Өлең сөздің патшасы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
С. Бақбергеновтың өмірі мен шығармашылығы . . . 5
НЕГІЗП БӨЛІМ
С. Бакбергенов шығармашылығындағы ауыз әдебиеті үлгілері . . . 13
I тарау. Жазушы шығармашылығындағы аңыз-әңгімелер мен ертегілердің көрінісі
а) аңыз әңгімелер . . . 13
ә) ертегілер . . . 30
II тарау
С. Бақбергенов шығармашылығында тұрмыс-салт жырларының алатын орны . . . 35
III тарау
С. Бақбергенов шығармашылығындағы мащл-мәтелдер мен шешендік сөз үлгілері
а) мақал-мәтелдер . . . 40
ә) шешендік сөздер . . . 41
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 48
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 50
Кіріспе
" Өнердің көп салаларының ішіндегі ең бір қадірлісі, әрі қасиеттісі -әдебиет. Әдебиет - сөз өнері. Сөз өнері сурет пен музыка секілді жалпыға бірдей жетімді деу қиын; сөз бояу немесе дыбыс емес, барлық халыққа бірдей түсінікті бола бермейді. Әр ұлттың өзгеден ерекше өз тілі бар, әдеби шығарма сол тілде ғана туады. Бұл көркем әдебиеттің халықаралық өрісіне біраз бөгеу, тіпті тұсау екені рас. Бірақ, мұның есебіне әдебиеттің тілі музыка тілінен гөрі нақты, театр тілінен гөрі затты; әдебиетте екеуі, нақтылық та, заттылық та бар. Бейнелеу, сәулет, мүсін өнерлері затты, нақты болғанымен жансыз, қимылсыз; ал әдебиет кез келген шындықты қимыл - қозғалыс үстінде құбылта, құлпырта көрсете алады. Дәл осы тұрғыдан алғанда, сөз өнерін - бар өнердің басы, "өнер атаулының ең күрделісі және қиыны" (Бальзак), еңжоғарғы түрі десек, асырып айтқан болмаймыз".
Кешегі тарлан жырау мен бүгінгі қарымды қаламгердің арасын бөлген уақыт көп болса да иелегендері бір терінің пұшпағы. Халықтың ауыз әдебиетінен нәрлі бастау алған, Абайдың, Жамбылдың, Ахметтің, Мағжанның, Сәкеннің, Бейімбеттің, Ілиястың, Мұхтардың, Сәбиттің және т. б. сөз зергерлерінің тамаша туындыларымен молыққан қазақ әдебиеті үлкен күрделі де даңқты жолдан өтіп, бүгінде алдыңғы шепке шығып отыр. Біздің әдебиетіміз қалыптасудың қиын да қызықты еңбек жолын басынан кешірді. Ешкімге үқсамас өзінің кескін келбетін сақтай отырып, ол басқа үлттар әдебиетінің даму арасында бірге ілгеріледі. Орыс халқының тәжірбиесі мен көмегін шығармашылықпен игере отырып, тарихи қысқа кезең ішінде жаңа өмір құрлысының жарқын белестеріне көтерілген республикамыз, бүкіл еліміз сияқты көп халықтың туысқандық ынтымақ тірлігін әлемге әйгілеп отыр.
Қазіргі таңда жазушылардың мақсаты шығармашылық еңбегінің елжандылық, достық сезім интернационалдық сананы тәрбиелеуде елімізге көмегі болып отырғанын мақтан етеміз.
Елбасымыз Н. Назарбаев: "Республикада жүзден астам ұлт пен халықтың өкілдері еңбек етеді. Олардың бәрі біртүтас туысқан жанұя болып өмір сүруде, шынайы интернационализм талайдан бері - ақ біздің болмысымыздыңтабиғи мән - мағынасына айналған, сондык^ан біздің халықтарымыздың құрыштай берік топтасқандығына, достығына кімнің болса да, қандай түрде болса да күмән келтіруіне ешқашан жол бермейміз", дейді.
¥лттардың интелектуалдық және рухани өсу өресін әлем біздің шығармаларымыз арқылы саралайды. Әдебиетші жұмыс столында отырғанда, қолжазбаны баспаға даярлау барысында мыңдардың өзін -өзі таңуына ықпал жасауға міндетті өлкенің және ол өзге де мыңдаған адамдардың біздерді үғуына көмектесуі керек екенін ойлауы парыз.
Көркем әдебиеттің және кез келген өнердің ең көкейкесті қызметінің бірі осы болмақ. Тек талантты шығарма ғана халықтық. Жетістіктерді жете бағалай отырып, біз шығармаларымыздың жалпы одақтық және халықаралық ұғымға белсенді түрде беруі үшін әлі де қыруар істер атқару керек екендігін түсінеміз, өйткені оның көрінісі адамзат атаулыға етене жақын және ұғынықты болғанда ғана ұлттық мәдениет толық қанды саналады.
Әдебиет пен өнерге әрқашанда өзінің қамқорлығын көрсетіп отырады. Кеңес одағы кезіндегі ҚК партиясы XVI съезінің шешімдері сол кездегі көп ұлтты кеңес әдебиетінің алдына тәрбие беру бағытындағы негізгі принциптерді белгілеп берді.
Бұл міндеттер көп ұлттық кеңес әдебиеті мен өнерінің өркен жайған бір бұтағы - қазақ әдебиетіне, әдебиет тану ғылымына, әдебиет пен өнеріміздің тарихындағы көрнекті сөз шеберлерінің мұрасына да тікелей қатысты еді. 1986 жылдың көктемі - еліміздің саяси, экономикалық, әлеуметтік өмірдегі зор өзгерістердің басталған жылы болды. Ол жылдар экономикалық және әлеуметтік стратегиясының басты мақсаты - ғылыми - техникалық прогресте барынша жеделдету, халық шаруашылығын түбегейлі қайта құру, қоғамдық өндірістің құрылымын қайта құру, оны дәйекті түрде интенсивтендіру, барлық жерде және барлық істе тәртіп пен реттілікті нығайту керек екендігін атап көрсетті. Еліміз алдына осындай мақсат қоя отырып оған жетудің құралдарымен де қаруландырды. Олардың арасында идеялық тәрбиелік жұмыс пен және жалпы мәдениет аса маңызды рөл атқарады. "Біздің әдебиетіміз жаңа дүниенің туғанын бейнелей отырып, соныман бірге осы дүниенің адамын - өз отынының патриоты, шынайы ел жандылықты қалыптастыра отырып, оның орнығуына белсене қатысты. Сөйтіп ол жалпы халықтық істе де өзінің орнын өзінің рөлін дұрыс таңдап алды. Ал мұның өзі жазушының, суреткердің жұмысын бағалағанда халық, ұстанатын әдебиеттің, өнердің де өз міндеттерін бағалауда ұстанатын өлшем болып табылады.
Уақытты, әсіресе бет бұрыс уақытты ой таразысына өткізудің қоғамдық қажеттігі туған кезде ол әрқашан мұның өзі ішкі төл қажеттігіне айналатын адамдарды өсіріп шығарады. Қазір біз осындай уақытта өмір сүріп отырмыз. Қазір даңғазалық көп шимай мен тұрмыстық уақ - түйегін қазбалаудың, коньюнктурашылдық және алаяқтықтың халыққа қажеті жоқ. Қоғам жазушыдан көркем жаңалық ашуды, әрқашанда шынайы өмірдің өзегі болып келген өмір шындығын күтеді". Қандай қаламгер болмасын асқан жылдамдық пен дамып бара жатқан дәуірдің тынысын шығармасына арқау етіп адамның жарқын образын жасауға міндетті.
Жылдағы дәстүрлі жыл қорытындыларының негізіне қарасақ ең бастысы тәуелсіз ел әдебиетінің, яғни жаңа әдебиетіміздің жандана бастағанын айтуға тиіспіз. Өтпелі кезеңде қиналуымызбен қынжылуымыздың көп болғаны ешкімге жасырын емес. Ал соңғы жылдары экономикамыздың өрістеп өркендей бастауына орай рухани тіршілігімізде біртіндеп өзінің салихалы жөн - жобасына сай қадамдар басқаны да қуандырады. Сонымен бірге өмір мен әдебиеттің, қоғам мен қаламгерлердің әрі тығызы, әрі нақты өміршең байланыстарына жете мән беруді, соны арттыра түсуді көздейтін ой - пікірлерді түйіп айту, әдебиет және оның әр алуан жанрларының көкейкесті мәселелерін неғұрлым жинақтап, неғұрлым ірілендіріп көрсетуге ұмтылу тұстары басымдығымен назар аударады. Әр ұлттың өз әдебиетінің дамуына ерекше көңіл бөліп, оның кемелденуін назарда ұстауы - бұл қалыпты жағдайдың бірі. Оның сыры көркем сөз тек эстетикалық талғамды қалыптастырумен қатар түрлі әлеуметтік мәселені шешуге де ықпал етеді.
Өлең сөздің патшасы.
Қазіргі қазақ поэзиясының айдынды арналарының бірі қазақ поэзиясы бүгінгі таңда бар ұлттық бояу, бедерін бойына сақтаған парасатты да кемел поэзия. Қазақ әдебиетінде поэзияның алатын орны ерекше. Ерекше емес - ау жұлдызы жарқырап биік тұр. Қазақ негізінен ақын халық. Даланы жырмен суарған қаншама үлы жыраулар, от ауызды, орақ тілді ақындар өткен. Осы жырау халықтың біздің заманымыздағы ұрпағы, ата дәстүрін жалғастырушы талантты ақындарымыз аз емес. Өмірінің төртінші ширегін Кеңес дәуіріне арнаған Жамбылдан бастап Жарасқан Әбдірешевқа дейінгі аралықта қаншама дүлдүл, қаншама бұлбұл бар.
Баба жыраулардың XX ғасырдың соңғы кезінде болған, жүз жасаған Жамбыл атаның поэзиясының бойындағы ғаламат қайрат, асқақ айбын қазақ ақындарына, қала берді бүкіл кеңестік поэзияға дем берді. Әрбір халықтың гүлдену дәуірі секілді әрбір әдебиеттің, оның ішінде әрбір жанрдың гүлдену кезеңі болады. Біздің поэзиямыздың гүлдену кезеңі өлең өлкесіне Ғафу Қайырбеков, Ізтай Мәмбетов, Жұбан Молдағалиев, Мұқағали Мақатаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Сағи Жиенбаев, Төлеужан Ысмайылов, Жұмекен Нәжімеденов, Төлеген Айбергенов, Мұхтар Шаханов, Фариза Оңғарсыновалардың келуімен тікелей байланысты. Бүлар поэзиямызға 50 - ші жылдардың соңы мен 70 - шы жылдардың басында қалыптасқан, орныққан есімдер. Бұлардың шығармаларынсыз қазақ поэзиясын елестету мүмкін емес. Олар алдыңғы ағалары Ілияс, Қасым, Әбділдалардан келе жатқан сыршылдыкггы, философиялық тереңдікті барынша дамытқан, өлең өнерімізді жан - жақты байытқан адам жанының құпия қалтарыстарына еркін бойлаған, поэзияда үлкен бет бұрыс жасаған таланттар" - дейді Олжас Сүлейменов ағамыз.
Әдебиет, соның ішінде поэзия - ең көне, ең дәстүршіл жанр. Буыны бұзылса да ырғағынан жаңылса да - айқай, бітпес шу. Жаңалықтың аты жаңалық. Бас ию, тізе бүгу оған жат. Жаңалықтың қуаты күште, көптікте, ұранда емес, қайсарлықта, қажеттілікте. Жаңалық заңды құбылыс. Ол өзін танытпай қоймайды. Шамы сөнсе тоқыраудың түні басады. Өлең жырдың жас өкілдері жөнінде сөз салалағанда, дәстүрі мен жаңашылдық проблемасын айналып өту, не жол жөнекей сөз қылу -жасыруға болмайтын саяздық.
Әділін айтқанда, өнерді ілгері жылжытушылар жастар. Бірақ бұл жастар деген сөзді ертеңгі қарттар деп ұққан жөн. Әрбір талант өзінің жас кезінде бастаған лабороториялық жұмысын есеймей, кемелденбей, жүйелі, кестелі өнерге айналдыра алмайды. Демек, жаңашылдық - жастардың ғана маңдайына біткен бақ, ерекшелік емес. Ол - өмірдің, заманның талабы, автордың болмысы. Жас буын - соны орындаушы, жүзеге асырушы ғана", - дейді Қадыр Мырзалиев. Талант жасқа қарап ашылмайды екен. Әйтсе де буырқанған жас талап жаңалық әкелуге міндетті. өйткені заман ағымы осыны талап етеді. 70 жылдардан бастап өлең өлкесіне тіркес - тіркес өзінің үнімен, аяқ алысымен оқырманын қуантқан бір топ ақындар келіп қосылды. Бірақ, 60 -70 жылдары жастар аталып жүрген бұл топтың алды қазір алпысқа жетіп жігіт ағасы болып қалды. Атап айтқанда, Жарасқан Әбдірешов, Кеңшілік Мырзабеков, Жаркен Бөдешов, Исрайыл Сапарбаев, Иранбек Оразбаев, Жұматай Жақыпбаев, ¥лықбек Есдәулетов. Осы орайда академик - жазушымыз, марқұм Ғабит Мүсіреповтың "Жалын" альманағына берген интервьюде былай деген екен.
Ғабеңнің бұлай демеске шарасы жоқ.
Шоқан мен Лермонтов отызға дейін берерлерін беріп кеткен. Талант - жасқа қарап ашылмайды. Талантты - талап пен дарын өсіреді. Отыздан асып кеткен ақындардың ішінде, осы буындардың оқырманы мол, таланттылары аз емес. Мен осы бір шоғыр топтың ішінен мына, төмендегі төрт ақынды талдағым келеді. Олар: Исрайыл Сапарбаев, Иранбек Оразбаев, Жұматай Жақыпбаев, ¥лықбек Есдәулетов.
Here деген заңды сұрақ тууы мүмкін? Себебі, бұлар соңғы жылдарда сыншылардан жақсы баға алып баспа сөз беттерінде жиі көрінетін, кітаптары оқырманның қолында жүретін ақындар. Бастапқы мамандықтары әр түрлі. Исрайыл - мұғалім, Иранбек - су инженері, Үлықбек - тілші, Жұматай Жақыпбаев кезінде қой бағыпты. Бірақ өлең мамандыққа қарап қонбаса керек. Жыршылық қалпында бар қазақ баласы соғыста жүріп те өлең жазған. Оған кешегі Сырбай Мәуленов, Жұмағали Саин, Сарсенбаевтардың патриоттық жырлары куә.
Қазіргі поэзияда идея салмағын тек айқай, ұран биігімен өлшеу, тереңдігі объективті идеяны таба алмай, бергі субъективті ойларды мазмұндаумен шектелу көп азайды. Ақынның ақындығы азаматтығымен өлшенеді. Рас, дүниенің үпе еткен демі, табиғаттың бір тал шөбінің тынысын жан дүниесімен қабылдап, шиыршық атып жыр жазатын, біресе мұз боп қатып, біресе от болып лаулайтын алақұйын ақын жанын түсіну қиындау.
70 -80 жылдар поэзиясындағы ұлттық ерекшеліктер.
Туған тілдің жойылуы, - әрбір халық үшін трагедия өз тілін ұмытқан халық басқа тілдің көсегесін көгертпейді. Тақиядай Дағыстанның әлемге мәшхүр ақыны Расул Гамзатов: "Егер ана тілім құрыса, мен өлуге бүгін дайынмын", - деуі тегін емес. Ал өзіміздің орыс тілінде жазатын Олжас Сүлейменов ағамыздың "Мен қазақша ойланып, орысша жазамын" деуі де осыған келіп саяды. ¥лттық мәдениетті жоққа шығарушыларға, туған тіл туралы теріс түсінік таратушыларға жаппай "соғыс" ашу кез келген қаламгердің парызы. Украинаның халық ақыны Виктор Сосюра орыс, украина, армян тілдерінде жаза береді екен. Ал біздің Олжасқа орыс тілі ұтымды. Оған қарап Олжас Сүлейменов ұлт ақыны емес деген ұғым тумайды. Мысалы, академик Мұхаметжан Қаратаев: "Олжас ешкімнің алдында жасқанбайтын қазақ ақыны болып келді, солай бола беретініне күмән жоқ", - дейді.
Қазір қазақ поэзиясының өзі бір оркестр. Онда домбыра, қобыз, сырнай, сыбызғы, жетіген, шертердің үндері бар. Бүл оркестр біздің туған халқымыздың кешегісі мен бүгінгісі, қайғысы мен қуанышын, мерекесі мен берекесін, арманы мен мұратын күйік қылып шертеді. Ал, аспаптарда "ойнайтын" ақын жазушылар осы оркестрдің көзі, құлағы ұлттық тілдің, мәдениеттің өсуі халықтың өзіне тікелей байланысты. Ал мұнда ақын - жазушыларымыздың көтеретін жүгі мол.
. . . Қасиетіңнен қара өлең айналайын,
Қазақтыңдәл өзіндей қарапайым, -
деп кеше ғана Мүқағали Мақатаев жырлап кетті Бүл өлеңді оқыған кезде қазақ поэзиясының характері дәл ашылатын сияқты.
Иранбек Оразбаевтың мына бір өлеңін оқып көрейікші:
Атам қазақ мұңы бар келбетінде, Қайымсың жаңалықты тербетуге. Бір ақын менен асып туар бәлкім, Өзен жоқ сенен ұлы жер бетінде. Өзен жоқ сенен ұлы,
Сырым- анам,
Белгілі ұлылықтың сыры маған.
Тірліктің кешкен күре тамырындай
Сенсіз дала жүрегі жылымаған.
¥лысың бөгетіңмен, өзіңнен ұлылықтың несін бөлем.
Үміткер бола алмайды ұлылықтан, Көрмеген, көндікпеген, кесілмеген.
Бас - аяғы жұп - жұмыр үш - ақ шумақ өлең. Бұл қазақтың зор өзендерінің бірі Сырдария туралы өлең. Мүнда жаралғанына, жер бетімен аққанына, Аралға құйғанына мыңдаған жылдар болған Сырдарияның тағдыры бар. Сол замандармен танысқан, сан өзгерістерді бастан өткерген өлең ол. Жақсы мен жаманды да көрген, елді асыраған, жердің кенезесін кептірмеген өзен ол. Сырдария Әбділдә Тәжібаев пен Иранбек Оразбаевтың ғана анасы емес. Ақындар анасы, туған жер анасы. Оразбаев осы перзенттік махаббатты қалқысыз жеткізген. Оны жүрегін жарып туған өлеңі өзен туралы ғана емес, өмір туралы, адам тағдыры туралы толық қанды қазақи өрілген өлең. "Иранбек Оразбаевтың кең тынысты эпикалық сарыны мен өзекті ой, әлеуметтік түйін тұжырымдаудағы тапқырлықтарын байқап жүрміз, " - дейді сыншылар.
Жақсы меңгерген ақын ұлттық қасиетті, тілді, қашаннан қалыптасқан салт - дәстүрлерді бойына сіңірген және оны ағынан жарылып айта біледі.
. . . Темір тор тозбас бөрікті, ¥лыма аңшы зерікті. ¥лпадай түкті тонынан Ішік кисе де ерікті.
Немесе, . . . Бір ғұмыр солай қысқарды,
Бермеді ешкім қол үшын. Кепиет атып қүстардың Түншығып өлді сол үшін.
Қасқыр ішік түрмысымыздан шығып қалғанымен әл үмытыла қойған жоқ. Иранбек "ішікті" қолдану арқылы әрі өлеңге әр берген, әрі ішік аты оқушының есіне сала кеткен. Екінші шумақта "кепиет" деген сөз бар. Тек кәрілердің ғана аузынан естілетін кепиет сөзі шумақта өз қызметін толық өтеп түр. Иранбек қазақ тілін жақсы біледі. ¥мтылып бара жатқан сөздер ақын өлеңінде жаңғырып жатса нүр үстіне нүр емес пе!
"Жетіқазынада", "Жетім" деген жақсы өлең бар. Күйден жеріген қыркүйек, уілдеген қазан айында жас ана толғатады. Кермеде асылып тұрған әйелді Иранбек көз алдыңызға былай әкеледі.
Қолаң шаш төмен төгіліп, Шермиген қүрсақ сөгіліп. Жұлдыздай жанған тана көз, Бүлаудай болды егіліп.
Дүниеге адам әкелу оңай емес. Дүниеге сәби келді. Бірақ,
Әрбір шумақта ширыққан мұң, азалы сурет бар. Шымыр да шырайлы тіл бар. Өлең өрбітуінде гөп жоқ. Мұндай өлең шумақтарын "Жетіқазына" жинағынан көптеп тізіп шығуға болады. Иранбектің негізгі өлеңдеріне тән ерекшелік - парасаттылық. Қамшы өріміндей жымдасқанорайлы ой мен ыстық сезім, пайымды философия мен ұлттық нақыш.
Ыспа құм ыстық мамырлы -Сусыған шәйі жамылғы. Тораңғыл ақын ұйқысыз Теректей бойлы тамырлы.
Шәйі жамылғыдай ыспа құм. Суреткер ақынның сезімінде шек жоқ. Қазақы қоңыр мінезбен кесіледі.
Қататын кезде әзерге үн, Қаладан келіп айына. Қаймақтай аппақ әжемнің, Қалампыр болдым шайына. Ай төккен сүттей жарықта, Аулақтау кетіп топырдан. Жылтырап аққан арықта Жалбызың құсатып отырғам.
Ақынның соңғы кітабы "Шұғынық гүл төркіні" туған, өскен өлкенің қайталанбас келбет, естеліктері өз жанындағы әрбір қымбат әсер, ассоциацияны оятқандай. Ақын атын әйгілеп жатпаса да, жинақтағы өлеңдердің өзегін туған жер, ел, Отан сияқты қастерлі ұғымдарға тамыр тартқан перзенттік жүрек жарды ойлар мен сезімдердің көркем кестесін құрайды.
Өлеңцеріндегі бейнелік образдар, ұлттық нақыш, Жұматайдың қай жинағының да бедерін айқындап тұрған сипаттар. Осы белгілер ақынның "Саратан" жинағындағы "Көш жолы Қайнар" атты өлеңінде жақсы көрінеді.
Астаудай ақжем,
Арнадай шұңғыл бұралаң,
Арғымақ күшін, атанның белін сынаған.
Ақ құмақ жолдың айылдай ғана енімен,
Алалы жылқы, ақтылы қойылар шұбаған . . .
Көз айым болып шықтың ба, көш жол құмардан,
Көзімнң алды буалдыр шексіз мұнардан.
Қамшымен нұсқап, қылышпен салып бұл жолды,
Көшпенді бабам биікке жұртын шығарған. Арғымақтың күшін, атанның белін сынаған айылдай ғана жолмен алалы жылқы, ақтылы қой шүбырады. Көңілге қонымды сурет. Көз алдыңа ызы - қиқы шүбырған төрт түлік мал, көш елестейді. Көшпенді бабамыздың қамшымен, қылышпен салған жолы бұл. Жоғарыдағы шумақта - айтып түсіндіруге, талдап түстеуге көне бермейтін, ақынның сезіми тылсымынан өрілген табиғи үйлесімнің бір мысалындай көрінеді. Өлеңнің осындай әсерлі қүпиясы бейнелеуіш сөздер мен орамдардың дәлдігінде болар. Әлде, сол бейнеліліктің жүрекке ерекше ыстық таза қазақы өрнектерінде ме? Әрине, солай. Тек бүған ақындық шынайы толғанысты, өзін туған жердің "сәулелі шөбі" сезінген перзенттік сезімді қосыңыз. Жұматай жырларында үлттық қасиеттерді қастерлейтін өлеңдер молынан кездеседі.
¥лттық тамашамыз бәйге, атамыз жанынан артық көрген жүйрік ат, төсінде не бір шежірелері бар Сарноқай тауы . . . Жүматай қиялының әлдебір берекесіз экзотикасы емес, ақынның жер көркінен тарихын бажайлаған, сол елдің алдындағы азаматтық парызын, түнық сағынышын өрнектеген туындыларын колорит, әр беріп түрған детальдар. Бүл түрғыда "Арман" өлеңі сәтті шыққан деуге-негіз бар.
Ел үшін басым бәйгеге тігіп, "жайлауын жаудан, қыстауын қастан тазартқан", "төмендеп кеткен жүртының төбесін көкке жеткізген" Орақты батыр күші қайтып жантайып қалғанда ел жүрты жаяулап алдына келеді.
. . . Елім деп соқты жүрегім, Ежелден бір сын жетпеді. Батыр-ау, қандай тілегін, Бар енді бізден тепті елі. Бас қосып, батыр ойланса Бағыпты сөзін жүрты оның . . . -Осынау тауда, той болса, Бастасын-депті, -ұрпағының. Содан бері сол тауда, той тамаша бола қалса, тойды Орақты батыр ұрпағы бастайды екен. Жұматай осы өлеңнің аяғын былай деп түйіндейді:
Шапса егер атша жүрегім, Сүремін ғұмыр сол ерше. ¥лы өлім: "қандай тілегің, Бар, үлым, енді?"-дегенше.
Ақын өлеңінің ұлттық бояуы -халық үғымына етене жақын сөйлей білуінде және өз өлеңдерін сол тілде сөйлете білеуімен танылмақ. Ақ тастарын кем емес сүлтандардың тағына, Салт аттылар қаптаған сауық тойды сағынам. Айдарбектің ақжары бабаң өнер көрсеткен, Колизейі көшпенді көшсіз елдің бағыдан.
Жігіттің білегін, елдің бағын сынаған байге, көкпар, қыз қуу сиреп кеткені рас. Прогресс өз әмірін жүргізуде. Атадан қалған қазак^тың қара домбырасының ұмтылып кеткен күйлерін тірілтемін деп қаншама ақын, қаншама күйші тер төгіп жүр. Бізге жетпей қалған қаншама мүралар бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz