Театр бала өмірінде


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

І. Кіріспе . . . 2-5

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Мектепалды даярлық тобында театр түрлерін

қолдану ерекшеліктері . . . 6-7

2. 2. Театрландырылған ойынның жіктелуі. Драматизация . . . 8-10

2. 3. Жалпы театр өнері мен қазақ театры . . . 11-15

2. 4. Көлеңке және оның түрлері . . . 16

2. 5. Театрландырылған қойылымдар арқылы балалардың тілін дамыту . . . 17-22

2. 6. «Театр» бала өмірінде . . . 23-25

ІІІ. Қорытынды . . . 26-27

Пайдаланлған әдебиеттер . . . 28

Кіріспе

«Шығармашылық» білім беру саласы

Мақсаты: эстетикалық талғамын, қиялын, шығармашылық қабілетін қарастыратын шығармашылық құзіреттілігін меңгерген мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын дамыту.
«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны:

а) ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:

- мүсіндеу;

- жапсыру;

- сурет салу;

- музыка арқылы

ә) балалардың өмірлік іс-әрекеттері мен тәрбиесі:

- шығармашылық дербес іс-әрекеттері (бейнелеу, музыкалық, театрландырылған) ;

- тәрбиешімен бірлескен шығармашылық;

- ән-күймен және қылқалам шеберлерінің өнер туындыларымен таныстыру;

- саяхаттар, зерттеулер, балалар шығармашылығының көрмесін ұйымдастыру арқылы

жүзеге асады.

Мүсіндеу
Мақсаты: мүсіндеуге қызығушылығын қалыптастыру негізінде көркемдік талғамын жетілдіру.
Міндеттері :

1. Заттардың ерекшеліктеріне тән түрлі пластикалық материалдардан мүсіндеу іскерліктерін дамыту.

2. Заттарды бейнелеу тәсілдері мен мәнерлеу құралдарын өз еркімен таңдап алуға үйрету.

3. Шығармашылық әрекеттер үдерісіне, көркем шығармаларға, халық шығармашылығына жағымды қатынасын білдіру іскерліктеріне тәрбиелеу.

Мазмұны:

Алақан арасына салып түзу және домалақтап ширату іскерліктерін жетілдіру.

Саз балшықтың, қамырдың, ермексаздың, қардың кесегінен мүсіндеуге және мүсіндеудің түрлі ширату, жалпайту, пішіннің шетін шымшып жалғастыру тәсілдерін қолдана отырып бейнелер жасауға үйрету.

Сазбалшықтан пішіннің негізгі бөлігін созуға (құстың тұмсығы, қоянның құлағы), пішіннің үстін тегістеуге, бөліктерді біріктіруге, оларды қысу және жағуға (шыны аяқтың тұтқасы), толық пішінді беру үшін ішіне қарай басуға (табақ, кружка) үйрету.

Балаларды бейнелік ойыншықтарға, бейнелеу өнері заттары мен сәндік-қолданбалы өнерге талпындыру.

Заттардың бірнеше бөліктерін тепе-теңдік қалпын сақтап, бөліктерді бір-біріне біріктіру арқылы мүсіндеудің тәсілдерін көрсету.

Балаларға түрлі материалдарды қосып (ермексаз, саз балшық, табиғи және қалдық материал) мүсіндеуге үйрету, шығармашылық қиялын дамыту.

Балаларды көлемді пішіндер мен қарапайым композиция мүсіндеуге қызықтыру.

Адамдар мен жануарларды мүсіндеудің түрлі тәсілдерін көрсету.

Жеке жұмыстарын ұжымдық композицияға біріктіру жолдарын үйрету.

Стектерді қолданып жұмыс істеуге үйрету.

Жыл соңында мүсіндеу бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:
- бірнеше бөліктерден тұратын заттарды мүсіндеуді, илеу, жалпақтау, қосу, шымшу тәсілдерін қолдануды;

- мүсіндеуде әртүрлі материалды (пластилин, сазбалшық, табиғи және қалдық материалдар) бірлестіруді;

- жұмыста стектерді қолдануды білуі тиіс.

Жапсыру
Мақсаты: мәнерлі бейне мен жапсыру әрекеттерінің сюжетін құруда эстетикалық талғамын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Балаларға қарапайым пішіндерді қиып және өз еркімен, шығармашылық пен қиялын таныта отырып, үлгіге қарап бейне құрастыруға үйрету.

2. Заттардың халықтық сәндік-қолданбалы өнерімен және оларды орындау техникасымен таныстыру.

Мазмұны:

Қайшымен жұмыс жасау ережелерімен таныстыру.

Шаршы мен тіктөртбұрышты қиғаш сызық бойынша кесуге, шеңбер мен сопақшаны жіңішкелеп ортасынан кесу, содан соң жалпақ жолақша етіп кесуге үйрету.

Адам мен жануарлардың пішіндерін, едәуір күрделі заттарды бейнелеуге үйрету.

Ұсақ бөлшектерді құрастырып және желімдеуге, яғни заттардың бейнесін алдымен қағаз бетіне қойып алып, содан соң оларды желімдеуге үйрету.

Заттар мен өрнектердің пішіндеріне байланысты жазықтықта орналасу заңдылықтарын, элементтердің бірізділігі мен олардың арасындағы арақашықтықты сақтауын көрсету.

Домалақ, шаршы, жолақшадағы өсімдіктер пішінінде және басқа да пішіннен геометриялық элементтерден өрнек құрастыру тәсілдерін көрсету.

Қылқалам мен желімді пайдаланып, клеенкадағы пішінге ұқыпты жағу, су орамалды қолдану іскерліктерін дамыту.

Қағаздың: жыртылатыны, оңай мыжылатыны және желімнің: желімденетіні, ұқыптылықпен қолдануды қажет ететін мүмкіндіктері туралы ұғымдарын бекіту.

Ұжымдық композиция қалай құру керектігін үйрету.

Жапсыруға қызығушылықтарын дамыту.

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері - кілемге жапсырумен таныстыру.

Балаларды түрлі бейнелеу материалдарын (жапсыру мен сурет салу) үйлестіріп жапсыруға үйрету, шығармашылық қиялын дамыту.

Жыл соңында жапсыру бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:
- қайшыны дұрыс ұстап, оны дұрыс қолдана білуді;

-шаршы мен төртбұрышты диагоналі бойынша қиюды;

-шаршыдан дөңгелек, төртбұрыштан сопақша қиюды және қиғаш қиюды;

-жеке бөліктерден тұратын заттарды орналастырып, желімдеуді;

- жолақшаның, шаршының, дөңгелектің үстіне өсімдік пен геометриялық пішіндерден өрнектер құрастыруды, оларды кезектестіруді және біртіндеп желімдеуді білуі тиіс .
Сурет салу

Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балаларға қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды бейнелеу тәсілін үйрету негізінде эстетикалық талғамын қалыптастыру.
Міндеттері:

1. Заттар мен өнер шығармаларының, халық ойыншықтарымен және сәндік-қолданбалы өнер шығармаларының эстетикалық қасиеттерімен таныстыру.

2. Қарапайым заттар мен қоршаған ортаның құбылыстарын, ертегі кейіпкерлерін бейнелеу тәсілдерін үйрету.

3. Қазақ және басқа халықтардың сәндік-қолданбалы өнерін сурет салуда қолдануға үйрету.

Мазмұны:

Заттарды, адам мен жануарларды, табиғат құбылыстарын, өздеріне таныс ертегі кейіпкерлерін бейнелеуге үйрету.

Сәндік-қолданбалы өнердің кейбір түрлерімен, керамикалық ыдыстармен, балалар көркем әдебиеті шығармаларының суреттерімен, атақты қазақ және басқа суретшілердің көшірмесімен, кіші пішіндегі мүсінмен таныстыру, олардың мазмұнын түсіне білуге үйрету.

Балаларды күрделі заттардың суретте ораналасқан бөліктерін (жоғарыда, төменде, бір жағымен, екінші жағымен) бейнелеу барысында және оларды көлемі бойынша үйлестіре білуге үйрету.

Адамдар мен жануарлардың суретін салу тәсілдерін көрсету.

Балаларды негізгі түстермен және олардың реңктерімен, қағаз бетін бағдарлап, сурет салу тәсілдерімен таныстыруды жалғастыру.

Көлеміне байланысты жазықтыққа ою-өрнекті орналастыру заңдылықтарын, элементтердің бірізділігін және олардың арқашықтығын сақтауларын көрсету.

Халық ойыншығының сарыны бойынша, керамикалық ыдыс-аяққа, дөңгелекке, жолақшаға, шаршыға, дайын пішінге өрнектің элементтерінің суретін салуға, өрнектің элементін ырғақты орналастыру, симметрияны сақтауға үйрету.

Қазақ халқының және дымковтық ойыншықтардың ою-өрнектерінің элементтерін салуға үйрету.

Сурет салудың техникалық дағдыларын бекіту: қаламмен, қылқаламмен (акварельдік бояу, гуашь) тек бір бағытта - жоғарыдан төмен немесе солдан оңға қарай, бояуды ырғақпен жағу, бүкіл пішінді үзік сызықпен сызу, сұлбаның шегінен шығып кетпей, қылқаламмен жалпақ сызық жүргізу, ал жіңішке сызықты, түктің ұшымен немесе қылқалам сабынының ұшымен нүкте арқылы суреттерді бояу.

Жыл соңында сурет салу бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:
-суреттегі образдың мәнерлі болуы үшін, түс пен рең үйлесімділігін қолдануды;
-суретте заттың пішінін, құрылымын, бөліктердің орналасуын, көлемі бойынша арақатынастарын дұрыс көрсетуді;

- бір суретте бірнеше затты бір жолақшаға бүкіл параққа орналастырып бейнелеуді, бірыңғай мазмұнмен байланыстыруды;

- жолақтың, шаршының, дөңгелектің бетіне өрнек салуды, элементтерді бір қалыпта орналастыруды білуі тиіс.

Музыка
Мақсаты: балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, музыкалық шығармашылық әрекеттер түріне эмоционалдық қатынасын білдіруге талпындыру.

Міндеттері:

1. Кейбір музыкалық мәнерлілік құралдары туралы музыкалық қабылдау ұғымдарын қалыптастыру.

2. Музыкалық аспаптардың дыбысталуын ажыратуға үйрету, даңғырлатып ойнайтын оркестрге қатысу.

3. Би қимылдарын орындауға, музыкалық ойын әрекеттеріне талпындыру.

4. Түрлі сипаттағы музыкалық шығарманы ажыратуға, кейбір балалар композиторларының шығармаларын атауға үйрету.

5. Сазды әуенмен, күшенбей, мәнерлі, табиғи даусымен ән айтуға үйрету.

6. Адамгершілік-эстетикалық сезімге тәрбиелеу.

Мазмұны:
Ән тыңдау

Түрлі сипаттағы (көңілді, көңілсіз, жылдам, баяу) музыкалық шығарманы қабылдауға үйрету.

Музыкалық шығарманы аяғына дейін тыңдау, шығарманың бөлімін ажырату, музыканың сипатын анықтау іскерлігін дамыту.

Әнде не туралы айтылғанын әңгімелеу іскерлігін дамыту.

Музыкалық ойыншықтар мен аспаптарды (асатаяқ, домбыра, қобыз, барабан, сылдырмақ, дабыл және т. б. ) ажырату іскерліктерін дамыту.

Музыкалық шығармалар мен олардың жанры туралы ұғымдарын қалыптастыру.

Дыбыстардың биіктігі, дыбыстау ұзақтығы, ырғақ пен тембр туралы ұғымдарын қалыптастыру.

Ән салу

Жеке және хормен ән айту, дыбысталуын созып, дауыс ырғағын таза келтіріп айту дағдыларын қалыптастыру.

Бір қарқында (жылдам - баяу) бірдей дыбыстау күшімен (қатты - ақырын) ән айтуға үйрету. Түрлі сипаттағы әндерді орындауды қолдану, секірмелі және әдемі сазды қарқынмен дауысты бере білуге үйрету.

Табиғи дауыспен ән салуға, күштенбей, сөзі мен дыбысты таза және анық, кіріспе музыкадан кейін әнді бастауға, музыкалық сөздің арасында тыныс алуға, әнді бір уақытта бастап аяқтауға, сазды дұрыс бере білуге, әннің аяғын саздылық етуге үйрету.

Кварта аралығында, музыка сүйемелдеуімен және сүйемелдеуінсіз ән салу. Дыбыстарды биіктігі бойынша (октава шегінде) ажырату, басы мен аяғын сезіну.

Балалар композиторларының шығармаларын, халық музыкасын, бағдарламалық шығармалар мен олардың авторларының аттарын атап, тани білуге үйрету.
Музыкалық-ырғақтық қимылдар

Жаттығулар, ойындар, хороводтар, билер, би шығармашылығы. Музыка сипатына сай қимылдарын өзгерту, пьесаның соңын сезіну, музыка сипатына қимылды үйлестіруге талпыну іскерліктерін дамыту.

Музыканың түрлі бөліктерін: ән бастамасы, қайырмасын ажыратуға үйрету.

Би қимылдарын, музыкалық ойын әрекеттерін орындауға талпындыру.

Би қимылдарымен, би билеу, ойын және хороводтармен таныстыру.

Музыка сипатының алмасуын сезінуге үйрету.

Таныс әннің мазмұнын сахналауға қатыстыру.

Балалар музыкалық аспаптарында ойнау

Ересектердің домбырада, сазсырнайда, қобызда, аккордеонда, металлофонда, ксилофонда және басқа да түрлі музыкалық және даңғырлақ аспаптарындағы ойнауын тыңдау іскерлігіне тәрбиелеу. Күрделі емес ырғақта үшбұрышта, румбада, табақшада өз еріктерімен орындау іскерліктерін дамыту. Шулы оркестрге қатысуын талпындыру. Балалар музыкалық аспаптарын танып, атай білуге үйрету.

Жыл соңында музыка бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:
-музыкалық шығарманы зейін қойып тыңдауды;

-әндерді әуені бойынша танып білуді;

-дауысты ырғағы бойынша танып білуді;

-әнді созып айтуды, мәтіннің сөздерін анық айтуды;

-ән айтуды бірге бастап бірге аяқтауды;

- музыканың сипатына сәйкес қимыл-қозғалыстарды орындап оларды музыкалық

шығарманың мазмұнына байланысты өзгертуді;

- би қимылдарын (секіру, жұптасып шеңбер бойында би қимылдарын орындау, бір орында

тұрып айналу және жұптасып айналу) орындауды білуі тиіс.

2. 1. Мектепалды даярлық тобында театр түрлерін қолдану ерекшеліктері.

Саусақ театрында- саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын саханалау болып табылады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап, бала қуанады шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т. б. түсініктерді бағдарлай алуда үйренеді.

Үстел үстіндегі театры. Сәбилер тобынан бастап-ақ тақпақ пен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін стол үстіндегі театрды қолданған жөн. Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады. Үстел үстіндегі қуыршақтар театрдың бірнеше түрі бар: әр түрлі биіктегі конустан, цилиндрдан, қораптардан жасалған ойыншықтар; таяқшадан жасалған театр; «киндер- театр»; магнит театры; «мочалка театр»; үстел үстіндегі кейіпкерді тоқымадан немесе крючокпен тоқуға болады ( олар өздерінің формасын ұстағандай пластмас бутылкаларға кигізіп қойады) ; ағаш ойыншықтар, саздан жасалған ойыншықтар (дымковски ойыншықтар) .

Суреттер (картиналар) театры. Декорация мен кейіпкердің - суреттері. Олардың әрекеттері шектелген. Ойнаушының дауыс ырғағы (интонация) арқылы кейіпкердің мінез-құлқы беріледі. Кейіпкер әрекет барысында пайда болады, балалардың қызығушылығын арттырады.

Стенд-кітапша театры. Бірін-бірі ауыстыратын иллюстрациялық оқиғалар көрсетіледі. Стенд-кітапшаның беттерін ашу арқылы жүргізуші әр түрлі сюжеттерді көрсеттеді (оқиғалар, кездесулер) .

Фланелеграф театры. Суреттер мен кейіпкерлер экранда көрсетіледі. Оларды фланельдер ұстап тұрады. Мұндағы суреттерді балалар мен бірге ескі кітаптардан, журналдардан қиып алуға болады.

Трафарет театры. Трафарет театры арқылы сөз құрамының байлығын, диалог, монологты дамытуға болады. Балалар дайын трафареттердің көмегімен болашақ кейіпкерлердің суреттерін жасайды. Оларды түрлі-түсті бояулармен бояйды, дайын бейнелерді қайшымен қияды. Бұл жерде балалардың шығармашылық ойлау қабілеттері дамиды. Ұжымдасып жұмыс істеу үрдісінде әрбір бала өзіне берілген бейненің түр-тұлғасын, қимыл- қозғалысын өзгерте алады.

Көлеңкелі театр. Жарық өте жақсы түскен экранда адамдар, жануарлар және құстардың пішіндерінің қозғалысына қарауды балалар өте жақсы көреді. Ертегі, әңгіме, өлең, әндерді көлеңке театры арқылы айтуға болады. Көлеңке таетрдың қойлымын көрсетуге үш тәрбиеші қатысады. Біреуі мазмұнын оқиды, екеуі көріністі көрсеттеді. Көлеңке театрдың сақанасы экран болады. Экранды ағаштан немесе қалың кардоннан жасайды, ою- өрнекпен өрнектейді. Кейіпкерлерді көрсету үшін - оны экранның арт жағынан ұстайды. Кейіпкерлерді қара түспен жуқа кардоннан жасайды, жіп арқылы қозғалтады. Кейіпкерлерді көрсеткенде қол көрінбеу керек. Бұл көріністер балалардың шығармашылықтарын арттырады, ой өрістері дамытады.

Көлеңке театры - осыдан 1500 жыл бұрын Азияда пайда болған визуалды өнер түрі. Бұл өнер шартты түрде көлең­ке театры деп аталғаны болмаса, экран­да ешқандай көлеңке болмайды, тек жарық түсірілген экранның арғы жағы­нан қуыршақтардың сұлбасы көрініп тұрады. Экран жұқалтаң болып келеді. Әдетте қуыршақтар түйенің, ешкінің жұқа терісінен, қағаздан, қатты немесе түрлі-түсті қағаздардан жасалады. Түрлі фигурадағы қуыршақтар бамбук, ағаш және металл таяқтармен қозғалатын болған. Сондай-ақ көлеңке театрында тек қуыршақтар ғана қолданылмайды, актерлердің қолының қимылы арқылы жасалған түрлі фигуралар, тіпті актердің өзі де көрінуі мүмкін. Екінші мыңжыл­дық­та көлеңке театры Қытай мен Үндіс­танда өте кең тарады. Шыңғыс ханның әскерімен бірге Азияның басқа елдеріне де тарала бастаған деседі. Көлеңке театры XVI ғасырда Түркияда, яғни Ос­ман империясында өте жоғары деңгейге көтерілді. 1767 жылы көлеңке театры­ның техникасын француздық миссионер Жюль Алод өз Отанына алып барды. Ал 1776 жылы бұл театр Ұлыбританияда да танымал болды. Немістің белгілі ақыны Гете осы бір өнер түріне аса қы­зығушылық танытып, өзі арнайы қойы­лым қойған екен. Бүгінде көптеген кол­лекционер­лердің арасында теріден жа­салған қуыр­шақтар қымбат баға­ла­нады. Ал көлеңке театрының өзі жойы­лудың аз алдында. Азиядан бастау алған бұл театр бүгінде Грекияда, Чехосло­вакияда, АҚШ-та бар. Ал Ресейде бұл өнер жеке театр емес, қосымша қойы­лымдар түрінде пайда­ланы­лады. Қазіргі таңда көлеңке театры Индонезияда кең таралған.

http://massaget.kz/userdata/news/news_6707/thumb_b/photo.jpg

Көлеңке көзге түскен сәт

Бір сәт балалық шаққа оралайықшы. Айналаны түн басқан кезде үйге кіреміз. Қарлы боран кезінде үйден тоқ кетіп қалады. Шамның жарығына үймелеп, сырласамыз ғой, сыр ақтарысып отырып, жарық көлеңкесімен ойнайтынымыз-ай. Қолымызды олай да, былай да ербеңдетіп, қоян не қасқырды салып, мәз болатынымыз-ай.

2. 2. Театрландырылған ойынның жіктелуі. Драматизация

Балабақшадағы театрландырылған іскерлік бағдарламасы: 5 бөлімнен тұрады.
Театрландырылған ойын. Кез келген өмірлік мән жайда өз құрбыластарымен және үлкендермен қарым-қатынас жасай білуге, кез-келген жұмысқа шығармашылық қабілетпен қарауға, эстетикалық сезіммен ойнау арқылы мінез құлқын дамыту. Бұл бөлімдегі ойын 3-ке бөлінеді:

-дамытушылық
-әсемділік
-театрлық.
1. Ырғақты иілгішті (ритмопластика ) - бұған кешенді (комплекст) ырғақтылық, музыкалық, иілгіштік ойындар мен жаттығулар кіреді. Дене қозғалысының нақтылығымен еркіндігін дамытуда, өзінің денесінің сыртқы қоршаған ортамен байланысқан қарым-қатынасын сезінуге балаларды эстетикалық, психологиялық қабілетін дамытады.

2. Сөз мәдениеті және техникасы . Ойындар мен жаттығулар сөйлеу логикасы мен дикциясын дұрыс артикуляциясын меңгере білуге, сөйлеу құрылымын еркін айтуға, тыныс алуын дамытуға бағытталған. Бұл бөлімге сөздермен айтылатын ойындар кіргізілген. Бейнелеу арқылы сөйлетуін дамыту, шығармашылық фантазиясын дамыту, шағын әңгіме және ертегі құрастыра білуге үйретеді. Жаттығулар 3-ке бөлінеді:тынысалу және артикуляциялық, дикциялық және интонациялық сөздер мен шығармашылық ойындар.

3. Театр мәдениеті: Балаларға театр өнерінің шынайы сезімдерін меңгерту. Бөлімнің негізгі тақырыптары: театр өнерінің ерекшеліктері, театр өнерінің түрлері, қойылымның жасалуы, сыртқы және ішкі театр, көрермендер мәдениеттілігі.

4. Қойылыммен жұмыс - жанама бөлім, авторлық саханалауға негізделген. Оған кіретін тақырыптар.

-қойылыммен таныстыру

-қойылымды мазмұндап, талдау, кейіпкерлендіру.

-Қойылымға қажетті құралдар дайындау. Көріністі безендіру.

-Дайындық
-Қойылымды саханалау

5. Театрландырылған ойынның жіктелуі. Ол екіге бөлімнен тұрады.
Драматизация. Режиссерлық.

Драматизациялық ойында бала - артист, интоноция, мимика, пантомима арқылы өз бетімен бейне жасайды, өзіндік әрекет етіп рөлді ойнайды. Бұрыннан жасалған саханалық қойылымда бала ойын - драматизациясында қандай бір сюжетте ойнайды. Ойын драматизациясы көрерменсіз музыкалық сипаттағы орындау болады.
1. Драматизация түрлері:

  • жануарлар, адамдар, ертегілер бейнесіндегі кейіпкерлер ойыны;
  • мәтін бойынша негізделген диалог, маналог, рөлдік ойындар;
  • шығармашылық көрсетілім;
  • бір немесе бірнеше шығарма арқылы қойлым қою. Ал, драматизация ойынның екі түрін қарастыруға болады.

Саусақтар ойын драматизациясы. Балалар атрибуттарды саусақтарына киеді. Ертегінің мәтінін айта отырып саусақтарын қимылдатып сюжет жасайды. Көріністі ширманың сыртында тұрып, немесе топта еркін қозғала жүріп көрсетеді.

Қуыршақ бибабомен ойын - драматизациясы. Бұл ойында саусақтарға қуыршақ бибабаоны киеді. Ширмада ойнайды. Бұл қуыршақтарды ескі қуыршақтардан жасауға болады.

2. Режиссерлық ойында: балалар әрекет етуші бейне болмайды, өзі режиссер және сахна қоюшы рөлінде ойнайды, ойыншықтардың орынында болады. Мұнда бала қозғалмайтын пішіндер және ойыншықтармен әрекет етеді, сондықтан ойында интонация мен мимика ерекше орын алады.

Балалар театрының бірнеше түрлері бар:

1. Ойыншықтар театры -Бұнда балалар қысқа тақпақтарды жаттап, оның өзіне тән орындау кезінен бастап-ақ кішкене көлемді спектакельдер ойнайды. Ондағы адамдар рөлін ойыншықтар орындайды.

Жіптің көмегімен басқарылатын қуыршақтарды - маринеткалар дейді. Оларды әр түрлі материалдардан жасайды. Жұмсақ ойыншықтарды да қолдануға болады. Мұндай ойыншықтар қозғалысқа ағаш таяқшалар арқылы келтіріледі, яғни екі айқастырылған ағаш арқылы жіп өткізіліп ойыншыққа байланады. Қолмен қуыршақтарды басқарады. Театр қуыршағының биіктігі баланың биіктігігіндей болады. Бала өзіне кастюм, үлкен бетперде. Үлкен алақандар киеді, олар тірі қуыршаққа ұқсайды. Өздері қуыршақты жасауға болады. Оның негізі болып үш бұрышты орамалды алуға болады. Бір бұрышын қуыршақтың басына, екі бұрыштарын резинка арқылы баланың саусақтарына бекітіледі. Қуыршақтың басына тесмалар қосады, ол қуыршақ пен жүргізушінің мойынына ілінеді. Бұл қуыршақтар балаларға әнмен, бимен, ойынмен көрсету арқылы шығармашылықтарын дамытады. Бұл балалрдың өздерін еркін сезінуіне, өз күшіне сене білуге көмектеседі.

2. Саусақ театрында - саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын саханалау болып табылады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап, бала қуанады шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т. б. түсініктерді бағдарлай алуда үйренеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Театр - киім ілгіштен басталады
Қуыршақ театры
Мектепке дейінгі балалардың қиялдың даму ерекшеліктері
Қазіргі қазақ аулының мәдени өмірі
Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ойын әрекеті. Оның түрлері. оларды ұйымдастыру әрекеті
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТІЛІН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың сюжеттік-ролдік әрекеті негізінде шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру
Балалар ойыны еркін түрде іске асырылатын әрекет
3- 4 жастағы балалармен өтікілетін тіл дамыту сабағы
Мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларға сюжетті - ролдік ойындарды қолданудың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz