Ақбілек романның ағартушылық сипаты


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3 - 5
І. ТАРАУ. Ж. Аймауытовтың әдеби мұрасы.
- «Ақбілек» романындағы көркемдік жүйе . . . 6 - 8
1. 2. Жүсіпбек Аймауытұлының суреткерлік қуаты . . . 8 - 10
1. 3. Жекелеген бейнелердің монологтары . . . 10 - 17
ІІ. ТАРАУ. «Ақбілек» романың сабақта қолданылатын әдіс - тісілі
2. 1. "Ақбілек" романы - бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры . . . 18 - 28
2. 2. «Ақбілек» романның ағартушылық сипаты . . . 28 - 34
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 35 - 39
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 41
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: XX ғасырдың басында қазақ әдебиетінде әйел теңдігі тақырыбы жаңа деңгейге көтерілді. Қазақ қыз - келіншеріктерінің тағдыры ұлттың зиянды қауымы, ақын - жазушылыларының назарында болды.
Қазақ қыздарының бойындағы қайрат - жігері, жеңісі Жүсіпбек Аймауытовтың кейіпкерлері Ақбілек, Күнікей бойларынан терең танылады. «Ақбілек» романының негізгі идеясы Жүсіпбекке «Қартқожаны» жазу үстінде (мүмкін, одан да ерте ) түскенге ұқсайды. Өйткені, романда елімізде азамат соғысының аяқталар тұсында қызылдардан жеңіліп, оңтүстік шекараға қарай шұбырған ақ әскерлерінің жолдағы қазақ ауылдарына жасаған зорлығы, елді тонауы, қыз - келіншектерді жәбірлеуі сияқты фактілер суреттелген еді» деп Жүсіпбек Аймауытов шығармашылығын зерттеуші академик Серік Қирабаев тұжырым жасайды. Жасаушы таланты «Ақбілек» (1928) романында айқын көрінеді.
Халық басынан өткерген ауыр күндерді, азамат соғысының зардабын Ақбілек басынан өткен аурылық арқылы суреттейді. Қазақтың ең аяулысы- қызы. «Жат жұрттық деп оң жақта отырғанда аялап, баптайтын, қыз баланың арын қорлауды ең ауыр қылмыс санайтын халықтың ғасырлар бойғы дәстүрін тас - талқан еткен оқыс оқиға қасіретін жас балғын қыз, оның отбасы, сүйгені, ауыл- аймағы қалай көтереді?», «Осы бейнелердің әр қайсысы жағдайдың ықпалына қарсы тұра алды ма?» деген сұрақтар төңірегінде ой қозғап, жауабын табуға ұмтылады. Әлеуметтік қайшылықты ғана емес жазушы адамның адамгершілік, ізгілік, мейірімділік секілді ізгі қасиеттермен оған кереғар, өшпенділік, іштарлық мінездердің қақтығысын басты қазақ етіп алады.
«Ақбілек» - дәуір келбетін, сол тұстағы кезең шындығын бейнелеген кесек туынды. Романның бүкіл оқиғасы Ақбілек төңірегінде өрбиді. Жазушы қазақ қызының қайшылықты тағдырын жеңілдетпей, үлкен психологиялық образ дәрежесіне көтерді. Ақбілек ауыр сезім - күйлерін басынан өткізді. Осыған орай қаламгер кейіпкер бейнесін жасауда, қыз суреттерін шынайы беруде, әртүрлі характерлерді нанымды танытуда көркемдік құралдардың мүмкіндіктерін мейлінше мол пайдаланғанына көз жеткізуге болады. «Жазушының палитрасы өте бай. Бірде автор атынан төгілте әңгімелесе, бірде кейіпкерлердің өзіне сөз беріп (офицер, Бекболат, Мұқаш) олардың өздерін сөйлетеді. Енді бірде автор кейіпкерлердің жан дүниесіне еніп, солардың не сезініп, не қойғанын, не ойлағанын солар болып баяндайды. Кейіперлерінің жан дүниесі, психологиялық құбылыстары, қуаныштары, күйзелістері, мақсаттары мен армандары жазушы назарынан бір сәт қақас кетпейді. Мейлінше көркем, мейлінше айқын сөйлемдер әндетіп терме-жыр айтып отырғандай әсер береді. Қазақ ауыз әдебиетінің ең озық, Шығыс пен Батыс әдебиетінің көркем қара сөз және дастандық үлгілерінің бір-бірінен қабысқан, ұштасқан жерін Ақбілектен көрдім дер едім» деп жазушы Сайын Мұратбеков қаламгер шығармасынан орынды бағасын береді.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
- Ж. Аймауытовтың өмір сүрген кезеңдегі қоғамның тарихи тынысын талдап, мәдени жағдайына ерекше мән беріп, уақыт ағымына қосқан үлесін анықтау
- «Ақбілек» романдағы идеясының пайда болу жолдарын анықтау:
- тәрбиелік бағыттағы өлендерінің табиғатына қарай талдап, ағартушылық идеяларын ашып көрсету:
- романдағы дидактикалық сыранды анықтап, дүниетанымдық көзқарастарын бағалау:
Жұмыстың ғылымилығы - қазақ әдебиетіндегі Ж. Аймауытовтың көтерген Ақбілек тақырыбының материалдарын талдау барысында шығармашылығындағы романның даму сипаттарын айқындау болып табылады.
Курстық жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлімнен және пайдаланған әдебиеттер тізімнен тұрады.
Кіріспеде жұмыстың негізгі қағидалары мен мақсаттары баяндалып, жұмыс нысанының өзектілігі көрсетіледі. Оның теориялық және тәжірбиелік маңызы, ғылыми сипаты баяндалады.
І. ТАРАУ. Ж. Аймауытовтың әдеби мұрасы
1. 1. «Ақбілек» романындағы көркемдік жүйе
Жүсіпбек Аймауытов романының сюжеттік құрылымының өзі ерекше. Бас кейіпкермен таныспас бұрын ол мекендеген орынның тау-тасы мен аң-құсына дейін ерекше бір тебіреніспен суреттеп, оқырманын еліктіріп алатын қаламгер сол тамаша табиғат қойнауында өтіп жатқан оқиғалардың, оқиға әсерінен туындаған жайын алдыңа тартады. Алтайдың керемет табиғаты ақындық тілдің қуатымен сипатталған. Шытырман оқиғаға апарар жолды кейіпкер ойы, сезімі арқылы салт-санаға лайық өрнектейді. Мына диалогтен соны аңғаруға болады:
« . . . Қасындағы қыздарына қабақ шытып, қыңқыл етіп, дауысы сыңқыл-сыңқыл етіп:
- Көзім тартып тұрғаны несі? - деп, бір бұраңдап қойған еді . . .
- Жай тартады да . . . қуанарсың . . . қай көзің?. .
- Қуанар ем: сол көзім, - деді бітті, кім елеген ондайды?»
Жазушы диалогты жайдан-жай беріп отырған жоқ. Қазақы ырымға бағыштап болатын сұмдық оқиғаға кіріспе ретінде алып отыр. Романда мінездердің ішкі әлемінің қыртыстарын бақылау, әрекеттерді психологиялық тұрғыдан жан - жақты дәлелдеу, оқиғаның қым-қуыт дамуына тереңнен үңіліп, ойлау, кейіпкер тебіренісінің, арпалысының басым болып келуі, автор ойы мен қаһарман ойының тұтасып, шығарманың көркемдік табиғатына әсер етуі, көркемдік тұтастыққа айналуы - жазушы шеберлігінің үлгісі.
Автор оқиғаның ауыр зардабы мен оның сыртқы ортаға әсерін көрсету арқылы жеке тағдырлардың басынан өткерген жайттарға байланысты өзгеріс жолдарын тосыннан бастайды. Адамның деңгейі іс-әрекеттен де, ой-пікірден де көріне алады. Орыстың қатігез жүрегі мен қажырлы қолы қатар тиген Мамырбай бәбішесінің ащы дауысын, қиналыс кейпін мына бір диалогтан көруге болады.
«Аузында күбір-күбір сұбқан», аяғы жыбыр- жыбыр еңкең қағып, қораны орғытып бәйбіше келе жатыр еді, орыс алдынан тап болды.
- Қайдан келесің?
- Мына . . . мына, -дей беріп еді.
- Мә, саған мыны-мына! - деп білеуітпен ащы айғай басына қабат тигенде, көзінің оты жарқ етті. Жаулық кетті жапырылып, ауыз кетті опырылып "
- Тап деген соң, тап, қызды!
- Кімнің қызы, жасаған!
- Сенікі, қыз сенікі.
- Қызым жоқ, ойбай!
- Қыз бар, табасың!
Бұл - диалог-деталь. Желге, күнге тигізбей, аялап өсірген жалғызын "кәпірге" қорлыққа қиғаннан, өлгенін артық көрген ана бейнесін танытады.
Диалогте кейіпкерлер репликалары мен авторлық ремарка жымдасып көріністің бояуын мейлінше қанықтырып тұр. Шығармадағы толып жатқан иірім-иірім оқиғалар желісі, бітім - болмыстар, мінездер реалистік бояулармен әсерлі де шынайы өрнектелген. Ақбілек төңірегіндегі сомдалған мінездер әлеуметтік, психологиялық қырларынан көрінеді. "Іштен шыққан жау жаман" демекші, романда Ақбілектің ащы тағдырына себепші болған, жастайынан кісі есігінде байдың малын бағып, соның соққысына талай жығылған Мұқаштың жалпы бай атаулыға кегі күшті. Жазушының суреткерлігі мықты. Ұнамсыз қылықтарымен көрінген кейіпкерлерді де қаралап көрсетпей, табиғи ақиқат болмыстарымен суреттей біледі. Ақбілекті ақ әскерлеріне ұстап бергенімен "Япыр - ай, мен қазақтың ба? Қазақ болсам қаныма неге мұнша өшіктім?" деп өз жанымен арпалысып, сан түрлі сұраққа жауап іздеп, арын қамшылаған. Мұқаш монологында оқиға сюжетіне тігісін білдірмей жымдастырып жібереді.
Ым-ишара, бейвербалды тәсілдер кейіпкердің белгілі бір оқиға кезіндегі, тіпті сол сәттегі көрінісін, көңіл - күйін, қол, көз, ерін жалпы қимыл - қозғалыс сөзбен бірге жымдасып, тұтасып, үндесіп, қосарланып жеткізілетін қатынас құралы. Әсіресе мына бір диалогте жазушы ым-ишара, түр-келбет суреттерін қолдану арқылы кейіпкер психологиясын шебер бейнелеген:
"- Біз соғысқа барамыз, сен қайтесің? - деді Ақбілекке. Ақбілек көзі бажырайып не дерін білмей сасып қалды.
-Қайда болғың келеді? - деп тағы сұрағанда Ақбілек, мойнын әнтек қисайтып бұғағын бұлтитып, жалынған назданған дауыспен:
-Аулыма қайтармайсыз ба? - деді. Қара мұрт басын шайқады.
Ақбілек кірпігін жыпылықтатып, жерге қарады.
Тілмаш тағы сұрағанда Ақбілек:
-Тым болмаса, жақын жердегі бір ауылға жеткіздірсеңіз, - деп көзіне жас мөлдіреп келіп қалды.
Қара мұрт басын тағы да бір шайқады да:
-Бізбен бірге жүргің келмей ме? - деді.
-Соғысқа ма? - деді Ақбілек еңсесін бүкжитіп.
- Соғысқа-деді қара мұрт иегін бір қағып. Ақбілек басын шайқап:
-Ендеше, мені осында - ақ тастап кетіңіз, - деді.
Түнде жалғыз өзің қорықпайсың ба?
- Қорықсам да қалайын . . . Сіздер қайтып келмейсіздер ме? - деді жұлып алғандай.
- Мәлім емес, - деп қара мұртын дірілдетті"
Бұл ым - ишара - қимылды екеуара әңгіменің барысынан бөліп алуға болмайды. Диалогкегі бүкіл түр-түс, қимыл-әрекеттері әр алуан астарлы психологиялық тосын жағдайларға әсер етіп тұр. Олар сөйлеушілердің айтқандарын толықтырып тұрғандай. Адам әлемін қаһарман болмысын танытудағы жазушы қолданған көркемдік амалдырдың мәні осынысымен тартымды, осынысымен шынайы
1. 2. ЖүсіпбекАймауытұлының суреткерлік қуаты
Ұлттық сөз өнеріне, оның өрісті өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан - Жүсіпбек Аймауытұлы әдеби мұра мен оны зерттеу ісіне, тарих пен таным арнасына, сын мен сыншы сипатына биік талап, жоғары жауапкершілікпен қарады. Өз еңбектерінде бұл бағыттарға адалдық танытты .
ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде роман секілді ірі эпикалық көркем дүние жазуға кіріскен қазақ сөз өнері зергерлерінің арасында Жүсіпбек Аймауытов басты орын алды. Бұл жанрға әдебиетімізді тұңғыш рет түрен тигізген Міржақып Дулатовтың « Бақытсыз Жамалы», Спандияр Көбеевтің «Қалың малы», Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлуы» бас бостандығы тақырыбын көтерсе, Жүсіпбек Аймауытовтың романдары адам тағдырын елдің әлеуметтік - саяси кескін-келбетімен тығыз байланыста суреттеді. Эпостық кең құлашты панорама жасауы, әлеуметтік- тарихи өмір заңдылықтарын терең талдаулары үстінде, адамның ішкі өмірі иірімдерін, психологиялық нәзік сезімдерін көркем сөздің құдіретті тілімен көркемдеді. Ұлттық романның принциптерін тұлғалауға жол салды. Сол себепті Жүсіпбек Аймауытовтың « Қартқожа» және «Ақбілек» атты туындылары қазақтың реалистік классикалық романының төлбасы саналады.
Жазушы өз уақытының тамырын дөп басып, дәуір шындығын ой- сезімін таразылап образ қуатымен қорытып, көркем шындық атты әсем әлем жасасты. Пьеса артынан пьеса, әңгіме соңынан әңгіме туғызып, жиырмасыншы жылдардың қайталанбас әдеби стилін қалыптастыруға ат салысқандардың алдыңғы сапында жарқырап жүрді.
Жүсіпбек өткен жол- қиямет қиын жол. Талай оттың ортасында жүрді. Бірде самғады, бірдеме суға кеткендей тал қармады. Алаш қозғалысына сыбанып қатысып, қазақ елі гимні есепті өлең жазды. Амал қанша, көп уақыт табынған туы жығылды. Төтеден ұлт қозғалысының үні өшті. «Замның түлкі болса, тазы боп шал» дейтін пәлсәпаға көндігіп, кеңес идеяларының сойылын соқты. Сонда да жақсы аты көрінбеді. Нақақтан- нақақ тұрпайысоциологиялық сын қармағына ілікті. Ақыры тоталитаризм жауыздығының құрбаны болды. Енді, міне, уақыт бәрін орын- орына қойды. Ақталған, ағарған Аймауытов енді бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның рух беруші, жігер құюшы қымбат қадірлісіне айналды. Жүсіпбек шығармалары, ірі прозалық туындылары қазағыма болсын дейтін идеяға иманындай берік жүректен тарайды. Қазақ соншама зауалға не себепті тап болғанын ашына әшкере еткен оның үздік шығармалары бұрын да, қазір де зор ықыласпен оқылуда.
Ж. Аймауытұлының сыншылдық сипаттарынан:
- қоғам мен кезеңдік көріністер айқын аңғарылады;
- адам мұраты, оның өмірі мен еңбегі биік бел-белестерден көрінеді;
- ұлт мұраты мен руханият мәселелері биік талғам, жоғары жауапкершілік тұрғыдан байыпты сараланады;
- ақын мұраты мен ақындық өнер кеше-бүгін байланысы, жаңашылдық пен жалғастық тұрғыдан айқындалады;
Ж. Аймауытұлының әдеби-сын еңбектерінің басым бағыттары мен оны танып, талдаудағы басты ұстанымдар, көзқарастар жиынтығы осыған келіп саяды.
Ең негізгісі, ұлттық сөз өнерін бар асылдан да жоғары қояды, ондағы ел өмірі мен тарихына, тағдыры мен тағылымына құрметпен қарайды. Ең негізгісі, ұлттық сөз өнерін бар асылдан да жоғары қояды, ондағы ел өмірі мен тарихына, тағдыры мен тағылымына құрметпен қарайды.
- . Жекелеген бейнелердің монологтары
Романда жекелеген бейнелердің монологтары, өмірдегі мұраты мен міндеттері де айқын бедерленген, мәселен, Бекболат өзі жайында төмендегіше сыр толғайды: «Қара торы, орта бойлы, қошқар тұмсық, түлкі мұрт, шүңірек көз жігітпін, Жасым жиырманың жетеуіне шығып тұр. Атым- Бекболат. Басымда барқытпен тыстаған қара елтірі жекей тымақ, қара ала жапқан күміс белбеу, аяғымда көнелеу қисық табаным бар. Белбеуімдегі жарғақ далбағайым, шашақты сары қында мүйіз сапты өткір кездігім, алдыңғы қапталдағы дабыл байлайтын ұзын қайыс шеттігім- менің өнерсіз жігіт еместігіме айғақ болар».
Одан әрі Бекболат «бұрын байдың», қазір «орта шарқы үйдің ортаншы баласымын» дейді. Үй - ішілік, тұрмыстық жағдайларын да еске алып өтеді. Балалық, жастық шағының да босқа өтпегенін айтады. «Жаманбаланың шотпақ қара қызын менсінбей, Мамырбайдың Ақбілегін елден таңдап айттырғанын», соған жоыққалы шыққанда, ақтарға кезігіп, оң иығынан жарақат алғанын қысқа, шешен баяндайды. Алайда, Бекболат бейнесі, адамдық қасиеттері тұрғысынан, айнала - әлемге көзқарасы жағынан көңілге ұялағанымен, махаббат мәселесінде, әсіресе «елден таңдап айттырған» Ақбілегін аялап өтуге жігерлілік жетіспейді. Қаламгер де Бекболат өрісін аса көп дамытпайды.
Офицер - романның басты тұлғасын жәбірлеп, арын аяққа таптаған жиіркенішті жан ғана емес, империялық саясаттың ғасырлар бойы халықымыздың билеп, басып-жаншып келген көрінісі ретінде де есте қалады. Автор роман өзегін - Ақбілек пен офицер арасындағы қатынасқа қарағанда «махаббат символының» үлгісі ретінде емес, керісінше, қазақ- орыс арасындағы «туыстық байланыс» тұрғысында терең ашады. Бұған өз жайынан бірер мағлұмат берген офицердің төмендегідей ойлары айқын дәлел: «Орыс сияқты жері мол, қолтығы кең жұрттың қол астына қарағанына қазақ тәубе қылу керек қой. Анығында, қазақ мемлекетке не пайда келтіріп отыр?. . Тек қымызын ішіп, қарнын сипап, қатынына қарап, борбайын тыр-тыр қасығанды біледі . . . Тегінде қазақтың солдат болудан қорыққаны бізге теріс те емес. Кім біледі, қолына қару берсе, оыс жұртына жау болып кетпесіне кімнің көзі жетеді?. . Әйтеуір, қазақ өз алдына ел болып жатқан жоқ. Ендеше, орысқа бағыну керек». Бұдан кейін офицер қазақ жеріне, әйеліне, малына көз тігеді. Ресей тағдырын ойлап қамығады.
Демек, офицер бейнесінен, іс - әрекетерінен «ұлы халықтың» державалық саясатын, қазақ халқын ұлтсыздандыру мен әуел бастағы мәдени құнарынан қол үздіру секілді тағылық «мінезін» танимыз, билік пен білек күшін де, озбырлығын да көреміз. Ендеше, өткенің өкініші келешекте қайталанбайтындай сабақ болуға тиіс. Офицер бейнесінің «тағылымы» осы.
Ал, Мұқаш өзі жайында былай дейді: «Мен таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарқабақтау, кірпі шаш, қырыс маңдай, қара сұр жігітпін. Жасым отыз бесте. Әкем Тойбазар, өзім Мұқаш болғалы аузым асқа, ауым атқа жарыған емес. Ес біле есікте жүрмін». Онан соң Тілеубайдың қозысын, Шаманбайдың қойын баққанын, балалық базары жат босағада, кісі қабағын бағумен өткенін еске алады. «Қалай Бадығұлдың жылқысын бақтым, солай көзім ашыла бастады, - дейді ол. - Қашағанды жалғыз ұстаймын. Асауды жалғыз үйретемін. Күзетке жалғыз барамын. Боданда жылқы бағамын. Аязбен, асаумен, қараңғы ұзақ түнен, ұрымен, қасқырмен, қауып - қатермен алыспай, адам адам болмайды екен . . . Жылқы бақтым, кісі болдым». Мұқаш аузынан баяндалатын монологтан бұдан кейінгі жерде ел қатарына қосылғанын, отбасы болғанын, қызметке кірісе бастағанын, болыс болу ниеті барын да естиміз. Бірақ ел үстінен күн көрген жоғарыдағы «қызметтерінің» әсерінен болыстыққа сайланбайды. Мамырбайдың баласы іс- қағаздарды кеңсеге тапсырыпты дегенді естиді. Тілін шайнап, тісін қайрады. Кек қайыруды ойлайды. Ақтармен астыртын байланысып, Мамырбайдың Ақбілегін оларға көрсетіп беріп, ағасынан кегін қайтарады. Мұның соңы белгілі - Ақбілек бір топ еркектің ортасына түсіп, қара мұртқа ермек болады . . . Бұл ретте Мұқаш - өз мүддесі үшін жан алып, жан беретін бір есебі ішінде, түпкі ойында соны жүзеге асыруды ғана діттейтін пенде. Әйтсе де, «ішкі есебі» уақыт өте келе жария болып, соның азап - күйігін молынан да тартып жүреді. Жанама кейіпкер ретінде Мұқаш өз міндетін атқарғанымен Ақбілектің азапты, қасірет- күйінішке толы өміріне себепкер болды. Сол үшін де Мамырбай ауылының алғысын емес, қарғысын алады. Ал біздің қоғамымызға теріс ой екіжүзділік мінез жат. Мұқаш шындығы осы.
Жазушы жаңа өмірдің тыныс - тіршілігін әр алуан деңгейдегі адамдар арқылы да көрсетеді. Айталық, Ықаң (Ымтыбай), Тыпаң (Тынышбай) кезінде беделді де, достары да көп болғанымен «дәлет құсы бастарынан ұшқан адамдар». Әйтсе де ағалық-үлкендік жолдарын, ескі беделдерін көңілге медеу етеді. Төлегеннің үйіндегі бас қосуда Ықаң мен Тыпаңның мұндай «қасиеттері» танылған - ды. Олардан басқа да онда талай жігіт болған - ды. Оның бірі «қошқар туған қозыдай келбетті, бітімді Ақбала еді енді бірі келбеті де, киімі де қоңырлау, жүріс- тұрысы да салапттау Балташ деген жігіт еді. Төртініш - Доғаның жанында ершіктей, балтаның жанында шапашоттай жымырайған Жорғабек деген кісі еді». Жорғабек жеңіл, жылпостау көрінсе, Доға беделге ие, ішімдікке де жақын болып шықты. Ақбала сөзге жақын болса, Балташ тәп - тәуір қызметкер, махаббат мәселесінде де баянды ғұмыр кешеді. Бұл реттен алғанда аталмыш бейнелер өзіндік көзқарас, орындарымен ерекшеленеді.
Жылтыр - ісінде бірлік, сөзінде береке жоқ кейіпкердің бірі. «Оның қылмаған бұзақылығы жоқ. Ол әуелде Матайдың Әбеніне тілмәш болған. Әбенмен бірігіп елді қанаған. Әбенге шәкірт болған. Ол қазынаның ақшасын да жеген . . . абақтыға жүз түсіп, жүз шыққан . . . Оның өтірігіне найза бойламайды». Бұл реттен алғанда Жылтыр ойымен де, ісімен де Әбен, Мұқаштар қатарында. Романда оқиғалардың даму эпизодтарының өзара байланыстары тұсында бұған әбден көз жеткізуге болады. Осы орайда жазушы бедерлеген бейнелердің әрбірі өз орындарында әрі іс- әрекеттерімен нанымды сөз болатындығын байқаймыз. Демек, қаламгер кейіпкер жансарайын ашуда да едәуір жетістіктерге жеткен, оларды даралауда дәлдік, нақтылық секілді сипаттарымен де ерекшеленеді.
Күрделі жанрдағы туындының төртінші бөлімі алғашқыларына қарағанда екпін - серпіні мол, публистикалық сарында өріс алады. Ақбілек пен Кәмиләнің кездесуі, өткен өмірлері, өзара сүхбаттары, күнделік шерткен сырлары - тұтастай қазақ әйелі тұрмысынан, іс - әрекеттерінен мол деректер береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz