Рухани мәдениет


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

МЕББМ «ҚАЗАҚСТАН-РЕССЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТІ» Стоматология курсы

БӨЖ

Пәні: Саясаттану.

Тақырыбы: Рухани мәдениет типтері.

Орындаған: Сламбек Елдар

Группа: 104А

Тексерген: Омарғазы Е. Е.

Жоспары:

I . Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Рухани мәдениет. Рухани мәдениеттің құрамы.

2. Парсонстың нормалардың классификациясы.

3. Қазақ халқының мәдениеті

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер

I . Мәдениет - адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан - мәдениет саласының өрісі кең.

Презентация на тему: "Рухани ж ә не материалды қ м ә дениет ...

II. 1. Рухани мәдениет - белгілі бір кезеңде өмір сүрген халықтың жан дүниесінің көрінісі. Рухани мәдениетке халықтың әдет-ғұрпы, салт-санасы, ауыз әдебиеті, аңыз, қиял-ғажайып әңгімелері, діни наным-сенімдері жатады. Рухани мәдениеттің құрамы:

• діни мәдениет (жүйелі діни ілімдер, дәстүрлі конфессиялар, заманауи культтар мен ілімдер, этнографиялық діндарлық) ;

• моральдық мәдениет (этика моральдың теориялық түсінігі ретінде, мораль оның әлеуметтік көрінісі ретінде, мораль жеке тұлға ретінде) ;

• құқықтық мәдениет (сот ісін жүргізу, заңнама, атқарушы жүйе, заңға бағыну) ;

• саяси мәдениет (дәстүрлі саяси режим, идеология, саяси субъектілердің өзара әрекеттесу нормалары) ;

• педагогикалық мәдениет (білім беру мен тәрбиенің идеалдары мен практикасы) ;

• зияткерлік мәдениет (философия, тарих, ғылым) .

Айта кету керек, «рухани мәдениет» ұғымына рухани мәдениет әлемін қамтитын материалдық нысандар: кітапханалар, мұражайлар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залы, оқу орындары, корт және т. б.

Рухани мәдениет рухани өндірістің өрістерін (идеялар өндірісі, білімдер, рухани кұндылықтар) және олардың ғылымда, философияда, дінде, өнерде, адамгершілікте және т. б. іске асырылған нәтижелерін қамтиды. «Рухани мәдениет» - адамдардың талғамына байланысты дамыды. Ол өзінің құрамдас бөлігі ретінде эстетика мен этика нормаларын қабылдауға мәжбүр болды. «Мораль» - нормасы ретінде «эстетика» мен «этика» адамның рухани сипатын анықтады. «Эстетика» - (грек - ощущение) - өнер туралы философиялық оқу. «Этика» - (грек. адамгершілік, дәстүр қағидасы, мінез нормасы) адамдардың бір - біріне деген қарым - қатынасы, жоғарғы мәдениеттілік келбеті . «Салт - дәстүр» - адамзаттың рухани көне құбылыстарының - бірі. Этнографиялық зерттеу мынаны көрсетеді: салт - дәстүр қоғамдағы архаикалық мәдениеттің доминанты болып табылады. Салт - дәстүр - әдеттегі саналы түрде адамзаттың аз өзгеріске түскен түрі. Әдет - ғұрып аса қарапайым мінез - құлықтардың бүтіндей, үйреншікті өмір салтының үлгілерінің негізінде қалыптасады. Олар қоғамда белгілі бір уақытта, орында, белгілі бір - оқиға - жағдайға байланысты қолданылып жатады. Ол үлгіге қарекеттің айқындалмаған бір бөлігі енгізіледі. Рухани мәдениеттің алғы шарттары ауыз әдебиетінен де табылып жатады. Әдет - ғұрып нормаларына (шама, өлшем, ереже) іс - әрекетті аяғына дейін түгел емес, тек қана бір принципті, іс - әрекеттің параметрін қамтиды. Ол мінез - құлықты белгілі өлшемнің варианттарынан және күрделенуінен тұрады.

2. Парсонстың көрсетуінше нормаларды былай классификациялауға болады:

1. Жалпы қоғамда және оны құрайтын топтарда формалданған тәртіпті сақтауға арналған нормалар. Мысалы: ер балалар әскери қызметін өтеу, ұлттық қауіпсіздік комитетінде, ішкі істер бөлімінде, әскери дайындық, дене шынықтыру, техникалық салаларда т. б. Әйел балалар көбіне мұғалім қызметіне, ара - тұра дәрігерлік, тамақ өнеркәсібі (ер балалар да араласа бастады), үй шаруашылығымен айналысу т. б;

2. Экономикалық нормалар шаруашылық қарекеті, мақсаттылықты, кәсіпқойлықты және пысықтылық пен тиімділіктің мөлшерінің қолайлы жақтарын береді;

3. Өз еліндегі жалпы саяси принциптердің жүйесін қолдайтын міндеттерді белгілейтін, заңдылықтар мен конституцияны бұзбай, күресті «ережені» сақтай отырып жүргізетін саяси нормалар;

4. Коммуникацияның тұрақты принциптерін, жеке адаммен түрлі топтардың өзара қарекеттерін қолдайтын мәдени нормалар. Ол өз халқының тілінде сөйлеу, оқу, жазу, музыканы сүю, өз мәдениетінің стилі мен рәміздерін қолдау. Егер кейбір нормалар өзінше соны немесе ерекше дәрежесін ала алмаса, онда қабылданған нормалар жедел қатардан шығып қалады да, қолайсыз мінез - құлық деп аталады.

Жалпы тұрғыда рухани мәдениет әрқашанда материалдықпен тығыз байланысты болады, Өйткені материалдық мәдениет әрқашанда рухани мәдениеттің белгілі бір бөлігінің іске асуы болады. Бірақ, рухани мәдениет те заттылыққа ауысып материалданған жағдайда ғана бар бола алады. Бұны әсіресе рухани мәдениеттің құрамдас бөлігі болып саналатын өнер туындылырынан байқауға болады. Өйткені кез-келген кітап, сурет, музыкалық композиция, және одан да басқа өнер туындылары материалдық негізге - қағазға, кенепке, бояуларға, музыкалық аспаптарға және т. б. мұқтаж болады.

Егер зат немесе құбылыс адамның алғашқы (биологиялық) қажеттіліктерін қанағаттандырса онда оны материалдық мәдениетке жатқызуға болады, егер ол екінші қажеттіліктерді қанағаттандырса және адамның қабілеттілігін дамытумен байланысты болса, онда ол рухани мәдениетке жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
РУХАНИ МӘДЕНИЕТ ТИПТЕРІ
Рухани мәдениет. Рухани мәдениеттің түрлері
Мәдениеттің кеңістігі мен формалары, құрылымы, парадигмалары, мәдени сценарийлер
Мәдениет - күрделі қоғамдық рухани құбылыс
Мәдениетті философия тұрғысынан зерттеу
Мәдениет туралы
Мәдениет құрылымы
Мәдениет құрылымының негізгі анықтамалары, ізденушіліктің негізі
МӘДЕНИЕТ және ӨРКЕНИЕТ ЖАЙЛЫ
Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы және философиялық мағынасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz