Исатай - Махамбет жырының мәнісін сөз ете келіп, осы жырдың авторы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
1 Қ. ЖҰМАЛИЕВ - БАТЫРЛЫҚ, ТАРИХИ ЖЫРЛАР
ХАҚЫНДА . . .
2 Қ. ЖҰМАЛИЕВ - ЖАЗБА ПОЭЗИЯДАҒЫ ЖЕКЕЛЕГЕН АҚЫНДАРДЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ОНДАҒЫ КЕЗЕҢДЕР СӘУЛЕСІ . . .
3 Қ. ЖҰМАЛИЕВТІҢ ЫБЫРАЙТАНУ МЕН СӘБИТТАНУДАҒЫ
ПАЙЫМДАУЛАРЫ . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі . Әр ұлттың белгілі бір ғылым саласын жасаушы, дамытушы, ел игілігіне жаратушы шоқ жұлдыздай кемел тұлғалары болатыны анық. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасуында құнды пікірлер мен еңбектер бере білген ұлтымыздың мақтанышы санаулы саңлақ ғалымдар бар. Аға буынның жетістіктері мен кемшіл тұстарын кейінгі буын әдебиет зерттеуші ғалымдар нақты өмір сүрген кезең шындықтарымен бірлікте қарастыра отырып зерттеуде. Әрине, жекелеген әдебиетші ғалымдардың мұрасын мүмкіндігінше жан-жақты танып білу қазақ әдебиеттану ғылым үшін қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі. Бұл ретте қазақ әдебиеттану ғылымында нақты әрі нәтижелі ғылыми зерттеулер жүргізіліп жатқандығын қорғалған кандидаттық, докторлық жұмыстардан, монографиялық еңбектерден көруге болады. Дей тұрғанымен, бұл игі істе айтушысын таппаған ескі әндей осы күнге шейін тым аз, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері мүлдем арнайы зерттелмеген ғалымдарымыз бар. Солардың бірі әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, әдебиет сыны саласында қырық жылға жуық қызмет еткен көрнекті ғалым, академик - Қажым Жұмалиев.
Қ. Жұмалиев қазақ әдебиеттану ғылымында ең алғашқы болып 1941 жылы “ХVІІІ-ХІХ ғғ. қазақ әдебиеті тарихы” деген тақырыпта кандидаттық, 1946 жылы “Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі” деген тақырыпта докторлық диссертациялар қорғаған ғалым адам.
Іргелі қазақ халқының рухани жан сарайын, болмыс бітімін, ілім-білімін, тыныс-тіршілігін пәрменді етуге, сөз өнері мен мәдениетін өскелең адамзат баласы жүрегінің төріне көтеріп, жан азығы етуге бағыштаған жазушы, ғалым, ұстаз Қажығали (әдеби лақап аты Қажым) Жұмалыұлы Жұмалиев әлі жіті зерттелмеген тұлға.
Төңкеріске толы ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп, кіндік қаны тамған киелі топырақтың қадір-қасиетін тұла бойына дарытып, жастайынан жиын-тойда “өлеңші бала” атанып, елінде мұсылманша, Орынборда орысша сауат ашып, бой түзеп, болашағын бағамдаған жастың сол кездегі Қазақстанның орталығы Алматыға үлкен білім іздеп келіп, қазақ әдебиеттану ғылымында өз ой тұшымды тұжырымдары бар бірегей тұлға болып қалыптасуы кездейсоқ емес, талап пен таланттың ұштасуынан туған нәтиже деп қабылдау қажет.
Академик Қ. Жұмалиев әдебиет тектерінің бірі - эпос өмір құбылыстарын сан алуан жағынан келіп, суреттеп беруіне қарай іштей бірнеше түрге бөлінетініне тоқталады. Солардың басында халықтық мұра батырлар жырлары тұрса, бұған жалғаса тарихи мәліметке сүйене отырып шығарылған тарихи жырлар бар. Және де, қазақ әдебиеттану ғылымында бергі дәуірде қалыптаса бастаған эпостық жанрдың түрлері поэма, роман, повест, новелла, мысал т. б. болып жалғасын таба береді. Бұған қарап, бұлардың айырмашылығы мен бірлігі жоқ па деген ұғым тумаса керек. Бұлардың айырмашылығы прозалық, поэзиялық шығармалар болуымен қатар, белгілі бір оқиғаны тыңдарманға, оқырманға жеткізуде қолданылатын әдіс - амалынан көрінеді, бірлігі адамзат баласына ізгі ой айту. Сонымен қатар бұларды белгілі бір авторының болу- болмауы және басқа да ерекшеліктерін ескере келіп, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті деп екіге бөліпте қарастырып жатамыз.
Қ. Жұмалиев қай халықтың болсын жазба әдебиетінен бұрын ауыз әдебиеті дамығандығын айта келіп, фольклористика ғылымындағы эпос деген әр халықтың жүріп өткен жолын көрсетеді деген түйін жасайды. Осы орайда ғалымның ойын өз сөзімен берер болсақ: “Қай елдің эпосы болсын белгілі бір тарихи оқиғаның ізін баса туатынға ұқсайды және ол бір күн, не бір жылдың ғана жемісі емес, халықтың басынан өткізген талай заман, талай ғасыр, талай тартыстарының нәтижесі” - дейді [1, 10] .
Әрине, бұл ғалымның әлем халықтары әдебиетіндегі эпос жанры жөнінде айтқан пайымдауы. Ал енді ғалым төл қазақ эпосы туралы не айтты дейтін болсақ: “Қазақтың ауыз әдебиеті материалдарының молдығы, мазмұндылығы жғне түр көркемділігі жағынан қай халықтың ауыз әдебиетінен кем түспейді.
Жұртшылығымызға мәлім батырлар жырында бірнеше ғана эпизодтан құралған, батырдың бір ғана ерлігін көрсететін қысқа поэмалар (“Базар”), әлденеше ерлік қимылдары бір адамның басына жинақтап, оқиғаларын композициялық жағынан бір бүтін етіп шығарған ұзақ поэмалардың (“Алпамыс”, “Қобыланды”) және әңгіме бір батырдың ғана емес, көптеген батырлардың ерліктерін жалғастыра суреттейтін эпопеялық эпостардың болу дерегі қазақ ауыз әдебиетінің әрі бай, әрі эпостық жыры марқайған ел екендігін аңғартады” - деген пікірі құптарлық [1, 5-6] .
Біз бұл зерттеуімізде ғалымның бір ғана фольклористика ғылымдағы батырлық эпосқа қатысты көзқарастарына тоқталып қана қоймаймыз, бұдан әлде қайда ауқымды әдебиет тектерінің бірі эпостық жанр түрлеріне жататын шығармалар хақында, әр жылдарда айтқан тұжырымдарын жинақтап, ғылыми бір ізге түсірмекпіз. ¤йткені күні бүгінге дейін Қ. Жұмалиевтің тұтас эпостық тек түрлеріне жататын көркем әдеби дүниелер жөніндегі ой-толғамдары арнайы зерттелген емес.
Бұған қарап, Қ. Жұмалиев әдебиет зерттеуші ғалым, творчество адамы ретінде әлі күнге сөз болған емес деген ұғым тумаса керек. Әрине, көзі тірісінде газет, журнал беттерінде ғалым қазақ әдебиетін іргелі зерттеулермен толықтырғаны аз айтылған жоқ. Кейін өзі қайтқасын да ғалымның шәкірттері, тұстастары сөз өнерінің қадір-қасиетін танып білуде ол жасаған пайымдаулардың екінші өмір жолы басталатынын айтып, соған өздері мұрындық бола білді. Мұның барлығы ғалымның творчестволық тұлғасын, адами қадір-қасиетін жан-жақты ашып көрсетудегі игі істер.
Бұл бағытта қазақ әдебиеттану ғылымында сүбелі еңбектер берген С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. Мұқанов шығармалары мен зерттеулерін бағалау дұрыс жолға қойыла білген деп толық айта аламыз. Жақсының атын, ғалымның хатын өшірмеу ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа желі тартып жалғаса беретін, ертеңі бар елдердің әдебиеттану ғылымындағы ізденістер екендігі анық. ¤йткені, қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбалары бар тұлғалардың бай-мұрасын әр дәуірдің ұрпағы жаңа қырынан танып, зерделеп соны пікірлер айтары даусыз.
Біз академик Қ. Жұмалиев туралы жекелеген мақалалардан басқа нендей еңбектер бар дейтін болсақ, М. Қаратаев, С. Сейітов, З. Қабдоллов, Х. Әдібаев шығарған “Қ. Жұмалиев” [2] атты ұжымдық жинақпен осы аттас М. Атымов шығарған монографиялық еңбекті атаймыз [3] . Содан соң Р. Зайкенованың “Қ. Жұалиев еңбектеріндегі әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері” деген атпен қорғалған кандидаттық диссертациясы барлығы белгілі [4] .
Алдыңғы ұжымдық жинақ пен монографиялық еңбекте Қ. Жұмалиевті “жазушы”, “ғалым”, “ұстаз” деп үш қырынан алып қарастырады. Осында біз зерттеп отырған ғалымдық қыры дұрыс көрсетілген, бірақ тереңдей жан-жақты ашып берілмеген. Мұны көлемі шағын еңбектен талап ету орынсыз.
Қ. Жұмалиевтің ғылыми еңбектері жөнінде қазақ әдебиеттану ғылымында біршама тың пікірлер қалыптастырған зерттеулердің бірі Р. Зайкенованың жоғарыда аталған кандидаттық жұмысы.
Қ. Жұмалиев туралы жоғарыда көрсетілген бірлі жарлы еңбектер болғанымен әлі де айтыла берер, ашылып, айқындала түсер тұстары да жетерлік. Сан- салалы ғалым еңбектерінің жеке бір саласын арнайы зерттеп, бүгінгі көзқарас тұрғысынан байыпты бағасын беруіміз қажет.
Профессор Қ. Жұмалиевтің “Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері” деген еңбегі қазақ әдебиеттану ғылымына үлкен бір серпіліс алып келді. Мұны сол кездерде мерзімдік баспасөздерде жарияланған мақалалардың молдығынан байқауға болады. Зерттеуші еңбегінің жаңалықтылығы ауыз әдебиеті жөніндегі зерттеулерде олқы саналып келген шығарманың құрылысы мен тіліне көп көңіл аударуы.
“Эпостық жырларды зерттеудегі автордың бір ерекшелгі: қай жырды алмасын, оның барлық варианттарынан толық хабар бере кетеді және оларды зерттеушілердің еңбектерінде қалдырмай атайды. Қаһармандық жырлардың идеялық мазмұнын ашумен бірге олардың көркемдік ерекшеліктері де толық қамтылады. Бұрынғы зерттеушілер қай жыр жөнінде болса да “тілі бай, әрі көркем” деген бір өлшеммен өте шығатын еді. Ал, Қажым бұл еңбегінде әр жырдың көркемдік әдістері неде, олар не үшін қолданылған және жеке-жеке көркемдік әдістер қалай берілген деген сұрақтарға толық жауап береді”- дейді [5] .
Ғалым сонау өткен ғасырдың 40-шы жылдары батырлық жырлар мен тарихи жырлардың арасындағы жанрлық ерекшеліктері толық ашыла қоймаған кездің өзінде де, бұлардың негізі бір болғанмен эпос жанрының дамуындағы екі сала екендігін нақты мысалдармен дәлелдеп бере алғандығын көреміз. Зерттеуші сол кездің өзінде тарихи жырдың табиғаты туралы: “Жырдағы суреттелген персонаждардың бәрі болмаса да, көпшілігі сол тарихи оқиғаға шын қатысқан, тарихта болған адамдар жайлы поэма жырлар тарихи жырлар болып саналады” деп дұрыс тұжырым жасай білген [6, 108] .
Эпостық жанрдың бір түрі жазба әдебиеттегі поэмалар деп таныған ғалым, қазақ әдебиетінде мұны қалыптастырушы, дамытушы Абай деген қорытынды жасайды. Ғылыми еңбектерінде салыстыра отырып зерттеу әдісін жиі қолданатын ғалым, жазба әдебиеттегі поэмалардың эпостық жырлардан айырмашылығы, “- жоққа сенушіліктен арылуы, тұжырымды шындықты көрсетуі, кейде болған шындықтан гөрі, болуы мүмкін шындықты суреттеуге әдейі, саналы түрде баруы, қысқасы, мәдениеттің жоғарылығы” деп бағалайды [7, 233] .
Зерттеуші жазба әдебиеттегі поэмаларды талдау барысында әр ақынның өзіндік қол таңбасын, стильдік ерекшеліктерін ашып көрсетуге тырысқан. Қазақ әдебиеттану ғылымында стильдік даралықты айқындау сияқты күрделі зерттеу жұмысын жолға қоя білуде Қ. Жұмалиевтің еңбегі ұшаң-теңіз екендігін ешкім жоққа шығара алмайды.
Эпостық жанрдың жғне бір түрі қара сөзбен жазылған әңгіме, повест, роман екендігі белгілі. Міне, осы көркем дүниелер жайында ғалым пайымдаулары әлі өз бағасын алып үлгерген жоқ.
Біз бұл диссертациялық жұмысымызда ғалымның эпостық жанр түрлеріне байланысты айтылған ой-пікірлермен қоса, аталмыш жанрдың дамуындағы қос сала, батырлық жырлар мен тарихи жырлар туралы бұрын тиым салып айтылмаған тың көзқарастарында саралауды алға қойып отырмыз.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті . Жұмыстың мақсаты қазақ әдебиеттану ғылымының көрнекті тұлғасы Қ. Жұмалиевтің әдебиет тектерінің бірі эпостық жанрға жататын шығармалар хақында айтқан пайымдауларын талдау. Осы бағдарлы жұмыста мынадай міндеттерді орындау көзделді:
- Батырлық жырларды зерттеудегі ғалымның ерекшелігін анықтау;
- Эпостық жанрдың дамуындағы екі саты батырлық жыр мен тарихи жырдың бірлігі мен айырмашылығы туралы ой-толғамдарының маңыздылығын көрсету;
- Абай және оның шәкірттерінің қазақ поэзиясына әкелген жаңалықтары туралы зерттеуші пайымдауларының мәнін ашу;
- Қазақ ақындарының стильдік ерекшелігін айқындауда ғалым түйіндерінің сырын ашу.
- Ы. Алтынсариннің педагог-жазушылығы мен С. Мұқановтың күрескер тап жазушылығына қатысты ғалым көзқарастарының мәнін ашу;
Зерттеу нысанасы . Дисертациялық жұмыстың басты нысаны, зерттеу материалдары ретінде академик Қ. Жұмалиевтің халықтық мұралар мен қазақ қаламгерлері шығармашылығына қатысты жазылған ғылыми-зерттеу еңбектерінің даралық сипаттары екшеліп алынды.
Зерттеу жұмысының әдістемелік және теориялық негіздері . Диссертациялық зерттеу жұмысын жазуда әдебиеттану ғылымындағы осы тақырыпқа қатысы бар отандық жғне шетелдік ғалымдардың теориялық тұжырымдары, талдаулары басшылыққа алынды. Ш. Уәлихановтың, Х. Досмұхамедұлының, С. Сейфулиннің, М. Әуезовтің, С. Мұқановтың, Б. Кенжебаевтың, Ғ. Қоңыратбаевтың, Ә. Марғұланның, Т. Нұртазиннің, М. Атымовтың, А. Нұрқатовтың, З. Ахметовтың, С. Қирабаевтың, Т. Кәкішевтің, З. Қабдолловтың, Р. Бердібаевтың, С. Қасқабасовтың, Ш. Сәтбаеваның, Н. Дәдебаевтың, С. Негимотың, Қ. Әбдезұлының, З. Бисенғалиевтің, Ж. Тілеповтың, З. Сейітжанұлының, Р. Тұрысбековтың, Ө. Әбдиманұлының, Р. Зайкенованың, Қ. Мәдібайдың және т. б. ғалымдардың еңбектері әдістемелік бағыт-бағдар тұрғысында негізге алынды.
Зерттеу әдістері. Тарихи-салыстырмалы және кешенді-жүйелі талдау әдістері қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы . Қ. Жұмалиевтің ғылыми-зерттеу еңбектеріндегі эпостық тек түріндегі жанрға жататын шығармаларға қатысты ой түйіндерін жүйелі, ғылыми түрде нақтылайды. Бұл жанр түрлерінің өзіндік ерешеліктерін айқындау барысында жасалған тұжырымдар қазақ әдебиеттану ғылымын толықтыратын тұжырымдар ретінде сараланады. Жалпы ұлттық әдебиеттану ғылымына ғалымның қосқан үлесі анықталып, ғылыми көзқарастары нақтыланады. Ғалым еңбектерін зерттеуде аталмыш тақырып бойынша әдістемелік негіздер жасалды.
Зерттеудің ғылыми-практикалық мәні . Зерттеу нәтижелері қазақ әдебиеттануында жинақталған ғылыми тұжырымдар мен теориялық қағидаларды толықтырады. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелерін жоғары оқу орынарындағы қазақ әдебиеті оқытылатын лекцилық дәрістерде және семинар сабақтарда пайдалануға болады. Сонымен бірге, бұл зерттеуді арнайы курстарда да көмекші оқу құралы ретінде пайдалану мүмкіндігі анық.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар . Кез келген әдебиет зерттеуші тұлға - жалпы ұлттық шығармашылық ойдың дамуында белгілі бір мән-маңыз иеленетін құбылыс. ХХ ғасырдың 30-60 жылдары әдеби өмірге белсене араласқан Қ. Жұмалиевтің ғылыми-зерттеу еңбектері де қазақ әдебиеттануының қалыптасу жолында, сол арқылы жалпы әдебиеттану ғылымының даму үрдісінде өзіндік орын алары анық. Сол себепті Қ. Жұмалиевтің ғылыми мұраларын бүгінгі көзқарас тұрғысынан зерттеу, шынайы бағасын беру, ғылыми айналымға қосу - уақыт талабынан туындап отырған қажеттілік. Ғылыми зерттеу еңбектерінде Қ. Жұмалиев көтерген мәселелер мен ғалымның ортаға салған ой-тұжырымдары қазіргі таңда да өзінің көкейкестілінін әлсіреткен жоқ. Демек, Қ. Жұмалиев еңбектерінің мазмұн-мәнін зерделеу қазақ әдебиеттану ғылымының даму жолын айқындауда, сапалық сипатын белгілеуде нақты маңыз иеленері сөзсіз.
Жұмыстың сарапталуы мен сыннан өтуі.
І ТАРАУ. Қ. ЖҰМАЛИЕВ - батырлық, тарихи жырлар хақында
Академик Қ. Жұмалиев қазақ эпосы олардың жанрлық түрлері, өзіндік туу, қалыптасу, даму жолдары туралы қазақ әдебиеттану ғылымында тұшымды ойлар айтып ғылыми салмағы бар зерттеу еңбектер жазған аға буын ғұлама ғалымдарымыздың бірі.
Ғалым 1938 жылы алғаш жарлық көрген “Әдебиет теориясынан” бастап, соңғы 1967 жылы шыққан “ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиетті” аралығында қазақ эпосына қатысты пайымдауларын жетілдіріп отырғаны әдебиет зерттеушілерге мәлім.
Бұл ретте ол бір жақты социологиялық талдауға ұрынбай, батырлық, тарихи жырлардың өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсетуге баса назар аударады.
Ғалым қазақ эпостарының шығуына себеп болған жәйттарға тоқтала келіп: “Қазақтың осы күнгі ұзақ эпостарының бастамалары, ерте замандардағы патриархалдық рулық құрылыс кезінде: үйсін, қаңлы, қоңырат, керей қыпшақ замандарында, әр рудың өз тәуелсіздіктерін сақтап қалу үшін күрескен адамдардың істерін ерлікке айналдырып жыр еткен қысқа көлемді жырлар жатуы, кейін олар ұмытылса да, есте сақталынып қалған аңыздардың негізінде ұзақ жыр, поэмалардың тууы мүмкін аңызы ғана” деп санайды [1, 10] .
Халық ауыз әдебиеті оның ішінде батырлық жырлар жөнінде қадау-қадау еңбектер жазған Қ. Жұмалиев қазақ эпостарына тән жекелеген ерекшеліктерді ашып бере алған. Ол қолда бар эпостардың көпшілігінде кездесетін бас қаһармандардың тәңірден тілеу арқылы туылған жалғыз ұл болып келетіндігі. Бұның өзі әке-шешесі бала сүю жасынан өткенде көптеген қиындықтардан кейін барып көреді. Жырлардағы тілеп алған баланың бойға бітуіне себепші, жарылқаушы әулие - әмбиелер кейде Баба түкті шашты Әзиз немесе Қырық Шілтен. Бұның бұлай болуы халықтың ислам дініне дейінгі және кейінгі нанымымен байланысты. Сонан соң, туар баланың тегін еместігін аңғартқандай анасының аю, айдаһар, жолбарыс етіне аңсары ауып, жерік болуы, күні жетіп, өмірге келген перзенттің ерекшелігі күн санап өсіп, алты жасында ат жалын тартып мінуі. Міне, осы айтылғандардың бәрі қазақ батырлық жырларының табиғатын танытатын белгілер. Бойкүйездікті тастап, іргелі ел болу жолында жеделділікті, имандылықты жанына серік етуді аңсағаннан туған тілектер.
Ғалым батырлық жырларға тән тағы бір ерекшелік елдік мәселесі деп біледі. Елдік мәселесі батырлар жырының барлығында дерлік айдарлы ой, негізгі идея болып табылатындығын аңғаруға болады.
“Қамбар” жырында ел басына екі талай күн туғанда, батыр қыз Назымның ағаларына деген ренішін ұмытып, елдік мәселесін бірінші орынға қояды. Мұны біз мына бір үзіндіден көре аламыз:
Қамбар айтты: Жәдігер,
Қылмаңыз көп уайым.
Әуелі алла, екінші,
Жұрт үшін белді буайын.
Отыңды жанған өшіріп,
Асырып қырдан қуайын.
. . .
Әзімбайдың ақымақ
Алты итіне өкпелеп,
Жаманның ісін қылмайын.
Немесе:
Сайратып тілді көмейден,
Жағымды қайрап безеймін.
Бөтен туған бала едің,
Жұртқа тұлға болғандай.
Сол себеп сені тежеймін.
Қыз Назымның аузынан айтылған бұл шумақтың да төртінші жолында елдік мәселесі көтеріліп тұрғанын байқаймыз. “Ер Тарғын” жырында елдік мәселесі Тарғын арқылы ғана көрініп қана қоймайды. Елдік мүддені көздеушілер қатарын Сыпыра жырау, Қарт Қожақ, Ақжүністер толықтырады. Мысалы:
. . . Айналасы алты айшылық Еділге
Ат Тарланды талай-талай салғанмын
Еділдің арғы жағында
Атаңа нәлет қалмақтың
Сыңсып жатқан малы үшін.
Аттанғам жоқ олжа үшін,
Аттанғанмын кәуірде
Ата, бабам ежелден
Ескі кегі бар үшін.
Осындағы “ескі кек” елдік таныту деп түсінгені дұрыс. Кезі келгенде жалтақ ел емес, ерлігі мен елдігі қатар жалпақ ел екендігін ұғындыру.
Сыпыра жырау ел атынан Тарғынға: “ . . . Сен ноғайлы - қазақ батырысың. Ханға өкпелеп, елге жау болам деуің жөн бе? Шапқанда кімді шабасың? ¤з еліңді шабасың. Ноғайлы да өз елің . . . Хан үшін өз денеңе өзің қанжар салуында не тапқандық болмақ”? - деп батырды ақылға шақырады [8, 141] .
Елдік мәселесін бірінші орынға қою Қарт Қожақта да аңғарылады. Ол алғаш дүрмекке еріп қызды қуғанмен, шешуші сәтте елдің тірегі, елдің көркі екі жасты өлімге қия алмайды. “Жолдарың болсын, қызықты өмір сүріңдер!” - деп, өсіп-өніп ел болуына тілектесік айтады.
“Ер Тарғын” жырындағы Ақжүністің Тарғынға айтқан сөзін жеке бастың сүйіспеншілік сезімін бүлдіру деп қарасақ, ағаттық болған болар еді. Ақжүніс: “Мені бір ханның баласына айттыруға елшілер келіп жатыр. Әкем мені бермек болып ұлықсат сұрапты. Мен хан баласына құмар емеспін, өзім де хан баласымын. Сұлуға таңсық емеспін, өзім де сұлумын. Кімнің бақыты зор болса, соған барамын. Енді мені біреулерге қор қылғанша, батыр екенің рас болса, сен мені алда қаш, мен саған тиемін, сенен басқа ешкімге тимеймін. Көңілім саған ауыды, сені сүйемін” - дейді [ 8, 111] .
Осындағы Ақжүністің батырды сүюі, көңілін білдіруі елге қорған боларлық батырды іздеуде жатыр. Қазақ батырлық жырларында қыздардың мал бергенге тие салмай, елдің қорғаны болар ерді таңдауы елдік мәселесінде жатқандығы белгілі.
Елді сүю мотиві батырлық жырларда психологиялық жағынан да дәлелденгендігін сөз еткен ғалым, біз мұны Алпамыс, Қобыланды елден жырақта жортуылда жүргенде, өскен орта, туған жері еске түсіп бойын сағыныш бейлеп, күңіренетін тұстардан көре аламыз деп есептейді.
“Қазақ батырлары және олардың ел тағдырындағы тарихи орны дегенде, біз біріншіден, батырлар жырындағы, тарихи жыр, аңыз, дастандардағы тереңнен тамыр тартқан туған жер туралы идеяны бірінші қатарға қоюымыз қажет. Батырлар туралы бірде - бір халық мұрасы осы идеяны айналып өтпеген. Туған жерді қорғау, сақтау, келер ұрпаққа аманаттау, ел бірлігі, ел ынтымағы идеясы - бізге жеткен барлық әдеби мұралардың алтын арқауы осы ” [9, 161] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz