Жеке тұлға мінезі мен темпераменті



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Студенттің өздік жұмысы

Тақырыбы: Жеке тұлға және оның темпераменті

2019 жыл

Мазмұны

Кіріспе
3
1
Жеке тұлға туралы түсінік
4
1.1
Жеке тұлға мінезі мен темпераменті
8
1.2
Жеке тұлға темпераментінің түрлері мен ұжымдағы маңызы
11

Қорытынды
16

Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі
17

Кіріспе

Тұлғаның әлеуметтiк-психологиялық талдауын жасау үшiн, индивид, тұлға, даралық деген ұғымдардың шекарасын анықтап алу керек.
Айта кету керек, адам деген ұғым жалпылама ұғым болып табылады, яғни, айқын сөйлейтін, саналы, (абстрактiлi - логикалық ойлаумен, логикалық есте сақтаумен) жоғарғы психикалық функциялары бар, құралдарды құру, оны еңбектiң процесiнде пайдалану қабiлетi бар биоәлеуметтік тірі ағза.
Индивид - бұл биологиялық түрдiң ортақ генотипиялық тұқым қуалаған қасиеттерiн тасымалдаушы биологиялық ағза. Бұл Homo sapiens түрінiң өкiлi. Леонтьев А.Н. ойынша бiрiншiден, индивид ұғымы осы биологиялық түрдiң жеке түрлерінiң бүтiндiгін және бөлiнбейтiндiгiн, екiншiден, осы түрдiң басқа өкiлдерінен ерекшеленетін нақты өкiлiнiң артықшылықтарын бiлдiредi. Генотипиялық шартталған даралық қасиеттер, адамның өмiр сүру барысында сантүрлі өзгеруі мүмкін, дегенмен бұдан тұлғалық болмайды. Тұлға, индивидтің алдыңғы тәжiрибесімен байытылған түрі емес. Индивидтің қасиеттерi тұлғаның қасиеттерiне өтпейдi. Өзгеріске ұшырағанымен индивидті қасиеттер болып қалады, яғни қалыптасатын тұлғаны анықтамайды, оның құрылуының алғышарттары мен жағдайын жасайды.
Бiз тұлға болып қоғамдағы өмiрдің ықпалымен қалыптасамыз, оларға тәрбие, оқу, қарым-қатынас, өзара қарым-қатынас жатады. Тұлға - бұл әлеуметтiк ұғым, адамдағы табиғи, тарихи қасиеттерді бiлдiредi. Тұлға туа пайда болмайды, мәдени және әлеуметтiк даму нәтижесінде туындайды.
Тұлға түсінігін, нақты мазмұнымен, құндылықтарымен, әрбір қатысушының мағыналы біріккен әрекеттерімен жанамаланған, тұлғааралық тұрақты қатынастар жүйесінде ғана түсінуге болады. Осы тұлға аралық байланыстар топқа, ұжымға кiретін адамдардың нақты дара қасиеттерінде және амалдарында көрінедi.
Әр адам тұлғасына басқа адамдардан оның өзiндiк ерекшелiгiн, оның айырмашылығын құрайтын адамдардың психологиялық ерекшелiктерiнiң үйлесімін - оның даралығын қалыптастыратын ерекшелiктерi мен қасиеттері ғана тән. Кон И.С. ойынша, даралық бұл әр жеке адамның қайталанбауы ретінде биология айғақ. Биологтар мүмкiн болатын мутациялар мен олардың адами гендерінiң комбинациялану саны әлемдегі атомдар санынан артық емес дейді. Әр адамның ағзасы тиiстi фенотипті (қандай да бір белгінің сыртқы көрінісі) шарттайтын өз тегінде жалғыз генотип (ағзаның генетикалық конституциясы) тасымалдаушысы болып табылады.
Мақсаты: Жеке тұлға темпераметтік қасиеттерін анықтай отыра, ғылыми психологиямен салыстыру.
Міндеттері:
- Жеке тұлғаның темпераменттік қасиеттері;
- Психология ғылымның негізгі салалары;

1 Жеке тұлға туралы түсінік

Жеке тұлға - әлеуметтік жағы, адамның бойындағы әлеуметтік сапалар;белгілі бір әлеуметтік қоғамнын өкілі болатын, (ұлты, топ, ұжым т.б.) белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға деген өзінің қатынасын мойындайтын және өзінің дара ерекшеліктері бар нақты адам. Ұлттық психика мен жеке адамның психикасыныңарақатысы диалектикалық ұқсастықпен жекеліктің айырмашылығымен сәйкес келеді. Жалпылық (ұлттық) және жекешелік (өзіндік) жеке адамның психологиялық кейпінде бірлікте болады. Бірақ олардың ара қатысы әр адамда әртүрлі. Жеке адамның қатынас кеңістігі неғұрлым кең болса, өмірдің барлық жағымен оның байланысы және қарым-қатынасы да әртүрлі болады ішкі дүниетанымы да бай және жеке адамның өз ұлтына тән әлеуметтік сапасы да жоғары болады.
Жеке тұлға белгілі бір тәртіппен экономикалыққызметке қатысушы және толық құқықты қызмет субъектісі ретінде әрекет етуші адам. Жеке тұлға өз атынан әрекет етеді және ұжымдық құрылым болып табылатын заңды тұлға сияқтыфирмақұруға мұқтаж емес. Сондай-ақ ол құқық қатынастарына қатысушы адамды (азаматты) білдіретін термин ретінде де қолданылады.
Қазақстан РеспубликасыныңАзаматтықкодексі бойынша Жеке тұлға - ҚР немесе басқа мемлекеттіңазаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқадам. Яғни"жеке тұлға"ұғымы"азамат"деген ұғымға тең мағынада қолданылады.Азамат(Жеке тұлға) - құқықтың жеке субъектісі, оның құқықтық қабілеті (құқыққа қабілеттілігі), яғни азаматтық міндет атқару қабілеті бар.
Азаматтық құқықтық қабілет туған сәтінен бастап туындайды және барлық азаматтарғабірдей деп танылады. Ол адамныңнақты құқықтары мен міндеттерінің пайда болуының шарты мен алғышарты. Азаматтықкодекстің 18-бабына сәйкес азаматтың ҚР шегінде немесе одан тыс жерлерде мүлікті, соның ішінде шет ел валютасынменшіктенуге; мүлікті мұраға алып қалдыруға; республикааумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңдытұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құруға; заңқұжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысуға; өнертабыстарға, ғылым, әдебиетжәне өнер шығармаларына, зияткерлік қызметтің өзге де туындыларына зияткерлік меншік құқығы болуға; басқа да мүліктік және жеке беймүліктік құқықтарды пайдалануға құқы бар.
Әрекет қабілеттілігі азамат кәмелетке, яғни 18 жасқа толғанда толық көлемде пайда болады. Әрекет қабілеттілігі азаматтыңэкономикақызметке қатысуын, атап айтқанда, жеке кәсіпкер ретінде қатысуын қамтамасыз етеді.Азаматөзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап береді. Жеке кәсіпкер несиегердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты талаптарын қанағаттандыруға дәрменсіз болса, ол соттың шешімімен дәрменсіз (банкрот) деп танылады.
Шет елдің азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға ұлттық құқықтық режим беріледі, олардың да Қазақстанныңазаматтары сияқты өзіндік беймүліктік құқықтары болады.
Адам мәселесі барлық әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың зерттейтін негізгі мәселелерінің бірі. Адам мен қоғам өзара қатынастарының нәтижесінде жеке тұлға ұғымы ерекше орынға ие. Адам деген ұғыммен қатар индивид, даралық, жеке тұлға ұғымдары жиі қолданылады.
Индивид деген ұғым адамды адамзат тұқымының жеке бір өкілі ретінде, биологиялық тіршілік иесі ретінде қарастырғанда қолданаылады. Индивид- жекелік, яғни көп адамдардың бірі. Индивид деген терминді қолданғанда адамның жеке қасиеттері ескерілмейді. Индивид деп жаңа туған баланы да, қарт адамды да атауға болады. Себебі олардың барлығы адамзат тұқымының өкілдері.
Даралық - адамды басқа адамдардан ерекшелендіріп тұратын айрықша қасиеттері, ешкімге ұқсамастығы, оның қайталанбастығы. Адамның даралығы оның темпераментінен, мінез-құлықтарынан бөлек, әдеттерінен, қызығушылықтарынан, танымдық процестерінің сапаларынан (қабылдау, есте сақтау, ойлау, сөйлеу, қиял), қабілеттіліктерінен, өзіндік іс-әрекет стильдерінен байқалады. Дүниеде психологиялық ерекшеліктері бірдей екі адамды табу мүмкін емес. Адамдардың тіпті физиологиялық жағынан да бірі-бірін қайталамайтындығы анық. Мысалы 19ғ. сонында ашылған ғылыми жаңалық жер бетіндегі адамдардың бас бармақтарының үлкейтілген суреттерінің бірдей болмайтындығының өзі әр адамның физиология тұрғысынан да қайталанбас жан екендігінің дәлелі. Барлық адамдардың саусақтарының құрылымы бірдей болса да, барлығыныкі капиллярлардан, теріден, клеткалардан, бұлшық еттерден, нерв талшықтарынан құралсада сыртқы терісіндегі суреттері әр адамдыкі әр түрлі болып келетіні ғажап.
Адамның қайталанбастығы - оның даралығында. Даралық пен жеке тұлға тең мағыналы ұғымдар емес. Даралық ұғымда көбінесе индивидтің табиғи, туа біткен қасиеттері ескеріледі (темперамент т.б), ал тұлға- адамның әлеуметтік сипаты. Жеке тұлғаның өзін-өзі іске асыра алуына, жетістіктерге қол жеткізуіне, іс-әрекетіне қарап оған баға беріледі. Даралық адамның жеке тұлғасының бір ғана көрінісі, көп қырының бір жағы. Мысалы адамның жүйріктігі, шапшандығы, оның даралық қасиеттеріне жатады, бірақ оның жеке тұлғалық сипаттамасына кірмейді, себебі ол қасиет индивидтің араласатын адамдарының іс-әрекет және қарым-қатынас түрлерінде маңызды роль атқармайды.
Тәрбиенің негізгі мақсаты - жана-жакты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Психологиялық-педагогиялық әдебиеттерде К.К.Платонов, Л.С.Выготский, А.Н.Лентев т.б ғалымдар еңбектерінде жеке тұлға ұғымына түрлі зерттеулер жүргізіліп, анықтамалары берілген.

Жеке тұлға - қоғамдық өмірдегі күрделі, көп жақты құбылыс, қоғамдық қатынастар жүйесінің бір бөлігі. Психология ғылымында жеке тұлға деп белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортамен өзіндік қатынасын түсінетін, психологиялық ерекшеліктері бар нақты бір қоғамның, ұлттың, ұжымның өкілін атайды. Жеке тұлға - қоғамдық мәні бар адам. Кез келген адам өмірге индивид болып келіп, тек қоғамдық және еңбек іс-әрекеттері арқылы ғана жеке тұлғаға айналады.
Жеке тұлға - индивидтің әлеуметтік маңызды сапалар жүйесі, оның әлеуметтік құндылықтарды менгеруі және сол құндылықтарды іске асыра алу қабілеттері. Жеке тұлға ретінде адам өзінің санасының даму деңгейімен, өз санасын қоғамдық санамен сәйкестендіруімен сипатталады. Жеке тұлғалық қаситтері арқылы адам қоғамдық қатынастарға қатысады.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде жеке тұлға туралы тұрақты пікірлер қалыптасқан:
-әр адам жеке тұлға бола алады;
-жеке тұлға адамды жануарлардан ажыратып тұрады, жануарларға қатысты жеке тұлға ұғымы қолданылмайды;
-жеке тұлға- тарихи дамудың нәтижесі;
-тұлғалық қасиеттер бір адамды екінші адамнан ерекшелендіріп тұрады.
Жеке тұлғаның өзіндік сипаттамалары бар:
- белсенділік (өзінің іс-әрекет саласын кеңейтуге құлшынысы);
- бағыттылық (ынта, қызығушылықтар, қажеттіліктер, сенімдер жүйесі);
- әлеуметтік топтардың, ұжымдардың өзара әрекеттестігі.
Педагогикалық сөздіктерде жеке тұлға ұғымы - әлеуметтік қатынастардың және саналы іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырылады. Жеке тұлға өзін мынандай үш бағытта көрсете алады:
- іс-әрекетте;
- басқалармен қарым-қатынаста;
- өзіне деген қатынаста.
Белгілі психолог К.К.Платонов жеке тұлғаның сапаларын жүйелеп, оның иерархиялық құрылымын қарастырған. Оның пайымдауынша жеке тұлғаның кез келген сапасында туа біткен (биологиялық, тұқым қуалаушылық) және жүре біткен (әлеуметтік) құрамды бөліктері болады. Солардың қатынастары бойынша жеке тұлғаның құрлымында сапалар 4 топқа немесе иерархиялық деңгейге бөлініп қарастырылады.
4-ші, төменгі биологиялық құрлымы, оған темперамент, адамның жас және жыныстық ерекшеліттері жатады, бұнда ешқандай әлеуметтік қасиеттері жоқ;
3-ші, құрлымдық деңгейде биологиялық нышандар негізінде жаттығулар арқылы қалыптасқан психологиялық процестер (сезімдер, қабылдау, қиял, зейін, есте сақтау, ойлау, ерік) ерекшеліктері жатады;
2-ші, тәжірибелік деңгейге тұлғаны оқыту арқылы қалыптасқан білім, білік, дағдылары, әдеттері жатады.

1.1Жеке тұлға мінезі мен темпераменті

Темперамент дегеніміз - жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл - қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент адамның жалпы қозғалысын (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады), адамның көңіл күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т.б.) эмоция сезімдерінен де (біреуі сабырлы, екінші біреу күйгелек т.б.) жақсы байқалып отырады.
Темперамент туралы алғашқы ой - пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде - ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б.э.д. 460 - 356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Мәселен, ағзада қанның пропорциясы артық болса сангвиникалық (латынша "сангиус"-қан), ал шырын басым болса (грекше "флегма"-шырын), флегматик темперамент деп, ал организмде қара өт басым болса, меланхолик (грекше "мелайне- холе") - қара өт, ағзада сары өт басым болса, холерик (грекше "холе-өт") темпераменті деп аталған.
Сангвиник темпераменті көңілді адамдарға тән. Ол болашаққа сенімді, әзілкеш болып келеді. Ол тез қызбаланады, бірақ тез сабасына түседі, жақында ғана өзін баураған нәрсеге қызығушылығы тез басылады. Сангвиник көп уәде береді, бірақ өзінің уәдесін орындай бермейді. Ол бейтаныс адамдармен тез және оңай тіл табыса алады. Ақкөңіл және әрдайым көмек беруге дайын тұрады. Оны ауыр ой мен еңбегі тез шаршатады.
Меланхолик темпераменті көңілсіз адамға тән. Ондай адамның әдетте, ішкі өмірі күрделі және ауыр болып келеді. Ол өзіне қатыстыларының бәріне үлкен мән береді, тынымсыз және нәзік жанды болып келеді. Ол көбінесе және уәде берер кезде өзін ерекше бақылай алады, өзі орындай алмайтын нәрсе үшін ешқашан уәде бермейді.
Холерик темпераменті қызба адамға тән. Мұндай адамды ол өте қызба, шыдамсыз дейді. Алайда, оның айтқанын жөн санап, дұрыс деп қабылдаса ол мінезінен тез қайтады. Оның қозғалысы шалт келеді.
Флегматик темпераменті салқынқанды адамға тән. Ол ауыр және белсенді жұмыстан гөрі әрекетсізддікке бейім. Мұндай адам әсерлене бермейді, алайда, әсерленсе сол күйде ұзақ болады.
Мінез - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы.

Психология ғылымында мінез топтастырылып, оның қасиеттері мынадай төрт түрлі жүйеге бөлініп қарастырылады:
- мінездің еңбекке байланысты қасиеттері: еңбексүйгіштік, адалдық, еңбекке жауапкешілікпен қарау , жалқаулық , немқұрайдылық т.б.
- ұжымға, адамдарға қатысты қасиеттер: қайырымдылық, сергектік, талап қоюшылық, асқақтық , менсінбеушілік.
- өзіне - өзінің қатынасы: өркөкректік, даңғойлық, тәкәппарлық, мақтаншақтық, өзімшілдік, қарапайымдылық, кішіпейілділік;
- заттарға қатынасы: ұқыптылық, салдыр - салақтық, заттарды ұстап - тұтуы мен ұқыпсыздығы.
Темпераментпен салыстырғанда мінез жүйке жүйесінің қасиеттеріне ғана байланысты емес, ол адам мәдениеті, оның тәрбиесіне де тәуелді.
Темперамент - 25 ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні - адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер.Әр адамның,баланың жан дүниесі өз алдына бір болмыс.Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында.Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы,тұрақтылығы, ауыспалы - қозғалғыштығы - бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен, осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас - тартысты қырлары баршылық. Бірақ проблемаға байланысты көзқарастардың көпшілігіне қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындайтыны:темперамент - жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы. Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет - қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын белгілейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді. Назар аударарлықтай ерекшелік, темпераменттің әрқилы қасиеттері бір - бірімен кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар негізінде түрлі темпераменттің белгілі құрылымын түзеді.
Сонымен, темперамент - адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы.бұл психикалық ерекшеліктер адамның барша іс - әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаның даралық-типологиялық ерекшеліктері. Құндылықтар, қызығушылықтар, нормалар тұлғаның рухани негізі ретінде
Адам темпераменті
Темперамент пен мінез туралы анықтама
Әрекет темпераменттері
Тұлғаның қасиетін сипаттайтын қатынас
Темперамент пен мінездің өзара байланысы
Басқару психологиясының пәні. Менеджменттегі психологиялық білімдердің мәні. Болашақ психолог-менеджер
Бастауыш сынып оқушыларының темпераментін анықтау жолдары
Эмоциясы күшті темпераменттер
Оқушыларының темпераменттерін тәрбиелеу жолдары
Пәндер