Бастауыш сыныпта көркем шығарманың кейбір түрлерін оқыту



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
І. КІРІСПЕ БӨЛІМ______________________________ __________3
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ______________________________ __________
2.1. Бастауыш сыныпта көркем шығарманың кейбір түрлерін оқыту
___________________________________ _______________________
2.2. Мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылпаштарды оқыту арқылы тіл дамыту
___________________________________ ______________________
2.3. Ана тілі сабағында көркем шығармаларды оқытуда жаңа технологиялардың ерекшелігі және әдіс - тәсілдері
___________________________________ ______________________
2.4. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқущылардың көркем шығарма оқуға қызығушылығын арттырудың тиімді жолдары
___________________________________ ______________________
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ__________________________ _____________
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ_____________

CӨЗДІК
+ Көркем шығарманы оқыту - оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру.
+ Мысал -тұспалмен, ишарамен айтылатын жанр.
+ Мақал- мәтел- тәрбиелік мәні күшті, балаларды жақсылыққа баулап, жамандықтан аулақ болуға үгіттейтін өнегелі сөз.
+ Жұмбақ -халық шығармаларының ішіндегі ең ескі түрінің бірі және барлық халықтардың ауыз әдебиетіне ортақ түрі.
+ Ертегі -адам өмірінде, не хайуанат дүниесінде болуына лайық, әр алуан қызық, кейде тіпті ғажайып оқиғаларды ойдан шығарып, өсіре әңгімелейтін көркем баян, әсерлі хикая.
+ Өлең - шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі.
+ Сын тұрғысынан ойлау- педагогтың бағыттауымен оқушының өз бетінше білімді игеруі.
+ Эссе жазу әдісі - француз тілінен аударғанда шағын көлемдегі ойталқы жазу, белгілі бір көріністен алған әсерін, белгілі бір сұрақ төңірегінде ойға түйгенін қағаз бетіне түсіру.
+ Инсерт-түртіп алу әдісі.

КІРІСПЕ
Оқушыларға әдебиеттің құдіретін, оның адам баласы жаратылғаннан бері бірге жасасып келе жатқандығын, мәңгілік жаңарып, жасарып отыратын үрдіс екенін айтып, түсіндіре отырып, сол әдебиетті жасаушылар, ақын - жазушылар туралы, олардың көркем шығармалары жайында айтуымыз керек.
Көркем шығарма - әдебиеттің құндылығы. Көркем шығарманы оқыту - оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру, - деген болатын әдебиет зерттеуші - ғалым, белгілі жазушы, ұлағатты ұстаз Қажым Жұмалиев.
Оқушы әдебиет сабағында көркем шығарманы қабылдау керек. Бұл - оңай үрдіс емес. Қабылдау деген сіз бере салғанды ол ала қоятын зат емес. Ол - оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние.
Қандай жақсы көркем шығарма болмасын оқушы қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың жай күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз.
Оқушыдағы осы сезімді ояту - мұғалімнің қолында, яғни, оқушыға әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс - тәсілдерді орнымен қолдану қажет.
Әдебиетті оқыту - ғылым саласымен тығыз байланысқан. Себебі, ғылымның қай саласын алсаңыз да теориялық және қолданбалы практикалық мәндес болады деп білсек, әдебиетті оқыту арқылы оқушыға көркем шығарманы оқытуды қалыптастыру әрі теориялық, әрі қолданбалы жүйесін бірлікте қарастырумен қатар оның өнер екендігін де ескерген жөн. Өйткені, игерілуге тиісті ұғым, сөздің мәні, айтылмақ ой - түсінік оқушыға әсер етерліктей болса, ол тиісті деңгейде көңіл толқытып, тереңірек ойланады. Сондай - ақ әсер санаға ерекше ықпал етеді.
Зерттеудің өзектілігі: Әлемдік саяси аренада Қазақстан Республикасының өзіндік салмағын пайымдау оның ұлттық білім жүйесінің жоғары дәрежеде дамуымен байланысты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ел халқына Жолдауында Қазақтың ел болуы, ұлт тағдыры - оның келешек мектебінің қалай болып құрылуына тіреледі. - деп атап көрсетті.
Егемендіктің тұғыры тұрақталып, мемлекеттің іргесін нығайту және қазіргі уақыттағы жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті, тұтастықты сақтау, ұлттық сананың сарқылмауы, тіл мен ділдің баянды болуы үшін мектеп қабырғасында елжандылық тәрбие идеяларының санасына дарытуда әдебиеттің алатын орны ерекше.
Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың көркем шығарманы қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім - болмысымен түсіне білулері жатады. Яғни мұғалім осы мақсатпен ізденуі керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс - тәсілдерін сұрыптай отырып пайдалануы керек.Еліміздің өз тәуелділігіне қол жеткізіп, саяси - әлеуметтік және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан уақытта терең білім, сауатты ұрпақ тәрбиелеу - негізгі міндеттердің бірі.
Зерттеудің мақсаты: оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып эстетикалық, интеллектуалдық, көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру; оқырмандық тұрақты ынта - ықыласты, биік талғамды қалыптастыру; әдеби мұраны және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық қабылдауына қажетті білім және біліктілікпен қаруландыру; логикалық ойын, ауызекі және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру. Бір сөзбен айтқанда, жеке тұлғаны дамыту, қалыптастыру болып табылады.
Зерттеу міндеттері:
+ оқушының - көркем шығарманы оқуға деген қызығушылығын, ынтасын ояту, жоғары эстетикалық талғам мен қажеттілікті қалыптастыру;
+ оқушының сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп, тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болатын білім, білік, икем - дағдылар қалыптастыру;
+ оқушының ойын сауатты ауызша (жазбаша) айта да, жаза да білу, байланыстырып сөйлеудегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой - пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге баулу.
+ Зерттеу пәні: көркем шығарманы оқыту
+ Зерттеу нысанасы: көркем шығарманы оқыту арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру
+ Зерттеу құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, негізгі, қорытынды бөлімнен, пайдаланылған әдебиттер тізімінен, сөздіктен тұрады.

II. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ КЕЙБІР ТҮРЛЕРІН ОҚЫТУ
Бастауыш сыныптардағы оқу бағдарламасы көркем әдеби шығармаларды қамтыған. Әдеби шығарма, түрлі бейнелер, олардың іс-әрекеті арқылы өмірді түсінуге көмектеседі. Жазушының идеясы, көңіл-күйі шығарманың мазмұны арқылы оқушыға беріледі, сөйтіп оларда алуан түрлі сезім, ой туғызады, дүниеге көзқарасын қалыптастырады.
Көркем әдеби шығармалардың мұндай ерекшеліктері бастауыш сыныптарда олардың өзіндік әдістемесін қажет етеді.
Ертегілерді оқыту. Халық әділеттілік пен адамгершілікті, ақылдылық пен батырлықты ертеден-ақ өте жоғары бағалап, әңгімеге, ән-жырға арқау етіп отырған. Халықтың ауыздан-ауызға тарап, бізге жеткен ертегі, аңыз әңгімелерінің барлығында да ақылдылық пен ақымақтық, арамзалық пен адалдық, жақсылық пен жауыздық қатар көрсетіледі.
Ертегілердің тәрбиелік маңызы орасан зор. Ертегілерді оқу арқылы балалар қарапайымдылық, қішіпейілділік, қайырымдылық адалдық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. Ертегінің тілі түсінікті, қанатты сөздер мен бейнелі тіркестерге бай болып келеді. К. Д. Ушинскийдің сөзімен айтқанда, ертегі оқушыны халық қазынасына ендіреді, халық рухымен араластырады.
Ертегілерді оқуда мыналар ескерілу қажет:
1. Ертегіні оқу барысында бұл ойдан шығарылған,
өмірде кездеспейді деудің қажеті жоқ, балықтың, жан-
жануарлардың сөйлемейтінін балалардың өздері де бі-
леді, бірақ ертегіде кездесетіндерді қиялдау оларды
көңілдендіреді, армандауға үйретеді.
2. Оқушыларды кейіпкерлерге қарапайым мінездеме
беруге үйретуде ертегілердің пайдасы мол. Ертегі кейіп-
керлеріне берілетін мінездеме әдетте бір-екі айқын бел-
гілерді көрсетіп, анық түсінікті болып келеді.
3. Қара сөзбен жазылған ертегілер мәтінге жақын үл-
гімен мазмұндалады. Кейде ертегіні оқымай-ақ, мұға-
лім оның, мазмұнын қызықты етіп айтып береді. Егер
артистердің орындауындағы фонохрестоматияны пай-
даланса, тіпті жақсы.
Ертегі балаларды жоспар жасауға үйрету үшін де өте қолайлы. Оны бөлімдерге бөлу, ат қою, қандай суреттер салуға болатынын анықтау т. б. осындай жұмыстарды II -- III сынып оқушылары орындай алады. Ал IV сыныпта ертегіге өз беттерімен жоспар жасау тапсырылады.
4. Жануарлар туралы ертегілерді оқығанда дайындықтың онша керегі жок.
5. Қейбір ертегілерді пьесаға айналдырып, қуыршақ жасатып, сыныптан тыс сабақтарда балаларға орындатуға болады.
6. Ертегінің композициялық ерекшеліктеріне қара - пайым түрде бақылау жүргізіп үйрету керек.
Ертегілерді балалар қызыға оқиды, олардың мазмұнын, бір оқығанда-ақ игереді. Сондықтан бірқатар ер - тегілерді оқығанда жалпы идеясын ғана әңгімелеп, маз - мұнын үйден оқуға тапсыруға да болады.
Жұмбақтар мен мақал-мәтелдерді о қ у. Оқулықтарда жұмбақ,
мақал-мәтелдердің көпшілігі мәтіндердің аяғында беріледі, сонымен қатар бастауыш мектепке арналған жұмбақ, мақал-мәтелдер жинағы жоқ болғандықтан авторлар оқушылардың тілін ұштаудағы бұл материалдардың орасан зор маңызын еске алып, оқулықтарға бірсыпыра жұмбақ, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар енгізген. Бұл материалдар бір мезгілде бір кезеңде ғана оқылмайды. Мұғалім қандай да болмасын, бір мәтінмен жұмыс жасау барысында ол жұмбақтар мен мақал-мәтелдердің ішінен өтіп отырған материалының мазмұнына сай келетіндерін іріктеп пайдаланады. Немесе олардың кейбіреулерін үйге оқуға не жаттауға тапсырады. Мысалы, Елдің ері әңгімесін оқығаннан кейін, оқулықтағы мақал-мәтелдердің ішінен: Ерлік білектен емес, жүректен, Батыр туса, ел ырысы, жаңбыр жауса, жер ырысы, Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады немесе И.Крыловтың Қарға мен түлкі мысалын оқығанда Өзі айлакер, өзі бір қу, жүрген жері бір айқай-шу жұмбағын жаттатып, оның мәнісін түсіндіре кетудің яғни оның жүрген жері неге айқай-шу болатынын сұрап, анықтай отырудың артықтығы жоқ.
Мақал-мәтелдер мен жұмбақ, бір жағынан, балалардың өмірге көзқарасын кеңейтсе, екінші жағынан, сөздік қорын байытады.
К.Д.Ушинский бастауыш мектеп балаларына мақал-мәтел үйретудің пайдасын айта келіп, оның, қысқа да дәл және халықтың тамаша байырғы тілімен қандай да болмасын табиғат немесе адам тұрмысының шындық құбылысын сипаттайтынын көрсетеді.
Мақал-мәтелдер және жұмбақтар бойынша жұмыстар жүргізу үшін, кейде сиректеу болса да, жеке сабақ арнаудың да пайдасы мол. Мұндай сабақ ұйымдастыруда оларды белгілі бір тақырыпқа арнап, іріктеп, топтап алады.
Мақал-мәтелдер -- тәрбиелік мәні күшті, балаларды жақсылыққа баулып, жамандықтан аулақ болуға үгіттейтін өнегелі сөз. Сондықтан әр мақалдың мағынасы талданып, соған қарай белгілі бір қорытынды жасалады.
Жұмбақтар бойынша жұмыс, негізінен, оның шешуін табу бағытында жүргізіледі. Ол үшін нәрселерді, құбылыстарды жұмбақтап айтылған белгілеріне қарай, іздестіру жолымен табу әдісі ұсынылады. Мұндай жағдай-да жұмбақталған нәрсенің жалпы қай салаға жататыны, қандай бағытта ізделінетіні айтылады. Мысалы, іздесем, ізі жоқ, бауыздасам, қаны жоқ жұмбағын шешу керек делік. Бұл нәрсені өзеннен, көлден іздеу керектігі, оның суда болатыны ескертіледі. Мұндай бағыт берілмеген жағдайда балаларға қиындық түседі.
Ал жұмбақтың құрамындағы метафоралық бейне сол жұмбақталған нәрсені іздестіріп табу барысында өз-өзінен ашылады. Мысалы, жоғарыда айтылған жұмбақты шешу барысында өзен, көлде болатын нәрселер іздестірілді. Балалар бірден суда болатын балық, бақа-шаян сияқтыларды айтады. Олардың ізі болмағанымен қаны болатыны, ал біздің жұмбағымыздағы нәрсенің қаны да, ізі де жоқтығы айтылады.
Жұмбақтың шешуі табылғаннан кейін, сұрақ-жауап арқылы метафралық бейне ашылады. Жұмбақта қандай із жөнінде айтылады? Мұндағы бауыздау сөзінің мағынасын қалай түсінуге болады? (қайықтың тұмсығымен су толқынын кесуі) т.с.с. немесе Аяғы біреу, қолы жоқ, шиыр-шиыр жолы көп жұмбағының құрамындағы сөздердің де әуелі тура мағынасы талданады: кез келген нәрсенің салған ізінің сөйлей алмайтындығы, салған іздің сөйлеуі дегеннің не екені сұралады. Осы ар - қылы бұл жұмбақталып отырғанды оқу құралдарының төңірегінен іздестіру керектігі айтылып, олардың ішінде қозғалатын, жүретін қандай нәрселердің бар екені ойластырылады. Егер балалар оны таба алмайтындай болса Оқу құралдарының ішінде қайсыларында жол бар? деген сияқты сұрақ арқылы дәптер мен кітапта жол бо - латыны анықталады. Сонан соң дәптердегі сызық жолдың сөйлей алмайтыны, сөйлейтін жол -- жазу екені, жазу жолын қалам, қарындаш салатыны айқындалады. Жұмбақталған қарындаштың белгілерін балалар өздері табады. Жұмбақтағы салған ізі дегеннің жазған жазу екенін де айтады. Осы сияқты, екі-үш жұмбақтың шешуі талданып қөрсетілгеннен кейін, балалар өздері де заттың белгілерін жұмбақтап айтуға тырысады.
Мысалдарды оқыту. Әдеби шығармалардың басқа түрлерінен мысалдың мынадай өзгешеліктері бар: а)аллегориямен айтылатыны;
ә) мысалда белгілі бір үгіт, тәлім-тәрбиелік мән бо - латыны;
б) оның оқылу ерекшелігі. Осыдан келіп, мынадай әдістемелік сұрақ туады: мысалдағы аллегорияны ашу керек пе, жоқ па? Мұндай сұраққа жауап беру үшін, мысалдың сипатын, мазмұнын, оны балалардың қалай қабылдайтынын байқап қараған дұрыс.
Бастауыш сынып оқушылары мысалды оқығанда суреттелген оқиғаның тартымдылығына қызығады, оны шындық деп қабылдайды. Сондықтан мысалды оқып шығысымен, автордың ондағы суреттеп отырған жан- жануарлары кімдердің бейнесі, оны кім деп түсінесіңдер? дегендей, сұрақ қою қателік болар еді. Өйткені жұмысты мұндай әдіспен жүргізу -- оқушылардың мысалды оқығанда алған әсерін жояды. Сондықтан балалардың одан алған әсерлері әлсіремей, қайта күшейе түсетіндей, мы - салдағы кейіпкерлердің іс-әрекетін тереңірек ұғына түсуіне жағдай жасайтын әдіс-тәсілдер қарастырылады. Ол үшін алдымен мысалдағы суреттелген оқиғаны, қатысушы кейіпкерлерді шындық, өмірде болатындай етіп түсіндіру керек. Бұл айтылғаннан шығатын қорытынды: мысалдарды оқығанда көңіл қоятын жай -- оқушыларға оның мазмұнын қабылдату және ондағы кейіпкерлердің іс-әрекетін талдау.
Мысалдардағы аллегорияны ашу жұмысын 4-сыныпта мынадай тәсілмен іске асыруға болады. Мұнда мысал - да суреттелген оқиғаға ұқсас оқиға іздестіріледі. Айталық, И. А. Крыловтың Қарға мен түлкі мысалы оқыл-ғаннан қейін, біреудің қолындағы нәрсесін алдап алу өмірде кездесе ме дегендей сұрау қою арқылы, ондағы негізгі ойды түсінуге жеңілдік жасалады. Қейбір жағдайда мысалда суреттелген оқиғаға өмірде болатын ұқсас оқиға табу жұмысы мысал оқылмас бұрын, алдын ала дайындық әңгіменің барысында жүргізіледі.
Мысалдың екінші ерекшелігі -- онда белгілі бір үгіт, тәлім-тәрбиелік мәні бар қорытынды пікір болатындығы. Ол қысқа түрде мәтіннің басында немесе аяғында беріледі
Мысал оқытуда осындай қорытынды пікірді пайдаланып, құрғақ сөзбен Мұндай жаман мінез-құлықтан, іс-әрекеттен аулақ болу керек деудің бастауыш сынып оқушыларына әсері шамалы болады. Ондай үгітті тіпті сол оқылып отырған мысалдан үзінді келтіре отырып айтқанда да, кішкене балалардың санасына бірден қона қояды деу қиын. Сондықтан мысал оқытуда онда айтылатын үгітті табуға тырыспай, оның кейіпкерлері мен сол кейіпкерлердің іс-әрекеті, өзара қарым-қатынасы, бір-біріне айтқан сөздеріндегі ой анық ашылуға тиіс. Осыған орай, мысалдан шығатын қорытынды пікірді оның мазмұны талданып болғаннан кейін оқуға болады.
Мысал оқытудың үшінші ерекшелігі -- оны дауыстап оқу тәсілінде. Мысалдағы айтылатын сөз автордың атынан айтылмай, кейіпкердің атынан баяндалатын болса, сол кейіпкердің басындағы ерекшелігіне қарай, дауыс сазы да құбылып отырады.
Кейіпкерлер - дің мінез-құлқы мен автордың сөз қолдауына қарай, да - уыс ырғағының құбылуы балалардың ынтасын арттырып, мысалдың кейбір жолдарын бір-екі оқығанда-ақ жаттап алуларына жағдай жасайды.
Қорыта айтқанда, мысалды төмендегідей жолдармен оқытуға болады:
1. Оқылатын мысал жөнінде мұғалім алдын ала әң-
гіме өткізеді; онда балаларға түсінігі ауырлық келтіре-
тін сөздердің (сол мысалдың ішінде кездесетін) кейбі-
реулерін кірістіре отырып, олардың мағыналарын аша
кетеді.
2. Мұғалім мысалды әуелі нақышына келтіре, өзі
оқиды, сонан кейін оқушыларға оқытады.
3. Мысалдың мазмұны талданылады.
К. Д. Ушинский ғылыми мақалаларды логикалық оқу деп атады. Бұл өте дұрыс. Өйткені ғылыми мақалалар көркем шығармалардай, бірден оқушының сезіміне әсер етіп, кейіпкерлердің іс-әрекетімен балаларды еріксіз ідіктіріп әкетпейді, зейінді, ерік күшін талап етеді.
Мақалаларда немесе очерктерде әдетте мүлде жаңа фактілер беріледі, сондықтан оқуға кіріспес бұрын міндетті түрде дайындық жүмысы керек. Мұнда бірде біз балаларды мақалалардан жаңа ұғым алуға дайындаймыз, яғни оқуға деген қызығушылық сезімі туып, мақаланы қабылдауға балалар толық дайындалады. Екіншіде балаларды мақаланы қабылдауға ғана дайындап қоймаймыз, дайындық кезінің өзінде білім береміз. Мысалы, Ленин Смольныйға келеді мақаласын оқымас бұрын: уақытша үкімет деген не? Смольный -- қандай орын? Уақытша үкіметті неліктен құлату керек болды? Юнкерлер, буржуйлар кімдер? Бұл -- қай кездегі уақиға? Бұл кезде Ленин қайда еді? т.с.с. мәселелер жөнінде түсінік бермей, мақаланы оқудың пайдасы аз.
Дайындық жұмысынан кейін мәтін оқылады. Егер мәтін қысқа болса, тұтас оқылады, мазмұнын айтуға дайындалады. Оқушылар мәтінді оқығаннан кейін берілетін сұрауларға жауап қайтарып, тапсырмаларды орындайды. Мұнда қандай сұрауларға жауап беретіндері дайындық кезінде ескертіледі.
Мақала оқылу барысында екі рет талданады. Бірінші оқығанда сөздердін, мағынасы, кейбір фактілер анықталып, бөлімдердегі басты ойды аңғару мәселелері жөнінде жұмыс жүргізілсе, екінші рет оқылғанда фактілердің, арасындағы байланыстарды табу, қорытынды жасау жұмыстары жүргізіледі. Кейбір жағдайларда мақаланың мазмұнын меңгерту үшін үшінші рет оқытуға болады.
Ғылыми мақалаларды оқытуда терминдер мен қорытындыларға ерекше көңіл аударылады. Терминдер, түсінуге ауыр сөздер қайта оқытылады. Дайындық жүмы - сы кезінде оларға берілген анықтамалар қайталанады, қортындылар талқыланады, егер қысқа болса, тақтаға жазылады.
2.1. МАҚАЛ-МӘТЕЛ, ЖҰМБАҚ, ЖАҢЫЛПАШТАРДЫ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ТІЛ ДАМЫТУ
Бастауыш сынып оқушыларның ауызша тілін дамыту мақсатында мәтінмен жасалатын шығармашылық жұмыс түрлерімен қатар мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылпаштармен жұмыс жүргізудің де орны ерекше. Бастауыш сыныпқа дейін бала бақшасынан да оқушылар біршама жұмбақ, жаңылпаштармен таныс болып келеді.
Халық көркем сөз бейнелігіне, тіл мәдениетіне сөздің әсерлігіне ертеден-ақ үлкен маңыз берген. Адамдар арасындағы қатынасқа сөздің ролін жоғары бағалаған ат-бабамыз жастарды тәрбиелеуге сөздің маңызын сөз бейнелігін орынды қолданудағы даналық ой-пікірлерін өсиет етіп қалдырған. Бұл ой-пікірлер мақал-мәтел арқылы қалыптасып, біздің заманымызға жеткен. Бастауыш сынып оқушылары жас ерекшеліктерін ескерсек, мақал-мәтелдің айтылу орамдылығы, тілге үйіріле кететіндігі, ұшқырлығы оларды қызықтырады. Олай болса, мақал - мәтелдерді үйретуде мұғалім белгілі көздеген мақсатты іске асыра алады. 4-сыныпқа арналған оқулықтың 205-бетінді Ердің атын еңбек шығарады деген мақалы қайталанып берілген. Тіпті, бір оқулықтың ішінде, мысалы ана тілі 4-сынып оқулығында Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар мақалы екі рет қайталанып берілген.
Көбіне оқулық авторларының мақал -мәтелдерді бастауыш сынып оқушыларына беру, ұсыну, үйрену ісінде негізінен мақал мәтелдің тақырыптық мәтінге ғана көңіл аударатындығына аңғарамыз. Бастауыш сынып оқушыларын мақал -мәтелдерді үйрету арқылы оқушылардың ауызша тілін дамыту жұмысы жүйесіз, бей берекетсіз, белгілі бір арнаға негіздеелмей істеле салатын жұмыс емес. Бастауыш сынып -баланың сөздік қоры байитын кез. Олай болса, тіл тазалығы, ой дәлдігінің атадан балаға мирас болып келе жатқан үлгілердің бірі -мақал-мәтелдерді меңгерту ісі де бастауыш сынып оқушыларының психологиялық еркешелігі, ана тілі оқулықтарында мәтінге қойылатын ортақ дидактикалық талаптардың мазмұны мақа мәтелге де қатысты. Мақал- мәтелдерде халық сөзді барынша үнемдеп қолданған, кейде сөз тасталынып, кейде сөйлемдер ығысады. Эксперимент сабақтарымызда, біздер оқушыға мақал- мәтел үлгілерінде қай сөз ықшамдалған, қай сөз біріңғай түрде айтылғандықтарын сұрай қою арқылы тапқызып, сөзді мақал мазмұнына сай қолдана алу дағдыларын да қалыптастыруға көңіл бөлінді. Мысалы, ақыл жастан, асыл тастан деген мақалында қимылды білдіретін шығады сөзінің түсіп қалғанын, Өзім білем өрге апармас деген мақалда дегенің сөзін қосуға болатындығын т.с.с. оқушылар өздері ойлап тапты. Мақал -мәтелдердің тура және ауыспалы мағынада қолданылатындығы белгілі.
Мақал -мәтелдердің өмірлік құбылыстар адамдардың қарым -қатынасы, іс -әрекеті туралы пікір бейнелі түрде беріледі. Ондағы айтылмақшы ой көп жағдайда астарлы түрде болады. Олай болса, бастауыш сынып оқушыларына бұл жайдың біраз қиындық келтіретінін ескеру керек. Әрине, ешбір астар, тұспалы жоқ мақалдарды сұрыптау қиын. Солай бола тұрса да, бірінші сынып оқушыларына ешқандай астар, ауыспалы мағына жоқ, ой ашық айтылған мақал -мәтелдерді үйреткен өз нәтижесін береді деген ойға келдік, эксперимент нәтижесі де соны көрсетті. Мәтелдерден гөрі таза таза мақал нұсқаларын оқулыққа көбірек беру керек деп ойлаймын.Сондықтан, 1-сыныпта балабақшаның даярлық сыныбындағы бағдарламаның мазмұнын ескеру, онда қандай мақалдарды үйренді дегенді, 2-сынып оқулығында 1-сынып көлеміндегі үйретілген мақал мәтелдердің санын , тақырыптық үлгілерін , тіпті құрылымдық үлгілерін де еске алу керек сияқты. Осылайша, әр сыныпта мақал- мәтелдерді үйрету сатылы түрде жеңілден- ауырға, белгіліден- белгісізге т.б. сияқты принциптерді сақтай жүргізілгені жөн болар еді.
Оқушылардың сөздік қорын молайту жөнінде оларды дұрыс сөйлеуге үйрету жолында өзімнің іс-тәжірибеме сүйене отырып, мынадай тәсілдер пайдаланамын:
- сөздік жұмыс (әңгімелеу,салыстыру,қайталау, сұрақ-жауап, анкеталар т.б.)
- көрнекі құралдар қолдану (сурет, бейне фильм т.б.)
Оқушының сөздік қорын молайту, жаңа сөздерді меңгеруде шешуші роль
атқаратын жұмыстың бірі-сөздік жұмысы. Осы сөздік жұмысты жүргізуде,
бекітуде, оны практикалық қолдана білуде ойынның атқаратын ролі ерекше.
Мақал-мәтелдің оқушыларға тәрбие берерлік жағы да, сөздік қорды толықтыру үшін теңдесі жоқ қазына. Мақал - сөздің мәйегі. Мәйек - бір қазан сүтті ашытатын ұйтқы, яғни қысқа да нұсқа айтылатын сөз, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, сөздің ұйытқысы. Мақал дегеніміз халықтың ғасырлар бойы өмірден, табиғаттан көрген - білгенін бейнелейтін шағын шығармасы, сөз өнері ... Мақал бейнелі сөз, тілі ұста, құрылысы тұрақты сөйлем. Сондықтан да ол жаттауға, есте сақтауға, пайдалануға оңай. Өйткені, қазақ мақалдарының құрылымы қысқа, өлеңге жуық, онда ұйқас бар, дыбыс үндестігі бар.
Мен өз қазақ тілі сабақтарымда оқушылардың тілін дамыту мақсатында мақал-мәтелдер арқылы бірнеше жұмыс түрлерін қолданамын:
антоним сөздерден жасалған мақалдарды тауып жазу,
Мысалы: Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат
Тамыр болдың айтыс жоқ, қолдан бердің қайтыс жоқ
Алғыға қарап пікір ет, артқыға қарап шүкір ет.
Кәрліктің алды- жігіттіктің соңы
Адам бір терінің ішінде - толады да солады да
антонимдердің қай сөз табынан жасалғанын айту,
Мысалы: жақсы - жаман (қандай? - сұраққа жауап береді) - сын есім
Айтыс-қайтыс (не?) - зат есім
Алғы-артқы - көмекші сөздер
Алды-соңы - көмекші сөздер
Толады- солады ( не істейді?) - етістік
қатыстық сын есімдерді бар мақалдарды жазу,
Мысалы: Ақсақ қой түстен кейін маңырайды
Жақсы кісінің ашуы, жибек орамал кепкенше
Әдепсіз бала - аяққа басылған шала
Бақыр қазан қайнаса, бәріміздің бағымыз
құрамында көмекші есім кездесетін мақалдарды тауып жазу,
Мысалы: Ел іші - алтын бесік
Ырыс алды - ынтымак
Тау мен тасты су бұзар,
Ер арасын ку бұзар
тәуелдік жалғаулы сөзі бар мақалдарды жазу,
Мысалы: Жолы болар жігіттің, жеңгесі шығар алдынан
жеңгесі - оның жеңгесі - тәуелдік жалғау,жекешк
түрінде, 3-жақ
Жаманға айтқан ақылың, дала атқан оқпен тең
ақылың - сенің ақылың - т.ж. 2- жақ,жекеше түрінде,
берілген мақалдардағы есімшелерді тауып және мақалдардың мазмұнын ашу,
Мысалы: Бүлінген елден, бүлдіргі алма
Көпті жамандаган - көмусіз калар
Ата көрген ок жонар,
Ана көрген тон пішер
мақал-мәтелдің қалған бөлігін тауып жазу және сөздерге морфологиялық талдау жасау,
Мысалы: Сабыр түбі ...
Балалы үйдің ...
Ағайыныңды іске шакырма, ...
мақал құрамындағы бір сөзді ғана атап, сол сөзі бар мақалды табу,
Мысал: Тіл ... Тіл - қылыштан өткір
Өнер алды ... Өнер алды - қызыл тіл
Сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін ең жиі қолданылатын көрсеткіш - септік жалғау, берілген мақал-мәтелдерді оқып, асты сызылған сөздердің қай септікте тұрғанын талдау жұмысын жасаймыз:
( Не? ) Оқу - білім бұлағы,
(Не? ) Білім - өмір шырағы.
( Кімнің?) Білімдінің алды жарық,
( Кімнің?) Білімсіздің күні ғаріп.
( Кімге?) Өнерліге өлім жоқ,
( Кімге?) Жалқауға жарық жоқ.
(Нені?) Өнерді үйрен де жирен.
( Қайда?) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта көркем шығарманы оқыту әдістерін диагностикалау критерийлерін тұжырымдау
Бастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастыру мәселелері
Әңгіме жанрын оқытудың негізгі әдістері
Көркем шығарманың кейбір түрлерін бастауыш сыныпта оқыту
Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын қалыптастыру жолдары
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ӘДІСТЕМЕСІ
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ КЕЙБІР ТҮРЛЕРІН ОҚЫТУ
Әдебиеттік оқытудың тәрбиелік, дамытушылық мақсаты мен міндеттері
Бастауыш сыныптағы сын жұмыстар оларды жүргізу әдістемесі
Бастауыш мектепте шығарманы қабылдау деңгейлерін анықтау
Пәндер