Баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту жолдары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І БАЛАНЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІ МЕН ОЙ ӨРІСІ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..4
1.1 Ойлау қабілеті туралы жалпы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Баланың ойлау мәселесін сапалық тұрғыда анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

ІІ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ ... ... ... 11
2.1 Баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.2 Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту ... ... ... ... ... ... ... . .12
2.3 Баланың логикалық ойлауын дамытуға арналған жаттығулар ... ... ... ...15

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..18

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі психологиялық ойлауға тән терең ізді дағдарыс бала логикасы мәселесін зерттеудің жаңа бағытында да байқалып қалды. Ол басқа да дағдарыс дәуірінің психологиялық шығармалары сияқты, бұл зерттеулерге де екі жақтылық мөріп басты. Осы орайда Ж.Пиаженің кітаптары да толық негіздс З.Фрейдтің, Ш.Блондельдің, Л.Леви-Брюльдің еңбектерінен салыстырыла алады. Олар сияқты, бұлар да ғылымның фактілі мәліметі мен оның әдіснамалық негізінің қарама-қайшылығынан шығатын, психологияның нақты ғылымға айналуын көрсететін және біздің ғылымның негізін қамтыған дағдарыстың туындылары.
Курстық жұмыстың нысаны: Баланың ақыл-ойын дамыту және ойлау қабілеті.
Курстық жұмыстың мақсаты: Ойлау қабілетін дамыту жаттығулары арқылы балалардың логикалық ойлау өрісін дамыту.
Курстық жұмыстың міндеті:
- Ойлау қабілеті туралы жалпы ұғым;
- Баланың ойлау мәселесін сапалық тұрғыда анықтау;
- Баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту жолдарын анықтау;
- Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту;
- Баланың логикалық ойлауын дамытуға арналған жаттығулар.
Курстық жұмыс болжамы:
Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды. Ойы саяздың, тілі саяз деген ұлғатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін қалыптастырады.
Зерттеу әдiстерi: Тақырыпты зерттеуде салыстырмалы талдау, жүйелеу, жинақтау, тұжырым әдістері қолданылды.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалқ негіздері: Белгілі психолог Л.С. Выготский: Қандай да бір оқыту үшін тиімді, яғни өте бір қолайлы мерзімдер болады. Олардан жоғары, не төмен талапты ауытқу, яғни тым ерте, не болмаса тым кеш оқыту мерзімдері баланың ақыл-ойының даму барысында қолайсыз әсерін тигізеді деген.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды. Ойы саяздың, тілі саяз деген ұлғатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін қалыптастырады.
Курстық жұмыс құрылымы: Кіріспеден және екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І БАЛАНЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІ МЕН ОЙ ӨРІСІ
1.1 Ойлау қабілеті туралы жалпы ұғым

Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.
Ойлау дегеніміз - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.
Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой - сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы, сөз - ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланды.
Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бұл түрі оның танымын онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін болады [1].
Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында да үлкен орын алған. Сөзбен ойлаудың арқасында ғана олар бірінің білмегенін екінші біліп, ақыл-ойын молайта түскен. Тіл мен ойдың бір-бірімен тығыз байланыста болатындығын халық ерте кездің өзінде-ақ байқаған. Мәселен, халқымыздың Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түсімде деген мақалы адамның басындағы ойы тілінен көрінетіндігін, ал тілдің өзі адам психологиясын байқататын тамаша құрал екендігін жақсы көрсетеді. Сөйтіп, ойдың дамуы адамның нақтылы іс-әрекетімен шарттас болумен қатар, оның сөйлеу мәдениетін меңгере білуімен де, сөз өнеріне жетілуімен де тығыз байланысты.
Сөйлеумен тығыз байланысты жүріп отыратын ойлау процесі тек адам баласының психикасына ғана тән процесс болып табылады. Кейьір психологтардың (Л. Леви-Брюль т. б.) айтатынындай, мәдени дамудан артта қалған халықтардың ойлауы төмен, логикасы шорқақ дейтін теориялар ғылыми жағынан дәйексіз болып есептелінеді. Адам ойлауының эволюциялық даму жолы өте ұзақ.
Ойлаудың ішкі мазмұны қоғам дамуымен бірге өзгеріп отырады. Қоғам ілгері дамып, оның ғылымы мен техникасы өскен сайын жаңа ұғымдар пайда болып, қалыптасады, бұрынғылары ескіріп қатардан шығады. Мәселен, атом бөлінбейді деген ұғым болса, қазіргі ғылым атом ядроларын сансыз бөліктерге бөліп отыр. Тағы бір нақты мысал.
Белгілі АҚШ этнопсихологы Маргарет Мид (1901-1975) Тынық мұхит арадарының бірінде, өзге дүниемен ешқандай қарым-қатынас жасамай өмір сүріп келе жатқан, бір тайпа ел бар екенін анықтады. Бұл тайпаның тіршілігіндегі көп ерекшеліктің бірі балалар да, үлкендер де қуыршақ дегеннің не екенін білмейді екен. Осы айтылғандар ғалымның Мәдениет эволюциясындағы сабақтастық (1964) сутегінде айтылған [2].
Ғалымның әкеліп таратқан қуыршақтарына ер балалар да, қыздар да қатты қызығып, өздерінше бөпе қылып әлдилеп, киіндіріп, ұйықтатып ойнай бастаған. Бұған қарап қыз балалар биологиялық аналық түйсіктің оянғаны, ал ер балаларда соларға еліктеген ғой деуге болар еді. Шынында да, балалардың біразы қуыршақтармен бір сәт қана ойнап, кейін жайына кетті, ал басқалары қуыршақтардың қасынан кетпей, ойындарын түрлендіре түсті. Ал, бір ғажабы, ер балалар қуыршақпен ойнауларын жалғастыра бергенде, бұл ойыннан тез жалыққан қыздар болды. Арал тұрғындары тұрмысының бір ерекшелігі де осындай еді, баланы күтіп-бағумен неғұрлым қолы бос еркектер айналысады екен.
Адам сыртқы дүние құбылыстарының сырын көбірек білген сайын оның ойлауы да жетіле түседі, қазір ойлаудың практикалық әрекетпен байланысқан сан-салалы түрлері пайда болды. Адам өз ойлауының ақиқаттығын, яғни шындығы мен құдіреттілігін, өмірге жарасымдылығын практика жүзінде дәлелдеуге тиіс. Ой амалдары мен логикалық операциялар, оларды орындаудың белгілі ережелері мен жүйесінің пайда болуы - адам ойлауының зор табысқа жетуінің, тарихи дамуының нәтижесі. Ойлау заңдылықтары мен ережелері сансыз қайталаудың және тәжірибеде тексерілудің нәтижесінде адам санасында бекіп, зор шындыққа айналды.
Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде туындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін - объективтік шындық. Адамға алдына мақсат қойып, оны шешуге ұмтылдыратын - оның қажеттері.
Ойлау -- өзіндік ішкі қарама-қарсы қайшылықтарға толы процесс. Бұл оның дамуының және іске асуының қозғаушы күштері болып табылады. Ойлаудың пайда болуында жаңа, белгісіз нәрселерге зер салып, қызығудың да маңызы зор. Әлде де белгісіз, түсініксіз нәрсені білуге деген ынтызарлық, түрлі сұрақтарға жауап іздеп, ой-әрекетімен шұғылдануға адамды итермелейді [3].
Ойлау сұраққа жауап қайтарудан, мәселені шешуден, оның мән-мағынасына түсіне білуден жақсы байқалады. Мәселен, Сырдария Арал теңізіне құяды деген сөйлемде ой туғызуға негіз боларлықтай түрткі жоқ. Мұнда біреуден естіген, не көріп білген мағлұматтарды жәй қайталау бар. Ал, затты не құбылысты тұспалдап айтатын жұмбақтардан, айтыс өнерінен ой процесінің небір көріністерін байқағауға болады.
Адам әркез өзінің алдына мақсат, міндет қоя білуі қажет. Бұларды басқа адам да қоюы мүмкін, өмір тәжірибесі мен білімі жеткілікті кісі алда тұрған міндетті тез аңғарады да, мәселе қоя біледі, ой процесінің бағытын айқындайды. Бұдан соң мәселені шешу, яғни ойдың негізгі кезеңі басталады. Бұл адам психологиясына ерекше әсер ететін өзекті, аса мәнді кезең болып есептеледі.
Ойдың кейде шындықтан ауытқитын кездері де болады. Бұл адамды шындықтағы құбылыстар жөнінде қате көзқарасқа, теріс пікірлерге де алып келеді. Қоғамдық тәжірибенің, адам танымының тарихи дамуының барысында ғана бұлар біртіндеп, түзетіліп отырылады. Түйсік пен қабылдауға қарағанда ойлауда қателесуге мүмкіндік бар, әйтсе де, ойлау құбылыстардың мәнін екі жақтан (теория мен тәжірибе) бірдей қарастырып, тереңірек біліп отыратындықтан, қабылдау мен елестерге қарағанда әлдеқайда жоғары тұрады. Сөйтіп, ойлау сыртқы дүниені мида бейнелеудің ең жоғары формасы [4].

1.2 Баланың ойлау мәселесін сапалық тұрғыда анықтау

Пиаженің зертгеулері баланың сөйлеуі мен ойлауы туралы және оның логикасы мен дүниетануы туралы ілімнің дамуында тұтас дәуірді құрайды. Олардың тарихи мәні өте зор.
Ж. Пиаже өңдеп ғылымға енгізген баланың сөйлеуі мен ойлауын клиникалық зерттеу әдісінің көмегімен балалар логикасының ерекшеліктерін әдеттен тыс батылдықпен, тереңдікпен және кең тұрғыда жүйелі зерттеуді тұңғыш рет мүлдем жаңа сипатта жүргізді.
Ж. Пиаже өзінің еңбегінінің екінші томын аяқтай отырып, қарапайым салыстыру жолымен ескі мәселелерді зерттеудегі бетбұрыс туралы нақты және ашық көрсетеді.
Баланың ойлау мәселесін сапалық тұрғыда қою Пиаженің бұрын үстемдік еткен бала ақылының жағымды сипаттау тенденциясына қарама-қарсылыққа алып келді деп айтуға болады. Дәстүрлі психология үлкендердің ойлауынан ажыратып тұратын кемшіліктерден, ақаулардан құралатын бала ойлауын жағымсыз сипатта қарастырса, Пиаже бала ойлауының сапалық өзгешелігін оның жағымды жағынан ашуға тырысты. Бұрын үлкендермен салыстырғанда балада не жоқ, оған не жетіспейтіндігі туралы білгілері келді және бала ойлауының ерекшеліктері оның абстрактілі ойлауға, түсініктерді құруға, мағыналарды біріктіруге т.б. өз ойын қорытуға қбілетсіздіғімен анықталды [5].
Жаңа зерттеулерде негізгі көңіл балада не бар, баланың ойлауының негізгі белгілері қандай, өзінің ерекшеліктері мен қасиеттері тұрғысында бала ойлауы нені игерген деген мәселелерге аударылды. Ж. Пиаже өз кітабында Ж.Ж.Руссоның: бала деген -- бұл кішкентай ересек адам емес, ал оның ақыл-ойы ересек адамның кішкене ақылы емес деген пікірін келтіреді, міне, осы пікір арқылы Пиаженің жасаған жаңа да ұлы, күнделікті де қарапайым көптеген жаңалықтарын, табыстарын сипаттауға болады. Бала ойлауына қосымша болып келетін осы бір шындықтың астарында мәні қарапайым даму идеясы жатыр. Осы қарапайым идея Пиаженің зерттеулеріне ұлы жарық сәуле таратады.
Қазіргі психологиялық ойлауға тән терең ізді дағдарыс бала логикасы мәселесін зерттеудің жаңа бағытында да байқалып қалды. Ол басқа да дағдарыс дәуірінің психологиялық шығармалары сияқты, бұл зерттеулерге де екі жақтылық мөріп басты. Осы орайда Ж.Пиаженің кітаптары да толық негіздс З.Фрейдтің, Ш.Блондельдің, Л.Леви-Брюльдің еңбектерінен салыстырыла алады. Олар сияқты, бұлар да ғылымның фактілі мәліметі мен оның әдіснамалық негізінің қарама-қайшылығынан шығатын, психологияның нақты ғылымға айналуын көрсететін және біздің ғылымның негізін қамтыған дағдарыстың туындылары.
Психологиядағы дағдарыс -- бұл, ең алдымен, осы ғылымның әдіснамалық негізінің дағдарысы. Оның түп тамыры оның тарихынан бастау алады. Оның мәні қазір баска ешқандай ғылымда осындай қарама-қайшылықта кездеспейтін, осы білім аймағында сондай қатты екпінмен соқтығысып қалған матерйалистік және идеалистік тенденциялардың күресінде жатыр. Ф.Брентаноның сөзімен айтқанда, біздің ғылымның тарихи күйі мынада -- психология көп, бірақ бірыңғай психология жоқ. Біз де осы бірыңғай психологияның жоқтығынан көптеген психология пайда болуда деп айта аламыз. Қазіргі психологиялық білімдерді біріктіріп, басын құрайтын бірыңғай ғылым жүйесінің жоқтығы жай ғана детальдарды жинау шегінен тыс психологияның қандай да бір аймағында ашылған жаңалық -- жаңадан анықталғаң тәуелділіктер мен фактілерді түсіну және түсіндіру үшін амалсыз өз психологиясын -- көп психологиялардың бірін құруға мәжбүр.
Олардың ілімдерінің фактілі негіздері мен теориялық құрылыстары арасындағы қарама-қайшылық және бұл негізде қаланған жүйелердің идеалистік сипаты әр авторда терең ерекше кейіпке ие болған, олардың теориялық құрылысындағы метафизикалық нышан -- жоғарыдағы дағдарыстың мөрі ретінде атап өткен екі жақтылықтың ізі. Бұл қайшылықтар нақты ғылыми факті деректерін жинастыра отырып, алға бір қадам жасаса, оларды теориялық тұрғыда негіздеп бере алмай, артқа қарай екі адым шегінетінін көрсетеді [6].
Ж.Пиаже осы қатерлі екі жақтыльгқтан өте оңай тәсілмен қашып құтылуға тырысады. Ол фактілердің өте тар шеңбері аясында тұйықталғысы келеді. Оның фактілерден баскд ештеңені білгісі келген жоқ. Ол саналы түрде жалпылаудан, әсіресе логика, таным теориясы және философия тарихы сияқты іргелес аймақтарға барудан, осы мәселе шегінен шығудан қашады. Ол үшін ең сенімдісі таза эмпирика негізі болды.
Ж.Пиаже өз еңбектерінде "бұл зерттеулер, ең алдымен, фактілер мен мәліметтер жинау болып табылады. Біздің жұмысымыздың әр түрлі тарауларының бірлігін арнайы мазмұндау жүйесі емес, бірыңғай әдіс баяндайды", -- дейді.
Балалар психологиясына бұрынғыны толықтырып, жаңа жолдар ашатын ірілі-уақты, бірінші және екінші көлемді фактілер Пиаженің еңбектерінен келді. Ж.Пиаже жаңа фактілерді табуда, ең алдымен, өзі енгізген жаңа клиникалық әдіске сүйенді.
Жаңа фактілер мен оларды табу әдісі және оларды талдау әдісінің бір бөлігі ғылыми психология алдына алғаш рет қойылса, екінші бөліктері алғашқы болмаса да, жаңа түрде қойылды. Мысал ретінде жаңа түрде, баланың сөйлеуіндегі грамматика мен логика мәселесін, баланың интроспекциясының даму мәселесін және оның логикалық әрекетгердің дамуындағы функционалдық мәні, балалардың вербальды ойлауды өзара түсінуі және тағы да көптеген мәселелерді айтуымызға болады.
Басқа да ғалымдар сияқты, Пиаже де қазіргі психологиялық ғылымдағы дағдарысқа байланысты қатерлі екі-жақтылықтан қашып құтыла алмады. Ол дағдарыстан фактілердің артына жасырынып қалу арқылы тығылғысы келді. Алайда фактілер оны алдады және сатып кетті. Олар проблемалар тудырды. Мәселе теорияға ұласты.
"Біз, әрине, зерттеудің оны тудыратын болжамдар (гипотеза) арқылы анықталатынын білеміз, бірақ қазір біз өзімізді фактілерді қарастырумен ғана шектейміз", -- дейді Пиаже. Алайда фактілерді қарастырушы адам оларды міндетті түрде қандай да бір теория тұрғысында қарастырады.
Фактілер, әсіресе Пиаже ашқан және талдаған бала ойлауының дамуымен байланыстылары философиямен араласып жатыр және жаңа фактілердің бай қоймасына кілт тапқысы келген адам, ең алдымен, фактінің философиясын, оны табу мен мағыналау философиясын ашып көруі керек. Әйтпесе, фактілер еш нәрсе айтпайтын жансыз күйде болады [7].
Соған байланысты біз осы тарауда жеке мәселелерге көп тоқталмауды жөн көрдік. Бала ойлауының әр түрлі мәселелерін біріктіріп, жинақтай отырып, оның ең негізгі анықтаушы түбін табуымыз керек. Сонымен қатар, біздің жолымыз өзіміз түсіну мен бағалау үшін іздеп отырған зерттеулер негізінде жатқан теория мен әдіснамалық жүйенің сыни бағытымен өтеді. Фактілік теорияны қолдау және зерттеудің әдіснамасын нақтылауына байланысты ғана бізді қызықтырады.
Ж.Пиаженің еңбектеріндегі баланың сөйлеуі мен ойлау мәселелеріне сыни зерттеуіміз осы жолды ұстауы керек. Пиаженің мазмұнды әрі өте көп зерттеулерінің негізінде жатқан күрделі құрылысты бірыңғай көзбен камтуға тырысқан оқырмандар үшін автор өзінің зерттеулерінің жүру барысы мен нәтижелерін баяндайтын жол жарамсыз.
Басында айтқандай, автордың бүкіл құрылысын қамту үшін және оны анықтайтын принциптерді түсіну үшін бұл жолмен жүре алмаймыз. Сондықтан біз тұтас құрылысты қалыптастырып тұрған фактілер тізбегінің орталық бөлігін табуға тырысуымыз керек. Бұл жағынан автордың өзі де жол сілтейді. Өз кітабын қорытындылай отырып, оның қысқаша түйінінде автор барлық зерттеулерді тұтас баяндауға, оларды белгілі жүйеге келтіруге тырысты және зерттеулер кезінде жеке дара алынған фактілі нәтижелер арасындағы байланысты белгілей отырып, осы фактілердің күрделілігі мен әралуандығын бірыңғайлыққа бірлестіруге ұмтылады [8].
Осы жерде туындайтын бірінші сұрақ -- ол Ж.Пиаженің зерттеулерінде анықталған, бала ойлауының барлық ерекшеліктерінің объективті байланысына қатысты сұрақ болып келеді.
Осы ерекшеліктер жалпы себептерге алып келмейтін бір-бірінен тәуелсіз құбылыстар ма әлде осы барлық ерекшеліктердің бірлігін қамтитын, негізінде орталық факт жататын белгілі құрылым ба? Бұл зерттеулерде бала ойлауының ерекшеліктерінің бірқатары қарастырылады, мысалы: сөйлеудің эгоцентризмі және бала ойлауы, интеллектілік реализм, синкретизм, қарым-қатынастағы түсініспеушілік, ұтынудың қиындығы, бала кезінде өзің-өзі бақылауға қабілетсіздігі т.б. Бұл сұраққа автор берген жауап оны фактілерді талдау аймағынан теория аймағына көнгуге итермеледі, соған орай, автор фактілердің талдауы теория негізінде анықталатынын байқайды.
Пиаже бала логикасына тән белгілердің көп бірлігін эгоцентризмге жатқызуға тырысады. Барлық белгілер жиынтықгы құрады, ал ол өз кезегінде баланың логикасын анықтайды. Бұл жиынтықтың негізінде бала ойлауы мен баланың іс-әрекетінің эгоцентрлік сипаты жатьгр. Бала ойлауының басқа да ерекшеліктері осы негізгі ерекшеліктен туындап отырады және оның дәлелденуіне немесе жоққа шығарылуына байланысты бала логикасының әркелкі белгілерін біртүгас етіп біріктіріп, ұғындырып, мағыналап тұруға ұмтылатын теориялық жаллылауға көмек беретін барлық жіптер үзіледі немесе беки түседі.
Э.Блейлердің" бұл айырмашылықты аутистикалық ойлау деп атағандығын Пиаже психоанализдің теорияларынан алады. Оның ойынша, "Бағытталған ой -- саналы, яғни ойлаушының ақылына анық түсінікті мақсаттардың ізімен жүреді. Ойлау шындық немесе шатасудан тұрады және сөйлеу арқылы байқалады.
Аутистикалық ойлау аңдаусыз (сапасыз) келеді, яғни оның алдына қойған мақсаттары саналы түрде ұғынылмайды. Ол сыртқы ақиқат дүниеге бейімделмейді, керісінше, өзіне ақиқат дүниені елес ретінде құрады. Ол шындықты орнатуға ұмтылмай, ниеттерді қанағаттандыруға ұмтылады және таза индивидуалды күйде қалады. Ол сол қалпында тікелей сөзбен байқалмайды, ол, ең алдымен, бейнелер түрінде көрінеді, хабар түрінде жеткізілуі үшін белгілер мен мифтер арқылы оны бағыттайтын сезімдерді тудыратын сияқты жаңа тәсілдерге жүгінеді"[9].
Ойлаудың бірінші түрі әлеуметтік. Ол дами отырып, тәрибе мен таза ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Логикалық ойындар арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамыту
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту
Ойындар арқылы баланың логикалық ойлауын дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытуда шығармашылық тапсырмаларды қолдану жолдары
5-6 жастағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктері
Математика пәні мұғалімі
Баланың логикалық ойын дамыту
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту мәселелері
Мектеп жасына дейінгі балаларының логикалық ойлауын дамыту
Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың логикалық танымы үдерісін ойын әрекеті арқылы дамыту.
Пәндер