Ертедегі алғашқы қауымдық кезеңі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І. 1.1 Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің
пайда болуының алғы шарттары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3 Әр халықта мемлекет пен құқықтың пайда болу
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
ІІ. 2.1 Қазақстан аумағында мемлекеттің пайда
болуы ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2 Қазіргі заманғы құқық ұғымы мен
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... .15
ІІІ. 3.1 Қазақстанда құқықтық мемлекет құру
жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
3.2 Қазіргі кездегі құқықтық мемлекеттің саяси
көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
3.3 Мемлекеттің пайда болуы туралы
теориялар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...23
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...25
Кіріспе
Мемлекет туралы жазуды бастардың алдында біз ең алдымен оның қоғамда әрекет
ететіндігін, онымен қандайда бір өзара қарым-қатынаста болатындығын, оның,
яғни қоғамның тарапынан белгілі бір ықпалдың болатындығын және өз кезегінде
қоғамға өзі де ықпал ете алатындығын ескереміз.
Сондықтан да қоғам мен мемлекеттің, оны жанама түрде көрсететін аса маңызды
институттарының көмегімен болатын өзара қарым-қатынасының принциптері мен
негіздерін теориялық жағынан айқындау қажеттігі туып отыр.
Қоғам — адамдардың ұйымдасуы мен өмір сүруінің нысаны, соның шеңберінде
материалдық және рухани игіліктер өндіріліп, тұтынылып және
айырбасталып жатады, осының өзі белгілі бір тәртібі, адамдар арасындағы
өзара қарым-қатынастардың орнықтылығы мен тұрақтылығын нығайтуға
бағытталған, өз мүшелерінің мінез-кұлқын басқарудың, реттеудің және ықпал
етудің ерекше құралдарының болуыменен сипатталады.
Алғашқы қауымдық қоғамның рулық (немесе ру-тайпалық) ұйымының мемлекетке
орын беруінің себебін білуге тырысу, осы процестерге ықпал ететін және
олардың динамикасы мен бағытын анықтайтын факторларды белгілеу, осыған
байланысты әр халықтың жалпы және ерекше тәжірибелері көптеген теорияларға,
тұжырымдар мен пайымдауларға келіп тоғысты. Олардың кейбіреуі саяси-
құқықтық ойдың тарихында айтарлықтай із қалдырмастан, тез ұмытылып қалды,
ал енді бір бөлігі ұзақ уақыт бойы адамдардың ақыл-ойын жаулап алды, әлі де
болса олардың дүниеге көзқарасы мен түйсігіне әсер етіп келеді. Аталған
теорияларға талдау жасай келіп, біз әрбір ойшылдың мемлекеттілік генезисіне
деген өзіндік тәсілі бар екендігін көреміз, олардың басқа ойшылдардан
тәсілі де басқа, өз позицияларын негіздеуі де әр түрлі. Сонымен, кейде
терең ойлы және дұрыс пікірлер жеңілтек, үстірт пікірлермен қоңсы қонып
жатады.
Мемлекет — басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның
тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар
жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән
ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне
қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық
және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге
нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады.
Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері
бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда,
ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше
өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде қабылдаймыз.
Тікелей Қазақстан аумағында мемлекеттің пайда болуы мұнда мемлекеттің
ролінің күштілігімен сипатталатын өндірістің азиялық тәсілі сияқты тарихи
формацияның бекітуімен байланысты.
Жер, мал, жайылым, су шаруашылық объектілері өндірістің негізгі құралына
айналды, оларды иелену үшін қырғын ұрыстар болды. Соның барысында рулық
байланыстар мен қарым-қатынастар, ішінара болмаса, бұрынғы тұрақтылығын
жоғалта бастады. Уақыт өте келе олардың байланысы мен қарым-қатынасы
басқаша шашырауы немесе жайылып кетуі керек болды.
Пайда болған мемлекеттер шығыстың деспоттық үлгісімен құрылды және өзінің
қол астындағы азаматтарына айтарлықтай дәрежеде билік жүргізе алатын. Олар,
негізінен әр алуан шығыстық нысанда, монархтық (қағанат, халифат, хандық,
сұлтанат) еді.
Курстық жұмыстың өзектілігі: мемлекет қоғамға қызмет етуі керек, оның
мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етуге, оның тіршілік
етуіне қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл жағынан мемлекеттің
мүмкіндігі зор. Орасан зор материалдық, адам, ұйымдастыру ресурстарына,
саяси-идеологиялық потенциалға, басқарудың, реттеудің және ықпал етудің әр
алуан құралдарына иелік ете отырып, мемлекет экономиканың, әлеуметтік,
рухани және басқа жағдайлардың дамуына оң әсер етіп, тұрақтылық пен
тәртіпке қол жеткізуге, қоғамда қажетті моральдық-психологиялық ахуал
қалыптастыруға оң ықпал ете алады. Сондықтан да мемлекет пен құқықтың пайда
болуын зерттеу өте маңызды.
Зерттеу пәні: мемлекет пен құқықтың даму процесі
Зерттеу мақсаты: Қазақстанда мемлекет пен құқықтың пайда болуын зерттеу
Зерттеу нысаны: мемлекет пен құқықтың пайда болуын қарастыру
Зерттеу міндеттері: алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің
пайда болуының алғы шарттарына шолу жасау, әр халықта мемлекет пен құқықтың
пайда болу ерекшеліктерін қарастыру және қазіргі заманғы құқық ұғымы мен
белгілерін қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылысы: бұл курстық жұмыс кіріспе бөлімнен және де
мемлекет пен құқықтың пайда болуының жалпы сипаттамасына бағытталған
бірінші бөлімнен, Қазақстанда мемлекет пен құқықтың пайда болуына
бағытталған екінші бөлімнен, кейін қорытынды бөліммен қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық,
басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері бір-бірімен тығыз
байланыста өзгеріп, жаңарып отырды. Малшылық пен егіншілік қалыптасты,
ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келіп, адамның тәжірибесі өсіп
молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру,
өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды,
қоғамның шығысынан кірісін асырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса
бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық
өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. Олар төмендегі негізгі
обьективтік заңдардың – қосымша өнімнің пайда болуы; жеке меншіктің
қалыптасуы; топтар мен таптардың арасындағы кұрестің басталуы әсерінен
туындайтын қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін өмірге мемлекет пен
құқық келді. Мемлекеттің дамуы – мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке
меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің
туындысы. Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі
ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны мен оның негізгі
салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда мемлекеттің күш- қуатына
үйренетін басқару жүйесі. 1
Мемлекеттің пайда болуының, дамуының бірнеше турлері бар:
1. Шығыс елдерінде (Иран, Индия, Қытай, Араб т. б. шығыс типті елдерде)
мемлекеттің қалыптасуы негізінен қоғамдық меншікті қорғаумен байланысты.
Себебі алғашқы қоғам ыдырау кезінде бұл елдерде күрделі қүрылыстар болды:
ірі су каналдарын жасау, суармалы ирригациялық жүйелер құру, құрғақшылықпен
күресу. Міне осы күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық-мемлекеттік
меншік қалыптасты, Сол меншіктің иелері: шенеуніктер, ру, тайпа басшылары,
хандар, корольдер мен императорлар болды. Сонымен, Шығыс елдеріндегі
мемлекеттердің қалып тасу себептеріне:
– ірі ирригациялық жүйелерді жасау;
–оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі тұрде топтастыру,
біріктіру;
___________________________________ ___
1. Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы. Қарағанды, 2002.
– барлық жұмыстарды бір орталықтан басқару жатады.
Мемлекеттің басқару аппараты бұрынғы ру, тайпаны басқарған аппараттан
өсіп қалыптасты.
Жаңа аппарат қалың бұқарадан алыстай түсіп әділетсіздікті, қанаушылықты
күшейтті. Азия типті мемлекеттер өте бәсең дамып, ХІХ-ХХ ғасырларға дейін
көп өзгермей, сақталып келді (Қытай, Иран т. б.).
2. Еуропалық елдерде мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы,
қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.
Афина мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті
топтар мен таптар мемлекеттік билікті өз қолдарына алып, өз мүдде-
мақсаттарын орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер,
көбінесе, демократиялық жүйедегі саяси бір- лестік болып қалыптасты.
Германияда мемлекеттің қалыптасуы басқаша болды. Қалың бұқара байларға
тәуелді болды, феодалдық қатынастар дами бастады. Осы типті мемлекеттер
Европаның бірнеше елдерінде Ресейде, Ирландияда және т. б. қалыптасты.
Құқықтың дамуы – адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік
заңдылықтарының бірі. Ол – әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы
қарым- қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-
ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте-
бірте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі
қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңга тәуелді
кесімдер, шарттың нормалар, заң куші бар соттың шешімдери Құқық екі жолмен
дамыды. Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моралдық-діни
нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңына сұйенді, ал мұсылман
елдерінде – Құран заңы. Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатынастарды
мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарды. Адам
қоғамы мыңдаған жыл өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің
азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің
іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсап
келеді. Адамдар ежелгі заманнан мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай
дамып келеді?-деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап
келеді. Енді мемлекеттің және құқықтың пайда болуы туралы теориялардың
мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік. Теологиялық теория – мемлекет пен құқық
Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді.
Табиғи теория – бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекетті,
құқықты ешкім ойлап тапқан жоқ, олар адамның өзі сияқты табиғаттан бастау
алып, әділеттілікке негізделген абсолюттік ұғымдар деп атайды.
Тарихи теория – осытеорияны ұстанғандар мемлекет пен құқық тарихтан
бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді.
Патриархалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжрибесінен
қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске
асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді.
Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің
басшысына айналған. Отбасы басшысы – әке, мемлекеттің басшысы – монарх.
Психологиялық теория – адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-
әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген
тұжырымды қолдайды және тағы басқалар.
Қазақ жерінде алғашқы қауымдық қоғам заманында рулық қауым пайда болып,
ұзақ ғасырлар бойы адамдар туыс, қандастығы ұйымның шеңберінде өмір сүрді.
Бұл аймақта мекендеген көшпелі тайпаларда мемлекеттің құрылуы ғасырларға
созылып, ол ерекше күрделі түрлер арқылы қалыптасты, ал барша жұрт ертеден
келе жатқан ауызша заңдар жүйесі әдет заңына бағынып келген. 2
1465 жылы тарихта тұңғыш дербес қазақ хандығының негізі қаланып,
Жәнібектің ұлы Қасым ханның тұсында көркейіп, қуатты мемлекетке айналды.
Қасым хан қазақтың құқықтық әдеттерін жүйелеп Қасым салған қасқа жолды
тұжырымдап берді. Ол бес тараудан тұратын:
Мүлік заңдары (мал, мүлік, жер дауы мәселелері).
Қылмыс заңдары (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, урльщ мәселелері).
Әскери заңдар (цосын, аламан, әскеры міндет, тулпар ат, цара қазан
мәселелері).
Елшілік жоралары (майталмандъщ, шегаендік, сыпайыльщ, әдептілік).
Жұртшылық заңы (ас, той, мереке, жасауыл және т. 6,).
Қоғамның даму барысы қазақ заңдарының одан әрі жетілуіне әкеп соқты.
Осындай міндетті Есім хан (1598-1645 лок.) бұрынғы қазақ заңдарына,
әдеттеріне жаңадан дем беріп, әсіресе, әскери заңдардың беделін күшейтті.
Бұл әрекет жоңғар қалмақтарының басқыншылығына тойтарыс беруге бағытталды.
Есім хан өзінің заңдар жинағында ежелгі құқықтық әдеттерді қаз-қалпында
сақтағаны үшін оған халық Есім ханның ескі жолы деген ат берді. Өз
заманында Тәуке хан (1680-1718 жж.) дәуір ыңғайына сай бейімдеп қазақ
заңдарын жинап, топтастырып, мемлекеттік дәрежеге көтерді. Тарихта бұл
заңдар Тәуке ханның жеті жарғысы деген атпен белгілі. Жеті жарғыда
бұрынғы әдеттерге қосымша жаңа ережелер, қағидалар енгізілді. Бұл тарихи
отбасы және неке мәселелері қамтылды. 3
___________________________________ ___
2. Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы.
Алматы,1998.
3. Баянов Е. Мемлекет жэне құқық негіздері. Алматы Жеті Жарғы, 2001.
2. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің
пайда болуының алғы шарттары
Адам эволюциясына байланысты палеолит жоғарғы және төменгі болып екіге
бөлінеді. Төменгі палеолит – архантроптар мен палеонтроптардың тіршілік ету
кезеңі болып табылады. Бұл кезеңнің өзінде бірнеше археологиялық кезеңдер
алмасқан, атап айтқанда: 2.5 млн жыл бұрын олдувай, 0.85 млн жыл бұрын
ашель, 0.2 млн жыл бұрын мустьер кезеңдері. Жоғарғы палеолит – Homo sapіens
– тің тіршілік ету кезеңі. Бұл кезең небәрі 100-40 мың жылға созылып, адам
баласы осы кезең ішінде тастан балта жасаудан компьтерлерге дейінгі
жетістіктерді басынан өткізді.
Археологиялық кезеңдер еңбек құралдарын жасаудың техникасы мен
материалдарының түрленуіне негізделді. Ертедегі қытай және рим
философтарына белгілі болған көне тарихтың үш ғасырға (тас, қола және
темір) бөлінуінің ғылыми негізі Х1Х ғасыр мен ХХ ғасырдың басында жасалды.
Ойкуменнің көп бөлігінде төменгі, ортаңғы палеолит-100 мың, палеолит 45-40
мың; жоғарғы палеолит – 12-10 мың, мезолит 8 мыңға дейін және неолит 5 мың
жыл бұрын бітті. Қола дәуірі біздің эрамызға дейінгі 1 мыңыншы жылдың
басына дейін, темір ғасыры басталғанға дейін созылды. Қола дәуірінен бастап
алғашқы қауымдық қоғамда қалыптасқан көне дәуір өркениетінің ескерткіштері
негізінде уақытты календар бойынша белгілеу пайда болды .
Тарихи кезеңдер:
1.Археологиялық кезеңдер;
2.Палеоантропологиялық
кезеңдер;
3.Алғашқы қауым кезеңі;
4.Төменгі (100) және ортаңғы
палеолит (45-40); 5.Архонтроптар
мен палеонтроптар кезеңі;
6.Алғашқы қауымдық Туыстық қауым кезеңі;
7.Ертедегі алғашқы қауымдық кезеңі;
8.Жоғары
палеолит (12-10) және мезолит (8);
9.Неонтроптар кезеңі;
10.Кейінгі
алғашқы қауым Неолит (5);
11.Энеолит немесе ертедегі металдық ғасыр
(4,5 –5);
12.Таптар түзілу кезеңі;
13.Қола (3)Темір
Атом ғасыры (ХХ ғасыры). 4
___________________________________ ___
4. Мемлекет және құқық теориясы. Жоламан Қ.Д., МұқгароваА.К., Тәукелев А.Н.
Алматы: ҚазМЗУ, 1999.
Қоғамның құрылуының алғашқы нысаны көбіне “алғашқы қауым” деп аталды.
Бұл сөз үйлесімі ертедегі және өте ертедегі
адамдардың ұйымдарының ерекшеліктерін; олардың жануарлардан нағыз адамға
өтпелі кезеңіндегі күйлерінің дәл мағынасын білдіреді. Алайда, “алғашқы
қауым” термині әрі қысқа, әрі ыңғайлы. Алғашқы қауым қоғамы адамзат
тарихындағы ең ұзақ, 2 млн жылға созылған кезең болды. Алғашқы қоғамдағы
туыстық қауым 10-12 мың жыл бұрын басталып, ойкуменаның негізгі бөлігі үшін
5-8 мың жыл бұрын аяқталса, алғашқы қауымның соңғы кезеңдері кейбір
қоғамдарда әлі күнге дейін аяқталған жоқ. Алғашқы қауымның ерте кезеңінде
тіршілік үшін қажетті негізгі өнімдер өндіретін шаруашылық болды. Бұл
типологиялық қатар – алғашқы қауым (алғашқы адам үйірй отары), ертедегі
және кейінгі (ертедегі туыстық және кейінгі туыстық), қауым бұдан кейін
алғашқы қауымдық көршілес (протошаруа) қауым – алғашқы қауымдық тарихтың
негізгі кезеңдеріне сәйкес келеді. Ғалымдардың көпшілігінің пікірінше,
алғашқы қауым кезеңін, яғни антропосоциогенезді адамзаттың әлеуметтік және
биологиялық даму барысында адамзат қоғамы қалыптасуының бастамасы болып
саналатын бүкіл әлемдік тарихи процестің ерекше кезеңі деп қарастыруға
болады. Алғашқы қауымдық туыстық қауым кезеңінде әлеуметтік құрылымның
алғашқы реттелген түрлері – туыстар мен туыстық қауымдар пайда болды. Дәл
осы кезеңде алғашқы қауымдық туыстық қауымдық құрылымның негізгі белгілері
— өндірістегі ұжымшылдық, жалпы меншік пен тұрмыстағы теңдей бөлу, т.б.
пайда болды. Бұл белгілер әсіресе ертедегі алғашқы қауымдарда анық
байқалып, кейінгі алғашқы қауымдарда да сақталып қалды. Бұл кезеңнің ең
төменгі шегі – ортаңғы палеолит (палеонтроптар кезеңі) және неолит. Алғашқы
қауымдық кезең — қалыптасу кезеңі, ал алғашқы қауымдастық туыстық қауым –
кемелдену кезеңі болса, таптардың түзілу кезеңі – алғашқы қауымдық
құрылымның ыдырау кезеңі болды. Бұл соңғы кезең шаруашылық іс-әрекеттің
барлық салаларының қарқындап дамуымен және өнім қорларының өсуімен
сипатталады.
Туыстар мен қауымның ортақ меншігі жеке үй шаруашылығы меншіктері мен
теңдей бөлу еңбегіне қарай бөлумен алмасып, қауымдық-туыстық байланыстар
үзіліп, алғашқы қауымдық — көршілік түрлері пайда болды. Эксплуатацияның
алғашқы нысандары пайда болып, олармен бірге негізгі өнім қоры — қосалқы
өнімге айнала бастады, яғни жеке меншіктің, қоғамдық таптар мен
мемлекеттіліктің бастамасы түзіле бастады. Кезеңнің төменгі шегі, кейбір
қарқынды дамыған қоғамдарда неолит кезеңіне, ал нашар дамыған қоғамдарда
металдық кезеңнің біршама бөлігіне сәйкес келеді. Кезеңнің жоғарғы шегі —
қоғамдық таптар мен мемлекеттіліктің пайда болуы – 5 мыңдай жыл бұрын
байқалған делінеді. Ал нашар дамыған қоғамдар бұл кезеңді әлі күнге дейін
өткен жоқ. Жалпы дәуірдік кезеңдерді археологиялық және
палеоантропологиялық схемалардың аса маңызды буындарымен төмендегіше
салыстыруға болады. Бұл кезеңдердің абсолютті (нақты) жасын айту қиын,
себебі, біріншіден, олардың археологиялық және палеоантропологиялық
кезеңдермен арақатынасы жөніндегі көзқарастар түрліше, екіншіден, ертедегі
алғашқы қауымдық кезеңінен бастап, адамзат қоғамы біртекті дамыған жоқ,
соның әсерінен жоғарыда айтылған әртүрлі қоғамдар қалыптасты. Кестеде
берілген шкала адамдар жасаған және қолданған құралдар негізінде жасалған.
Тас дәуірі – тастан жасалған құралдарды пайдалану кезеңі болды да, ол
палеолит (ертедегі тас дәуірі), төменгі палеолит (австралопитектер мен “тік
жүретін адам” ), ортаңғы палеолит (неандерталдықтар), жоғары палеолит (38
мың жыл) — “саналы адамның” үңгірлерде тіршілік етуі кезеңдеріне бөлінді.
Мезолитте (ортаңғы тас) қоғамдық құрылымның аң аулау, жинау түрі басым
болды.
Неолитте (жаңа тас дәуірі) 9-5 мың жыл бұрын аса маңызды оқиға орын
алғандығы белгілі, ол неолит революциясы деген атқа ие болды. Нақты
айтқанда – жабайы жануарларды қолға үйретті, өсімдіктер өсіру, бір орында
тұрақтап тіршілік ету қалыптасты. Аң аулау – жинау шаруашылығы мал, егін
өсіру шаруашылықтарына айналды. й жануарлары мен мәдени өсімдіктердің
жасанды сұрыптау мен гибридтеу нәтижесінде алынған тұқымдары мен сорттары,
мата тоқу, металлургия т.б. пайда болды. Мәдени дамудың келесі кезеңдері
“үштік ғасыр” деп аталатын – мыс, қола, темір ғасырларынан тұрады. Олардың
әрқайсысы кейіннен белгілі болғандай, белгілі бір кезеңдерді басынан
өткізіп, жекелеген мәдениеттің даму кезеңдері болып, олардың уақыты әр
мәдениеттің даму уақытына сәйкес болды. Осы “ғасырлардың” ауысу реті әр
жерде және жалпы бұл жүйені қазіргі кезде көпшілік мойындамай отыр, бірақ
оның орнына жетілдірілген басқа жүйе әлі жасалған жоқ. Алғашқы қоғамның
даму процесінде әлеуметтік мононормалар[1] (бірігу - бірлесу) қалыптасып,
сол арқылы қарым қатынастарды реттеп, басқарып отырған. Мононорманың
негіздері мен түрлері : әдеп – ғұрып, мораль, салт – дәстүр, діни нормалар.
Алғашқы қоғамның дамуы барлық региондарда, барлық континенттерде бірдей
болды. Тек мемлекет пен құқықтың пайда болуы кезеңінен бастап
айырмашылықтар, ерекшеліктер молая бастады. Мысалы: шығыс елдерінде (Араб,
Үнді, Иран , Қытай) Мемлекет пен құқықтың пайда болуы бір – біріне ұқсас,
Афин , Рим, Спартада мемлекет пен құқықтың дамуы басқа түрде болды.
Еуропаның, Азияның басқа елдерінде – үшінші түрде дамыды. Бұл елдерде
алғашқы қоғамнан феодалдық формацияға – қоғамға көшті. 5
1.3Әр халықта мемлекет пен құқықтың пайда болу ерекшеліктері
Құқықтың дамуы – адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі объективті
заңдылықтарының бірі әлеуметтік нормалардың қалыптасып қоғамдағы қарым-
қатынастарды реттеп басқаруы.
Әлеуметтік нормалардың (әдеп – ғұрып, мораль[1], салт – дәстүр, діни
___________________________________ ___
5. Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және кұқық теориясы. Алматы,1998
нормалары) қоғамның даму процесінде бірте – бірте құқықтық нормаларға
айналуы. Сондықтан да құқық мемлекеттен аз да болса бұрын қалыптасты деуге
болады. Алғашқы қоғамда мемлекеттік кезеңнің басталуынан бері қарай құқық
қарым қатынастардың басым көпшілігін реттеп, басқаратын нормаға айналды.
Қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған , бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда
болды: заң, заңға тәуелді актілер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың
шешімдері.
Құқық екі жолмен дамыды. Біріншісі – мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу
моральдық – діни нормаларға сүйенеді. Мысалы, Индияда Ману заңы, мұсылман
елдерінде Құран заңы: екіншісі – жеке меншік бағытындағы қатынастарды
мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқару.
Таптық қоғамда, қанаушылық, әділетсіздік басым болған мемлекетте құқық –
үстем таптың заңға айналдырылған мүддесі болады. Бұл мүддені заңға
айналдырушы және заңдардың орындалуын ұдайы қадағалап отырушы- үстем тап
қолындағы мемлекеттік аппарат. Құқық үстем таптың мүддесін қорғау мен бірге
қоғамдық мақсатты да реттеп, басқарып отырады.
Құқықтың таптық мәні, қоғамдағы рөлі, мазмұны мен нысаны, сайып келген
қоғамның экономикалық саяси, әлеуметтік сипатына және мәдени өсу дәрежесіне
байланысты. Мысалы, К. Маркс Гота програмасына сын еңбегінде : “Құқық еш
уақытта да экономикалық құрылыстан және қоғамның соған сәйкес мәдени
дамуына жоғары бола алмақ емес ” деген. Құқықтың нормалары қоғам дамуының
саяси, әлеуметтік, мәдени т.б. мұқтаждықтарына неғұрлым сай келсе ,
соғұрлым пайдалы әсері мол болмақ.
Құқық – мемлекет шығарған немесе бекіткен, мемлекеттік аппаратын күші мен
қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін
нормалардың жиынтығы. 6
Мемлекеттің дамуы- мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің
пайда болуы натижесінде алғашқы қауымдық құрылыс топқа бөлінуінің туындысы.
Мемлекет жария өкіметтің пайда болуы мен іс –әрекетінің нәтижесі ретінде
қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі
салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда өкіметтің күш – қуатына
сүйенетін басқару жүйесі.
Шығыс елдеріңде (Иран, Индия, Қытай Араб елдерінде ) мемлекеттің
қалыптасуы басым түрде қоғамдық меншікті қорғауға байланысты. Себебі бұл
елдерде алғашқы қоғам ыдырау кезінде күрделі құрылыстар болды: ірі су
каналдарын жасау , суармалы иригациялық[2] жүйелер қалыптастыру,
құрғақшылықпен күресу. Міне осы күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін
қоғамдық мемлекеттік меншік қалыптасты. Сол меншіктің иелері :
___________________________________ ___
6 Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет теориясы. Дәрістер жинағы.
Қарағанды,2003.
чиновниктер, ру , тайпа басшылары, король, императорлар болды. Сөйтіп бұл
елдерде көбінесе мемлекеттік диспотизм[3] орнады. Бұл елдердің
экономикасы, әлеуметтік жағдайы, демократия өте бәсең дамыды.
Мемлекеттік биліктің, қоғамдық меншіктің басында – абсалюттік монарх болды,
одан төменгі – екінші дәрежедегі билік уәзір министірлердің қолында, одан
төменгі – чиновниктерде болды. Осы сатылық биліктер – бәрі бірігіп қалың
бұқараны қанауда болды. Қоғамдық меншік пен қатар жеке меншікте дамыды.
Шығыс типті (Азия типті) мемлекеттер кейінгі ғасырларда шығыс Еуропа ,
Африка , Оңтүстік Америка елдерінде де қалыптасты
Сонымен, Азия типті мемлекеттердің қалыптасу себептері :
✓ Ірі ирригациялық жүйелерді жасау ;
✓ Оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру –
біріктіру;
✓ Барлық жұмысты бір орталықтан басқару ;
Мемлекеттік басқару аппараты бұрынғы ру – тайпаны басқарған аппараттан өсіп
қалыптасты. Жаңа аппарат қалың бұқарадан алыстай түсіп , әділетсіздікті ,
қанаушылықты күшейтті. Азия типті мемлекеттер өте бәсең дамып, Х1Х-ХХ
ғасырларға дейін көп өзгермей сақталып қелді (Қытай, Иран т.б.).
Еуропалық елдерде – мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы,

Афина мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезіңде экономикалық күшті топтар
мен таптар мемлекетті өз қолдарына алып , өз мүдде – мақсаттарын орындайтын
мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер көбінесе демократиялық
жүйедегі саяси бірлестік болып қалыптасты. Спарта аристократиялық
республика болып қалыптасты. Мұнда құлдардын саны жергілікті халықтан
бірнеше есе көп болып , жаңа мемлекеттік басқару аппараты қалыптасты.
Жергілікті халықтың арасында қайшылыққа жол бермеу саясаты қалыптасты.
Республикада қатаң заңдылық, құқықтық тәртіп орналды.
Германияда мемлекеттің қалыптасуы басқаша болды. Мұнда құл иелену көп
дамыды. Қалың бұқара байларға тәуелді болды, феодалдық қатынастар дами
бастады. Рим империясының біраз жерін Германия өзіне қаратып, феодалдық
мемлекеттің дамуын тездетті. Осы типті мемлекеттер Еуропаның бірнеше
елдерінде, Ресейде, Ирландияда, Азияда, Орта Азия елдерінде қалыптасты.
Мемлекеттің алғашқы қоғамдағы биліктен айырмашылығы:
1. Халықтың туысқандығына қарамай , территориясына сәйкес біріктіру.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz