Қазақ хандығының шығу тарихы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны.:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І тарау.Тарихи білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
1.1.ХХ ғасырдың баскезінде қабылданған оқу бағдарламасының
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... 4
1.2.Отандық тарихты оқытудың ерекшеліктері мен
кемшіліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
ІІ тарау. XX ғасыр басындағы тарихи білім беру жүйесіндегі жаңа бет-
бұрыстар
2.1.Тарихи білім беру жүйесінің қалыптасуына тарихшылардың
көзқарасы ... ... ... ... ... ... 9
2.2. Тарихтың дербес курстарының
енгізілуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 12
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...17

Кіріспе.

Курстық жұмыстың өзектілігі: ХХ ғасырдың 40-60 жылдарытарихи білім беру
салаларында ілгерілеу ішінара байқалғаны мен 50-жылдардың соңына қарай
тарих пәнін оқытуда әлі де біраз кемшіліктер бары байқалды. Олар: орталау
мектепті бітіретін оқушылар өз Отаны тарихынан тек элементарлық қана білім
алды, ал шет елдердің жаңа және қазіргі заман тарихынан мүдде хабары
болмады, орта ғасырлар тарихы мен ежелгі дүние тарихы оқулықтарында едәуір
артық материалдар болды. Басты кемшіліктің бірі - оқушылар орта мектепті
бітіргенде өз өлкесінің, өз халқының, туып өскен республикасының тарихын
білмей шығатындығы еді.
50-жылдардың соңына дейін Кеңес мемлекеті мектептерінде одақтық
республикалар тарихын оқыту мәселесі кетерілген де, күн төртібіне қойылған
да жоқ. Мұның оқушыларға тарихтан сапалы білім беруге, оларды кейінгі
жылдары уақыт талабына сай тәрбиелеуге үлкен зияны тиді.

Курстық жұмыстың мақсат-міндеттері:Курстық жұмыстың негізгі қарастырған
саласы ХХ ғасырдағы тарихи білім беру тақырыбында болғандықтан менің
алдыма қойған мақсатым Тарихи білім беру жүйесінің негізгі принциптерін
анықтау арқылы ХХ ғасырдағы берілген тарихи білімдерге сараптама жасау.
Алдыма қойған міндеттерім:
• -Тақырыпқа объективті көзқарас білдіру;
• -Оқу материалдарының өзектілігін айқындау;
• -Сол кезеңнің еңбектердің құрылымына талдау жасау;
• -Қайта құрулар кезінде белең алған кемшіліктердің себептеріне талдау
жасау;

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс Кіріспеден негізгі мәселелер
қаралған ІІ тараудан және Қорытынды мен Пайдаланған әдебиеттер тізімінен
тұрады.

І тарау.Тарихи білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуы.
1.1.ХХ ғасырдың бас кезінде қабылданған оқу бағдарламасының негізі.

Қазақстан Халық ағарту Халық Комиссариатының алқасы 1934 жылы орта
мектептің жетінші оқу жылы үшін Қазақ ССР тарихының программасын бекітті,
ол 1934 жылы шыққан программалар құрамында жарық көрді .
Бағдарламаның кіріспесінде автор Қазақ тарихының дүние жүзі тарихы
сабақтарына қосымша өтілетінін, оны оқытуға 24 сағаттай уақыт бөлінетінін
ескертеді.
Бағдарлама Қазақ тарихын ерте дәуірден бастап 30-жылдарға дейін
қамтиды. Ол кіріспеден және үш дәуірден түрады.
Автор кіріспеде кеңес өкіметі жылдарында Қазақстанда көп өзгерістердің
болғандығын айта келіп, артта қалған ұлттардың капитализмге соқпай,
социализмге өту жөніндегі лениндік ілімді қазақ халқы тарихының айқын
көрсететінін, сондықтан да оны жастарға оқытып үйретудің маңызды екеніне
назар аударады.1
Бірінші дәуір — "Қазақ халқының капиталистік деуірінен бұрынғы даму
тарихы (XVIII ғасыр)" - деп аталады. Мүнда біздің эрамыздан бұрынғы
дәуірден бастап, XVIII ғасырға дейінгі аралық қамтылған. Бұл ұзақ уақыт
тарихы бес тақырыпқа бөлініп берілген.
"Қазақстан патша өкіметінің отары болғандығы және Қазақстаңда Октябрь
төңкерісінің тууына себеп-жағдайы (XVIII—XIX ғғ.)" — деп аталатын екінші
дәуір төрт тақырыпты қамтиды.
Үшінші дәуірге, — дейді автор, — Маркстың белгілі қисын сөзімен
байланыстырып алғанда шынында қазақ еңбекшілерінің тарихының басы болады -
деп атап көрсете келіп, ... бұл бөлім былайша жіктелуі керек" — дейді.
1. Қазақстандағы Ақпан төңкерісі.
2. Қазан төңкерісі.
3. Қазақстан Кеңес өкіметінің бірінші дәуірі.
4. Орта Азия республикаларының ұлт аудандасуы және Қазақстан ұлт
мемлекеті болып құрылуы.
5. Қазақстан социалды қайта құру жолында.
6. Қазақстанның Кеңес Одағы республикаларының қата-
рындағы орны.2
Бағдарлама Кеңес мемлекеті тарихындағы саяси жағынан өте күрделі
кезеңдегі коммунистік идеологияның талабына сәйкес жазылған, басқаша жазу
мүмкін емес, онда бұл еңбектің жарыққа шықпайтыны белгілі. Соған қарамастан
Қазақ тарихының бірқатар маңызды оқиғаларына объективті баға берілген.
Мәселен, Ресей империясы Қазақстанды жаулап алды, отарына айналдырды деп
көрсеткен, ал Кенесары бастаған көтерілісті ұлт-азаттық қозғалыстар
қатарына қосқан, соңдықтан да бұл бағдарламаны қазіргі таңда терең талдап,
баға берудің реті жоқ.
Ең бастысы Сталиндік әкімшілдік-әміршілдік жүйенің қылышынан қан тамып
тұрғанда өз ұлтының тарихын барлық мектепте оқыту қажет деп ұсыныс
жасаудың, оны жүзеге асыруға айтарлықтай үлес қосудың өзі үлкен
парасаттылық пен білімділікті, ұлтжандылық пен батылдықты қажет етеді.
Бағдарламаға жазылған алғы сөзде бұл курс осыған негізделіп жазылған
проф. С. Аспандияровтың оқу құралы бойынша оқытылады делінген. "Қазақстан"
баспасынан 1934 жылы шығатын оқулықтар тізіміне 6—7 кластарға арналған
Қазақ тарихы да ендірілген. Онда авторы проф. С. Аспандияров, кітап жақында
баспадан шығады деп белгі соғылған. Көп ұзамай оқулық баспадан шыққан .
Бірақ 50-жылдары бұл маңызды іс бағдарлама мен оқулық шығарудан әрі
аспады, курс мектептерде оқытылмады.3
С. Аспандияровтың "Қазақстан тарихының очерктері" үш тараудан тұрады.
I тарау: "Қазақстан тарихының ескі дәуірі. Орталық және Орта Азияның
тарихы";
II тарау: "1. Қазақ хандығының шығу тарихы"; "2. Патша өкіметінің
Қазақстанды жаулап бағындыруы, оған қарсы бұқаралық қозғалыстар";
III тарау: "Қазақстан патша өкіметінің отары" — деп аталады.
Соңғы тарау үш тақырыпқа бөлінген.
Олар: Патша өкіметінің жер саясаты..., 1905 жылғы революция, оның
Қазақстанға еткен әсері және 1914 жыл. Қазақ-тың халық еңбекшілерінің патша
өкіметіне қарсы көтерілісі...
Оқулықтың мазмұнын осылайша қысқаша шолып өткенде-ақ автордың Қазақстан
тарихының бірқатар елеулі мәселелерін объективті тұрғыда қарастырғанын
байқау қиын емес.
Жоғарыда аталып өткен "КСРО тарихының қысқаша курсы" тарих оқулықтарына
жарияланған бәйгеде бірінші сыйлық алды. Шын мәнінде ол сол атаққа лайықты
оқулық болды. Оқулық тілі оқуға жеңіл, әрі тартымды. Осы оқулықты жазған
авторлар тобының . жетекшісі проф. А. В. Шестаковтың басшылығымен
дайындалған "В помощь изучающим историю СССР" деген көлемді жинақтың I
бөлімі КСРО халықтары тарихының ежелгі заманнан XVIII ғасырдың соңына
дейінгі кезеңіндегі кейбір маңызды мәселелерді қамтиды. Кітапта Қазақстан
мен Орта Азия халықтарының тарихына қатысты: Түрік қағанаты; ғүндар; дәшті
қыпшақтар; Монғол жаула-ушылығы; Алтын Орда, оның ыдырауы; XVI—XVII
ғасырлардағы Қазақ ордалары; XVIII ғасырдағы Қазақстан; қазақтар көтерілісі
-деген материалдар бар.4
Осы құралдың екінші бөлімі, яғни XIX ғасырдың басынан бастап, XX
ғасырдың 60-жылдарына дейінгі аралықты қамтитын кітап жарыққа шықпай қалды.
Ал бірінші кітап қазақ тіліне аударылмады. Дегенмен, алғашқы кітаптың
жарыққа шығуы Қазақстан мектептеріндегі тарихшы мүғалімдерге Қазақстан
тарихы материалдарын оқытуда көмек болғаны анық.
50-60 жылдардың орта кезінде редакциясына А. М. Панкратованың басшылық
етуімен жарыққа шыққан 8-10-сыныптарға арналған КСРО тарихының үш
оқулығының, олардың қазақ тіліне аударылып, республиканың барлық
мектептерінде оқытылуының мектептерде тарихтан білім беруді жақсартуға
айтарлықтай пайдасы тиді. Осы үш кітапқа Қазақстан тарихынан оншақты
материал енген. Олар: Қазақ хандығының құрылуы; қазақтар; XIV— XVI ғғ. Орта
Азия (I бөлімде); оқулықтың II бөлімінде: Орта Азия; XIX ғасырдың екінші
жартысындағы қазақтар; Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев;
III бөлімде: 1916 жылғы көтеріліс, Амангелді Иманов; Орта Азия мен
Қазақстанды азат ету. Бұл материалдардың көлемінің шағындығы сондай көбі
кітаптың жарты бетіндей ғана, барлығын қосқанда 7—8 беттей ғана болатын.
Бір оқулыққа КСРО-ның барлық халықтары тарихынан мұнан көп материал қос деу
де артық болар еді. Осыған қарамастан аталған оқулықтарда Қазақстан
тарихынан материалдың болуы бүкіл елдегі мектеп оқушыларын азын-аулақ болса
да Қазақстан тарихымен таныстырса, екінші жағынан шығармашылықпен жүмыс
істейтін тарихшы мүғалімдердің өз мүмкіндіктеріне қарай бағдарламалық
материалды кеңейтіп өтуіне жағдай жасады.5

1.2.Отандық тарихты оқытудың ерекшеліктері мен кемшіліктері.

Тарих пәнін оқытуда болып жатқан жаңалықтар, осы пәнді оқытуды
жетілдіру туралы орталық баспалардан жарық көрген белгілі әдіскер
ғалымдардың ғылыми-әдістемелік еңбектері Қазақстан мекгептерінде тарихты
оқытуды жақсарта түсуге, бұл пән әдістемесінің жетіле түсуіне септігін
тигізді, алғашқы бағдарламалар, әдістемелік кітапшалар (С. Аспандияров,
"Қазақ тарихы програмы", 1934; С. Бақшилов. "Тарих сабағын оқытудағы кейбір
мәселелер", 1941, т.б.) шыға бастады.6
50-60-жылдары кеңес елінде, Қазақстан мектептерінде тарихты оқытуда
болған өзгерістерге: соғыс жылдарында КСРО тарихының кеңес дәуірін оқытуға,
әскери-патриоттық, интернационалдық тәр-биеге, еліміз халықтарының
бостандық, тәуелсіздік үшін жүргізген күресіне, осы жолда халықтар арасында
қалыптасқан ынтымақтастық пен достықты көрсетуге ерекше мән берілгендік
жатады. Осы жылдары Алматыда, А. М. Панкратованың басқаруымен 1942 жылы
шыққан "Ұлы Отан соғысы жылдарында тарихты оқыту" деген екі кітапша мектеп
оқушыларын отаншылдыққа тәрбиелеуге үлес қосты.7
Сонымен қатар 50-жылдардың аяқ кезіне дейін мектептерде тарихты оқытуда
фактология үстемдік етіп, негізгі тарихи ұғымдарды ашып көрсетуге, оларды
шәкірттер санасына берік қалыптастыруға жеткілікті көңіл бөлінбеген.
Тарихты оқытуда орын алған осындай елеулі кемшіліктер мен формализм белгілі
тарихшы-ғалымдардың, әдіскерлердің, мұғалімдердің еңбектерінде,
"Преподавание истории в школе" журналындағы мақалаларда дер кезінде орынды
көрсетілді (И. А. Гувковский, А. Н. Хмелев, Д. Н. Никифоров).
Айтылған сын-ескертпелер негізінде 50-жылдары тарих пәні
бағдарламаларын жетілдіруге, бүрыннан пайдаланьшып келген бір-қатар
оқулықтарды жақсартуға, жаңадан оқулықтар шығаруға, оларда негізгі тарихи
ұғымдарды ашып көрсетуге, сондай-ақ оқулықтардағы өте қиын, немесе маңызы
шамалы материалдарды қысқартуға баса назар аударылды. 50-жылдардың орта
кезінде VI—VII кластарға арналған орта ғасырлар тарихы, ҮІІІ-ІХ кластарға
арналған жаңа тарих, X класқа арналған КСРО тарихы оқулықтары өңделіп,
жетілдіріліп, V—VI кластарға арналған ежелгі дүние тарихы, IV класқа
арналған КСРО тарихы, VIII класқа арналған КСРО тарихы жаңадан басылып
шықты. Мәскеуде орыс тілінде басылып шыққан осы оқулықтар, үлт
республикаларыңда, соның бірі Қазақстанда да қазақ тіліне аударылып, мектеп
оқушыларының тарихи білімін жақсартуга үлес қосты. Мүның өзі оқыту
әдістемесінің жетіле түсуіне де өсер етті.
Жоғарыдағылармен қатар 50-жылдардың соңына қарай тарих пәнін оқытуда
әлі де біраз кемшіліктер бары байқалды. Олар: орталау мектепті бітіретін
оқушылар өз Отаны тарихынан тек элементарлық қана білім алды, ал шет
елдердің жаңа және қазіргі заман тарихынан мүдде хабары болмады, орта
ғасырлар тарихы мен ежелгі дүние тарихы оқулықтарында едәуір артық
материалдар болды. Басты кемшіліктің бірі - оқушылар орта мектепті
бітіргенде өз өлкесінің, өз халқының, туып өскен республикасының тарихын
білмей шығатындығы еді.8
50-жылдардың соңына дейін Кеңес мемлекеті мектептерінде одақтық
республикалар тарихын оқыту мәселесі кетерілген де, күн төртібіне қойылған
да жоқ. Мүның оқушыларға тарихтан сапалы білім беруге, оларды кейінгі
жылдары уақыт талабына сай тәрбиелеуге үлкен зияны тиді.

ІІ тарау. XX ғасыр басындағы тарихи білім беру жүйесіндегі жаңа бет-
бұрыстар.
2.1.Тарихи білім беру жүйесінің қалыптасуына тарихшылардың көзқарасы.

XX ғасыр басында педагогтар тарихи білім беру ісінде оқыту әдістемесіне
көңіл бөле бастады. Олар сабақтың құрылымын оқушылардың дербес танымдық
әрекетін ынталандырып, олардың бойында білімге деген қажеттілікті
қалыптастыруға бағыттауға тырысты. Олардың кейбірі бұл жолды көрнекілікпен
оқытудан, екіншілері оқушылардың реферат пен баяндама дайындау жұмысынан,
үшіншілері — тарихи дереккөздерін пайдаланудан іздеді. Ал кейбір әдіскерлер
тіпті еңбекпен оқыту әдістемесін дәріптеді.
Тарихты оқыту барысында оқушылардың санасында нақты бейне
қалыптастыруға ұмтылыс байқалды. Ол үшін карталар мен картиналар, суретті
оқу кітаптары пайдаланылды. Саяхаттық жұмыс оқыту процесінің ажырамас
бөлігіне айналды, тарих сабағына өлкетану материалдары кеңінен тартылдьі
Осындай жұмыстар арқылы оқушылардың бойында дербес жұмыс істей алу дағдысын
қалыптастыруға көп көңіл бөлінді.9
Осы кезеңце сұрақ және жоспар әдісі кең тарады. Оларды мұғалім
құрастырып, оқушыларға үй жұмысы ретінде беретін еді. Үйде де, сыныпта да
оқулықпен жұмыс істеуге баса көңіл бөлінді. Оқушыларды мәтінді дұрыс оқуға,
оқығаны бойынша жоспар құруға дағдыландырды.
Оқыту процесіне жаңадан іс жүзіндегі, зертханалық және драмалау
әдістері енгізіле бастады. Іс жүзіндегі әдістің мәні тарихи дереккөздері
негізінде жұмыс істеу. Көрнекті тарихшы, әдіскерлер И. А. Рожов, М. Н.
Покровскийлер оқушылардың қызығушылығы мен игеруге оңайлығына сәйкес оқып,
үйренетін құжаттарды таңдап алды. Олар тарих курсын жүйелі оқытып, тарих
оқулығының өзін шетқақпай жатады.
Зертханалық әдіс оқушылардың тарихи құжаттармен, иллюстрациялық
материалдармен және ғылыми көпшілік мақалалармен дербес жұмыс жасауға
үйрету жүйесін қамтиды. Мұғалім оқушыларды тарихи зерттеудің зертханасына
жетелеп енгізгендей болады, ал окушылар ғалым-тарихшыларға бұрыннан белгілі
қарапайым жаңалықтарды өзі үшін алғаш рет ашады.10
Белгілі әдіскер А. Ф. Гартвич әдеттегі сабақты оқушылардың рефераттарын
оку және шіарды таңдауға арналған әңгіме өткізумен алмастырады. Бұл жерде
мұғалімнің рөлі оқушылардың дербес жұмысына жетекшілік жасаумен
айқындалады. Бұл әдістің ең басты мәні — оқушыларды дербес жұмыс жүргізуге
үйрету. Сонымен бірге ол оқытудың драмалау әдісін ұсынады. Оның мәні —
оқу процесінде оқушылардың тарихи оқиғаларға арнап шағын драмалық
көріністер қоюы.
Рефераттау әдісі әдіскерлер Б. А. Влахопулов пен Н. П. Покотилоның
ұсынған жаңалығы болды. Реферат дайындауды олар оқушылардың бойына дербес
жүмыс Істей алу дағдыларын дарытатын негізгі тәсіл деп білді. Мәселенің
тарихнамасымен танысқан оқушының реферат жүйесіндегі әрекеті бірнеше
кезеңді қамтиды.
Бірінші кезеңде оқушы - ұсынған мақала, брошюра немесе шағын кітапты
оқып шығады, конспсктілейді.
Екінші кезең бірнеше күрделі кітаптың мазмұнын баяндауға арналады.
Оқушы кітап мазмұнымен мұқият танысып, рефератың жоспарын түзеді, одан әрі
өз сөзімен кітап мазмұнын баяндайды.
Үшінші кезеңде бір тақырыпқа арналған бірнеше шағын кітап бойынша
реферат дайындалады, ең бастысы — оқушы материалды мазмұндаудың өзіндік
жоспарын жасай алуы тиіс.
Келесі кезеңде әртүрлі көзқарастағы бірнеше еңбектің мазмұны ортақ
тұжырымға келтірілуге тиіс.
Соңғы, ең күрделі кезеңде жоғары сынып оқушылары құжаттармен жұмыс
істеп, дереккөздерінің "шикі" материалдарын талдай алуы тиіс. Рефераттау
жүйесінің кезеңдерге бөлінуі жоғары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығының құрылуы жайындағы жазба деректер
Қазақ хандығының құрылуының өзіндік ерекшелігі туралы
Қазақ хандығының құрылуы жөніндегі алғашқы деректер
Қазақ халқының және қазақ хандығының құрылуы
Қазақ елінің даму тарихы
Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ этнонимі. Қазақ жүздері
Қазақ хандығының қалыптасуы
ХV-XVI ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ (ҚАСЫМ ХАН, ХАҚНАЗАР ХАН МЕН ЕСІМ ХАНДАРДЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ МЕН САЯСИ РЕФОРМАЛАРЫ
Қазақ хандығының пайда болуы
Қазақ этнонимінің пайда болуы
Пәндер