Тұманбай Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің басты тақырыптары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе

І-тарау. Тұманбай Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің басты
тақырыптары:

1. Өлең болып өрілген ақын өмірі

2. Жасөспірімдерге арналған өлеңдер.

3. Табиғат тақырыбындағы балаларға арналған өлеңдер.

II - тарау. Тұманбай
Молдағалиевтің балаларға
арналған өзіндік ерекшеліктері.

1. Ақын өлеңдерінде кездесетін троптар мен
фигуралардың түрлері.

2. Ақын өлеңдері мен негізгі ерекшеліктері.

Қорытынды.

Әдебиеттер тізім.

Кіріспе
Әдебиет өнері - қызықты әрі күрделі өнердің бірі. Олай дейтініміздің
себебі әдебиет өнерімен танысу оқу қызық та оны зерттеу ісі қиын. Бір
қарағанда шашыраңқы материя секілді елестейді. Сондықтан болар белгілі
бағытты ұстана отырып жұмыс жасамасаң, өз бетіңмен лағып кетеуің мүмкін.
Оның өзінде сонау түбі жоқ шексіз жиекті бағытқа ұстап ойыңдағы нысананы
көздеп ерінбей, қажырлы еңбек етуің керек.
Т.Молдағалиевтің балаларға арнап жазылған өлеңдерінің
ерекшеліктерін тану жолында жасаған еңбегіміз үстінде біз де осындай
қиындықтарға жолықтық. Әрине бұл табиғи құбылыс. Дегенімен біздің тақырып
әлі күнге дейін тың, қалам тартылмаған, бет қабыршағына дық түспеген
тақырып болатын. Жұмыстың ерешелігіміне қызықтығы осында
болды. Ақынның өмірі, шығармашылық жолы, оның басқа да өлеңдері
жайында айтылған пікірлер жеткілікті болғанымен, оның балалар әдебиетіндегі
орны туралы Ш.Ақметовтен өрелі пікір айтқан ғальімдарымызды
кездестіре алмадық. Бұны біз кеңес дәуірінде қолға алынған
эдсбиеттің бір саласы ретінде қарасытырылған. Балалар әдебиетнің соңғы
кездерде көзден тасалау, елеусіздеу қалып келе
жатқандығынан болса керек деп ойлаймыз. Жеке пікірлер айтылса айтылып та
жүрген болар. Ал жүйелі еңбк етіп ескіні жаңартып, сол кездегі көз
қарастарға өзгертулер енгізіп жеке кітап етіп шығарған қазіргі балалар
әдебиеті мен, оның өкілдері мен, олардың әдебиетке енгізіп жатқан
ерекшедіктерімен немесе өзіндік таңбалары жөнінде жазып жүрген ешқандай
ғалым ағаларымызды не әпкелерімізді кездестірмедік. Сондықтан да
біздің жұмысымыз өзімізге көпқиындық туғызады. Жұмысымызға арқау
еткеніміз Қазақ Совет әдебиеті кітабы мен оның хрестоматиясы. Ақынның
балаларға арналған шығарылған өлеңдері болады.
Тақырып тың болғандықтан оның айтар пікірі де көп болуы да табиғи
құбылыс. Біз оның жолында барымызды салдық. Диплом жұмысын екі тараудан
құрап, бірінші тарауда ақынның балалар әдебиетіндегі орны, оның өлеңдерінің
негізгі тақырыптары және сюжеттік желісін қарастыра отырып, көркемдік
ерекшеліктері мен өлең құрылысына өлең бөліп отырдық. Ондағы мақсатымыз
ақын өлеңдерінің тақырыптық жақтан талдап сюжет құрылымдығы тілдік
қорындағы ерекшеліктерді танытып, көркем сөзге деген шеберлігімен жете
таныстыру болды. Яғни ақын ұстанған бақыттың бетін ашып көрсету болды деп
айтсақ та болады.
Екінші тарау - әдебилігінен гөрі, ғылымилылығы басым тарау. Онда біз
ақын өлеңдерінің құрылымдық жүйесіне, оның өз өлеңдерінде көркемдік тэсілді
қалай және қай дәрежеде пайдаланғанын, көркемдік тэсілдердің қайсысы ақын
өлеңдерінен көп кездескенін және не үшін олай қолданылғанына өз пікірімізді
айтуға тырыстық. Бұл оның поэтикасын айтуда жасалынған жұмыс. Екінші
тарауда ақынның өлеңдерін өзімен үзеңгілес, дәуірлес үндес ақындар және
балалар әдебиетінің лікдерімен салыстыра отырып қарастырдық. Ал ақынның
өлеңдерінің өзіне тән ерекшеліктерін, жалпыға тән бірлігін көрсету
мақсатында жүргізіледі. Бұнда да біз тың әрі айтылмаған ойларға баруға
тырыстық.
Қорытынды бөлімінде диплом жұмысының жалпы мақсатының орындалу
барысындағы өзгешеліктер, кездескен қиындықтар мен жалпы тараулардағы
айтылған ойлар қорытынды жасадық. Бұл тың тақырып жөнінде, балалар
әдебиетіндегі жалпы жемісі оны дамытудағы негізгі қажеттіліктер өзіміздің
пікірлеріміз бен ұсыныстарымызды ортаға салдық.

I - тарау. Тұманбай Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің
басты тақырыптары. 1. Өлең болып өрілген ақын өмірі.
Балалық кез - әрбір амадзат ғүмырының үмытылмас естен кетпес кезеңінің
бірі. Өмірінің балалық бал дәурен кезі қандай болмасын, мейлі ол қиындық
пен қасіретке толы болсын мейлі қуаныш пен еркеліктін құшағында өтсін, ол
бәрібір адам өмірінің ұмытылмаста тәтті кезеңі болып қала бермек. Әрбір
адам жасы есейе келе өткен күндерін есіне ала отырып, сол бір балалық шағы,
бала болып ойнаған кездерін есіне ала отырып толғанысып: сағынышты ыстық
леппен айтары сөзсіз.
Қазақ балалар әдебиетінен өз орнын алып, жальш әдебиет деген қазына
аралында ғасырдан - ғасырға жететін байлық қалдырып отырған көрнекті
ақынымыз Тұманбай Молдағалиевта балалық шақ, оның қызығы, қала берсе
балаларға тәрбие берерлік көптеген өлеңдер жазды. Сол өлеңдері жинақ болып,
балалардың сүйікті кітаптарына айналып, жарты ғасырдай олармен бірге өмір
сүріп келеді. Бұдан кейін де өмір сүре бермек. Оның басты себебі, ақынның
түсінікті де жеңіл тілі, адам психологиясын жете түсінуі, балаларды үлкен
адамдарша елеп олармен тез тіл табысып кетуінде сияқты. Себебі ол да бала
болды. Артышылығы, өсе келе жұртына танымал ақын болып жетіледі. Оның өмірі
туралы деректері көбінесе мынадай болып келеді.Молдағалиев Тұманбай 1935
жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Жарсу совхозында туған. 1956 жылы
қазақтың мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. 1956
жылы 1959 жылдары Жазушы баспасында істеді. 1970 - 1973 жылдары
Балдырған журналының жауапты хатшысы болды. (1,221). Ш.А.
Ақынның осы қысқаша өмір хронологиясына мән берсеңіз, балаларға жақын
жүргенін аңғарту, соқырға таяқ үстанқандай-ақ белгілі болып отырады. Ол
алғаш жұмысын сол кездегі балалардың сүйікті журналы Пионерден бастайды.
Кейінен бұлдіршіндердің сүйіктісі Балдырғанда жауапты хатшы міндетін
атқарады. Ал 1973 жылдан бастап Жазушы баспасы жанындағы балалар және
жастар әдебиетінің бас редакциясында қызмет істейді. Сол кездерден-ақ
балаларға арналған көптеген өлеңдердің авторы болып саналады. СЦөзі туралы
Менің есімім (2-25) деген өлеңіне былай дейді.
Бірә бүйырмаған бір бала,
Жатыпты өтіп өмір - нала, жыл нала.
Қабағына бүрым орнапты әкемнің,
Құдайына жалыныпты мұңлы ана.
Жалыныпты: Жалғыз шырақ бер!- депті,
Күңің болып күн кешейін мен, - депті.
Біреу емес көріпті анам бес шырақ,
Бәрін бірақ әкем ерте жерлепті. . .
Дейді де, өзінің анасының тағдырын айта келіп, екі адамның оны калай
күткенін анасының дәрменсіз жағдайы мен әкесініңқайғысын,
өзінің алынғы туылған бауырларының жасқа толмай суық тиіп, көз тиіп өмірде
өтіп кете бергендігін айтады. Онын соң:
Тағы анам зар қылыпты құдайға:
Бақытым аз сорымын ғой былай да
Ғұмырлы ғып бір перзент бер және
¥қсамай-ақ қойса қойсын түрі айға-. . .
Деп анасының құдайға еткен зарымен жалғастырады. Анасының қатты
күйзеліскен түскенін, құдайға жалбарынып, ғүмырлы етіп бір перзент бер -
дегенін айтады. Мейлі оның түрі әдемі, келісті болмай-ақ қойсын, аузы қисық
болса да сенен сұрайтыным бір бала бер деп жалбарынады. Адам сезімін дір
еткізетін мына шумақтарды қараңыз:
Нүр көтерген ана жаны қандай шат,
Құрметтейді оны жұрттың әрқайсысы-ақ.
Алатауға құстар қайтып жатқанда
Мен келіппін дүниеге айқайлап.
Ананың тілегі күстар келіп жатқанда орындалады. Бұл қуанышқа әке де
ортақ. Сонау қойлы ауылдан әжесі де келеді. Қазақтың калыптасқан дэстүрі
бойынша әжесі:
Үлықсат болса егер, жамағат
Бұл жанға ат қоямын мен! - депті.
Оған ешкім әрине қарсы келмейді. Сонан соң ақынға өзінің айтуы бойынша
сәл ерсілеу ат қойылады. Әжесі ақынның атын жай қоя салмайды. Ырымдап
ескі дэстүр бойынша қояды:
Келінім сен талай құрсақ кө^тдің
Бала сай бір емес, сен екі өлдің
Бар балаңдыжақсы құдай өзі алды,Сол құдайға өкпелеуің бекерлік.
Сол құдай да бір жаңылыссыз құрпынан
Көріп түрмын сыртта күн тұман
Тұманбай деп бұл жаманды атайық,
Құрдастары күліп жүрсін сыртанан -деп Тұманбай аты иесін табады. Әжесі
өзі қойған есімі туралы:
Әдемі емес қойған атым түсінем,
Кем болмасын заты жақсы кісіден.
Құдайдың көзі түспесін бүған.
Аңғармасын қою тұман ішінен -
дейді. Оған жиылған жұрт бір ауыздан қосылыпты. Сонымен өмірдің қанша
басына салған қиындығы, бала Тұманның көңілін жамау етсе де, ол өсіп, ер
жете береді.
Талай күліп, жолда талай мүңайдым,
Байқамаймын қанша өткенін күн - айдың.
Жүріп келе жатырмын ба элде мен
Көңілі түсіп, көзі түспей құдайдың -
дейді ақын өзінің өмір жолы туралы ақын тамаша шумағында. Өлеңнің
жемісінде эжесінің мейірімін, оған деген шексіз махаббатын да қамти кеткен.
Ақын өлеңнің соңғы шумағын әкесіне айтқан сөзі ретінде былай бітіреді:
Күндіз-түні жетпйді көп үміт,
Ой шаңына жүрем ылғый көміліп.
Сен айтпақшы, құдай мені көрмесін,
Жүрсем болдыадамдарағ көрініп. (2.221)
Осы өлеңнің өзі ақынның өткен өміріне саяхаты ретінде жазылып,
балаларға беретін тәрбиелік, танымдық эсері басымдағымен ерекшеленеді. Өзі
туралы айта отырып, балалардың әрқайсысын өзінің қалай туылып, өздеріне
қандай ат, оны қалай қойғандығы жайында ойланады. Білмесе сұрайды.
Т.Молдағалиев шығармалараның дені балалар әдебиетіне арналған десек
қателеспейміз. Оның алғашқысы балаларға арналған өлеңдері мен дастандары.
1961 жылы Құралай атты балаларға арналған өлеңдер жинағы шықты. Содан
кейін 1977 жылы Бөбегімін Ильичтің деген атпен керемет жинағы жарық
көреді. Сонымен қатар бірнеше өлеңдері баспа жүзінде жарық көріп жүреді.
Әсіресе Пионер, Балдырған журналдарында көптеп жарық көреді. Біздің
жұмысымыздың негізгі тақырыбы, ақынның балаларға арнап жазған өлеңдерінің
денін көрсетіп оларды белгілі тақырыптарда топтап өлең жүйесі мен
құрылысына, өзгелерден ерекшелігіне көңіл бөлу. Ең алдымен Т.Молдағалиевтің
өлеңдерін, яғни балаларға арналған өлеңдерін тақырыптарға топтастырып
қарастыруды көздеп отырмыз. Алдымен ақынның өзі туралы, өзінің балалық шағы
туралы жазғанын жаза отырып жалпы оқырман қауымға балалық өмірі туралы
түрліше ой салатын, күлдіріп бас шайқатып, жылатып еске алдыратын
шығармаларына тоқталайық.
Т.Молдағалиевтің өмір жолы, эсіресе балалык шағы қиын -қыстау кезеңге
тура келген. Әрине ол кездің балаларының барлығы дерлік қиындық көріп өсті.
Соғыс кезі мен соғыстан кейінгі кезде барлық Кеңес Одағының балалары өз
басынан сондай қиындықты өткізді деуге болады. Т.Молдағалиевтің әкеден,
шешеден жетім қалғаны, оның өмірі одан әрі қиындата түседі. Өзімде туралы
сыр
деген өлеңінде ақын өзінің осындай қиындықпен өткен балалық шағын
еске алады.
Екі әкенің, екі ананың үлымын,
Екі ананың бірдей алдым жылуын
Екі әкенің өжеттігін алдым мен
Екі әкенің жығылмаған туымын, -
деп үрандата да жаздады. Одан кейін өзінің туған әкесінен, туған
анасынан қайтіп айырылғанын былайша көрсетеді:
Туған әке күні бітіп ерте өлген,
Орын тапты менің туған өлкемнен.
Інісіне бала болып мен қалдым,
Сол інісі табыстырды ертеңмен,-
Туған анам, есімде әлі түр түсі,
Есімде оның сэл жымиған күлкісі
Мен көшеден шаң-шаң болып оралсам,
Маған құшақ жаятүғын бір кісі.
Оһда кеткен бұлөмірден тым ерте,
Көз алдымда қалып қойды көлеңке.
Құшағына оны да алды кең өлке,-
дейді. Өз анасы мен әксінен ерте айырлған ақын келесі шумақта өмірге
деген назасын білдіреді:
Өмір қалай анашымды жатсынған,
Here мені айырған жалғыз жақсымнан.
Көзін мэңгі ақырғы рет жүмарда,
Ол да мені келініне тапсырған,-дейді. Содан кейін өзінің қиын өміріне
былай үштайды.
Әкең кім? - деп сұрай қалса кімде-кім, Әкем менің жер суғарып жүр,-
дедім. Шын әкемді үмытпасамда үмыттым, Шын әкемді біле түра білмедім.
Апаң кім? - деп сұрай қалса кімде-кім,
Анам менің сиыр сауып жүр,- дедім.
Шын анамды ұмытпасамда үмыттым,
Шын анамды біле түра білмедім.
Оның екінші әкесі мен анасының қамқорлығын да жасырмайды. Соғыс
кезінде мерт болған аға, оның атын өшірмес қайнысына ана болып отырған
жеңгей жайлы жазады. Келесі шумақтарында ақын өзінің әке болғанын, балалық
шағының солай өткенінен кім кінәлі екенін, өмірге, оның сұрапыл тағдырға
қарсы қояр өлеңінің жәрдемі тиер ме екен деген тармақтарымен түйіндейді.
Кэмідгідей мен де әкемін осы күні,
Көп тілеймін бөбегімнің өсуін.
Немересі өз атасын білмейді,
Естіген жоқ әкесінің есімін.
Шыдатпайды, шыдатпайды ар мені,
Тиер мекен өлеңімнің жәрдемі.
Айтсаңшы, апа, кінэсі не олардың,
Айтсаңшы, өмір, менде кінэ бар ма еді?! (3.45) Керемет келтірілген
шумақтар. Осы өлеңнен оқырман өзіне қажетті көптеген материял алуы
мүмкін. Мейлі оның тағдыры ақын тағдырымен үштаспасын, мейлі
ол балалық шағын бақыттыөткізсін, бәрібір әр баланың көңіліне,
жүрегіне өзінің ата-анасына деген махаббат отын лаулата түсетін өлең екенін
тану қиын емес секілді.
Т.Молдағалиевтің көптеген өлеңдері негізінен бір жақта жазылып,
балалардың жүрегіне, орнына жаңа жол, жаңа арна салуға арналған десек
қателеспейміз. Оның өлеңдері кішілеу философиядан тұрады. Балалардың өз
өмірі жайында ойлануына, болашағын кіші кезінен-ақ болжауына жағдай
жасайды. Мэселен Заманның ұлы болуды (3.30) деген өлеңінде
жеткіншектердің арманын өз арманындай етіп көрсете:
Заманның үлы болуды,
Ойлайды іштей әркім-ақ.
Тыңдай ма бірақ оныңды,
Тіршілік деген арғымақ -
деп сегіз буынды, егіз өлең үйқасымен өріп әркімнің-ақ арманын өз
атынан ойлады да, тіршілік деген арғымақтың ол арманыңды тыңдай ма деген
ой тастай кетеді.
Көп гүлің әлі ашылмай,
Жуынбай нүрға түрып-ақ.
Екпінің әлі басылмай
Сен бара жатып зымырап,
Құлайсың қатты, Соңғы арман Тұншығып барып өледі. Co кезде достар,
анамнан Мен қайта туғым келеді -
дейді де, өзінің көп көрген жерін, көп түңілген жағдайымен барлап
жастардың да тамырын басады.Әсіресе оның жетімдік күйі сол күндері есіне
алып, жастық кезіне көңілсіздеу саяхат жасататын өлеңдері де көпшілік.
Оның бір жарқын көрінісін Әпкеме (4.165) деген өлеңінен де көреміз.
Бақыт бастан тайған күн,
Екеуімз жетім қалғанда
Сен мен жайлы ойладың
Менде ойлайтын хал бар ма?
деп біріншІ шумақтан-ақ оқырманды елітіп ала жөнеледі. Оқырманға одан
элгісі, қандай күн болған екен деген сұрақтың жемісінде болады.
Мен бес жасар бала едім,
Жазығым ешбір жоқ еді.
Үйренген ауыл әдебін,
Сен қыз едің әдемі.
Әкеміз жолда құлады,
Сүйрелеп ауыр жүкті өрге.
Сен мен үшін жыладың,
Ананың демі біткенше,-
деп, ана мен әкенің, әпкесінің мейірбан сезімін еске алады. Әкесіз
анасыз қалудың қиын екендігін өзі үшін әпкесінің де көп жұмысқа, тағдыр
өтіне қарсы түрып жүргенін былайша келтіреді.
Артымнан ерген жалғызым,
Жарарма деп сүйуге.
Болсак та үлгі бар қызғы,Сен ерте шықтың күйеуге.
Жыладым жасып мен сонда, Басыма түсіп жалғыздық. Қайтсін-ай - деп ел
сонда, Айтып та жүрді аңыз қып.
Қалтама салдың барыңды,
Арқаңа жүрдің көтеріп.
Қинайсың қазір жанымды,
Түндерде үзақ жөтеліп,-
ия, өзінің әпкесін анасындай көреді, әпкесі болса өз інісіне деген
махаббатын, туысқандық сезімінен де жоғары, әпке мен іні катынасынан да
күрделі биігіне жеткізеді. Анасындай болған әпкесі ол қолына келгеннің
барлығын істейді. Сондықтан да, оның әпкесі түндер бойы жөтеліп шығады.
Оған бұның жаны ашып:
Өтті ме жеттім күндердің
Суығы сенің арқаңнан
Сен үшін бүгін түнердім,
Сұрадым жылу қаңтардан
Арқама мен көтеріп Анаң да болғым келеді. Қасыма сені әкеліп, Панаң да
болғам келеді.
Көретін күнің бар ертең
Алатын сиың өмірден
Сен үшін ғана жан әпкем,
Дәрігер болсам дедім мен,-
дейді. Әрине өз анасындай болған адамға кімнің жаны ашымасын. Кім өз
анасын науқастыққа қиғысы келеді?. . . кім өз анасына еркелемейді:
Шықпайды рас таңсыз күн, Менің де таңым бар екен. Сен барда өзім
қамсызбын, Сен барда көлмін, жан әпкем!
Тірлікке бүгін ел ғашық,
Жыл менен өмір
Сен жүре берші жер басып.
Бақытты болсын десең мен. (3.62)
Егер автордың өз туған анасы тірі болғанда, осы шумақтардың әпкесіне
арналып жазылары екіталай еді-ау деген ой туады. Көп ақындар анасына
арнайтын осындай жолдарды біздік авторомыз, әпкесіне арнап отырғандығы
таңдандыра.рлық емес. Оның себебін осы өлеңнің жоғары шумақтарынан
байқауымызға болады.
2. Жасөспірімдерге арналған өлеңдер.
Жастардың ғүмыры айқын айнасы боларлықтай етіліп Т.Молдағалиев

Бала
күннің достары атты өлеңі жазылған.
Өлең он бір буыннан түрады да, қара өлең үйқасымен жазылады.Ақынның
алдынғы өлеңдері секілді бұл өлеңі де сюжетке құрылған.
Жалаң аяқ жүрген кезде доп қуып,
Шақырады алыс жаққа отты үміт.
Көп-ақ еді айналамда достарым,
Көңілімде болмаушы еді көп күдік,-
деген сағынышпен басталатын өлең, негізінде сол балалық кездің
достарын еске алу мақсатында жазылғанын көреміз:
. . . Өткен жылдар сирепті сол көп досты,
Әркімді бір өз алдына жол тосты.
Балалықтың көші қалды кейінде,
Қазір кімдер бастайды екен сол көшті?
Co бір күндер кетуші еді ой салып,
Жақын едік, тату ендік соншалық.
Бәріміздің қабағымыз түнерсе,
Екіншіміз қалушы едік томсарып -
дейді. Осынысымен сол күндегі балалар өмірінің қиын кездерден
өткендігін, соның нэтижесінде қыл өтпес татулықты мейірім мен достық
жылулығын көрсетеді. Оның себебі деп:
Ылғи бірге күрсінетін жүз кеуде,
Қиял бұлттың ар жағында жүзгенде.
Қатар жүріп соғысқан соң әкеміз,
Қатар жүріп жаттық біздер де-
дегенді айтады. Әкелер үмітін ақтайтын етіп, солардың желег үшпасын
деп бір жүріп бір жатқан балалардың с солай береді. Өлеңді қорытындылай
келіп:
Бүгін, міне, көп ініге ағамын,
Бақытымды күн қойнынан табамын
Бала күннің досын көрсем бірақ-та,
Іштей үнсіз бір ойланып қаламын.
Бәріміз де күнге ғашық бір адам,
Уақыт өзі талай рет сынаған.
Менің бала күндерімнің достарым,
Жылатпаңдар, онсыз олар жылаған!-
деп (3.64) бітіреді. Бұл өлеңнен сол кездің балаларын, о. өмірін
әрқайсысының образымен таныса отырып балаі алатын тәрбиелік мәліметтері көп
деп ойлаймыз.
Ендігі кезекте жеткіншектерге емес, балдырғандарға ар Т.Молдағалиевтің
өлеңдерімен танысайық. Бұл топтағы ө көбінесе, жеңіл тілменен, үйқастар
мен өлеңнің беретіь өлеңнің балдырғандармен балдырған бола отырып жазған.
М жас бұлдіршіннің үлкен қуанышы туған күн мерекесі білеміз.
Ия, туылған күні болатын ере^сектер де, сол күні е көңіл күйде болады, ал
балалар ше, балалар, оны бір үлкен ъ. ретінде қабылдайды емес пе? Сол
күннен бір апта алдын і күтеді емес пе? Т.Молдағаливтің осы тақырыпта
жазған Туған күн өлеңі де сол балалық шақтың тэтті күндерінің (.есіне
салады. Ал, балалардың өзіне туылған болған күнді, ендігі туылған күн
болатын күнді есіне салары сөзсіз:
Туған күнім менің бүгін,
Күліп жүрмін, күліп жүрмін.
Достар түгел келіп жатыр,
Сыйлық әкеп беріп жатыр.
Жайраң қағып Галя келді,
Бір ойыншық ала келді.
Шолпан келді, Мәкен келді,
Бір, бір кітап әкелгені-
деп бастайды қуаныш иесі. Ол қуйшдпп жүр. Қуанышын бізбен бөлісіп
жүр.
Спу тник-кор аб л ін
Берді бүгін папа маған
Дастарханда дэмді етте мол,
Қанша жесең конфетте мол.
Әнді де айттық, тақпақ айттық,
Жақсы айтқанға мақтау айттық.
Мэз болып үлкен апам да жүр,
Бізбен билеп папам да жүр,-
дейді біздің кейіпкеріміз. Үлкен апасының, папасының өзімен билеп
жүргеніне оның мэз болып жүргенін біз шумактан көрсек, ол апасы мен
папасының мэз болғандарын қимылдарынан көріп жүр. Ол өзінің осындай
күндерін көп бола берсе деп армандайды. Тезержеткісі де келеді. Достары
өзімен мәз болып жүргенін, осы қызықтың құмарын күнде болса деп ойлайды.
Алты жаста едім бүрын,
Жетідесің, - дейді, - бүгін
Туған күнім бола берсе,
Үйге достар тола берсе.
Бұл бала күндегі әрқайсысымыздың арманымыз екені сөзсіз.
Бұлдіршендерді сөйлету арқылы барлық баланың көңіліне, жүрегіне от тастап
оятатын, келешектегі мамандығы туралы тэтті армандар құшағына ендіріп ала
жөнелетін өлеңдеріне ¥шқыш бала (5.24) өлеңін жатқысаң болады. Бұл өлеңде
жас мөлшерін есепке ала отырып, шебер психологиялық, педагогикалық
көзқарастардың нэтижесінде жазылған өлеңдердің бірі.
Көкке үшам
¥шқыш бала боламын
Соңына ерем
Гагариндей ағаның.
Батыр болам-
Көк аспанды сүйемін
Жүлдыздарға
Барып келіп жүремін-дейді. Бұл сарын Ракета үшырдық деген өлеңінде
де тоқталған:
Шақырады көгіміз,
Бәрімізде космонвт
Сайрап жатыр жолымыз,
Самғайды алыс жас қанат.Жүлдыздарға үшамыз, Ағаларға еріп біз. Айды
барып құшамыз, Біз - Отанға көрікпіз.
Оқу оқып біз мүнда,
Өнер сырын түсіндік.
Сонау алыс жүлдызға,
Ракета үшырдық-
деп жазады. Бұл да әрине жеңіл тілмен, жас мөлшерін есептеп,
бұлдіршіндер ойымен санасып жазылған өлең. Осы өлең бізге өте карапайым
көрінгенімен, оның жас балаларға берер тәрбиелік, патриоттық күші өте
жоғары болады. Бұлдіршіндерді білімге, тәрбиелеуге, оларды қызықтыра түсуді
ақынның Менің оқуым өлеңі жақсы орын алады:
Балдырғанды береді де:
Оқы - дейді әкем күліп
Жалған айтып керегі не
Мен алғашта қалам түрып.
Суреттерге қарап алып, Судырата жөнелемін Кэмідгідей маған налып,
Отырады әкем менің.
Оқымасам эжем маған, Рени ме деп ойлаймынХат жазған боп кешке таман,
Қағазды да шимайлаймын.
Бір оқыған жерлерімді,
Оқытады қайтацвд ол.
Алданышым-ай-дейді мені,
Алдаған соң айтады ол. Міне шағын өлең осылай бітеді. Бұдан кейін бала
өзінің оқуын қолға алмаса да Балдырған журналын қолына алып, оның
суреттеріне қарап, эжесі мен атасы алдағысы келеді. Алдау тәрбиелік мәндегі
жұмыс па, жақсы қасиет пе деп ойлап қалуыңыз да мүмкін. Сонда ақын балдарды
алдауға үйретіп отыр ма деп те қалуларыңыз мүмкін. Жоқ ақын мүнда әке
шешесін немесе басқа кісілерді бұлдіршінге алдап деп отырған жоқ. Бірақ оны
оқыған бұлдіршін дэл солай түсінері сөзсіз. Бірақ ол сонысымен журнал
бетіндегі суреттерді көріп, өзнегі алдаймын - ау деп оған сөйлем
құрастырып, ақын кейіпкеріне еліктемеймін деп, қағаз қалам алып хат жазуға
кіріскенін өзіде сезбей қалады. Міне, өлеңнің мәні қайда жатыр!
Т.Молдағалиев балалардың барлық жастағыларына дерлік өлең жазғанын
білеміз. Тек қана өзі туралы жазды, жетімдіктің сары уайымын қозғап қана
қойған жоқ, немесе бұлдіршіндерге ғана жазып оңай тілді, жеңіл ойдың авторы
болып қалған жоқ. Түрліше тақырыпта сегіз қырлы, бір сырлы өлеңдер жазды
десек қателеспейміз. Ол балалармен балаша, баланы өзімен ертектерше
сөйлесуге баулыды. Мәселен мүнда сөздің орайы келгенде мына бір жерге
тоқталай кетейік. Ол балаларды патриоттық сезімге, Отансүйгіштік
дэстүрлерег тәрбиелеуде және оларға эсер етудің тиімді эдістері мен
формаларын үздіксіз іздестіруде елеулі еңбек етіп, қазақ балалар әдебиетіне
мол үлесін қосып келе жатқан талантты әрі зерделі ақындардың тобына жатады.
Сол себепті, балаларға арналған, өмір шындығына құралған оның әрбір
өлеңінде жүрек тебірентерлік шалқыған ой жатты. Баланың балдай тілімен
сөйлей отырып, олармен бірге эңгімелесе біледі. Мэселен Үлымен сырласу
өлеңін алайық. Ол өлең бірден оқығана басталады:
Соғыс жайлы кино бітті, Дәуренім,
Қайағымды қозғап кеттің сен менің
-Папа сенің әкең батыр болды ма?-
ойлатты ғой деп бір сұрақ бергенің.
Бұнда оқиғаны неден басталғанын қалай басталғаны бірден балаларды
өзіне баурап алады. Әкесінің әкесі кім болғанын білгісі келіп сұрағанына,
жауап күтіп отырған Дәурен - көзінен жас кетпейтін ерке тотай эздек емес,
әрнәрседен хабардан болғысы келетін айналасына қызыға қарайтын, жүрегінің
оты бар, зерделі бала. Дәуреннің бл сұрағы жетімдік қасіретін көп көрген,
қиын кезді қайыспай өткізген ақынды үлкен ойға қалдырып, терең тебіреніске
түсіреді. Балаға ойнап сөйлесең де ойлап сөйле дейтін дэстүріміз бойынша
ақын Дәуіренінің бұл сұрағына үлкен мән берген. Балаларды биік идал асқақ
мүраттарға тәрбиелеуді көздеп қаһарман етіп көрсете отырып ата образын
үтымыды суреттеген:
Менің әкем диқан едің жер жыртқан,
Ылғи алыс алушы еді ел жұрттан.
Кетуші еді жұмысына ол ерте,
Атып келе жатқанда жым-жырт таң.
Құс қиқулап келсе ауылдың көктемі,
Иығына түспеуші еді кетпені.
Оның жаны жомарт еді даладай,
Оның бітік шығушы еді еккені.
Ақын өлеңнен жол дарқан еңбекшіл диқан адамның кесек түлғасы көрініп,
өзінің жайдыр, жарқын жүзді, жақсы мінезімен, ел сүйенерлік ерлік еңбегімен
оқушысын өзіне баурап ала бастайды.
Жазда ыстық сапыратын қырманда,
Одан өткен диқан жоқ-ты бұл маңда.
Нағыз батыр шығар деймін ішімнен,
Ол күрегін көкке сермеп түрғанда.
Маңдайынан тер моншағы саулайтын,
Ісін бітпей демін де алмайтын.
Соңына ерген көлеңкесі секілді,
Жазды күні қасынан мен қалмайтын.
Ақын одан әрі тыңдаушысын қызықтыра берді. Өмірден алпы, ой елегінен
өткен жанды фактілерге құрылған мүндағы өмір көріністері шынай бейнелеумен
жас үрпақтың жанына ерекше эсер қалдырады. Атасының ақндай болғанын білгісі
келіп отырған Дәуренге мүның өзі үлкен оқиғаның басталап кететініндей
сезіліп, одан ары тыңдай беруге құштарлығын арттыра түседі. Бұл өлеңдегі
әрекет түтастығы, психологиядағы динамикалық күштілігі бірден байқалып,
бұлдіршін ынтасын, бар ықыласын өзіне эп сэтте - ақ баурап алады.
Шынында да әдемі үйқас, өрелі ой, қызықтыуақиғалармен қатар
көркем шығармаладарың қадір қасиеті баланың жан дүниесін тебірентетін
эмицоялық эсеріне байланысты бірден-бірге күшейіп отырса керек. Мына
өлеңнің желісі оқушыға соны аңғартады. Ата жайлы, ата қадірі жайлы эңгіме
өріс алған сайын сом түлғасы, құдіретті күшті бір бейне, ата бейнесі пайда
болғандай оқиғаның жалғасына баланың аңсары ауып, ата ерлігін онан әрі
тыңдай бергісі келеді.
Мэз болатын алты бидай тербелсе,
Кетуші еді кейде шалқан жерді өлшеп.
Біз далада түнеуші едік жаз бойы,
Біз жаз бойы үй қарасын көрмеуші ек.
Анадайдан көрінетін зор дене,
Мендей болып ту дегендей өңгеге!
Алып енді менің әке жан балам,
Өзі тіреу болатындай бөлмеге!
Тұманбай өлеңінен еңбек адамы жаны жомарт асыл бейнесін көріп
отырамыз. Үш жігіттің жұмысы жалғыз өзі қиратып тастайтын ата обзоры, бала
көзіне, баланың балдәурен сезіміне ерекше эсер қалдырады. Ата ерлігіне
сүйсінген баланың алып ұшқыш сезімі көңіл, албүртқан сезімі, лапылдаған
сезімі өзіне ерік бермей атасындай болуға жігерлене түседі. Баланың
жігеріне түсуі өлеңнің эсер берісіне ерекшелігТнен туады. Ол ерекшелік
ақынның бір құбылысқа әр қырынан келіп, адам әрекетерін, адамның жан
дүниесін тереңнен тану шарттарын белгілеп беруінен көрінеді. Өлеңнің
эмоциялық мәнінің арта түсуі де осыған байланысты болса керек. Әлгінде
ғана атасының ерлік еңбері мен табыстарынасүйсініп отырған
балдырғанға аяқ астынан мына бір сүмдық хабардың can ете қалуы қандай эсер
етті десейші:
Дауыл түрды ер азамат ат мін!
Деген жырды қайталадым жаттадым.
Мен білмеппін, мін білмеппін ол күнде,
Батыс жақта соғыс болып жатқанын
Биыл менде оқимын - ау хат танып,
Деп достарға жүргенімді мақтанып
Күзгі салым қоштасты бізбенен,
Қан майданға әкем кетті атанып.
Мұндай суық хабар, ызғар төккен суық сөз кімнің болса да жанын
түршіктіріп, тас түйіндей етеді. Өзін беріктікке, берілместікке,
ұстамдылыққа баулап, жауға деген, ашуы мен назарлығының уытты күшін
білдіртеді. Бар құбылысқа әр қырына келеген баланың өлең эсері, эмоциялық
күштілігі мен психологиялық өзгершеңдігіне жасаған жауабы осысынада секілді
ме қалай? Елжіреген бос сөздерден гөрі осындай өміршең оқиғалардың, жүйелі
жасаған істің маңызы зор болмақ. Маңызды мэселеге баланың да жүрегі
тебіреніп көзіне жас алады. Терең ойға қалады, буыны беки бастайды. Зерделі
болып өсуіне, атасындай еңбектер, ержүрек болып өсуіне эсер тигізеді.
Ыстық жасқа толтырады да жанарды,
Барымызды, нарымызды жау алды.
Оқыдық бір қара қағаз ішінен
Ерлікпенен өлді! - деген хабарды.
Ауыр күндер суретіне толы мүндай шыншыл бейненнің, өз туған халқының
тағдырын, бақытым ойлаған, аға үрпақтың Отансүйгіштік патриоттық
тамаша қасиеттерін бала қатты сезініп отырып, әкелер дэстүрін қадір түтады.
Ерлік істерін естеріне сақтап, оларды өз дәрежесінде жоғары бағалайды.
Әкелердің ерлік дәстүрін жасөспірімдер, жөргектен бастап қабылдап, ерлікке
батылдыққа, отанына, халқына шын берілгендік рухта тәрбиелейді. Халықтың
патриотизм сезімін бала бойына қабылдайды. Олар аға үрпақ дэстүрлерін одан
әрі дамытап бермек. Өйткені оларға жастық жалын, қызу қан тән. ¥лы
шайқастар кезінде әке қай майданда қаза тапса да жаудың қанды шеңгелінде
Отан үшін жан беріп айқасқа түсіп, оны сақтап қалғанын жас өрендер мақтаныш
етеді. Бұл сезім эсерісе 90-шы жылдарға дейін өте күшті байқалатын. Мэселен
өлеңді оқып алып Менің атым немістермен соғысқан, мен үлкейгенде солдат
боламын дейтін балалар эңгімелер көп естуге болар еді. Олар өздерінің
бейбіт өміріне де қызығады да қуанады. Сондықтан да ақын аталарының
қаһармандық істерімен бірге дэстүрлерін жалғастырушы аға үрпақтың лайықты
мүрагерлеріне:
Өр болып от, кеудеңді үста жоғары!
Алыстағы бастар сені жол әлі.
Шын батырдың немересі менмін деп,
Мэңгі - бақи айтуыңа болады,-
деумен аяқтайды ақын өлеңін. Осыдан бір ғасырға жуық уақыт бүрын. 1911
жылы Стокгольмде өткен дүниежүзілік эйелдер конгресінде шведтің эйгілі
жазушысы Сельма лагерлер адам канаушылығын ашына айтып, жалынды сөзін былай
деп тамамдаған екен: ¥рпағын панасыз тастамайтын, жастарын ажал аузына
айдамайтын, күллі жас үрпақтың рухы сергек, дені таза етіп тәрбиелер
мемлекеттік қайда бар? Жылт еткен әрбір дарын иесінI
қалтықсыз аялап, көтермелер мемлекет (айда бар? ¥сақ ұлттар мен
жұрттарын қанау талауға ұшыратпай қанатының астына алар мемлекет қайда
бар?. . . деген екен.
Міне тэуелсіздік таңымен жарық етіп шыға келген біздің мемлекет осы
бағытта жалжып барады. Өлең осындай сарынды ұғындыруға да^ейім жатыр деп
айтуымызға болады.
Т.Молдағалиевтің ¥лымен сырласу атты өлеңі - көп ізденуден туған,
үлкен оқиғандан құрылған, кең тынысты көркем туынды (11.225). тұманбай бұл
өлеңнің аға ұрпақтың лайықты мұрагерлері жүрегінде Отанына деген
сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімін тудырып, өздерін сол рухта тәрбиелеп
бауырмашылдыққа тәрбиелейді.
Балаларға арналған Тұманбай ағаның поэзиясындағы тағы бір ерекшелік -
ол балаларды ойлы, саналы, зерделі етіп тәрбиелеуді көздеп, олармен
кэмідігі ересектерше сөйлеседі. Соғысқа кеткен әке, ағаларын сағынған
балалар ойынды тастап, үлкен адамдарша еңбек етуге, үлкен адамдарша
ойлануға өзін-өзі бейімделіп алады. Үлкен адамдар көрген қасіретті олар да
бастан кешіреді. Соғыс зардаптарының қайғы - қасіреттері оларды бірден
есейтіп жібереді де, белін босаңсытуға ерік бермейді. Міне осы тұстан
Т.Молдағалиевтің Хаттар, хаттар (7.5) поэмасының жазылуы сол бұлкілдеген
тамыр соғысын доп басқан секілді. Соғыс жылдарында адам басынан өткен әрбір
азап қасиеттердің алуан түрлі қырлары мен сырларын және әрбір құбылыстың
жүрек тебірентерлік ішкі заңдылықтарын ашып беріге күш салғаны байқалады.
Хаттар, хаттар (7.5) поэмасында майданда жүрген ағасын сағынған бала:
Өзіңе, аға, бір сұрақ.Жауларды қашан жеңесін?
Алдыңнан қашан шығайын,
Ауылға қашан келесің.
Өзі кішкентай болса да үлкендерше әрекет етіп үлкендерше істейтін
жұмыстарды атқара жүріп, элсін-әлсін майданда жүрген әкесін сағынған бала;
ағаларын сағынған бала, солар жайныда ойлайды. Солардың тағдырларына ортақ
болып, көзінің жан сібір сығып алып, солардың амандығын тілейді. Бұның
ішінде жас баланың періштенің арманы, ниеті бұғып жатыр. Баланың сағынышт
әрі аянашты көңілін сезген жауынгер елдегі інісінің, сүйген жараның, ата -
анасының көңлін аулап, жеңіс күндерінің алыс еместігін айтып оларды
желпіндіріп қоюға тырысады.
Айқаста жүрмін жыл асты,
Жақын түр, жақын жеңісім.
Артыма ертен Түмаштың,
Түлымын сипа мен үшін.
Сақтайды мені сол тілеу,
Жеңіспен елге барам мен.
Сен үшін жауды өлтірем,
Сен үшін тірі қаламын!
Мүнда жауынгер мінезінің айқындығы мен мақсатының ақтығы қисылшаң
кездердегі тапқырлығы мен патриоттығы ерекше көзге түседі. Бұдан бір фашист
басқыншыларының озбырлығын, жауыздың келбетін ақын терең сырлы образды
сөздермен белгілеп, бейнелеп,айқындап, ашып бергенін байқаймыз. Сонымен
қатар жаудың осал еместігіне қарамай, оларды сөзсіз жеңетінімізге,
жеңіскундерінің алыс емесітігіне көз жеткізеді. Зор үмітпен ағына күтіп
отырған інілерін көңілдендірі қалады. Майдандағы жауынгерлердің жігер-күші
оның Отаншылдық сезімі, оптимистік ойы мен жеңімпаздық өжет қимылдары,
оларға жігер-қайрат береді. Інілерінің болашаққа деген рухын көтеріп,
өздеріне деген сезімін арттыра түседі.
Түмаштың ағасы майданда қаза тауып, елге оралмай қалғанымен, оның Отан
алдында жасаған ерлік істері тірі. Жауды қанды шеңгелінен Отанды арашалап
азат етіп қалды. Ел - жұрттың амандығын, тыныштығын көзінің қарашығындай
сақтап қала білді. Апа, іні, қарындастарын сүйген жарын жау мазағынан жау
езгісінен, жау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің өзіндік ерекшеліктері
Т.Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі және оны орта мектепте оқыту
Тұманбай Молдағалиевтың балалар әдебиетіне қосқан үлесі
Қазақ балалар поэзиясының көрнекті өкілі Т.Молдағалиев шығармашылығын зерттеу
Балаларға арнап жазған өлеңдері
Қазақ жырының Қадыры
Шәкәрімнің қай шығармасынан
Қадыр Мырзалиев ақындық шеберлігі
Тұманбай Молдағалиевтің өмірбаяны
Көркем әдебиет стиліндегі фигуралар
Пәндер