Бастауыш және орта кәсіптік оқыту



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
3
1
Білім беру ұйымдарындағы бақылау жүйесі
5
1.1
Басқару функциясы, мақсаты, міндеттері және маңызы
6
1.2
Білім беруді бақылау кезеңдері мен түрлері
9
1.3
Білімді бақылау түрлері мен кезеңдері
12

Қорытынды
15

Әдебиеттердің тізімі
16

Кіріспе

Қазақстан - 2050 стратегиясы Қазақстан халқына жолдауында Ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаев: Қазақстан әлемнің 30 бәсекеге қабілетті елдері қатарына 2050 жылға дейін енуі тиіс. Мен білім беру жүйесіндегі жағдайдың түбегейлі өзгеруін стратегиялық міндет деп есептеймін, Білімді дамыта алмаған ел ХХІ ғасырда тығырыққа тіреледі, - деп атап көрсетті. Қазақстанда білім беру жүйесін дамыту бағытында келелі істер жүргізілуде. 2007 жылы қабылданған ҚР Білім туралы Заңының мақсаты бәсекеге қабілетті білім беру жүйесін дамыту болып табылады. 2010 жылы Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты - білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканы тұрақты түрде дамыту үшін сапалы білім берудің қол жетімділігін қамтамасыз ету жолымен адами капиталды дамыту. Басқа да заңнамалық актілер қабылданды, білім беру сапасын арттыру үшін реформалар жүргізілуде, білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын жаңғырту және жақсарту мен мұғалім кадрлар біліктілігін арттыру бойынша үлкен жұмыстар жасалуда. Жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, халықаралық және ішкі зерттеулер көрсеткеніндей, Қазақстандағы жалпы орта білім беру сапасы көтерілген жоқ, қайта керісінше, кейбір көрсеткіштер бойынша төмендеп отыр. Білімдері нашар мектеп түлектері жоғары оқу орындары мен колледждерде сапалы білім ала алмайды.
Сондықтан да жоғары оқу орындары мен колледждер түлектерінің кәсіби біліктілік деңгейі төмендеп келеді. Әлемдік үздік іс-тәжірибені және отандық білім беру жүйесінің бүкіл әлеуетін пайдалана отырып бұл жағымсыз үрдісті тоқтату қажет, ол үшін оны арттыруға арналған іс-шаралардың толық кешені жасалып, қабылдануы керек. Білім беру сапасын арттыру және жоғары білім беру нәтижелеріне жету, басым біліктілік көзқарасты жеке басқа бағдарланған парадигмаға ауысуды жүзеге асыру, жоғары адамгершілік және патриоттық қасиеттері бар шығармашыл, бірегей ойлайтын, үйлесімді және рухани бай жеке тұлға тәрбиелеу үшін жаңа көзқарас ұсынылады.
Жұмыстың мақсаты: Республиканың білім беру жүйесіне сипаттама беру; қоғамның даму тенденциясына сай бүгінгі білім жүйесінің даму жолдарын анықтау; жоғары білім беру жүйесін реформалаудың бағыттары мен мазмұнын көрсету.
Жұмыстың міндеттері:
- Қазақстан Республиканың білім беру жүйесінің сипатын анықтау;
- білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптерін көрсету;
- білім жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелерін анықтау;
- білім беру ұйымдарындағы бақылау жүйесі.

1 Білім беру ұйымдарындағы бақылау жүйесі

Қазақстан Республикасы, білім беру жүйесі Заң бойынша білім беру ұйымдарының (меншігіне, типіне, түріне қарамастан), оқыту бағдарламалары мен әр деңгейдегі мемлекеттік білім беру стандарттары, басқару орындары мен оларға бағынышты ұйымдардың өзара байланысы негізінде құрылады. Білім беру жүйесінің негізгі міндеті ретінде білім алу жеке тұлғаның дамуы мен кәсіби ққлыптасуы ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен техника жетістіктері негізінде қалыптастыруға қажетті жағдай жасау көзделді.
Білім беру жүйесінің төмендегідей жаңа міндеттері айқындалды:
- оқыту бағдарламаларының жүзеге асыруына жағдай жасау;
- жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және физиологиялық мүмкіндіктерін дамыту, салауатты өмір салты мен адамгершіліктің берік негізін қалыптастыру, жеке даралық қасиетті дамытуға жағдай жасау арқылы ақыл-ойын байыту;
- отан сүйгіштік пен азаматтылыққа өз Отаны, Қазақстан Республикасына деген сүйішпеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін сыйлауға, конституцияға, қоғамға қарсы жасалған кез-келген іс-әрекетті болдырмауға тәрбиелеу;
- республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне белсенді атсалысуға, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарас қажеттілігін қалыптастыру;
- әлемдік және отандық мәдени жетістіктерге қатыстыру; Республика тарихын, қазақж әне басқада халықтардың салт-дәстүрлерін білу; мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін үйрену;
- білім беру ұйымдарының дербестігі мен өзін-өз билеу құқын және білім беруді басқару міндеті мен демократияландыру ісін кеңейту;
- оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білімді информатизациялау, халықаралық коммуникация жүйесіне шығу;
- еңбек рыногында бәсекелесе алатын жоғары дәрежелі жұмысшылар мен мамандарды даярлау және қайта даярлау;
- жұмыссыздарды қайта оқыту мен қайта даярлау;
- білім беру ұйымдарының түрлі қызметкерлерінің қарқынды дамуына көмектесу;
Заң бойынша білім беру ұйымдары занды құқы бар мекеме болып табылады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді қамтамасыз ететін бір немесе бірнеше оқыту бағдарламаларын жүзеге асыра алады. Білім беру ұйымдарының дәрежесі (типіне, түріне орай) "Білім туралы" заңының талаптарына сәйкес олардың ережелерінде белгіленеді. Білім беру ұйымдар мемлекеттік басқару орындарынан оқыту қызметін жүргізуге қажетті рұқсат алуы керек. Білім беру мекемелеріне оқыту және басқа да табыс түсетін қызметтермен айналасуға құқық берілген.

Ақылы білім беру қызметтері мемлекеттік тапсырыс шеңберінде қаржыланған негізгі оқыту қызметінің орнын алмастыра алмайды. Білім беру мекемелері шетелдік ұйымдар мен қорлармен тікелей байланыс жасауға білім беру саласындағы мемлекеттік емес ұйымдарға кіруге құқы бар. Білім беру мекемелері мемлекеттік, мемлекеттік емес (Қазақстан Республикасында тіркелген қоғамдық және діни бірлестіктер мен жеке білім беру ұйымдары), сондай-ақ халықаралық болуы мүмкін.
Білім беру мекемелері төмендегідей бөлінеді:
- мектепке дейінгі, мектептен тыс, арнайы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалар мекемелері;
- оқыту бағдарламаларын жүзеге асыратын оқу орыңдары жалпы орта, бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік, жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік және қосымша көсіби білім беру. "Білім туралы заң" оқу орындарының негізгі түрлерін белгілейді. Орта білім беретін оқу орындарына жататындар;
- жалпы білім беретін мектеп, ол негізгі және қосымша жалпы білім беретін үш сатылы (бастауыш, негізгі, жоғары) бағдарламаларды жүзеге асырады; жалпы білім беретін мектеп, шағын-мектеп болуы мүмкін, яғни оқушылар санының аздығына орай, қосылған сыныптар жұмыс істейді;
- гимназия негізгі және қосымша оқыту бағдарламасын жүзеге асырады, оқушылардың қабілеті мен икемділігіне байланысты арнайы, терең, кәсіптік оқытуды көздейді;
- лицей кәсіптік бағытталған оқушыларды оқытуды жүргізетін, негізгі және қосымша бағдарламаларды, жүзеге асырады. Бастауыш және орта кәсіптік оқыту;
- жалпы орта, бастауыш кәсіптік оқыту бағдарламаларын жүзеге асыратын әр түрлі бағыттағы кәсіби жұмысшыларды дайындауды қамтамасыз ететін кәсіптік мектеп;
- кәсіптік лицей, жалпы орта, бастауыш кәсіптік оқыту бағдарламаларын жүргізетін және жоғары деңгейдегі маман жұмысшыларды дайындайды;
- колледж, орта кәсіби білімді мамандарды дайындайтын бағдарламаны жүргізеді;
Жоғары білімді халық шаруашылығының түрлі салаларының мамандарын жоғары оқу орындары дайындайды; университет, академия, институт, сондай-ақ консерватория, жоғары училище, жоғары мектеп. Университеттер мен академияларда және ғылыми мекемелерде жоғары дәрежелі ғылыми және ғылыми педагогикалық мамандарды даярлайтын магистратура, аспирантура, докторантура қызмет ете алады. Ал, жоғары дәрежелі ғылыми-педагогикалық мамандарды даярлайтын әскери орындарында ол-адъюнктура деп аталады. Жоғары оқу орнынан кейінгі терең медициналық білімді интернатура қамтамасыз етеді.
Оқу орындарында жүргізілген оқыту бағдарламары жалпы (негізгі және қосымша) және кәсіптік (негізгі және қосымша) болады.
Жалпы білім беретін бағдарламалар жеке адамның мәдениетінің қалыптасуын, оның қоғам мен өмірге бейімделуін, кәсіпті таңдауын және тандаған мамандығын меңгеруін шешуге бағытталады.
Заң білім беру жүйесіндегі орталық және жергілікті атқару орындарының қызметін реттейді. Көрсетілген басқару орындары білімді беруді дамыту бағдарламаларын құрастырады және оны жүзеге асыру шараларын жүргізеді: мамандарды дайындау тапсырысын бекітеді; меншік түріне және бағыныштылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына лицензиялар береді; оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдары, шығаруға арналған дайындқ жұмыстарын ұйымдастырады; білім беру саласындағы заңның жүзеге асуын және білім берудің мемлекетті стандарттарының жүргізілуін бақылайды. Білім беру мекемелерінде бес жылда бір рет аттестация жүргізіледі; мемлекеттік білім беру мекемелерін материлдық-техникалық жағынан қамтамасыз етеді.
"Білім туралы" заң білім беру жүйесінің қызметін ұйымдастыруда әлемдік тәжірибеге сүйенеді. Оқыту процесіндегі субъектілердің (білім беру жүйесінің қызметкерлері, оқушылар мен тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары) әлеуметтік кепілдері мен олардың құқықтары, міндеттері арнайы ескерілген. Мысалы, білім беру мекемелерінде педагогикалық қызметпен айналысуға, тек соған сәйкес білімі бар азаматтар ғана құқылы. Олар кәсіби қызметін жүргізуге жағдай жасауды талап етуге, білім берудің мемлекеттік стандарттарын сақтай отырып, педагогикалық қызметтерінің әдістері мен түрлерін еркін таңдауға, ғылыми зерттеулердің бағыты мен олардың нәтижесін педагогикалық тәрбиеде қолдауға, оқу орындарын басқаруға қатысуға, еңбектен тыс өз мамандығының дәрежесін көтеруге, кәсіби беделі мен арын қорғауға қүқылы. Педагогикалық қызметкерлер оқушылар мен тәрбиеленушілердің арнайы стандарт деңгейінен төмен емес білім мен дағды, білік ауын қамтамасыз етуге, оқушылар мен тәрбиеленушілердің жеке шығармашылық бейімділіктерін дамытуға, олардың беделіне нұқсан келтірмеуге, педагогикалық этика нормаларын сақтауға міндетті. Педагогикалық қызметкерлерді олардың келісімінсіз басқа жұмыстарға тартуға, сондай-ақ оқушылар мен тәрбиеленушілерді оқу-тәрбие жүйесінен тыс жұмыстарға міндеттеуге тыйым салынады.

1.1 Басқару функциясы, мақсаты, міндеттері және маңызы

Басқарудың функциясы мен құрылымы - басқарудың мазмұны мен пішіні (формасы) болып табылады.
Функция (латынның - атқару, қызмет деген сөзі) қызмет түсінігі ретінде анықталады. Бұдан шығатын қорытынды, басқару жүйесінің жұмысы - басқару функциясын атқару негізінде жүзеге асады. Басқару әрекетінің мәнін түсіну үшін, оған тән белгілерді білу қажет.
Басқарудың функционалды тәсілінің басты белгісі - басқару функцияларының жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Функция басқару қызметінің ерекше түрі ретінде және басқару саласындағы еңбекті бөлу мен мамандандыру процесінің нәтижесі ретінде де қарастырылады.
Басқару жүйесін сипаттай отырып, ең алдымен, жүйенің әр уақытта мақсаты болатындығын ескеру керек. Басқаша айтқанда, белгілі бір уақыт аралығында қол жеткізуге болатын күтілетін нәтиженің нақты бейнесін сипаттайды. Мақсатты қоюдың нақтылығы және оның анықталуы сол жүйені қаншалықты терең біліп меңгергеніне байланысты, яғни білімі терең болса, соғұрлым мақсаттылығы да сапалы болады.
Басқару мақсаты мазмұнының толықтығымен сипатталуы тиіс, яғни нәтиженің барлық сипаттамаларын анықтау, күтілетін нәтижені бақылау, шынайылығы және түрткі болуы.
Кәсіби білім беру мекемелерін басқарудың мақсатын анықтау үшін алдыңғы тәжірибе маңызды орын алады, яғни оның алдында білім беру мекемесі мақсатқа қалай қол жеткізді, мақсатқа қол жеткізудегі жағымды және жағымсыз шарттар туралы мәліметтер, ертеде жіберген қателіктері сияқты берілгендері қажет. Мақсатқа қол жеткізудің деңгейі нәтиженің сандық және сапалық сипаттамаларында көрсетілген нәтижелілігі.
Алынған нәтиже мен оның алдыңғы жұмыс жағдайы немесе нормасының арақатынасы тиімділіктің өзі болып табылады, ал тиімділік берілген нәтижеге қол жеткізу үшін жұмсалған шығын көлемімен анықталады. Мақсатқа байланысты басқару құрылысы бақыланады және оның субъекттерінің іс-әрекеті жүзеге асырылады. Біздің жағдайда, басқару тиімділігі үш көрсеткіш бойынша анықталады, олар: білім беру мекемелерінің іс-әрекеті, еңбекті басқаруды ұйымдастыру және басқару субъекттерінің - басшылардың кәсіби-маңызды қасиеттерінің дамуы.
Қазіргі заманғы білім беру мекемелерін басқарудың маңызы мен мәні болып табылатын басқару - педагогикалық құндылықтардың жиынтығын құрайды. Басқарушы басқару қызметінің процесінде жаңа теория мен тұжырымдамаларды игеріп, іскерлік пен дағдыны меңгереді. Ал практикалық қызмет барысында олардың қаншалықты маңызды екеніне баға береді. Қазіргі кезде басқару тиімділігін арттыруда білім, идея, тұжырымдама сияқты басқаруға қатысты педагогикалық құндылықтар үлкен маңызға ие.
Білім беру мекемелері өзіне қатысты бірнеше функцияларды атқарады, олардың ішінде мақсаттылық пен жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру және реттеу, мекеменің жұмысын есепке алу, жұмысты бақылау және талдау жасау сияқты түрлері жатады.
1) Мақсаттылық пен жоспарлау функциясы. Кез-келген педагогикалық процесті басқару функцияның осы түрінен басталады. Педагогикалық жүйенің үнемі қозғалыста және даму үстінде болуына байланысты мақсат қою мен жоспарлауды жетілдіріп отыру керек. Мақсат жоспардың өзегі болғандықтан, ол педагог пен оқушының әрекеттерін қамтуы тиіс. Басқару қызметінің мақсаты - жұмыстың жалпы бағытын, мазмұнын, түрлері мен тәсілдерін анықтау болып табылады.
Жоспарлау басқарудың функциясы ретінде міндетті түрі болып саналады. Тіпті қарапайым еңбек қызметіне де жоспарлау элементтері кіреді. Жоспарлау процесінде басқару дамуының негізгі бағыттары, олардың тиімділігі анықталады. Жоспарда нақты жағдайларды ұйымдастырудың ең тиімді нұсқасы көрсетіледі.
Жоспарлау процесінде қойылған мақсатқа жету үшін төрт нақты міндет шешіледі, басқаша айтқанда, жоспарлауды қоғамды басқарудың функциясы ретінде төрт қосымша функция арқылы жүзеге асады:
- оқиғалардың дамуын болжау. Мұндағы болжаудың мәні - уақыттың әрбір бөлігінде болатын жүйе жағ-дайының сипаты мен маңызын ашу;
- үлгілеу - қойылған мақсатқа жету үшін жүйе іс-әрекетінің дәйектілігі мен өзара байланысын көрсетеді;
- бағдарламалау - бұл шешімдердің іс-әрекет бағдарламасы мен шешімді таңдау процесі. Оны жүйені жаңа тапсырылған жағдайға көшіру үшін пайдаланады;
- жоспарлау - жоспарды, яғни құрылған бағдарламаны аяғына дейін жеткізумен аяқталады.
2) Ұйымдастыру функциясы. Ұйымдастыру ұғымы бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, өткізілген сабақтың сыныптан тыс жұмыстың сапасын, тұтас оқу-тәрбие процесінің немесе оның бір бөлігіне берілген баға ретінде қолданылады. Екіншіден, мектеп басшыларының, мұғалімдердің, оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының белгіленген жоспарды іске асыруға, алға қойған мақсатқа қол жеткізуге бағытталған, жалпы тұтас педагогикалық процесті басқаруды ұйымдастыру мағынасында қолданылады.
Бұл функцияның мәні - өндірістік объект құрылымын және басқару құрылымын қалыптастыру мен таңдауға байланысты. Ұйымдастыруға басқарылатын жүйенің техникалық, әлеуметтік, экономикалық және ұйымдастырудың қосымша жүйесін реттеу жөніндегі жұмыстар кіреді. Сонымен қатар, ұйымдастыру функциясының көмегімен белгілі бір жағдайларда басқарылатын объекттердің іс-әрекеттерін, яғни бағдарламада (өңдірістің даму жоспарында) койылған міндеттерді жүзеге асыруға арналған басқару түрін айқындайды.
Сонымен, ұйымдастыру функциясы өзінің табиғатынан нақты жағдайда психологиялық-педагогикалық білімдерді шұғыл қолдана алуға негізделген практикалық қызмет түрі болып табылады. Ұйымдастыру қызметі қабылданған шешімдерді іске асыруға бағытталады.
3) Үйлестіру және реттеу функциясы. Бұл функция педагогикалық ұжымның, жеке жұмыскерлер мен қоғамдық ұйымдардың әрекеттерін қиыстыруды қарастырады. Сонымен қатар білім беру мекемелерін басқару кезінде жағымсыз құбылыстардың әсерін жою және жұмысты реттеумен де айналысады. Үйлестіру және реттеу функциясының міндеті - мұғалімдерді қорқытып, үркіту емес, қайта істің жағдайына әділ баға беріп, педагогикалық қызметті ынталандырып, оны қолдап және әдістемелік көмек беру болып табылады.
4) Мекеменің жұмысын есепке алу функциясы. Алдын-ала құрылған жоспармен қарастырылған іс-шаралар мен тапсырмаларды орындаудың сандық және сапалық көрсеткіштері ескеріледі.
Басқарудың есепке алу функциясы мыналарды ескереді:
- біріншіден, басқару объектісінің жай-күйі және оның іс-әрекетінің нәтижелері, қоршаған орта туралы мәліметтерді жинау және тіркеу;
- екіншіден, бұл мәліметтерді өлшеу және есептеу;
- үшіншіден, алынған мәліметтерді сақтау, оларды топтастыру.
Сонымен, есепке алудың мәліметтері шешім қабылдау, бақылау үшін қайталанады, сонымен бірге басқарудың жоғары тұрған органдарында жинақталады.
5) Жұмысты бақылау және талдау жасау функциясы. Бұған ұжымның барлық аспекттеріндегі әрекет жағдайы мен нәтижелерін, қабылданған шешім мен ұсыныстардың, сонымен қатар құжаттардың орындалуын бақылау және бағалау жатады.
Бақылау мазмұнында мына бағыттар қарастырылады:
- білім берудің ұйымдық-педагогикалық мәселелерін орындау;
- оқу бағдарламалары мен мемлекеттік білім стандартының орындалу барысы және сапасы;
- білім сапасы, оқушылардың іскерлігі мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас ұрпақты нарық жағдайында кәсіпшілдікке бейімдеу
Шағын жинақталған мектеп жұмысы
Кәсіптік білім беру және оның тиімділігі
Білім берудің қазіргі заманғы жай-күйі
Кәсіптік білім беру мекемесі - педагогикалық жүйенің бір саласы
Білім беру жүйесінің басты сипаты
Кәсіби педагогиканың негізгі категориялары
Кәсіптік білім беру мекемесі педагогикалық жүйенің бір саласы. Кәсіптік білім берудің бастауы
Кәсіптік білім берудің моделі
Кәсіптік білім беру жүйесінің тарихы
Пәндер