Тұрақты рента шарты
РЕНТА ЖƏНЕ ӨМIР БОЙЫ АСЫРАУДА ҰСТАУ
тақырыбындағы курстық жұмыстың мазмұны
КІРІСПЕ
§ 1. Рента жəне өмiр бойы асырауда ұстау шарттарының жалпы ережелерi
§ 2. Тұрақты рента шарты
§ 3. Ғұмырлық рента шарты
§ 4. Өмiр бойы асырауда ұстау шарты
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
1999 жылдың 1 шiлдесiнде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң Ерекше бөлiмi қабылданып, күшiне ендi. Бұл өз мəнiнде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi нарықты қайта құру жылдарында қалыптасқан азаматтық заң шығарудың iрi бiрiктiруi (немесе жүйеленуi) болып табылады, сонымен бiрге онда бұдан бұрын Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында болмаған көптеген нормалар пайда болды.
Жаңа Азаматтық кодекстi қоғамдық қатынастардың аса тиiмдi реттеушiсi ретiнде бағалау қажет. Оның нормаларының мазмұны барынша айқын болып табылады. Оған уақыт сынынан өткен көптеген заңдардың жəне заңға тəуелдi нормативтiк актiлердiң ережелерi енген. Бұны оңды құбылыс ретiнде бағалауға болады, дегенмен азаматтық кодекстi тым толықтықта айыптайтын көзқарастар да кездеседi. Себебi, онда сатып алусату, мүлiк жалдау жəне тағы басқа да шарттар көптеген түртүрлерiмен қарастырылған. Мысалы, тауарларды бөлшектеп сатып алусату шарты жеке көрсетiлген, онда тұтынушылар құқығын бекiтуге артықшылықтар берiлген. Кəсiпкерлiк шарттың ерекше сипаттары тауар жеткiзiлiмi шартына арналған нормаларда көрiнiс тапқан. Кезкелген қазiргi заманғы мемлекет жағдайы үшiн сатып алусату шартының энергиямен жабдықтау сияқты түрi маңызды мəндi иемденедi, бұл да азаматтық кодексте жəне соған сəйкес қабылданған заңға тəуелдi нормативтiк актiлерде ескерiлген.
Жекешелендiрiлген, мемлекеттiк, сонымен бiрге жаңадан пайда болған жеке кəсiпорындар нарығының пайда болуына кəсiпорындарды сатуды құқықтық реттеу сəйкес келдi.
Бұрын əрқашан реалды болып келетiн сыйға тарту шартына қазiр өзгеше сипаттар берiлген, ендi бұл шарт консенсуалды да болуы мүмкiн. Сыйға тартуға тиым салу анық бекiтiлген.
Ренталық қатынастар бұдан бұрын тек өмiр бойы асырауда ұстау жағдайы қарастырылған сатып алусату шартымен ғана негiзделетiн, қазiр рента институтына оның (белгiлi бiр мəселелерi болғанымен), өзiндiк мəн берiлген. Азаматтық кодекс шеңберiндегi жаңалықтарға ақшалай талапты берiп қаржыландыру (факторинг) жəне есеп айырысунесиелiк қатынастарды реттейтiн (банктiк есеп шот, ақша аударымы, банк салымы), шарттар туралы нормалар жатады. Сақтау шарттары бойынша тауар қоймасында сақтау туралы нормаларды енгiзу туралы айтуға болады. Сенiм меншiгi жөнiндегi ұзаққа созылған пiкiрталастар
Азаматтық кодекс нормаларында мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару қатынастарын бекiтуге əкелдi. Сонымен бiрге кешендi кəсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) шарты қарастырылған, бұл шарт та бұрынғы заңда болған жоқ.

Шарттың ұғымы рентаны экономикалық мағынасына сəйкес меншiк қатынастарының ерекше нысаны деп анықтауға болады. Олар (меншiк қатынастары) өз кезегiнде материалдық игiлiктердi белгiлi тұлғалар иеленетiнiмен немесе материалдық игiлiктер (заттар) бiреуге жататынымен сипатталады.1 Ренталық қатынастарға меншiктiң екiншi - ағымды (қозғалыс)
күйi де тəн болып келедi жəне айта кететiн болсақ ренталық қатынастардың осы күйiн ескерген кезде ғана оларды анықтау қажеттiлiгi пайда болады.
Мүлiктiң қозғалысы (айналымы) көп қырлы құбылыс, ол мүлiк тиесiлiгiн түбiрiнен өзгерте алады немесе негiзгi меншiк иесiмен қатар мүлiктiң өзге тұлғаларға да тиесiлiгiн бекiте алады.
Бұл осы жағдайларға байланысты шартты мiндеттемелiк қатынастар құрылады жəне топтасады.2
Осы қатынастарды реттейтiн мiндеттелiк құқық экономикалық мағынада (мəнде) меншiктiң заңи мағынада меншiк құқығы жəне өзге заттық құқықтар өтуiн (ауысуын) қамтамасыз етедi.3
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығында субъектiлердiң тиiстi қатары қатысуымен заттық құқықтық қатынастардың пайда болуына жəне жүзеге асуына ықпал ететiн рента шарттары қарастырылған. Аталған шарттардан субъектiлердiң мiндеттемелiк құқықтары мен мiндеттерi де пайда болатыны сөзсiз. Бұл тарауда оларды қарауға артықшылық берiледi. И. Грешников рентаның тұрақтанған түсiнiгiн берген: Рента сөздiң кең мағынасында (экономикалық маңызы бойынша), бұл - қолайлы жағдайлар немесе қандай болса да артықшылықтардың күшiнен пайда болатын табыс. Мысалы, егiн шаруашылығында, табысты
өңделетiн жер учаскелерi құнарлы топырағын жəне орналасқан жерiн пайдаланып табыс табады.
Жылжымайтын мүлiктiң, кəсiпорындардың иелерi үшiн ренталық табысты алудың шарты болып жылжымайтын мүлiк объектiлердiң жəне кəсiпорындардың қасиеттерi келедi.
Рента қарымқатынастарын реттейтiн əмбебап нормалар Қазақстан Республикасы заңнамасында тұңғыш рет қабылданғасын (күшiне енгiзiлгесiн) пайда болды. Онда рентаға (рента шартына 517539 баптар арналған. Жалпы ережелердi реттейтiн нормалардан басқа олар тұрақты рентаны, ғұмырлық рентаны, өмiр бойы асырауда ұстауды реттейтiн нормаларды да қамтиды. Ал бұрынғы заңнамада тек өмiр асырауды қарастыратын тұрғын үйдi сату шарты ғана бекiтiлген едi.
Рента шарты бойынша бiр тарап (рента алушы) екiншi тараптың (рента төлеушiге) меншiгiне мүлiк бередi, ал рента төлеушi рента алған мүлiкке айырбас ретiнде рента алушыға белгiлi бiр ақша сомасы түрiнде немесе оны ұстау үшiн өзге де нысанда қаражат беру түрiнде мезгiлмезгiл рента төлеп отыруға мiндеттелген.
Рента шарты мүлiктi иелiктен шығаруға арналған шарттардың бiрi. Мүлiк рента төлеушi меншiгiне өтедi жəне бiр уақтылы мүлiктiң кездейсоқ жойылуы немесе бүлiнуi қауiпi оны күтiп ұстау ауыртпалығы да оған ауысады (оның мойнында болады). Сөйтiп, рента шартының мазмұнында басқа сату сатыпалу, сыйға тарту т.б. шарттармен ұқсастықтары бар.
Рента шартының ерекшелiгiмүлiк төлемақы төленiп, не болмаса төленбей берiлуi мүмкiн. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 519бабы бойынша осыған қарап сатып алу, сату шарты (25 тарау Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексi) немесе сыйға тарту шарты (ҚР АК 27 тарау) туралы ережелер қолданылады. Бұл осы шарттың (мiндеттеменiң) мəнiсiне қайшы болмауы керек. Аталған екi шарт нормаларының қолданбауы тiкелей рентаға
қатысты нормалармен қарастырылуы мүмкiн.
Бiздiң көзқарасымыз бойынша, рентаның тағы да бiр нақты ерекшелiгi рента төлеушi рента алушыға (мүлiктiң алғашқы иесiне) мүлiктiң жетiспеушiлiгi, бұзылғандығы туралы сатып алусату шарты бойынша сияқты толық көлемде келiспеушiлiк айтуға құқығы болмайды. Рента қатынастарының мəнiсi оларға сатып алусату қатынастары үшiн белгiленген нормаларды барынша абайлы жəне жағдайды ескерiп қолдануды талап етедi. Рента нысанасы (заты) оны рента төлеушiсiне берген кезде өзге тұлғалардың құқықтарымен ауырланғаны негiзiнен орын алмауы керек (осыған жол беруге болмайды). Себебi бұл шарт орындалуына кедергi жасайды. Сатып алусату шартына қарағанда рента шарты бойынша рента алушының мүдделiктерi өзгеше. Оның мүлiкте ауыртпалығы болмауына өз мүдделiгi бар болып келедi.
Егер ауыртпалықтар сонда да анықталса, осы рента шарты бойынша тараптардың құқықтары мен мiндеттерiне əсер етедi. Рентада сыйға тарту шартынан да айырмашылығы бар. Бiрақ заңнама арқылы айырмашылықтар мəселесi реттелмеген. Сондықтан бiз белгiлеп (анықтап) отырған сұрақтарға көзқарастар əртүрлi болуы мүмкiн. Рента шарты экономикалық ренталық қатынастарды тек жартылай қамтиды. ҚР Азаматтық кодексiнiң нормалары рантье - меншiк иесi туралы үйренiштi болып келетiн көзқарасты жоққа шығарады (бiз нақты рента шарты туралы айтып келемiз). Рента алушыда тек кейбiр жағдайларда ғана мүлiктi кейiн қайтаруға талап етуге мiндеттемелiк құқығы бар болады.
Аталған құқық барлық рента шарттарында пайда бола бермейдi. Тек ғұмырлық рента төленуi үшiн пəтер, тұрғын үй жəне өзге де мүлiк иелiктен тегiн шығарылса жəне рента төлеушiсi рента жағдайларын елеулi бұзса бұл мiндеттемелiк құқық пайда болады (ҚР АК 533 бабы 2тармақ). Осыған қатысты экономикалық мағынада бəрiбiр бұрынғы меншiк иесi өз мүмкiншiлiктерiн сақтай бередi деген қарсылықты айтуға болады. Алайда меншiк құқығы заңды түрде өзге субъектiге рəсiмделетiн болғасын бұл дəлелдеуiмiз (есептеуiмiз) тұрақсыз болып шығады. Рента төлеушiсi өзiне меншiктiң ауыртпалықтарын жүктеуге келiсуi үшiн салмақты себептер қажет. Жаңа меншiк иесi рентаны (табысты) алғашқы меншiк иесiмен бөлiсуге мəжбүр болғанына қарамастан, ол ұтыста да болады. Жаңа меншiк иесi өз бетiмен де рантье болып шығады.
Экономикалық ренталық қатынастар мүлiктi жалдау (аренда) шартымен де нəтижелi қамтылуы мүмкiн. Мүлiктiң жоғарылау саналық сипаттамалары немесе өзге ерекшелiктерi, мысалы ғимарат орналасқан жер, қосымша шығынданусыз жоғары табыс табуға мүмкiншiлiк бередi (аренда шарттарын жасасу негiзiнде). Бiрақ заңгер рента шартына кəсiпкерлiк емес қатынастарды реттейтiн ретiнде қарайтынын ұмытпауымыз керек (ҚР АК 523 б. 1т., 530 б. 1т.), рента (рента шарты) осы себептен кəсiпкерлiкпен беретiн құқықтық нысан болып бағалануы
мүмкiн.
Аренданың реттi шарттары туралы айтатын болсақ, онда табысты ұдайы табу сипаты жоғалып қалады. Бiрақ басқа түстен қарасақ, бiз жаңа заңнама мүлiктi жалдау (аренда) мерзiмi бойынша шектеулердi негiзiнен алып бастағанын байқай аламыз. Сондықтан рента жəне мүлiктi жалдау шарттарының бұл - табысты тұрақты табу немесе таппау бойынша сөзсiз болып келмейдi.
Сонда да рента алушының құқықтық жағдайы мүлiктi жалға беретiн немесе өзге қызметтi жүзеге асыратын кəсiпкер субъектiнiң құқықтық жағдайынан немен ерекшеленетiнiн айтып кетейiк.
Бiрiншiден, рента алушыда кəсiпкерлiк тəуекел (қауiп) орын алады. Екiншiден, кəсiпкердi тiркеуге қатысты талаптар болмайды. Б.В.Покровский атап көрсеткендей экономикалық мағынадағы ренталық қатынастар тек ренталық ренталық мiндеттемелер арқылы емес, өзге де мiндеттемелер арқылы қамтамасыз етiледi. Экономикалық мағынадағы ренталық қатынастар рента алушыларының кəсiпкерлiк қызметiмен байланысты болады немесе байланыспауы мүмкiн. Азаматтық кодекстiң ерекше бөлiмiнiң жобасында тұжырымдалған ренталық мiндеттемелер бойынша рента алушысы коммерциялық ұйым бола алмайды. Сол сияқты кəсiпкер ретiнде əрекет ететiн азамат та ренталық мiндеттеменiң тарапы бола алмайды.[1] Бұл айтылған Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң күшiнде болып келетiн редакциясына да қатысты əдiл болып келедi.
Сөйтiп, рента шарты мүлiктi пайдаланудың жаңа заңды нысаны болады. Шартты пайдалануа тұрақты жəне қажеттi жоғары пайда табу кəсiпкерлiк қызметке байланыссыз. Рента шарты бойынша мүлiк едəуiр көп көлемдерде берiлуi мүмкiн. Сол сияқты рентаны тек жеке қажеттер үшiн қолдану да жоққа шығарылмайды.
Егер мүлiкте ерекше қасиеттер болса, онда меншiк иесi өзiне еш қиындықсыз оны сата да алады. Сату бағасын да мүлiк иесi болашақта алынуы мүмкiн ренталық төлемдердi де ескере алады. Сөйтiп меншiк иесi табысты бiр рет ғана болса да бiрақ аса қауiпсiз (тəуекелсiз) таба алады.
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнаманың жағдайын ескере отырып, рента қатынастарының жəне заем қатынастарының заңды нысандарын айқын ажырату керек.
Болмаса тəжiрибеде осыған қатысты қателесулер орын алып келедi. Кейде заңгерлер бұны түсiне тұра немесе түсiнбейақ олардың ажыратылысын ескермейдi, бұл жағдайды ескермеу заңды бұрмалауға əкелiп соқтырады, мемлекетiмiздiң қаржы жүйесiне нұқсан келтiруi мүмкiн, жалпылама мүдделердi жария (қоғамдық) бұзады.
Жалпылама рентада оларды бөлiп шығару мəжбүрлi қажеттi болып келетiн дербес, элементтер бар ма деген сұрақты қою орынды болады. Рента шарты институтының жаңалығы осыны талап етедi. Ал бұл мəселеге арналған зерттеулер өте жеткiлiксiз. Өз кезегiнде рента шарты бұл оларды жасасу, əсiресе орындау кезiнде даулы сұрақ (мəселелердiң) көбi (көп саны) туындайтын азаматтық құқықтық шарттардың бiрi.
Рента шартының ерекше белгiлерi ретiнде А.П.Сергеев оның оған қатысатын тұлғалар араларында басқа шарттық мiндеттемелерге тиесiлi болып келмейтiн айырықша құқықтық қатынастар пайда болуына əкелетiнiн көрсетедi. Бұл рента шартында туындайтын қатынастар, ұзақ, тұрақты, ал өмiр бойы асырау кезiнде сенiмге негiзделген болып келетiнiнде көрiнiс табады. Ренталық шарттың тағы да бiр ерекшелiгi, онда орын алатын тəуекелге негiзделу (алеаторлық) ешқандай өзге шартқа тəн болып келмейдi. 1 Жоғарыда рента шарты бойынша тəуекел жəне кəсiпкерлiк тəуекел бiрбiрiне тең болып келмейтiн түсiнiктер екенi айтылған едi. Бiрақ олар айырмашылығы дəрежесiн əлi арнайы талдау (зерттеу) қажет. Рента шарты бойынша тəуекел А.П.Сергеев əдiл көрсеткендей рента төлемдерiнiң мөлшерi рента төлену үшiн иелiктен шығарылған мүлiктiң құнынан көп, немесе керiсiнше аз болып шығуының қаупiнде.[2] Шартты жасасқан кезде тараптар осы тəуекелдi сезiнедi жəне онымен келiседi деп болжанады. Бiздiң көзқарасымыз бойынша, тек тəуекелдi сезiнудiң болжамы жеткiлiксiз. Тараптар шарт бойынша берiлетiн мүлiктiң жəне төленетiн төлемдер (рентаның) бiр бiрiне сəйкестiгiн сезiнетiнiн болжамы да қажет. Осыны жасаған кезде (болжамды қолданғанда) бiз басшылыққа сатып алусату, айырбас шарттарымен қамтамасыз етiлетiн тепетең айырбасты алмауымыз керек. Аталған болжам көмегiмен рента шартының мақсаты жөнiндегi көзқарас қалыптасуы мүмкiн, себебi мəмiленiң мақсаты, бұл сана сезiмде əрекеттер оларға жету үшiн жасалатын нəтиженi алдын ала болжау.3
Мəмiле екi жақты болып келетiн жағдайда оның мақсаты күрделi (екi қырлы) болып келедi. Рента төлеушiсi үшiн рента шарты бойынша негiзге қажеттi нəтиже бұл арқылы немесе ақысыз негiзде ренталық табысты келтiру мүмкiн мүлiктi алу. Осы себептен (табыс келтiру қабiлетiне байланысты) ол мүлiктiң құны едəуiр болып келедi.
Сөйте тұра ол мүлiктiң бұрынғы иесiне (оның пайдасына) артық (жоғары рентаны бас тартқысы келедi. Осы нəтиженi рента төлеушiнiң терiс нəтижесi қылып белгiлеуге (анықтауға) болады. Рента алушы тым аз емес ренталық төлемдердi алғысы келедi.
Рента шарты қазiргi азаматтық құқықта оларға реалдық (шынайылық) мiнезi берiлген аздаған шарттардың қатарына жатады. Ол бойынша құқықтар мен мiндеттер пайда болуы үшiн мүлiк рента төлеушiге берiлуi керек.
Рента шарты бiр жақты шарт болып табылады. Мүлiк берiлгеннен кейiн жалпы тəртiп бойынша рента алушыға ешқандай мiндеттеме жүктелмейдi. Рента төлеушi рентаны сатып алу құқықтығына ие болады, бiрақ бұл құқық негiзгiлердiң қатарына жатпайды. Жоғарыда атап көрсеткендей рента қатынастарына сатып алусату, сыйға тарту шарттарының нормалары қолданылуы мүмкiн, бiрақ рента шарты рента төлеушiсi үшiн жоғары тəуекелдi болғасын, оларды қолдану мүмкiншiлiгi бiрталай шектеледi.
Рента шартын жəне өсиеттi қоспағанда ерекше бөлiмнiң нормалары өзге мəмiлелерге оларды нотариатты нысанда жасау бойынша талаптарды қарастырмайды. Егер рента төлеу үшiн қозғалмайтын мүлiк иелiктен шығарылса, онда нотариалдық куəландырудан басқа рента шартын мемлекеттiк тiркеуден өткiзуi тиiс. Бұндай талаптар рента шартының жоғарыда қарастырылған ерекшелiктерiне негiзделедi. Тараптардың шынайы еркi туралы даудамайлар
туындауы мүмкiн. Мысалға, рента төлеушi мүлiк бағасын бөлiп бөлiп төлеймiн деп болжағаны анықталуы мүмкiн. Нотариат қызметiне тараптардың нақты мақсатын анықтау жатады, ол тараптарға ұсынылатын жобаның мағынасын жəне мəнiн түсiндiруге мiндеттi (Қазақстан
Республикасының "Нотариат туралы" заңының 35бабы). Рента шартының заңды құрылымының күрделiгiн ескертетiн болсақ, бұның мəнi келiсетiндер үшiн аз емес екенiн танимыз.
Тараптар рента төленуi үшiн берiлген жылжымайтын мүлiкке (жер учаскесiне, ғимаратқа, құрылысқа немесе өзге жылжымайтын мүлiкке) рента ауыртпалық тудыратынын жоққа шығара алмайды. Егер рента төлеушi осындай мүлiктi иелiгiнен шығарса, онда рента шарты бойынша оның мiндеттемелерi мүлiктi иемденушiге өтедi. Бұл заңнамалық шешiм Ген негiзде рента төлеушiнiң де рента алушының да мүдделерiн ескередi. Болашақта рента алушы ҚР АК
533бабы 2тармағымен қарастырылған мүмкiншiлiктердi пайдаланып құны аз емес мүлiктi өзiне қайтарып алатынын жоққа шығармау керек.
Ал, егер рента ауыртпалығы туралы 520бабы нормасының əсерiн жылжитын мүлiкке де таратса, онда бұнымен рента төлеушiнiң құқықтары негiзсiз кемсiтiледi. Сондықтан, жылжитын мүлiк иелiктен шығарылған кезде тараптардың қатынасы ренталық мiндеттеме көлемiнде сақтала бередi, одан асып шықпайды.
Тағы да мынаны қосып айтуға болады. Рента ауыртпалығының мүлiкпен бiрге еру (ауысу) сипаты болғаныменен, өмiр бойы асырауда ұстау қатынастарын қоспағанда, оның заттыққұқықтық мiнезi болмайды.
Қозғалмайтын мүлiктi беру рента төлеушiнi толық мiндеттемеден босатпайды. Егер заңнамамен немесе шартпен олардың ортақ бiрлескен жауапкершiлiгi қарастырылмаса, онда алғашқы рента төлеушiсi жаңа рента төлеушiмен бiрге субсидиарлық (қосымша) жауапкершiлiктi көтередi.
1. Төлеуғалиев Ғ. ҚР азаматтық құқығы Т.1 А., 2001
2. Жайлин Ғ.А. Азаматтық құқық. Ерекше бөлім 1Т.-Алматы, 2006
3. Жайлин Ғ.А.Азаматтық құқық.Ерекше бөлім. 2 Т.-Алматы, 2006
Рента төленуiн қамтамасыз ететiн норманың мiндеттi мəнi (əсерi) бар. ҚР АК 521 бабының 1тармағына сəйкес, рента төленуi үшiн жер бөлшегiне немесе өзге жылжымайтын мүлiкке құқық (меншiк құқығы) берiлетiн болса, рентаны алушы рента төлеушi мiндетiн қамтамасыз ету мақсатында сол мүлiкке келiп құқығына иеленедi. Рента төленуiн өзге жолмен де қамтамасыз етуге болады, бiрақ осы да аса қажеттiлiк болмауы мүмкiн.
Рента төленуi үшiн жылжымайтын мүлiк берiлетiн болса, заң мiндеттеме орындалуды қамтамасыз ету түрiн тiкелей анықтамайды. Бiрақ, əрине, бұл реттерде ең тиiмдi болып келетiн тəсiл бұл рентаға берiлетiн немесе өзге мүлiктiң кепiлi. Рента төленуiн қамтамасыз ету мiндетi баламалы болып келедi. Қамтамасыз ету орнына рента төлеушiсi бұл мiндеттемелерiн орындамаудың немесе тиiстi орындалмаудың қаупiн (тəуекелiн) рента алушының пайдасына сақтандыруға құқылы. Таңдау құқығы рента төлеушiсiнде болады, бұл баламалы мiндеттеме орындалуының жалпы ережесiне сəйкес келедi (ҚР АК 285 бап).
Ренталық мiндеттеменi орындамаған үшiн жауапкершiлiк қарастырылған. Азаматтық құқыққа жауапкершiлiктi қарастыратын нормалар əрқашан мiндеттi болып келедi, жауапкершiлiктi қолданудан бас тарту, туралы келiсiмдер жарамсыз болып келедi (ҚР АК 8 бабы 2 тармақ).
Нақты рента шарының өзiнде оны орындамау немесе тиiстi орындамау үшiн жауапкершiлiктi қарастыратын нормалар, ҚР АК 522 бабын қоспағанда, қарастырылмаған. Яғни, оған азаматтық құқықтағы жауапкершiлiк (шарттық мiндеттемелердi орындамаған үшiн) туралы жалпы ережелер қолданылады.
Рента төлеу мерзiмiн өткiзiп алған рента төлеушi ҚР АК 522 бабына сəйкес тұрақсыздық төлемдi (айыппұлды) төлейдi, ол ҚР АК 353 бабына сəйкес өндiрiледi. Бiздiң пiкiрiмiз бойынша 522 баптың мағынасы көрсетiлген айыппұлды бiр бөлiгiнде азайтуға немесе одан толығынан бас тартуға болады. Жалпылама бұл норманы қарастыру қажетi жоқ сияқты, себебi тiкелей 353 бапты қолданса да болар едi. Аздаған ерекшелiк рента, ақшалай төлем емес, затта асырау болып келетiн жағдайларда пайда болады. Бұл орын алса, айыппұл заттай асыраудың ақшалай бағалануына сəйкес өндiрiлiп алынады.
Барлық тiзiлiп айтылған жағдайлардан басқа реттерде ренталық қатынастарға азаматтық құқықтағы диспозитивтiлiк реттеу толығынан тарайды. Шарт мазмұнына қатысты, үшiншi тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық мүдделердi жəне имперсивтi нормаларды бұзбайтын барлық ережелер, тараптармен өз қалауымен бекiтiледi. Рента ешқашан нақты уақыт шегiмен анықталмайды, бұл шарттың мəнiсiне қатысты нəрсе. Сондықтан тараптар рента төлену мерзiмiн келiсiмiмен анықтай алмайды. Осыған ұқсас өзге де шектеулер болуы мүмкiн.
Рента шартының түрлерi Қазақстан Республикасының заңнамасымен рента шартының үш түрi көзделген: 1) тұрақты рента шарты; 2) ғұмырлық рента шарты; 3) өмiр бойы асырауда ұстау шарты. Жалпы нормалар шарттың аталған үш түрiне де бiрдей қатысты болып табылады. Бұлардың əрқайсысының ерекшелiктерi бар. Олар төлемдерiн (асыраудың) нысанында, оның ең төмен мөлшерiнде, мерзiмдерiнде көрiнiс табады. Сол сияқты олардың субъектiлiк қатары, олардағы құқықтық мирасқорлық жəне рентаны сатып алу құқығы, мүлiктiң кездейсоқ бүлiнуiнiң немесе жойылуының ренталық қатынастарға əсерi жəне басқасы ерекшеленедi.
Рента шарттарын жiктеудiң негiздерi осымен шектелмейдi. Тұрақты рента жəне ғұмырлық рента шарттары мүлiк рента төлеушiге ақыға немесе тегiн берiлетiнiне, мүлiк қозғалатын ба əлде қозғалмайтын ба, соған байланысты бөлiнуi (жiктелуi) мүмкiн. Өмiр бойы асырауда ұстау шарты осы екi шарттан едəуiр ерекшеленедi. Онда фидуциарлық (сенiмдiлiк) сияқты сипат айқын көрiнiс табады, осы сипаты азаматтық құқық шеңберiнен шығып кетедi деуге болады. Бiздiң ойымызша, ондағы сенiмдiлiк отбасылық құқық ережелерiне де негiзделуi мүмкiн (бiр бөлiгiнде).
§ 2. Тұрақты рента шарты
Шарттың элементтерi. Тұрақты рента тараптары болып рента алушы жəне рента төлеушi табылады. Тұрақты рента алушылары болып азаматтар жəне коммерциялық емес ұйымдар келедi. Азаматтар ренталық қатынастарда тұрақты рента алушысы болып үш жағдайда келе алады:
а) егер олар мүлiк иегерi болса жəне мүлiк олармен рентаға берiлсе
ə) тұрақты рентаны алушы мұрагерлiк салдарынан құқықтық мирасқор болса;
б) тұрақты рента азаматтар пайдасына басқа бiр тұлғамен шарт арқылы қарастырылса, яғни үшiншi тұлға пайдасына жасалған шарт орын алса.
Азаматтарды кəсiпкер ретiнде тiркеу олардың тұрақты ренталық төлемдердi алуы үшiн кедергi болмайды, себебi бұндай жағдайларда азамат өзiне жататын жалпы құқық қабiлеттiлiкке негiзделiп рента қатынастарында да қатыса бередi.
Тұрақты рента алушы ретiнде егер бұл олардың мақсатына жəне қызметiне сай келсе коммерциялық емес ұйымдар да əрекет ете алады. Бiрақ Қазақстан Республикасында тұрақты рента алушы болып мемлекеттiк мекемелер келмейдi, себебi олар мемлекеттiк бюджеттен тыс көздерден қаржыландырылуы мүмкiн емес. Барлық жеке меншiкке негiзделген бола алады. Ренталық төлемдер ретiнде ақшаны алу коммерциялық емес ұйымдарға олар құрылған мақсаттардағы қандай да болсын қызметтi жүзеге асыруға мүмкiншiлiк бередi. Ренталық төлемдер есебiнен қаржыландырылуға тиым тiкелей жарғыларда қарастырылуы мүмкiн, бiрақ та оларды тəжiрибелi (нақты) бекiту ақыл ойға сыйыса бермейдi.
Коммерциялық емес заңды тұлғаларда олардың пайдасына өзге тұлғалармен орнатылған тұрақты рентаның алушылары бола алады.
Коммерциялық емес ұйымдардың пайдасындағы рентаны алушылардың қатары өзгерiп тұруы мүмкiн.
ҚР АК 523 бабының 2 тармағына сəйкес олардың құқықтары заңды тұлғалар қайта құрылуы нəтижесiндегi құқықтық мирасқорлық арқылы өтуi (ауысуы) мүмкiн. Яғни, егер екi жеке меншiк мекеме бiрiккен болса жəне с.с., онда олардың бiреуiнiң тұрақты рентаны алуға құқығы жаңадан пайда болған коммерциялық емес заңды тұлғаға ауысады. Алайда, қайта құру нəтижесiнде коммерциялық заңды тұлға болса, онда рентаны төлеу тоқтатылады. Сол сияқты мұра иесiз қалатын болса, рента бойынша мемлекет пайдасына (тарапына) құқықтық мирасқорлық орын алмайды. Тұрақты рентаны алуға құқық өзге (жеке немесе заңды) тұлғаға iшiнара сингулярлық мирасқорлық негiзiнде талап етудi беру арқылы ауысуы мүмкiн. Егерде талап етудi беруге тиым немесе оны төлеушiмен келiстiру талабы тұрақты рента шартының өзiнде ұсталмаса онда талап етудi беру рента төлеушiсi келiсiмiнсiз де жүзеге асырылуы мүмкiн.
Тұрақты рентаны төлеушiлерi болып азаматтар (жеке тұлғалар) жəне осыған оларға тиым салынбаса (заңнама бойынша немесе құрылтайшы құжаттармен) коммерциялық, коммерциялық емес заңды тұлғалар келуi мүмкiн.
Тұрақты рента шартының нысанасы бiр жағынан рента төленуi үшiн иелiктен шығармайтын мүлiктi, екiншi жағынан ренталық төлемдердi қамтиды. Тұра (формалды) түрде заңнама ренталық шарт нысанасы болып келе алатын мүлiк тiзiмiн (түрлерiн) шектемейдi, бiрақ iс жүзiнде ренталық шарт жылжымайтын (қозғалмайтын) мүлiкке билiктi жүзеге асыруға қолайлырақ болып келедi. Рента болса, ол көбiнесе (жиiрек) ақшалай қанағаттандыру (асырау). Ақша орнына заттай (натуралды) қанағаттандыру (асырау) берiлуi мүмкiн. Ол кездерде заттар берiледi, жұмыс орындалады немесе қызмет көрстiледi. Қызметтер құқыққа сəйкес болуы керек. Заттай (натуралды) қанағаттандырудың сомасы, тұрақты рента шартында көрсетiлген ақшалай сомаға сəйкес (тең) болуы керек. Аралас қанағаттандыру (асырау) мүмкiн болады, яғни ол бiр бөлiгiнде заттай, қалған бөлiгiнде ақшалай берiлуi мүмкiн.
Баға. Тұрақты рента шартына қатысты рента төлеушiнiң меншiгiне берiлетiн мүлiктiң бағасы, ренталық төлемдердiң мөлшерi жəне тұрақты рентаны сатып алу бағасы туралы айтуға болады.
Рента шартының тəуекелге негiзделгенiне байланысты оның бағасы шартты түрде анықталады, қателесулер (тұрақсыздық) орын алуы мүмкiн, себебi есепке мүлiктiк тек таза құны ғана емес, болашақта алынар деген ренталық төлемдердiң көлемi де алынады.
Рентаның ең төмен сомасы (мөлшерi) тұрақты рента шарты бойынша қарастырылмаған. Рентаны бағаның дəстүрлi түсiнiгiне келтiру өте қиын. Оны анықтауға қатысты белгiлi (тұрақты) көрсеткiштер (өлшемдер) қалыптасып үлгерген жоқ. Ал тауарлар, жұмыстар, қызметтер бағалары жөнiнде айтатын болсақ, олар үшiн нарық жағдайында баға қалыптастыру тетiгi дайын. Осыны ескерiп, бiз болашақта рента бағасын анықтауға (ол жөнiнде қорытынды жасауға) мүмкiншiлiк беретiн өңдемелер (əдiстемелер) пайда болуы керек екенiн айтамыз.
Қалай болса да (қиындылықтарға қарамастан) бекiтiлген сан тұрақты рентаның мөлшерi тараптар үшiн мiндеттi болып келедi. Мерзiмдi (ұзаққа созылатын) төлемдер болғасын рента инфляциядан қорғалу шарасы ретiнде оны индекстеудi талап етедi. Шартпен өзгешелiк қарастырылмаса, төленетiн рентаның мөлшерi заңнама бекiткен айлық есептеу көрсеткiштiң өзгеруiне пропорционалды өзгередi.
Тұрақты рентаның төлеушi сатып алу бағасы дегенiмiз бұл, оны төлеген жағдайда, алушы алдындағы мiндеттемесiнен босатылатын ақшалай сома. Заңи табиғаты бойынша оны мiндеттеменi тоқтатудың бiр тəсiлi, бас тарту төлемi ретiнде бағалауға болады (ҚР АК 369 бабы). Сатып алу бағасы шартпен анықталады. Шарттың өзiнде сатып алу бағасы туралы жағдайлар қарастырылмаса, сатып алу ренталық төлемдердiң бiр жылдық сомасына сəйкес
келетiн баға бойынша жүргiзiледi. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz