Махамбеттің күй мәдениеті



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
І ТАРАУ МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫНЫҢ ӨСКЕН ОРТАСЫ ... ... ... ... ... ... ...7
1.1 Махамбет Өтемісұлының 200-жылдығына арналған
деректер ... ... ... ... ... ...10
1.2 Ерлік пен елдіктің өшпес
рухы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.12 ІІ ТАРАУ ХVІІ-ХVІІІ Ғ.Ғ. ХАЛЫҚ КӨТЕРІЛІСТЕРІНІҢ ӨНЕР ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНЕ
ӘСЕРІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... .. 20
2.1 Махамбет-әрі батыр, әрі ақын, жыршы мәдениетінің
байланыстылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.2 Махамбеттің күй
мәдениеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .27
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .46
ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...47

Кіріспе
Тарихымызға үңілсек, ата-бабамыздың тарихы бір ізбен ілгерілей берген
жоқ. Әрбір тарихи дәуірдің жеңісі мен жетістігі, күйреуі мен күйзелісі
қатар жүріп жатты. Ноғайлы хандығы ыдырап, көптеген бытыраңқы ұсақ ұру-
ұлыстар иеліктері көбейген тұста әлсіреген елдің береке бірлігі келіп,
көрші империялардың тырнағына ілініп тәуелсіздіктерінен айрылды. Жойқын
шапқыншылықтар құрбаны боп жапа шекті. Ақтабан шұбырынды сияқты өте қайғылы
кезеңдерді басынан кешті. Жоңғарлар шапқыны деп аталатын он сегізінші ғасыр
оқиғасы қазақ хандығының іргесін босатып, ұзақ жылдар бойы жаздырмай
еңсесін басумен болды. Бұл тұста өзге түркі елдеріне қарағанда ең
алдымен, қазақ хандығының қабырғасы қайысты. Ұзақ жылдарға созылған жоңғар
шапқыншылықтары күйзелткен қазақ елінің тап сол тұста басқа
шапқыншылықтарға тойтарыс берер күші жеткілікті болмады. Осыдан барып
қазақ жері Ресей империясының боданына айнала бастады. XVIII ғасырда
басталған патша үкіметінің отарлау саясаты ХІХ ғасырдың ішінде аяқталды.
Екі ғасыр уақыт ішінде Қазақстан ресей патшалығының отар өлкесіне айналып,
өз тәуелсіздігінен түгел айрылды. Қанау мен тонаудың толық правосыздықтың
зардабын шекті. Осынау тарихи кезеңдердегі халық басынан өткен қайғылы
оқиғалар сөз болып отырған дәуір әдебиетінен тиісті орын алды. Ақын атаулы
қазақ қайғысына үн қосып, әлеуметтік шындықты тайға таңба басқандай
бейнелеп, ерлік күрес шежірелерін жазды. Ақындар халықтың намысын оятарлық
жалынды сөздермен ел еңсесін көтеруге күш салды, қажыған халықты қайратқа
шақырған. ХІХ ғасыр ақындары поэзиясының ішінен ел азаттығы үшін күрес туын
тікке жауынгер поэзия - Махамбет өлеңдерін айрықша атаймыз.

Зерттеудің өзектілігі - Күрескер ақынның шығармалары түгел дерлік
пафосқа негізделіп өз дәуірінің өзекті мәселесін жырлады.
Беркініп садақ асынбай,
Біртіндеп жауды қашырмай. Қозы жауырың оқ салмай,
Білтеліге доп салмай, Қанды көбік жұттырмай,
Қорамсаққа қол салмай. Ерлердің ісі беті ме?
- деп ақын елін жерін қорғау ер азаматтың ең ардақты міндеті екенін айта
білді. Қол басы Исатай мен Махамбет ел азаттығы үшін жандарын құрбан етті.
Кейбір ақындар өткен дәуірде жасаған тарихи адамдарды, аттары аңызға
айналған атақты батырларды еске алып, солардың ерлік үлгілерін алға тартты.

Зерттеу объектісі – Махамбет пен Исатайдың саз сабағындағы ерлік
істерін, өлең-жырларын патриоттық тәрбие беруде зерттеу. Қай халықтың да
қадір тұтары - өзінің сөзін сөйлеп, кегін қуар ақыны мен батыры. Екеуі
де тек халықтың ғана бойынан табылар сарқылмас жігер мен шабыттың,
сана мен сабырдың, тәуекел мен арманның түлегі. Екеуі де жұртын
елдікке бастаса, қайсыбір жұмыр басты пенденің болсын өресі жетпес
ерен ерлікке, кемел кісілікке бастары хақ. Екеуі де тасқындаған
қайраттың ғана емес, ең алдымен, кең толғап, кемсіз пішер кемеңгер
ақылдың көрінісі. Ал, осы екі қас қасиет бір адамның басына сыйып,
бағына бітсе ше.
Зерттеудің пәні – Саз сабағында патриоттық күйлерін тыңдатып,
пайдалану. Сондықтан да, ол табиғаттан қалаған уақытында табыла
бермейтін асылдай аса сирек кездесетін құбылыс. Махамбет те сол
асылдың , сол сиректің бірі. Ондай құбылыс тек қазақ түгілі барша
адамзаттың ғұмырында да көп кездесе бермеген.
Зерттеудің міндеттері – Халық көңілінің тұнығындағы ең асылын-
еркіндікті, теңдікті, жаөсы тұрмысты аңсаған арманын ата жауына деген қаны
қатқан өші мен кегін, азаматтық антқа берік адалдығы мен арыстандай
адалдығы мен арыстандай ерліктің озық үлгілерін оқу жүйесіне лайықтап
ендіру. Отансүйгіштік, елжандылыққа баулу жолдарын дамыту. Жеке тұлғаның
даму жолы, эмоционалды-эстетикалық патриоттық тәрбие жолдарын қарастыру.
Ішкі жан дүние дамуы өз бетінше жұмыс жасап, ойларға баулу жолдарын және
музыканың патриоттық тәрбие берудегі әсері мен зерттеу жолдарын қарастыру.
Зерттеудің көзқарасы – Қазақтың патриоттық-отансүйгіштік тәрбиесі
тереңнен тартқан тамыр, халқымыздың сан ғасырлық болмысының дүниетану
көзқарасының ақыл аты мен салт-дәстүр мәдениетінің көрінісі. Осыларды
бойыға дарытпай тұрып келер ұрпақты патриоттық-отансүйгіштікке тәрбиеге
лайықты қалыптастырып, алтын бесік елін, кіндік кескен жерін қорғайтын және
осы мақсат жолында бар күш-жігері мен ақыл-қайратын жұмсақ отаншыл
азаматтарды, яғни нағыз патриоттарды тәрбиелеп өсіру.
Зерттеудің жаңалығы – Бұл жұмыстың жаңалығы: тақырыпты зерттеудегі
бағыт ұстануы париоттық тәрбие берудегі Махамбет күйлері мен өлеңдерінің
тәрбиелеу жолдарын көрсету.
Зерттеудің маңызы – Қазақстан Республикасының мектеп оқушыларына
патриоттық тәрбие берудің маңыздылығы қоғамның рухани әлеуметтігін арттыру
қажеттілігіне негізделген. Бұл тәрбие оң жасампаз дүниетанымға, азаматтық
жауапкершілік сезімінен саналы таңдау жасау отан, қоғам, өз отбасы
игілігіне, жеке басына бағытталған дербес шешім қабылдай алу қабілетінен
көрінетін азаматты тәрбиелеудегі берік адамгершілік негізге, өзгермелі
жағдайларға бейімделуге, идеяларға әрекет, үнемі жетіліп отыратын тұлғаны
қалыптастыруды көздейді.
Осыған байланысты мектеп оқушылары арасында жұмысты үйлестіру
мақсатында мектеп педагогтарының күш-жігерін біріктіру қажет, азаматтық-
патриоттық тәрбие берудің педагогикалық жүйеленген әдістемесі болған
жағдайда дұрыс жолға қойылады. Болашақ ұрпаққа тәрбие беру -
мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілдігі. Бұл ұзақ мерзімге бағытталған
іс-шара мазмұны жағынан қиын, әдістемелік жағынан күрделі мәселе.
Эстетикалық циклдағы бұл сабақтар педагогика салысының маңызды бөлігі болып
табылған. Оқушылардың патриоттық сезімінің дамуына, ой-өрісін кеңейтуге
жәрдемдесу қажет.
Дипломдық жұмыс – Бүгінгі күні мектеп оқушыларына патриоттық, отандық
тәрбие беру азаматтық борыш пен негізгі Конституциялық міндеттерді
орындауға деген талаптарына толығымен сай келе бермейді. Осы мәселені
көтеру үшін жан-жақты талдап, балалар мен жастарға отандық, патриоттық
тәрбие беру жұмысын одан әрі жетілдіру мақсатында біз дипломдық
жұмысымыздың тақырыбын Махамбет Өтемісұлының күй мәдениеті деп таңдадық.
Бұл дипломдық жұмыс екі тараудан тұрады:
Бірінші тарауда тақырыптың теориялық жағы қамтылса, екінші тарауда
оқушыларға Музыка сабағында патриоттық күйлерді, музыкалық шығармаларды
зерттеу қамтылып, оны іске асырудың педагогикалық шарттары қарастырылған.
Соңынан әдебиеттер тізімі берілген. Жұмыс Саз және ән айту кафедрасының
2008 жылғы 24 сәуір күнгі мәжілісінде (хаттама №9) қорғауға жіберілді.

І.Тарау Махамбет Өтемісұлының өскен ортасы

Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы туған, әкесі Өтеміс Құлманиязов
дәулетті адам болған. Махамбеттің өзі бір өлеңінде:

Ерте көшіп, кеш қонған

Біз санаулы сәнді орданың бірі едік, -
деуіне қарағанда, бұл ауыл Ішкі Ордадағы белгілі, белді ауылдардың бірі
болғанға ұқсайды. Махамбет Өтемістің екінші әйелінен, онымен бірге бір
анадан Бекмағанбет, Қожахмет, Ыбырайым, Әйіп, Хасен туады. Ел аңыздарында
Махамбеттің жастайынан палуан, мергендігімен аузын ашса тақпақтата
жөнелетін төкпе ақындығымен аты шыққаны айтылады және де ол
мұсылманша да, орысша да хат білген. Қазақтың жаппай қараңғы кезінде
бұлай екі тілде бірдей сауатты болу өте сирек, ондай адам өз ортасының
ұлттық шеңберінде қалып қоймайды, өзге жұрттарды өгейсінбейді. Махамбет
те орыс жұртымен ерте араласса керек, бұл оның азаматтық бейнесінің
қалыптасуына игі әсерін тигізбей қалған жоқ, сол кездегі қазақ
ауылындағы әлеуметтік теңсіздікке, әкімдер мен әлділердің қиянатына
көзін ашты, әділетсіздік пен зорлыққа қарсы жан түкпірінде өзі әлі
саналы түрде ұғып үлгермеген наразылықтың оянуына себеп болды.
Ақынның жас кезінде Жайықтың бергі бетінде қазақ шаруаларын
хандар мен патша қамалдарына қарсы көтерген батыр Сырым Датов
жорықтарының шаңы басылған жоқ-ты. Ол соғыстар нәтижесіз аяқталғаннан
кейін Нұралы тұқымының - біресе Қаратайдың, біресе Қайыпқалидың
хандыққа таласқан бүліктері елдің тыныштығын бұзып, берекесін
алды.
Мал баққан момын шаруаның алыс- жақын жауы бар - ауылының
желкесінен қарауыл түспеді, құлағынан дүбір кетпеді, аты
ерттеулі, найзасы жастаулы күн кешті. Махамбеттің жастық шағы
өткен өңірде – Еділ, Жайық арасында, Қиғаш пен Қобан, Боқсақ пен Бозан
суларының бойында ерте замандарда ел қорыған Қамбар, Тарғын сынды
батырларды мадақтаған дастандар туған, басы сонау ертегілі Сыпыра –
жырау, одан бергі Асан- қайғы, Қазтуған, Шәлгез, Жиембет, Доспанбеттер
сөз бастаған. Махамбеттің құдіретті өнері осындай батырдың даңқы мен
ақынның даусы қатар жаңғырған аспан астында қанаттанды. Алғаш
шаршы топқа түскен кездерінде ол жаугершілік заманның ақындарының
дабылды жырларын толғап, соларға еліктеуден бастаса керек. Көне
кітаптардың бірінде ақын ылғи да Махамбет- жырау деген атпен
аталады. Қазақтың халық поэзиясының дәстүрінде өз жанына сөз (өлең )
шығарушы адам сол өңірдің өзінен бұрынғы өткен айтқыштарының
өлеңдерін жатқа білмейінше ақындығын таныта алмағаны белгілі.
Махамбетте бастапқы кезде өзінен бұрынғы өткен айтқыштарының
өлеңдерін жатқа білмейінше ақындығын таныта алмағаны белгілі. Махамбет
те бастапқы кезде өзінен бұрынғы ақындардың жырларын толғайтын
жырау ретінде көзге түссе керек. Сонымен бірге оның шебер домбырашы
болғаны, өз жанынан бірнеше күй шығарғаны соңғы кезде анықталып
отыр.
Махамбеттей өз ортасынан биік, ойға озық, тілге жүйрік, алымды
азамат елдің әлеуметтік өміріне белсене араласпай қала алмайды.
Әкесі Өтеміс – биді дұшпандары Орынборда үзеңгісіне у жағып өлтіргеннен
кейін орнына ағасы Бекмағанбет-би я басқа ағаларының бірі емес,
Махамбеттің старшын болуы да осыны мезгейді. Ақын өмірінің бұл
бастапқы кезеңінен қазір қолда бар дерек аз. Тек бір белгілісі –
оның 1829 жылы жайықтан астыртын өтерінде қолға түсіп, Калмыков
қамалында жылдан астам тұтқында отыруы. Бұдан ол елге обо тиген
кезде, 1830 жылдың күзінде қашып шығады. Ақынның кейінгі кезде
табылған:
Кеше біз зынданда жатып құбылдық,
Қамалаған көп дұшпанға қор болдық
Терезеден телміріп,

Ағайын мен туғанды

Бір көруге зар болдық,-
деген жолдары осы тұсты мезгейді.

1. Махамбет Өтемісұлының 200-жылдығына арналған деректер

“2003-жыл ЮНЕСКО–ның шешімі бойынша Махамбет Өтемісұлының 200
–жылдығы “ болып жарияланды. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі он
екі жыл ішінде ұлтымыздың ұлы тұлғаларын ұлықтап, есімдерін қастерлеп
данышпан, ойшыл ақын Абайдың , жыр алыбы Жамбылдың, заңғар жазушы
Мұхтар Әуезовтың, ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың, А.Қастаев тойларын бүкіл
халық болып өткіздік. Осы тойлардың барысы бір қазақ елінде қалмай, дүние
жүзінің бүкіл мәдениеті-рухани тынысын үйлестіріп отырған халықаралық
ұйым-ЮНЕСКО шеңберінде аталып өтті.
Бұл тойлар салтанат жасау үшін емес, кешегі кеңес одағы құрамында
тоталитарлық жүйенің темір құрсауында тұмшаланып келген елдің еңсесін
көтеру, ұлт рухын ояту, халық бірлігін ұлықтау, атадан балаға алтын
арқау ретінде ретінде үзілмей жеткен бай тарихи және мәдени мұрамыздың
бары мен жоғын түгелдеп, тәуелсіз, азат ұрпақтың қолына табыстау
үшін жасалды. Махамбет Өтемісұлының ЮНЕСКО шеңберінде аталып өткен
мерейтой салтанаты қыркүйектің 13-15 күндерінде қасиетті қараой
жерінен басталып, Атырау қаласы мен Махамбет ауданында жалғасты.
14 қыркүйекте Елбасы Н.Назарбаев облыс орталығындағы Исатай
Махамбет мемориалдық кешененің ашылуына қатысып сөз сөйлейді: “Махамбет-
ұлттық тұлға, оның батырлығын, ақындығын, күйшілігін, азаттық жолындағы
күрескерлігін болашақ ұрпақтың санасына сіңетіндей етіп кеңінен
дәріптеу керек. Махамбет- ақындықтың алдаспаны, намыстың наркескені.
Махамбет мұрасы біздің ұлттық намысымызды қамшылайтын, жігерімізді
жанитын қасиетімен қастерлі, әрі қымбат.
Махамбет пен Исатайдың екеуінің де аңсаған арман- мұраты – елдің
еркіндігі мен тәуелсіздігі, бірлігі мен ынтымағы болатын. Бүгін соған
мына біздер Исатай мен Махамбеттің ұрпақтары жетіп отырмыз. Олай
болса, Махамбет пен Исатайдың аруақтары алдында бас ие отырып, солар
көрмей кеткен тәуелсіздік туын тік ұстау – бабаларымыздың алдындағы
парызымыз, бабаларымыздан алдындағы қарызымыз.
1836-37 жылдары Исатай мен Махамбет бастаған халық көтерілісі -
қазақ халқының тарихындағы даңқты оқиғалардың бірі. Елді бір тудың
астына біріктіруде оның рухын көтеріп, ұлттық сана - сезімімен,
намыс жігерін оятуда осындай бас көтерілудің орны өлшеусіз. Екеуі де
ерліктің, туған жерге, туған елге, Отанға деген нағыз сүйіспеншіліктің
үлгісін көрсете білген патриоттар. Сол себепті де Махамбеттің мерей тойы
Исатайдың да мерей тойы.

2. Ерлік пен елдіктің өшпес рухы

Сол бір туар Махамбеттің қайда салсақ та саф алтындай жарқылдап, ақ
алмастай қиып түсіп, шыны майдай шыжғырынды шындықпен көкірегіңді өртеп
түсер құдіреті неде? Батыр болса кез келген тымақты шоқпар ұстаған
сотқар заманда екіленген есер болмай , еңіреген ер болуының, ақын
болса- бардың алдында байпақтап, жоқтың алдында шайқақтап шыға келер
өзге әріптестеріндей мақтаушы болмай, жоқтаушы болуының сыры неде?
Міне гәп қайда жатыр? Махамбеттің Махамбет болуының себебі де осында
ғой. Оның тұсындағы дүркіреген көп ақынның өзі де, сөзі де халық
жадынан шыққанда, оның тұсындағы күркіреген көп батыр сазбауға
біткен құба талды сайғақ қып жатып алып, бгіндері топографтардың ғана
қырағы көзіне ілгері белгісіз жер төмпекке айналған кезінде ақын
Махамбеттің тап көз алдыңда көлбеңдей шауып бара жатқандай әлі
күнге дейін делбеңді қоздыруының себебі де, міне, осында,
Махамбеттің кімнің сөзін сөйлеп, кімнің сойылын соға білгенінде
ғой. Істе де, сөзде де шынайылық тек шындықтан туады. Махамбет те
өзінің батырлығын, ең алдымен, өз дәуірінің шындығына тура қарау-
қалтықсыз, еш бұлтақсыз айта білуге салды. Сөйтіп, мезгілмен бірге
өлетін өтіріктің сөзін сөйлемей, халықпен бірге қимылдап, тарихты
жасайтын ақиқаттың сөзін сөйледі.
Сондықтан да Махамбет халықпен бірге жасап, бірге жаңғырып
келеді.Махамбеттің Махамбеттігі де сол шындық қуғандығында, әділет
қуғандығында. Ол сөйлеген сөз бен ол істеген істің тарихи өміршең
боп келетіндігі де осыдан. Махамбет ақын мен Махамбет батырдың осы
қасиеттерін біз күйші Махамбеттен, композитор махамбеттен де анық
байқағандаймыз. “Исатайдың ақтабаны-ай” баяғы ереуіл атқа ер
салғандардың дегшені болып, тастары өрге домалап тұрған қайран
дәурендерін жарқылдатып көз алдыңа тосса, “Шілтерлі терезе” сол өктем
көңіл, өр жүректің торға түскен торғайдай бұлқынған, бірақ қиянатшыл
тағдырға көнбей тайталасқан арпалыс халынан зар төккендей. Онда тауы
шағылып, таусылған мүскіннің мүсәпір жылап-сықтауы емес, намысына қыл
бұрау түсіп, бұлқынған арыстың арпалысыпбуырқанғаны естіледі. Біз осы
хал, осы әуенді Махамбеттің “Өкініш” атты күйінен де жақсы аңғарамыз.
Онда қалт жіберіп, қапы соққан кісінің ызасы тепсінгенімен “мұны неге
істедім” деп өкінген өксік жоқ. Күйдің әуен бітімі оның Исатайдан
айырылып, көтерілістің дағдарысқа ұшыраған тұсында туғанын аңғартқан.
Бірақ, сондай жер жарылып, аспан шатынаған кездегі күйші жүрегі
неткен сабырлы, күйші зары неткен мәнді, неткен ұстамды!
Махамбет күйінің бір бояудан ғана тұрмайтынын қапысыз таныта
алатын шығармалар санатына “Жұмыр Қылыш” пен “ Қайран Нарынды” жатқызуға
болады. Орындаушылар “Жұмыр Қылышты” Исатайдан айырылып, жалғыз жортқан
Махамбетті Баймағамбет сұлтанның қанды қақпанынан құтқарып қалған
байбақты батырлары Жұмыр мен Қылышқа арналған деседі. Осылай болуы
ғажап емес. Күйде шалт қимылды батырлыққа лайық аршынды ырғақ, адуын
серпін бар. Ол күмбірлей төгілген қоңыр сазбен ара жігі білінбей
әдемі жымдасқан. Ал “Қайран Нарын” Махамбеттің ақындық творчествосының
басты арнасына айналған ел, туған елдің мүддесі мен мерейі жолындағы
кескесті күрес тақырыбына арналған. Күйден “аһ” ұрған зар, қайнаған
ыза, езілген мұң, серпілген арман, ашылған күндей шуақты қиял қатар
білінеді. Одан Махамбеттей кемеңгер азамат, кемел жанның басында бола
берер тоқсан толғақ, сексен серпін, сергелдең сезімдердің кең тынысы
табылады. Нарынның шағыл бұйраттарындай жонданып, бұратыла бүктеліп,
кейде сүр бесіннің көк сағымына көкірегінен малынып тұрған
Қараойдың қатқылындай көсіліп қоя берер шежіре күйлер азаматтық
қарым, батырлық қайрат , ақындық шабыттың неден туып отырғанынан
хабар бергендей. “Батыр болмақ адам-ды”, - деп Махамбет өзі айтқандай,
аламанды артыңа ертер ер болу да, қармдас халқың аузыңа қарар ақын
болу да, ең алдымен, сол ел қамына, оның болашағына теңселе
тебіренген терең ойлы азамат болу екен.
Дүниеде Махамбеттей адамдардың болғаны өзіңнің адам деген
нәсілдің төлі екендігінің заңды мақтанышын туғызады. Дүниеде
Махамбеттей адамдардың жасауы топырақ жалаған жауын құрттай жер
бауырлаған жебір пенделік пен сұңқардай саңқылдаған асқар
азаматтықтың арасындағы шырқау айырмашылықты айқындай. Ал, енді
Махамбеттей асыл азамат қанын қиған халықтан туып, Махамбеттей адам
құдіреттер аңсаған армандар мен мұраттарға өзіңнің де мүдделігіңді
сезіну - өз алдына ғанибет, өз алдына сүйеніш. Махамбеттер аңсаған
адамгершілік мұратын ту етіп көтерген біздің дәуірде Махамбеттің
аты өлуші ме еді, сөзі өлуші ме еді, тегі өлуші ме еді. Ендеше, сондай
сұңғыла азаматтың сезімнің сергек дірілін өз үні, өз тынысымен
жеткізгісі келген жүрекжарды сырларының күміс құймасы – күйлері неге
ұмытылсын !
Ұмытылмайды! Кеше ғана Махамбет күйі болған сарын енді, міне,
қадірлі оқырман, сенің күйіңе, сенің жүрек сарыныңа айналмақшы!
Алдыңнан ақ күн туа берсін, Махамбет сарыны!
Қай елде, қай халықта да дана тұлғалар, данышпан қайраткерлер
тарих ағымының биік жалында, халық тағдырының терең шайқалыс
шақтарында дүниеге келетіні белгілі. Қолбасшы батыр, қаһарман ақын
Махамбет Өтемісовты тудырған ондай кезеңді шақ- патша отаршылдығы
мен хан өкіметінің езгісі мен қысымына қарсы бұрынғы Ішкі орда
шаруаларының 1836-1837 жылдардағы көтерілісі. Махамбет - сол қозғалыстың
ұйымдастырушысы, басқарушы көсемдерінің бірі, жалынды үгітшісі,
жауынгер жыршысы.
1836-1837 жылдардағы көтеріліс халқымыздың көпғасырлық
тарихының ең жарқын беттерініен саналады. Елдің жадында Исатай-
Махамбет көтерілісі деген атпен белгілі бұл көтеріліс ел
шегіндегі, халықтың өз ішіндегі одан бұрынғы да, одан кейінгі де
талай қозғалыстар қатарында еңбекші халық мүддесін көздеген таптық
сипатының айқындығымен ерекше тұр.
Көтерілістің себептері белгілі, ол - ХІХ ғасырдың отызыншы
жылдарында Россия патшалығының отаршылдық езгісінің күшейуі, қазақ
даласын жан-жақты әскери қамалдармен қоршап, ел басқарудың қатал,
жауыз тәртіптерін орнату арқылы еңбекші бұқараны аяусыз қанауы.
Қазақтың ақ киізге аунатып, хан көтерген төрелері шаруа халықты
қорғай алмады, қайта отаршылдармен ауыз жаласып, бұқараны бірге
талады, қорқау қасқырша жақынына шапты. ХІХ ғасырдың басында
қазақстанның күнбатыс шегінде пайда болған Ішкі Орданың ханы Жәңгір
Бөкеев те европаша оқып, тәрбие алған мәдениетті, көзі ашық адам
болғанмен ел басқаруда Әбілқайыр, Нұралы бабаларынан аса алған жоқ.
Бұрын қазақтың бар байлығы мал еді, мал болса- жайлау жететін. Жәңгір
ең алдымен шаруаны жерден қысудан бастады. Ол Ер Нарынның жер – суын
патша өкіметі өзінің жеке меншігіне берген деп ұқты да ең
шұрайлысын өзі алды, туысқан төрелер мен қайын жұртына бөліп
берді. Мал баққан елдің жаз жайлау, қыс қыстаусыз күні жоқ, одан
айрылғасын не қалды? Оның үстіне бұрын түтін салығына тиын- тебен
төлегеннен басқаны көрмеген, оған да құнтсыз қазақ шаруасы енді
жылда хан зекеті, хан соғымы, ақ киіз- өқара киіз дейтін салықтар
төлеуге мәжбүр болды. Бұл әсіресе қалт- құлт күн көрісі бар кедей
шаруаларға жайсыз тиді. Зекет, соғым жинау кезінде төре-
төлеңгіттердің қара халыққа жасаған қиянаты бастан асты, малда иелік,
баста ерік қалмады. Ханға шағым айтқандар теңтік таппады. Хан тек
өзінің жақын-жуық төрелерінің дегенін істеп, елдің Исатай Тайманов
секілді әділдігімен, нашарға жаңашырлығымен аты шыққан беделді
адамдарын да тыңдауды қойды. Сосын-ақ малым-жаным садақасы, жаным-
арым садақасы дейтін халықтың мұнша қиянат пен қысымға қарсы қайрат
көрсетпей, бұғып жүре беруі мүмкін емес еді. 1836 жылдың көктемінде
әуелі Атырауды қыстаған беріш ауылдары, соңынан күллі нарынның, он екі
ата байұлының шаруалары ат асйлап мініп, аламан құрып, дүр
көтерілді.
Көтерілістің қалай тұтанып, қалың қауға тиген өртше көкке
шалқып, сосын ақыры қалай қанға боялып өшкені халықтың жадында.
Исатай- Махамбеттің сарбаздары хан мен төрелердің, байлар мен
билердің ауылдарын шауып, малдарын айдап әкетті. Хан қайыны,
қаныпезер қарауылқожа, Шыман- төре, Балқы-би құсаған әбден жәбірі
өткен жауыздардың үйінің шаңырағын ортасына түсіріп, жазықсыз жәбір
көрген көптің кегін алды, кеткен мал-мүлкін қайтып әперді. Көтерілістің
ең кемеліне жеткен шағы-1837 жылғы октябрьдің аяғында исатай
сарбаздарының екі мың қолмен Хан Ордасын қамауы. Исатай осы жерде
Махамбет айтқандай құрулы жатқан жебеге құрсағынан шалдырды. Батыр
әлі де болса ханмен келісімге келмек пиғылда еді, қарауылқожаны
орнынан түсіріп, хан өзі ордада әділ тәртіп орнатады деген сенімде
еді. Халықтың бар мұңы мен шерін, арманы мен үмітін көкірегінде
қорытқан Исатайдың бұл сенімі ақталмады, олай болуы тарихи-
обьективтік тұрғыдан мүмкін де емес-ті. Арада бір-екі жұма өткеннен
кейін тастөбедегі ұрыста артиллерия қолданған патша әскері Исатай
мен Махамбеттің қолын қырып салды, екі батыр қырық шақты жолдасымен
Жайықтың бергі бетіне өтіп кетуге мәжбүр болды. Ақыры келесі жылы
жазда ақбұлақ суының бойында тағы да патша әскеімен айқаста Исатай
Тайманов қаза тапты да, одан сегіз жыл өткенде Махамбет Өтемісовты
баймағамбет сұлтанның жалдаптары айуандықпен өлтірді. Исатай- махамбет
көтерілісі – халықтың даналығы мен құдыретінің айғағы.ал деп басталуынан
аяқталуына дейінгі осы он сегіз айдың оқиғасы мал мен дүние өктемдік
жүргізген қатыгез , қараң заманда халық қозғалса, хан тағында тұра
алмайтынына елді сендірді. Аз күн болса да мерейі үстем болып,
азаттықтың, теңдіктің дәмін татқан халықтың рухы бір көтеріліп қалды.
Махамбет Өтемісовтың де батырлық даңқы дүрлеп, ақындық жұлдызы
жарқырай түскен шағы- осы тұс, осы он сегіз ай.
Махамбеттің көтеріліске дейінгі өмірінен анық белгілі және
бір нәрсе - оның манан ауылы деген бай жерден ерегіспен қыз
алуы. Ақынның бұл әйелінің аты Ұлтуған, одан Махмұд деген баласы
болған Махмұдтың Нұрбике деген қызынан туған, ақынның жиеншарлары қазір
тірі, Маңғыстауда тұрады. Махамбеттің осы тұстағы жырларынан бізге
келіп жеткендері: Жалған дүние, Аспандағы бозторғай, Арғымақтан
туған қазанат, арғымақ, сені сақтадым, т.б .мұнда ақынның
уағыздайтыны – азаматтың адалдығы, әділдігі, антқа беріктігі; бейбіт
өмірдің қызығы, достық, жастықтың жарастығы; сонымен бірге- уақыттың
тездігі, дүниенің өткіншілігі. Алайда, жоғарыда айтылғандай, батырлық
даңқы, ақындық атағы дүрлеп шығып, Махамбетті Махамбет еткен –1836
жылдың аласапыран көктемінен келесі жылдың қаһарлы қысына дейінгі
көтеріліс айлары. Сосын – одан кейінгі сергелдең сегіз жыл. Көтеріліс
кезінде Махамбет Қиялы - молдадағы, Теректі- құмдағы, Тастөбедегі
айқастарда қолдың алдында болып, өз жеке басы орасан ерлік
көрсетті. Бидай – далада жалғыз өзін қамалаған он шақты атты
казақты найзамен қақпайлап, құтылып кетті.
Қарқыны күшті көк семсері шапқан сайын дем тартып, қып-қызыл
майдандарда қас дұшпанына ойран салды. Осы ұрыстарда Қабыланбай
Қалдыбаев, Қалдыбай Иманбаев, Тәни Түменов, Сарт Еділев, Ерше, Нұрша
Сартовтар, Үбі Үсеұлы, Қожахмет, Смайыл Өтемісовтар секілді талай соққыш
палуан атқыш мерген, найзагер батырлар көзге түсті. Кезіндегі
Пугачевтің башқұр полковниктері секілді, Исатайдың ауыл-ауылдан ағылған
қарулы жігіттерінің басына қойған сардарлары осылар болды.
Солардың бәрінен, тіпті Исатайдың өзінен де Махамбеттің артықшылығы
- қолындағы наркескені мен найзадай тілінің қатар жүруі.
Ақынның енді бұдан кейінгі кезеңдегі сөздерінде бірізді
дәйектілік анық байқалады. Сондықтан бұл өлеңдерді көтерілістің
ақындық шежіресі деу орынды. Енді сол ізбенен жүріп көрелік.
Жәңгірхан мен оның сыбайластарының, әсіресе көбіне-көп хан қайыны
қарауылқожа Бабажановтың қара халыққа істеген қисапсыз қиянатын
бас- бас сайын тізіп, Исатай мен Махамбет және де басқа халық
өкілдері қол қойып, патша өкіметіне әлденеше рет ғарзы (арыз)
түсіргені белгілі.олардың барлығы дерлік Махамбет пен жақияның (Исатайдың
баласының)қолымен жазылған. Бұл шағымдардың ешбірі әділ тексерілмеді,
арыз иелерінің заңды талабы қанағаттандырылмады. Махамбет елдің осы
қыруар шағымын, шексіз наразылығын ақындық бір-ақ деммен айтылған
аз- ақ сөзде жинақтайды. Хан емессің- қасқырсың ... хан емессің -
ылаңсың! деп ол жәңгірдің момын елді аяусыз талаған жыртқыштығын,
ылаң салғыш бүлдіргіштігін бетіне басады. Ақынның таптық сезімі
өте өткір, ол ата жауымен ымыраға, мәмлеге келуге болады деп
түсінбейді. Кейін Баймағанбет- төренің алдында айтатын:

Хан баласы ақсүйек-

Ежелден табан аңдысқан
Ата дұшпан сен едің ,
Ата жауың мен едім,-
деген сөздері де осының айғағы. Көтерілісшісі сарбаздардың нағыз
көкейіндегісін, нанымы мен сенімін жарқырата алға шығарған бұл
сөздер Исатай туының астында ұран боп жаңғырды. Айғайласып жауға ти!
Тәңірім білер, жігіттер, ажалымыз қайдан-ды! Деп, астана жұртын айналып,
жар салған дауылпаз ақын ата жауымен айқастың қанды қырғын,
қаталдығын толғайды. Бұған тек:
Толарсақтан саз кешіп,
Тоқтамай тартып шығарға
Қас үлектен туған қатепті

Қара нар керек...

Қабырғасын қаусатып,
Бір- біріндеп сөксе де
Қабағын шытпас ер керек.
Соғыс деген өлеңінде ақын көтерілістің ең шырқай шегіне жеткен
күнін-1837 жылғы 15 ноябрьдегі Исатай қолының Тастөбеде патша
әскерімен соғысын суреттеген.Бұл ұрыс- көтерілістің ең соңғы қанды
нүктесі.

ІІ. Тарау ХVІІ –ХVІІІ ғ.ғ халық көтерілістерінің өнер
қайраткерлеріне әсері.

Көтеріліс жеңілді, келесі жылы жазда Ақ-бұлақтағы айқаста Исатай
қаза тапты. Исатайды жоқтаған Мұнар күн сияқты жырлар осы тұста
туды. Будан кейінгі сегіз – ақын өмірін ең ауыр кезеңі. 1841 жылы
көктемде патша өкіметі Махамбетті Атырау жағасындағы ауылдардың бірін-
де тұтқындап, Текеге (қазіргі Оралға ), одан Орынбарға айдайды. Әскери
сотқа беріліп, өлім жазасына тартылатын жерінен орыс офицерлерінің
ішіндегі достарының көмегімен құтылып кетті. Осындай сүргінді шақта
да ақын көңілінің кең сарайы оқуға , өнер- білімге айқара ашық
еді. Өнер- білім бар жұрттардан тағылым алған ол өз баласы Нұрсұлтанды
орысша оқуға бермек болып, Орынборға, бұл жолы енді өз еркімен,
сапар шекті. Қандай игі тілек, жақсы талап! Өз баласын халқына
пайдалы қызмет ете алатын, көзі ашық, көңілі ояу азамат етіп
шығармақшы. Не пайда, ақынның тілегі орындалмады. Күні кеше ақ патша
мен ханға қарсы көтеріліс бастаған атақты батыр, жауынгер ақынның
баласын патша өкіметі оқуға алмады. Оның орнына Махамбеттің үстінен
елдің әкім- қараларының берген шағымдарын қайта көтеріп, үсті-
үстіне жауапқа шақырып, соңына шырақ алып түсті.Бұның аяғы келіп,
ақынның 1846 жылғы ноябрьде Қарой деген құдықтың басында Баймағанбет
жалдаптарының қолынан қаза табуына әкеп соқтырғаны белгілі.
Қаройдағы қанды оқиғаның аз-ақ алдында Кіші жүздің Күнбатыс
бөлімінің сұлтан- правителі Баймағанбет Айшуақовтың Елек бойындағы
ордасында ақын өзінің қыр соңынан қалмай қойған қарақұлағы, осы
бір хан баласы ақсүйекпен ақтық рет кездесті. Атақты Мен –
мен едім, мен едім Махамбет осы жерде айтқан. Баймағанбеттің бетін
шиедей қылып, әбден жерлеп келіп-келіп:

Хан баласы ақсүйек-

Байеке – сұлтан сен болып,
Сендей нар қоспақтың баласы
Маған оңаша жерде жолықсаң,
Қайраңнан алған шабақтай
Қия бір соғып ас етсем,
Тамағыма қылқаның кетер демес ем!-
деп салды.
Махамбет халық көңілінің тұнығындағы ең асылын – еркіндікті,
теңдікті, жақсы тұрмысты аңсаған арманын, ата жауына деген қаны
қатқан өші мен кегін, азаматтың антқа берік адалдығы мен арыстандай
ерлігін көкке көтере мадақтады. Ақынның қызыл оттай қызулы, қылыштай
өткір, селдей серпінді сөздері қараңғыда алдан жарық күнді
қармаған қалың қазақтың ақ жүрегіне толқу салды, ер көңіліне жел
берді. Махамбет жырларын оқыған адам тез тұтанып, терең тебіреніп,
Исатай сарбаздарының сапында айқасқа кіргендей, жеңіс қуанышпен,
жеңіліс күйігін бірге кешкендей сезінеді. Ақынның құдіретті сөзінің
күні бүгінге дейін сыры кеткен жоқ, сыны түскен жоқ. Ғасырлар бойы
әлдилеген арманына - азаматтық пен теңдікке Ұлы октябрь социалистік
революциясы жеңісінен кейін қолы жеткен, қайта туған қазақ халқының
түрі ұлттық, мазмұны социалистік мәдениеті мен әдебиеті жедел
дамып, көркейді. Махамбет жырлары халқымыздың мәдени мұрасының, рухани
қазынасының ең асылынан саналады. Махамбет Өтемісұлының - қазақ
халқының ХІХ ғасырдағы ұлы әдеби мектебінің жаңашыл, аса көрнекті
әрі ақын, әрі батыр тұлғасы. Ол өз заманындағы жыраулар дәстүрін
терең біліп, заман тынысына қарай жаңа бағыт бастаған дара
талант. Ақын шығармалары поэтикалық қасиеттерімен қатар тарихи-
әлеуметтік шежірелік сипатымен де бағалы. Махамбет Өтемісұлының
толғаулары баспа бетінде жарық көріп, зерттеліп, зерделене
бастағалы бір ғасырға таяу кезең өтті. Осы уақыт ішінде біртуар
талант, ұлы қайраткер жүрегінен жарып шыққан ақынның әр өлеңі, әр
сөзі қазақ қауымының махаббатына бөленді.

1. Махамбет- әрі батыр, әрі ақын, жыршы мәдениетінің байланыстылығы

“Махамбет өзі әрі батыр, әрі жырау, әрі домбырашы болған. Өте
қызулы адам екен. Жауласқан мезгілде өте батыр, айлакер болған” –
деп Халел Досмұхамедұлы зерттеу еңбектерінде жазған болса, өз
мезгілінде жиһанкез, әрі әдебиетші, әрі тарихы, 1839 жылдан өмірі
Қазақстанмен байланысты Егор Петрович Кобалевский “өз халқының
ортасында төтенше ғажап адамды кездестірдім, ол М.Утемисов”-дейді.
Махамбет поэзияда қандай дара болса, күйде де оқшау, оның күйлері
адуын мінезімен, асқақ сезімімен дараланады. Азаттық үшін күрес
жолында бастан кешкен ауырлық - тауқыметтер, туған жердің қадір-
қасиеті Махамбет күйлеріне арқау болып отырады. А.Жұбановтың “Ғасырлар
пернесі” деген кітабында Махамбет күйлеріне қатысты жалғыз ғана
сөз бар: “Махамбеттің “Жұмыр, Қылыш”, “Қайран Нарын” күйлері
Құрманғазының “Кішкентайының” ата күйі дейді. Кейінгі зерттеулер күй
атасы Құрманғазының шығармашылығына Махамбеттің айтарлықтай әсері
болғандығын дәлдейді. Мәселен, 1998 жылы Алматыдан жарық көрген
“Құрманғазы” атты жинақта “Махамбет-өзіндік стилі, үні бар композитор.
Құрманғазы Махамбетті пір тұтқан, өнеге алған. Құрманғазының дарынының
дамуына Махамбеттің үлесі бар” деп тура айтылған.
Махамбет Өтемісұлы шығармаларының академиялық толық жинағы
тұңғыш рет жасалып отыр. М.О Әуезов атындағы Әдебиет және өнер
институтының ғылыми кеңесі құптаған бұл ғылыми басылым ақынның
шығармашылық қызметінің заңдылықтары мен ерекшеліктеріне,
шығармаларының жариялануына қатысты мәселелерді жан-жақты қарастырған
еңбек. Академиялық басылым төрт том болып жобаланды. Бірінші томына
ақынның өлеңдері мен күйлерінің нота жазбалары, ығылман Шөрекұлының
“Исатай –Махамбет” дастаны топтастырылды.
Екінші томына Махамбет шығармаларының орыс тіліндегі
аудармаларының әр жылдардағы түрлі нұсқалары іріктеліп ұсынылды. Орыс
тіліндегі алғашқы өлең кітабы 1936 жылы жарық көрсе, сол кезеңнен
күні бүгінге дейінгі уақыттағы елеулі деген аудармалары қамтылды.
Қазақ тіліндегі қалыптасқан өлең мәтіндері қоса жарияланып, ғылыми
түсініктер берілді.
Үшінші томына Махамбет Өтемісұлының шығармалары туралы, өмірі мен
әлеумет ортасындағы қызметі туралы зерттеулер жинақталып, ғылыми
түсініктемелер жасалды. Жүз жылға жуық мерзімді қамтитын зерттеу,
зерделеу еңбектерінің ішіндегі іргелі, өмір-шең жұмыстар сарапталып
алынды ғылыми түсініктермен қоса, бүгінгі күнге дейін жарық көрген
зерттеу еңбектердің библиографиялық көрсеткіші түзілді.
Төртінші том Махамбет өтемісұлы туралы құжаттар мен мұрағат
деректерін қамтиды. Мұрағаттарда сақтаулы жатқан мол құжаттардың,
түрлі дерек көздерінің ішінен ақын тағдырына тікелей қатысты жалпы
көлемі 1358 бет құнды жазбалар іріктеліп алынды. Ол дерек көздері
сұрыпталып реттеліп хроногологиялық тәртіппен екі кітапқа жүйеленеді.
Құжаттар 1801 жылдан бастап 1850 жылға дейінгі аралықты қамтиды.
Құжаттарға қарағанда Махамбет өтемісұлы туралы іс қағаздары ақын қаза
болған 1846 жылдан кейін де жалғасқан. Төртінші том екі кітаптан
құралды. Академиялық жинақтың осындай төрт томды құрылымы ақын
шығармалары мен тағдыр жолы туралы толығырақ мағлұмат алуға
мүмкіндік береді. Алғашқы томдардағы қазақ, орыс тілдерінде бірдей
жарық көрген мұраларын сол туралы зерттеулер ( үшінші том) мен
тарихи құжаттар (төртінші том) жүйелі түрде толықтырады. Махамбет
Өтемісұлының мұраларын зерттеп, академиялық басылымға дайындау үстінде
әрбір шығармасы 1908 жылы қазанда жарық көрген Мұрат ақын айтқан
мәтіндерден бастап, “Шайыр “ (1911 ж), Қалел Досмұқамбетұлы шығарған
“Исатай –Махамбет”(1925ж), “Аламан” (1926) және содан бергі 1936 жылдан
басталатын түрлі басылымдар бойынша салыстырылып, текстологиялық
талдау жасалды. Бірқатар дәлелді түзетулер енгізілді. Ғылыми
түсініктемелер берілді. Әр басылымның өзіндік ерекшеліктерін білдіретін
тұжырымдар түйілді. Махамбет Өтемісұлының шығармаларын ел ішінде
айтушы, жинастырушы, мұрағаттар мен баспа орындарына тапсырушы жанашыр
адамдардың аты- жөндері алғаш рет жинақталып, тізімделіп жарияланды.
Махамбет туралы жарық көрген түрлі көлемдегі, әр түрлі жанрлар мен
сипаттағы еңбектердің 1843 жыл мен 2003 жыл аралығын қамтитын
библиографиялық көрсеткіші жинақталып, ақын шығармаларының алфавиттік
тізбесі қоса ұсынылды.
Құжаттар мен зерттеулер негізінде махамбет өтемісұлының
өмірбаяндық деректері хронологиялық ретпен түзілді. Академиялық
басылымда ақын шығармаларының ертеректегі басылымдарының араб
әліпбиіндегі факсимиле көшірмесі мен кириллица бойынша түзілген түзілген
баламасы алғаш рет сарапталып, жарық көріп отыр. Төрт томдық басылымды
әзірлеу үстінде академиялық жарияланым шарттарына тиісті басқа да
талаптар жүзеге асырылды. Қолдарыңыздағы төрт томдық шығармалар мен
құжаттар, зерттеулер жинағы қазақ елі тәуелсіздік алған жылдарда
қолға алынып, іске асырылған Махамбет Өтемісұлының өмірі мен
шығармашылық қызметіне арналған тұңғыш академиялық басылым.
Ел ішінде көп бұрын тарап, ұлт сөзіне айналған ақын
туындылары алғаш рет 1908 жылы баспа бетін көреді. Қазан қаласында
жарияланған “Мурат ақынның Ғұмар Қазиұғлына айтқаны” атты араб әліпбиімен
терілген кітаптағы махамбет толғаулары баспахана босағасынан
аттаған алғашқы қадам іспетті. Қолда бар деректер осыны білдіреді.
Сонымен қатар, Орынборда басылып шыққан “Шайыр, иәки қазақ ақындарының
басты жырлары” атты кітапта да Махамбет сөздері бар. Бұл көлемді,
кітапты жинастырып баспаға ұсынған - Ғабдолла Мұштақ. Міне, осы екі
басылым мен ел аузында жүрген өлең, толғаулары біраз жылдар бойы
Махамбет шығармаларының негізгі үлгі нұсқасы болып келді. Ақын
шығармаларының қолжазба нұсқалары болмағандықтан, Қазан, Орынборда
жарияланған жоғарыдағы аталмыш туындыларды махамбет шығармаларының
түпнұсқасы ретінде қараймыз.
Сондықтан, осы басылымдағы толғау, өлеңдер мәтінін талдап,
сараптағанда Қазан және Орынбор басылымындағы шығармалар мәтінін түпнұсқа
ретінде алдық әрі “Қазан басылымындағы нұсқасы”, “Орынбор басылымындағы
нұсқасы” деген түсінікті қолданып, қалыптастыруға ұмтылдық. Осыған орай
ақын мұраларын жетік білген Мұрат ақынды, Ғабдолла Мұштақты Махамбет
өлеңдерінің алғашқы жинақтап, құрастырушылары, редакторлары деп санаған
әділ болмақ. Әрине, Махамбет толғамдарын жатқа айтатын өз заманының
жүйріктері Шернияз, Қуан мен Кішкене Қобыланды, Кубала, Лұқпан, Мұрат,
Ығылман тағы басқа ондаған дарындардың зердесіндегі асыл сөздер –
ұлы дәстүр, ұлағатты мектеп. Ондай талантты тұлғалардың қызметін
ұрпақ есінде қалдыру мақсатында осы академиялық басылымның соңында
Махамбет өлеңдерін ел аузынан жинап айтушылар туралы қысқаша
мағлұмат түздік. Оған ғылымда, әдебиетте аталып жазылған, белгілі-
белгісіз жанашыр азаматтар есімдері қосылды.

2.2 Махамбеттің күй мәдениеті

Махамбет Өтемісұлының негізгі шығармаларын бірінші рет жеке –
дара кітап етіп жинақтап жарыққа шығарған Алаш қайраткері Қалел
Досмұқамбетұлы еді. Ол-“Исатай- Махамбет” деген атпен 1925 жылы Ташкент
қаласында басылды да, кейінгі кезеңдердегі зерттеулер мен
ізденістерге темірқазық басылымға айналды. Қ.Досмұқамбетұлының
махамбеттанудың негізін қалаудағы қызметі аса зор. Ақын өлеңі
екінші рет 1939 жылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Махамбет Өтемісұлы шығармалары отансүйгіштік тәрбие берудің құралы ретінде
Махамбет ақын туралы әр жылдары жазылған мақалалар, алғы сөздер және баяндамалар
Махамбет жырларының ерекшелік сипаты
Домбырашының концерттік орындаушылық репертуары
Қазақстандағы кітап және баспа ісі тарихы бойынша бұрынғы мәліметтер
Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік
МАХАМБЕТ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЗЕРТТЕЛЕ БЕРМЕК
Қазақ тілі сөздіктері
Т. Әлімқұлов шығармашылығындағы ұлттық психологизм
БАТЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ
Пәндер