Жаңартылған білім мазмұнына сипаттама


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән: Педагогика
Тақырыбы: «Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері»
Орындаған:
Ғылыми жетекші:
Тіркеу нөмері
Баға
Қолы
Қарағанды-2019
Мазмұны
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Білім мен ақпарат дамыған қоғамда білім беру жүйесі үшін инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады. Білім берудің негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру болып отыр. Қазіргі заманда Қазақстанның ең маңызды сипаттамаларының бірі ол-білім беру жүйесін ұйымдастыру бойынша әлемдік үрдістерді ескере отырып, ұлттық білім беруді реформалау білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады. Еліміздің адами капиталы дамыған мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында қазақстандық білім беру жүйесін жақсарту үшін, ең алдымен педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, біліктілігін дамыту бағытына үлкен мән берілген. Осыған орай қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар, өзгерістер мен жаңалықтар мұғалімнің өткені мен бүгіні, келешег жайлы ойланып, жаңа идеялармен жұмыс жасауға негіз болуда. Ендеше, ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соған орай, оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Жаңартылған бастауыш білім беру мазмұнының мақсатын жүзеге асыруда түйінді рөлді құзыретті оқытушы тұлғасы атқарады. Жаңартылған білім беру бағдарламалары біздің Қазақстан Республикасының бастауыш білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес бастауыш сынып оқушыларының дағдыларын дамытуға бағытталған. Жаңа бағдарлама бойынша жаңаша көзқарас қалыптасып, білім деңгейінің талаптары өзгеріске ұшырады. Қазіргі заманғы білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен-күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді. Ұстаздың шеберлігі қандай жоғары болса да, ұстаз оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Философия, психология және педагогика ғылымдарында адам тұлғасының қалыптасу мәселесі бойынша мол білім қоры жинақталған. Адам жетілуінің мәні мен маңызы, шығармашылық бастаулардың көзін ашу сияқты көпқырлы, күрделі мәселе өзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады. Жаңару кезеңiнiң ойшылдарының (Ж. Ж. Руссо, К. Гельвеций, Д. Дидро, т. б. ), субъективтi идеализм теориясы өкiлдерi (И. Кант, Л. Фейербах, И. Фихте, т. б), шығыстың көрнекті ойшылдары (Жүсіп Баласағұн, Әбу Насыр әл-Фараби және т. б. ғалымдарың еңбектерiнде адамның жеке басын, оның ішкі мәнді күштерін дамытуға ерекше мән берілген. Сондай-ақ, сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы - әлемнің үкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Стил, Куртис С. Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж. Пиаже, Л. С. Выготский теорияларын басшылыққа алады. Мысалы, атап айтар болсақ, Ынтымақтастықта оқыту технологиясы, Ш. А. Амонашвилидің «Білім беруді ізгілендіру технологиясы», П. М. Эрдниевтің «Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы», Л. С. Выготский, Л. В. Эльконин, В. В. Давыдовтің «Дамыта оқыту технологиясы», В. М. Монаховтың «Модульдік оқыту технологиясы», «Проблемалық оқыту технологиясы», В. Ф. Шаталовтың «Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы», С. Н. Лысенконың «Түсіндіре басқарып оза оқыту технологиясы», «Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы», «Оқытудың компьютерлік технологиясы», «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқыту технологиясы»т. б. көптеген технологиялар енгізілді. Отандық әдіскер ғалымдар жасақтаған «Модульдік оқыту технологиясы» (М. Жанпейісова), «Деңгейлік тапсырмалар» (Ж. Қараев) т. б технологиялар мұғалімдердің қызығушылығын арттырып, оқу үрдістеріне кеңінен ендірілген. Оқыту әдістерінің кез келген түрін белсенді әрекетке айналдыру-мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі мен шығармашылық ізденісіне байланысты. Бұл аталған технологиялар оқушылардың жеке қабілеті мен мүмкіндіктеріне, қызығушылығына, психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім деңгейіне жетуіне жетелейді. Оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой -өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады.
Білім беру үдерісінің жаңа үлгілері (парадигма) мен оқытудың технологиялары білім алушының тұлғалық және кәсіби-тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамыта, оның меншікті потенциалына негізделе, өз бетімен оқу-танымдық іс-әрекеттерді жүргізу, тапсырмаларды дербес орындап, шығармашылық және интеллектуалды қасиеттерін жетілдіруді, өзін-өзі жетелеуді көздейді. Білім алушы нысанда немесе үдерістерде пайда болған қиындықтарды өзі танымның әдістерімен сауатты шешіп, табысты нәтижелерге жетуге барлық танымдық потенциалын жұмылдыруға бағыттайды. Оқу үдерісінде білім алушының аталған қасиеттерін жүзеге асыруға мұғалімнің рөлі жетекшілік, кеңесші және достық қатынаста жүруге бағыт алады. Жоғарыдағы қасиеттер мен қарым-қатынасты орнықтыруға, оны оқу үдерісінде жүзеге асыруға оқытудың жаңа технологиялары өздерінің материалданған тәжірибесімен үлкен ықпал етеді. Осы қайшылықты шешуде тиімді педагогикалык жолдарды іздестіру зерттеу проблеманы айқындауға және тақырыпты «Қазақстанда білім беру мазмұнын жаңарту себептері мен жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері» деп таңдалуына негіз болды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстанда білім беру мазмұнын жаңарту себептері мен жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктерін теориялық тұрғыда негіздеу.
Зерттеу объектісі: Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: Бастауыш мектепте сабақты жаңаша оқыту бойынша ұйымдастырылған сабақтар мазмұны.
Осы мақсатты шешу үшін келесі міндеттерді шешу қарастырылды:
- Қазақстанда білім беру мазмұнын жаңарту себептері мен жаңартылған білім беру мазмұнына түсінік беру;
- жаңартылған білім мазмұны аясында сабақты ұйымдастыру тиімділігін, бастауыш мектепте сабақты жаңаша оқыту бойынша ұйымдастыру ерекшеліктерін, сабақ беру барысында жеті модульді ықпалдастыра отырып оқыту ерекшеліктерін айқындау;
- Қазақстанда білім беру мазмұнының жаңаруына байланысты сабақты жаңаша оқыту жұмысының мазмұнына сипаттама беру.
Курстық жұмыс құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі негізделіп, ғылыми аппараты (зерттеу объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері) айқындалып, оның ғылыми жаңалығы, теориялық мәнділігі ашылып, қорғауға ұсынылатын қағидалар түзіледі.
1 Жаңартылған білім мазмұнының ғылыми-теориялық негіздері
- Жаңартылған білім мазмұнына сипаттама
Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі - адамның менталитетін, адамгершілігін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғы шарты - білім беру жүйесінің білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап берді.
Білім беру сатыларының сабақтастығын камтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі, оқу мен тәрбиенің бірлігі, білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы, ақпараттануы, оқушыларды кәсіптік бағдарлау, білім беруді саралау, ізгілендіру, гуманитарландыру және т. т. - білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының ғылым және ғылыми-техникалық саясат тұжырымдамасында да ғылымды демократияландыру, интеграциялау, инновациялық процестің білім, ғылым саласында кең өріс алуы да атап көрсетілген. Білім жүйесін дамыту стратегиясының ең басты мақсаты - ұлттық білім моделін жасау.
Ұлттық білім үлгісінің жалпы қазіргі негізгі бағыты - адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан-дүниесінің баюына, саяси көзқарасының, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Яғни, XXI ғасырдың маманы - жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар бойынша ой-өрісі кең, жан-дүниесі бай, ұлттық менталитеті жоғары, кәсіби білікті маман, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алатын, басқаның пікірімен санасатын, кез келген ситуациядан шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда белгілі бір рөл атқаратын, қайталанбайтын дара тұлға болуы тиіс. Ұлттық үлгідегі жаңа парадигманың негізгі бір мәселесі - білімгерге іргелі де терең, тиянақты да жүйелі білім беру. Іргелі білім берудің міндеті - адамды ғылыми ойлауға, болмысты тану, оны қабылдаудың әдіс-тәсілдерін білуге, өзін-өзі дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге іштей қажеттілігін туғызу. Ал ондай мүмкіндіктің негізі - жоғары білімде. Өйткені жоғары білім - үздіксіз білім беру жүйесінің шешуші тетігі. Сондықтан білімгерді тек маман ретінде ғана қарамай, оны өз қоғамының азаматы, жеке тұлға, келешектің иесі, тірегі ретінде тану, соған мүмкіндік жасау қажет. Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде. Атап айтсақ:
• Есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
• Білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;
• Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына көшу.
Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарлығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше қазіргі заманның ақпараттық технологиясын игеру міндетіміз. Білім беру - аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Оны реформалаудың мәселелері де сан қырлы. Қазіргі кездегі Республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық-ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты. Білім беру ісіндегі жаңа үрдістің мән-мағынасы, сипаты мен бағыт-бағдарын айқындаушы дәйекті факторлар:
• Қазақстан Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет болып қалыптасуы;
• Экономиканың нарықтық моделін ұстанып, меншіктің түрлі пішімдерін дамыту;
• Ұлттық білім беру ісінің әлемдік білім жүйесіне кіруі болып отыр.
Кез келген диалектикалық даму үрдісі секілді нарықтық экономика жағдайына байланысты білім беру жүйесін реформалау ісі де қарама-қайшылықтарсыз емес. Мұның өзі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті талап етеді. Білім беру реформасын одан әрі тереңдете жүргізу жаңа замандық база жасауды қажет етіп отыр. Ең алдыменен, ел экономикасының нарықтық жаңа кезеңіне өту барысындағы білім жүйесін қалыптастыратын заң баптары керек болды. Азаматтардың білім алу құқығын айқындайтын Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-бабының қағидасын толығырақ мазмұндап, білім берудің мемлекеттік емес секторларының орны мен рөлін, шетелдік, халықаралық, діни білім беру ұйымдарының құқықтық негіздерін нақтылап, білім мекемелерінің жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы қызметтік міндеттерін белгілеу қажеттілігі туындады.
Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты- білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Бұл тұрғыда ел Президенті Н. Ә. Назарбаев еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы туралы міндет қойғаны мәлім. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстан мектебінің түлектері өз білімдерін әлемдік оқу орындарында әрі қарай жалғастырып оқитындай дәрежеде бәсекеге қабілетті, жоғары сапалы болуға тиіс. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі - жалпы педагогикалық, ғылыми- теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор. Қазақстандық білім мазмұнын жаңарту аясында Қарағанды қаласының білім беру жүйесін дамыту, тәжірибесін, келешегін, мәселесі мен жаңашыл тәсілдемелерін зерделеу де қолға алынды.
Қазіргі ұстаздар алдындағы міндет: ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес оқушының білімі терең, іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденісте кәсіби білікті болуы тиіс. Иә, әрине қазіргі заманда еліміздің әрбір жерінде Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде бірқатар пәндер бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстары жүргізіліп жатыр.
Жаңартылған білім мазмұны - сыни ойлауға негізделеді. Сондықтан әр сабағымда АКТ технологиясын қолданамын. Атап өтсем, миға шабуыл, кубизм, топтастыру, ой қозғау ассосациясы, бес жолды өлең, эссе жазу және «Көңілді қалпақ», «Дұрыс, бұрыс», «Еркін микрофон», «автор орындғы», «Т» кестесі, Вен диаграммасы сияқты әдістерін қолданамын. Жаңаша оқытуда оқушыларды жеке, топтық, жұптық жұмыстар істей отырып сыни тұрғыдан ойлауға, зерттеуге үйренеді, сонымен қатар балалар еркін сөйлеп, еркін қимылдап, өз ойларын ашық жеткізді. Қазіргі заманның талабы - баланы еркіндікте ұстау. Яғни бала еркіндікті сезіну арқылы алдағы қиыншылықтарды жеңеді. Сонымен қатар, қазіргі білім талабына сай АКТ, бағалаудың әр түрлі тәсілдерін, «Bilimland», «Imektep» ресурстарын да тиімді пайдаланамын. Құрамында мұғалім де, оқушы да бар осындай ізденуші топ «білім алушылар қауымдастығына» айналады. Жаңартылған білім беру мазмұны аясында функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың кілті осы қауымдастықтың қолында болмақ. Бастауыш мектеп - оқушы тұлғасы мен сапаның дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да, бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да қадірлі жұмыс.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері бірнеше бөлімдерден тұратын жаңа құрылымы болып табылады:
1. Пәннің маңыздылығы;
2. Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты;
3. Тілдік мақсаттары жүзеге асыру;
4. Оқыту үдерісіне ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
5. Пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс- тәсілдер;
6. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идесының құндылықтары;
7. Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану құзіреттілігі;
8. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
9. Оқу нәтижелерін бағалау жолдары;
10. Оқудың мазмұны, ұйымдастырылуы мен бірізділігі.
Бағдарламаның міндеттері:
- мұғалімдердің пән бойынша бағдарламаның жаңартылған мазмұнын білуі қамтамасыз ету;
- Пән бойынша жаңартылған бағдарламаға сәйкес педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын қолдануды үйрету;
- Пән бойынша жаңартылған бағдарламадағы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрету.
Оқушылардың оқу жетістігін бағалау үшін критериалды бағалау жүйесі дайындалды.
Критериалды бағалау - оқу бағдарламасындағы күтілетін нәтижелерге жету мақсатында оқушылардың білім алудағы жеке даму жолына түзетулер енгізуге мүмкіндік беретін, оқушының оқу жетістігін нақты анықталған бағалау критерийлерімен сәйкестігін бағалау болып табылады [Қосымша А, В] .
Критериалдық бағалаудың екі түрі бар: қалыптастырушы (формативтік) және жиынтық (суммативтік) .
Қалыптастырушы бағалау - сабақта немесе үйде күнделікті жұмыс барысында білім мен дағдыны қабылдау деңгейін анықтайды. Білім үдерісінде мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты нығайтады. Оқушылар жаңа тақырыпты игерген кезде тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындап, оқытудың мақсаты мен міндеттеріне жетуді қарастырады.
Жиынтық бағалау - ақпараттық білім бөлімін немесе тоқсан соңында оқу дағдысы мен білімнің қалыптасу деңгейін анықтау.
Формативті немесе суммативті бағалауды жоспарлағанда, оқытушылар оның мүмкіндігінше әділ болатындығына кепілдік жасауылары керек.
Әділдік ұғымы мыналарды қамтиды:
- Валидтілік - дәлелдеме талапқа сәйкес келуі.
- Сенімділік - әртүрлі адамдар бағалаған жағдайда нәтижелердің бірдей болуы.
- Жеткіліктілік - барлық стандарттардың расталып, толықтай ашылуы.
- Шынайылық - дәлелдеме өзінің жеке жұмысы болып табылуы.
Суммативтік бағалау әртүрлі бақылау - тексеру тапсырмаларын қолдануды қажет етеді. Бірақ та тексеру - бақылау тапсырмаларын дайындағанда, оқушылардың білім мен біліктерін тексеретін тапсырмаларды ғана қолданбау керек, сонымен қатар одан жоғары деңгейді көрсететін тапсырмалар болуы керек.
Суммативтік бағалау бөлім аяқталғанда ма, әлде тоқсан соңында ма. Мұғалімдер тоқсан барысында оқушыларды жетістіктері үшін мадақтай алады немесе кемшіліктерін көрсетіп отырады. Ал қорытындысында әр оқушы өз бағасын алады. Осы алған бағалары өздеріне түсінікті болу үшін критериалды бағалауды қолдануылары керек.
Сонымен, қорыта келгенде, критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы мұғалімдер оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттап, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұлғалы нәтижеге, бағытқа жеткізеді. Оқушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез-келген кезеңде аңықтап, әртүрлі жұмыстардан алынған бағаларды дифференциалдауға қол жеткізеді.
Бүгінгі күні күнделікті оқу үдерісінде білім сапасын жиынтық және критериалды бағалау жүйесі арқылы оқушыны жетілдіруге болатынына дәлелді факторлар келтірілді.
Бастауыш сыныпта жиынтық бағалауды сабақта қолдану жолдары.
Білім ордасы оқушыларға тек қана білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың білімін бағалау, оқушыларды алға ұмтылуға ынталандыру орталығы болып табылады.
Мектептер бұдан әрі «мәліметтердің» алыну себептерін білу мен бұдан кейінгі іс-әрекеттерін жоспарлау үшін «мәліметтерді» жинайды. Осылайша, жеке оқушы деңгейінде жиынтық бағалау жетістіктер деңгейін және оқушының әрі қарай дамуы үшін мақсат ретінде берілетін кейінгі деңгейлерді анықтау үшін қолданылады. Бірақ, бұдан кейінгі кезеңдерде оқушыларды қолдауды қамтамасыз ету басты міндет болатын болса, онда балл мен деңгейлерді анықтау үшін ұсынылатын негіздемелер мен өлшемдер міндетті түрде аса мұқият зерделенуге тиіс. Орындалған тапсырманың негізгі аспектілеріне қатысты сапалы ақпарат оқушылармен кері байланыс үшін қолданылу мүмкін екендігін ұмытпау керек. Мысалы, егер балаға оның белгілі деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. Осы тұрғысынан жиынтық бағалау (сандық түрде) басты болып табылмайды және мұғалім олар негізделген мәліметтерге (бақылау және интерпретация) қайтып оралады. Одан кейін мұғалім бұл мәліметтер оқушының оқу деңгейін қалай анықтайтындығы туралы, оған қандай деңгейге жету керек және мұны қалай жасау керек екендігі туралы формативті бағалау (ауызша түрде) құрайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz