
бағытталған, ал бұл биліктің қайнар көзі ретінде құдайды емес, отбасындағы
əкенің, патриархтың шексіз билігі орын алған отбасы нысанын таниды. Бұл
теория Грецияда пайда болған, өз негіздемесін Аристотельдің еңбектерінен
иеленсе, өз дамуын ағылшын ғалымы Филмердің еңбектерінен тапты.
_______________________
1 Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы.- Алматы. 2006. 17 бет
3. Шартты теория – ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда кеңінен таралған. Оны
жақтаушылардың қатарынан Голландияда Гуго Гроций мен Спиноза, Англияда
Д.Локк пен Т.Гоббс, Францияда Ж.-Ж.Руссо, Ресейде А.Радищев орын алды.
Мысалы, А.Радищевтің ойынша, билік халыққа тиесілі, алайда ол мемлекет
басшысына берілген жəне оны халық бақылауы тиіс. Шарттық теорияға сəйкес,
мемлекет шарт нəтижесі ретінде пайда болады, оның қатысушылары болып
адамдар табылады, олар шарттың негізінде өз бостандықтарының, өз билігінің
бір бөлігін мемлекетке береді.
4. Күштеу теориясы – мемлекеттің пайда болу негізі ретінде күштеу
əрекетін, бір халықтың екінші халықты жаулауын таниды. Жауланған халықтың
үстінен билікті бекіту үшін, оған күштеу жүргізу үшін мемлекет құрылады.
Күштеу теориясы ХІХ ғасырда пайда болды, оның өкілдері – Л.Гумплович,
К.Каутский, Е.Дюринг.
5. Психологиялық теория – мемлекеттің пайда болуын адам психикасының
көріністерімен: бағыну қажеттігімен, еліктеумен, алғашқы қауымдық қоғамның
жоғарғы топтарына тəуелділікті сезінумен, белгілі бір əрекет түрлерінің
əділдігін түсінумен жəне т.б. байланыстырады. Психологиялық теорияның
өкілдерінің қатарынан Л.Петражицкий мен Г.Тардты атауға болады.
6. Органикалық теория. Бұл теорияның өкілдері Г.Спенсер, Вормс, Х.Прейс
мемлекетті ағза ретінде түсіндіреді. Оның бөліктері арасындағы тұрақты
байланыстар тірі ағзаның бөліктері арасындағы байланысқа теңестіріледі,
яғни, мемлекет – биологиялық дамудың бір түрі ретінде көрініс табатын
əлеуметтік даму өнімі. Биологиялық ағзаның бір түрі ретінде мемлекеттің өз
миы (басшы) мен оның шешімдерін жүзеге асыру құралдары (халық) болады.
7. Ирригациялық теорияға сəйкес мемлекеттердің алғашқы қанаушы
нысандарының пайда болуы шығыстық аграрлық аймақтардағы ірі ирригациялық
құрылыстарды жүргізу қажеттігімен байланысты. Бұл теория қазіргі кездегі
неміс ғалымы К.А.Виттфогельдің еңбектерінен айрықша көрініс тапқан.
8. Материалистік теория – мемлекеттің пайда болуын əлеуметтік-
экономикалық факторлармен, яғни, жеке меншіктің пайда болуымен жəне
қоғамның таптарға бөлінумен, байланыстырады.
Бұл теорияның өкілдері – К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин –мемлекет бір
таптың екінші таптың үстінен үстемдігін сақтау жəне бекіту, қоғамның
біртұтас ағза ретінде өмір сүруі мен қызмет етуін қамтамасыз ету
мақсаттарында пайда болған деп санайды.
Мемлекеттің пайда болу нысандары болады. Мемлекеттің қалыптасуы –
əртүрлі халықтарда түрліше жүзеге асқан ұзақ үдеріс.
Шығыста өндірістің азиялық тəсілі (Египет, Вавилон, Үн-дістан, Қытай
жəне т.б.) нысаны кеңінен таралды. Бұл жерде рулық құрылымның əлеуметтік-
экономикалық бөліктері – жердік үлес, ұжымдық меншік жəне т.б. тұрақты
сипатты иеленді. Ежелгі Шығыста пайда болған алғашқы мемлекеттер ауылдық
қауымдастықтарды қанай отырып, оларды басқарды, яғни, өндірісті
ұйымдастырушы рөлін атқарды. [2]
Афины мен Римде мемлекеттің пайда болу бағыты басқаша жолмен жүзеге
асырылды, бұларда құлиеленушілік мемлекет меншіктің пайда болуы жəне
қоғамның таптарға бөлінуі негізінде пайда болды. Афины – мемлекеттің пайда
болуының ең таза, классикалық нысаны, себебі, мемлекет рулық құрылым
ішіндегі таптық қарама-қайшылықтардың негізінде пайда болады. Римде
мемлекеттің пайда болуы плебейлердің римдік аристократтар –патрицийлерге
қарсы күресінің нəтижесінде тездетілді.
Ежелгі герман мемлекетінің пайда болуы көптеген жерлерді алып жатқан
бөтен аумақтарды жаулап алумен байланысты, бұл жерлерге үстемдік орнатуда
рулық қоғам əлсіз болды, сол себепті, мемлекеттің пайда болу қажеттігі
туды.
Барлық нысандағы мемлекеттердің пайда болуына негіз болып 10-12 мың
жылдар бұрынғы неолиттік революция табылды. Оның мəні мынада: өз
қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында адам дайын өсімдік жəне жануарлық
нысандарын иемденумен байланысты құралдық қызметтен табиғатты өзгертумен
жəне азық дайындаумен байланысты шынайы еңбек қызметіне ауысты, яғни,
иемденушіден өндіруші экономикаға өту орын алды.
Сонымен, мемлекет объективтік түрде, сырттан емес, ішкі факторлардың
негізінде пайда болады.
Мемлекеттік билік əлеуметтік биліктің ерекше түрі ретінде. Мемлекеттік
билікке сипаттама берместен бұрын əлеуметтік билікке анықтама беріп алу
қажет. Əлеуметтік билік – бұл адамдарың кез-келген бірігуіне тəн үстемдік
пен бағынушылық қатынастары, бұл кезде бір тұлғалардың– билік құрушылардың
– еркі мен əрекеттері басқа тұлғалардың– бағынушылардың – еркі мен
əрекеттеріне үстемдік құрады. Əлеуметтік билік кез-келген ұйымдасқан,
белгілі бір дəрежеде тұрақты адамдар тобына – руға, тайпаға, отбасына,
қоғамдық ұйымға, партияға, мемлекетке, қоғамға жəне т.б. тəн.
Мемлекеттік билік əлеуметтік биліктің ерекше бір түрі ретінде көрініс
табады. Бұл мемлекеттік мəжбүрлеуге сүйенген, субъектілер арасындағы
үстемдік жəне бағынушылық сипаттағы бұқаралық-саяси қатынас. Мемлекеттік
биліктің ерекшеліктері:
1. Бұқаралық билік. Ол бүкіл қоғамның, халықтың атынан қызмет етеді
жəне өз қызметінде бұқаралық негізге – қазына мүлкіне, өз кірістеріне,
салықтарға ие.
2. Аппараттық билік. Ол аппаратқа, мемлекеттік органдар жүйесіне
сүйенеді жəне олар арқылы жүзеге асырылады.
3. Заң қолдайтын билік. Сол себепті, ол аппарат пен заң нормаларының
көмегімен елдегі барлық халық үшін міндетті сипатты иеленеді.
4. Егеменді билік–ол кез-келген биліктен дербес жəне тəуелсіз.
5. Заңдастырылған билік. Яғни, ол заңды негізді жəне қоғамдық тануды
иеленген.
___________________________
2 Cәкен Өзбекұлы, Ө. Қопабаев. Мемлекет және құқық теориясы, 2006.
Мемлекетте еңбек бөлінісі болған жағдайда ғана, яғни, ерекше қызмет
түріне негізделген дербес билік түрлері қалыптасқан жағдайда ғана,
мемлекеттік биліктің тиімділігі артады. Мұндай биліктің үш түрі бар: заң
шығарушы билік, атқарушы билік жəне сот билігі.
Мемлекеттің мəні – бұл оның мазмұнын, мақсаттарын, қызмет етуін
анықтайтын басты қасиеті. Мемлекеттің мəнін бұл түсініктің кең жəне тар
мағынасында анықтауға болады.
Кең мағынада мемлекеттің əлеуметтік мəнін биліктік-саяси ұйымдасқан
қоғам, құқықтық заңдарға бағынған көптеген адамдар бірлестігі ретінде
анықтауға болады. Мұндай бірлестіктердің тұтастығы сəйкес мемлекеттік-
құқықтық институттар мен қатынастарда көрініс тапқан бұқаралық-биліктік
құрылымдар негізінде қалыптасады.
Тар мағынада мемлекеттің əлеуметтік табиғатын қоғамнан бөлектенген,
жекелеген класстар мен əлеуметтік топтардың да, қоғамның да мүддесін
білдіруші əрі қорғаушы басқару аппараты, бұқаралық биліктің əртүрлі
мекемелерінің жүйесі ретінде анықтайды.
Жоғарыда аталғандардың негізінде, мемлекеттің мəнін қарастыруда екі
аспектіні ескерудің маңызы зор:
1) формальды – кез-келген мемлекеттің саяси биліктің ұйымы екендігі;
2) мазмұнды – осы ұйымның кімнің мүдделеріне қызмет ететіндігі.
Мемлекеттің мəнін анықтауда келесі бағыттарды атап өтуге болады:
- класстық, бұған сəйкес мемлекетті экономикалық үстемдік құрушы топтың
саяси билігінің ұйымы ретінде анықтауға болады;
- жалпы əлеуметтік, бұған сəйкес мемлекетті əртүрлі класстар мен
əлеуметтік топтардың мүдделерін ескеру үшін жағдай жасайтын саяси биліктің
ұйымы ретінде анықтауға болады.
Сонымен, мемлекеттің мəні саяси билік аппаратының көмегімен қоғамның
тұтастығын жəне қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етуден көрінеді.
Мемлекет функцияларының түсінігіне келетін болсақ, мемлекет функциялары
– бұл мемлекеттің қызметінің негізгі бағыттары, олардан мемлекеттің мəні
мен мақсаты көрініс табады. Мемлекеттің функциялары оның міндеттерімен
тығыз байланысты, олар мемлекеттің мəніне тəуелді болып келеді жəне оның
өзгеруіне қарай өздері де өзгереді. Сонымен, мемлекет функциялары –
ауыспалы сипаттағы категория. Олар мемлекет түрінің басқа түрге ауысу
жағдайында да өзгереді.
Мемлекет функцияларын түрлерге бөлуді əртүрлі негіздер бойынша жүзеге
асыруға болады:
а) əрекет ету ұзақтығына қарай функциялар тұрақты жəне уақытша болып
бөлінеді. Тұрақты функциялар мемлекет дамуының барлық кезеңдерінде жүзеге
асырылса, уақытша функциялар төтенше сипаттағы белгілі бір міндетті шешумен
өз əрекетін жояды.
ə) маңыздылығына қарай – негізгі жəне қосымша функциялар;
б) қоғамдық өмірдің қай саласында жүзеге асырылуына байланысты – ішкі
жəне сыртқы функциялар.
Мемлекеттің ішкі функциялары – оның алдында тұрған ішкі міндеттерді
шешудегі қызметінің негізгі бағыттары. Ішкі функцияларға мыналар жатады:
адам жəне азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық тəртіпті
қамтамасыз ету функциясы, экономикалық функция, салық салу функциясы,
əлеуметтік қорғау функциясы, экологиялық функция жəне мəдени функция.
Мемлекеттің сыртқы функциялары – оның алдында тұрған сыртқы міндеттерді
шешуге байланысты қызметінің негізгі бағыттары. Сыртқы функцияларға мыналар
жатады: мемлекетті қорғау функциясы, бейбіт тəртіпті сақтау функциясы,
басқа мемлекеттермен одақтасу функциясы жəне т.б.

ұйымдастырушылық нысандар. [3]

қамтамасыз етудегі күнделікті тəрбие жұмысы. [4]

Мемлекетке дейінгі кезеңдегі нормаларға жалпы сипаттама. Мемлекетке
дейінгі əлеуметтік нормалардың ерекшелігі болып олардың адамдардың
күнделікті өміріне сіңе отырып рудың, тайпаның əлеуметтік-экономикалық
біртұтастығын көрсетуі жəне қамтамасыз етуі табылды.
____________________
3 Сапарғалиев Ғ., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. -
Астана: Фолиант, 2007. - 336 б. 90 бет
4 Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы.- Алматы. 2006. 20 бет
Бұл еңбек құралдарының жетілмегендігімен, оның өндіру деңгейінің
төмендігімен байланысты болды. Осыдан барып бірлесіп өмір сүру, қоғамдық
меншікті қалыптастыру, өнімдерді теңдік негізінде бөлу қажеттігі туындады,
ал бұл жағдай, өз кезегінде, алғашқы қауымдық қоғам нормаларының табиғатына
əсерін тигізді.
Мемлекетке дейінгі кезеңде болған нормалардың белгілері:
1) алғашқы қауымдық қоғамдағы қарым-қатынастар ең алдымен əдет-ғұрып
нормаларымен, яғни, ұзақ уақыт бойы қолдану нəтижесінде əдетке айналған,
тарихи қалыптасқан жүріс-тұрыс ережелерімен реттелген;
2) жазбаша нысандағы көрінісі болмастан, адамдардың жүріс-тұрысы мен
санасында өмір сүрген;
3) əдеттің, сонымен қатар, сендіру жəне мəжбүрлеу (рудан қуу)
шараларымен қамтамасыз етілген;
4) оларда негізгі реттеу тəсілі болып тыйым (табулар жүйесі, құқықтар
мен міндеттердің болмауы) табылған;
5) олар ру мен тайпаның барлық мүшелерінің мүдделерін білдірген.
Құқықтың пайда болуының ерекшеліктерін айтар болсақ, құқық əлеуметтік
институт ретінде мемлекетпен бірге пайда болады, себебі, көп жағдайда олар
бір-бірінің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттің құқықсыз
өмір сүре алмайтыны секілді, құқық та мемлекетсіз өмір сүре алмайды: құқық
мемлекеттегі саяси билікті ұйымдастырса, мемлекет заң нормаларын
орнықтырады, қолданады жəне оларға кепілдік береді.
Құқық тарихи тұрғыда таптық құбылыс ретінде пайда болып, ең алдымен,
экономикалық үстемдік құрушы таптардың еркі мен мүдделерін білдірді. Егер
əдет-ғұрыптар адамдардың санасы мен жүріс-тұрысында бекітілсе, құқықтық
нормалар жалпыға мəлім болу мақсатында жазбаша рəсімделе басталды. Құқықтың
пайда болуы – əлеуметтік байланыстардың күрделенуінің, қоғамдағы қарама-
қайшылықтардың таралуын əлеуметтік нормалардың реттей алмауының салдары.
Құқықтық нормалар негізгі үш жолмен қалыптасты:
1) мононормалардың (алғашқы қауымдық əдет-ғұрыптардың) əдет құқығының
нормаларына айналуы жəне осыған байланысты оларды мемлекеттің санкциялауы;
2) құқық нормаларынан құралған арнайы құжаттарды – нормативтік
актілерді – шығарудан көрініс тапқан мемлекеттің құқықшығармашылық қызметі;
3) сот жəне əкімшілік органдарымен қабылданатын нақты шешімдерден
құралған жəне басқа да ұқсас істерді шешуде үлгілік сипатты иеленетін
прецеденттік құқық.
Құқықтың түсінігі жəне белгілеріне тоқталсақ, құқық – бұл қоғамдық
қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылатын жəне
қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды анықталған заң
нормаларының жүйесі.
Құқықтың белгілері:
1) еріктілік сипаты;
2) жалпыға міндеттілігі;
3) нормативтілігі;
4) мемлекетпен байланысы;
5) формальды анықталғандығы;
6) жүйелілігі.
Құқықтың мақсаттары болады. Құқықтың қоғамдық жоғарғы мақсаты қоғамдағы
бостандықты нормативтік тəртіпте қамтамасыз етуінен жəне кепілдеуінен,
əділеттілікті қалыптастыруынан, қоғамдық өмірден қателіктер мен өз бетімен
кетушіліктерді жоя отырып, қоғамдағы экономикалық жəне рухани факторлардың
əрекет етуіне мейлінше жағдай жасауынан көрініс табады.
Құқықтың құндылығы – бұл құқықтың азаматтардың жəне жалпы қоғамның
əлеуметтік əділетті қажеттіктері мен мүдделерін қамтамасыз ету құралы мен
мақсаты ретінде қызмет ете алу қабілеті. Құқықтың əлеуметтік құндылығының
төмендегідей негізгі көріністерін атап өтуге болады:
1) құқық адамдардың əрекеттеріне ұйымдастырушылықты, тұрақтылықты,
үйлесімділікті дарыта отырып, олардың бақылануын қамтамасыз етеді, осы
арқылы ол қоғамдық қатынастарға реттеушілік элементін енгізе отырып, оларды
өркениетті құбылысқа айналдырады;
2) құқық тұлғалардың ерекше мүдделерін үйлестіру арқылы олардың жүріс-
тұрысы мен қызметіне əсерін тигізеді, яғни, құқық жеке мүдделерді басып-
жаншымайды, керісінше, оны қоғамдық мүддемен үйлестіреді;
3) құқық тұлғаның қоғамдағы бостандығын көрсетуші жəне анықтаушы болып
табылады жəне осы бостандықтың шегін, шамасын анықтайды;
4) құқық əділеттілік идеясын көрсету қабілетіне ие, яғни, құқық
материалдық игіліктердің дұрыс жəне əділетті бөлінуінің талаптарын
орнықтырады, барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігін бекітеді;
5) құқық қоғамдық дамудың тарихи кезектілігіне сəйкес қоғам-ның
жаңаруының қайнар көзі болып табылады; əсіресе, оның құндылығы тоталитарлық
режимдердің құлауы мен жаңа нарықтық механизмдердің бекітілуі жағдайларында
өсе түседі;
6) құқықтық тəсілдер халықаралық жəне ұлтаралық сипаттағы мəселелерді
шешудің негізі жəне жалғыз құралы болып табылады.
Құқықтың мəні өркениеттілік жағдайында қоғамдық қатынастарды
реттеуден,нормативтік негізде қоғамның тұрақты ұйымдастырылуына жете
отырып, демократияның, экономикалық бостандықтың, тұлға бостандығын жүзеге
асырылуынан көрінеді.
Құқықтың мəнін қарастыруда екі аспектіні ескерудің маңызы зор:
1) формальдық – кез-келген құқықтың ең алдымен реттеуші екендігі;
2) мазмұндық – осы реттеушінің кімнің мүдделеріне қызмет ететіндігі.
Құқықтың мəнін түсінуде келесі тəсілдерді бөліп атауға болады:
- таптық, бұның шегінде құқық экономикалық үстемдік құрушы таптың заңда
көрініс тапқан мемлекеттік еркін білдіретін, мемлекетпен кепілденген заң
нормаларының жүйесі ретінде анықталады;
- жалпыəлеуметтік, бұның шегінде құқық қоғамдағы əртүрлі таптардың,
əлеуметтік топтардың арасындағы келісімнің көрінісі ретінде қарастырылады.
Құқықтың объективтік жəне субъективтік мағынадағы түсінігі. Табиғи
құқық. Позитивтік құқық. Бұқаралық жəне жеке құқық. Объективтік құқық – бұл
қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылатын жəне

нормаларының жүйесі. Объективтік құқық – бұл нақты бір мемлекеттегі белгілі
бір кезеңдегі заңнама, заң əдеттері, заңды прецеденттер жəне нормативтік
шарттар. Оның объективтілігі жеке тұлғаның еркі мен санасынан тəуелсіз
болып, оған тиесілі болмауынан көрініс табады.
Субъективтік құқық – бұл тұлғаның жеке мүдделерін қанағаттандыруға
бағытталған, заңды мүмкін жүріс-тұрыстың шамасы. Субъективтік құқықтар
ретінде адамның нақты құқықтарын (еңбек етуге, білім алуға жəне т.б. құқық)
атауға болады, олардың субъективтілігі тұлғамен байланыстылығынан, оған
тиесілігінен жəне оның санасы мен еркінен тəуелділігінен көрінеді. [5]
Заңды мағынадағы құқықпен (объективтік жəне субъективтік құқықтар)
қатар табиғи құқық та болады, ол өмір сүруге, бостандыққа жəне т.б.
құқықтарды қамтиды. Табиғи құқықтың қатарына жататын құқықтар бір жерде
бектілген-бектілмегеніне қарамастан өмір сүреді, олар өмірдің өзінен
тікелей туындайды.
Табиғи құқыққа қарағанда заңды мағынадағы құқық (объективтік жəне
субъективтік құқық) позитивтік құқық ретінде көрініс табады, яғни, олар
заңдар мен басқа да қайнар көздерде бекітілген.
Позитивтік құқықтың негізгі сипаттары:
а) оны адамдар немесе қоғамдық құрылымдар–заңшығарушылар, соттар, құқық
субъектілер қалыптастырады, яғни, олардың шығармашылығының, мақсатты ерікті
қызметінің нəтижесі болып табылады;
ə) ол заңдар немесе басқа да қайнар көздер түрінде, яғни, жай ой, идея
түрінде ғана емес, нақты сыртқы көрінісі бар ақиқат ретінде өмір сүреді.
Құқықтың пайда болу кезінен бері жəне оның дамуы барысында оның бір
мезетте əрі қарама-қайшы, əрі өзара байланысқан екі жағы анықталды. Бірінші
жағы – бұқаралық-құқықтық жағы, екінші жағы – жеке-құқықтық жағы.
Бұқаралық құқық – бұл мемлекеттік істер саласы, яғни, билік пен
бағыныстылық қатынастарына негізделген мемлекеттің бұқаралық билік
ретіндегі жəне барлық бұқаралық институттардың құрылымы жəне қызметі.
Жеке құқық – бұл жеке істер саласы, яғни, дербестік, субъектілердің
заңды теңдігі бастамаларына негізделген еркін тұлға, институттар мəртебесі.
__________________
5 Cәкен Өзбекұлы, Ө. Қопабаев. Мемлекет және құқық теориясы, 42 бет
Құқықтың түсінігіне кірген аса маңызды белгілерінің бірі болып оның
мемлекетпен тығыз байланысы табылады. Бұл белгі мыналардан көрініс табады:
1) мемлекет құқықты ресми түрде орнықтырып, оның орын-далуын
мемлекеттік мəжбүрлеу арқылы қамтамасыз етеді;
2) құқық мемлекеттік еріктің нормативтік көрінісі бола тұра, қоғамдық
қатынастарды таптық, жалпы əлеуметтік жəне басқа да мүдделерге сəйкес
реттейді;
3) құқық жалпыға міндетті сипатқа ие, бұл оның ерекше əлеу-меттік
реттеуші, заңды жəне заңсыз əрекеттерді өлшеуші ретінде көрініс табуына
мүмкіндік береді.
4) басқа əлеуметтік нормаларға қарағанда құқықтың реттеушілік рөлінің
ерекшелігі оның нормаларының өкілдік-міндеттеуші мазмұнымен байланысты.
Құқықтың қайнар көздері- бұл құқық нормаларының бекітілу және көрініс
табуының мемлекет мемлекет шығарған немесе ол таныған ресми-құжаттық
нысандары, оларға заңды, жалпыға міндтті мағына беру. Құқықтың қайнар
көздеріне ресми сипат тән, оларды мемлекет таниды; бұлар ондағы нормаларды
мемлекеттің қолдауын қамтамасыз етеді.
Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат екі жолмен беріледі:
1. Құқықшығармашылық жол арқылы; бұл жағдайда нормативтік құжаттрды
құзіретті мемлекеттік органдар қабылдайды, яғни ікелей мемлекет шығарады.
2. Санкциялау жолы арқылы; бұл жағдайда мемлекеттік органдар белгілі
бір түрде әлеуметтік нормаларды (әдет-ғұрып, корпоративтік нормалар)
қолдап, оларға заңды күш береді.
Құқықтың қайнар көздерінің түрлері:
1. Нормативтік заң актілер- бұл құзіретті мемлекеттік орган
қабылдайтын, құқық нормалардан құралған және белгілі бір қоғамдық
қатынастарды реттеуге бағытталған ресми құжат. Оларға Конституция, заңдар
мен заңға сәйкес актілер жатады.
2. Санкцияланған әдет-нормалары- бұл адамдардың санасынан орын алған
және көп ет қолданылуының нәтежиесінде әдетке айналған, тарихи қалыптасқан
жүріс-тұрыс ережлеріне мемлекеттің жалпыға міндетті мән бріп, оларды
орындауды өзінің мәжбүрлеу күші арқылы кепілденуі. Әдет-ғұрып нормаларна
заңды мағына беретін мемлекет санкциясы екі түрлі жолмен беріледі:
А) нормативтік актілерде әдет нормаларына сілтеме жасау арқылы;
Б) оларды сот шешімдеріде және басқа да мемлекет органдар актілерінде
іс жүзінде тану арқылы.
3. Заңды прецедент- бұл ұқсас істерді шешуде басшлыққа алгатын және
жапыға міндетті заңды мағына иеленетін нақты бір заңды істі шешудегі соттық
немесе әкімшілік шешім.
4. Нормативтік шарт- бұл екі немесе одан да көп субъектілердің жалпыға
міндетті заң нормаларынан құралған келісімі.
5. Құқықтың жалпы қағидалары- бұл құқықтық жүйенің негізгі бастамалары.
Мысалы, заңнамалық норма, міндетті прецедент немесе әдет нормасы болмаған
жағдайда заңгерлер әділеттік ар-ождан, құқықтың әлеуметтік бағыттылық
қағидаларына негізделуі мүмкін. (Грецияның, Испанияның, Ауғаныстанның
Азаматтық кодекстері).
6. Діни мәтіндер- бұлар,әсіресе мұсылмандық құқыққа тән. Ең алдымен,
бұл Құран мен Сүннет. Құран- бұл Алланың сөздері, өсиеттері және
ақылдарының жиынтығы түріндегі қасиетті кітап. Сүннет- бұл Мұхаммед
Пайғамбардың өмірін сипаттайтын жинақ. [6]
Құқықтың қағидаларының түсінігі жəне түрлері. Құқықтың қағидалары – бұл
құқытың ерекше əлеуметтік реттеуші ретіндегі мəнін көрсететін негізгі
бастамалар, ережелер, идеялар. Олар құқықтың заңдылығын, табиғатын жəне
əлеуметтік мəнін көрсетеді жəне заңдардың өзінде тікелей көрініс тапқан
немесе олардың мəнінен туындайтын жүріс-тұрыс ережелері болып табылады.
Таралу саласына қарай жалпы құқықтық, салааралық жəне салалық қағидаларды
бөліп қарастырады.
Жалпы құқықтық қағидалар барлық құқық салаларында күшке ие болып
келеді. Оларға мына қағидалар жатады:
- əділеттілік;
- азаматтардың заң мен сот алдындағы заңды теңдігі;
- ізгілік (гуманизм);
- демократиялық;
- құқықтар мен міндеттердің біртұтастығы;
- сендіру мен мəжбүрлеуді үйлестіру.
Салааралық қағидалар бірнеше құқық саласының ерекше мəнді белгілерін
сипаттайды. Олардың арасынан жарыспалылық жəне сот өндірісінің жариялылығы
жəне т.б. қағидаларды бөліп атауға болады.
Салалық қағидалар тек бір саланың шеңберінде ғана əрекет етеді. Мысалы,
азаматтық құқықта – мүліктік қатынастардағы тараптардың теңдігі қағидасы;
қылмыстық құқықта – кінəсіздік презумпциясы.
Құқық қағидалары қоғамдық қатынастарды реттеуге қатысады, себебі, олар
құқықтық əсер етудің жалпы бағыттарын анықтап қана қоймай, нақты бір іс
бойынша шешімнің негіздемесіне де енуі мүмкін.
Құқықтың функцияларының түсінігі жəне түрлеріне тоқталатын болсақ,
құқықтың функциялары – бұл құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлін
көрсететін, құқықтық əсер етудің негізгі бағыттары.
Құқықтың функцияларын түрлерге бөлудің негізінде жатқан екі жақты
шартты түрде бөліп қарастыруға болады:
1) сыртқы жақ, бұған сəйкес құқықтың əлеуметтік функциялары анықталады,
олар: экономикалық (құқық өндірістік қатынастарды реттейді,
______________________
6 Cәкен Өзбекұлы, Ө. Қопабаев. Мемлекет және құқық теориясы, 2006. 80 бет
меншік нысанын бекітеді жəне т.б.), саяси (құқық саяси қатынастарды, саяси
жүйе субъектілерінің қызметін реттей-ді жəне т.б.), тəрбиелік (құқық
белгілі бір идеологияны көрсетеді, тұлғаларға арнайы педагогикалық əсер
етеді жəне т.б.) функциялар.
2) ішкі жақ, бұл құқықтың табиғатынан туындайды, олар – реттеуші жəне
қорғаушы функциялар.
Реттеуші функция – бұл позитивтік жүріс-тұрыс ережелерін орынқтырудан,
қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне сəйкес қатынастарды дамытуға
жəрдем беру мақсатында құқық субъектілеріне субъективтік құқықтар беруден
жəне заңды міндеттер жүктеуден көрініс табатын, құқықтық əсер етудің
əлеуметтік мақсатпен байланысты бағыты.
Бұл функцияның шеңберінде оның екі түрін бөліп қарастырады: реттеуші
статистикалық жəне реттеуші динамикалық функциялар.
Реттеуші статистикалық функция құқықтың қоғамдық қатынастарға оларды
белгілі бір құқықтық инстиуттарда бекіту жолымен əсер етуінен көрінеді.
Статистикалық функцияны жүзеге асыруда конституцияда бекітілген саяси
құқықтар мен бостандықтар институты ерекше мəнге ие.
Реттеуші динамикалық функция құқықтың қоғамдық қатынастарға құқық
субъектілерінің белсенді жүріс-тұрысын қамтамасыз ету жолымен əсер етуінен
көрінеді. Ол азаматтық, əкімшілік, еңбек құқығының институттарынан көрініс
табады.
Қорғаушы функция – бұл ерекше маңызды экономикалық, саяси, ұлттық жəне
жеке қатынастарды қорғауға, заңды қорғау мен заңды жауапкершіліктің
шамасын, оларды жүктеу мен орындаудың тəртібін орнықтыруға бағытталған
құқықтық əсер етудің əлеуметтік мақсатпен байланысты бағыты. [7]
1.3 Мемлекет пен құқықтың арақатынасы
Мемлекет пен құқық ажырамас ұғым. Өйткені бірі-бірінсіз қолданыста бола
алмайды. Мемлекет бар жерде құқық ұғымы болады. Құық бар жерде мемлекет
орнайды. Осы уақытқа дейін мемлекет пен құқықтың арақатынасы туралы басты
екі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz