ЗАР ЗАМАН ӨКІЛДЕРІНІҢ АЗАТТЫҚТЫ ЖЫРЛАУЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Диплом жұмыстың өзектілігі. 19 ғасырдағы саяси-әлеуметтік жағдайға байланысты ақындардың шығармалаырндағы азаттықты жырлауын ұсыну. Зар заман ақындарының поэзиясындағы өршілдік сипатты көрсету.

Зерттеу нысаны. Жұмысқа қазақ әдебиеттану ғылымының әдебиет тарихы, әдебиет сыны, әдебиет теориясы салаларының нысандары және осы тақырыптағы озық зерттеулер үлгі болды. Жұмыс салыстырмалы-тарихи зерттеу әдісін қолдана отырып, жүйелі құрылымдық негізде орыңдалды. Зар заман ақындарының поэзиясын зерттеп, зерделеп жинастырған ғалымдар: Қ. Мәдібай, Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев, Х. Сүйіншәлиев М. Мағауин, З. Қабдолов сынды ғалымдардың зерттеу еңбектері жұмысқа теориялық және методологиялық негіз ретінде қолданылды.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті . 19 ғасырдағы ұлт-азаттық көтерілісінің, сол кездегі шығармалардан көрініс табуын анықтау.

Зар заман өкілдерінің: М. Өтемісұлы, Ш. Қанайұлы, М. Мөңкейұлы, Д. Бабатайұлының шығармаларындағы күрескерлік рухын көрсету;

─ Қазіргі кездегі әдебиетте Зар заман өкілдері шығармаларының алатын орны көрсету;

─ 19 ғасырдағы ұлт-азаттық идеяға құрылған шығармаларының мәнін ашу және ғалымдардың зерттеу еңбектерін жинастыру.

Диплом жұмысының дереккөздері. Зерттеудің негізгі дереккөздері ретінде ғылыми-теориялық еңбектер мен ғылыми зерттеулер пайдаланылады. Зерттеу жұмысының жүргізгенде керекті мәліметтерді баспасөз беттерінен: «Егемен Қазақстан», «Ана тілі», «Хабаршы», «Жұлдыз», 19 ғасырға байланысты шыққан кітаптардан: Қ. Мәдібай, Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев, Х. Сүйіншәлиев М. Мағауин, З. Қабдоловтан алынды.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы. 19 ғасырдың кейбір ақтаңдақ сәттері айқындалды. Зар заман өкілдерінің шығармаларынан, сол кездегі патша өкіметінің халыққа көрсеткен қиянаты, зорлық-зомбылығы көрінді. 19 ғасыр өкілдерінің баға жетпес асыл да құнды шығармалары қазіргі кезде дейін жетіп, халық жадында сақталған.

Зерттеу жұмысының практикалық мәні . 19 ғасырдың ұлт-азаттық идеясын көрсететін зерттеу нәтижелерін орта мектептердегі, жоғарғы оқу орындарындағы қазақ әдебиеті дәрістерінде, семинарлар мен арнаулы курс сабақтарында әдебиет тарихы мәселелерін жаңғырған көзқарастар негізінде жаңаша оқытуда кеңінен қолдануға болады.

Қорғауға ұсынылған тұжырымдар.

─ 19 ғасырдағы ұлт-азаттық көтерілісінің, сол кездегі шығармалардан көрініс табуын анықтадым;

─ М. Өтемісұлы, Ш. Қанайұлы, М. Мөңкейұлы, Д. Бабатайұлының шығармаларындағы әлеуметтік-саяси шындықты көрсетіп талдадым;

─ 19 ғасырдағы ұлт-азаттық идеяға құрылған шығармаларының мәнін ашу және ғалымдардың зерттеу еңбектерін жинастырып, Зар заман өкілдері шығармаларының қазіргі кездегі әдебиетте алатын орнын көрсеттім;

Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Сипаттама, семасиологоиялық, этнолингвистикалық, концептілік, талдау әдістері пайдаланылды.

Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе мен қорытындыдан, үш тараудан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I 19 ҒАСЫР ӘДЕБИЕТІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ

19 ғасырдан бастап қазақтың жазба әдебиетi - әлеумет халiн ұғып, ел қамын жақтауға кiрiсiп, өлең бұрынғыша, қызық, сауық сияқты ермек емес, қауым қызметiн атқара бастады, елдiң саяси пiкiрi мен тiлек, мақсат, мұң, зар сияқты сезiмдердiң басын қосып, жаңадан ой негiзiн, салт санасын құрауға кiрiстi, бұл уақытқа шейiн болмаған әлеуметшiлдiк сарыны, азаматтық нысанасы бой көрсеттi. Осындай әлеуметшiлдiк сарынды көбейткен тарихи оқиғалар бұл дәуiрде орыс отаршылдығымен байланысты туды. Ресей империясына бодан болу, сонымен байланысты туған ел iшiндегi өзгерiстер, қанаудың күшеюi, халықтың тiршiлiк ету аясының тарылуы, ұлттық намыстың тапталуы қазақ ақындары шығармаларында кеңiнен бейнелендi [1, 6] .

XIX ғасырдың ақын-жазушылардың тағдырларына тоқталған жөн. Аталмыш кезең әдебиетін: бұқарашыл әдебиет, кертартпа феодалшыл әдебиет деп екіге бөлу қалыптасты. Көріп отрығандай, «бұқарашыл», «феодалшыл» әдебиет деген саяси термин әдебиетке еніп кетті. Отаршыл патша озбырлығына қарсы күреспі, ел тәуелсіздігін аңсаған XIX ғасыр ақын-жазушылары, интернационализм идеясына, орыс халқына қарсы идея таратушылар болды, ─ деген теріс бағаларға ие болды. «Олардың шығармалары, шындықтан аулақ, өткенді көксеген, зар-шерге толы туындылар, сондықтан қазақ халқы үшін де аталмыш әдебиет өкілдері керексіз, түптеп келгенде мүлде зиянды», -деген тұжырым жасалды [2, 4]

«Зар заман» атауын әдеби термин ретінде алғаш рет М. Әуезов қолданысқа енгізді. Ол өзінің 1927 жылы жарық көрген «Әдебиет тарихы» атты еңбегіңде зар заман ақындарына арнайы бөлім арнап, күрделі кезең поэзиясына жан-жақты талдау жасады; зар заманның өкілдерін атады; бұл дәуірдің басы мне соңына дейінгі аралықта белгилейді; сондай-ақ тарихи және теориялық негіздемелерін ұсынды [3, 10] .

М. Әеузов зар заман ақындарының сары уайымшылдық сарынына да, қайракткерлік роліне де айрықша тоқталады. Сары уайымшылдықтың халықтың мұң-мұқтажы мен сабақтастығына, қайраткерліктің ұлттық рухпен өзектестігіне назар аударады. Жазушы «зар заманды» бір жағынан елді бүліншілікке ұшыратып, мұңды жыр айтқызған шерле дәуір деп санаса, екінші жағынан қайғы басқа түскенде, қайраткер ақындардың ой-пікірі ортақтасып, рух шшақырған, салт-дәстүрді сақтап қалуға үндеген, бірлікке бастаған ұйысу кезең ретінде де бағалайды [3, 11] .

Зар заман ақындарының жырларындағы қоштасу сарыны, дінді таяныш ету дәстүрі, жыраулық өнердің ықпалы, өршілдік пен өміршендік өрнектері, ой-пікір жаңалығы, бәрі, бәрі, ұлы Мұхтардың назарына тыс қалған жоқ. Ең бастысы, М. Әуезов зар замн ақындарының халықтың мұң-мұқтажын жоқтаған ой-тұжырымдарын алға тартады: «Жүдеген елді жұбатқасы келеді, ел түгелімен көңілі кірбен, ғарып сияқты, сондықтан жұмсақ қолмен ұстап, жылы сөзбен келіп, көңіліне қонатын ұғымдай ақыл айтпақшы»

Жазушының: «Зар заман дәуірі қазақ әдебиетінің тарихында жаңағадай кезең асқан дәуір болғандықтан, қазақтың жазба әдебиеті осылардың бастап әлеумет халін ұғып, ел қамын жоқтауға кіріседі. Өлең бұрыңғыша қызық, сауық сияқты ермек емес, қауым қызметін атқара бастайды. Елдің саяси пікірі мен тілек, мақсат, мұң-зар сияқты сезімдерінің басым қосып, жаңадан ой негізін, салт-санасын құрай бастайды. Бұл уақытқа шейін болмаған әлеуметшілдік сарыны, азаматтық нысаны шығады»[ 3, 12] .

Ал Халел Досмұхамедұлы анықтамасы бойынша: «Халық поэзиясының тағы бір түрі - зар заман мен толғау. Бұл өлеңдерде салт-сананың бұзылуы жырланады, халық өмірнің көне әдет-ғұрпы мен ескі салтарының құлдырауы, билер мен әкімдердің парақорлығы мен пәтуасыздығы, тұрмыс-тіршіліктің нашарлауы, мал сананың азаюы мен халықтың жұтауы, жайылым-қоныстың тарылуы, қоныс аударушылыларға шұрайлы жерлердің кесіліп берілуі, жердің өткен өмір мен ескі салт-дәстүрлер мадақталып, кейінгі өзгерістерге зай айтылады. Мұндай зар заман жырлары аса көп және мазмұны жағынан алауан түрлі » [3, 13] .

«Зар заман» деген ұғым ғасырлар бойы қайғы-қасірет шеккен көшпенді халықтың тарихына, елім деп еңіреген ерлерінің тағдыр-талайына қатысты сипаттама ретінде қолданылды [3, 70] .

Осындай түсініктер салдарынан, 19 ғасырдағы қазақ әдебиетінің басты өкілдері - Махамбет Өтемісұлы (1804-1846), Дулат Бабатайұлы (1802-1874), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906), Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867), Шәңгерей Сейіткерейұлы (1847-1920), Әубәкір Молда, Құлыншақ пен Шәкерім қажылар, Алмажан Азаматқызы т. б. ақындардың шығармашылығы зерттеусіз қалды. Олардың еліне танымал болып келген өміршең өлеңдері мен заман қасіреттерін сынаған толғаулары құлыптаулы жатты. «Жалған жала жабылған аталмыш әдебиет өкілдері кім еді?» -десек, олар өз заманының алдыңғы қатарлы қайраткерлері дәуірінің шындығын шеберлікпен жырлаған реалистік әдебиеттің көрнекті өкілдері, халық күйзелістерінің шынайы сырын ашып отаршылар өктемдіктерін, оның елдегі жалдаптарының бет пердесін аша, батыл сын айтқан күрескерлер, қазақ елінің өткені мен сол кезеңін, болашағын түгел шолып, дәуір шындығын бар болмысымен дұрыс танытқан шынайы шығармалар авторлары еді [4, 157] .

Ел басына түскен ауыртпалықтарды, туған халқының қайғы қасіреттерін жанашырлықпен шерлене жырлап, оған батыл қарсылық білдірген дарын иелерін өзі сүйген халқынан айыру, оларға қара күйе жағып, теріс баға беру енді қайталанбасқа керек. Ол үшін аталмыш ақын-жазушылардың мұралары түбегейлі қайта зерттелініп, қазіргі жариялық пен ақиқаттық талаптары тұрғысында танылуға тиісті. Ол үшін, ең алдымен сол аталған ақындар шығармалары түгел баспа бетін көруі абзал. Оқушы жұртшылықтың жылдар бойы басына орныққан бұрынғы теріс түсініктерді желпіп тастап, халық тілегін көксеп, жарғақ құлақтары жастық көрмеген аты шулы ақындарға тиісті бағаны ел-жұрттың өзі берсе, әбден орынды болмақшы. Сонда барып, біраздан ете қалып келген, ғылымға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын алып қашпа, солақай сынның тамырына біржола балта шабылмақшы [4, 160 ] .

Жоғары үкімет орындары әкімшілігі жүргізген өктем саясат тұсында қатал сынға ұшыраған Дулат, Шортанбай, Мұрат, Шәңгерейлердің шығармашылық мұралары күні бүгінге дейін орта, жоғары мектеп оқу құралдарынан тиісті орын алған жоқ. Ол туралы кереғар пікірлер жаңару тұсында, жаңаша ой-сана үстемдік құрған дәуірдің өзінде де орын алды. Мысалы, Дулат Бабатайұлының кейбір шығармаларын «зар -шерден» арылту мақсатын көздеп, оның еңбегіне ривизия жасап, «жақсарту» әрекеттерін де ұсынушылар да жоқ емес. Шортанбайдың зарлы өлеңдерін Дулаттың 1880 жылы шыққан кітабына бөгде адам енгізді. Ол Дулаттың сөзі емес, -деп, сол кітапты құрастырушы Сейілұлы Мүлкін айыпталды. Оны, «Жад идеяшыл дүмше молда, сондықтан оған сенуге болмайды. Дулатты «Зар заман» идеясынан арылту керек», -деп даурықты кейбір пікір айтушылар Дулатқа «жаны ашығансып», ақын шығармашылығын көптен зерттеп жүрген адамның адал ниетін бұрмалап, оның еңбектеріне күдік келтірді. Дәурірдің қысымынан тақымын жаза алмай, сақтана сөйлеген зерттеушіні біле тұра бұра тарттыға саймақшы болды. Оның зерттеулеріндегі дәуірлер салған ізді ескермей, ақын шығармышылығын танытудағы эволюция анықталмай, жағаға жармасуға тырысты. Әрине, бұның бәрі - бос әрекет. Баяғы шолақ белсенділіктің сарқыншағы сыншы мәдениетінің деңгейін танытар жаңсақ жайлар [2, 366] .

19 ғасыр әдебиетін түгелдеп тану мәселесінде шешуін күтіп отырған көптеген мәселелер бар екен. Аталмыш мәселелердің бетін ашып, оларға қазіргі ғылым жетістіктер тұрғысында баға беру - кезек күттірмейтін міндет. «Зар заман өкілдеріне арналған монографияның тарауларында өз дәуірінің шындық бейнесін реалистікпен суреттеп, сырлы ой, шуақты сезім, келелі пікір ұсынған ақындар шығармаларының кең тынысты кемел поэзиясын талдадық», - дейді Ханғали Сүйіншәлиев. Олар -19 ғасыр қазақ әдебиеті тарихынан өздеріне лайықты орындарын алатын өз заманының ірі дарын иелері.

19 ғасырда жасаған күрескер шыншыл ақындардың озық идеялары кейінгі дәуір әдебиетіне негіз болды. Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі туралы сол кездегі жазба әдебиет өкілдері, белгілі ақын, жазушылар үндемей қалды. Олардың бірсыпырасы буржуазияшыл ұлтшылдардың ықпалына еріп адасты, үлкен уақиғаның саяси-әлеуметтік мәнін түсінбеді көтерілісті жақтырмады. Осыдан олар көтеріліс жөнінде жазбады [1, 12] .

Осы өзгерiске қарсы анық наразылық Махамбет Өтемiсұлы өлеңдерiнен айқын көрiнедi. Махамбет жырлары - Исатай Тайманов бастаған көтерiлiстiң (1836-37) ұраны, үнi. Мұнда көтерiлiстiң мақсат-мұраты («Қорлықта жүрген халқыма бостандық алып берем деп»), оған қатысатын ерлердiң сипаты («Ереуiл атқа ер салмай»), соғыс суретттерi («Соғыс»), Исатайдың батырлығы мен оны жоқтауға арналған жырлар («Тарланым», «Мұнар күн»), ақынның өз жайына, көңiл-күйiне («Баймағамбет сұлтанға айтқаны», «Қызғыш құс») байланысты өлеңдерiне жалғасып, тұтастай көтерiлiс тарихын, сол кезеңдегi әлеумметтік жағдайды бейнелейдi. Исатай-Махамбет көтерiлiсiне тiлектес ақындар қатарындағы Шернияз Жарылғасұлының Исатайды мадақтап, Баймағамбеттi даттайтын өлеңдерi батылдығымен, тапқырлығымен бағалы. Исатай-Махамбет көтерiлiсiне жалғас туған Кенесары-Наурызбай бастаған ұлт-азаттық қозғалысы да (1837-1847) өзiне тiлектес әдебиет тудырды («Наурызбай - Қаншайым», «Топ жарған», «Жасауыл қырғыны», Нысанбай Жаманқұлұлының «Кенесары-Наурызбай» жыры) . Сыр бойында, Батыс Қазақстанда өткен патша отаршылдығына қарсы көтерiлiстер кезiнде жаңа жырлар туды («Бекет батыр», «Жанқожа батыр») . Отаршылдыққа қарсы күрес поэзиясы қазақ көркем сөзiнiң дамуында озық идеясымен, халықтық мазмұнымен жаңа белес саналады. Билеушiлерге қарсы наразылықты ашық айтқан шыншыл поэзия туды, адамды суреттеудiң жаңа тәсiлдерi қолданылды. Осы қатардағы ақындар iшiнде Жанақ Сағындықұлы, Шөже Қаржаубайұлы, Сүйiнбай Аронұлы елеулi орын алады. Отаршылдық дәуiр әдебиетiнiң ақындары шығармаларында ел байлығының талауға түсiп, халықтың кедейшiлiкке ұрынып, қоныстың тарылуы, зорлық-зомбылықтың күшеюi, парақорлықтың етек жаюы, адамдар мiнез-құлқының өзгерiп, ұсақталып, берекесiздiкке түсуi, дiн шарттарының еленбеуi, т. б. жағдайлар кең қамтылып, көркем бейнелендi. Оларды заман қайғысы, өткендi ойлап торығу, алдағы өмiрден шошыну зары бiрiктiрдi. Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Кердерi Әбубәкiр Шоқанұлы, т. б. ақындар халықтық поэзияның түрлерiн жетiлдiрдi. Оны заман шындығын бейнелеумен шебер байланыстыруда, реализмдi байытып, адам психологиясындағы өзгерiстердi жарқын суреттеуде, тiл өрнегiнде сан алуан жаңалықтар табуда осы топтағы ақындардың еңбегi үлкен. Олардың бiразы отарлаушыларға шошына қарады, дегенмен шығыс әдебиетiмен, дiни әдебиет үлгiлерiмен жете таныс болуы арқасында көркемдiк құндылығы жоғары туындылар жасады.

Қазақ әдебиетіндегі байырлық рух ХVІІІ ғасырда жоңғарлар мен қарсы күресте ХІХ ұлт азаттық күресте, (Махамбет, Нысанбай) қайта көтерілгенмен, Қазақстанның Ресей құрамына өтуі нәтижесінде зар заман кезеңі басталды.

Қазақ жеріне қол салған патша үкіметі халықты жарылқау үшін келмегенді. Жерінен айрылған халық әдеп -ғұрып пен қазақы мінезінен де айрыла бастады. Патша үкіметі енгізген жаңа әкімшілік шаралар қазақ болмысына тән еместі. Ұрлық, өсек, талас-тартыс, алауыздық, арызқойлық - қазақ қоғамының осы кезеңдегі жемісі болды [5, 15] .

Осы кезде өмір сүрген қазақ ақын - жырауларының бір тобы қоғамда болып жатқан келеңсіз құбылыстарды айаусыз сынға алды.

Олар Қазақстанның Ресейге қосылуымен капиталистік көзқарастардың енуін кері кеткендік деп есептеді. Өткен өмірді ансады, болашақ туралы өз болжамдары мен пікірлерін білдірді.

Қоғамда болып жатқан өзгерістерге өзіндік көз қараста болған және сол бағытта жырлаған ақындарды М. Әуезов «Зар - заман» жыршылары деп атаған болатын және әдебиет тану тарихында да олар осылай айтылды. Тарих ғылымының докторы М. Қойгелдиев отаршылдық бұғауына мықтылап байлаған халықтың мың -мұқтажы мен қайғы - қасыретін жырлаушыларды «Зар -заман» мектебінің ойшылдары деп атады. Зар - заман кезеңінде ғұмыр кешкен орталық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң - зармен жырлаған ақындар шоғыры. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі, елді басқару жүйесінің басқа санатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар-заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Олар халықтың жай күйін ойлаған ұлт- қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шоғырлары халықтың салт-дәстүрлерді қабығы бұзылмаған қалпында сақтауға, ұлттың - бітімімен ажырамауға үндейді [3, 10] .

Еркіндікпен бостандықтың, дәстүр мен европалық метрополиядан енген жаңа тәртіптердің шегінен шиеленісуі Шортанбай, Дулат және Мұрат сияқты «зар - заман» ағымы ақындарының шығармалары арқылы қабылдады. Олар ХІХ ғасырдағы қазақ өміріне тән барлық құбылыстарды аяусыз сынайды. Әлеуметтік, үйлесімділік уақыты ретінде өткен дәуірді идеяландыра отырып, бүгінгі заманның келешегінен де үмітін үзіп, түңіледі, қауіп жұбататын ешнәрсе таппаған. Зар - заман ақындарының кеудесін кернеген мұң, зар, шер әбден күнәға батқан «замандастарының құлағына» жете қоймайды. Қазақ халқының шырайлы жерлерін алып, аздырып, діннен аулақтату сияқты империялық пиғылдар жүзеге асуына қарсыласы қозғалысы Зар-заман ақындарының қайраткерлік поэзиясын өмірге әкелді. Бұрынғы жыраулар поэзиясын үндесіп өршіл рух, әсіресе, Мұрат Мөнкеұлының (1843 - 1906) жырларынан айқын байқалады. Зар-заман ақындарының шығармаларындағы ұлттық болмысы, қазақы қадір-қасиеті сақап қалуға үндеген, ой - пікірлер жанаймен шарасыздықпен соңғы төзімді сарқа айтылғандығымен ерекшеленеді. Мұндай өлеңдермен болжамдықтың бұғауына бас игісі келмеген ұлт қайраткерлерінің өршіл үні айқын аңғарылады. Зар-заман ақындарының шығармаларында сары уайымға салыну, қайғы - мұңға берілу сарыны да байқалады. Бұл кезең ақындары келер күннен үміт жоқтығын налыйды, тығырықтан шығатын жол таппай қыйналады.

Зар-заман ақындарының өлең - жырларында елмен қоштасу, туған жердің өткенін аңсау сарыңы орын алған. Жалпы «алға көшу», қонысты бастау ұғымы көптеген халықтардың фольклорлық шығармаларына тән. Таласуға түскен елден кетіп, жайлы жер, ыңғайлы қоныс іздеу идеясы еркіндікке, бостандыққа ұмытылу мұраттарымен орайлас келеді. Туған жердің табиғатына қарап тұрып, өткен күннің елесін іздеу жастық дәуреннің еске алу үрдісі ата қоныстың бүліншілікке түсіп, өзгенің ойранына айналған сәтте туындаған мұң - шермен астасып жатады. Ақындардың бір қатары жұтаған жер мен көшкен елге қайырылып сөз айтып тұрып, басқыншылық пиғыл мен зорлықшыл әрекеттерді зорлана жырға қосады. Зар-заман ақындарының көпшілігіне тән ерекшелік - келешекті көрегендікпен болжап, алдағы уақыттағы ел сипатының өзгерісін қолмен ұстап, көзбен көргендей бейнелеп айтуы. Мұндай болжам өлеңдер Зар-заман ақындарының шығармашылығын алғашқы бастапқы кезеңінде, яғни отарлаушылардың ойранынан бұрынырақ айтылғандығы мен құнды. Бүгінгі көз қарасақ тұрғысынан қарасақ олардың ойлаған қауіпі расқа айналғанына куә боламыз [6, 22] .

Зар-заман ақындарының қайраткерлік биікке көтерілуі отаршылдықдықтың белең алунан басталады. Жыр жүйріктерін бар құдреті бар қабілеті ел жұртының санасын оятуға жұмсалды. Олар қатерді, зорлық- зомбылықты, алдын-ала ескертті, зардаптарын күнілгері таңба басқандай айтып берді. Елдің берекетін кетірген отарлаушылардың құбыжық кейпіндегі бейнесін жасады. Солардың ойранына жол ашқан өз халқының кейбір жандайшаптарын айаусыз сынға алды, кей тұста ел бірлігінің келместігін де түйреп өтті. Зар-заманның бүкпесіз баяндалған оқиғаларын кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырды. Зар-заман ақындарының шоғырының белгілі өкілі - Дулат Бабатайұлы қазақ халқының дәстүрлі жыр үлгісін түр жағынан өзгертіп, өлеңді көркемдеп кестенің жаңа үлгісін жасады. Аталған ақындардың қай қайсысында ұлттық поэзиямыздың мазмұны жағынан байытуға үлес қосты. Кеңес идеология үстемдік еткен кезде Зар-заман ақындардың шығармаларын насихатттауға тиым салынды, олар барлық оқулықтардан алынып тасталды. Соған қарамастан зар-заман ақындарының шығармалары әр жылдарда зерттеу нысанасына айналды. Қазақ әдебиетін тариқын оқып - үйренуге арналған ғылыми жинақтарда олардың кейбір өлең тұлғаулары жарық көрген тұстарында болды. Мысалы, 1978 жылы Ленингратта басылып шыққан, «Поэты Казахстана» жинағында (құрастырған М. Мағауин) . Зар-заман ақындарын отаршылдыққа қарсы жазылған бір қатар өлеңдері орыс тілінде жарық көрді [6, 28] .

ХХ ғасырдың соңынан бастап Зар-заманның тарихи сипаты, Зар -заманның ақындарының шоғырының белгілі өкілдері, әдеби ағым ретіндегі ерекшеліктері, көркемдік кестелері туралы бір қатар еңбектері жазылды. Зар - заман шығармаларының - жаңалығы мол, өзгеше дәстүрі бар күрделі құбылыс ретінде әдебиеттану ғылымының тұрақты зерттеу нысанасы болып қала бермек.

Консерватор ақындар күшті де, әділ хан билігін құп көрді. Олар өз шығармаларында өткен дәуірді аңсады. Әз Жәнібекті, Қасым ханды, Тәуке ханды, Абылайды, Кенесарыны еске алды, олардың ел бірлігін нығайтудағы еңбектерін атады. Замананың бұзылуын ел билеудің бұрынғы дәстүрлерінің жойылуынан деп білді, сондықтан ел арасындағы келеңсіз құбылыстар тамырын тереңге жайды деп тұсіндірді. Олар патшалық отаршылдық саясатты сынаумен қатар былайша жарқын өмірдің қайта орындалатынына сенді. Зар-заман ақындарының уақыт тағдырын дұрыс түсінгені және оны әділ бағалағаны өзінің тарихымен өзектілігін жоғалтқан жоқ. Бірақ олар дәстүрлі құндылықтарды қорғаны мен тығырықтан шығатын жолды, жаңа арна мен бағытты көрсете алған жоқ. Дегенмен, олар патшалық отаршылдық саясатты сынау мен қатар, болашақта жарқын өмірдің қайта орнайтынына сенді [4, 159] .

2. ЗАР ЗАМАН ӨКІЛДЕРІНІҢ АЗАТТЫҚТЫ ЖЫРЛАУЫ

2. 1 МАХАМБЕТ ПОЭЗИЯСЫ - АЗАТШЫЛ ЖЫРДЫҢ АЛТЫН ТҰҒЫРЫ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЗАТТЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ТОРҒАЙ АҚЫНДАРЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ КӨРІНІСІ
Мәди Меркішұлы
Дәстүрлі ақындық поэзия
ӘБУБӘКІР БОРАНҚҰЛҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТАҒДЫРЫНЫҢ СУРЕТТЕЛУ ЕРЕКШЕЛІГІ
Тәуелсіздік жылдарындағы поэзияның егемендік келбеті
Қазақ әдебиетін дамытудағы еңбектері
Зар заман өкілдері мен шығармашылығы
Зар Заман - Қазақ әдебиетіндегі кезең атауы
Азаттық жырының ақтаңгері
Заман ақыр белгісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz