Ауыз әдебиеті - әдеби тіл бастауы


Мазмұны
Кіріспе . . . 3-4
І тарау.
Ауыз әдебиеті - әдеби тілдің бастауы . . . 5-28
ІІ тарау.
Тіл лексикасы ауыспалы категория . . . 29-61
Қорытынды . . . 62-63
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі
Көркем әдебиет тілін ғылыми тұрғыдан зерттеу алдымен тіл ғылымының дамуы, екінші жағынан әдебиет тану ғылымының өсуі жағдайында дүниеге келеді. Көркем әдебиет пен филология ғылымдарының қазіргі деңгейі осыларды қажет етеді.
Соңынан 30 - 40 жыл көлемінде қазақ филологиясында көркем әдебиет тілін зерттеуге айрықша көңіл бөлінуде. Дегенмен көркем әдебиет тілінің теориялық мәселелерге арнайы зерттеген, талдаған еңбектердің әлі де аз екенін айту керек.
Көркем әдебиет тілін зерттеудің маңызы қазір арта түсіп отыр.
Біріншіден көркем шығарманың табиғатын түсінуде көркем тіл мәселелері поэтикалық тілдің нақтылы қолданылуын білудің ерекше маңызы бар.
Екіншіден көркем әдебиет тілі ғылымы тіл білімінің жаңа салалары- статистика, көркем тексті лингвистикалық талдау сияқты пәндердің нәтижелері мен қорытындыларын өз қажетіне жарататыны сияқты, көркем шығарма тіліне байланысты зерттеулердің материялдары да статистика, көркем тексті лингвистикалық талдау пәндері үшін мәнді мәлімет бере алады.
Диплом жұмысының ғылыми нысаны
Дипломдық зерттеу жұмысының нысаны қазақ әдеби тілінің даму көздерінің негізгі нысандарының бірі ретінде көркем проза (әңгіме, аңыз т. б. ) тілінің әдеби тілдің дамуына қосқан үлесін баяндауда жатыр.
Диплом жұмысының мақсаты
Қазақ әдебиетінде көркем прозаның тарихы әрі де жатыр. Соны талдап, зерттеп, көпке таныта білу филиология ғылымдарының алдында тұрған мақсаттардың бірі.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы
Ежелгі ауыз әдебиетінен бастап қазіргі проза тіліне дейінгі дамудың ерекшеліктерін саралауда.
Көркем әдебиет тілі ғылыми тіл білімінің жаңа салалары - статистика, көркем тексті лингвистикалық талдау сияқты пәндердің нәтижелерімен қорытындыларын өз қажетіне жарататыны сияқты көркем шығарма тіліне байланысты зерттеулердің материалдары да статистика көркем тексті лингвистикалық талдау пәндері үшін мәнді мәлімет бере алады.
Диплом жұмысының ғылыми және практикалық маңызы
Қазіргі проза тілі өзінің тарихын ежелден алады. Оның даму, өзгеру жолдарын зерттеу тарих үшін маңызды да келешек үшін керекті мәселе. Диплом жұмысы көркем проза тілі дамуының тарихын баяндай отырып, оның болашақ бағдарына да болжам жасайды.
Диплом жұмысының құрылымы
Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау
Ауыз әдебиеті - әдеби тіл бастауы
Қазақтың прозалық көркем сөз үлгілерінің пайда болып қалыптасуына фольклор мен ауызекі сөйлеу тілі дәстүрінің ықпалы зор болды.
Қазіргі қазақ прозасы мен фольклор байланыс қазақ филологиясында түйінді зерттеулердің өзегі болып келді, әлі бола береді.
М. Әуезов фольклор тілінің элементтерімен қазақ көркем әдебиеті тілінің арасындағы байланысты зерттеулерді үлкен бір проблема етіп қойған еді. Және ондай зерттеулердің жолдарын да нұсқаған. Ол былай дейді: «Көркем поэзияға ауызша поэзия қаншалық бөгетсіз, сатысыз көп қор құйған болса, бүгінгі көркем прозаға халықтың ауызша әңгімесі сондайлық жатық жолмен кеп араласып, қабысып жатыр. Бұл жай қазақтың салт ертегілерін тексеру мен көркем прозасын талдап ұғынуда - ғылымдық үлкен түйінді, проблемасы мәселе есебінде зерттеліп, тексерілу қажет. Әсіресе осы жайларды, тақырып таңдайдан әңгіме желісін таратудан, адамды бейнелеуден және өте - мөте әңгімелеу тілінің, сөз кестесінің ұқсастық, тектестік жағынан қарап зерттеу, талдау шарт». М. Әуезов ойының осы желісін қазақ прозасы тілінің тұңғыш зерттеушісі Е. Жанпейісов те көп басып көрсетеді: «Халқымыздың бай эпостық шығармаларының, ертегілердің басқа да түрлі жырлардың бүгінгі әдебиетімізбен қазіргі прозамыз, поэзиямыз бір - бірінің табиғи жалғасы іспетті және тіл құралдарының стильдік қызметі жағынан да, сөз образдылығы тұрғысынан да бұлар бірімен- бірі өзектес екендігін баса аңғартады».
Көркем әдебиет тілі үлгілерінің алғаш қалыптаса бастауы жайында, оған фольклор тілінің әсері жалпы фольклор тілінің ерекшелігі туралы құнды - құнды пікірлер бар.
С. Қасқабасов: «Сөз жоқ, әр жанрдың қалыптасқан, тұрақталған белгілері болады. Ол көп жағдайда шығарманың композициясында, сюжеттік құрылымында, баяндау формасымен көркемдеу құралдарында сақталады. Ертегі жанрына тән композициялық, сюжеттік, көркемдік бейнелеу тәсілдері- сол жанрдың тұрақты белгілері» - дей келіп, тағы бір жерде ойын былай сабақтайды: «Ертегі жанры - аңыздық прозаның дамыған көркемделген түрі, яғни көркем прозасы. Оның мақсаты тыңдаушыға ғибрат беру ғана емес, сонымен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің бүкіл жжанрлық ерекшеліктері осы екі функциядан шығады. Ертегі арнайы айтылған, белгілі бір композициялық схема бойынша баяндалады, яғни мұнда идеялық, көркемдік тұтастық бар. Осы тұтастық бұл жанрға басқа да қасиеттер дарытады. Ол - композицияның және эстетикалық мұраттың тұрақтылығы, бас - алғы оралымдалған «тұйық уақыттың» болуы көркем шарттылық т. б. ».
М. Томанов, С. Исаев, Ә. Ибатов «Фолклор . . . тілдің көркемдеуші жүйесінің қалыптасқан көрігі . . . болды» десе, Е. Жұбанов «Фольклорды жалпы халықтық тілді эстетикалық образ түрінде трансформациялаудың айрықша бір жолы» екендігін атап өтеді.
Р. Сыздықова ауыз әдебиеті тілі мен ауызша поэзия тілі арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктерді, әрқайсысын тән белгілерді көрсете отырып алғашқысының көркем әдебиеттің тілін қалыптастырудағы рөлін арадағы жалғастықты нақты мысалдармен дәлелдейді: «XV - XVIII ғасырлардағы, тіпті кейбірі одан да арғы дәуірлердегі жеке образдардың өміршеңдігінен, тұрақтылығынан, олар бір дәуір аясында қалмай, кейінге ұласа берген».
Е. Жанпейісов: «Қазақ прозасының алғашқы үлгілері ХІХ ғасырдың соңғы ширегінен былай көріне бастады. Олардың тілінен, стилінен ауыз әдебиетінің элементі біраз байқалады» дей отырып алғашқы проза үлгілеріндегі фольклор элементтерін айқындайды. Оның пікірінше, олар бірнешеу: алдымен, «өлеңдік сөз қиюы мен прозаның үздік - үздік болып араласып отыруы». Екіншіден, фольклордың әсерін «сөздердің өзара байланысыннан, сондай - ақ кейбір морфологиялық формалардың қолданылуы ыңғайынан да байқауға болады». Үшіншіден, ертегілердегі сияқты кейіпкерлердің «бір - біріне тіл қатуы ара - тұра өлең түрінде келіріп отырады». Сондай - ақ мақал - мәтелдердің, фольклорға тән басқа да көріктеу құралдарының жиі қолдануы алғашқы прозалық шығармаларға тән қасиеттер болып келеді.
Зерттеуледе профессионал әдебиет пен фольклор тілінің арасындағы байланыс әдеби тіл тарихына қатысты да қойылады. Оның себебі түсінікті: өйткені көркем әдебиет тілінің тарихы әдеби тіл тарихымен тығыз байланысты. Даму барысында олар бірін - бірі толықтырып отырады. Әсіресе дамудың байланысты әдеби тілдің тарихын көркем әдебиет тілінің тарихы ретінде алып қарайтын көз қараста кездеседі. Бұның дұрыс та, дұрыс емес те жағы бар. Дұрыс болатыны - дамудың ертерек дәуірінде көркем әдебиет тілінің элементтері, оның теңеу, эпитет сияқты образ жасау тәсілдері әдеби тілдің де жай күйін байқататын белгі сапалардың бірі болады. Өйткені көркем әдебиет тілінің элементерінің әдеби тіл өз бойына сіңіріп алып отырады. Сондықтан көріктеу құралдарының тарихы көркем әдебиет тілінің даму спатын бейнелеумен бірге, әдеби тілдің де тарихы болып есептеледі. Және көркем әдебиет тәсілдерін пайдалану әдеби тілге оның маңыздылығын арттырып, статусын бекіте түсетін қосымша тірек болады.
Жалпы, әдеби тіл өзінің алдындағы тілді қолдану дәстүрінің озық тәсілдерін өз бойына сіңіріп алып отыратыны дау тудырмайтын жай. Бұлай деуге зерттеушілердің мына пікірлері де жетелейді: «қазақтың жазба әдеби тілі ол тілдің жазу дәстүрін, көркемдеу тәсілдерін бойына сіңіргенмен, оның фонетикалық, морфологиялық жүйесін түгел қабылдамады». Тағы да: «көркем сөз тәсілдері, сөзді көркем айту тәсілдері жүйесінің қалыптасуы арқылы қазақ әдеби тілі жазба тіл сипатына алды».
Әдеби тілдің даму жағдайын сөз етуде де, яғни бір сапалық сатыдан екінші сатыға өту процесіндегі жалғастылықты дәлелдеуде де осы көркем образдар жүйесі тілге тиек болады. Бұл тұрғыдан зерттеушілердің кейінгі фольклор тілі үлгілердің тіпті сонау Орхон - Енисей мұраларының тілімен сабақтасытғын табуы көңіл аударарлық: «Қайткен күнде де бұл мұраларда көркемдеу тәсілдерінің, ойды образды берудің, үлкен бір әдеби дәстүрдің іздері бар. Көне түркі тілінен үзілмей келе жатқан жалғастықты кейбір образды тіркестердің қолдауынан көруге болар еді. Кейде көне түркі ескерткіштердің сипаты қазақтың шешендік сөздерімен билердің сөз саптау қисынымен үндес, ұқсас келіп, астасып жатады. Бұдан ауызша әдеби тілдің көне түркі тілінен басталып, қазақтың жазбаша әдеби тіліне толассыз тартылғанын көруге әбден болады».
Бұл айтылғандардан көркем әдебиет тілінің тарихы әдеби тілдің тарихымен тығыз байланысты екенін көруге болады. Бұл, әсіресе дамудың ертерек дәуірлерінде айқын байқалады.
Алайда, көркем әдебиет тілі мен әдеби тіл екеуі бір нәрсе емес екенін де айқын түсініп ажыратпасқа болмайды. Олай болмағанда ұғымдардың ауысуы орын алған болар еді.
Сонымен көркем әдебиет тілінің бастау бұлағының бір арнасы ауыз әдебиеті тілі екен. Ауыз әдебиетінің тілі, оның ішінде ертегілердің тілі алғашқөы прозалар тіліне бірден - бір үлгі болады.
Ертегілердің тіліне тән басты ерекшелік - олардың басталуының, аяқталуында: «Ертек - ертек ерте екен, ешкі жүні бөрте екен, қызғауышы қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен». Немесе «Есте жоқ ескі заманда». «Баяғы өткен заманда» сияқты қалыптасқан сөз орамдары, сөйллем құрлымдары орын алса, соңы: «Барша мұрат басына жетіп, сақалы сирағына жетіп, бір жан өтіпті» деген сияқты сөйлемдермен аяқталады. Ертегінің орта тұстарында да белгілі бір кезеңдерде айнымай айтылып отыратын сөз айшықтары болады. Әңгіменің ортасында құбыжық пішінде жат жандар: «Абалақтай анам - ай, қайдан келдің, балам - ай!» - деп оқиғаға араласады. «Адамзат исі шығады» деп сөйлей бастайды. Ертегілердің оқшау мекенге кездескен жердегі сөз қолданыс үлгілері де ерекше сипатты болып келеді: «Айдалада ақ отау» немесе «Жұлындай жерден жіптіктей түтін шығады».
Бұл секілді детальдар ауыз әдебиетінің ежелгі дәстүрі бойынша көркемдіктің өте әріден келе жатқан шарты ретінде қызмет атқарады.
Фольклор тіліне тән көріктеу құралдары, негізінен теңеу метафора, символ, аллегория, кейіптеу, параллелизм түрлерінде келеді. Мысалы, «Түлкі мен маймыл» ертегісіндегі түлкінің аузымен берілетін: «Тепкілесең кетпейтін темір бақ қонды», «екі бақ бар - бірі басқа, бірі аяққа қонады» дегендей өткір ажуаға, мыфсқылға құрылған, мақал - мәтел түріндегі шешендік сөйлеу үлгілері ертегілердің тілінде сирек кездеспейді.
Қазақ ертегілердегі хайуанаттардың әр түрлі адамзат қоғамындағы жағдайды аллегориялық тұрғыдан кейіптеуге қызмет етеді. Адамдар өздерінің ең алғашқы туындыларында - ақ хайуанаттар тірлігі мен адамдар тірлігінің арасында ерекше ұқсастықтар барын тап басып таныған әрбір аң айнымас мінез иесі ретінде суреттеледі: арыстан - асқақ күштің, зорлықтың иесі, қасқыр - тойымсыз қомағайлықтың символы, түлкі - аярлықтың, екіжүзділіктің, қулықтың бейнесі, аю - келеңсіздіктің, ақылсыз қара күштің иесі, түйе - момындықтың символы т. б. Ертегілердегі бұл бейнелер жинақталып, сұрыпталып, кейінгі әдебиеттерде символдық мәнге ие көркемобраздға айналады. Бұл жайды аңыз әңгімелердегі кейбір кейіпкер аттарынан да байқауға болады: Алдар, Шығайбай, Асан қайғы т. б.
Ауыз әдебиетінің сөз мағынасын жалпыландырып, образға айналдыратын бұл қасиетті кейінгі дәуірлерде де жалғасын тауып жатты: Қарабай, Қодар, Жантық, Мырқымбай т. б.
Кәсіби көркем проза мен оның тілінің қалыптасуы Ы. Алтынсариннің новеллалары мен Абайдың қара сөздерінен, М. Дулатовтың, Т. Жомартбаевтың, Б. Майлиннің, Ж. Айтмауытовтың, М. Жұмабаевтың, А. Байтұрсыновтың, С. Көбеевтің, С. Торайғыровтың, С. Сейфуллиннің шығармаларынан басталатыны белгілі.
Прозаның алғашқы қарлығаштары болып есептелетін ол шардың шығармаларында тілдік тұлғалар қалай болса солай емес, көркемдік қызмет атқаруға бейімделіп жұмсала бастайды. Сөз қолданудың эстетикалық сапасы күшейеді, жеке сөздердің көркемдік аясы кеңейіп, стильдік мүмкіндігі артады. Тілді қолдану образ жасау принципіне, көркем туындының заңдылықтарына, міндеттеріне бағындырылады. Авторлық баяндау мен кейіпкер тілінің, пейзаж бен портрет жасаудың, суреттеудің алғашқы үлгілері көріне бастайды.
«Су әдемі, айнадай су таза екен, ішіндегі ойнаған балықтары көрініп жүретұғын. Әуелі шабақтар келді, біреуі бір, екеуі екі жемді иіскеп, тиіп қашып, жұлқып өтіп жүрді. Сөйтіп тұрғанда шабақтар дүркірей келіп қашты. Қараса, бір шортан келегн екен. Ол шортан жемге де қарамай, тәкәпарланып жәйімен былғаңдап өтіп жүре берді.
Шортан өткен соң манағы бытырап кеткен шбақтары тағы жалма - жан жиылып келісіп, жемнің айналасында ойнап, бірін - бірі қуып жемге де тиіп- қашып, соғып өтіп жүрді.
Көлдің айналасы да, іші де жыңылдаған мал . . . жағасындағы жібектей жапырылған көкорай шалғында қора - қора қой мен жылқы . . . жылқының бір парасы көл ішіне кіріп, белінен құраққа кіріп тұр, енді бір жақ жағасындағы сортаңда бір топ түйе жатыр».
Сөздердің өзара синтаксистік үйлесімі орналасу реті жөнінен бұл үзіндіде олпы - солпылық жоқ емес, солай болса да мұнда оқырманның көз алдына бірден елестейтін бейнелі сурет жасалған.
Текстер көркемдік қуаты, экспрессивтік бояуы, реңі тұрғысынан әсерлі шыққан. Сөйтіп, ойды образға құрудың прозадағы әуелгі нышаны, жазба прозаға тән көркем контекст жасаудың элементтері көріне бастайды.
Кәсіби көркем проза тілі бірден қалыптаса қойған жоқ. Оның алғашқы кезеңінде фольклор тілі мен ауызекі сөйлеу тілінің элементтері жиі кездеседі. Олар көркем прозаға тән көркемдік элементтермен араласа жұмсалып отырады. Соның бір үлгісі - ауыз әдебиеті шығармаларына тән өлең сөз бен қара сөздің араласып келуі.
Мысалы, «Қамар сұлуда»:
«Жіңішке сымға тартқан әні қандай,
Балауыз балбарыған тәні қандай . . . »
Деп өлеңмен басталады да, әрі қарай: «Қамар осындай сәулетпен бұлғақтап, болып тұрған кезде . . . » делініп, қара сөзбен жалғасып кете береді.
Ертегілердегі сияқты өлеңмен айтылған арнау сөздер де кездесіп отырады:
Шынымен сол Нұрымға кеткенім бе?
Пәлеге құтылмастай жеткенім бе? (Қамар)
Ғайшаның теңі қайда, елі қайда?
Кешегі уайымсыз күні қайда? (Ғайша)
Алғашқы прозалар тіліне тән екінші бір ерекшелік: ауыз әдебиеті үлгілеріне тән сөз орамдарының, сөйлем түрлерінің болуы. Мысалы: «Есіл бойын қыстайтын Атығай деген елде Тұрлықұл деген байдың қырық жыл отасқан Қайша деген бәйбішесі елу бес жасында қайтыс болған». Үш - төрт атадан барып қосылатын Сарбас деген ауылды Жәуке деген кісінің оқу соңында жүрген жжиырма бір жаста Ахмет есімді бір жақсы, зерек баласы бар еді.
Бұл шығармаларды ауыз әдебиеті үлгілеріне жақындататын тағы бір ерекшелік - мақал, мәтелдердің қажетті қажетсіз қолданыла беруі. Олар мынадай сипатта болып келеді. Қатын өлді - қамшының сабы сынды; жігітсіз ағы білмес, бағы білер; сөз сөзден туады, сөйлемесе қайдан туады; теңі келсе, тек табар; соқыр тауыққа бәрі бірдей; арсызға алты күн мейрам т. б.
Фольклор тіліне ұқсастыратын тағы ерекшеліктер кейбір теңдеулердің ауыз әдебиетіндегі теңеулер мен сипатта келуі: ай десе аузы бар, күн десе көзі бар; сұңқардың баласындай . . .
Ал, ауызекі сөйлеу тілінің элементтеріне келетін болсақ, олар жекелеген сөздерді қолданудан немесе сөйлем ішіндегі сөздердің орналасу тәртібінен байқалады. Мысалы: «Қамар сұлу романында «сорын қайнатып», «саудасын бітіріп қойды», «іс - міс жоқ», «шатып - бұтып», «басекең одан сайын» сияқты сөздер мен тіркестер автор баяндауында кездессе, сөйлем құрлысының қолданылуы, ерекшелігі «Қамар сұлудан» мынадай мысал келтіруге болады: «Белгілі қазақта ондай залым адамдардың өзіне қауіптілеу орынды күзеттіріп, сорпа - сумен алдап қоятын иттері болатын».
Алғашқы прозаларда баяндау тәсілдерінен әңгімелеу негізгі қызмет атқарады. Баяндау тәсілдерінің кейінгі күрделі түрлері: суреттеу, ойталқы кездеспейді десе де болады. Әңгімелесудің өзі де кейде екі адамныың арасындағы жай маслихатқа ауысып кетеді. Бұл да, сөз жоқ, ауыз - екі сөйлеу тілінің әсері. Мысалы: «Осынша түсіндірейін - ақ десе де, манағы манағы ма, аспанға шалқыды», «Әй, не сұрайсың, жалпылдақтардың күні туды». Автор шығармасының кей тұсын оқырманға дағдылы әңгіме, кеңес түрінде жазып кетеді.
Әрине, бұл айтылғандардан алғашқы прозалар тілінде шынай көркем туындығы тән көркем сапалар жоқ деген қорытынды тумайды.
Оларда көркем контексте жасаудың алғашқы тәжірибелері қалыптасты. «Бай баласы мен жарлы баласы» новелласындағы негізгі баяндау тәсілі - әңгімелеу. Суреттеу үш жерде кездеседі: бірінші, Үсеннің қармақпен балық аулау көрінісі, екінші оның от басында түнгі көріністі қабылдау бейнесі, үшінші, көшкен жұртты тапқан сәттегі қыр астының көрнісі. Оларда көркем тілдің бейнелеу тәсілдерінен қолданылатындары - параллелизм, мақал- мәтел, теңеу. Алайда көркем сурет, жалпы әңгімедегі сияқты негізінен, қарапайым тілдік тәсілдер арқылы жасалады.
Әңгімеде ауызекі тілінің әсері басым: ол жекелеген сөздер мен орамдардың табиғатынан да, сөздердің орналасу ретінен де, сөйлем құрылысынан да байқалады. Бұнымен бірге ауыз әдебиетінің ықпалы сезіледі. Ертегі жұмысына тән орамдар, сөйлемдердің өткен шақ етістіктеріне аяқталып отыруы және әсіресе, ертегі құрылысына тән көріктеу құралы - параллелизмнің қолданылуы осының айғағы.
Әңгімеде профессионал көркем әдебиет тіліне тән белгілері де жоқ емес. Ол образ жасауда байқалады. Ауыз әдебиетіндегі образдар бірбеткей, қарабайыр әдіс тәсілдерімен жасалса, көркем әдебиетте олар күрделірек тұрғыда мағыналар туғызуына тұтас контекстің мәні артады.
Көркем әдебиет тіліне тән белгілердің бірі жазушының кейіпкер образын оның тілдік мінездемесі арқылы жасауға тырысуынан көрінеді. Әңгімеде оқиғаға тікелей араласатын негізгі екі кейіпкер - бай баласы Асан мен кедей баласы Үсен болса, олардың образдары автор сипаттамасынан басқа, олардың өз сөздерінен де анық көрінеді.
Бай баласының сөйлеген сөздерінен дәрменсіз, өз бетімен күн көруге ебі жоқ жан екені танылады. «Елді қайдан табамыз, қай жаққа кеткенін де көргеніміз жоқ», «Қалай ұстаймыз», «от жоқ не қалап пісіріп жейміз?». Оның таяз ойлайтыны да байқалады: «Тірі алып, ойнап баралық», «Үсен, Үсен мына таяз жердегі балықтарды қарашы». Осындағы «таяз» сөзінің екінші астарлы мағынасы да бар: ол судың таяздығын көрсетіп тұрған жоқ, Асан ойының таяздығын көрсету үшін жұмсалып тұр.
Оған қарағанда кедей баласы Үсеннің тапқыр да, терең ойлы да екені оның сөйлеген сөздерінен де, автор баяндалатын жайларға үнемі қатысып отыратын үшінші кейіпкерде бар. Ол - Үсеннің әкесі. Үсеннің барлық жинақтаған пайдалы өмірлік тәжірибесі - сол әкесінің ақыл - кеңесі мен үлгісі. Ол Үсеннің істеген істерінен де, сөйлеген сөздерінен де байқалып тұрады. Үсендердің адаспай қиын - қыстаудан аман - есен шығып, мақсатына жетуі халықтың ақыл - ойы мен парасатының, еңбек тәжірибесінің жемісі екеніне көз жетеді.
Әңгіме тілінен, бір жағынан, өз тұсының әдебитілінің бағыт - бағдары байқалса екінші жағынан, көркем проза тілінің қауызынан жаңа жарып шыққан алғашқы бүршіктері көрінеді.
Қалыптасқан көркем әдебиет тіліне тән белгілердің еңдеп етек ала бастауы ХХ ғасыр басындағы көркем проза үлгілерінен анық байқалады. Солардың бірі С. Көбеевтің «Қалың мал» романы. Алғашқы романда екі түрлі тілдік дәстүрдің ізі қатты сақталған. Ол - ауыз әдебиеті тіл дәстүрі мен ауызекі сөйлеу тілінің дәстүрі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz